Педагогика

Мақалада білім беру ұйымдарының тиімді қызметіне ұйымдас­ тырушылық мәдениеттің ықпалын қарастырады. Ұйымдастырушы­ лық мәдениет ұғымына талдау жасап, авторлық анықтама беріледі. Басқару жүйесі туралы айтып, оған: технологияны, диагностиканы, талдау, ұйымдастырушылық мәдениетті реттеу мен болжауды, ұйым­ дастырушылық мәдениеттің ұстанымдарын, ұйымдастырушылық мә­ дениетті қалыптастыру мәселесі бойынша дұрыс басқарушылық ше­ шім қабылдайтын ұйымдастырушылық мәдениетті басқару формасы мен  ақпарттық  ресурстарды жатқызады. Жүргізілген талдау негізінде, «ұйымдастырушылық мәдениет» ұғымымен қатар ғылыми әдебиеттерде синонимдес, сонымен қа­ тар оны толықтырушы «ұжымдық мәдениет», «ұйымдастырушылық ахуал», «әлеуметтік­психологиялық ахуал», «ұйымдастыру мәдениеті» және т.б. ұғымдар қолданыста бар. Көптеген шетелдік, отандық ға­ лымдар өз еңбектерінде қазіргі басқару ғылымына сүйене отырып аталған ұғымдарды жеке­жеке бөліп, сипаттама  берген.Соның негізінде авторлар «ұйымдастырушылық мәдениет» және жоғары оқу орындарына тиесілі «студенттің ұйымдастырушылық мә­дениеті» ұғымына өзіндік анықтама беріп, талдау жасайды.
2015

Мақалада білім алушы жастардың дене, соның ішінде, күш қасиеттерін жетілдіру жолдары, әдістері және тестілеу түрлерінің нәтижелері жайлы сөз қозғалады. Қазіргі кезеңде жастардың әлжуаздығы, заманауи ерекшеліктеріне беріле, отырықшы өмір сүру дағдылары осы салада жұмыс істейтін педагог мамандар, дәрігерлер үшін өте түйткіл мәселе болуда. Сондай кері әсерлерді болдырмау жолдарының бірі ретінде, жастарға күш қабілеттіліктерін дамыту  үшін жасалынған тәжірибе мен оның нәтижелері жайлы ауқымды материал берілген. Атлетикалық гимнастикамен айналысудың осы кезеңінде күш қабілеттіліктерін мүмкіндігінше жоғары деңгейде дамытуға болады. Осы жасақталған тәжірибелік әдістеме, педагогикалық тәжірибе барысында нақты нормалау арқылы, тексерілушілер қолданатын күш жаттығуларының әсерлі тиімді параметрлерін өзіне қосулары қажет екендігі анықталды: демалыс, қайталау саны, серия саны, демалыс сипаты.
2015

Мақалада адами капиталдың бүгінгі күні қоғамда алатын орны, әлеуметтік маңызы, олардың сапасын арттырудағы көкейкесті мәсе­ лелер қарастырылады. 12 жылдық білім беруге көшу – адам капи­ талының сапасын арттырудың бірден­бір жолы. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаз­ дың міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру сала­ сында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне теріс әсер ететін факторлар да кездеседі: мектептің білім беруде диагностика­ лық мақсат қою жетіспейді; тұлғаның дамуына емес ресми нәтижеге бағытталуда; ынталандырушы қасиеттен ада, объективтілікті қам­ тамасыз етпейтін, осыған орай күйзелістік жағдаятқа әкеп  соғатын оқу жетістіктерін бағалаудың ескі жүйесі сақталуда; жоғары буын жеткіншектерінің бойында тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткіліксіз дамуы, өзін­өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылықтарын саналы түрде сезіну деңгейінің тө­мендігі.
2015

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында (ЖОО) оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың (ОЖСБ) 2012­2014 жж. нәтижелерінің көрсет­ кіштері беріліп отыр. ОЖСБ нәтижесіне ЖОО мамандық бағыты, ма­ мандық, пәндер бойынша өңделіп, салыстырмалы талдау жасалын­ ған. ЖОО мәртебесі кесіндісінде (ұлттық, мемлекеттік, акционерлік және жеке меншік) жасалған клестерлік талдау түрінде дәстүрлі ба­ ғалау жүйесі бойынша 2013, 2014 жж. ОЖСБ нәтижелері беріледі.  2014 ж. ОЖСБ қорытындысы бойынша күндізгі және сырттай оқу бө­ лімі студенттерінің көрсеткіштері салыстырылып, диаграмма түрінде берілген. ОЖСБ­2014 нәтижесі бойынша ЖОО  мәртебесі  кесіндісін­  де «Құқық» мамандығының пәндеріне кластерлік талдау жасалынған. ОЖСБ нәтижесінің көрсеткіштері кредиттік және дәстүрлі бағалау жүйесі түрінде берілген (2013­2014 жж.). «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыты бойынша 2013­2014 жылдарында ең жоғары көрсеткіш көрсеткен бір мемлекеттік ЖОО, бір жекеменшік ЖОО және республиканың көрсеткішіне салыстырмалы талдау жаса­ лынған. ОЖСБ нәтижесі негізінде «өте жақсы», «жақсы», «қанағатта­ нарлық», «қанағаттанарлықсыз» баға тапсырған студенттердің пайыз­ дық көрсеткіші диаграмма түрінде берілген. Мақаладан ОЖСБ­ның жыл сайынғы динамикасын көруге болады. Ұлттық тестілеу орталы­ ғының сайты www.testcenter.kz
2015

Мақалада жаратылыстану бағыты білімгерлерін ғылымға баулу мақсатында жоғары педагогикалық оқу орындарында жүргізілетін ғы­ лыми­зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдері берілген. «Көкөністерді зардаптайтын саңырауқұлақтардың биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми­зерттеу жұмысының барысы мен зерттеу жұмысының ұйымдастырылу кезеңдері көрсетілген. Алматы облысы Қарасай ауданы Қайнар елді мекені көкөніс сақтау қоймасы­ нан көктемде көкөністердің зардапталған бөліктері мен тұқымын жи­ нап, зардаптаушы саңырауқұлақ түрлерін анықтап зерттеу жұмыстары жүргізілді. Саңырауқұлақ түрлерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталып, микроскопиялық талдаулар жасалды. Зерттеу жұмысының барысында білімгерлерге арналған алдыңғы қатарлы жетекші мектеп­ тердің ғылыми зерттеудің спецификасы туралы жалпы көзқарасын қалыптастыру мақсатында олардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңдері талданды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары болашақ маман­ дардың ғылыми білімін дамыту, зерттеу жүргізу әдістерін меңгеру со­ нымен қатар оқыту үдерісі мен ғылыми зерттеу жұмыстарын байла­ ныстыру арқылы білім сапасын арттыруға негізделген.
2015

Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселені шешудегі  бүгінгі күні оқытушының басты мақсаты – өзіндік рухани­адамгершілік құндылықтарын білім алушының бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпі­ ріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір білімгерді жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту мәселесі баяндалған. Осыған орай, білім беру ұйымдарында өзін­өзі та­ ну пәнін оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде пәнді интегра­ циялаудың тәрбиелік мәнін ашып көрсетудің жолдары қарастырылған. Қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін­өзі тану» ру­ хани­адамгершілік білім беру жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ха­ нымы Сара Алпысқызы Назарбаева тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселесін көтерді. Рухани­адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі ба­ сымдығы туралы сөз қозғауда қазіргі замандағы жаһандық мәселелер, адамзаттың жалпы дүниежүзілік тұтастығы мен рухани­адамгершілік құндылықтардың сипаты жан­жақты қарастырылып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу көзделуде.
2015

Аталған мақалада болашақ мамандардың кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастырудың басым бағыттары, мамандар даярлаудағы олардың оқу үдерісі барысында меңгеруге тиісті кәсіби құзіреттіліктер сипат­ талған. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басым ба­ ғыттар бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: біріншіден, білім беру ұйымдарын оңтайландыру және оқыту үдерісіне қазіргі заман­ ғы әдістемелер мен технологияларды енгізуге көңіл бөлу, екіншіден, оқу­тәрбие үдерісін жаңғырту және педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор екендігі қарастыру. Арнаулы педогогтық білім берудің үлгі­қалыптарын, мектептер мен жоғары оқу орында­ рының оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажеттілігі және әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтардың жұмыс істеуі қажет деп есептейді. Үшіншіден, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру және біліктілікті жетілдірудің тәуелсіз жүйесін құру мәсе­лесі баяндалған.
2015

Мақалада авторлар университеттік білім беру аспектісінде жоға­ ры мектеп оқытушыларын даярлауды қарастырады. Авторлар кәсіби білім берудің маңызды міндеті болашақ маманның тұлғасын жобалау деп атап көрсетеді. Сондай­ақ, бұл жеке және кәсіби сапалардың: кәсіби дербестік, кәсіби мобильділік, педагогикалық құзыреттілік, кәсібилік, жауапкершілік және т.б. бірлігін қамтамасыз етеді деген тұжырым жасайды. Қорыта келе, педагогикалық құзыреттілікті қа­ лыптастыруда оның жеке компоненттері маңызды болып табылады дейді.
2015

Болашақ ұрпақтың рухани дамуын жаңа заман талабына сай жүргізу ісінде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған халық мұраларының озық үлгілерінің маңызы зор, олар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына өз əсерін тигізеді. Сол себепті қазіргі таңда жас ұрпақты халықтың қолданбалы өнер түрлерін жинақтап, зерделеуге қатысты тəлім-тəрбиесі мен мол тəжірибесі негізінде тəрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде.
2009

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дəстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тəрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].
2009

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға гуманистік білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жан-жақты дамуын есепке ала отырып, еліміздің бəсекелестікке қабілетті елу елдің санатына тұратын тұлғаны тəрбиелеу талаптары тұр. Қазақстандағы əйелдердің білім алу мəселесіне жан-жақты талдау жасаған ғалымдар М.Қозғам- баев, Т.Тəжібаев, А.И.Сембаев, К.Бержанов, А.Жақыпов, К.Құнантаева, Л.С.Сырымбетовалар болды.
2009

Бөкей Ордасында Жəңгір хан мемлекеттік деңгейде патшалық Ресейдің көмегімен шетелдік маман-ғалымдарды шақырып, ең өзекті экологиялық мəселелерді шешкен. Себебі Бөкей Ордасында Нарынқұм одан əрі жайлап, бүкіл Бөкей хандығының территориясы құмға айналып, табиғат жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Бұл туындаған экологиялық мəселелер қазақ халқының көптеп мал өсіруіне жəне шабындықтар мен жайылымдардың өрісі тарылып, Ордада мал өсіруге, егін салуға, бау-бақшаға жер құнарсыз болды. Оған қоса Ордадағы Нарынқұм басқан жерлерде су жəне су көздері тапшы болып, халықты сумен қамтамасыз ету өте қиындық тудырып, ауыз су ішу көкейкесті мəселеге айналды. Бөкей Ордасында құм басқан территория кеңейіп, патшалық Ресейдің шекаралас губерниялар жерлерін құм басып, тарала бастады. Əсіресе ол Бөкей хандығымен шекаралас Астрахань, Саратов т.б. губерния жерлерін толық құм басу қауіпі тұрған болатын. Осы Бөкей Ордасындағы экологиялық мəселелерді жəне патшалық Ресейге экологиялық қауіп бар екенін патша өкіметіне Жəңгір хан дұрыс түсіндіре білген. Осы мəселеге байланысты Ресей жəне шетел ғалымдарын шақыртқан. Патшалық Ресей Жəңгір ханның бұл идеясын қолдап, экологиялық мəселелерді шешудің жолдарын жəне бағыттары бойынша кеңестер беріп, оған қоса əр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз еткен.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.