Педагогика

Білім беру тамыры тереңдеп, міндеттер жиынтығы молайған тұсында жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру, тəрбиелеу, дамыту ауадай қажет екендігі баршаға мəлім. Өйткені əлемнің таңдаулы мүшесі болу еліміздің рухани, мəдени қуатына, ғылымы мен біліміне байланысты. Бұл туралы Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дəрежесінде меңгерген елдер ғана əлемдік дамудың алдында, озық көштің бойда ұстар тұсында болады», — деген болатын [1]. Осы орайда жаңа əлеуметтік сұраныстар мен қоғамның жаңа талаптары шығармашылық тұрғыда ойлай білетін, тез арада дұрыс шешім қабылдай алатын, шығармашылыққа бағытталған, ғылымның əр саласынан жан-жақты білімді т.с.с. тұлғаны қажет етуде. Еліміздің болашақ тұтқасын ұстар бүгінгі жас ұрпақ білімді де білікті болуға тиіс.
2009

Еліміздің болашағы ұрпақ тəрбиесінде, оқу-тəрбие процесінде өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің, нарықты экономика кезеңінің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мəдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылық, кəсіби біліктілігі мен білімділігін керек етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауының он жетінші бағытын — Бастауыш жəне орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін əлемдік стандарттарға жақындату деп атап, онда бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз үшін оқытудың əр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек, — деп көрсетті [1].
2009

Қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тəрбие жұмысын жетілдіруде оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту жəне білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту жəне тəрбие əдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды. Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың əрқайсысының өзіне тəн психологиялық жəне адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы жəне бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тəрбиелей жəне дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында «ішкі жағдай» арқылы əсер етті.
2009

Оқытудағы көрнекілік принципінің мəні туралы Ж.Б.Қоянбаев жəне Р.М.Қоянбаев былай дейді: «Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Əр түрлі көрнекілікті қолданудың нəтижесінде сабақ əрі түсінікті, əрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап өткізу өте тиімді жəне нəтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге əсер етеді. Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, əсіресе теориялық ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орыны ерекше» [1].
2009

Қазіргі кезде республикалық жəне халықаралық деңгейдегі зерттеулер нəтижелері мен алдыңғы қатарлы тəжірибе көрсетіп отырғанындай, мамандарды сапалы дайындаудың бір жолы білім беру мазмұнының базалық жəне вариативті компоненттерін қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру мазмұны мен сапасына деген мөлшерлік талаптарды белгілейтін мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары кəсіптік білім беру стандарттарын дайындау бойынша инновациялық білім мазмұны ерекше қызығушылық тудырады. Өз кезегінде мемлекеттік стандарт əзірлеу барысында өмір талаптарына сəйкес білім өлшемдері мен сипатын жаңарту мүмкіндіктері ескерілуі қажет болды. Əлеуметтік-педагогикалық жүйе ретіндегі қашықтықтан оқытудың негізгі қызметі білім беру процесінің субъектілері арасында дəнекер болып табылатын электронды жəне телекоммуникациялық құралдардың көмегімен үздіксіз білім беруді іске асыру болып табылады. Бұл жүйеде субъектілер студент пен оқу процесін ұйымдастырушылар болады.
2009

Ел Президентінің «Қазақстан–2030» стратегиясының бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы, елдің денсаулығын жақсартумен бірге жас ұрпаққа білім мен тəрбие беру мəселесі атап көрсетілгендей, тəуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кəсібін терең түсінетін, білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мəселелер [1].
2009

Өз ерекшелігіне қарай автомобиль көлігі адамдардың өмірі, денсаулығы жəне мүлкі үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Бір миллион жолаушы-километрге келетін қаза болғандар саны бойынша бұл көлік түрі теңіз немесе өзен көлігінен 12 есе, теміржол көлігінен 3 есе жəне əуе көлігінен 1,5 есе қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтеріне сүйенсек, халық өлімі себептерінің ішінде жол-көлік апаттары (ЖКА) дүниежүзінде онкологиялық жəне жүрек-тамыр ауруларынан кейін үшінші орын алады. 34 жасқа дейінгі адамдардың қаза болу себебі ЖКА болады. Түрлі халықаралық зерттеулерге сəйкес, ЖКА пайда болуы үш негізгі себеппен байланыстырылады: адамдық фактор, жол жағдайы, көлік құралының техникалық жағдайы.
2009

 Бүгiнгi əлемдегi бiлiм берудiң ерекше рөлi, оның адам əрекетiнiң маңызды саласына айналуы оны болашақ мамандарды даярлауда басым бағыттағы мəселенiң бiрi етiп отыр. Дегенмен, болашақ маманның кəсiптiк-ақпараттық даярлығын сол маманның бəсекеге төтеп беру қабiлетiн қалыптастыруға əсерi əлi де болса аз зерттелiп отырғаны байқалады. Елiмiздегi демократиялық өзгерiстер қоғамдық өмiрдiң əр түрлi қырларын, оның əлеуметтiк институттарын бiрi болып табылатын жоғары бiлiм жүйесiн қайта құрудың тиiмдi жолдарын iздестiрудi туындатқаны бəрiмiзге ақиқат. Қазақстанның жоғары мектебi өз дамуында еңбек нарқының өзгерiстерiне сəйкес келетiн мамандарды сапалы даярлауға қарқынды бет бұруда.
2009

Соңғы 10 жыл ішіндегі қоғамның барлық салаларындағы оңды өзгерістер, соның ішінде шетел тілінде білім беру аясында дүниежүзілік қоғамдастықтағы елдермен жаңа қарым-қатынастардың орнауына байланысты шетел тілдеріне деген қызығушылықтың арта түсуі байқалады. XXI ғасыр жан-жақты зерделі, дарынды тұлғаларды қалыптастыруда білім беру мəселесі мемлекетіміздің басты назарында білім мен ғылымның дамуына оңтайлы əсер ету үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену білім беруді одан əрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап бүкіл əдістемелік жүйеге жаңа талаптар қоюда.
2009

Бүгінде қалыптасқан тарихи-əлеуметтік жағдай қоғамдық-саяси құрылым жан-жақты дамыған, білікті, нарық талабына шыдап бере алатын, талғамы, интеллектуалды деңгейі жоғары маманды дайындау бағытында педагогтарға үлкен талап қойылып отыр. Педагогтардың білім беру үрдісіндегі мақсаты — тек белгілі пəн бойынша білім беріп қана қоймай, осы жинаған білім қорын əр түрлі жағдайда орнымен қолдана білуге, мəнді қорытынды шығара білуге үйрету, өз бетімен байыпты, ұшқыр əрекет жасауға баулу.
2009

«Шипагерлік баян» — тəлімдік-тəрбиелік еңбек, халықтың педагогика бастауының қайнар көзі. Расында да, ғұламаның еңбегі аз сөзге көп мағына сыйғызған, көп тарихи деректерді, толып жатқан аңыз-əңгімелерді, талай-талай этнонимдерді, мақал-мəтелдермен ой-түйген халықтық асыл мұрасы екені шындық. Ол халықтың өзі жөніндегі нəрселерін, халықтық ой-зердесімен түсіндірген. Сол заманғы басқа да ғалымдар секілді адам тəрбиесін дін ілімімен ұштастырып отырса да, имандылық идеялары діни шеңберден əлдеқайда кең ұғымды қамтыған. Ғалым ислам дініне, оның қасиетті кітабы Құран Кəрімге адамгершілік пен имандылықтың нағыз қайнар көзі ретінде қарап, өзінің жас ұрпақтарына қояр негізгі талап-тілектерін ондағы діни қағидалар мен ережелерге сүйене отырып жүргізеді.
2009

Халықымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасу тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып, ұлттық өнері болған жəне ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттері мол жинақталған. «Халық өнерінің мұрасы» деген ұғым көп мəселені қамтитын, əсіресе халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің дəстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу — өнерге қатысты мекемелер мен зиялы қауымның ортақ мақсаты.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.