Статьи, город Алматы

Эвтаназия мәселесі бүгінгі таңда әлі де шешімін таппаған медициналық-деонтологиялық, діни-этикалық және заң жағынан даулы мәселелердің бірі болып отыр. Осыған байланысты заңгерлер, философтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, саясаттанушылар және дінтанушылар арасында дау мәселесі ұлғаюда. Біреулері өмір қадірлі және оған қол сұғылмауы тиіс дейді. Өмір мәнсіз, мағынасыз дүниеге айналмауы тиіс деп өзгелері қарсылық білдіруде. Бұл даудың негізгі себебі құқықтық тыйым салу мен рұқсат ету.
2009

Соттың, қорғау тарабы мен айыптау тарабының қылмыстық іс жүргізудің қазіргі заманғы теориясындағы орны осы уақытқа дейін даулы болып отыр. Қарастырылып отырған мәселенің мәні жарыспалы қылмыстық сот процесінде сот, тараптар белсенділік танытуы қажет пе, ал егер қажет болса онда ол қандай қызмет түріне ие болуы керек екендігінде.
2015

Заң әдебиеттерінде жанама дәлелдемелердің тікелей дәледемелерден ажыратудың бір белгісі ретінде жанама дәлелдемелерге қарағанда тікелей дәледемелер дәлелденетін мән-жайлардың кең шеңберін анықтайтындығы жөнінде көзқарастар айтылған. Мұндай пікірлер тек сыртқы белгілерге ғана негізделген: дәлелдеу пәніне кіретін жекелеген фактілер егер тікелей дәлелдеменің шынайылығы күмән тудырмайтын болса бір ғана тікелей дәлелдемемен анықталуы мүмкін; осы фактіні жанама дәлелдемелер арқылы дәлелдеу үшін жанама дәлелдемелердің жиынтығы қажет. Сыртқы белгілеріне қарай, шынында да, жанама дәлелдемелер тікелей дәлелдемелерге қарағанда дәлелденетін мән-жайлардың аз ғана көлемін анықтайды: бір фактіні анықтауда бір ғана тікелей дәлелдеменің орнына бірнеше жанама дәлелдемелер қолданылады. Шын мәнінде бір жанама дәлелдеме дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың ешқайсысын да сөзсіз анықтай алмайды. Бұл мақсатқа жету айғақтар жиынтығы арқылы ғана мүмкін болады.
2015

Ақпарат қазіргі қоғам өмірінің алғашқы негізі, қоғам қызметінің нәтижесі мен өнімі болып табылады. Ақпаратты құру, жинақтау, сақтау, беру және өңдеу оны өндіру құралдары: электронды есептеу техникасы, телекоммуникация құралдары мен байланыс жүйесі аясындағы үдерісті ынталандырады. Осы аталғандардың барлығы адам қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпараттық үдерістерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылатын, жаңа ақпараттық технологиялардың анықтамасының ауқымды ұғымына кіреді. Яғни, ақпарат қоғамдық қатынастардың өніміне айнала отырып, тауар қасиетіне ие болып, сатып алу сатудың заты ретінде қарастырылады.
2015

Қазақстан Республикасының Конституциясы заңнамалық негізде адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде бекітті [1, 4 б.]. Қоғамның ілгерілемелі дамуының және тұрақты өмір сүруінің, қазақстандық азаматтардың өмір сүру деңгейі мен лайықты шарттарын құрудың конституциялық шарты болып құқықбұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу, қылмыстылықпен күресу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету танылады. Осының барлығы мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің міндеттерін қайта қарауға, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қорғаушылық және құқықты қалпына келтірушілікті жүзеге асыру бағытында құқық қорғау органдарының рөлін концептуалды өзгертудің қажеттілігіне әкеліп соқты.
2015

«Жасыл экономика» ұғымы салыстырмалы түрде беріде пайда болды. Алайда бұл бағыт постиндустриялық әлемдік шаруашылықтағы негізгі трендтердің бірі болып табылады. ЮНЕП (United Nations Environment Programme – БҰҰ Бас Ассамблеясының 15.12.1972 ж. № 2997 резолюциясы негізінде құрылған БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі Бағдарламасы) баяндамасында берілген анықтамаға сәйкес «жасыл экономика» – бұл халықтың әл-ауқатын көтеретін және әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін экономика [1].
2015

Компьютер сауаттылығымен қатар, ғаламтордың дамуы адами белсендiлiктiң әртүрлi салаларында плагиаттың енуiне мүмкiндiк туғызады: плагиат бiлiмде өткiр мәселе болып, өнеркәсiп және ғылыми қоғамдастықта да өршіп тұр. Плагиат (лат. plaqіo – ұрлау, ұрлық) – басқа aвтордың әдеби немесе ғылыми туындысын иемдену, шығарма үзінділерін өз еңбегінде авторын көрсетпей пайдалану [1].
2015

Махамбет Өтемісұлы қазақ тарихында белді орын алатын дарын иесі: ақын, қоғам қайраткері, халықтың мұңын жоқтаған ойшыл, ұлттың азаттығын аңсаған батыр. Ол туралы «… его стихи звали к борьбе против алчных ханов, султанов, обиравших народ, как волчьи стаи» [1, 58 б.] деп жазылған да болатын. Махамбеттің саяси-құқықтық ойлары Бөкей ордасында болып жатқан қоғамдық-саяси өзгерістермен тығыз байланысты туындағаны хақ. Жәңгір хан реформалары қарапайым халыққа оңай тимеді. Жердің жеке меншікке үлестіріліп берілуі, жаңа феодалдық қатынастардың орнығуы халықтың тұрмысын ауырлатты. Бұл жағдайда жастайынан либералды ойларымен белгілі ақын ондай мәселелерге жәй қарап тұра алмады. «В период восстания казахских шаруа Внутренней (Букеевской) орды интересы народа совпадали с интересами старшин, возглавляемых Исатаем и Махамбетом, так как борьба была направлена против высшей феодальной знати (ханов, султанов)» [2, 87 б.].
2015

Құқықтық мемлекеттің теориясы заңның үстемдігі мен оның әлеуметтік өмірді реттеуші ретінде тануға негізделеді. Бұл рөл заңға жай ғана құрметтен гөрі маңыздырақ және жанжақты. Адамдардың заңға қатысты қатынасы қандай болса да, соңғысы олар үшін кез келген істің бастауы болып табылады. Бұл заңның түрлі құқықтық қатынастардың барлығына түрлі жағдайлар мен реттеу ережелерін қоятындықтан ғана емес, ол рұқсат береді және бермейді, осы арқылы «жалпы ойынның ережелерін» жасақтайды.
2015

Тарихы 1801 жылдан бастау алатын Бөкей ордасы өзіндік орны бар, маңызды саяси құрылым болды. Хандық негізін қалаушы Бөкей хан Еділ мен Жайық аралығындағы шүйгін жерлерді халық шаруашылығы үшін пайдалануды көздеді. Бөкей ордасы Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында белді орын алды. Бөкейден кейін Жәңгір 1824 ж. ортасында император І Александрдың арнайы жарлығына сәйкес хандық билікке ие болды. Ол Ресей империясымен тығыз қатынастар құра отырып, бірқатар прогрессивті реформаларға жол ашады. «Жәңгір хан билігін кеңейтіп, Ордадағы басқару жүйесін орталықтандыру арқылы далалық хан билігін күшейтуде Ресей самодержавиелік басқару үлгісін ұстанды» [1, 109 б.].
2015

XX ғасырдың басы қазақ үшін өте ауыр кезең болды. Себебі қазақтың мемлекеттілігі, елдігі таразы басына түскен қилы заман XX ғасырдың басында саяси-құқықтық өмірде шынайы сезілгенін баршамыз жақсы білеміз.
2015

Қоғамды жүйелік-құрылымдық жағынан қайта жасақтау жағдайында кезек күттірмейтін мәселе – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, сонымен қатар заң шығару қызметін жаңғырту мен жетілдіруде құқықтың жаңашыл рөлін айқындау. Осы ретте Қазақстандағы қайта жасақтау, жалпыға ортақ әрі тиімді заң шығару қызметімен қамтамасыз еткенде ғана алға жылжуы мүмкін. Заң шығарушының қоғам алдындағы рөлі құқықты жүзеге асырушы нақты актілердің қызметімен немесе заң шығару қызметімен шектелмейді, сонымен қатар ең жоғары деңгейдегі қоғамға ықпал ету арқылы танылады. Құқықтық мәдениет, ол да мәдениеттің басқа салалары секілді ұдайы бағаланып отырады.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.