Ауылшаруашылығы

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік сектор экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлары мыналар: Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 30%-ын шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны болып табылады.
2010

Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе ауыл шаруашылығы саласы және азық-түлік нарығын реттеуде мемлекеттің рөлін арттыруды талап етеді. Бұл салаларда мемлекеттік реттеу мен қолдаудың қажеттілігі мынадай жағдайлармен байланысты: табиғат-климаттық әсер ету; экономиканың өзге салаларына қарағанда ауылшаруашылық тауар өндірушілердің монополизациясының төменгі деңгейі;  ауылшаруашылық  өніміне  бағаның  тұрақсыздығы  және т.б. 
2010

Жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні- нен 57-ші орындағы Қазақстан ірі аграрлық-индустриялық мемлекеттердің қатарына кіреді. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
2010

Агроөндірістік кешенді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі айқын, өйткені мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттарының бірі азық -түлік қауіпсіздігін сақтау жəне халықты азық түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің міндеттері агроөнеркəсіптік өндірісті дамыту жəне тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы жəне өзге де салалар арасында байланысты сақтау, шаруашылықтарды керекті құралдармен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық қызметкерлердің кірістерін кəсіпорын қызметкерлерінің кірістерімен теңестіру, отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерді қолдау жəне т.б.
2011

 Қылмыстың заты қылмыстық құқық ғылымындағы өз алдына бөлек көптеген аспектіге ие күрделі проблемалық сұрақтардың бірі. Егер бір авторлар қылмыстың объектісінде қылмыстың затын ажыратуға аса көңіл бөлсе, басқалар тіпті қылмыстың құрамында əлдебір затты ажыратуға үзілді кесілді қарсы болды. Солай егер Н.И.Загродниковтың ойы бойынша қылмыстың затының тек теориялық қана емес, сонымен қатар тəжірибелік те маңызы зор, қылмыстың объектісі мен қылмыстың заты бір құбылыс емес, олар бір бірінен міндетті түрде ажыратуылуы тиіс, осыған сəйкес қылмыстың объектісі мен заты бірігіп кетпей, үнемі өзара біртұтас құбылыс пен оның құрамдас бөлігі ретінде ара қатынасқа түспі отырады [1].
2011

Қазақстан Республикасындағы жерлерді дұрыс, ұтымды пайдалану және онда  тиімді шаруашылық жүргізіп, сақтай отырып кейінгі ұрпаққа қалдыру – басты мемлекеттік,  қоғамдық мақсат және әрбір азаматтың конституциялық борышы болып табылады. Біздің мемлекетіміздің жер қорының құрамында өзінің көлемі, экономикалық қызметі мен пайдалылығы  бойынша  үлкен маңызға ие болып табылатын жерлер – бұл ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер болып табылатындығы анық. Қазақстан дамудың және қазiргi әлемдегi өз орны мен рөлiн сезiнудiң жаңа сатысына көтерiлдi.
2011

Осы заманғы нарықтық экономикада мемлекет неғұрлым реттейтiн жəне қолдайтын секторлардың бiрi аграрлық сектор болып табылады. 90-жылдардың орта шенiнде əлемде аграрлық секторды қолдауға жыл сайын 350 млрд. АҚШ доллары жұмсалды. Мұның өзi осы сектордың ел дамуындағы тарихи жəне əлеуметтiк маңызымен, ең алдымен ауылдың кiрiсiн жəне онда жұмыспен қамтуды қолдаумен, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен, ауылдық аумақтарды дамытумен жəне дəстүрлi ауылдық ландшафт пен халықтың санын сақтауға ұмтылумен айқындалады.
2011

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылық саласының мемлекет дамуы үшін маңызын ҚР «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңын қабылдаудан көруге болады. Осы заң актісінде бекітілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мен дамуына мемлекеттің араласу əдістеріне назар аударып, осы саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру қажеттігін көрсетеді.
2011

Үкімет жүзеге асырып отырған «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасының аясында етті ірі қара малдың басын көбейту жəне ел экспортының жалпы құрылымындағы агроөнеркəсіп кешенінің экспорттық үлесін арттыру жоспарлануда. «2016 жылға қарай еттің экспорты 60 мың тоннаны құрауы керек, бұл 4 миллион тонна астыққа барабар. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 130 миллиард теңге несие ресурсын бөледі. Бұл шара ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, 100 мыңнан астам ауыл тұрғынына табыс көзін тауып береді», [1] - деп мəлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында.
2011

Ауылшаруашылығының дамуын мемлекеттiк реттеу деп осы саладағы коммерциялық ұйымдардың шаруашылық қызметiн ұйымдастыруға мемлекеттiң нормативтiк актiлердi шығаруы арқылы əсерi етуін айтуға болады. Мұндай реттеуiнiң ең маңызды құралдарының бірі болып сатып алу, салық, баға, несие, сақтандыру, сыртқыэкономикалық саясат болып табылады, яғни көбiнесе экономикалық əдiстер.
2011


Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық секторы ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің төмендігіне, ескірген технологияларды пайдалануға, қосылған құны төмен өнім шығаруға, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің әлсіздігіне негізделген төмен еңбек өнімділігімен сипатталады. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асады, ал артылып қалғаны қалыптасқан дүниежүзілік орташа бағамен экспортталады. Еңбек өнімділігінің, өсімдік шаруашылығындағы шығымдылықтың, мал шаруашылығындағы өнімділіктің әлемдік көрсеткіштермен салыстырғандағы төмен деңгейі, ұлан-байтақ ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы АӨК қарқынды дамыту үшін әлеует құрады. Азық-түлікке әлемдік сұраныстың өсуі жағдайларында Қазақстанның АӨК іске асырылмаған әлеуеті ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу саласына инвестициялардың өсімі үшін аса маңызды ынталандырушы фактор болып табылады, ол Қазақстанға әлемдік жетекші азық-түлік өндірушілердің қатарына кіруге мүмкіндік береді.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.