Технология

Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі мүмкіндіктері, құрамды бөліктері жəне білім беруде жергілікті жəне жаһандық компьютерлік желілердегі ақпараттық кеңістіктің өзара əрекеттесуін ұйымдастыруға арналған телекоммуникация құралдарын қолдану туралы айтылған. Қазіргі таңда білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттары маңызды мəселе болып есептеледі. Ақпараттық технологияларды қолдану жəне олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін жүзеге асыру жаңа оқу əрекеті түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан білімді ақпараттандыру жағдайында əр болашақ маман ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шеңберінде білімдерін жетілдіруі тиіс.
2012

Мақалада интерактивті тақтаны жоғары оқу орындарындағы оқу үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері мен артықшылығы сипатталды. ХХІ ғасырға қадам жасау жоғары технологиялар негізінде қоғамды дамытуға талап қойды. Интерактивті тақтаны қолдану студент бойында кəсіби салаларда аталған құралдың мүмкіндіктерін арттыра білу қасиетін қалыптастыратындығы, өз қызметіне деген қызығушылығын тудыратындығы талданған. Сонымен қатар интерактивті тақтаны пайдалану заман талабы болып табылатындығы көрсетілген. Бүгінгі таңда оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық технологиялардың берер мүмкіндіктерінің артықшылықтары баяндалды.
2012

Мақалада «Технология» мектеп пəнін оқытуда оқушының функционалдық сауаттылық ролі қарастырылған. Бағдарламалық материалдың мазмұны талданған. Оқушының кілтті жəне пəндік құзыреттілігі анықталған. «Технология» пəнін оқытудың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық моделі көрсетілген.
2015

Мақалада ақпараттық қоғам жағдайында болашақ химия мұғаліміне ақпараттық- телекоммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға қолданылуы мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне танымдық жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырылуы қарастырылды. Сонымен қатар «Бейорганикалық химия» пəні бойынша білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ химия мұғалімдерін даярлығын қалыптастырудың мазмұны анықталды. «Бейорганикалық химия» пəнінен ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар қолдану нəтижесінде өткізілген сабақтардың əдістемелері жасалынды.
2015

Мақалада қазіргі заманның өзгерістерге ұшырауы жағдайында педагогикалық мамандықты дамытудың негізгі бағыттары берілді. Авторлар кəсіби-педагогикалық саладағы əлемдік үрдістерге жүргізілген талдау негізінде мұғалімнің педагогикалық кəсіпқойлығымен қатар, оның жеке басының қасиеттеріне де қойылатын талаптарды күшейте түсу қажет екендігіне баса назар аударды.
2015

Мақалада болашақ дизайнерлерді кəсіптік компьютерлік дайындауда педагогикалық əдістердің мəлелелері қарастырылған. Болашақ дизайнерлерді мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында кəсіби компьютерлік білім беру жəне жобалау үрдістері мен оларды қолдану жолдары көрсетілген. Сондай-ақ автормен кəсіби компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде пайдалану амалдары ұсынылған.
2015

 Мақалада физика бойынша электронды оқулық мысалында физикалық үрдістерді модельдеуді қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Авторлар «Microsoft Visual Studio 2010» мультимедиалық электрондық оқу құралын шығарған. Бұл кітап оқушыларға қажетті жаңа компьютерлік технологиялар қолданудағы білім мен дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Оқу құралында шығарылған физикалық үрдістердің математикалық моделі негізінде компьютерді оқу жүйесінде қолданудың қажеттігі көрсетілді.
2015

 Мақалада бастауыш мектепте оқытылатын информатика пəнінің рөлі, ақпарат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, компьютермен жұмыс жасау жолдары баяндалған. Авторлар бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты қызықты өткізу, бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын көтеру мəселесін қарастырған. Білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келген ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрлері мен құралдары сараланған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұнын анықтауға негіз болатын оқытудың жалпы дидактика негіздерінің тиімді жолдары көрсетілген.
2015

Мақалада инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстық кемшіліктерді түзету мəселелері жайлы қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде ең басты əрекеттердің бірі — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мəселелері бойынша кəсіптік міндетін жəне педагогтық шеберлігін көтеру. Инновациялық технологияны меңгеру мүмкіндігі шектеулі балалардың интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізетіндігі, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектесетіндігі жайлы аталып өткен.
2015

Мақалада Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ынтымақтастық байланыс аясында педагогикалық кадрлар дайындауда дуалды оқыту жүйесін енгізу жəне жүзеге асыру алғаш рет қарастырылды. Бəсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды енгізу жолдары ашылды.
2015

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
2015

Мақалада физиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, «Электр жəне магнетизм» бөлімінен есептерді шығарудың тəсілдері көрсетілген. Есептерді шығару физиканы оқып-үйренудің ажырамас бөлігі болып табылады. Студенттердің физикалық заңдарды түсіну деңгейін, заңдарды нақты физикалық құбылыстарды талдауға, яғни есептер шығаруда сапалы түрде қолдануына қарай бағалайды. Кез келген есептерді шығару үрдісі белгілі бір мақсатқа бағытталады. Сол себепті білімгерлердің алдына есеп шығарудың айқын мақсатын қою керек.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.