Заңнамалар

Кəсіпкерлік - экономиканың барлық салалары мен аумақтарына таралған көп қырлы экономикалық қызметтің түрі. Кəсіпкерлік бастамаға негізделген əрекет болғандықтан өндірістің барлық кезеңдерінде кездеседі. Бір-бірінен тəуелсіз болғанымен кəсіпкерлік қызметтің бұл түрлері бір-бірімен ұштасып жатуы мүмкін. Кəсіпкерлік қызметтің қандай да түрі нақты ұйымдастырушылық нысанда жүргізілуі мүмкін жəне əртүрлі құқықтық реттеу механизмдері қолданылады. Нарықты экономиканың дамуы қоғамдық қатынастардың өзгеруіне себеп болып, шаруашылық қызметті реттейтін көптеген заңдар мен нормативтік актілердің өзгеруіне жəне жаңадан қабылдануына себеп болды. Кəсіпкерлік қызметтің пайда болуына жəне дамуына негіз болған актілер қатарына «Қазақ КСР-ындағы шаруашылық қызмет бостандығы мен кəсіпкерлік қызметтің дамуы туралы», «Жеке кəсіпкерлік қызметті қорғау жəне қолдау туралы» заңдар жатқызсақ. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы ерікті кəсіпкерлік қызмет құқығын тек бекітіп қана қоймай, оның негізгі кепілдіктерін де бекітті. Сонымен қатар кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі болып ҚР Конституциясына сай қабылданған Азаматтық Кодексті айтуға болады.
2010

Ресей минералды шикізатты өндіруде əлемде алдыңғы орынға ие. Ресейдің жер қойнауы əлем бойынша мұнайдың 12-13%, газдың 32%, көмірдің 11%, темірдің 26%, никельдің 36%, кобольттың 18%, мырыштың 10%, мыстың 15%, қорын құрайды. Алмаз, платина, алтын, күміс, титан, цирконий жəне жерде жиі кездеспейтін металдардың қоры бойынша Ресей əлем елдері арасында алғашқы үштікке кіреді. Өткен ғасырдың 90 жылдарында Ресейдің пайдалы қазбаларының негізгі түрлері баланстық қоры бойынша 30 триллион АҚШ долларына бағаланды, ал баламалық қоры 150 триллион болып бағаланды.
2011

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - атап көрсетеді. [1]
2011

Табиғат – бүкіл əлем. Табиғат – адамның өмір сүретін ортасы. Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Табиғат-Ананы аялап, оны келер ұрпаққа жеткізу – ел бола- шағын  ойлайтын  кез келген  жанның  азаматтық  парызы.
2011

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті. 1992 жылы тəуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қорғауға əсер етті. Демек, ол дер кезінде қабылданған құжат болып шықты. Бірақ уақыт өзгермей, алдыға жаңа талаптар қоймай тұра алмайды. Бұл – өмір заңы.
2011

Адамдардың объективтік тарихи даму үрдісінде жəне күнделікті қарым-қатынастар аясында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, акционерлік қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам жəне т.б. Аталған қоғам атауларының ішіндегі айтарлықтай күрделісі, түпкіліктісі адамдардың саналы өмірімен бірге дамып жатқан қоғам, ол азаматтық қоғам. Қоғамның түр сипатына қарай аталған басқа да түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-əрекетінің шеңбері кеңістігі кең ауқымдылықты қамти алмайды, ұзақтығы тəжірбиеге сүйене қысқартылған мерзімде пайда болып, ыдырап кетеді.
2011

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етілуіне кепілдік беріп отыр жəне бұл маңызды жəне міндетті элементі, ұтымды табиғат пайдалану мен экологиялық қауіпсіздікті басқару тетігінің стратегиясын жасау болып табылатын тиімді əлеуметтік-экономикалық саясаттың қажеттігін негіздейді [1].
2011

Үкімет жүзеге асырып отырған «Ірі қара мал етінің экспорттық əлеуетін дамыту» жобасының аясында етті ірі қара малдың басын көбейту жəне ел экспортының жалпы құрылымындағы агроөнеркəсіп кешенінің экспорттық үлесін арттыру жоспарлануда. «2016 жылға қарай еттің экспорты 60 мың тоннаны құрауы керек, бұл 4 миллион тонна астыққа барабар. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 130 миллиард теңге несие ресурсын бөледі. Бұл шара ауылда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашады, 100 мыңнан астам ауыл тұрғынына табыс көзін тауып береді», [1] - деп мəлім етті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында.
2011

Сонау 1991 жылы Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялап, өз алдына оқшау мемлекет атанған сəттен бастап адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттерін, бостандықтарын қамтамасыз етер, мемлекеттік органдар жүйесін реттеп, тəуелсіз мемлекетіміздің алдағы бағытын айқындайтын негізгі заңға деген қажеттілік туды. Осы уақыт ағымы мен қалыптасқан жағдайлар тудырған қажеттілікті өтеу мақсатында 1993 жəне 1995 жылдардағы тəуелсіз еліміздің Конституциялары қабылданды. Қазіргі күнге дейін ел тіршілігінің бастауы болып келе жатқан Конституциямыз соңғысы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған еді.
2010

Бұл мақалада конституциялық заңдылық режимін қалыптастырушы фактор ретінде конституцияның жоғарылығы қарастырылады. Қазақстан Республикасында конституциялық бақылауды жетілдіру қажеттігі негізделіп, конституцияның жоғарылығы қағидасының бірыңғай ұғынылуында орын алған қайшылықтарды жою қажеттігі туралы қорытынды жасалады.
2012

Мақалада діни экстремизмнің ұғымы мен күресу жолдары қарастырылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында қабылданған заң актілерінің нормативтік-құқықтық базаның құқықтық негіздеріне кешенді талқылау берілген
2012