Статьи, год 2010

Сөйлем құрамындағы анықтауыш мүшелердің əдепкі толықтауыштардың орнына жұмсалу реті жайлы қабыса байланысқан тіркестерге қатысы ілгерідегі жұмыста егжей-тегжейлі сөз болып, сонымен қатар тілдегі ығысу құбылысының əсерінен анықтауыштың толықтауыш орнына жұмсалуының матаса байланысқан тіркестерден де көрінетіндігі айтылған болатын. Бұл бойынша, ығысуға тиіс сөз — матаса байланысқан тіркестің басыңқы сыңарындағы көмекші сөз. Осындағы ығысудың басты себебі көмекші сөздердің жеке тұрғанда семантикалық мағына бермейтіндігінде болса керек. Екіншіден, матасуда мекендік мəн көрсеткішіне ие болатын көмекші сөздердің сол сияқты мекендік мəні бағыныңқы сыңарда да болуы, сөз жоқ, оның (көмекші сөздің) ығысуына негіз болады.
2010

Халықымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасу тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып, ұлттық өнері болған жəне ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттері мол жинақталған. «Халық өнерінің мұрасы» деген ұғым көп мəселені қамтитын, əсіресе халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің дəстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу — өнерге қатысты мекемелер мен зиялы қауымның ортақ мақсаты.
2010

Ұлттық тəрбиенің зерттелуі мен жүзеге асуындағы басты əдіснамалық мəселенің бірі — жалпы адамзаттық жəне ұлттық ерекшеліктерді үйлестіріп отыру. Бұл мəселеде ұлттық шектелушілік дұрыс емес. Əрбір ұлттың қыз бала тəрбиелеуде ескіден келе жатқан жолы бар. Ұлт тəрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқандықтан, əрбір тəрбиеші, сөз жоқ, əр ұлттың қыз баласы өз ұлтының намысын ойлайтын болғандықтан, тəрбиеші қыз баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбиелеуге міндетті. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Ұлттық тəрбиенің қарама-қайшылығы мен қиындығының бір түйіні осында. Соған орай барлық ұлттың ар-ожданын тең құрметтей отырып, ортақ Отанымыздың рухын жан-жақты тереңдету тəрбиесі пайдалы. Бұл белгілі мерзімде жаңа оқу- тəрбие үдерісі арқылы қалыптасады. Сондықтан ұлттық тəрбиенің талап ететін өзіндік қажетті заңдылықтары бар.
2010

Математика сабағында компьютер мен оқыту құралдарын кешендік пайдалану деп оқу бағдарламасының қандай да бір тақырыбын оқытуға арналған қажетті жəне жеткілікті құралдар жинағын түсінеміз. Кешендік оқыту құралдарын арнайы бір құрылыммен, яғни оқу үрдісінде қажетіне қарай, дидактикалық мүмкіндігіне орай, оларды бір-бірімен сабақтастыра отырып, өзара байланысты біртіндеп тізбектей қолдану өте қажет. Оқыту құралдарын қолдану үшін оларды таңдаған кезде ең алдымен ескеретін жайт, олардың дидактикалық мүмкіндігі, сабақ тапсырмалары мен нақты шарттарын ескеру керек. Əрбір кешендік оқыту құралдарын пайдаланар уақытта бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс.
2010

Əлемдік өркениеттен өз орнын тауып, жаһандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттердің бірі — Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектеп математикасын оқыту əдістемесін жетілдіру, оқушылардың білім сапасын арттырып, əлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге қол жеткізу. Осыған орай технология, ақпараттану жəне интеграция ғасырында жаңа дүние үшін күрес жолында білім беруді ақпараттандыру.
2010

Өз ұрпағын ерлікке тəрбиелеуде халқымыз ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалаған. Халық елді қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдайды. Халқымыздың дəстүрінде елді қорғаушы елдердің ерліктерімен қатар, елі үшін жан аямай еңбек еткен саналы жандардың еңбектерінде үлгі-өнеге ретінде қастерлеген. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «Отызында орда қорғай алмаған, қырқында қырдан аса алмайды», — дейді халық. Сондай-ақ ерлік қасиеттерді қаһармандықты батырлық жырларда қастерлей насихаттайды [1].
2010

Тіршілік нысандарына деген жалпы қамқорлық адамдарға қарым-қатынаста жүрегімен елжіреу сияқты сезімдерді дамытады. Табиғатқа қамқорлық адамға деген қамқорлықтың биік мақсаттарына бағынады. Қатыгездік, жануарлар мен өсімдіктерге ақылсыз көзқарас (қырып-жойып), табиғатқа зиян келтіру — адамгершілікке жат. Олай болса, бұл этикалық нормалардан ауытқушылық.  
2010

Көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғалым Ə.Кекілбаев өз шығармаларында қазақ рухын асқақтата отырып, жастардың туған жерін, елін, Отанын сүюге шақыратын патриоттық тəрбие мəселесіне ерекше мəн берді. ҚР «Білім туралы» Заңында, ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі кешенді тəрбие бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР азаматтарына патриоттық тəрбие берудің 2006–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жастарымыздың өз Отанына аялы көзқарасын, туған жерге сүйіспеншілігін, халқының салт-дəстүрлеріне сыйлы қатынасын, батырларына құрмет сезімін тəрбиелеу басты міндет ретінде анықталған.
2010

Еліміздегі жастардың арасында футболдың үлкен танымалдығына байланысты онымен тұрақты шұғылдану нəтижесінде ұлдар мен қыздар ағзасындағы болатын морфологиялық жəне функционалық өзгерістерін жан-жақты білу аса маңызды. Осы мəселеге бірқатар зерттеулер арналған (В.В.Гориневская, Т.А.Цветаева, Г.И.Цинцадзе, Р.Е.Мотылянская, И.Н.Преображенский, Ю.Ф.Буйлин, А.И.Головина). Алайда көптеген аталған зерттеу жұмыстарында сол кездегі жаттығу жүктемелер мөлшері жəне жылдамдығы аз болған. Көптеген жылдардағы зерттеулерде бірқатар жұмыстарда мəселенің жекелеген жақтары қамтылған. Жүргізілген зерттеулерде футбол ерекшелігі, соның ішінде ұзын бойлы ойыншыларды таңдауда да көрсетілмеген.
2010

Жаңа ХХІ ғасыр табалдырығын аттаған тəуелсіз Қазақстан Республикасының əрбір білім беру саласы мен буындарына тың көзқарас, жеке үлгідегі ізденіс қажет. Өскелең, болашағы зор жас ұрпақты талаптары мен оның мақсат, мүдделеріне сай өмір сүруге бейімдей отырып, оқытып, логикалық ой тұжырымдатып, таңғажайып ғылым саласына тартуда пəн мұғалімдерінің рөлі зор. Оқушыларға дүниетанымдық сабақ берумен қатар, олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, ой-өрісін кеңейтіп, зеректік, іскерлік жəне табиғат құбылыстарын жеке бақылағыштық, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарайтын сезімдерін жетілдіреді.
2010

«Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005–2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бағыттарының негізгі мақсаты халықтың барлық бөлігінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақсатқа жету жолдары əлемдік стандарттар деңгейінде білім беріп ғана қоймай, бəсекеге барынша қабілетті, білімді мамандар дайындауды көздейді [1].
2010

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқу моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кəсіптік жəне техникалық білім беру кəсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы тиіс. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс» [1], — деп атап көрсетуіне сай, қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында келешек маманның ақпаратты зерттей білуі мен ақпараттық мəдениетін қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына, оларды пайдалану қабілеттілігін жетілдіруде ақпараттық технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Бүгінде ақпараттық технологиялар саласының заманауи жетістіктерінің негізінде білім беруді ақпараттандырудың озық тенденциялары байқалуда. Ақпараттандыру проблемалары ашық білім берудің объективті заңды сипаттамасы болып отыр.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.