Дуалдық кəсіби оқыту формасы экономикалық білім нарығындағы талаптарды қалыптастырудағы жетекші ғылыми көзқарастарды қарастырады. Кəсіби шебер оқушыларды, кəсіптік мектептермен, əлеуметтік жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемелерімен біріге отырып, нарықтағы қажеттілікке ие мамандарды дайындаудан туындады. Германияда кəсіби оқытудың дуалдық жүйесі ең басты болып саналады. Ол мемлекеттік білім беру негізінде, оқушының іс тəжірибеден жеке өнеркəсіп мекемелерінде өтуде, оқу аралығын есепке ала отырып, оқуға жіберілетін шығындардың мекеменің ұйымдастыруымен орындалады. Оқуды бітіргеннен кейін, кəсіби жұмыс бағдарламасын дайындау бойынша, оқушылар біліктілік емтихандарын тапсырады. Осының қорытындысы бойынша, жұмысшыға сертификат беріледі, сонымен қоса білім алушы кəсіби мектептердің оқушысы жəне жолдама жұмысшысы ретінде жəрдемақы түрінде еңбекақысын алады. Германияда дуалды жүйе бойынша 1,6 млн оқушы, 350 кəсіби мамандығы бойынша, 500 мекемеде қызмет етеді. Орта жəне ең төменгі бизнес көлемі, оқушылардың жұмыс орнының 80 % құрайды. Көптеген дамыған мемлекеттерде АҚШ-та, Ұлыбританияда, Кореяда кəсіби техникалық оқыту жүйесі дуалдық модельдің элементтері қарастырылған. Данияда дуалдық оқыту жүйесі мектепте жəне экономикалық қызмет ету мекемелерінде жүргізіледі. Оқушы 3 күн кəсіби мекемеде, оқу аптасының 1–2 күні кəсіби мектепте оқытылады. Кəсіби оқыту мекеменің жаңа техникаларымен байланыстырып жүргізіледі. Болашақ мамандар оқуды бітіргеннен кейін жоғарғы білікті жұмыстарды орындай алады.
Дуалдық жүйеде білім алушының 70–80 % практикалық іскерлігі өндіріс орнында, ал 20–30 % колледжде теориялық білімін шыңдауға негізделген. Осы негізде дуалдық жүйеде оқыту өндірістің нақты сұранысына бағытталғанын көруге болады. Бұл жүйе келесі дамыған мемлекеттерде (Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция) үлкен жетістіктерді көрсетуде. Кейінгі жылдары Қытай жəне Азия мемлекеттерінің де қызығушылықтарын туғызуда. Орта жəне жоғары кəсіби техникалық білім беруде Дания мен Германияның жергілікті тұрғындары үшін, кəсіби техникалық білімнің қажеттілігін ескере отырып, ерекшеліктерін бірізділікпен аша білді. Орта жəне жоғарғы кəсіби-техникалық білімді тегін оқытуда орта есеппен, бір оқушыға 7 мың евро шығынмен есептеледі. Нарықтағы еңбек кадрларын дайындаудың сұранысына сəйкес, орта жəне жоғарғы кəсіби- техникалық білімі бар мамандарды даярлауда, оларға жұмыс берушілер ретінде кəсіптік ұйымдар, жеке кəсіпкерлер басқарады [1].
Дуалдық оқыту жүйесімен кадрларды дайындау, бүгінгі күні Қазақстанның 100-ден астам орта жəне жоғарғы кəсіби-техникалық білім беру мекемелерінің қолдануымен, ауыл шаруашылық, транспорт, металл өңдеу, машина құрастыру, мұнай-газ жəне химия өңдірісі салаларында қолдана бастады. Олар ең үлкен компаниялармен серіктесе отырып, яғни ұлттық «ҚазАгро» холдингі, «ҚазақстанТемірЖолы», «Дон ТаукенКам» жəне тағы басқалар бірігіп, жұмыс жасайды. Ақмола облысында бұл жүйе № 3 кəсіби лицей Краснояр селосының базасында, Қазақстан-Германия бірлестігінің «Қазақстандағы кəсіби оқытудың мүмкіншіліктері» жобасы негізінде меңгеріле бастады. Сынақ жүйесі негізінде үш мамандық таңдалынды: фермер, көгалдандыру, техникалық қызмет көрсету шебері.
Үш жыл оқу барысында оқушылар 4–6 біліктілікті алып, жұмысқа орналасуға жəне өзінің жеке кəсібін ашып алуға мүмкіндік алады. Оқу жүйесі ҚР-ның «Еңбек туралы» Заңы талаптарын сақтай жүргізіледі. Оқушылар аңықталған мамандық бойынша қызығушылықпен жұмыс жасап, еңбек өтілін өңдіріп отырады. Сонымен қоса бұл оқыту жүйесінде топпен алған оқу ақпараттары практикалық материалды меңгерумен байланысып жүріп отырады. Өндірістік тəжірибеден оқу уақытының ұзақтығы оқушының өндірісте өзін-өзі кəсіби шебер ретінде тəжірибе жинақтауға мүмкіндік тұғызады. Еуропа шеберлерінің осы жүйедегі жетістіктерімен таныса отырып, орта жəне жоғары кəсіби-техникалық білім беруде, дуалдық білім беру жүйесін енгізу тапсырмалары анықталмаған. Мекеме қызметкерлері бекітуімен, бизнес-жоспарлар жəне нормативті-құқықтық базалар қамтамасыз етілген. Осы айтылған ұсыныстар мемлекеттік қызмет саласында əкімшілік орындарында көріне бастады. Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министірлігімен біріге отырып, оқу мекемелеріне қорытынды емтихан жүргізу бірыңғай талаптарына сай өңдеу керек.
Сонымен қоса Қазақстан Республикасының орта жəне жоғарғы кəсіптік-техникалық білімін дамытуда дуалдық оқыту жүйесі бойынша мақсатты түрде мемлекеттік мекемелерде бизнесмендер, жеке кəсіпкерлер, кəсіби ұйымдар кəсіби-техникалық білімнің сапасын жоғарлатуға, бітіруші түлектерді еңбекпен қамтамасыз етуге жауапкершілікпен жұмыс жасау керек. Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы жаңа дуалдық оқыту жүйесінде оқыған мамандардың сұранысының қажеттілігін ескере отырып, оқыту процесінде өзгерістер енгізіліп іс жүзінде жүзеге асуда.
Бірақ бұл айтылғандар жоғары оқу орындарында дуалдық оқыту жүйесімен айтылған мəселелерді ұйымдастырылған түрде шешуге жеткіліксіз. Техникалық құзыреттілікке байланысты үлкен қажеттілік көрінеді. Негізі осы оқыту жүйесін келесі Екібастұз, Павлодар аймақтарындағы басты мекемелерінде: «Станция ЭГРЭС-2» АҚ, «Павлодарэнерго» АҚ, ЭТЭЦ (Екібастұз қ.)», «АиК» ЖШС (Екібастұз қ.), «Қазхром» АЗФ ЕЭК ТНК (Ақсу қ.), «БогатырьКөмір» АҚ (Екібастұз қ.) жəне тағы басқаларында іс-тəжірибеден өтуде базалық жабдықтау, өндіріс ұйымның көбін жоғары оқу орындарында оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз етеді.
Бəсекелестік шарттарында жаңа технологияны дамытуда, тауарлардың бірін-бірі ауыстырып жатқан ғасырында, бір ғана академиялық жоғары кəсіби біліммен шектелуге болмайды.
Қазіргі жаңа өндірістік үдерісінде жаңа заман талабына сай білімі ұшқыр, алғыр тиімді шешімдерді индустриялық-инновациялық мақсаттарында қағидалы түрде, теориялық білімі шыңдалып дайындалған, жоғарғы кəсіби білімі бар түлектер қажет. Мамандықтарды дайындауда оның мазмұнын реформалау қажеттілігі туындауда. Осы мəселелердің шешімін тəжірибеде көрсеткендей, дуалдық оқыту жүйесін, батыстың тəжірибесіндегі оқу базасының негізге ала отырып, социализм кезеніндегі оқыту мазмұнын алып тастауға əкелді. Бұл екі жол да нақтылы нəтижелерге əкеле қоймады.
Қашықтықтан оқыту формасы техникалық профильдегі мамандарды дайындауда бітіруші тұлғаның білім жүйесін қалыптастыра алмады. Өндірістің сұранысына қарай, басқарушы мамандардың, жұмысшылардың жоғарғы кəсіби-техникалық білім алуын ұйымдастыру бойынша қажетті оқыту технологиясын пайдалану фазасында бірнеше іздену жұмыстары жүргізіліп, Германиядағы кəсіби академияның дуалдық модель жүйесі негізгі қызығушылықты туғызды. Дуалдық оқыту жүйесінің жекелей тұжырымдамасы білім беру мекемелерінде жəне өндіріс орындарында қатарлай оқыту болып саналады. Бұл оқытудың негізінде болашақ маманның теориялық білімінің практикамен бір-бірімен байланыстыру үдерісінде оқытуға бағытталған. Дуалды оқыту жүйесін меңгеру кəсіби-техникалық білімнің негізгі мəселелерін шешуде жоғары оқу орнындағы алған теориялық білімдерін өңдіріс орнының сұранысына қарай практикалық білімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру арқылы дамытады. Осы бағдарлама негізінде жоғары оқу орнындағы теориялық оқытумен қатар, теориялық материалдардың жеке тұлғада бекіту жүмыстары өндіріс орнының базасында жүзеге асады. Практика барысында өңдіріс орнының мекемелерінде тəжірибеден өтуші маманның шеберлігін қалыптастыруда білікті қызмет мамандарының білімдерімен тəжірибе алмастыру арқылы кəсіби құзыреттілігі қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасында Кəсіби-техникалық білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сəйкес 2011–2020 жылдары инженер-техникалық институттарда Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарындағы орта жəне техникалық білім базасының, қысқартылған түрдегі оқу формасының бағдарламасы бойынша оқытылған студенттер үшін, жоғары кəсіби-техникалық білімдерін дуалды оқыту жүйесінде меңгерту айтылған. Жоғарғы техникалық білім базасы бар студенттердің кəсіби құзыреттілігін қалыптастыруда, практикалық ісікерліктерін қалыптастыру, арнайы лабораториялық аудиторияларда білімдерін шыңдайды. Осы дуалдық жүйе барысында «Дуальдық жүйе: тəжірибе жəне перспективалық меңгеру» Республикалық семинар барысында Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі Б.Жұмағұлов дуалдық оқыту жүйесінің қоғамның сұранысына қажеттігін айтып, «Дуалдық оқытудың негізгі қажеттілігі, біріншіден, бітіруші түлектерді еңбекпен қамту негізінен əлеуметтік деңгейде жоғарғы көрсеткішке ие екенін, яғни бұл жұмыс алушының барлық талаптарына сай мамадардың қажеттігін қанағаттандырады. Дуалдық оқыту түрі өндіріс орнының сұранысына қарай мамандар даярлауға негізделеді, сонымен қоса, дуалдық оқыту жүйесінің қатысушылары тəжірибесінде көрсетілгендей, тұлғаның ең кіші компаниядан бастап жұмыс орнын иеленуге талпындырады. Екіншіден, болашақ жас маманның психологиялық сана-сезімін жауапкершілікке тəрбиелей отырып, алған білімдерін, іскерліктерін жоғары деңгейде қалыптастыруға негізделген», — деп айтты. Бұл жобаны меңгеру сатысының негізгі тапсырмасы аймақтарда қажетті сұраныстағы мамандықтарды оқу бағдарламасына енгізумен тікелей байланысты, сонымен қоса оқу үрдісін ұйымдастыруда, мемлекеттік білім беру стандарттарына сəйкес мамандардың қажеттілігі бойынша ұйымдастырылады [2].
Аймақтағы өңдіріс орнындағы сұранысқа қарай, жеткілікті тұрғыда жергілікті тұрғындардың білімдерін сапасын арттыру арқылы, өндіріс орнының қажетіне қарай мамандарды даярлауда келесі салалардың құзыреттілігімен байланыстыра отырып, яғни көмір жəне мұнай өндірісінде, ауыл шаруашылықта, көлік жүргізуші салаларында, Батыстың жаңа технологияларын терең меңгерген мамандарды даярлау болып табылады. Бұл мамандар өндіріс орнының тапсырмаларын шешуде кіріс пен шығыстың мөлшерімен жұмыс жасай білу керек. Дуалдық жүйеде оқытудың дəстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылығы, жоғары оқу орындарында практиканың теория мен байланысын меңгерту құзыреттілігімен анықталады. Оқыту теория мен практиканың тепе-теңдігін сақтау үдерісі бойынша қалыптасып, білім алушы жарты оқу жылдықта теориялық білімін институтта өткізеді, ал қалған жарты жылдығын өңдіріс орнында тəжірибеден өту арқылы жалғасады. Оқытудың орта техникалық білім базасындағы студенттер үшін оқыту ұзақтығы 3 жылды құрайды. Студенттердің оқыту төлемақысының көпшілік бөлігін өңдіріс орны қамтамасыз етеді. Осы негізде жергілікті аймақтың сұранысына қарай мамандарды даярлауда ақша шығындарының шектен тыс жұмсалуы негізгі рольді атқарады.
Қазақстанда бұл мəселені аймақтағы өңдіріс орындарының талаптарымен біріге отырып, мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру арқылы шешуге дайын. Бұл студенттің өңдіріс орнына деген қажеттілігін, өз ісіне жауапкершілікпен өндіріс үдерісіндегі талаптарға сай қызмет етуге бағыттайды. Өндірісте білімді тек теориялық курс мазмұнымен ғана емес, практикалық машықтану арқылы жүзеге асырады.
Оқу бағдарламаларын өңдеу барысында, дуалдық оқыту формасы, негізінен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мемлекеттік стандартқа сəйкес жасалуына көңіл бөлу керек. Оқу бағдарламаның негізін неміс академиясының зерттеу тəжірибесіндегі ұстанымдарды ескере отырып, қолданады. Сонымен қоса Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің жалпыға міндетті білім беру стандартына сай арнайы жəне жүйелі талаптардың айырмашылығы қарастырылған. Сондай-ақ оқу бағдарламасының мазмұны аймақтағы орналасқан өндіріс орнының қызметкерлерінің сұранысына сəйкес бекітіліп, талданып, енгізілген. Өндіріс орнының басшылығының сұранысы бойынша, 14 техникалық-экономикалық профильдегі мамандықтардың аймақтағы өндіріс орындарының қажеттілігіне сай (кеншілер, энергетиктер, жол тасымалдаушылар, құрысшылар, экономистер жəне т.б.) оқытылады [3].
Базалық пəндердің оқу көлемі ҚР МЖМБС мамандықтың типтік оқу бағдарламасының негізінде, орта техникалық білімі бар маманның дипломына, қосымша 25–30 % көлем кредитінде пререквизитті есепке ала отырып, қысқартылады. Таңдау бойынша пəндердің жалпы кредит саны жұмыс берушілердің өндірісін сұранысына қажет пəндердің 50 % құрайды. Сонымен қоса өндіріс орнының басшылығымен жұмыс оқу бағдарламасына өзгертулер енгізу ұсыныстары ескеріледі.
Оқыту тоқсандық үдерісі бойынша жүргізіледі, тоқсан ұзақтығы 8 аптаны құрайды, студенттер аптаның 3 күнін институтта теориялық курсты меңгерсе, 2 күні алған білімдерін өндірісі орының базасында бекітеді, яғни оқудың 60 % — институтта, ал 40 % өңдіріс орнында өткізеді. Сенбі күндері студенттің оқытушымен жеке жұмысы (СӨӨЖ) бойынша тапсырманы орындауда кеңес беруші жəне инженер шебер қатысуымен өндіріс орнында бекіту жұмысы жүргізіледі.
Пəндердің біріктілуі бойынша модульдік блоктық жəне циклдік үдерісті есептей отырып, оқудың 7-ші аптасында ағымдық бақылау жүргізіледі ал 8-ші жəне 16-ші апталарда емтихан тапсырады. Семестр бойынша кредит көлемі — 18.
Пəнді жүргізуші жетекші оқушы оқу жылының басында эдвайзер арқылы, əрбір студентке пəн бойынша кейстерді аңықтамалық-бағыттаушы əдістемелік құралдарды, сонымен қоса дуалды форма бойынша оқыту үрдістері технологиясының ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Кафедра меңгерушілері сабақ басталғанға дейін, «институт–өнеркəсіп–студент» үшжақты келісім-шартқа отырып, дуалды форма бойынша оқыту жүйесін ұйымдастыру үшін, оқу үдерісінің графигін теориялық сабақтардың жəне практикалық тəжірибенің өту орнын, жас мамандарға шеберлермен іс-тəжірибе алмасу негізін, оқыту төлемақысын нақты шешіп бекітеді [4].
Жасалынған құжаттар жəне оқу бағдарламалары, базалық орындар Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің бекітуге ұсынылатындай мамандықтың құзыреттілігін қамти отырып, құрылады. Осылай дайындалған мамандықтар жалпылай мемлекеттік диплом талабына сай көрсеткіштерге ие.
Дуалды оқыту жүйесінің дəстүрлі оқытумен салыстырғандағы негізгі ерекшеліктері:
- дуалдық оқыту жүйесімен мамандарды дайындау, негізгі дəстүрлі формада оқыту тəсілдерінің кемшіліктерін жəне теориялық білімді практикалық ұштастыруға бағытталады;
- дуалдық оқыту жүйесінде дайындау механизме тұлғаның болашақ жұмысының жаңаша психологиялық бейімделуіне негізделген;
- дуалдық оқыту жүйесінде жұмысшылар білімді меңгеру, жұмысқа деген дағдыны қалыптастыру, жоғарғы деңгейге жеткізу, яғни, олардың білімінің жұмыс орнындағы қызмет талаптарын орындалуымен тікелей байланысты;
- мамандарды даярлауда өңдіріс орны басқарушыларының өнеркəсіпке қажетті мамандардың сұранысымен байланыса жұмыс жасау керек;
- болашақ мамандарды оқыту барысында өңдіріс орны ұсынған талаптарын ескере отырып, жоғары оқу орнымен тығыз байланыста болу керек;
- осы тұрғыда өндіріс орны үшін кадрларды дайындаудағы бизнеске деген қызығушылықты, аймақтарда индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік өндіріс орыны сұранысынан тұындағанын ескерту қажет.
Бұл мəселе аймақтағы дамыған шетел фирмалардың технологиялық жəне техникалық жоспарларының жергілікті аймақты дамытудағы белсенді мəселесі болып табылады.
Əдебиеттер тізімі
- Джон Равен. Компетентность в современном обществе. Выявление, развитие и реализация. — М.: Педагогика,— 256 с.
- Татур Ю.Г. Компетентность в структуре модели качества подготовки специалиста // Высшее образование сегодня. — № 5. — С. 20–27.
- Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011–2020 годы // Индустриальная Ка- раганда. — 2011. — № 99, 100. — С. 5–10.
- Хуторской А.В. Ключевые компетенции как компонент личностно-ориентированной парадигмы образования // На- родное образование. — 2003. — № 2. — С. 15,