Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Техникалық жəне кəсіптік білім берудің инновациялық жүйесін құрудың əдіснамалық негіздері

Елбасы Н.Ə.Назарбаев ««Қазақстан – 2050» жаңа бағытын ескере отырып, Үкіметке «2013 ж. бастап халықаралық үлгідегі куəліктер беру арқылы инженерлік білім беруді жəне заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді тапсырамын. Кəсіби-техникалық жəне жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі жəне келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мəселесін шешіп береді», — деп атап көрсетті [1].

Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік-саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық жəне əлемдік мəдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кəсіби маман дайындау.

Техникалық жəне кəсіптік білім берудің мақсаты — қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне кірігу, педагог мамандығының беделін көтеру, білімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру.

Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын жəне оны дамытуға қабілетті, кəсіби құзыретті, функционалды сауатты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор адам жəне жеке тұлға болып қала бермек.

Еліміздегі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өзгерістер, республиканың əлемдік деңгейде білім беру жүйесіне жетуде жасаған қадамдары осы кезге дейін педагогика теориясы мен практикасында бекітілген білім беру парадигмаларын, жүйелерін, əдістерін, формаларын жетілдіру талабын қойды. Білім берудегі жаңашылдықтар — ізгіліктік педагогика, студенттердің тұлғалық əлеуетін анықтау жəне дамыту, əлеуметтік үдерістер мен тұлғааралық қарым-қатынастарды ұйымдастырудың ерекше формасы ретінде танылатын оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру болып отыр.

Техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру мен тəрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кəсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді.

Қазіргі таңда білікті маман даярлаушы техникалық жəне кəсіптік білім жүйесінде бəсекеге қабілетті маман қалыптастыру үшін, алдымен, маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру керек деген əр түрлі пікірлер жиі айтылуда.

Осыған орай, болашақ кəсіби құзыретті маман осы ақпараттық қоғамнан тыс қалмай, жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті, нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның басты талабы [2].

Техникалық жəне кəсіптік білім беруде оқу орындары мен əлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғаруға болады.

Техникалық жəне кəсіптік білім беруге қазіргі таңда ел көлемінде айрықша мəн беріліп отыр. Кəсіптік-техникалық білімнің бəсекеге лайық ілгерілеп дамуы мемлекет, бизнес құрылымдарының жəне азаматтардың əлеуметтік жағдайына орасан серпін берері сөзсіз. Елдің экономикалық қуаты да осы аталып отырған сала мамандарына тəуелді екені ақиқат. Жалпы бұл сала мамандарына біздің өңірімізде де сұраныс жоғары. Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген тұжырымдамасында жастардың халықаралық стандарттарға сəйкес келетін отандық кəсіптік білім алуына жағдай жасау, жастарды жұмыспен қамту жəне жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мəселелері де қарастырылған. Ал оны іске асыру ортақ мүдде болғандықтан, сала мамандарының əріптестік жұмысы оң нəтижелерге қолжеткізетіні анық.

Кəсіптік білім жастарымыздың мамандық таңдауы үшін қажетті өрісті қамтамасыз етуге, ал ересектер үшін олардың жаңа жоспарлы іспен айналысуына, кəсіби шеберлігін жетілдіруіне бейімделген. Осының негізінде қазіргі жастардың кəсіптік білімге деген қызығушылықтарының арта бастағанын байқауға болады.

Теориялық білім тəжірибемен ұштасқанда ғана маман кəсібіне төселіп, көш ілгері жұмыс атқаруға қабілеті артады. Осыған байланысты, өндірістік тəжірибеге тарту жұмысына да елеулі көңіл бөлініп отырғанын байқаймыз. Қазіргі таңда жұмыс берушілер кадрларды мақсатты даярлауға көптеген қаражат бөліп отыр.

Бұл негізде техникалық жəне кəсіптік білім берудің инновациялық жүйесіне білім жүйесін жаңғырту аясында дуальды кəсіби білім беруді дамыту, жұмысшы кадрларының зəрулігін еңсеру үшін қолданбалы мамандықтардың заманауи орталықтарын құру міндеттері қойылды. Дуальды жүйенің негізі оқу орны мен өндірісте қатар оқыту болып табылады. Бұл кəсіптік-техникалық білім берудегі басты проблема — оқу орнындағы теория мен заманауи өндіріс практикасы арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Дуальды оқытуда теория мен практиканың өзара байланысы принципі жүзеге асырылады, мұның өзі болашақ маманға кəсіпорында жұмыс істеу кезінде қажетті біліктілікке ие болуға көмектеседі. Мұндай оқыту өндірістің нақты сұраныстарына барынша жақындатады да жұмыс берушілер дайын мамандарға ие болады. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру, яғни, жас маманның бойынан табылуға тиісті тəжірибелік дағды, білім мен тəжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Қалыптасқан жағдайда теория мен практиканың арасында алшақтықты жою мəселесімен жұмыс берушіге күресуге тура келеді, себебі білікті мамандармен қамтамасыз ету — бұл жетістікке қол жеткізудің кепілі.

Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуальды оқыту жүйесінің кəсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нəтижелілігі зор екендігі тəжірибеде дəлелденген. Дуальды оқыту жүйесі қазіргі дүниежүзілік тəжірибеде бар дүние. Оған мысал ретінде Германиядағы кəсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуальдық жүйесін алуға болады. Мұнда оқушылар уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды.

Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты — техникалық-кəсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бəсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Қазіргі кезде əлемде оқытудың дуальды жүйесі-техникалық жəне кəсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып отыр. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі таңда білім берудің дуальды жүйесі деген атпен белгілі [3].

Дуальды оқыту жүйесі — теориямен қоса практиканы пайдалану деген сөз. Түлектер теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ.

Қазақстанның əлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кəсіптік білім беретін оқу орындарында бəсекелестікке қабілеті бар болашақ мамандарға əр түрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі кезде жан-жақты маман даярлау олардың əлеуметтік, кəсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі əлеуметтік сала экономикасын дамытудың болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

  • жүйелі ойлауды;
  • құқықтық ақпараттық мəдениетті;
  • кəсіпкерлік мəдениетті;
  • өзін-өзі тануды;
  • басқаларға ұсынуды;
  • өз қызметін білімді талдауды;
  • жаңа білімді;
  • нанотехнологияларды меңгеруді;
  • кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдауды;
  • бəсекелестікті жəне өмір талаптарына сай қызмет етуді;
  • əр іске жауапкершілікпен қарауды;
  • нəтижеге бағытталған істерді жасауды.

Білім ордасында студенттер арнайы пəннің өздеріне керек жəне маңызды екенін сезінуі қажет. Мамандықтар бойынша арнайы пəндер арқылы білім беру мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыстар бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу, жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-əдістемелік кешендер, электрондық оқулықтар, жаңа ақпараттық технологиялар, тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау, рефлексия əдістері қолданылады. Бұлардың барлығы маман моделінің нарықтық экономикада қажеттілігін туғызуға бағыттауды негіздейді. Себебі соңғы кезде білім саласында біліктілік моделінің құзыреттілік моделіне ауытқуы көп қарастырылып келе жатқан мəселе, яғни жұмыс берушіні көбіне біліктілік емес, құқық, ақпарат, əлеуметтік сала жағынан құзыретті мамандар қызықтырады. Осыған орай біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі əрі сапалы болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның əлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кəсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», — деді [4]. Мемлекет басшысы колледждерде дуальды оқыту əдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының XIX-шы сессиясында «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кəсіпорындар тізімін белгілеп, дуальды модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын əзірлеуді тапсырған болатын.

Дуальды жүйенің негізі — оқушыны оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды оқыту əдісі əлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде табысты жұмыс істеуде.

Бастысы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары деңгейде болатындығында. Бір сөзбен айтқанда, дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды.

Дуальды оқыту əдісінің келесі бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қоса жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Дуальды оқыту жүйесіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріне əлеуметтік серіктес табуы керек. Яғни оқушылар тəжірибе сабақтарын өткізуі үшін өздерінде даярланатын мамандықтарға сəйкес келетін кəсіпорындармен келісім-шартқа отыруы тиіс.

Əлемдік тəжірибеге сүйенсек, білім берудің дуальды оқыту жүйесі мамандардың кəсіби дайындығын жоғарылатуға ықпал етеді. Еңбек өнімділігі артады, халықтың көшіп-қонуы азаяды, əлеуметтік шиеленіске жол берілмейтіндігі жайлы мəселелер өз шешімін табады.

Іс жүзінде дуальды оқыту үлгісі бизнестің, болашақ маман мен мемлекеттің мүдделерінің бірлестігі болып саналады.

Дуальды жүйе оған қатысып тұрған барлық жақтардың, яғни кəсіпорынның, жұмыскерлердің, мемлекеттің, талабына жауап бере алады. Кəсіпорын үшін — бұл өзіне кадр дайындау, жұмыскерлерді іздеп табуға, оларды қайта даярлауға жəне бейімдетуге кететін шығындары азайтуға мүмкіндік беретін оң жақтары да бар. Жастар үшін дуальды жүйе ерте кезден бастап дербестік алуға жəне ересек өмірге оңайырақ бейімделуге болатындай зор мүмкіндік береді. Оқу барысында олар өз еңбектері үшін мекемеде ақшалай сыйақы, ал оны бітірген соң жақсы дайындалған жұмысқа ие болады. Германияда мектептен кейін шамамен жастардың жартысы дуальды жүйе арқасында мемлекетпен ресми түрде мойындалған 350 мамандық ішінен бір мамандық иесі бола алады. Кəсіпке үйрену көптеген елдерге тəн таза мектептегі кəсіптік оқытудан айырмашылығы бар. Мекемеде аптасына 3–4 күн практикалық сабақ болса, ал кəсіптік мектепте мамандық теориясы аптасына 1–2 күн оқытылады. Оқытудың мерзімі — 2 жылдан бастап 3,5 жылға дейін. Оқушылар орнының 80 %-ын орта жəне кіші фирмалар береді. Дуальды жүйе болуының арқасында Германияда кəсібі жоқ жас адамдардың біршама үлесі салыстырмалы түрде аз: барлығы 15–19 жас арасында — 4,2 %. Германиядағы жұмыссыздық мəселесі болса, онда орта есеппен жұмыссыз саны — 7,8 %. Егер 25 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық мəселесі туралы айтсақ, онда Германияда ол — 7 %, Грецияда — 45, Испанияда — 43, Словакияда — 33, Францияда — 30 %. Осылайша, сандар неміс дуальды жүйесінің артықшылығын айқын көрсетіп тұр. Теория мен практиканың үйлесімі жоғары мамандырылған жұмыскерлер мен қолөнершілердің бар болуына кепілдік берген [5].

Кəсіптік оқыту — бұл əрі қарай білім алу кезінде ұста, яғни шебер, болуға мүмкіндік беретін мансаптың басы. Дуальды білім берудің талассыз артықшылығына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Біріншіден, жұмыс берушінің талабына толығымен сай келгені үшін жас түлектерді жұмыспен қамсыздандырудың үлкен пайызы пайда болады. Білім беру өндірістің сұранысына максималды түрде жақындатылған.
  • Екіншіден, білім алудың жоғарғы талпынысы пайда болады. Болашақ жұмыскердің жаңа психологиясы құрылады. Студенттер, алдымен, кəсіпорында, мүмкін, жұмыскер ретінде көрініп, басқаша, сезініп жəне қызығып оқиды. Оқу ақпаратының пассивті тұтынышысының позициясы өндірісте шешім қабылдайтын жəне олар үшін жауапты болатын маманның ынталы позициясымен ауысады. Студент ұжымдағы өндірістік қарым-қатынасқа ерте бейімделеді, əлеуметтік іс-əрекетке үйренеді.
  • Үшіншіден, «практикадан теорияға» ұстанымы іске асады, студент енді текстпен жəне белгі жүйесімен жұмыс істемейді, ол өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді. Қиын теорияларды практика жəне нағыз кəсіби мəселені шешу арқылы меңгеру оңайырақ.
  • Төртіншіден, мамандарды даярлау сапасын бағалау жұмыс берушілердің өздерімен іске асады. Алғашқы күннен бастап оқушы уақыттын көп бөлігін жұмыс орнында өткізеді, өзінің дағдысын жəне талпынысын көрсетеді. Жұмыс берушілер өндірістік жағдайларда болашақ мамандардың дайындық деңгейін бағалай алу мүмкіндігіне ие бола алады.
  • Бесіншіден, ұстаздар тек жақсы теориялық білім иегері емес, сонымен қатар өндірістегі барлық жаңалықтарды меңгеру қажет.
  • Алтыншыдан, бюджетке жүктеме азаяды. Кəсіптік оқыту бойынша шығындардың бөлігін мекеме өзіне алады [6].

Əлемдік тəжірибеден алынған оқыту жүйесінің тиімді жақтарының көп екендігін байқауымызға болады. Оған басты себеп, ел экономикасын көтеруде техникалық мамандықтағы жоғары инновациялық технологияны меңгерген мамандар азшылық етуде, сондай-ақ қоғамдағы жұмыссыздық мəселесінің шешуде де алар орны ерекше. Білімді де, білікті маман қалыптастыру талабы білім берудің мазмұнын өзгертуді, білімді тасымалдау негізінде беруді емес, білім алу жолдарын игертудің маңыздылығын алға тартып отыр. Яғни, əр адам қоғамнан өз орнын бағдарлай алуы, өзіне қажетті білім алатын ортаны, білім мазмұны мен қажет пəндерді таңдай білуі тиіс.

Осы негізде, оқытудың сипаты да өзгеріп, оның негізінен білім алушылардың өздерін ұйымдастыруға бағыттау қажеттігі туындайды.

Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, қазіргі таңдағы білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен білім алушыларға мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім əлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы; төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы мен шет елдермен тəжірибе алмасу.

Қорыта айтқанда, Н.Ə. Назарбаев: «Мен сөзімді, əсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған жаңа саяси жəне экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды, көздейді. Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер... Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің — елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» [1], — деп жастарға зор үміт артып, қазіргі замандағы білім алудағы басты мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, əлемдік елдер арасында өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септілігін тигізетін, техникалық жəне кəсіптік білім берудің инновациялық жүйесін құруды меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты // Егемен Қазақстан. — 2012. — № 106 (28143). — 14 желт. — 6, 7-б.
  2. Азгальдов Г.Г., Костин А.В. Интеллектуальная собственность, инновации и квалиметрия // Экономические стратегии. — 2008. — № 2 (60). — С. 162–164.
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.— Алматы, 2010. — 52–54-б.
  4. Назарбаев Н.Ə. Қазақстанның əлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам //Егемен Қазақстан. — 2012. — № 97 (28456). — 10 шілде. — 6, 7-б.
  5. Базылқызы Г.     Əлемдік     тəжірибе:      дуальды     оқыту     əдісі.     —     [ЭР].     Қолжетімділік     тəртібі:      http://i- kz/news/2013/02/21/6895375.html. 06.03.2013. — 4, 5-б.
  6. Унайбаев Б.Ж. Дуальная модель профессионально-технического образования. — [ЭР]. Режим доступа: http://forum.eitiedu.kz/index.php/2012/01/04/dualnaya-model-p-t-obrazovaniya/03.2013. — С. 5, 6.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.