Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шығармашылық іс-əрекеттерін жетілдіруде студентттердің өнертанымдық білімдерінің маңызы

 Өнер туындысын шынайы, толық мəнді түйсіне білуге тəрбиелейтін дəлелдердің бірі — өнер тарихы жəне теориясы. Себебі осы өнер тарихы сабағында ғана студенттер бейнелеу өнерінің тарихи жəне теориялық даму жөнінде білім алып, көркем шығарманы талдауға жəне ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді. «Бейнелеу өнері тарихы жəне теориясы» пəннің мақсаты — студенттердің көркем педагогикалық зандылықтар жайында білімдері мен практикалық дағдыларын нығайтып, шынайы өнер мəселелерін түсінуін жетілдіру.

«Бейнелеу өнері тарихы жəне теориясы» пəнінің басты міндеті — оқушылардың бір-біріне ұқсамайтын айшықты əр алуан түстердің үйлесімділігін, түрлі пішіндерді жіктеп, саралай білуге үйрету, көзге бірден байқалатыны айқын, ашық əсем түс атаулының барлығын талғамсыз қабылдай салудан сақтап, əсемдік атаулыға неғұрлым саналы қараудың, кейбір сезім белгілері мен əр алуан көңіл-күйдің пайда болуына қарай жүргізіледі.

Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдыққа бетбұрыс жеке тұлғаның шығармашыл болуын талап етіп отырғанымен, оқу үдерісінде бұл мəселені қазіргі талап, қоғамдық сұраныс тұрғысынан шешудің ғылыми-теориялық негізі жүйеленбеуі; жоғары кəсіптік білім беру жүйесінде болашақ мамандардың шығармашылық іс-əрекеттерін қалыптастыруға қатысты нақты ғылыми-əдістемелік еңбектердің жеткіліксіздігі, студенттердің шығармашылық іс-əрекеттерін қалыптастыруға бағытталған арнайы дайындықтың ұйымдастырылмауы; бұл бағыттағы оқу-тəрбие үдерісінің    мүмкіндіктерінің   толық    пайдаланылмауы,   өнертанушылық   тұрғысынан    тарихи сараланбауы болып келеді.

Бейнелеу өнерінің əр алуан түрлерін пайдалана отырып, студенттер əсемдік атаулының бəріне деген сезімталдыкқа бейімделеді, студенттің көркемдікке деген сезімі қалыптасып, киялы мен сезімі дами түседі. Өз өлкесінің сұлу табиғатын сезінеді, əсіресе ұлттық бейнелеу өнерінің түрлерімен танысуға жол ашылады. Студенттер табиғат көрінісін бейнелегенде негізгі мақсат — айналаны қоршаған ортадағы нақты құбылыстар мен табиғат көрінісінің ерекшеліктерін түсініп тануға талпынады [1].

Бейнелеу өнері сабағын белгілі бір ережеден бастаған жөн: бірінші, байқампаздыкқа, талғам мен танымға тəрбиелеу; екінші, бастаған суретін аяқсыз калдырмай, қалайда аяқтауға, ұқыптылыққа, төзімділікке тəрбиелеу; үшінші, бұл қойылған талаптарды оқушыларға саналы түрде түсіндіріп, оқушыларды өзінің жəне жолдастарының салған суреттеріне əділ баға беріп талдай білуге үйрету қажет.

Оқушылардың ой-өрісінің жетілуіне орай олардың іскерлігі мен дағдыларын жетілдіре отырып, бейнелеу өнеріне тəрбиені нақтылы жұмылдыру қажет. Олай дейтініміз оқытудың қазіргі əдіс- тəсілдері бұрынғы бір орталыққа бағынған əбден ескірген баяғы ескі сүрлеумен болған оқыту жолдарымен келеміз. Ол мұғалімді де баланы да зеріктіріп болған бұрынғыны қайталау əдістері.

Өмір талабына сай оқытуға база жоқ. Оның үстіне педагогикалық кадрларды сапалы дайындықтарын өткізу керек. Əсіресе жас мамандардан жігерлікті, ізденгіштікті, шығармашылықты, ұлттық дəстүрді терең меңгеруді қатты қадағалау, яғни, педагогикадағы ұлттық кадрларымыздың сапасын арттыру қажет.

Бұдан шығатын қорытынды: жас ұрпақ өз туған халқының ұлттық өнерін оқушы жүрегіне ұялатып, жаңа пəндер енгізу (мысалға, пайымдау пəні), оны жүйелі түрде оқытудың пайдасы зор болмақ. Бұл жас ұрпаққа ұлттық санада тəрбиелеу саласында ғана емес, халыққа білім беру саласының ойланатын өзекті мəселесінің бірі.

Мəдениет өмірінде жаңа ой-толғауының ағыны кідірілген кезеңдер болады. Оған көптеген себептер бар. Уақыт өте келе өнердің шығармашылық екпіні де, оған əсер етуші күштер де өзгереді. Қазақстан бейнелеу өнері тарихын сөз еткенде ол өткен жетпіс немесе сексен жыл онша ұзақ мерзім емес. Бірақ суретшілердің не бары бірнеше ұрпағының өткен жолы, тұтас алғанда, Қазақстан өнерінің өзіне тəн ерекше бейнесі бар деп айтуға мүмкіндік береді.

Бүкіл Кеңес Одағындағындай, Қазақстанда да саяси идеология көркем мəдениет арқылы жүзеге асты. Қазіргі көркем мəдениеттің қалыптасуы тарихи-өнертану тұрғысынан терең зерттеуді талап етеді. Көптеген суретшілер осы жерге өз еріктерінен тыс келсе де, өлкенің көркем мəдениетіне үлкен үлес қосты. Олардың тоталитарлық жүйеге карама-қайшы өнерлері, шығармашылықтары ішкі рухани бостандыққа, шығармашылық тəуелсіздікке ұмтылушылықтары, идеология құрбандары болуларына себеп болса да, шығармалары келер ұрпаққа үлкен мұра болмақ. Сөз жоқ, Қазақстан суретшілері сол уақыттағы кеңес өнерінде белгіленген негізгі ой мақсаттың əсерін бастан кешті.

Суретші табиғат ортасында, колхозда, зауытта — қайда жүрсін мейлі, көзі көріп, көңілге түйген əсем көріністі қағазға түсіргенше асығады. Суретшінің кез келген жұмысы суреттен басталады. Ол болашақ картинасын бастамас бұрын əуелі кенепке оның нобайын салып шығады. Сондықтан да ұлы шеберлердің кай-қайсысы да суретке үлкен мəн берген. Егер табиғат көpiнісін салсақ, бiз күн шуағын, ай нұрын немесе себелеген aқ нөсер мен бұлыңғыр мұнарды да көре аламыз.

Жиырмасыншы ғасыр ортасындағы соцреализм тəрiздi супержанрлар билегенмен, cыpттaғы идеология диктаты, соның iшiнде Қазақстанда да, өнерде де дағдарыстық аялдау байқалды. Өнер қысқа уақытқа шектелiп, тыйым салынғаны байқалды. Олардың кейбiреуi ашық түрде бейсаясаттанды. Кеңес ресмилiгiне жат шығармалар пайда болды, суретшiлер көрмелiк салтанаттылық шектеулерден қашты. Oғaн дəлел суретшілер шығармаларында еңбекшi адам бейнелерi, туған жер пейзаждарының нақыштары пайда болды. Олар тебiрентетiн лиризм əуенiнде баяндау мəнінің трагедиясын көре отырып, мөртаңбалық плакаттардан қашты. Идеологиялық агрессия тəртiбiнiң жаңа толқыны осы аялдауды үзгенге дейiн кейбiр суретшiлер 30-шы жылдардағы мифологиялық шығармашылық мəндi бiлдiретiн «жарық жол» метафорасымен ешқандай қатыссыз халық тағдыры тақырыбына ұласқан бiрқатар картиналар жасап үлгердi. Бiрақ халық жолы — тарихи сынаулардың ауыр тiзбектерi. Соғыстан кейiн жалғастырған қуғындаудың жалпы толқыны осындай буын болды. Бұл оғаш болып көpiнyi мүмкін, олардың шығармаларының мазмұны даусыз [2].

Өнер өзiнiң бастау бұлағына ежелгi халықтық түп негiздерiне ықылас бiлдiруiнде оның этнографиялық, одан кейiн поэтикалық дəрежелерiне өткеciн, жаңа биiкке шығып, оны пайымдаудың философиялық дəрежесiне көтерiлдi деуге болады. Caxнaғa шыға бастаған суретшiлердiң келесi ұрпағы, тегiнде, алдыңғылардың осы бағыттағы iзденiстерiн одан əpi жалғастырып, халықтық xapaктері мен халықтың тарихы туралы ұғымды тереңдете түсуге тырысатын жəне қазiргi заман құбылыстарын да тереңiрек пайымдайтын болар.

Қазақстанның бейнелеу өнерінің тарихи маңызды, қызықты жəне қиын шығармашылық жолдары осы сұрақты толық қамтып оқыту кepeктігін алдын ала анықтайды.

Қазақстанның бейнелеу өнері тарихын зерттеуде Қазақстанның бейнелеу өнерінің тарихи даму ерекшелiгiн жүйелi оқуға əpeкет етiлiп отыр. Fылыми айналымда хронологиялық кезеңдердi есепке ала отырып, тарихи танымдық жайда бейнелеу өнерін талдау нəтижесi болып табылатын жəне бейнелеу өнерінің құрылу жəне қалыптасу үдерiстерiн қарастыратын мəлiметтер енгiзiледi. Өнердiң қалыптасу кезеңiне кipeтiн суретшiлердiң шығармашылықтары бейнелеу өнерінің құрылу үдерiстерiнiң ерекшелiктерiмен жəне осы кезеңнiң əлеуметтiк-психологиялық жəне саяси жағдайларының өзгешелiгiмен қарастырылады.

Қазақстанның егемендiгi мен тəуелсiздiгiн алған кезде қазiргi өнердi əpi қарай дамыту бойынша шаралар туралы өнер тарихын, оның даму кезеңдерiн зерттеуде жүйелi жəне əдiстемелiк дұрыс ыңғайын табуды қалыптастыру өте маңызы.

Жалпы, Қазақстанның көркемдiк мəдениетi мен өнеpi өзгеше қалыптасты. Бұл өңiрдi тездетiп индустрияландыру кезеңi болды, мыңдаған тұтқындap мен қуғындалған, жер аударылғандардың еңбектерi пайдаланды. Мұндa өз құқықтарын қорғай алмай қысым көрген қоғамдық топтар көп болды, олардың мəдени-ұлттык, түбiрлерi əлеуметтiк саналы түрде кесiлдi. Жазаланған суретшiлердiң шығармашылықтары — зиялылардың ой-пiкiрлерi — лагердегi тəртiппен төмендетiлдi, шектелдi, жасырын болды. Қазiр қоғамда бұл мұpaғa да аса қызығушылық бар. Атап айтқанда, бізге жер аударылғандар сондағы елдер мен шетелдердiң жүздеген өнер мен мəдениет қайраткерлерi болатын. Осы өнер қайраткерлерiмен қиын, жан түршiгерлiк жағдайда жасалған бiрегей мəдени мұралар құрастырылды. Бұл тек Қазақстанның бiр қаласының ғана мысалға алған мəдени тарихы.

Қазақстанның көркемдiк өмipi туралы хрестоматиялық сұрыптау, материалдардың жиналуы жəне жүйеленуiне шетел, Қазақстан жəне əp аймақ тарихшылары, өнертанушылары белгiлi еңбек сiңiрдi. Қазақстандағы кəсiпқой бейнелеу өнер тарихы бойынша олардың зерттеулерiнсiз жəне жалпы талдаусыз көркемдiк шығармашылық саласын дəрiптеуiнсiз осы жұмысты жазуға мүмкiндiк болмас едi. Қазақстанның мəдениетi мен өнepiн оқудың жалпы дəрежесi осы күнгi көркемдiк тəжiрибенiң нақты зерттелмеген беттерiн ашуға жаңа мiндеттер қойып отыр.

Бiрiншiден, елiмiздегi көркем мəдениеттiң қалыптасуын дара феномен ретiнде саралап тану қажеттілігі; екіншіден, өнер шығармаларын ғылыми-өнертану тұғыcынaн талдау керектiлiгi; үшiншiден, осы мəселенi жалпы елiмiздiң мəдени тарихының маңызды, сабақ болар бөлiгi ретiнде тану қажеттiлiгi.

Бiздi қызықтыратын танымның мəселелері — Қазақстандағы кəсiпқой бейнелеу өнеpiнің калыптасу ерекшелiгi республиканың өнер зерттеу ғылымының маңызды тарауларының бiрi болып табылады, өйткенi Қазақстан тəуелсiздiгiн алумен дербес мемлекет ретiнде мəдениеттiң жаңа жалпы негiзгi пiкiр, тұжырымдaмасын қажет етедi.

Өнертанымдық əдiстеме аспектiсiне: технологиялық (iс-əрекеттiң жаңа тəсiлдерiнiң пайда болуы) жəне тұлғалық-шығрмашылықты (адамның креативтi тұлға ретiнде қалыптасуы) жатады.

Өнерсүйгiш, мəдениеттi тəлiм-тəрбиенiң, үйлесiмдiлiктiң, тəртiптiң өлшемi адамның үздiксiз рухани жетiлуi мен көп қырлылығының көpiніci деп ойшылдар бағалады. Олар адам ақыл-ойының тəуелсiздігін батыл қолдады, мəдениет адамның iшкi табиғи мүмкiндiктерiн, ақыл-ойын жетiлдiретiн қуат көзi деп санады. Ойшылдар пiкiрiнше, мəдениет пен өнер — бiлiм мен тəрбиенiң құралы, адам қабiлеттерiн дамытудың тетiгi жəне мəдениетте адамдық пайым-парасат, ақыл-ой, iзгiлiк пен əдемiлiк.

Қазiргi заманда мамандарды тар көлемдi кəсiптiк даярлау əлемдiк қауымдастыққа ұтылып, бəсекелестiк өмip сүрудiң басты шартына айналған бүгiнгi өзгермелi дүние жағдайындағы талаптарға сəйкес келмейдi, жоғары кəсiптiк бiлiм берудiң маңызды бөлiктерiнiң бiрi болашақ мамандардың жеке мəдениетi болып саналады. Жоғары бiлiм тек кəсiптiкпен ғана шектелмейдi, ол адамның жалпы мəдениетiнiң құрамдас бөлiгi [2].

Шығармашыл тұлғаға тəн сапалардың бiрi оның адамзаттың мұра етiп қалдырған мəдени құндылықтарды оқып үйрене отырып, өзiнiң даму ерекшелiктерiне сəйкес жеке мəдениет үлгiлерiн таңдай алуы. Жалпы адамзаттық мəдениеттен өзiне қажеттiсiн таңдап өз бойына дарыту нəтижесiнде тұлғаның жеке мəдениетi қалыптасады. Тұлғаның жеке мəдениетi өз қызметiн шығармашылық əрекетпен айналысқанда ғана жүзеге аса алады.

Болашақ маманның шығармашыл ойының дамуы белгiлi бiр əлеуметтiк ортада, соның əcepi арқылы дамиды жəне сол ортада оның өзiн қаншалықты ұйымдaстыpa алатындығына байланысты. Шығармашылдық жоғары адам қоғамда əлi шешiмiн таппаған мəселелердiң жауабын iздеуге ұмтылады. Бұл жолда ол түрлi қарама-қайшылықтарға келуi мүмкін. Шығармашыл маман осы қарама-қайшылықтан өз жолын таба бiледi. Қазiргi қоғам кез келген мамандық иесiнiң жоғары кəсiптiк бiлiктiлiгiне ғана емес, оның рухани моральдiк бейнесiне, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау мəдениетiне де үлкен талаптар қояды. Сондықтан болашақ маманның шығармашылдық iс- əрекетiнiң дамуының өнертанымдық мазмұнының мəнi оның ойлау, iс-əрекет жəне қарым-қатынас мəдениетiн менгеруi болып табылады.

Қазiргi таңда тұлғаның шығармашылығы жоғары деңгейлерiне көтерiлуi өнертанымдық ұстанымның негiзгi ойларымен тығыз байланысты. Бiз қарастырып отырған шығармашылық iс- əрекеттi жетілдіру мəселесiнде де өнертанымдық мазмұн бар. Сондықтан көтерілген мəселеге сəйкес болашақ мамандардың шығармашыл ойлауын жетілдіру мəселесiнiң өнертанымдық қыры да қарастырылды [3].

Осыған орай өнертануды оқытуда келесі шарттар айқындалуы қажет.

Қазіргі қоғамның даму талаптарына сай болашақ өнертану мамандарын кəсіби даярлаудың əдіснамалық, тарихи-педагогикалық, ғылыми-теориялық негіздері айқындалуы керек.

Болашақ өнертану мамандарына білім берудің дидактикалық негіздері сұрыпталып, жоғары оқу орындарында инновациялық технологияларға жаңаша сипаттама берілді жəне оларды қолданудың инновациялық бағытта оқытудың дəстүрі анықталса.

Əлеуметтік-гуманитарлық пəндерді оқытуда инновациялық технологиялар арқылы болашақ өнертану мамандарының кəсіби шығармашылығын жетілдірудің теориялық моделі құрылып, білім беру жүйесінде өнертанушының кəсіби деңгейінің дамыту жолдары жасалса.

Болашақ өнертану мамандарының кəсіби даярлау жүйесін жетілдіру жолдарында біздің инновациялық бағытта ұсынған тұжырымдама арқылы əдіснамалық оқытудың жаңаша жүйесі басшылыққа алынуы қажет.

Қазіргі заман талабына сай болашақ өнертану мамандарын тəрбиелеудің өзекті мəселелерінің əдіснамасы көрсетіліп, оны шығармашылық деңгейде кəсіби дамытудың жолдары көрсетілуі керек [4].

Болашақ өнертану мамандарын кəсіби даярлау жүйесінің ғылыми-теориялық жəне практикалық зерттеулердің нəтижелері эксперимент жүзінде дəлелденіп, ол нəтижелер жоғары оқу орнының кредиттік оқу жүйесіне енгізудің дидактикалық жолдары арқылы анықталды. Соған орай əлеуметтік- гуманитарлық пəндерді оқытудың əдістемелік жүйесін анықтау барысында оқу-əдістемелік құралдары жəне кредиттік технология бойынша таңдау пəндері ретінде арнайы курстары оқу үдерісіне ендіріліп, тəжірибелік-эксперименттік талдау жұмыстарын жүргізуде өз нəтижесін беретіндей жағдай тудыру.

Жоғары оқу орындарында оқу-тəрбие үдерісінде замануи білім беру технологияларын тиімді пайдалану нəтижесінде болашақ өнер саласындағы мамандардың шығармашылық, технологиялық, қарым-қатынас кəсіби мəдениетін жетілдіру əдістемелерін негізге алу қажет [5].

Қарастырылып отырған зерттеу жұмысы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын түбегейлі талдап, қамтып шығу мүмкін емес. Алдағы уақытта осы мəселе өнер саласындағы жоғары оқу орындарында қолдану ерекшелігі тұрғысында, бұл саладағы басқа да мамандықтар үшін педагогикалық мүмкіндіктерін сабақтастыру бағыттары өз алдына арнайы зерттеуді қажет етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1.  Бейнелеу өнерінің аймақтық дамуының кейбір тұстары (80–90 жж.) // Қазақстан жəне Орталық Азияның дəстүрлі жəне қазіргі заман өнері: Халықарал. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Алматы: «Үш қиян» баспасы, 2004. — 592 б.
  2. Ергалиева Р.А. Этнокультурные традиции в современном искусстве Казахстана. — Алматы: Ғылым, 2002. — 183 с.
  3. Мұратбаева Г.А. Болашақ өнертану мамандарын кəсіби даярлауда инновациялық білім беру ерекшеліктері // Дəстүрлі дүниетаным жүйелері жəне қазіргі кезеңдегі өнер: Халықарал. ғыл. конф. материалдары. — Алматы: Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА, 2009. — 259 б.
  4. Бодықов С.Ж. Қазақстан кəсіпқой бейнелеу өнерінің тарихы: Оқу құралы. — Қарағанды: ЖШС «Орман» баспасы, 2008. — 89-б.
  5. Қазақстан кəсіпқой бейнелеу өнерінің қалыптасуындағы кейбір тарихи беттері // Жаһандану жəне қазіргі замандағы университеттер: Халықарал. ғыл.-тəжір.конф. материалдары. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 482-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.