Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биологияны оқытудағы танымдық құзыреттілікті дамытуға бағытталған тапсырмалар

 Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, қоғамның даму қарқыны білім берудің міндеттерін қайта қарауды талап етеді. Қазіргі жалпы білім берудің ұлттық деңгейіндегі басты міндеттердің бірі — əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өмірге белсенді қатысуға дайын құзыреттілігі қалаптасқан шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — жеке адамның шығармашылық, рухани жəне күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Осы міндетке сəйкес оқушының ой-өрісін дамытып, белсенділік іс- əрекетке түсе алатын тұлғаны қалыптастыруда оқу экспериментінің орны ерекше [1].

2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Президенттің халыққа арнаған жолдауларында əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кірудегі міндеттер білімді, талантты, жігерлі, өзіне сенетін арманға бай жəне оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар құзыретті, шығармашыл жастарға жүктелген [2].

Демек, болашақ жастарымыздың өз мүмкіндіктеріне сенімді болуын қамтамасыз ететін білім берудің жаңа парадигмасы оқытудың субъектілігін мойындайтын, оның əлеуетіне тікелей əсері мол құзыреттілігі қалыптасқан белсенділік іс-əрекетін қалыптастырудың теориялық, əдістемелік негіздерін айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.

Тұлғаның шығармашылық іс-əрекетін қалыптастыруға қатысты мəселелер Əбу Насыр əл- Фараби, Ы.Алтынсарин, философ-ғалымдар Платон, И.Кант, Г.Гегель, жəне тағы басқалардың зерттеулерінде іс-əрекет рөлінің маңыздылығын айқындау арқылы қаралған. Еліміздегі философтар Ж.М.Əбдилдин, Ə.Нысанбаев, Ғ.Есім жəне тағы басқалар қоғам дамуы адамның шығармашылық іс- əрекетіне байланысты деп санайды [3].

Алыс жəне жақын шетел ғалымдары Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Н.Ф.Талызина жəне тағы басқалар оқушылардың белсенділінің қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарын анықтады. Мектеп оқушыларының белсенділік іс-əрекетінің психологиялық заңдылығын Ж.Аймауытов, Т.Тəжібаев, Ə.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев жəне тағы басқалар айқындады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаттарының бірі қоғамның əлеуметтік-экономикалық күрделі өзгерістеріне қарай тұлғаның шығармашылық іс-əрекетін қалыптастыруға жағдай жасау болып табылады. Мұның өзі жалпы білім беретін мектептерде жеке пəндерді оқытуда оқушылардың шығармашылық іс-əрекетін қалыптастыру үшін оқу-танымдық əрекеттерін ұйымдастыру міндетін жүктейді.

Қазіргі таңда орта мектептегі білім берудің басты мақсаты — оқушыларға білім беріп, олардың шығармашылық құзыреттілігін дамыту, оларды кез келген мəселеде оңай шешім таба алатын құзыретті дара тұлға тəрбиелеу. Жалпы орта білім берудің нəтижесі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге бағдарлау. Құзыреттіліктің нəтижеге айналуы қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже. Жоғары дəрежелі жетістіктерге жету үшін осы елдің əрбір азаматының құзыреттілік қабілеті нақты қалыптасқан болуы тиіс [4]. Ал бұндай тұлға қалыптастыру үшін орта мектепте оқытылатын əрбір пəннің өзіндік орыны бар. Солардың бірі биология пəні — тірі табиғатты, оның алуан түрлілігі мен тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын жəне сыртқы ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым. Сондықтан биологияны оқытудағы құзыреттілікті бағытталған тапсырмалар маңызды болып табылады.

Мектеп оқушыларының ой өрісінің дамуы, шығармашылық құзыретінің қалыптасуы ең алдымен сабақта, мұғалім өзінің тəрбиеленушілермен бетпе-бет қалған уақытта жетістікке жетеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылық дəрежесі, білім деңгейі, өздігінен білім алуға үнемі дайын тұруы, яғни қазіргі заман психологиясы мен педагогикасы дəлелдегендей, ой өрісінің дамуы, мұғалімнің таным əрекетін жүйелі ұйымдастыра алуына байланысты.

Осы кездегі өзгеріп жатқан қоғам өмірінің əр жылында педагогикалық үдеріс нəтижесі де өзгеруде. Бүгінгі таңда «күндегідей» оқыту жəне тəрбиелеу жеткіліксіз, адамды өмірге дайындау нобайының өзінде түпкілікті қайда құру жəне осы жұмысты іс-тəжірибе түрінде өзгерту тиіс. Ғылыми əлем бейнесі қалыптасқан, дүниетанымы ғылыми берік, еркін ойлайтын, батыл, парасатты, рухани байлығы мол, меңгеру қабілеті бар, яғни өзіне, айналадағы адамдарға, қоғамға, табиғатқа деген қарым-қатынасын құратын жəне құзыреттіліктер жиынтығын игерген адам, құзыретті тұлға керек.

«Білім сапасы» категориясының мазмұнын ашуда «құзырет» ұғымы ерекше орын алады. Зерттеушілердің пікірі бойынша, құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке (теңдес болмағанымен) көбірек сай келеді жəне адамның əр түрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.

«Құзыреттілік» ұғымы «білім», «білік» жəне «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл ББД-ның жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нəтижесін (білім жəне білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылардың шығармашылық іс-əрекет тəжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік — бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық жəне теориялық мəселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең əуелі мектептегі оқыту үдерісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тəсіл білім беру нəтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді əдіс-тəсілдерді жүзеге асыруды, мектепте оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тəжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен əдістерін өзгертуді, іс-əрекет түрлерін нақтылауды талап етеді [5].

Құзыреттілік деп, көбінесе, тұлғаның қызметке өз бетімен əрі үздік араласуға бағдарланған жалпы қабілеттілігінде, оның оқуы жəне əлеуметтенуі барысында алған білімдері мен тəжірибесіне негізделген іс-əрекетке дайындығында көрініс беретін кіріктірілген сапасын түсінеді. «Құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан [6].

Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» жəне «оқу біліктіліктері» деген дəстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар. «Құзырет» жəне «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр жəне олар кəсіби іс-əрекеттің жоғары сапасын көрсетеді.

«Құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдары алдағы уақытта оқушылардың мəдениеттанымдық іс- əрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруі мүмкін [7].

Біз «құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз.

Құзыреттілік тəсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, мынадай жағдаяттарда: нақты құбылыстарды танып-білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық өмірде; мамандық таңдауда жəне өзінің кəсіби білім алуға дайындығын бағалауда, еңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірдегі өз орнын анықтауға, өмір салтын, кикілжіңдерді шешу тəсілдерін таңдауға байланысты мəселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мəні бар мəселелерді шеше білу біліктілігін шығарады.

Қазақстан Республикасының Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мəдениет үлгілерін дүниеге əкелген, əрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап əкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген [2].

Ақпараттық қоғам жағдайында педагогтың болашақ мамандардың ақпараттық- коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:

  • білім беру жүйесінің əлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
  • ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
  • ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру жəне өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада коммуникативтік мəдениетті қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
  • ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу жəне бір- бірімен сабақтастыру мəдениеттерін қалыптастыру;
  • интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту жəне т.б.) қолдануға даярлау;
  • ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру жəне осы дағдыны өзіндік кəсіби қызметтеріне қолдануға даярлау.

Оқушылардың оқу-танымдық шығармашылық іс-əрекетін қалыптастырудың дидактикалық- əдістемелік мəселелерін Г.Давыдова, Н.И.Запорожец жəне тағы басқалар зерттеген. Осы жұмыстарда оқу жұмыстарында жобалау, зерттеу, құрастыру, оқу экспериментінің мектеп оқушыларының шығармашылық іс-əрекетін қалыптастырудың тиімді формасы екендігі тұжырымдалған [8].

Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар мен педагогикалық-əдістемелік əдебиеттерге жасалған талдаулар оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруда соған бағытталған тапсырмалардың ғылыми тұрғыда негізделмегенін айқындауға мүмкіндік туғызды. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындайды:

  • мектеп оқушыларына арналған құзыреттілікті бағытталған тапсырмалардың қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыда негізделмеуі;
  • оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін бағытталған тапсырмалардың мүмкіндіктері жəне оның ғылыми-əдістемелік тұрғыда жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылықтар кездеседі.

Аталған қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімдерін іздестіру зерттеу мəселесін мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін жəне оны жүзеге асыру əдістемесін айқындау деп белгілеп жəне тақырыбымызды «Биологияны оқытудағы құзыреттілікті бағытталған тапсырмалардың рөлі» деп таңдап алуға мүмкіндік берді.

Зерттеу мақсаты. Құзыреттілікті бағытталған тапсырмалардың биологияны оқытудағы маңыздылығын теориялық тұрғыдан негіздеп, əдістемесін жасау жəне оның тиімділігін тəжірибелік- эксперименттік жұмыста тексеріп ұсыныстар жасау. Дербес ғылыми зерттеу жəне нақты сұрақтар мен мəселелерді əзірлеу жəне зерттеу кезінде тəжірибе жасау əдістемесін игеру.

Зерттеу міндеті. Биологияны оқытуда құзыреттілікті бағытталған тапсырмалардың үлгісін құру. Құзыреттілікті дамытуға бағытталған тапсырмалар əдістемесін дайындау. Тəжірибелер жүргізу, ғылыми негізделген қорытынды беру.

Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тəрбие үдерісі.

Зерттеу пəні: мектеп оқушыларының биологиядан құзыреттіліктерін қалыптастыру мəселелері.

Ғылыми болжамы. Егер адам өміріндегі құзыреттіліктер жиынтығының алатын орны мен маңыздылығын ескере отырып, биологияны оқытуда құзыреттілікті бағыттылған тапсырмаларды кеңінен пайдаланып, оқыту үдерісінде құзыреттілікті бағытталған тапсырмалардың ғылыми негізделген əдістемесі жасалса, онда əрбір мектеп бітіруші түлектен өмірдегі кездесетін əр түрлі қиындықты — проблемалық жағдайларды қиналмай жеңіп шыға алатын құзыреттілігі қалыптасқан тұлға дамып шығар еді.

Жетекші идеясы: мектеп оқушыларының оқу үдерісінде эксперимент мазмұнын деңгейлік тапсырмалар арқылы құру, олардың құзыреттіліктерін жəне шығармашылығын арттыруға жəне өз бетінше əрекеттене білуіне ықпалын тигізеді.

Зерттеудiң əдiснамалық-теориялық негiздерi: тұлғаның мəні туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі негізгі ұстанымдары, тұлға теориясы, іс-əрекет теориясы, құндылықтар теориясы, тұлғаға бағдарланған оқыту жəне жобалау технологияларының теориялық негіздері, тұлғаның құзыреттілігін, шығармашылық əрекетін қалыптастырудағы оқу эксперименті туралы тұжырымдар болып табылады.

Зерттеудің көздерi:

  • Қазақстан Республикасы заңдары, нормативтi құжаттары, оқу экспериментін жүргізуге байланысты ғылыми-əдістемелік еңбектері, тұжырымдамалары, кешендi бағдарламалары;
  • алыс жəне жақын шет ел, Қазақстан ғалымдарының оқу эксперименті бойынша философия, психология, педагогика, жаратылыстану ғылымдарындағы ғылыми зерттеу еңбектерi;
  • бiлiм беру жүйесiндегi алдыңғы қатарлы педагогтардың оқу эксперименті бойынша озат iс- тəжiрибелер жəне ғылыми iзденушiнiң өзiнiң əдістемесі жəне зерттеу тəжiрибелерi.

Зерттеудің əдiстерi: философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерді талдау, қорыту, мектеп құжаттарын талдау, оқушылармен сауалнамалар жүргiзу, шығармашылық жұмыстарын талдау, жалпы білім беретін мектептегі оқу эксперименті бойынша тəжiрибе жинақтау, салыстыру, тұжырымдау, математикалық статистикалық зерттеу əдістерін қолдану, бақылау, тəжірибелік- эксперименттік жұмыс жүргізу.

Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мəні: мектептегі оқушылардың шығармашылық іс- əрекеттері арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды; оқушылардың шығармашылық    іс-əрекеттерін    қалыптастыру    негізінде     зерттеушілік құзыреттілік қалыптастыру жолдары жөнінде ұсыныстар берілді.

Зерттеудің базасы. Қарағанды қаласындағы №№ 7, 66 жалпы білім беретін мектептерде бақылау жүргізілді. Зерттеудiң көкейкестiлiгi, зерттеудiң мақсаты, нысаны, пəнi, мiндеттерi, жетекшi идеясы, əдiснамалық негiздерi, əдiстерi, ғылыми жаңалығы, теориялық жəне практикалық мəнi, негiзгi қағидалары, дəйектілігі мен негiздiлiгi берiледi.

«Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-əрекеттері арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындай отырып, «құзыреттілік» ұғымының мəні ашылып берілді. Шығармашылық іс-əрекетін қалыптастырудың мүмкіндіктері жəне үлгісі, компоненттері, көрсеткіштері, өлшемдері мен деңгейлері анықталды.

«Мектеп оқушыларының шығармашылық іс-əрекеттері арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың əдістемесі» атты екінші бөлімде мектептегі оқу эксперименті арқылы оқушылардың шығармашылық іс-əрекетін қалыптастырудың оқу-əдістемелік жолдары, тəжірибелік жұмыстың нəтижелері айқындалды, ғылыми негізделген əдістемелік ұсыныстар берілді.

Қорытындыда болжамды дəлелдейтiн зерттеудiң негiзгi нəтижелерi мен тұжырымдары түйiнделдi, ғылыми-əдiстемелiк ұсыныстар берiлдi.

Пайданалынған əдебиеттер тізімінде осы дипломдық жұмысты орындау үшін алғашқы тақырып таңдаудан бастап танысқан, зерттеу барысында талдауға алынған жəне теориялық негіздерді алған əдебиеттер берілген.

Зерттеудің кезеңдері. Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша философия, психология, педагогика, жаратылыстану ғылымдары бойынша «құзыреттілік» сөзінің алатын орны, оқу əрекетіндегі эксперименттің маңыздылығы, сонымен қатар қазіргі білім беру саласындағы құзыреттілікті бағытталған тапсырмаларды оқу эксперименті бойынша қалыптастыру мүмкіндігіне салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Талдау барысында зерттеу жұмысымыздың теориялық негіздері айқындалып, бұл мəселе төңірегіндегі қайшылықтарға қатысты ғылыми-əдіснамалық аппараты анықталды.Екінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша «Мектеп оқушыларының шығармашылық іс- əрекеттері арқылы зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың əдістемесі» атты екінші бөлім жазылды. Зерттеу болжамына сəйкес ғылыми зерттеу жұмысының тəжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүгізілуде нəтижесі наурыз айында шығарылады. Ғылыми-əдістемелік ұсыныстар дайындалып, дипломдық жұмыс талаптарға сай рəсімделеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі — тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады», — деп атап көрсеткен еді. Яғни білікті, білімді, бəсекеге қабілетті маман кəсіби жағынан ғана шебер болмауы керек, сонымен қатар өз елінің мəдениетін, салт-дəстүрін, мемлекеттік тілді де жақсы білуі керек.

Осы тұрғыда алып қарасақ, ұлттық рухтағы əлемдік білім деңгейі талаптарына сай ұлтжанды азамат тəрбиелеу үшін əр мұғалім күнделікті сабағында жаңа технологияларды тиімді пайдалану, құзыреттілік-əрекеттілік тұрғыда оқыту, жаңаша авторлық технологиялар мен бағдарламалар құрастырып, жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Бүгінгі заман əр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кəсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді.

Енді білім берудегі құзырлылық тəсіл, мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы мəселесі төңірегінде нақтырақ тоқталып кетсек, қазіргі кезде педагогика мен психология саласында «құзырлылық» ұғымының жалпы қабылданған түсіндірмесі əлі қалыптаспаған. Ғылыми еңбектерде «құзырлылық» пен «құзыреттілік» ұғымдарына түрліше мағына беріліп жүр. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде «құзырлылық» ұғымы құзыреттілікті меңгеруші ретінде қарастырылады. «Құзыретті» сөзі французша «заңға сай», латынша «талап қою», ағылшынша «қабілетті» мағынасын білдіреді. Шетелдік ғалымдар құзыреттілік ұғымына білім, біліктілік, білімді тəжірибеде қолдана алу, тереңдетілген білім, кəсіби біліктілік деген сияқты түсінік береді.

Сонымен, «құзырлылық» ұғымына мынадай анықтама беруге болады: «Құзыреттілік — оқудың жəне өздігінен білім алудың нəтижесінде қалыптасатын жəне адамның əлеуметтік ұтқырлығын анықтайтын, білім мен тəжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер».

Құзырлылық оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір тəжірибелік жəне теориялық мəселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Бұл ең əуелі, мектепте оқу үрдісі кезінде қалыптасады. Яғни оқытудағы құзырлылық тəсіл нəтижесі болып білім сапасының көрсеткіші бағаланады.

Өзінің жəне қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бəсекеге қабілетті жəне құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру құзыреттілік пен əрекеттілік тұрғыда жасалған іс-əрекет нəтижесінде жүзеге асады.

Бүгінгі күні мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегідей анықталады:

  1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік — жасампаз қоғам өмірінде өз рөлін таба білу, азаматтық белсенділік көрсету, саяси жүйені түсініп, əлеуметтік жағдайларға баға беру.
  2. Мəдениеттанымдық құзыреттілік — өз халқының жəне əлемдік мəдениетті түсініп, рухани келісім жүргізе алу.
  3. Когнитивтік құзыреттілік — зерттеушілік дағдыларын игеруге мүмкіндік жасайтын өз əрекетіне талдау, қорытынды жасай алу.
  4. Коммуникативтік құзыреттілік — байланыстың түрлі обьектілерін қолдана отырып, түрлі əлеуметтік топта қарым-қатынас жасай алу, мемлекеттік жəне шет тілдерді меңгеру.
  5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік — білім мен ақпаратты ақпараттық-технологиялар көмегімен жүзеге асыра білу.
  6. Əлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі — əлеуметтік-қоғамдық өмірде кəсіби бағдарын дұрыс таңдай алу.
  7. Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі — əлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке жəне қоғам пайдасына сай шешім қабылдауды қарастырады [7].

Сонымен, оқу үрдісіндегі құзырлылық дегеніміз оқушының алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде теориялық жəне тəжірибелік мəселелерді шешу үшін қолдана алу мүмкіндігі болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егеменді Қазақстан. — 1999. — № 115,
  2. ҚР-да 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы / ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің 2006 жылғы 04 қаңтардағы №1 бұйрығы. — Астана, 2006.
  3. Жумадиллаева О.А. Психолого-педагогические особенности развития творческой одаренности у детей дошкольного возраста: Дис. ... канд. пед. наук. — Алматы,
  4. Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в условиях педагогической практики // Вестник КазНУ. Сер. Педагогические науки. — 2000. — № 12. — С. 25–29.
  5. Кенжебеков Б. Маманның кəсіби құзыреттілігінің теориялық негізі / Бастауыш мектеп. — 2004. — № 7. — 3–7-б.
  6. Баскаев Р.М. О тенденциях изменений в образовании и переходе к компетентностному подходу // Инновации в образо- вании. — 2007. — № 1. — С. 10–15.
  7. Володина Ю.А. Компетентностный подход в подготовке школьников к профессиональному самоопределению // Психо- логическая наука и образование. — 2008. — №
  8. Мырзабаев А.Б. Биологияны оқыту əдістемесі. — Қарағанды: «Санат-Полиграфия», ЖШС, 2006. — 344 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.