Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы мемлекеттік басқару тиімділігінің критерийі ретінде

Мақалада мемлекеттік аппарат қызметін жетілдіру, тиімділігін арттыру бағыттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдардың тұрғындар алдындағы ашықтығы қарастырылды. Бұл бағыт ел азаматтарына мемлекеттік жəне стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу, біріге атсалысуға мүмкіндік береді. Зерттеуде əр мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігі деңгейіне сараптамалық баға берілді. Мемлекеттің мөлдірлігі, есептілігі мен ашықтығы мемлекеттік органдағы құпия болып табылмайтын кез келген ақпарат елдің əр азаматына қолжетімді болуын көздейді. Қызмет ашықтығы стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды, ақпаратты, жаңалықтарды, бірінші басшының баяндамалары мен мақалаларын, белгілі бір мерзімде атқарылған жұмыстар туралы есеп жəне тағы басқа БАҚ мен мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб- сайттар) жариялау арқылы жүзеге асырылады. Аталған талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарының ақпараттық толықтырылуы мен олардың мазмұнына қойылатын талаптар ережелерінде нақты көрсетілген. Сол Ережелерге сəйкес, мақалада мемлекеттік органдар сайттарына талдау жасалды. Бұл жұмыстағы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар сайттарын зерттеу елдің мемлекеттік органдарының ақпараттық ашықтығын қалыптастыруында белгілі бір тенденциялар мен заңдылықтарын анықтады.

Атқарушы билік органдарының еңбек тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, сонымен қатар олардың тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен сала ауқымы соңғы 10 жыл ішінде ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалардың басты тақырыбына айналды. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігінің мемлекеттік аппараттың лайықты деңгейде қызмет етуіндегі ролі маңызды екені сөзсіз. Мемлекеттік органдардың тиімсіз қызметі жағдайы елдің барлық салаларындағы төмен нәтижелілікке әкеліп, экономикалық жаңғырулар, стратегиялық бағдарламалар орындалмай қалу қауіпі туындайды [1].

Мемлекеттік органдар жұмыс нәтижелігін тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, қолдану мен дамытудың маңызы арта түсті [2].

Дүниежүзілік тәжірибе мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспағанын көрсетеді. Дегенмен, мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» бекітілді [3].

Қазақстанда аталған жүйенің қалыптасуына келесі факторлар əсер етті:

  • мемлекеттік органдар тарапынан бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мен олардың мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін бағалау арасындағы озара байланыстың жоқтығы;
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау мен бақылау жүйесінің жоқтығы;
  • мемлекеттік қызметшілерді қолданыстағы жалақы төлеу жүйесімен ынталандырудың төмен деңгейлігі.

Осы орайда, бағалау жүйесіне сəйкес, азаматтық қоғамды дамытуды көздей отырып, мемлекеттік қызметті реформалаудың басты мақсаты мемлекеттілікті біріктіру таңдалды.

Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың аталған жүйесі орталық (министрліктер, комитеттер, агенттіктер жəне т.б.) жəне жергілікті мемлекеттік органдардың қызметінің нэтижелілігін арттыруда маңызды құжат болып табылады.

Қызмет тиімділігін бағалау жүйесінің басты мақсаты — міндеттер мен қызметтерді іске асырудың тиімділігінің көрсеткіштер анықтау мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар қызметін бағалау. Барлық деңгейлі мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың жылсайынғы жүйесін бекіткелі бері Қазақстан мемлекеттік басқару саласында дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарды жетілдірудің жаңа стратегиялық міндеттері бар. Бұл:

  • нарықтық бастама мемлекет тарапынан белсенді әрі жылдам қатысуды талап етеді;
  • экономикалық жəне әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекет ролін көтеруді көздейді. Нәтижесінде
  • қоғам мүддесіне сəйкестелген заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен жүзеге асыру;
  • мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру — Қазақстанның болашағын анықтайтын басты фактор. Сондықтан бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілер мен органдардың жалпы тиімділігін арттыра отырып, мемлекеттік ресурстарды ақылмен пайдалану маңызды;
  • жалпы мемлекеттік аппарат пен оның жекелеген бөлімдерінің тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды енгізуге жағдай жасауы тиіс [4].

Халықаралық сарапшылар мемлекеттік қызмет жаңғыруының басты шарты ретінде ел Президентінің мемлекеттілікті дамыту мен бекітудегі саяси бағытын атайды.

«Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» тарауында меритократия қағидасы мен мемлекеттік қызметке кірудегі үміткерлер арасындағы ашық бәсекелестік мемлекеттік қызмет дамуының негізгі басымдықтары ретінде көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің 2017 жылдағы хал-ахуалы туралы Ұлттық баяндамасына сəйкес, реформаның іске асырылуынан бастап, мансаптық жолын бастапқы сатыдан бастағандардың саны үш есеге артқан (2569-ден 7862-ге дейін). Бір лауазымға үміткерлер саны екі есе артты [5].

Сонымен қатар бақылаушылар мен сарапшылар институтын енгізу арқылы іріктеу процедураларының ашықтығы қамтамасыз етілді. Олар үміткерлерге сұхбаттасуларға қатысып, конкурстық комиссия жұмысымен таныса отырып, мемлекеттік орган басшылығына оның қызметі жайлы өз пікірін білдіреді.

Бақылаушылар ретінде БАҚ, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар өкілдері қатысуға құқылы. Лауазымға тағайындау кезінде конкурстық бастаманы күшейту, ауысу шарттарын азайту, біліктілік талаптарын күшейту, қызметшілер үшін мансаптық мүмкіндіктерді арттыру — мұның бәрі командалық ауыс-түйістерге тиімді тосқауылға айналды [6].

Осылайша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында қызметшілердің таза ауысуы 2 есеге дейін төмендеді (2015 жылғы 11,2 %-дан 2017 жылғы 6,2 %-ға дейін).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметтеріне сəйкес, 2016 ж. отандық мемлекеттік қызметшілерінің нақты саны 92 203 адамды құрады (1-кесте). Мемлекеттік қызметшілердің мұндай саны мемлекеттік басқару аппаратының орташа көлеміне сай келеді.

1-кесте

ҚР мемлекеттік қызметшілері нақты саны мен қосалқы көрсеткіштер динамикасы (2013 пен 2017 жж.)

Көрсеткіш

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Нақты саны, адам

90 220

90 537

91 330

92 203

91 830

Бос орын саны, бірлік

7 611

8 781

7 556

6 502

6 669

Штаттың толықтандырылуы, %

92,22

91,16

92,36

93,41

93,22

Халық саны, мың адам

17 035

17 289

17 557

17 926

18 157

1 мемлекеттік қызметшіге шаққандағы халық саны

188,8

191,0

192,2

194,4

197,7

Дереккөз. [7–9].

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты үлестік салмағы шамамен 1,1 %-ды құрайды. 1 мемлекеттік қызметшіні азаматтарға шаққанда шамамен 197,7-ден келеді. Мəселен, ЭЫДҰ елдерінде аталған көрсеткіштер сәйкесінше 2,43 % жəне 116 адамды құрайды [9].

Бүгінгі таңда елімізде əлемдíк тəжíрибе жетістіктері мен мемлекеттік басқару жүйесінің отандық ерекшелігінен тұратын мемлекеттік қызметтің өзіндік үлгісі қалыптасты.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бірінші бағыты аясында кəсíби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жүргізілген реформа мемлекеттік қызметке ашық бəсекелестíк пен іріктеу ашықтығы орналасу мүмкіндігін арттырды.

Əлемнщ көптеген елдерінде үкіметтік ақпаратқа қолжеткізу тəртíбíн реттейтін заңдар бекітілген. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қағидатын енгізген алғашқы ел болып Швеция саналады. Бұл ел 1776 ж. жариялау еркіндігі туралы заң қабылдап, ол 1949 ж. баспасөз бостандығы заңы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда Швеция Конституциясының құрылымды бөлігінің бірі болып табылады əрí əрбíр азаматына мемлекеттік органдардан тегін түрде кез келген ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.

АҚШ 1966 ж. ақпарат еркіндігі туралы заң қабылдап, оған сəйкес, мемлекеттік құрылымдарда жинақталатын жəне сақталатын барлық мəлíметтер қоғамдық игілік болып саналады жəне барлық азаматтарға тегін қолжетімділік берілген. Қорғаныс министрлігі, ОББ (ЦРУ), ФТБ (ФБР) жартылай заң талаптарын орындаудан босатылған. Алайда азаматтар құпия ақпаратты сот арқылы талап ете алады.

Жапонияда 2001 жылдың 1 сəуíрíнен бастап, әкімшілік органдардың құзырындағы ақпаратқа қолжетімділік туралы заң күшіне енді. Мемлекеттік басқарушылық ақпаратқа қолжеткізе алатын адамдар қатары жапондық заңнама тарапынан шектелмеген: кез келген адам әкімшілік органдар басшылығынан құжаттарды тегін негізде беруді талап ете алады. Қызмет мөлдірлігі қағидаты заң шығарушылық жəне сот биліктеріне мемлекеттік басқару құрылымдары бөліміндерінде таралмайды.

Биліктің ақпараттық ашықтықты реттеудің шетелдік тәжірибесін Эстонияның «Бұқаралық ақпарат туралы» Заңы (2000 жылдың 15 қарашасында қабылданып, 2001 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді) мысалында қарастыру қисынды болып табылады. Бұл оның салыстырмалы түрде жаңа жəне бұрынғы кеңестік кеңістікте неғұрлым толық əзíрленген заңдардың бірі болып табылады. Заңның мақсаты — барлық тұлғалар мен қоғамға ақпаратқа қолжетімділікті демократиялық жəне əлеуметтíк құқықтық мемлекет пен ашық қоғам қағидалары негізінде жəне бұқаралық міндеттердің орындалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі жайлы ақпаратқа қолжетімділік екі түрде (ұсыну жəне тарату) жəне алты тəсíлмен қамтамасыз етілуі мүмкін:

  1. ақпаратты жариялау;
  2. ақпаратты телекоммуникациялық кешендерде, сонымен қатар интернет ақпараттық- телекоммуникациялық желілерінде орналастыру;
  3. ақпараттық қоғамдық қолжетімді орындарда орналастыру;
  4. қолданушыларды құжаттармен таныстыру;
  5. азаматтар мен ұйымдар өкілдерінің алқалық органдар жиналыстарына қатысуы;
  6. тапсырыс бойынша ақпарат ұсыну.

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік аппарат қызметін жетілдірудің басты бағыттарының бірі болып оның тұрғындар алдындағы ашықтығы саналады. Бұл функция азаматтарға мемлекеттік жəне стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асыруылуына қатысу, əрекеттесу мүмкіндігін береді. Осылайша, əр мемлекеттік орган қызметінің ашықтық деңгейі өлшенеді. Қызмет ашықтығы, мөлдірлігі бірінші басшылардың баяндамаларын, мақалаларын, белгілі бір мерзім ішінде атқарылған жұмыстар туралы есептерді жəне тағы басқа БАҚ пен мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарда (веб-сайттар) жариялау арқылы жүзеге асырылады.

Осылайша, 2015 ж. Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даумы министрінің бұйрығымен мемлекеттік органдар интернет-ресурстарын ақпараттық толықтырудың ережелері бекітіліп, оған сəйкес, ақпараттық, мазмұндық толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бесінші бағыты аясында «Есепті мемлекет қалыптастыру» он қадамды қамтиды, олардың үшеуі Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің құзырына кіреді. Қазіргі заманғы кезеңде жүзеге асырылатын негізгі бағыттар: «Ашық үкімет» енгізу, тұрғындарға мемлекеттік органдардың мəлíметтерíне қолжетімділігін қамтамасыз ету, «Азматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру.

Мемлекеттің мөлдірлігі, ашықтығы жəне есептілігі мемлекеттік органдар иелік ететін құпия болып табылмайтын кез келген ақпарат азаматтарға қолжетімді болуы тиіс. Аталған ереже «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңында бекітілген. Оның əзíрленуí Ұлт жоспарында айтылғанболатын. Жаңа заң 2015 ж. қабылданып, «Ашық үкіметтің» енгізілуінің құқықтық негізіне айналды. «Ашық үкімет» порталдары орталық мемлекеттік органдардың мəлíметтер базасының онлайн- қолжетімділігі туралы айтылатын Ұлт жоспары қадамдарының іске асырылуын қамтамасыз ететін электронды ресурс болып табылады.

«Ашық үкімет» бес құрамдас бөліктен тұрады: ашық мəлíметтер, ашық нормативті құқықтық актілер (НҚА), ашық диалог, ашық бюджеттер мен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.

Қазіргі кезеңде 723 мемлекеттік қызметтің 548-і (76 %) «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетіледі. Бұл көрсеткіш жақын арада мемлекеттік корпорацияның үлесі тағы 70 қызмет берілетіндіктен, ары қарай 85 %-ға дейін арта бермек.

Алайда бүгінгі таңда барлық мемлекеттік органдардың ресми парақшаларында мазмұндық толықтырулар жағынан кемшіліктер кездеседі. Барлығына ортақ талаптар көп жағдайда толық дəрежеде сақталмайды.

Осылайша, барлық орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың ресми сайттарын бір порталда біріктіретін ақпараттық ресурстардың Бірыңғай платформасын құру туралы ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігінің шешімі орынды жəне мезгілді. Аталған шара мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге, ресми сайттарының мазмұнды толықтырылуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдар үшін ортақ мəселелер қатарында орналастырылатын ақпараттың жаңартылмауы немесе толық еместігі, белсенді емес сілтемелердің болуы, навигациялық қолжетімсіздік, шындыққа сай емес ақпарат, нашар көретін адамдарға арналған қызметтің толық мөлшерде жұмыс істемеуін атауға болады. Сонымен қатар қазақ тілдегі нұсқада ақпараттың толық болмауы. Аталған мəселелердщ барлығының шешім табуына жəне ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету үшін кешенді шара қолдану қажет.

«Ашық НҚА» порталы азаматтардың нормативті-құқықтық актілер жобалары мен заң жобаларының тұжырымдамаларын қарау кезінде қатысуды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда бұқаралық талқылауға 420-дан астам құжат берілген, ал былтыр 7 мыңнан астам НҚА жарияланған болатын.

Азаматтар түсінігінде мемлекеттік «бюджет» ұғымын қалыптастырып, бюджет қаржысының жұмсалу барысына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Ашық бюджет» порталы қосылды. Бүгінде онда 13 мыңнан астам бюджеттік бағдарламалар жобалары мен аяқталған қаржы жылы ішінде олардың жүзеге асуы туралы есептері жарияланды.

Мемлекеттік органдар тарапынан порталдарда орналастыруға арналған ақпараттың жеделдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету мемлекеттік органдар тиімділігін бағалаудың жаңа жүйесінде ынталандыру факторына айналады. Яғни мемлекеттік құрылымның ақпараттық ашықтығы оның тиімділігі факторларының бірі ретінде белгіленген кезде мемлекеттік қызметшілердің өздері оны қамтамасыз етуге мүдделі болады, себебі бұл олардың жеке бағасына, нəтижесíнде еңбегінің бағалануына тікелей əсер ететін болады.

Мемлекеттік органдардың ресми сайттарындағы «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау» тарауында стратегиялық жоспарлар мен аймақты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына жету туралы есептері жариялануы тиіс (сайтта 11 жəне 35 сəйкесíнше). Алайда төменде берілген талдау (2-кесте) барысында көпшілік мемлекеттік органдар аталған талапты орындамайтынына көзжеткізетін боламыз.

Мемлекеттік органдардың қолданыстағы веб-ресурстарына жүргізілген салыстырмалы талдау кезінде ақпараттық толықтыру туралы Ереженің талаптарына сəйкес, мемлекеттік органдар сайттарының сапасын арттыру мақсатында ұсыныстар əзíрлендí.

Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың сайттарын зерттеу барысы мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығын қалыптастыру кезінде белгілі бір тенденция мен заңдылықтарды көрсетті.

Мемлекеттік органдардың веб-сайттарын талдау кезінде ең əлеуметтíк қажет салалар таңдалынды: білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту мен əлеуметтíк қорғау. Себебі аталған салалар ел тыныс-тіршілігінің негізі болып табылады. Сонымен қатар 3 (ШҚО, Қызылорда облысы мен Алматы қаласы) жергілікті атқарушы органның сайттары таңдалды.

Талдау мақсаты ретінде сайттардың мазмұнына, құрылымына қоғам мүддесі тарапынан зерттеу жүргізу таңдалынды.

2-кесте Таңдалған сайттарға жасалған эксперттік контент талдау

Сайт сипаты

Ескертулер

1

2

Қазақстан Республɪ

(

жасының Білім жəне ғылым министрлігі ittp://www.edu.gov.kz)

Сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Мəтíндер жақсы форматталған, қарапайым тілмен жазылған.

Барлық тілде ақпарат теңдестірілген, қатарынан жағартылады. Жаңалықтар ағымы 3 күнде 1 рет жаңартылады. Навигация алдыңғы бетке жəне басты бетке қайтуға мүмкіндік береді.

Сайт картасы мен іздеу мүмкіндігі бар

Сайт атауы қиын айтылады, есте сақталмайды. Іздеу жүйелерінде жəне кілт сөздермен бірден табылмайды. Басты бет жақсы құрылған, бірақ орыс тілінде ашылады. Кейбір тарауларда ақпарат ескірген.

Мемлекеттік орган жайлы ақпарат сайтта толық емес, тек қабылдау бөлімдерінің телефондары көрсетілген.

Кейбір құжаттар сайтта сурет ретінде ұсынылған, жүктелуі қиын.

Министрлік құрылымында мəлíметтер толық емес. Талдамалық есептер, мемлекеттік, салалық, стратегиялық бағдарламалар толық ұсынылмаған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі: http://www.mz.gov.kz

Сайт атауы жеңіл айтылады.

Басты бет жақсы құрылған, бірақ ақпаратпен шамадан тыс толыққан, жаңалықтар тармағы тым ұзақ.

Мəтíндер жеңіл тілмен жазылған. Сайт қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.

Жаңалықтар кемінде аптасына 1 рет жаңартылып отырады

Қажетті ақпаратты ұзақ іздеуге тура келеді.

Сайттың əр тілдегі нұсқаларындағы ақпараттар сəйкестен- дірілмеген.

Ағылшын тіліндегі нұсқада жүктеуге құжаттар жоқ.

Басты бетте мемлекеттік орган туралы ақпарат орналасқан жеке тарау жоқ жəне сайт картасы арқылы ғана табуға бо- лады.

Азаматтардың өтініштерін қабылдау тəртíбí мен кеңес беру құрастырылмаған.

2018 жылдың І тоқсанына арналған шолу (ақпарат толық емес, тек өтініштер саны берілген) ғана орналастырылған. Форум жұмыс істемейді.

Статистикалық мəлíметтер 2016 жылдың бірінші жарты- жылдығынан бері жаңартылмаған

Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтíк

қорғау министрлігі http://www.enbek.gov.kz

Сайт атауы жеңіл айтылады жəне есте сақталынады.

Сайт 3 тілде əзíрленген. Сайт навига- циясы алдыңғы бетке қайтуға мүмкін- дік береді, сайт картасы бар, сайт бойынша іздеу мен сілтемелер орна- ластырылған.

Басшылардың талдамалық мақалала- ры, ресми баяндамаларының мəтíнде- рі жəне т. б. ішнара кездеседі

Мемлекеттік рəмíздер сайттың оң жақ астынғы бөлігінде орналасқан.

Басты бет құрылымы ыңғайлы жасалмаған, ақпаратпен шамадан тыс толыққан.

Мемлекеттік орган туралы ақпарат толық емес.

Сайттың құрылымында ыңғайсыздықтар кездеседі.

Сайтта ақпаратты табу қиындық туғызады

Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігінің ресми

интернет-ресурсы http: //www.akimvko.gov.kz

Сайт мекенжайы жеңіл айтылады, есте сақталады жəне іздеу

жүйелерінде алдыңғы қатардан

табылады.

Облыс жаңалықтары мен оқиғалар қатары тұрақты түрде жаңартылады

Сайт атауы дұрыс жазылмаған: «Шығыс Қазақстан

облысы әкімінің ресми интернет-ресурсы».

Интернет-ресурстың қарпі өте ұсақ.

Сайтта ақпараттың орналасуының қисыны жоқ, сондықтан оның ішінде іздеу жүргізу көп уақыт алады.

Сайтта жұмыс істемейтін «Халықтық ІРО» логотипі орналасқан.

1

2

 

Іздеу баяу жұмыс істейді жəне табылған ақпарат тек жаңалықтар ағынынан алынады.

Əкıмдıк қызметі туралы ақпарат толық емес

Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы: https://www.almaty.gov.kz

Сайт атауы жеңіл айтылады жəне есте сақталынады. Іздеу жүйелерінде бірінші сілтемелерден табылады.

Облыстың жаңалықтары мен

оқиғалары тұрақты түрде

жаңартылады.

«Мемлекеттік қызметтер» тарауында ақпараттар толық берілген

Байланыс мəлíметтерíн, анықтамалық қызметтерінің теле- фондарын, пошта жəне электронды пошта мекенжайларын табу қиындық туғызады.

Ақпарат орналастыруда қисын жоқ, сайтта іздеу жасау көп уақыт алады.

Елбасының тек 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауының мәтіні орналастырылған.

Азаматтардың арыз-шағымдарына шолу берілмеген (түс- кен арыз-шағымдар мен олардың нəтижесí туралы кеңей- тілген ақпарат).

Əкǐмдǐк қызметі туралы ақпарат толық емес

Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсы: https://e-kyzylorda.gov.kz

Сайт атауы жеңіл есте қалады. Сайт үш тілде əзíрленген. Басты бет жақсы жəне қисынды құрылған.

Жаңалықтар легі тұрақты жаңарты- лып тұрады.

Беттің басты тараулары көлденеңінен орналастырылған, бұл өңірдің ақпара- ты ішінде жеңіл жұмыс жасауға септі- гін тигізеді. Өңірдің геопорталы бар

Мемлекеттік орган туралы кейбір ақпарат жетіспейді.

Сайт құрылымында ыңғайсыздықтар бар. Қызылорда облысы әкімінің есептері жоқ.

«Бизнес жол картасы–2020» Бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат жоқ

Ескерту. Авторлармен әзірленген.

Талдау жүргізілген мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары ішінде Қызылорда облысының сайты неғұрлым контенттік мазмұны толық, үлгі ретінде қолдануға болады.

Қазақстан Республикасының нормативті-құқытық актілерін зерттеу негізінде мемлекеттік органдардың web-ресурстарына салыстырмалы талдау бойынша ұсыныстар беріледі. Мемлекеттік органдар сайттарына ұсыныстар негізгі тараулар бойынша жүйелендірілді.

Берілетін ұсыныстар:

  • техникалық деңгейді, сайт әзірленуін жетілдіру жұмыстарын жалғастыру, навигациялық кестеге назар аудару;
  • мөлшері жағынан сайтты оңтайландыру;
  • ақпараттық сəулеттí жетілдіру жұмыстарын жалғастыру;
  • ақпарат іздеу ыңғайлығын күшейті мақсатында жоғары жəне басты менюда қосымша тармақтардың əзíрленуíне назар аудару;
  • сайттың мазмұнды толықтырылуын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізу;
  • кестелер көлемін 1 немесе 2 беттен арттырмау;
  • тараулар бойынша ақпаратты толық көлемде орналастыру жəне тұрақты түрде жаңарту;
  • өзекті жаңалықтарға көңіл бөлу жəне сайтқа тез арада орналастыру;
  • жаңалықтарды бір сөйлемге дейін қысқартпай, толығымен орналастыру;
  • сайттың барлық тілдік нұсқаларында ақпараттың бір мезгілде жаңартылуы жəне орналастырылуы;
  • сайттың кеңестік тарауларында мəтíндердщ түсінікті тілмен жазуылуы;
  • кері байланыс алу айдарларында «барлық хабарламалар» тетігінің болуын қамтамасыз ету, бұл сұрақтардың қайталануын алдын алады;
  • мемлекеттік органдр электронды қызмет көрсету орталығымен жұмысты реттегені дұрыс, ЭҚКОмен жұмыс стандарттарының жəне мерзімдерінің сақталуына мəн беру, мақсатты топтар арасында ЭҚКО-ның танымалдығын арттару жұмыстарын жүргізу;
  • интерактивті дауыс беру сауалын тұрақты түрде өзгертіп тұру;
  • интерактивті дауыс беруді əлеуметтíк зерттеулер, түрлі сауалнамалар мен қоғамдық пікірді анықтау кезінде қолдануға болады жəне т.б.

Мемлекеттік органдар тарапынан транзакциялық қызметтердің көрсетілуі «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды санды қол қою арқылы жүргізілуі тиіс.

Шешім ретінде Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі тарапынан Ұлыбритания тəжíрибесíне сəйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын құру ұсынылып отыр. Бұл, өз кезегінде, орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың интернет- ресурстарын бірыңғай платформаға біріктіруге мүмкіндік береді. Азаматтар үшін ыңғайлы «бір терезе» сервисі интернет-пайдаланушысына бір парақшадан барлық ақпаратты табуға көмектеседі.

Мемлекеттік органдардың ресми парақшаларының, веб-сайттарының басты мақсаты — «пайдаланушы бағытталу» қағидасы бойынша жетілдірудің нақты тетіктерін дамыту жолы арқылы қызметтің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жоламан Қ.Д. Мемлекет жəне құқық теориясы / Қ. Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тəукелев. — Алматы: ҚазМУ баспа орталығы, 1999. — 154 б.
  2. Эффективное государственное управление: материалы ІІІ Акад. симпоз. (Астана, 25 ноября 2011 г.). — Астана: Акад. гос. упр. при Президенте РК, 2011. — 101 б.
  3. Указ Президента Республики Казахстан за № 954 «О системе ежегодной оценки эффективности деятельности центральных государственных и местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://akorda.kz/.
  4. Қапаров С.Ғ. Қазақстандағы мемлекеттік қызметті жетілдіру / С.Ғ. Қапаров. — Астана: Алем–Астана, 2010. — 184– 185-б.
  5. Национальный доклад о состоянии государственной службы в Республике Казахстан [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://kyzmet.gov.kz/.
  6. План нации — 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ Главы государства Нурсултана Назарбаева (май 2015 г.) [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://akorda.kz/.
  7. Министерство национальной экономики Республики Казахстан. Официальная статистическая информация [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http:// stat.gov.kz/.
  8. Мониторинг состояния кадров государственной службы по состоянию на 1 января 2017 года — Материалы официального сайта Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/monitoring-sostoyaniya-kadrov-gosudarstvennoy- sluzhby-po-sostoyaniyu-na-1-yanvarya-2017-goda (Дата обращения: 21.07.2017).
  9. Мониторинг состояния кадров государственной службы по состоянию на 1 января 2018 года: материалы официального сайта Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/monitoring-sostoyaniya-kadrov-gosudarstvennoy- sluzhby-po-sostoyaniyu-na-1-yanvarya-2018-goda (Дата обращения: 21.04.2018.).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.