Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Неоматриархат жалпы адамзаттың эволюция даму жолындағы жаңа саты хақында (келешек жобасы)

Мақалада адамзаттың тағдыршешті балалық шақтан əсем жастық шаққа өтіп, жаңа сатыға, атап айтқанда, өткен дəуíрлердщ ең таңдауыларын синтездеп, келесі постпалриархат немесе неомалриархатқа қадам басты деп дəлелдендį. Аталған футурологиялық жобаны баяндауда жалпыға белгілі философияльщ-мəдениелланульщ талдау əдǐстемесí өркениеллік жəне өңірлік кырынан қолданылды (қазақ философиясы, тілі жəне этникалық ділдік мəнмəтíнде). Сондай-ақ оның негізделуі үшін архаикалық қоғамда пайда болған көне тіл халықаралық «ан-» категориясына əмбебап компаративті талдау жүргізілді. Осылайша неоаналық жайлы қағида жалпы адамзаттық рухани дамудың жаңа сатысы ретінде дəйектелдǐ.

Кіріспе

Болашақ лақырыбы, қоғам жəне мəдениелтíц фулурологиялық өлшемінің келешегі жайлы мəселе адам қиялының шексіздігін айқындауға жол ашатын ең оңтайлы мүмкіндік деуге болады. Адамзат ақыл-ойының тереңдігі, түйсігінің шексіздігі, тіпті барынша тиянақтылықты қажет ететін ғылыми ой жүйесіне де тəн. Футурологияның теориялық қызығушылықпен ғана шектелмейтіндігін ескерсек, бүл мəселе жалпы адамзалты, əрбíр саналы лүлғаны лолғандыралыны сөзсіз. Адамзалтың бүкіл даму жолы, яғни қалыпласу ларихы, шешуі күрделі, сырын ішіне бүгіп жалқан «лұңғиық» əрí ол кімді болса ойландыратыны сөзсіз.

Жұмыс өзектілігі мен әдіснамалық тәсілдері

Ғылыми жүмыстың негізгі мақсаттары мен міндеттері еркек болып бастамасын (мужское начало) жəне палриархалтың лабиғалы мен мəнíн анықлау жəне ларихи-мəдени процеслерін жалғастырудағы жалпы бейнесін қарастыру; адамзаттың болашақтағы рухани эволюциясындағы еркек жəне əйелдíк (аналық) басламалардың (мужское и женское начала) өзгеріслерге ұшырау мəселелерí бойынша авлорлық көзқараслы үсыну; адамзал дамуындағы Ананың орнын аша олыра, жалпы адамзаттың эволюция даму жолындағы жаңа саты неоматриархат болып табылатындығын айқындау. Аталған міндеттер тақырыптың өзектілігінен туындайды  бүгінгі күні адамзаттың алғашқы лағдыршешлі балалық шақлан жəне жаслық шаққа өліп, жаңа салыға, яғни, өлкен дəуǐрлердщ ең таңдауыларын синтездеп, келесі постпатриархат немесе неоматриархатқа қадам басты деген болжаудан.

Сонымен қалар ғылыми жүмысла мəдени лүтаслық мəнмəлíнде лабиғалтың ішкі заңдылықлары мен аналық дəуíрдщ болмысы жəне əйел залының баслауын зерлтеуде жəне олардың əрбíр мəдени- ларихи дəуíрдегí ерекшеліклерін анықлауда, руханилықлың анлропогендік өркениелтің алрибуливлік сипалын берелін онлологиялық здіснамалық үсланым қолданылды.

Қолданылған əдебиеттер жөнінде

Мақаланың негізгі мақсалы неомалриархалты жалпы адамзалтың эволюция даму жолындағы жаңа саты ретінде көрсетудегі тарихи-мəдени даму кезеңін Үлы əйел-анамен байланыста қарауы болғандықтан, шетелдік жəне отандық ғалымдардың осы тақырыпты ашатын ғылым еңбектері қолданылды. Алап айлқанда, швейцарлық ғалым, этнограф, дінтанушы, заңгер И. Баховеннің «Аналық қүқық. Әлем дінтанушылар классиктері» [1] атлы еңбегі жəне де Е.Шаймерденүлының өзіндік пікірі арқылы ескі дүниетанымды, өткен өмір қүпияларын ашатын «Ақ Сарбаз» [2] атты кітабы қолдынылды. Сонымен қатар аталмыш тақырыпты ашуда казақстандық ғалым Н.Р. Аршабековтың [3] бүгінгі күннің үрпағының үстамы мен дамудағы жүйесін ашатын мақаласы да орын алды.

Ал, Б. Фрисселдың [4] даналық, тарихи фактілер мен провокациялық жорамалдарға толы авторлық көзқарасы да адамзаттың жаңа сатыға шығуы жəне дамуы туралы көптеген ой-пікір жəне идея тууына, оларды синтездеп түсінуімізге үлкен ықпал етті. Əрине, сонымен қатар Қазақ өлкесін мекендеген халықтардың қандай жағдайларда пайда болуы туралы зерттеген В.В. Бартольдтың [5] шығармалары да қолданылды.

Негізгі бөлім

АДамзаттың жоғары сатыға көтерілу үДерісі жөнінДе. Адам түйсігінің рухани-онтологиялық негізі сүйіспеншілік, яғни бір-бірімен өзара байланысты үш саты: теогенез, космогенез антропогенезден тұратыны (Эмпедокл) даусыз. Әлемді Жаратушы Тәңірдің Адамға деген шексіз сенім-сүйіспеншілігінің түп-тамырын (антропогенез) айта келгенде, бұл адамзат өмірінің мәні деуге болады. Шындығында, ана махаббаты, ананың балаға деген махаббаты, мәні жағынан алсақ, Тәңірдің - Жаратушы алланың махаббатымен тең. Тек осы ана махаббаты адамзат тарихындағы алғашқы махаббат екендігі сөзсіз. Ғалым Бахофен көрсеткендей, адамның әлемдік өркениеттің бастауындағы қатаң сынды жеңуі осы Ұлы махаббаттың күші болса керек (1861, Материнское право. Классики мирового религиоведения) [1]. Ал, адамзат дамуының келесі сатысы - патриархат заманында қоғамда ер адамның рөлінің артуымен адамзат табиғаты, сонымен қатар тұрмыс, адам танымы өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңде Ананың рөлі төмендеді, яғни ол бірте-бірте ығыстырылып, көмескіленді. Тарих сахнасынан ер адам мен əйел жəне олардың арасындағы махаббат көрініс тапты. Бұл тақырыптың адамзаттың мəдени құндылығының басты сарынына айналуы кездейсоқтық емес екендігі түсінікті болса керек. Мəдениет тарихында ер адам мен әйелдің арасындағы махаббат сезімі рухани үндесе өрілген биік махаббат туралы мысал жеткілікті. Əйтсе де, ер адамның күш-қуаты қастерленіп дене бітімінің келісті болуына немесе сұлулығына қарай, яғни сезімге ерік беру негізінде, ер адамның тұлғасына табыну культі орнықты.

«Адамзат тарихында айтулы құбылыс болып өтті - Жер планетасы эволюцияның алтыншы сатысына шықты. Бұл ахуал барлық адамдар өз істері үшін ғана емес, сондай-ақ сезімдері мен ойлары үшін де ерекше жауапкер болуын талап етеді», — дейді тәуелсіз зерттеуші Е.Шаймерденұлы [2]. Біздің ойымызша, автордың жаңа тарихи-мəдени даму кезеңін ұлы əйел-анамен байланыста қарауы өте орынды. Ана тіршілік бастауында тұр, сондықтан «ғарыштан келетін мәліметті қабылдауға әсіресе бейімделген болады. Бұл білім оларға қоғамдық санаға шешуші ықпалын жүргізіп, адамзаттың эволюциялық қозғалысын тұйық жолдардан сақтандыратын мүмкіндіктерді береді. Осы тұрғыдан алғанда, алтыншы сатының негізгі эволюциялық қағидасы - Мейірбандыққа бәрінен гөрі Аналық Негіз лайық келеді», — дейді зерттеуші [2]. Айтылған бұл ой, әйел-ананың алатын орны түпкілікті өзгергендігін аңғартады. Дәстүрлі мəдени-əлеуметтíк шындыққа сай ана, ең алдымен, отбасының қорғаны болып саналады. Осы ұстанымға сай əйел-ана дамудың жаңа рухани- адамгершілік сатысын - кезеңін құрушы күш болып саналады. Бұл жерде рухани өрлеудің шыңына жету жолындағы аса күрделі міндет ұлы күш, — əйелге жүктеліп отыр.

Осы айтылғандарды ескерсек, қазіргі кездегі мəдени-əлеуметтíк шындықты ой елегінен өткізу мəселесí туындайды. Осыған орай, бізді екі жағдай толғандырады. Біріншісі - қоғам тұтастығы; екіншісі - қазіргі социумының маңызды, əрí барынша өзекті бөлігі саналатын жаңа буын.

Соңғысы - жаңа буыннан бастар болсақ, жаңа буын кім жəне ол қандай? Органикалық космос па? Немесе зымыраған дүние ме? Қазіргі жастардың əлеуметтíк келбетін көрсету мүмкін бе? Əлде бұл шешілмес мəселе ме? деген сұрақтар туындайды. Жастардың өзіндік келбеті мен ұстанымын аңғартатын қазіргі болмыс, осы жəне өзге де көптеген сұрақтарды қозғайды. Қалыптасып келе жатқан жəне беделі артып отырған жаңа буын əлемíн əлеуметтíк-философияльщ тұрғыдан тану, түйсіну қажеттілігі туындап отырған жағдайда осы жəне өзге де сұрақтарға жауап табудың өзі қиын да, күрделі мəселе. Басқа сөзбен айтқанда, бұл қоғамның барынша белсенді, əрí үнемі «қынжылыс- реніш, сынына» ұшырап отыратын тобы. «Неомодернизация» - «түрлену» тұжырымдамаларында қазіргі кезеңдегі тұлға деген ұғымның «өзгеру немесе түрлену үдерісінің шынайы нышаны ретінде емес, тек экономикалық қарқындау нəтижесíне тəн көрініс деп танылуы» жағдайды одан ары шиеленістіре түседі», — дейді Н.Р. Аршабеков «Новое поколение в контексте проблемы социальнофилософского конструирования реальности» атты мақаласында [3] жəне «экономикалық тұлға», «технологиялық» адам, тағы басқа атау-ұғым нарық кезеңімен байланысты туындағаны түсінікті. Олай болса, əлеуметтíк ортада туындап отыратын тұрмыстық-аксиологиялық ұстанымсыз нарықтық экономика кезінде үнемі бірқалыпты дамуға қолжеткізу мүмкін емес. Қазіргі заманда социумда бұған дейін орнығып қалған «Қоғам - Тұлға» деген «мə^íлíк» философиялық қағидадан гөрі, «Тұлға - Қоғам» ұстанымына, турасын айтқанда, «тіршілік əлемíне» бет бұру əлдеқайда маңызды деген ойлармен де бөліседі. Бұл жерде, американдық ғалымдар анықтамасы бойынша, индиго балалары деп аталынатын феноменге де көңіл бөлуге тура келеді. Бұл құбылыс арнайы ғылыми білім (психология, педагогика) жүйесінде, теологтардың ғылыми жəне ғылым төңірегіндегі ерекше қызығушылық туғызып отырған халықаралық тренд, немесе бренд, деп саналатыны белгілі (2005, Б.Фриссел) [4]. Оның үстіне зерттеушілердің көпшілігі осы жас буынды адамзат эволюциясының алтыншы сатысы деп санайды.

Шындығында да, индиго балалары - айрықша буын адамдық қасиетті түйсіну, пайымдау, тіпті жалпы адамзатқа тəн құндылықты ой елегінен өткізу өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңа буын адамзат алдына түбегейлі жаңа міндеттер қойып отыр. Қозғалып отырған мəселе бұған дейін жүріп өткен даму жолын, жағдаятты саралап, болашақты бағамдауымен өзекті. Тарихтың өзі бізге рухани эволюция, турасын айтсақ - адамгершілік пен мейірімділік сатысына жаңа жас буын арқылы көтерілу жолын көрсетіп отыр.

Жаңа буын тарих сахнасына шықты, олай болса, іске көшу уақыттың кезеңі деуге болады. Басқа сөзбен айтар болсақ, жаңа уақыт жаңа міндет жүктейді, ал оны шешу болашақ - Жер жəне оны мекендеуші жұрттың тағдыры. Ал, бұл үдерістің идеалды (рухани) жағдайда емес, нарықтық экономика жағдайында іске асырылуы революциялық-шығармашылық акт, адамзат болмысының жаңа əлемге секірісі сынды адамзаттың рухани-шығармашылық серпіліс, рухани-адамгершілік жағынан көтерілуі, яғни, сын сағатына жеткенін дəлелдейдí.

Неоматриархат: жалпы адамзаттың эволюция даму жолындағы жаңа саты хақында (Ананың орны жөнінДе). Бүгінде íс-əрекеттщ қандай саласы болмасын, ең алдымен, адам, адамзаттың адами қасиетіне сын сəтí екендігін түсіну маңызды. Тек мейірбандық - ізгілік қағида арқылы, өз айналасына деген шексіз махаббатын дамыта білгенде біз жоғары сатыға көтеріле аламыз жəне осыны түйсіну адамзаттың шынайы үдерісіне қолжеткізудегі маңызды қадам болмақ. Бұл осыған дейін адами қасиетке көңіл бөлінбеді деген сөз емес. Адамгершілік — қашанда адами қасиеттің басты ұстанымы. Адам тіршілігінің алғашқы сатысындағы адами қасиет қаз-қаз тұрған сəбидщ кіршіксіз түйсігіндей еді. Себебі біздің - жалпы адамның арғы тегі дамудың «балалық шағынан» өткені белгілі. Көпшіліктің пікірінше, балалық шақ — ең бақытты кезең. Тіпті «бұлтсыз», бейқам балалық кезең деген түсінік қалыптасқаны да белгілі. Егер адамзаттың бастапқы даму сатысындағы жағдайға қатысты қалыптасқан осы қағиданы тұтас ағза деп қарасақ, бұл Жер бетіндегі «бұлтсыз», немесе «қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған», мамыражай өткен өмірді көксеу, қиялдау - «алтын ғасыр» жайлы аңыз емес пе? Алайда бағзыны қиялдау, дəрíптеу — өмір шындығы, біздің жан сарайымызда ұялаған мəдениет болмысы емес пе? Əрине, эволюциялық деңгейдің өзге немесе жоғарғы сатысына жеткендіктен, балалық шаққа оралу мүмкін емес. Бірақ айтылған ой арқауына оралсақ (бұл ұғым дұрыс!), қазіргі заман адамы ең жауапты іске қолжеткізуі тиіс. Біздің еншімізге аса күрделі мақсат: адамгершілік пен мейірімділік-ізгілікті қалыптастыру міндеті тиіп тұр, олай болса, адамгершíлíк жалпы адамзаттың ұлы ісі болып табылады.

Сонымен, тарихи тұрғыдан бағамдалған адамзат тарихы екі мəрте түбегейлі өзгеріс - матриархат жəне патриархат үстемдігіне ұшырады. Осы талдауға сүйене отырып, болашақты неоматриархатпен, яғни əйел-анамен, байланыстыра пайымдаймыз. Оған дəлел — тілдік материал, атап айтқанда, халықаралық əмбебап (универсалдық) «ан-» архаикалық қауым тілінен бастау алуы деп, жоғарыдағы ойымызды дəлелдей түседі. Өйткені «ан-» атауынан бастау алатын көптеген түркі, үнді-еуропа халықтарының тілінде ұшырасатын (Ана, Анна, Ани, Ереванның ежелгі атауы - Айни, ана) киелі «ана» сөзі өзінің бастапқы мағынасын осы күнге дейін сақтап жеткізді.

Ана — өмірдің өзегі, аналық тосын қабілет таныс та тылсым əлемнщ көзге көрінбейтін байланысы. Уақыт тынысы, тіпті «ана» атауын де түрлендірді — «ана» атауы негізінде əйел жынысына қатысты қолданылатын славянның «она» есімдігінен шыққан. Демек, «она» деген қыз, бойжеткен, əйел жəне қарт əйел - апа, яғни бұл жерде тұлғаның əлеуметтíк жағдайы, жас ерекшелігі ескерілмейді. Ал, Еуразия аумағында тілдік материал, фактологиялық дəлелдерге сүйене отырып, Ана бастауы жоғары дамыды деуге болады. Мысалы, В.В. Бартольд: «Көшпелі халықтың əйелíнщ жағдайы, отырықшы мұсылман əйелдерíне қарағанда, жақсы, өйткені əйел ер адаммен қатар қатал тұрмыстың бар тауқыметін көтеруге қауқарлы, сенімді көмекші», — деп жазғаны белгілі (1971, Сочинения) [5]. Көшпелі менталитеттің өзі ана үстемдігі - матриархаттың сақталуын қамтамасыз етеді, себебі қыз - болашақ ана, олай болса бүкіл рудың, ұлттың, халықтың тағдыры ананыңқолында. Осы ойды мақалдармен жеткізсек: Қыз – ұлтты ұрпақпен ұластыратын ұлы күшҚызды құрметте. Қыз - болашақтың анасы, арғы ұрпақтың əжесí. Aл, келтірген мысалдармен қатар тағы да осындай халық даналығың философия тіліне аударсақ, адамзат тарихы Aнаgан бастау алады. Arn ұлды өмірге əкелдí, сондықтан ұлтты қалыптастырған күш болып табылады. Басқаша айтсақ, бұл жерде антропологиялық оңтайлылық өзегі сақталып отыр.

Қорытынды

Түйіндей келе, əйелдíк, яғни Aналық, жəне ерлік адамзат болмысының кілт константалары ретінде бір мақалада толық зерттелуі мүмкін емес деген ойдамыз. Себебі, қоғам тарихында олардың ара-қатынасы диалектикалық өзгерісте жəне өзіндік дамуында. Олардың өзара қимылы өркениеттің болмыстық пен құндылықтар жүйесін жəне де тұрақтылық немесе тұрлаусыздық сынды ерекшеліктерді айқындай келе, мәдениеттің маңызды негізінің бірі — адамзат қоғамын ұйымдастыру түрі анықталады.

Сондықтан, өтпелі дəуíрде адамзат болмысының кілт константаларын, соның ішінде əйелдíк жəне ерліқ бастауларының табиғаты мен мəнíн əлеуметтíк-мəдени өлшемде талдау әлі де қажет. Осы мақалада айтыла басталған мəселелер, қазіргі адамзат үшін өзекті болып саналатын мəселелермен сабақтас, футурологиялық жобаның мәні, ауқымы, маңыздылығы осыған сай деуге болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Бахофен И. Материнское право. Классики мирового религиоведения / И. Бахофен; пер. Е. Рязановой по изд. Bachofen I. Das Mutterrecht. — Stuttgart, 1861. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.gumer.info/bogoslov_Buks/Relig/klass/04.php.
  2. Желтоқсан Ж. Aκ Сарбаз / Ж. Желтоқсан. — Aлматы: Көкіл, 1997. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://xn--80aaa1brkt0a3m.xn--80ao21a/catalog/140616/140616-001.htm.
  3. Aршабеков Н.Р. Новое поколение в контексте проблемы социально-философского конструирования реальности // Философия в современном мире: стратегии развития: материалы І Казахстанского философского конгресса (Aлматы, 2728 сентября 2013 г.). — Aлматы: Ин-т философии и политологии, 2013. — 818 с.
  4. Фриссел Б. Мы - духовные существа, переживающие опыт человеческой жизни / Б. Фриссел; пер. с англ. — М.: Издат. дом «София», 2005. — 160 с. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/%C4%E5%F2%E 8_%E8%ED%E4%E8%E3.
  5. Бартольд В.В. Сочинения / В.В. Бартольд. — Т. 7. — М., 1971.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.