Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда медиация институтын дамытудың ерекшеліктері

Мақалада еліміздің азаматтық іс жүргізу құқығындағы медиация арқылы дауларды шешудің теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне жүйелі түрде зерттеу жүргізілді. Еліміздегі медиация институтының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері зерделенген. Авторлар қазақ қоғамындағы билер институтымен сабақтастығын ашып көрсету жəне көне дəстүрді жаңғыртып, билер сотының мүмкіндіктерін еліміздегі татуластыру рəсімдеріне енгізу мəселелеріне тоқталған. Азаматтық іс жүргізудегі медиация тəртібімен дауды реттеу мен бейбіт келісім жасаудың ұқсастықтары мен ерекшеліктері анықталды. Жүргізілген зерттеу — азаматтық процестік құқықтың маңызды институттарының бірін, яғни медиация рəсімін, жүзеге асыруда орнатылатын құқықтық қатынастардағы делдалдың қатысуымен өткізілетін татуластыру рəсімі қағидаттарының ерекше маңыздылығын көрсетіп отыр. Медиацияның қоғамдық дамудың бастау көзі болып табылатын өткір қарама-қайшылықтар сияқты жанжалдарды реттеуде болатын əдістерін анықтаған. Нормативтік жəне доктриналды сипаттағы медиацияның құқықтық негіздерін зерттеу барысында олардың өзара іс- əрекеті мен арақатынасының деңгейі анықталды. Құқыққолдану тəжірибесінде татуластыру рəсімінің сəтті қолданылуы қатысушы тараптардың медиация рəсіміне, еліміздегі медиативтік практиканың сəтті дамығандығының көрсеткіші болып табылатын медиатордың өзіне сенуімен байланысты. Медиация адамдар арасындағы адамгершілік жəне іскерлік қатынастарды сақтау сияқты, одан маңыздырақ мақсаттарға қызмет етеді. Партисипативтік рəсім заңды жəне жеке тұлғалардың азамат- тық, еңбек, отбасылық, басқа да құқықтық қатынастардан туындаған азаматтық-құқықтық дауларда өркениетті елдерде қолданылуы түрлі балама тəсілдерді тəжірибеге енгізуі де анықталды.

Кілт сөздер: медиация, медиатор, партисипативтік рəсім, соттағы татуластыру рəсімі, судья, қорғаушы, Қазақстан халқының Ассамблеясы, кассациялық инстанция, Халықаралық құқық қорғау орталығы, мемлекеттік баж, сот шығындары.

2014 ж. Жоғары Сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жобасын құруға жəне сот процесінде медиацияны енгізу бойынша азаматтық қоғамның пікірін зерттеу қажеттілігіне байланысты «Соттағы татуластыру рəсімі» экспериментін жүргізді. 2014 ж. медиация кəсіпқой медиатор мен судьяның қатысуымен сəтті қолданылды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 17-т. татуластыру рəсімдері қарастырылған [1]. Соттардың тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданатындығы, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жəрдемдесетіндігі туралы айтылған.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рəсімдер тəртібімен реттеу туралы келісімді жасап, ҚР-ның Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тəртіппен өзге де тəсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы. Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы өтінішхаты, егер бұл қосымша процестік əрекеттерді жəне істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыдағы сотта берілуі мүмкін. Тараптар кассациялық сатыдағы соттағы өтінішхатпен бір мезгілде дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді ұсынуға тиіс. Медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген жəне тараптардың медиатормен жасасқан шарты бірінші жəне апелляциялық сатылардағы соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Ал бірінші немесе апелляциялық сатыдағы судья медиацияны өткізу туралы өтінішхатты берген кезде сот іс бойынша іс жүргізуді он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін. Медиацияны апелляциялық сатыдағы сотта өткізу үшін іс, əдетте, соттың алқалы құрамындағы судьялардың біріне беріледі. Медиацияны өткізетін судья медиация өткізілетін күнді тағайындайды жəне тараптарға оның өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлайды. Сотта медиацияны өткізу хаттамасы жүргізілмейді.

Егер дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім сот актісін орындау сатысында жасалса, ол сот актісінің орындалатын орны бойынша бірінші сатыдағы сотқа немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған сотқа бекітуге ұсынылады. Іс жүргізуінде іс жатқан судья (сот құрамы) дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді жəне оны бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Егер тараптар медиация тəртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе келісімнің шартын сот бекітпесе, істі талқылау жалпы тəртіппен жүргізіледі.

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы өтінішхатты мəлімдеуге құқылы. Партисипативтік рəсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жəрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Іс жүргізуінде іс жүргізіп жатқан судья (сот құрамы) дауды партисипативтік рəсім тəртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді жəне оны бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Егер тараптар партисипативтік рəсім тəртібімен келісімге қол жеткізбесе немесе сот келісім шартын бекітпесе, істі талқылау жалпы тəртіппен жүргізіледі.

Сонымен қата ҚР-сы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйктегі № 6001-16-7-4/186 өкімімен бекітілген татуластыру рəсімдерін қолдану бойынша əдістемелік ұсынымдар дайындалған болатын. Əдістемелік ұсынымда татуластыру рəсімдерін жасаудың тəртіптері егжей-тегжейлі көрсетілген.

Қазіргі уақытта медиация түсінігі біздің күнделікті өмірімізге енді деп үлкен сенімдікпен айтуға болады. Жаңа редакцияда Азаматтық процестік кодекстің қабылдануына орай 2016 жылдың қаңтар айынан бастап медиацияның қолданылу мүмкіндігінің аясы кеңейді. Қазіргі уақытта бірінші жəне аппеляциялық инстанциядағы сот процесінің алғашқы сатысында медиацияны сот та өкізе алады. Талап арызды беру кезінде төленген мемлекеттік баж толық көлемде, ал кассациялық инстанцияда 50 % көлемінде қайтарылады.

2016 жылдың 9 айы ішінде медиация жолымен қысқартылған азаматтық істердің саны 13372 құраса, 2015 жылдың осындай уақыт ішінде оның саны 4760 болған болатын.

Қазіргі уақытта республикада 967 кəсіпқой емес жəне 1920 кəсіпқой медиатор қызмет етуде, олардың 2016 жылдың 9 айы ішінде жеке немесе істің сотта қаралуы кезінде реттеген даулар саны 9000-ға жетеді. Медиация институтының əрі қарай дамуы қоғамдағы барлық өзара қарым- қатынастардың қолайлы болуына өз септігін тигізеді.

Медиация институтын дамытуда «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры жəне т.б квазимемлекеттік кəсіпорындар белсенділік танытып отыр. «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры 1100 медиаторды оқытқаны мəлім [2].

Медиация судья да, төреші де, қорғаушы да емес, екі тарапқа тиімді ортақ шешімді қабылдауға көмектесетін тараптар арасындағы келіссөздерді ұйымдастырушы, жанжалдасушы тұлғалардың арасындағы келісім рəсімінің қатысушылары.

Қазіргі уақытта Қазақстанда кəсіпқой жəне кəсіпқой емес медиаторлардың біртұтас тізілімі жоқ. Қазақстан Республикасының аумағында медиацияны жүзеге асыратын медиаторлардың ұйымында өзінің кəсіпқой медиаторлар тізілімі бар. Кəсіби емес негізде медиацияны жүзеге асыратын медиаторлардың кəсіпқой емес тізілімін аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ əкімі жасайды.

Медиацияны өткізу бойынша медиаторлар қызметін материалдық, ұйымдастырушылық- құқықтық жағынан қамтамасыз ету үшін жəне басқа да жағдайларды жасау үшін ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен бекітілген тəртіпке сəйкес, коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын, өзін-өзі басқаратын бірлестіктер түрінде медиаторлардың ұйымдары құрылады. Медиаторлар ұйымдары медиация бойынша тиісті даярлықтан өткені туралы құжат (сертификат) бере отырып, медиаторларды кəсіби даярлауды жəне олардың біліктілігін арттыруды өткізуге құқылы. Медиаторлардың ұйымына немесе медиаторлар қоғамдастығына (одағына) кіру ерікті түрде жүзеге асырылады. Медиаторлардың ұйымына немесе медиаторлар қоғамдастығына (одағына) кіру жарнасын төлеуге тыйым салынған. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, жалпы жəне құқықтық мəдениеті анағұрлым жоғары жерлерде медиация кең таралған, себебі ол азаматтық қоғамның қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстанда медиация Заңының қолданысқа енгеніне 5-6 жыл болса да, енді ғана ұйымдар мен халықтың арасында медиация туралы түсінік пайда бола бастады.

Медиацияның даму болашағы өте зор, себебі медиация жанжалдасушы тараптарға қолайлы шешім қабылдайтын икемді рəсім. Медиация тəртібімен дауды реттеу мен бейбіт келісім жасаудың ұқсас жақтары бар. Егер бейбіт келісімшарттары талап арыз шеңберінен тыс болса, сот бейбіт келісімді бекітпейді, оның үстіне заңнама тəртібінде соттың бейбіт келісімді жартылай бекітуі қарастырылмаған. Медиация кезінде тараптар айтылған ұстанымдардан бастартып, дауды реттеудің түрлі жолдарын қарастыра алатындығы — медиацияның, бейбіт келісімге қарағанда, пайдалылығы жағынан айырмашылығы бар екенін көрсетеді.

Дауды реттеу туралы медиативтік келісім сот процесі барысында да, соттан тыс тəртіпте де жүзеге асырылады. Тараптардың соттан тыс тəртіпте жасаған медиативтік келісімдердің азаматтық- құқықтық келісімшартпен тең күші бар, сол себепті тараптардың бірі келісімді орындауға бастартқан жағдайда, мүдделі тарап жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу тəртібіне сəйкес, келісім бойынша міндетті орындау туралы шағымымен сотқа жүгінуге құқығы бар. Осыған орай істің сотта қаралуы аясында медиацияның жүзеге асырылуы тиімдірек жəне оның үстіне төленген мемлекеттік баж төлеген тұлғаға қайта қайтарылады. Егер тараптың бірі сотпен бекітілген медиативтік келісімнің шартын орындамаса, онда екінші тарап медиативтік келісімді мəжбүрлі түрде орындату туралы шағыммен сотқа жүгінуге құқы бар. Азаматтық іс бойынша азаматтық, еңбек, отбасылық жəне басқа да құқықтық қатынастардан туындаған дауларды реттеу бойынша медиация рəсімінің басталуының өзі белгілі бір іс бойынша сот ісін тоқтатуға негіз бола алады. Осылайша тараптар сот процесі барысында «үзіліс» алуға жəне тараптар үшін өзара тиімді шешімді табу үшін жалпы алғанда 2 айға істі тоқтатуға құқы бар.

Онша ауыр емес жəне ауырлығы орташа санаттағы қылмыстық істерді сот, анықтау жəне тергеу органдары тараптардың медиация тəртібімен келісімге келуі негізінде қысқартады. Қылмыстық сот өндірісінің басты міндеттерінің бірі — татуластыруға ықпал ету. Медиация жеке, қылмыстық құқықта көтермелеу əдісі, қылмыспен күресте ымыраға келу институты ретінде танылады. Көрсетілген талаптарға толық мəнде екі қылмыстық-құқықтық институт жауап береді: шын өкіну жəне жəбірленушімен татуласу. Медиация институтына жалпы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 88-1 бабында көрсетілген нормалар жатқызылады.

ҚР ІІМ-ң ресми мəліметтері бойынша, «Медиация туралы» Заңының өз күшіне енгеннен бастап, осы рəсіммен республика бойынша қысқартылған істер санының көбею заңдылығы байқалып отыр [3] (кестені қара).

Кесте

Қысқартылған істер саны

Жылдар

Медиация тəртібімен қысқартылған істер саны

2011

2

2012

18

2013

182

2014

1611

2015

3066

Елімізде медиацияны қолданудың аясын кеңейту жəне оны насихаттау бағытында сот жүйесінің қосып жатқан үлесін атап өткен жөн.

Бүгінгі күні сот жүйесін одан əрі жетілдіру тарапына ерекше көңіл бөлініп, заңнамаларға өзгерістер енгізілді, оның ішінде дауларды шешудің балама амалдарын қолдану аясын кеңейтуге айрықша мəн беру басты талапқа айналып отыр.

Əрі қарай медиация институтын дамыту бойынша Батыс Қазақстан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып кетуді жөн көрдік. Осы ретте, Батыс Қазақстан облыстық сотымен медиация туралы заңының өз деңгейінде жүзеге асырылып, бітімгершілік рəсімдерін арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылды. Бітімгершілік рəсімін одан əрі дамыту мақсатында 2017 жылдың 20 ақпанында Батыс Қазақстан облыстық соты, БҚО Орал қаласының Ішкі істер басқармасы, Орал қаласының прокуратурасы жəне «Медиаторларды жетілдіру орталығы» РҚБ-нің кəсіпқой медиаторы арасында сотқа дейін тергеу сатысында тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істерді қысқарту туралы Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. АталғанМеморандумда бітімгершілік рəсімдер институтын нығайту, дауды шешудің балама тəсілдерін қолданудың оң тəжірибелерімен алмасу, насихаттау, бітімгершілік рəсімдерін қолдану саласында өзара қолдау көрсету жəне ықпал ету, сотқа дейінгі тергеу сатысында бітімгершілік рəсімін бекітудің салдарын түсіндіру шаралары қарастырылған. Осы Меморандум аясында Орал қаласының Ішкі істер басқармасының ғимаратында медиатор кабинеті ресми түрде ашылды. Медиатор кабинеті қажетті көрнекі құралдармен жабдықталған жəне кəсіби медиатор қызметінің ерекшеліктері мен сотқа дейінгі мəмілеге келу шаралары, қандай жағдайда медиатор көмегі қажет болатыны, медиаторға кімнің жүгінетіні, медиаторға хабарласқан азаматтарға берілетін көмектер жөнінде ақпараттық көрнекілікпен қамтамасыз етілген. Кабинетте екі кəсіби медиатор қызмет атқарады.

Орал қаласында Қалалық ішкі істер басқармасының тергеу жəне анықтау бөлімдерімен, Орал қаласының Прокуратурасымен 2016 жылдың 12 айында сотқа дейін тергеу сатысында ақтаумен байланысты емес істер бойынша 2520 қылмыстық іс қысқартылған. Тараптардың татуласуына байланысты медиация тəртібімен 629 іс қысқартылып, барлық қысқартылған істердің 25 %-ын құраған. Оның Орал қаласының Ішкі істер басқармасымен 314, Орал қаласының Прокуратурасымен 315 іс сотқа жетпей медиация заңын қолданумен қысқартылған.

2017 жылдың екі айында қалалық Ішкі істер басқармасы жəне прокуратурасымен ақтаумен байланысты емес істер бойынша 378 қылмыстық іс қысқартылса, оның 145-сі медиация тəртібімен қысқартылып, 39 % құрады. Орал қаласының Ішкі істер басқармасымен 107, Орал қаласының Прокуратурасымен 38 іс сотқа жетпей медиация заңын қолданумен қысқартылған.

Сонымен қатар облыс бойынша Батыс Қазақстан облысының жергілікті аудандық құқық қорғау органдарымен 2016 жылдың 12 айында ақтаумен байланысты емес істер бойынша 4409 қылмыстық іс қысқартылған. Оның 783-і медиация заңын қолданумен жүзеге асып, барлық қысқартылған істердің 18%-ын құраған. Оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімдерімен 431 іс, аудандық прокуратура органдарымен 352 іс сотқа жетпей медиация рəсімін қолданумен қысқартылған.

2017 жылдың екі айында жергілікті аудандық құқық қорғау органдарымен сотқа дейін тергеу сатысында 557 іс қысқартылса, оның 159 медиация рəсімін қолданумен жүзеге асып, барлық қысқартылған істердің 29 %-ын құрап отыр. Оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімдерімен 75 іс, аудандық прокуратура органдарымен 84 іс сотқа жетпей медиация рəсімін қолданумен қысқартылды.

Жалпы республика соттарында істерді татуластыру рəсімдері арқылы реттеу жəне қарау бойынша соңғы жылдары ілгерілеу байқалады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысы соттарымен татуластыру рəсімдерін қолдану арқылы істерді қарау қарқыны өсуде. Оны статистикалық мəліметтерден байқауға болады. 2016 жылдың 12 айы бойынша облыс соттарымен 1392 азаматтық іс татуластыру рəсімдерін қолдану арқылы қаралған. Соның ішінде бейбіт келісімге келу арқылы – 225 іс, медиация тəртібімен – 1159, ал партисипативтік тəсіл арқылы 8 іс болып отыр. Бұл көрсеткіш жалпы қаралған 27090 азаматтық істің 5,1 % құрап отыр.

Медиация қызметін одан əрі дамыту, халық арасында медиацияның бағыт-бағдарын түсіндіру, əлеуметтік шиеленістерді болдырмау жəне өңірде қоғамдық келісімді нығайту іс-шаралары облыс əкімдігі мен облыстық сот арасында ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде тиімді жүзеге асырылуда. Облыстық сот жəне облыстық ассамблея хатшылығы арасындағы бекітілген бірлескен тəжірибелік іс-қимыл жоспары аясында біраз тыңдырылымды жұмыстар атқарылды.

Республикамызда медиация институтын мемлекет тарапынан қолдаудың бір қадамы – ол Қазақстан халқы Ассамблеясының осы жұмысқа жұмылдырылуы деп айтуға болады. Елбасы

Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеяның ХХIV сессиясында медиацияны дамыту – Ассамблеяның негізгі бір бағыты екендігін айқындап берген болатын. Елбасымыздың осы бағыттағы тапсырмасы жəне мемлекетіміздің дамуына жəне ел болашағына бағытталған келешек үшін маңызды «Бес институционалдық реформа бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын өңірімізде орындалуын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 22 сəуірінде Батыс Қазақстан облысының əкімдігі мен Батыс Қазақстан облыстық соты арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумда сот қызметінің кейбір бағыттары бойынша, оның ішінде дауларды шешудің балама амалдарын қолдану аясын кеңейту, ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізуде кеңінен қолдану мəселелері қарастырылған.

2016 жылдың 30 маусымындағы Жоғарғы Сотпен Қазақстан Халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рəсімдері саласын дамыту туралы өзара əріптестік меморандумының орындалуын жүзеге асыру бағытында арнайы жұмыс тобы құрылып, Батыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясымен жəне Облыстық сотпен бекітілген қадамдық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар əзірленді. Жоғарыда көрсетілген жоспарлы іс-шаралардың нəтижесінде «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде медиация бөлмесі ашылып, техникалық құрал-жабдықтармен жəне əдістемелік əдебиетпен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда медиация бөлмесі толыққанды жұмыс жасауда.

Облыс бойынша 150 медиация кабинеті ашылды. Оның 6-уы қалада, 14-і аудан орталығында, 130-ы ауылдық округтерде жұмыс істеуде. Бұл жұмысқа 224 кəсіби емес медиаторлар тартылды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан халқы Ассамблеясында 268 медиатор (40 — кəсіби, 224 — кəсіби емес, 4 — доғарыстағы судья) кіретін кəсіби жəне кəсіби емес медиаторлардың тізімі жасақталдыҚазіргі уақытта облыстағы медиация кабинеттерімен азаматтар арасында 2000-нан аса медиациялық келісім орнатылған. Республикада Қазақстан халқы Ассамблеясы, соның ішінде БҚО ҚХА медиацияны дамыту жəне оны насихаттау мақсатында түрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік құрылымдармен жүйелі жұмыс бастауда. Облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінде, «Қазақстан-Орал» телеарнасында арнаулы айдарлар ашылып, медиажоспарға сəйкес медиация саласына қатысты мəселелер талқылануда. Облысымыздың судьялары тарапынан халыққа «Медиация» заңын жетік түсіндіру жұмыстарын жандандыру бағытында ұтқыр топ құрылып, татуластыру рəсімдеріне арналған бұқаралық ақпарат құралдарына жариялымдар жариялануда. Осы бағыттағы насихат жəне медиация мəселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында облыстық соттың тапсырысымен жергілікті «ТДК-42» телеарнасында қазақ жəне орыс тілінде баяндалатын «Заң үстемдігі» арнайы тележобасы дайындалып, дауларды шешудің балама амалдары, медиация жөніндегі бағдарламаның көрсетілімі көрермендерге ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара Ынтымақтастық туралы меморандумының сотқа дейінгі жəне соттан тыс дауларды реттеу институттарын дамыту бойынша іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Медиация күні» республикалық акция шеңберіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 05.08.2016 ж. Достық үйінде «Медиация институтын дамыту» тақырыбына облыстық форум өткізілді. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының кəсібінің басты бағыттарының бірі болып табылатын медиацияның дамыту мақсаты мен міндеттерін, дауларды шешудің тиімді тəсілі екенін түсіндіруге, медиация институтын насихаттауға бағытталды. Форум соңында үздік медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды. Дауларды сотқа дейін жəне соттан тыс реттеу институттарын белсенді енгізу жəне жан-жақты дамыту мақсатында, сонымен қатар халықтың əлеуметтік тұрғыдан əлжуаз топтарына ақысыз құқықтық жəне медиаторлық көмек көрсетуге ықпалдастық таныту шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық соты жəне «Халықаралық құқық қоғау орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында 2016 жылдың 9 желтоқсанында өзара ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды [4].

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 6001-1-177-4/16 өкімімен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» ереже бекітілген болатын [5]. Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне жəне «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əзірленген жəне оның мақсаттарын, міндеттерін жəне тəртібін анықтайды.

Пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады. Ал міндеттері:

татуластыру рəсімдерін қолдану аясын кеңейту; 2) азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; 3) халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып табылады.

Аталған жоба бойынша медиация жүргізу болып табылатын даулалардың (жанжалдардың) санаты келесі:

 баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тəртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кəмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы);

  •  Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-б . 1-т. міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тəртібі көзделмеген еңбек даулары;
  •  мұрагерлік;
  •  көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пəтерді су басқандығы туралы;
  •  пəтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мəселелері бойынша;
  •  некені бұзу жəне мүлікті бөлу туралы;
  •  қарыз келісімшарттары бойынша;
  •  сақтандыру [6].

Пилоттық жобаны жүргізудің қағидаттары, яғни, медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья не татуластыру рəсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді. Медиация мынадай қағидаттар негізінде жүргізіледі:

  1. еріктілік; 2) медиация тараптарының тең құқылығы; 3) татуластыру рəсімдерін жүзеге асыратын медиатордың тəуелсіздігі мен бейтараптылығы; 4) медиация рəсіміне араласуға жол бермеушілік; 5) құпиялық; 6) қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай болуы.

Пилоттық жобаға қатысушылар болып мыналар табылады:

  •  кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар;
  •  азаматтық істер қарайтын аудандық жəне оларға теңестірілген соттар;
  •  мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар;
  •  медиаторлар.

Пилоттық жоба мынадай екі бағыт (сегмент) бойынша іске асырылады:

1) ұйымдастырушылық;

  1. ақпараттық.

Ұйымдастырушылық сегмент судьялар жұмысын ұйымдастыруды көздейді.

Ақпараттық сегмент:

  •  Жоғарғы Сотының жəне жергілікті соттардың интернет-ресурстарына даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы ақпаратты орналастыруды, сондай-ақ пилоттық жобаға қатысатын соттардың интернет-ресурстарында пилоттық жоба өткізілетіні туралы тақырыптық бөлімдерді құруды;
  •  даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  •  телевизиялық арналарда медиаторлардың, оның ішінде практик-заңгерлердің жəне ғалымдардың қатысуымен ақпараттық (пікірталас) алаңдарды құру;
  •  соттарда даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттары бойынша медиацияны енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы ақпараттық стендтерді орналастыруды көздейді.

Медиацияны жүргізу тəртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан əрі – АПК) 48, 174, 179, 180, 194, 201, 246 жəне 277-баптарының, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріліп жəне мынадай қағидалармен айқындалады:

1) судья өтініш келіп түскен кезде, АПК-нің 165-б. 16-т. сəйкес, тараптарға хабарлама жібереді, соның ішінде, мыналар көрсетіледі:

  •  тараптардың істі дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқтау құқығы;
  •  дауды (жанжалды) медиация тəртібімен шешудің басымдықтары туралы;
  •  пилоттық жобаға қатысу бойынша өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіру қажеттілігі жəне медиатормен медиация жүргізу туралы тараптардың жасалған жазбаша келісімін 5 (бес) күннің ішінде сотқа ұсыну туралы;
  •  пилоттық жобаға қатысудан бастартқан жағдайда тараптардың бұл туралы жазбаша өтінішін сотқа жіберу жəне істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымда баяндалған іс-əрекеттерді орындауға кірісу қажеттілігі туралы;
  •  кəсіби жəне кəсіби емес медиаторлар тізімдері туралы;
  •  медиация кабинеттері туралы ақпарат беріледі;
  1. медиатор медиацияны жүргізу туралы өтінішхатты берген жəне тараптардың медиатормен жасасқан шарты соттарға ұсынылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 272-б. 7-т. сəйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады;
  2. тараптар медиацияны судья өткізетіндігі туралы өтінішхатты берген кезде медиация 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
  3. татуластыру рəсімдерін жүзеге асыратын медиатор тараптардың келісімімен немесе олардың өтінішхаты бойынша, егер бұл медиацияның мақсаттарына қолжеткізу үшін қажет болса, татуластыру рəсімдеріне басқа адамдарды қатыстыруға құқылы;
  4. медиация тараптарының татуластыру рəсімдерін жүргізу кезінде қолжеткізген дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады жəне оған тараптар қол қояды;
  5. келісімде медиация тараптары, даудың (жанжалдың) нысанасы, татуластыру рəсімде жүзеге асыратын медиатор туралы деректер, сондай-ақ тараптар келіскен келісімнің шарттары, оларды орындаудың тəсілдері мен мерзімдері, медиацияның құпиялылығы туралы тараптардың міндеттемелері жəне оларды орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары қамтылуға тиіс;
  6. медиацияны медиатордың жүргізуі кезінде тараптардың дауды (жанжалды) реттеу туралы қолжеткізген келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация жолымен шешуге мүмкіндік болмауына байланысты тараптар жазбаша түрде медиациядан бастартуы осы азматтық іс 3 (үш) жұмыс күн ішінде оның іс жүргізуіндегі судьяға жолданады;
  7. АПК-нің 277-б. 6-т. жəне 410-б. сəйкес оның іс жүргізуіндегі іс бойынша судья дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады;
  8. судья дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымда сот АПК-нің 278-б. 3-б. сəйкес мемлекеттік бажды қайтару туралы көрсетеді;
  9. егер тараптар медиация жүргізген кезде келісімге қолжеткізбесе, іс бойнша іс жүргізу қайта басталып, істі сот талқылауына дайындау жалпы тəртіппен жүргізіледі. Бұл туралы іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы соттың ұйғарымында көрсетіледі;
  10. тараптар медиацияны жүргізуден бастартқан жағдайда судья істі соттың талқылауына дайындауды АПК-нің 165-б. белгіленген тəртіпте жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы:

1) пилоттық жобаның үйлестірушісі болып табылады;

2) пилоттық жобаны өткізудің əдістемелік жəне нормативтік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;

  1. пилоттық жобаға қатысатын соттарға ақпараттық сипаттағы тиісті материалдарды жолдайды;
  2. пилоттық жобаға қатысатын соттардан алынған ақпаратты қорытады.

Пилоттық жобаны жергілікті соттарда өткізуді үйлестіру үшін жауапкершілік облыстық жəне оларға теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағаларына жүктеледі.

Пилоттық жоба аяқталған соң үйлестіруші Жоғарғы Соттың Төрағасына оның нəтижелері туралы есептік ақпаратты жəне пилоттық жобаның тетіктерін барлық соттарға енгізудің орындылығы туралы ұсыныстарды береді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6001-16-7-4/186 өкімімен татуластыру рəсімдерін қолдану бойынша əдістемелік ұсынымдар бекітіліп, соттарда татуластыру рəсімдерін қолдануда судьяларға қажетті ереже болып табылып отыр деуге болады [7].

Аталған əдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексіне, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес соттардың татуластыру рəсімдерін біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатында əзірленді. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қабылдайды, процестің барлық сатысында оларға дауды шешуге ықпал етеді. Тараптардың мынадай татуластыру түрлерін: 1) татуласу келісімін; 2) медиатордың қатысуымен, сонымен қатар егер медиация сотта жүргізілсе, судьяның қатысуымен медиацияны; 3) екі тараптың адвокаттарының қатысуымен азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде партисипативтік рəсімді қолдана отырып, дауды шешу туралы өтінішхат берулеріне болады.

Жариялылық-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қоспағанда, татуластыру рəсімін қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтінішхат кез келген талап қою іс жүргізуі бойынша, егер Азаматтық процестік кодексте немесе заңда өзгеше көзделмесе, берілуі мүмкін. Татуласу келісімібірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін сот талқылауының кез келген сатысында, сондай-ақ сот актісін орындау барысында жасалуы мүмкін. Татуласу келісімі жазбаша нысанда жасалады жəне оған тараптар немесе олардың өкілдері (сенімхатта арнайы көзделген өкілеттіктері болған кезде) қол қояды. Татуласу келісімінің нысаны мен мазмұны АПК-нің 176-бабында көзделген. Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын мəн-жайларға байланыстырса, оларға қатысты оның басталуы немесе басталмауы белгісіз болған жағдайда татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға болмайды.

Тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхаты сот отырысында тараптардың қатысуымен қаралады. Татуласу келісімін бекітудің құқықтық салдарлары тараптарға оны сот бекіткенге дейін АПК-нің 177-б. 2-б. жəне 278-б. 2-б. сəйкес түсіндірілуі тиіс.

Егер іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қаралса, онда сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын АПК-нің 278-б. 2-б. көзделген іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың құқықтық салдарымен олардың танысқаны жəне оларға түсінікті болғаны туралы татуласу келісімінде көрсетілген жағдайда қарауға құқылы. Олар көрсетілмеген кезде сот жалпы тəртіппен талап қою іс жүргізу қағидалары бойынша істі қарауға көшеді. Татуласу келісімін бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы АПК-нің 177-б. талаптарына сəйкес сот ұйғарым шығарады. Соттың ұйғарымында:1) татуласу келісімін бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату; 2) бекітілетін татуласу келісімінің шарты жəне оны орындау мерзімдері.

Сот шығыстарын АПК-нің 176-б. 4-б. сəйкес бөлу көрсетілуі тиіс.

Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын (мемлекеттік бажды жəне сот шығындарын) бөлу шарты көрсетілмесе, олар АПК-нің 176-б. 4-б. сəйкес өзара өтелген болып танылады. Талап қоюшыға ол төлеген мемлекеттік баждың «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» («Салық кодексі») Қазақстан Республикасының салық кодексінің 548-б. жəне АПК-нің 109-б. екінші бөлігінің ережелеріне сəйкес қайтарылғаны көрсетілуі тиіс.Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа шағымдануға жəне наразылық білдіруге болады. Татуласу келісімін бекітуден бастарту туралы ұйғарымға шағымдануға жəне наразылық білдіруге болмайды. Татуласу келісімімен аяқталған істер бойынша сот актiлері кассациялық тəртiппен қайта қаралуға жатпайды. АПК-нің 48-б. сəйкес тараптар сотта қаралып жатқан істі дауды медиация тəртібімен реттеу келісімімен аяқтауы мүмкін. Тараптар медиацияға азаматтық сот ісін жүргізудің барлық сатыларында жүгінуі мүмкін. Төрағалық етуші істі сот талқылауына дайындау кезінде, сондай-ақ АПК-нің 194-б. тəртібіне сəйкес сот талқылауында тараптарға олардың дауды медиация тəртібімен шешу құқығы туралы жəне осындай əрекеттің салдарын түсіндіреді.

Судья тараптарға медиаторға жүгінуге мүмкіндік береді. Медиация туралы келісімшартта тараптардың ерікті түрде ниеттерін білдіруі медиация рəсіміне қатысудың шарты болып табылады. Медиация рəсімін жүргізу кезінде тараптар қаралып отырған дау бойынша шешім қабылдау үшін елеулі мəн-жайларды ашады жəне олар қолжеткізген келісімшарттарының орындалуы үшін жауапты болады. Медиатордың дау тараптарын міндеттейтін қандай да болмасын шешім шығару өкілеттігі жоқ болғандықтан, тараптар дауды белгілі бір жағдайларға байланысты тоқтату туралы шешімді өздері қабылдайды. Медиатор дəлелдерді зерттемейді жəне тараптардың талаптарына құқықтық баға бермейді, оның міндеті – тараптар арасында келіссөздер жүргізу үшін жағдайлар жасау, даудың (жанжалдың) мəнін – тараптар даулап отырған мəн-жайларды, сондай-ақ барлық қатысушылар үшін қолайлы шарттармен оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылауға көмек беру болып табылады. Судьяның қандай да болмасын нысанда тараптарды медиацияға мəжбүрлеуге құқығы жоқ. Іс бойынша тараптардың дауды бірінші жəне апелляциялық сатыдағы соттарда медиация тəртібімен реттеу туралы өтінішхаты түскен кезде ол соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейін қанағаттандырылады. Іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 272-б. 7-т. сəйкес міндетті түрде бір айдан аспайтын мерзімге тоқтатылады.

Тараптар дауды медиация тəртібімен реттеу туралы өтінішхатты, егер қосымша процестік əрекеттерді жəне істі қарауды тоқтата тұруды талап етпесе, кассациялық сатыда бере алады. Бірінші сатыдағы сотта медиацияны өткізу үшін іс басқа судьяға беріледі. Тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде қарап отырған судья жүргізуі мүмкін. Медиацияны өткізетін судья медиацияның өтетін күнін тағайындайды жəне тараптарды оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

Соттағы медиация Азаматтық процестік кодекс жəне «Медиация туралы» ҚР Заңына сəйкес өтеді. Медиацияны іске асыру барысында судья бейтараптылықты жəне қаралып жатқан даутараптарына бірдей қарауды сақтауы тиіс. Медиация соттың қарауында жатқан жеке жəне (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық жəне өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация туралы шарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Қажет болған жағдайда тараптар кейіннен сотқа бірлескен жазбаша хабарлама жібере отырып, медиацияны жүргізу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартуы мүмкін, бірақ ол жиынтығында күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс. Дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады жəне оған тараптар немесе олардың өкілдері (сенімхатта арнайы көрсетілген өкілеттіктері бар болған жағдайда) қол қояды. Іс жүргізуінде іс жатқан судья дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексереді жəне оны бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады. Медиация тəртібімен дауды реттеу туралы келісім, АПК-нің 180-б. 2-б. бойынша осы келісімді бекіту туралы ұйғарым АПК-нің 176, 177-баптарына, «Медиация туралы» Заңның талаптарына сəйкес келуі тиіс.

Егер дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісім сот актісі орындау кезінде бекітілген болса, онда ол сот актісінің орындау жеріндегі бірінші сатыдағы сотқа немесе сол актіні қабылдаған сотқа ұсынылады. Тараптардың дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімін бекіту туралы өтінішхаты сот отырысында іске қатысатын тараптардың қатысуымен қаралады. Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қолжеткізген жанжалды реттеу туралы келісім жəбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыру жəне қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жəбірленушімен татуласуы жолымен жанжалды реттеу туралы келісімді білдіреді. Жанжалды реттеу туралы келісім оған тараптар қол қойған күні күшіне енеді. Дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді (шарт) кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді. Дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді жасасудың құқықтық салдарлары оны сот бекіткенге дейін АПК-тің 177-б. 2-б. жəне 278-б. 2-б. сəйкес тараптарға түсіндіріледі. Егер іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуде қаралса, онда сот тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатын АПК-нің 278-б. 2-б. көзделген іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың құқықтық салдарымен олардың танысқаны жəне оларға түсінікті болғаны туралы татуласу келісімінде көрсетілген жағдайда қарауға құқылы. Олар көрсетілмеген кезде сот жалпы тəртіппен талап қою іс жүргізу қағидалары бойынша істі қарауға көшеді.

Сот дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді (шартты) бекіту жəне іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарым шығарады, онда: 1) дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімнің шарттарын жəне оларды орындау мерзімін көрсетеді; 2) дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісімді бекітеді; 3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады; 4) сот шығыстарын АПК-нің 176-б. 4-б. сəйкес бөледі. Егер татуласу келісімінде сот шығыстарын (мемлекеттік баж жəне сот шығындарын) бөлу шарты көрсетілмесе, олар АПК-нің 176-б. 4-б. сəйкес өзара өтелген болып танылады; 5) төленген мемлекеттік баждың бюджеттен Салық кодексінің 548-б. жəне АПК-нің 109-б. 2-б. ережелері ескеріле отырып қайтарылғанын көрсетеді. Дауды (жанжалды) медиация тəртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған істер кассациялық тəртiппен қайта қаралуға жатпайды.

Жоғарыда көрсетілген ауқымды келешек маңызды іс-шаралардың жүзеге асырылуының одан əрі жалғасын табуы медиацияның шиеленістерді жəне дауларды шешудің əдісі ретінде насихатталып, келіспеушілік пен дауларды шешудегі табыстыру процедураларының тиімділігі көпшілікке ұғындырылып, медиация институтының іргелі дамуына жол ашады деген сенім мол.

Жоғарыда айтылғандарға сəйкес қажетті құқықтық нəтижеге жету мақсатында дауды реттеудің анағұрлым тиімді əдістерінің бірлескен үлгілеуін қолдана отырып, жанжалдасушы тараптардың нақты бір жағдаяттан шығу үшін таңдаған балама əдісінің авторлық анықтамасы жасалды.

Медиатортың қатысуымен өткізілетін татуластыру рəсімінің негізін салушы идеялардың заңнамалық тұрғыда рəсімделмегендігіне байланысты, медиатордың қатысуымен өтетін татуластыру рəсімі (медиация) қағидаттарын жүзеге асыру тиімділігін төмендететін негізгі құқықтық емес жəне ақпараттық-ұйымдастырушылық факторларды жою үшін төмендегідей ұсыныстарымызды келтіреміз:

Құқықтық бағытта:

  1. Медиациялық рəсімнің мəн-мағынасына құқық қолданушылардың біркелкі түсінік беруі мақсатында медиатордың қатысуымен өтетін татуластыру рəсімінің императивтік бастамасын нақты болмысқа сəйкес бекіту.
  2. Соттан тыс медиациялық келісімдер мен татуласу туралы басқа да келісімдердің орындалу жүйесін заңды түрде бекіту.
  3. Сотқа дейін татуластыру рəсімі арқылы реттелуге міндетті істердің категориясын енгізу. Басқа істер категориясы бойынша дауласушы тараптардың медиаторға жүгінуін міндеттеуді соттың құқығы ретінде қарастыру.
  4. Бекітілген бейбіт келісімдердің санына қарай судьялардың қызметін бағалауды критерийлерінің бірі ретінде енгізу.
  5. Еліміздің құқық жүйесін ескере отырып, шетел тəжірибесінің тиімді жақтарын енгізу.

Ал ақпараттық-ұйымдастырушылық шаралар қатарына медиатордың қатысуымен өткізілетін татуластыру рəсімінің тиімділігі туралы ақпаратты ауқымды түрде тарату.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазан № 377-V ҚРЗ (05.07.2018 жылға дейінгі енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса) [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377.
  2. Сулейменова У. А. Медиация: не доводить дело до суда / У.А. Сулейменова // Заңгер. — 2016. — № 10(183).
  3. Скаков А. Медиация в Казахстане: опыт и практика применения / А. Скаков // Заңгер. — 2016. — № 10(183).
  4. Батыс Қазақстан облыстық соты [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://zko.sud.kz/kaz.
  5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 6001-1-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тəртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» ереже [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://sud.gov.kz/kaz/news/azamattyk-isterdin-zhekelegen-sanattary-boyynsha-daulardy-zhanzhaldardy-mediaciya-trtibimen.
  6. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ (13.07.2018 жылға дейінгі енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен қоса) // Егемен Қазақстан. — 25.11.2015 ж. — № 226 (28704).
  7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №6001-16-7-4/186 өкімімен бекітілген татуластыру рəсімдерін қолдану бойынша əдістемелік ұсынымдар [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://sud.gov.kz/.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.