Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғаудың өзекті мəселелері

Мақалада Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнамасының нормаларына жəне құқыққолдану тəжірибесіне талдау жүргізу негізінде тұтынушылардың құқықтарын іске асыру жəне олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мəселелері айқындалды. Зерттеушілік жұмыстың мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігін зерттеу жəне оның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну болып табылады. Мақалада автор бес негізгі мəселені көтерді, олардың əрқайсысын жеке талдайды, оларды шешудің жолдарын нұсқайды. Заңнама нормаларына жүргізілген талдаудың негізінде автормен тұтынушылардың соттық қорғану құқығын іске асыруға жəне бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге кедергілер айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығын қорғаудың теориялық жəне тəжірибелік мəселелеріне кешенді зерттеу жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады. Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен ұсыныстарын келешекте тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттейтін ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар заң шығарушылық жəне құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанда бизнесті жүргізу ахуалын жақсарту бойынша белсенді қызметтер атқарылуда. 2004 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» [1] Заңның қабылдануымен кəсіпкерлердің қызметтерін толық тексеруден бастартылды. Кəсіпкерлік кодекс [2] бизнес иегерлерін жаппай негізсіз тексеруден қорғауды мақсат етеді. Бұндай қадамдар, сөзсіз, еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, экономиканың қарқынды дамуына серпіліс береді. Десек те, бұл мəселенің екінші қыры тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының сақталмауы мəселесінің туындауына əкеліп отыр. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тұтынушылардың құқықтары туралы да ұмытпағанымыз жөн. Себебі заң жүзінде бекітілген адал бəсекелестіктің іске асырылмауы, тұтынушының денсаулығының қауіпсіздігіне кепілдіктің болмауы, тұтынушылардың құқықтарын мемлекеттік қорғау тетігінің тиімсіздігі, тұтынушының кəсіпкермен салыстырғанда өз мүдделерін қорғау мүмкіндігінің болмауы қоғамда əлеуметтік əділетсіздікке əкеледі жəне оған физикалық жағынан да, экономикалық жағынан да қауіп тудырады.

Елбасы 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бүгінде халықты сапасыз əрі денсаулыққа жəне өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ. Біз əрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы маңыздырақ. Сондықтан ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін бизнес қоғамдастығы да жауап береді. Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек», — деп атап көрсеткен болатын [3].

Бұған бір ғана Қарағанды облысы бойынша 2018 жылы 7 т көлемінде сапасыз тауарлардың саудаға жіберілмеуі дəлел ретінде бола алады [4]. Осы жылы республика бойынша өнімдердің қауіпсіздігін ай сайын бақылау мақсатында сатып алынған 70 мың өнімнің сынамасы алынып, зертханалық сараптаманың қорытындылары бойынша 9 740 өнім техникалық ережелердің талаптарына сəйкес келмейтіні айқындалды, 69 % — өнім шығарушылар маркалау талаптарын сақтамаған, 23,5 % — қауіпсіздік көрсеткіштеріне сəйкес келмейді, 7,2 % — физикалық-техникалық көрсеткіштерге сəйкес келмейді деген ақпарат таратылды [5].

Жоғарыда қарастырылған мəселелердің өзектілігі ғылыми-зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Əдістер мен материалдар

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында келесі жеке ғылыми жəне жалпы ғылыми таным əдістері қолданылды: нормативтік-логикалық, тарихи, салыстырмалы құқықтану, талдау, синтез, жүйелі- құқықтық жəне т.б. Сонымен қатар тұтынушылар құқықтарының теориялық тұжырымдарын қарастыратын теориялық жəне тəжірибелік материалдарға талдаулар жүргізілді.

Нəтижелер

Зерттеу жұмысын жүргізу нəтижесі бойынша Қазақстанда тұтынушылар құқығының қорғалуына кепілдік беретін келесідей алғышарттар анықталды:

А. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын қамтамасыз ету деңгейі мемлекеттегі əлеуметтік- экономикалық ахуалға тікелей тəуелді. Себебі əрбір адам-тұтынушы, сондықтан оның құқықтық мəртебесін, адам өмірінің барлық қырларын қамтитын мəселелерді зерттеу үлкен əлеуметтік маңызға ие. Кез келген мемлекеттің ұстанатын саясатының басым мақсаты — азаматтарының денсаулығын, тұтынушылардың заңдық мүдделерін қорғау. Ол үшін азық-түліктің қауіпсіздігін, азаматтардың экономикалық мүдделері мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету қажет, тұтынушыларға құқықтарының толыққанды қорғалуына заңдық кепілдік беру қажет деп санаймыз. Сонда ғана тұтынушы өз əрекетімен, шешімімен нарыққа əсер ету мүмкіндігіне ие болып, адал бəсекелестікке қолжеткізе аламыз, нəтижесінде нарық тұтынушыға еркін таңдауды ұсынады. Мемлекет нарықтағы жосықсыз бəсекелестікке тосқауыл қойып, нарықтағы ахуалды реттеп отыруы, тұтынушыларға ақпарат беріп отыруы тиіс.

Елімізде жалпы қоғамдық ауқымды тұтынушылық білім беру жəне ағартушылық жүргізу, тауарларға тəуелсіз сараптама жүргізу жүйесі қалыптаспаған. Азаматтардың тұтынушы ретінде өз құқықтарын білмеуі, хабардар болмауы олардың құқықтарының бұзылуына жол беріп, еліміздің əлеуметтік, қоғамдық өміріне аз араласуына əкеліп отыр. Сол себепті білім беру бағдарламаларына тұтынушылар құқығының негіздерін енгізу өте қажет деп есептейміз.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы саясатты іске асыру үшін мемлекеттің келесі негізгі құралдарын атауға болады: заң шығару жəне билік ету тармақтары, дауды соттан тыс реттеу тетігі, тұтынушыларды ақпараттандыру жəне кеңес беру бойынша мемлекеттік қызмет, тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына мемлекеттік қолдау көрсету.

Ə. Тұтынушылар құқығын нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру мəселесі əрқашан да өзектілігін жойған емес. Тұтынушылардың құқықтарын жеткіліксіз құқықтық реттеу осы саладағы заңнамаларды жетілдіруді қажет етеді. Бұл осы салада қалыптасатын қатынастарға, субъектілердің құқықтық жағдайларының ерекшеліктеріне терең теориялық талдау жүргізбейінше, мүмкін емес.

Қазіргі уақытта ҚР «Тұтынушылардың құқықтарынын қорғау туралы» Заңның негізгі бөлігінде тұтынушылар мен сатушылардың құқықтары мен міндеттері реттелген. Ал тұтынушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудің нақты тетігі қарастырылмаған. Осыған байланысты жетекші əлем елдерінің тəжірибесін ескеретін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұжырымдамасын» құру қажет деп санаймыз. Онда тауарларды іске асыру, қызмет көрсету жəне жұмыс жасау барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тəртібін орнату қажет. Атап айтқанда, тауарды қайтару, ауыстыру, кемшіліктерін жою тəртібін реттеу, сатушы мен орындаушылардың жауапкершіліктерін анықтау, оны қанағаттандыру мерзімін, салдарларын айқындау ұсынылады. Онда 1985 ж. 9 сəуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған «Тұтынушылар мүдделерін қорғау» деп аталатын № 39/248 Резолюциясында бекітілген келесі қағидаларды басшылыққа алу қажет: 1) тұтынушылардың қауіпсіздігі жəне денсаулығына келтірілетін залалдан қорғау; 2) тұтынушының экономикалық мүддесін қорғау; 3) тұтынушының жеке сұраныстары мен тұтынымына сəйкес таңдау жасауы үшін қажетті ақпараттардың қолжетімді болуы; 4) тұтынушыларға арналған ағартушылық шараларын өткізу; 5) тұтынушылардың шағымдарын қараудың тиімді процедурасын енгізу; тұтынушылар топтарын немесе ұйымдарын құру бостандығы жəне осы ұйымдарға тұтынушының мүддесіне қатысты шешімдер қолдану үрдісінде өз пікірін айту мүмкіндігін беру.

Б. Заңды, яғни тұтынушылар, құқықтарын тəжірибеде іске асыру үшін құқықтық тетігінің тиімділігін арттырған жөн деп есептейміз. Ол үшін «Тұтынушылардың құқықтарын қорғаутұжырымдамасының» негізінде əр бес жыл сайын тұтынушылар құқығын қорғау саясатының қаржылық негізі болатын «Мемлекеттік тұтынушылар құқығын қорғау бағдарламасын» жəне тұтынушылар құқығын қорғау саясатының мақсатын, басымдықтарын жəне міндеттерін орнататын «Тұтынушылар құқығын қорғау саясатының стратегиялық бағдарламасын» қабылдап отыру қажет.

Стратегиялық бағдарламаның мақсаттарына қолжеткізу үшін азаматтардың тұтынушылық құқықтарын бұзудан қорғайтын тиімді құқықтық тетігін құру өте маңызды.

Бағдарламада тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыратын келесідей міндеттерді қарастырған абзал: тұтынушыларға қолжетімді бағамен, сапалы əрі алуантүрлі тауарларды таңдау құқығын беру; тұтынушыларды нарыққа еніп жатырған қауіпті тауарлардан, жұмыстардан жəне қызмет көрсетулерден сақтауды қамтамасыз ету; тұтынушылардың мүдделерін жосықсыз бəсекелестіктен, жалған ақпараттардан, қауіпті азық-түліктерден қорғау; тұтынушыларға нарықта ұсынылатын тауарлар, қызмет көрсетулер жөнінде қолжетімді жəне шын ақпараттар ұсыну арқылы олардың сенімінен шығу.

В. Құқық қолдануда сот тəжірибесінде азаматтық дауларды шешудің біртекті тəжірибесін қалыптастыру қажет. 25 шілде 1996 ж. қабылданған «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы моральдық зиянның орнын толтыру институтына бірқатар өзгерістер енгізді. Мəселен, Қаулының 8-тармағы ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңының 18-б. қолдану кезінде соттар құқықты бұзған тұлғаның кінəсіне қарамастан, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау туралы ҚР АК-нің 141-б. 3-т. басшылыққа алған жөн деп көрсетілген. Азаматтық кодекс құқықты бұзған тұлғаның кінəсына қарамастан, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғауды қарастырса да, бұл моральдық зиянға қатысты қолданылмаған, себебі 131-б. тек жалпы ережелерді бекіткен, осыған сəйкес моральдық зиян тұлға кінəлі болған жағдайда ғана толтырылады. Осыған орай, Қаулының 8-т. ескерту ретінде тағы бір ережені бекітеді. Азаматтық заң негіздері мен өзге нормативтік актілермен көзделген ескертулер негізінде моральдық зиян тұлғаның кінəсіз болғанына қарамастан толтырылады [6].

Сот тəжірибесіне жүргізілген талдаулар көрсеткендей, тəжірибеде қарама-қайшы жағдайлар қалыптасқан: материалдық құқық нормаларын қолдануда бірізділік қалыптаспаған, ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының ережелеріне əрқалай түсінік беріледі. Атап айтқанда, тұтынушыларға материалдық өтемақыны өндірумен бірге, моральдық зиянды өндіріп алу бойынша талап қанағаттандырылады, кейде негізсіз қанағаттандырылмайды. Сонымен қатар соттар үшін тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамамен реттелетін қатынастардың аумағын анықтау барысында қиындықтар туындайды.

Мəселен, келесі азаматтық іс бойынша сот талапты ішінара қанағаттандыруға мəжбүр болған. Себебі сот талапкер Л.И. Ивановская өзіне моральдық зиян келтірілгені туралы дəлелдеме табыстамағанын негізге ала отырып, тек қана материалдық зиянды өндіріп берген. Соттың шешімі негізсіз деп есептейміз. Өйткені ҚР «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 ж. 4 мамардағы заңының 21-б. бойынша, тұтынушының Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиян, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінəсі болған кезде сот айқындайтын мөлшерде өтеуге жатады [7; 78].

Тұтынушылар құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша заңда дауды реттеудің сотқа дейінгі міндетті кінə қою тəртібін сақтау қарастырылады (ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-б.).

ҚР Жоғарғы Сотының тұтынушылар мен кəсіпкерлер арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында сауда-саттық, жұмыс жасау жəне қызмет көрсету шарттарынан туындайтын дауларды қарау тəжіриебесіне жалпылама талдаулар жүргізу нəтижесінде 2017 ж. республика бойынша 1603 талап арыз қарастырылып, оның 1400 бойынша азаматтық іс аяқталған. Келесі азаматтық істердің санаттары бойынша 471 талап арыз қанағаттандырылған:

  • – Тұтынушылар құқықтарын қорғау — 477 талап арыз қарастырылған, соның ішінде 324 талап арыздары қанағаттандырылған;
  • – Сауда-саттық, қызмет көрсету саласындағы шарттардан туындайтын даулар бойынша — 209 талап арыз қаралған, оның 141 тұтынушы талап арызы қанағаттандырылған.
  • – медициналық қызмет көрсету сапасымен байланысты тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаптар — 9 талап арыз қаралып, оның 6 талап арызы қанағаттандырылған [8].

Жоғарыда берілген мəліметтер тұтынушылардың құқықтарына қатысты даулардың көпшілігі соттарда қарастырылатынын растап отыр. Себебі Заңмен тұтынушы үшін талаптарды шешудің соттан тыс тəртібі көзделмеген.

Сот тəжірибесіне жүргізілген талдаулар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаппен жүгінген істердің көпшілігі соттарда қанағаттандырылғанын байқатады. Бұдан біз тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатынын, құқықбұзушылардың ерікті түрде орындаудан бастартып, тек қана соттың шешімімен келтірілген шығындар өндірілетінін аңғарамыз [7; 77].

ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-б. 18-п. сəйкес, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қоғамдастықтары (одақтары) өз мүшелері арқылы тұтынушы мен сатушы (орындаушы, дайындаушы) арасында туындайтын дау-жанжалдарды шешу бойынша медиация үрдісінде тұтынушылардың мүдделерін білдіруге құқылы. Мəселен, РҚБ «Ұлттық медиаторлар палатасымен» бірлесіп РҚБ «Тұтынушылардың ұлттық лигасы» медиация жүргізу жолымен сотқа дейінгі тəртіппен дауларды шешуде. Барлық істердің 80 % медиация жүргізу көмегімен шешілген. Тұтынушылар мен кəсіпкерлер арасында туындаған дау-жанжалдарды медиация трəтібімен шешу тараптарға ортақ бір шешімге келуге жəне тараптарды қалыптасқан келіспеушілікті соттық тəртіппен шешу қажеттігінен босатады [9; 20].

Заңда тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін жеке қорғаумен бірге, ұжымдық қорғауды да қарастыру қажет жəне, ең бастысы, мемлекеттік қорғауға алу қажет. Тауарды өндіруші, сатушы мен тұтынушылардың арасындағы дауларды шешудің жалпы соттық тəртібімен бірге, дауларды реттеудің балама тəсілдерін (келіссөз жүргізу, медиацияны) қолдануды міндеттеу; Заңда тұтынушылар құқықтарын қорғайтын арнайы мемлекеттік органдарды, олардың құзыретін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын бұзғаны үшін олардың санкция қолдануын анықтау ұсынылады.

Г. Доктриналдық. Бүгінгі күні қалыптасқан теоретикалық базаны тұтынушының құқықтық мəртебесін зерттеу арқылы толықтыру қажет. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мəселелерін терең əрі кешенді зерттеуді жүргізу өте қажет.

Кез келген тұтынушылардың құқықтарын бұзушылық жосықсыз бəсекелестіктің салдары. Демек, тұтынушыға тек қана өз жеке құқықтарын іске асыруына құқықтар беріп қана қоймай, нарықта бəсекелестікті қалыптастыру жолымен осы құқықтарын қамтамасыз ететін кепілдіктермен қамтамасыз ету де қажет. Бұл кез келген жосықсыз бəсекелестіктің кез келген түрлерін жою туралы сотқа талап қою құқығы.

Бүгінгі күні тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық тетігі əлі де қалыптасуда. Сот тəжірибесі көрсеткендей, тұтынушылардың құқықтарын қорғау əртүрлі қызмет корсету саласын қамтиды: сауда (сапасыз тауар сату), мүліктік-коммуналдық сала (жылу, газ, электр, су); медициналық, көлік, туризм саласында қызмет көрсету.

Сот тəжірибесіне жүргізілген талдаулар тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы талаппен жүгінген істердің көпшілігі соттарда қанағаттандырылғанын байқатады. Бұдан біз тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатынын, құқықбұзушылардың ерікті түрде орындаудан бастартып, тек қана соттың шешімімен келтірілген шығындар өндірілетінін аңғарамыз.

Құқық қолдану тəжірибесінде жүргізілген талдаулар көрсеткендей, аталмыш құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер жүйесін қалыптастыру үрдісі аяқталған жоқ; нарыққа адам өміріне қауіпті тауарлардың, қызмет көрсетулердің енуінен тұтынушыларды қорғау үшін мемлекет тарапынан қолданылатын шараларды жетілдіру, күшейту қажет; жалпы барлық саланы қамтитын тұтынушылар құқығын түсіндіретін ақпараттандыру мен ағартушылық жүйесі қалыптаспаған, тауарларды тəуелсіз сараптау қызметі жүзеге асырылмайды.

Талқылаулар

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау — бұл өз құқықтарын қорғау жəне де бұл құқықтар кез келген адамға, оның қаржылық жағдайына қарамастан, қолжетімді болуы тиіс. Тек қана олар əрікімге қолжетімді болғанда тұтынушыларға жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетулердің ұсынылуына септігін тигізеді деп санаймыз.

Тұтынушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндіктері, өкінішке орай, əлі де қолжетімді емес деп атап өту қажет. Тұтынушы немесе қоғамдық бірлестік құқықбұзушыға кінə қойып жолдануы үшін, содан соң сотқа талап қоюы үшінтұтынушылардың құқықтарының бұзылу туралы жол берілетін, құжаттармен расталатын дəлелдемелер қажет. Ол үшін тұтынушыға (қоғамдық бірлестікке) қажетті сараптама жүргізу үшін, сондай-ақ сапасыз тауарды, өнімді немесе қызмет көрсетуді тұтынғаны үшін құқығының бұзылуын дəлелдеумен байланысты басқа да шығындарды жүргізуге мəнді материалдық шығыстар жұмсалатыны белгілі. Мəселен, 174 теңгенің көлемінде азық-түлік сатып алынып, кейін үйге апарған соң оның бұзылып кеткені анықталуы мүмкін. Қоғамдық бірлестікке жолданған жағдайда азық- түлікке СЭҚ маманы сараптама жүргізгені үшін тұтынушы кем дегенде 8000 теңге мөлшерінде сарапшылық шығынды өтеу қажет. Бұл жағдайда тұтынушы үшін қайсы жолы ыңғайлы — иə дүкенге қайтарады немесе жүкенде бүлінген азық-түлікті қайтып алудан бастартқан болса, оны қоқысқа лақтыруға мəжбүрлі. Сөйтіп, сатып алынған тауардың сапасыздығының дəлелдемесін алуға шығындалу тұтынушының мүмкіндігінен асып түседі. Бұған қоса уақыттың текке жұмсалуын, жұмыс орнына сұрануы себепті жалақысын жоғалтуы ықтималын ескеру қажет. Бұл қарапайым тұтынушы үшін бұзылған құқықтарын қорғау жолында еңсерілмейтін кедергі болып табылады. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер үшін де бұндай мүмкіндіктер берілмеген, себебі сараптама жол берілетін дəлелдеме ретінде сотпен қабылдануы үшін сапасыз өнімді (тауарды) комиссиялық бақылаумен сатып алу қажет. Ол үшін маман-сарапшылардың жол ақысын, сараптама жүргізу сыйақысын өтеу қажет. Бұл шығындар сатып алынған сапасыз тауардың құнынан көп мөлшерде асып түседі екен [10].

2010 жылға дейінгі қолданыста болған күші жойылған «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңның тиімді жақтары да баршылық болатын. Сапасыз тауар сатқаны үшін, сапасыз қызмет көрсеткені үшін оның құнын тұтынушыға өтеу отырып, сатушылар (қызмет көрсетушілер) қойылған талаптың құны мөлшерінде моральдық зиянды жəне айыппұлды өтеуге міндетті болатын. Сол себепті құқықбұзушылар уақытты созбай жəне қосымша моральдық зиян келтірмеудің амалы ретінде тұтынушылардың қойған кінəсін дереу қанағаттандыруға тырысатын. Бұл да бір тиімді құқықтық реттеу тетігі болған еді.

ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңның 42-б. сəйкес, тұтынушылар қоғамдық бірлестіктері тауар сатушыға (қызмет көрсетушіге) тек қана тұтынушының арызы бойынша бұзылған құқықтарды қалпына келтіру туралы жəне тұтынушыға келтірілген залалды еркіті түрде өтеу туралы кінə қойып жолдана алады. Егер 10 күн ішінде сатушы (қызмет көрсетуші) жауап бермесе немесе бас тартса, қоғамдық бірлестік сотқа талап қоюға құқылы. Тұтынушының мүддесі бойынша қоғамдық бірлестікпен қойылған талапқа баж салығы салынбайды. Ал егер де тұтынушы өзі дербес сотқа талап қоятын болса, онда ҚР АПК-нің 106-б. 3-бөлімі бойынша сот мемлекеттік баж төлеуді тиісті шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырады. «Шешім қабылданған кезде сот мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығыстарды шешім пайдасына шығарылмаған тарапқа жүктейді» [11] деп белгіленген. Демек, заңшығарушы тұтынушының өз құқықтарын дербес қорғауына кедергі келтіріп, қоғамдық бірлестікке жолдануға мəжбүрлеп отыр. Бұл бəрібір тұтынушының қоғамдық бірлестіктің шығындарын өтеу, сыйақысын төлеу міндетінен босатпайды.

Сот тəжірибесінде тұтынушы құқығын қорғау туралы істер қаралғанда көптеген іс жүргізу қиындықтары кездеседі. Бəрінен бұрын, тұтынушылар мен кəсіпкерлердің арасындағы дауларын қарау міндетті, алдын ала соттан тыс тəртібін заңдық тұрғыдан қарастырса, ол соттардың осындай шиеленістерді қараудағы жұмысын əжептəуір жеңілдетеді [12; 27].

Аталмыш пікір ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңында іске асырылған, заң тұтынушы құқығын сотта жəне соттан тыс алдын ала қорғау мүмкіндігін береді (41-б.).

Тұтынушының талаптарын соттан тыс қарау заңмен айқындалған, оның мақсаты дау тудырған екі тараптың дауларды өз келісімдерімен шешуге бағытталған. Ол бұзылған құқықты тез қалпына келтіріп, сот шығындарын төлеуден босатады.

Тұтынушының негізгі талаптарын өз еркімен қанағаттандыру — сатушының міндеті, дегенмен тұтынушының кəсіпкермен бұзылған құқықтарын қорғау туралы сотқа дейін қойған талаптары — оның құқықтары мен міндеттері емес. Сондықтан ол, өз қалауы бойынша, өзінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы талапты контрагентке қоя алады немесе тікелей сотқа оны алдын ала ескертпестен шағымдана алады. Сонымен қатар сатушыға (орындаушыға, өндірушіге) талап қою оны, егер, ол өз еркімен, орындаудан бастартса, сотқа шағымдану құқығынан айыра алмайды [13; 37]. Процессуалдық қызметінде тұтынушылардың дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігін пайдалану құқығы туралы заңдарды қолдану, оның мазмұнының толық еместігін білдіреді. Осы ережеге мұндай тəртіптің міндеттілігін енгізу өте орынды.

Тұтынушы нарығында қалыптасатын қатынастарға кең қолданылатын əдіс: бірінші тұтынушы кəсіпкерге шағымданады, егер де ол мəселе ерікті түрде шешілмесе, онда оның тараптары сотқа жолдана алады. Көп жағдайда жауапкер талап соттың өндірісіне қабылданып, қолына соттың шақыру қағазы мен талап арыз тигенде ғана өзінің жауапты екенін біледі. Ал бұл келіспеушілікті ерікті түрде орындауға да болады. Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама тəсілдерін: медиация, аралық сотта жəне төрелік сотта қарау тəсілдерін қолдану өз жемісін беретіні сөзсіз.

Талапкер істі негізі бойынша сотта қарастырып, сот шешімін шығаруды іштей қаламаса да, соттың тарапынан өз талабын қанағатандыру үшін соттың барлық сатыларында шағымдану арқылы, өз құқықтарын қорғауға мəжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушының талабы ерікті түрде қанағаттандырылуы əбден мүмкін.

Сот осындай дауларды шешудің соңғы құралы болуы керек. Жауапкерге соттан тыс шешу үшін дауды реттеуді көздеп, алдынала жолданбайынша, талапты сот өндірісіне қабылдаудың мағынасы жоқ деуге болады. Себебі əрбір нақты жағдайда кез келген талап өндірісінде нақты кез келген істің — құқық туралы дау немесе талапкер талабының заңдылығын дауламайды жəне оны ерікті түрде қанағаттандыруға дайын болуы туралы міндетті шарты бар екендігін байқау мүмкін емес [14]. Ұсынылып отырған іс жүргізу жаңалығының тиімділігі туралы қызметтері тұтынушылардың құқығын қорғаумен байланысты мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдардың жұмыс тəжірибесінен байқауға болады. Азаматтарға нақты үндеулер бойынша кəсіпкерлермен арақатынасындағы мəселелер бойынша кеңес бере отырып, ең алдымен, оларға жауапкерге шағымдануды, егер де жауап болмаса немесе тұтынушы қанағаттанбаса, сотқа шағымдануды ұйғарады.

Тағы бір іс жүргізу жаңалығы, зиян шеккен тұтынушылардың сотпен қорғалу құқығына мүмкіндік беретін, олардың талаптарын тез қарауға қысқа мерзімді сот өндірісінде қарастырылатын, ол бойынша шешімін қысқа да нұсқа түрлерін шығарып, шешімдерді тез арада орындау арқылы сот өндірісінің қарапайым тəртібін бекітуді қажет етеді [15; 38].

Мұндай ұсыныстар тек қана тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда, күрделі емес жəне аз мөлшердегі талап етілген соманы қарастыратын, тараптардың позицияларында қарама- қайшылықтардың жоқ болуы жөніндегі талаптарға қатысты, қосымша дəлелдемелерді жинақтау жəне зерттеуді қажет етпейтін жағдайларда, белгісіз тұлғаларға қатысты жауапкер əрекеттерін заңға қайшы деп тану қажеттілігі жоқ жəне мұндай əрекеттерді тоқтату жағдайында мүмкін.

Істің кейбір категориялары бойынша сот өндірісінің қарапайым тəртібін іс жүзінде енгізу бейбіт соттар институты туралы сөз қозғатады. Бірақ оны сот тəжірибесінде іс жүзінде жүзеге асыру объективті себептер бойынша əзірге мүмкін емес, сондықтан қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының АІЖК-не өзгерістер енгізу арқылы істі жеңілдеткен абзал жəне соның негізінде соттар деңгейінде сот өндірісінің қарапайым тəртібін құру қажет. Тіпті мұндай заңнама тəжірибесі ТМД-ның бірнеше елдерінде бар.

Қорытынды

Зерттеу тақырыбын қорытындылай келе, тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған қатынастарды құқықтық реттеуді күшейту қажеттігін анықтадық.

Сонымен, тұтынушылар құқықтарын қорғаудың өзекті мəселелерін қарастыра отырып, біз келесідей қорытындыларға келдік:

Тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы көп жағдайда тұрғындардың тұтынушы ретінде құқықтарын білмеуінен орын алатыны белгілі. Осыған орай тұрғындардың (тұтынушылардың) құқықтық сауаттылық деңгейін жоғарылату бойынша жүргізілетін шаралардың кешенін құру қажет.

Тұтынушылардың өзекті сұрақтарына жедел əрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» атауымен ақпараттық-коммуникациялық жүйе құру қажет, ол «Электрондық үкімет» порталымен байланысты болуы тиіс. Ақпараттық жүйе тұтынушылардан түсетін шағымдарды есепке алумен, мониторинг жүргізу айналысып, ең өзекті деген мəселелерді айқындап, оны шешу туралы ұсыныстарды Үкіметке жолдауға мүмкіндік береді. Жүйеде тұтынушыларға əкелуге жəне сатуға шектеулер қойылған сапасыз тауарлар, сертификаты бар тəркіленген тауар туралы, импорттау мерзімі, өндіруішісі, тауарды жеткізуші туралы мəліметтер таратылатын болады. Бұндай портал айналымдағы тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді.

  1. Тұтынушылардың заңмен кепілдік берілген құқықтары бұзылған жағдайда қалпына келтіру мүмкіндіктері қолжетімді емес, соттық шығындар сатып алынған сапасыз тауардың құнынан көп мөлшерде асып түседі. Сондай-ақ тұтынушылардың соттық нысанда қорғану мүмкіндігі де қолжетімсіз. Себебі ҚР АПК-нің нормалары тек қана қоғамдық бірлестіктер үшін мемлекеттік баж салығынан босату туралы жеңілдікті қарастырады (106-б. 3-б.). Сөйтіп, заң тұтынушының өз құқықтарын дербес қорғауына кедергі келтіріп, қоғамдық бірлестікке жолдануға мəжбүрлеп отыр.
  2. Тауарды өндіруші, сатушы мен тұтынушылардың арасындағы дауларды шешудің жалпы соттық тəртібімен бірге, дауларды реттеудің балама тəсілдерін (келіссөз жүргізу, медиацианы) қолдануға басымдық берілуі тиіс. Тұтынушы нарығында қалыптасатын қатынастарға кең қолданылатын əдіс: бірінші тұтынушы кəсіпкерге шағымданады, егер де ол мəселе ерікті түрде шешілмесе, онда оның тараптары сотқа жолдана алады. Көп жағдайда жауапкер талап соттың өндірісіне қабылданып, қолына соттың шақыру қағазы мен талап арыз тигенде ғана өзінің жауапты екенін біледі. Ал бұл келіспеушілікті ерікті түрде орындауға да болады. Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама тəсілдерін: медиация, төрелікте қарау тəсілдерін қолдану өз жемісін беретіні сөзсіз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V ҚРЗ [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000269.
  2. Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375.
  3. Қазақстандықтардың əл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/addresses/addresses_of_president/memleket-basshysy-nanazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-2018- zhylgy-5-kazan.
  4. Иневатова М. С января 2019 года будет усилен контроль за качеством некоторых товаров [Электронный ресурс] / М . Иневатова. — Режим доступа: https://astanatv.kz/ru/news/43998/.
  5. Скибан О. Комитет по контролю качества и безопасности товаров будет создан в Минздраве Республики Казахстан [Электронный ресурс] / О. Скибан. — Режим доступа: https://www.zakon.kz/4953932-komitet-po-kontrolyu-kachestva-i.html.
  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тəжірибесі туралы нормативтік Қаулысы. 1996 жылғы 25 шілде № 7 [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P96000007S_.
  7. Ильясова Г. А. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың соттық тəжірибесі / Г.А. Ильясова // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Право. — 2014. — № 4 (76). — С. 76–82.
  8. Обобщение судебной практики о рассмотрении судами гражданских дел за 2017 год // Источник: ИС «Параграф» www [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://online.zakon.kz.
  9. Романовская С.Ю. Защита прав потребителей / С.Ю. Романовская, С.П. Мороз. — Алматы: Кітап, 2019. — 258 с.
  10. Быковец Г.А. Правовое регулирование отношений в области защиты прав потребителей [Электронный ресурс] / Г.А. Быковец. — Режим доступа: https://www.zakon.kz/4622806-pravovoe-regulirovanie-otnoshenijj-v.html.
  11. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377.
  12. Корнилов Э. Практика применения законодательства о правах потребителей / Э. Корнилов // Российская юстиция. — 1998. — № 8. — С. 25–29.
  13. Корнилов Э.Г. Защита прав потребителей. Гражданско-правовые и процессуальные проблемы законодательства и судебной практики / Э.Г. Корнилов; науч. ред. В.М. Жуйков. — Иваново: Изд-во Иванов. гос. ун-та, 2008. — 176 c.
  14. Ярошенко К.Б. Комментарий судебной практики. Вып. 1 / К.Б. Ярошенко и др.; под ред. К.Б. Ярошенко; Ин-т законодательства и сравнительного правоведения при Правительстве РФ. — М.: Юрид. лит., 1994. — 96 с.
  15. Гражданское процессуальное право России: учеб. для вузов / отв. ред. М.С. Шакарян. — 2-е изд., испр. и доп. — М.: Былина, 2009. — 500 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.