Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық қызмет қылмыстық-құқықтық реттеу пəні ретінде

Зерттеудің мақсаты медициналық қызметті жалпы құқықтық жəне жеке қылмыстық-құқықтық реттеу механизмдерін анықтау болып табылады. Мақала медициналық қызмет көрсету саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуге арналған. Авторлар денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттеудің негізгі мəселесін анықтайды жəне оны шешу жолдарын ұсынады. Мақаланың əдістемелік негіздерін жалпы ғылыми, теориялық талдау, эмпирикалық зерттеу əдістері құрайды. Авторлар «медициналық көмек» ұғымының теориялық мəнін қарастырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес, медициналық саладағы құқықбұзушылық түрлеріне талдау жүргізді. Медициналық қызметті реттейтін заңнамамен қатар, медициналық қызметті көрсетудің тəртібін бұзғаны үшін жауаптылық мəселелеріне үлкен назар аударылған. Медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігін бағалау, тиісті қызмет түрлерін құқықтық реттеу бөлігіне кіретін денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін оңтайландыруда маңызды рөл атқарады. Мақалада медициналық қызметті реттеуге бағытталған ұлттық заңнаманың құқықтық нормаларына ерекше көңіл бөлінеді, нормативтік- құқықтық актілер топтарға бөлініп қарастырылды, соның негізінде емделушілердің құқықтарын қорғау бойынша қатынастарды құқықтық реттеудегі ақаулықтар мен қайшылықтар анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің құқықтық реттелуіне кешенді құқықтық тұрғыда талдау жүргізу, емделушілер құқығын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар əзірлеу болып табылады.

Кіріспе

Қазіргі уақытта жеке медициналық көмектің дамуына байланысты медициналық қызметті жалпы құқықтық жəне жеке қылмыстық-құқықтық реттеу мəселелері бірінші дəрежелі мəнге ие болды. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің саны үнемі өсуде. Кəсіби қызметтің өзге салаларынан айырмашылығы медицина күрделі ұғым болып табылады жəне терең талдау мен бағалауды талап етеді. Медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігін бағалау, тиісті қызмет түрлерін құқықтық реттеу бөлігіне кіретін, денсаулық сақтау саласын басқару жүйесін оңтайландыруда маңызды рөл атқарады.

Құқық теориясында құқықтық реттеу құқық нормаларының жəне басқа да құқықтық құралдардың адамдардың мінез-құлқына əсер етуі мен оларды реттеу мақсатында қоғамдық қатынастарды реттеуді білдіреді. Арнайы заңдық əсер ретінде ол субъектілердің құқықтық нормаларда нақты құқықтары мен міндеттерін, тиісті жəне ықтимал мінез-құлық туралы тікелей нұсқамаларымен, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу, анықтау жəне бекітуді талап етеді. Құқықтық реттеу саласына азаматтардың, қоғамның жəне мемлекеттің ең маңызды жеке мүдделері көрініс тапқан қарым-қатынастары кіреді. Денсаулық сақтау саласындағы қарым- қатынастар да солардың қатарына жатады десек қателеспейміз.

Зерттеудің мақсаты медициналық қызметті жалпы құқықтық жəне жеке қылмыстық-құқықтық реттеу механизмдерін анықтау болып табылады. Авторлар қойылған мақсаттарға қолжеткізу үшін келесідей міндеттерді белгіледі: медициналық қызмет жəне медициналық көмек түсініктерін беру, осы саладағы заңдарды жетілдіру, оны жүйелендіру бойынша, сондай-ақ оны қолдану тəжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар əзірлеу.

Əдістер мен материалдар

Мақаланың əдістемелік негіздерін жалпы ғылыми əдістер (талдау, синтез, дедукция, индукция, жалпылау, ұқсастық, абстрактіден нақтыға өту), теориялық талдау əдістері (жүйелік ыңғай, тарих пенлогиканың үйлесімділігі), эмпирикалық зерттеу əдістері (салыстыру, топтастыру, статистикалық талдау) құрайды.

Нəтижелер

Субъектілік құрам бойынша «медициналық қызмет» ұғымы, «медициналық көмек» ұғымына қарағанда, тар болып келеді, себебі ол тек кəсіби құрамдас бөлікті қамтиды. Медициналық қызметке берілген түсінікке сəйкес, медициналық қызметпен айналысуға жоғары немесе орта медициналық білімі бар, медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар жəне заңды тұлғалар құқылы. Заңның келтірілген ережесі бізге медициналық қызметпен айналысуға тек медицина саласындағы кəсіпқойлар ғана жіберілетіндіктен, медициналық қызметтің өзі де кəсіби болып табылады деп ұйғаруға негіз береді.

Сөйтіп, медициналық көмекті негізгі мақсаты денсаулықты сақтау жəне қалпына келтіру, диагностика жəне емдеу, сондай-ақ науқастарды күту жəне оларды оңалту болып табылатын медицина қызметкерлері жүзеге асыратын медициналық қызметтің түрі деп анықтауға болады. «Медициналық қызмет» жəне «медициналық көмек» ұғымдарының құқықтық мазмұны адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, аурулардың алдын алу мен емдеуге бағытталған тəжірибелік іс- əрекет ретінде медицинаның жалпы ұғымына сүйене отырып талдау қажет деген ойға келтіреді.

Сонымен, қолданыстағы заңнаманы талдау медициналық қызмет түрлерін, субъектілерін, əдістері мен тəсілдерін белгілеуге, сондай-ақ қызметтің өзге де аралас түрлерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Медициналық қызмет кез келген қоғамдық-пайдалы қызмет ретінде, негізінен, оң заңнамамен реттеледі. Қылмыстық-құқықтық реттеу қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті əрекет жасалған жағдайларда орын алады, алайда медициналық қызмет саласындағы қатынастар қылмыстық іс-əрекетті болғызбайтын мəн-жайлар туралы нормалармен регламенттелетіндіктен, белгілі бір мінез- құлыққа тыйым салуды белгілеу арқылы ғана тиісті қатынастарды реттеуді білдіреді. Азаматтық жəне əкімшілік құқықтан айырмашылығы, қылмыстық құқықта тек жеке тұлға ғана қылмыс субъектісі бола алады. Фармацевтикалық қызмет дəрілік заттар мен медициналық бұйымдар дайындау, сату айналысындағы қатынастарды қамтығанымен, қолданыстағы заңнаманы талдау фармацевтикалық қызметпен байланысты құқықбұзушылықтар медицина саласындағы құқықбұзушылықтар құрамына енетіндігін көрсетті.

Талқылаулар

«Медициналық көмек» ұғымын «медициналық қызметпен» салыстырғанда конституциялық институтқа жатқызуға болады, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясының 29-бабында еліміздің азаматтарының денсаулығын сақтауға ғана емес, сондай-ақ заңда белгіленген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға да құқығы бар деп анық көрсетілген [1].

Азаматтарға медициналық көмек көрсетуде құқықтық реттеуге кіретін қоғамдық қатынастардың пəнін анықтау үшін «медициналық қызмет» түсінігінің мəнін ашу қажет. «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабында медициналық қызметке келесідей түсінік берілген: «Медициналық қызмет — жоғары немесе орта кəсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кəсіптік қызметі». Ал медициналық көмекке «Халықтың денсаулығын сақтауға жəне қалпына келтіруге, сондай-ақ емделмейтін аурулардың ауыр белгілерін жеңілдетуге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дəрілік көмекті қамтитын кешені» деген түсінік берілген [2]. Дəл осы құқықтық нормада фармацевтикалық қызметке де анықтама берілген. Оған сəйкес фармацевтикалық қызмет дегеніміз ― дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, дайындау, көтерме жəне бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алумен (иеленумен), сақтаумен, əкелумен, əкетумен, тасымалдаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен, бөлумен, пайдаланумен жəне жоюмен, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етумен байланысты қызмет [2].

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 37-бабында медициналық қызметтің мынадай түрлері көрсетілген: медициналық көмек; зертханалық диагностика; патологиялық-анатомиялық диагностика; қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет; қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет; денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі менғылыми қызмет; денсаулық сақтау саласындағы сараптама. Көріп отырғанымыздай, медициналық көмекті заң шығарушы медициналық қызмет түріне жатқызған. Аталған Кодексте медициналық қызметпен қатар, медициналық көмектің келесі түрлерін бөледі: алғашқы көмек; дəрігерге дейінгі медициналық көмек; білікті медициналық көмек; мамандандырылған медициналық көмек; жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет; медициналық-əлеуметтік көмек [2].

Ал Кодекстің 44-бабында медициналық көмекті ұсынудың 7 нысанын көрсетеді: 1) амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитариялық көмек; консультациялық- диагностикалық көмек; 2) стационарлық көмек; 3) стационарды алмастыратын көмек; 4) жедел медициналық көмек; 5) санитариялық авиация; 6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек; 7) дəстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) [2].

Келтірілген тізім түпкілікті болып табылады, тиісінше медициналық қызметтің мазмұнын құрайтын жəне азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған өзге де қызмет түрлері медициналық қызметке жатқызылмайды. Жоғарыда айтылғандай, медициналық көмек медициналық қызметтің құрамдас бөлігі болып табылады, алайда фармацевтикалық қызмет шеңберінде іске асырылмайды.

М.А. Ковалевскийдің пікірінше, медициналық көмекті медиктер ғана тиісті түрде көрсете алады [3; 72].

Осылайша, субъектілік құрам бойынша медициналық көмек санаты кəсіптік жəне кəсіби емес медициналық көмекті қамтиды. Біріншісі нақты жағдайда нақты пациентке көрсетілетін тиісті қызметтер көрсету жəне жұмыстарды орындау бойынша медициналық қызметтің құрамдас бөлігі ретінде анықталуы мүмкін. Екіншісі медицина қызметкерлері болып табылмайтын адамдардың қызметін білдіреді жəне:

  • - балаларды қарапайым аурулар мен жарақаттардан емдеу, яғни өзін-өзі емдеу;
  • - созылмалы ауруы бар қарт туыстарына күтім жасау;
  • - медициналық қызметкерлер жағдайға байланысты мұндай көмек көрсете алмайтын төтенше жағдайларда алғашқы кəсіби емес медициналық көмек көрсету;
  • - əртүрлі субъективті себептерге байланысты науқастарды күтуді жəне оларды оңалтуды өз бетінше жүзеге асыратын басқа тұлғалардың қызметі [4; 36].

«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 31-бабында денсаулық сақтау жүйесі көрсетілген, олар мемлекеттік жəне мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторлары.

Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен жəне фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады. Ал Кодекстің 33–1-бабына сəйкес азаматтарға медициналық көмек базалық жəне қосымша көлемде ұсынылады делінген. Біздің елімізде медициналық көмекті азаматтар тегін жəне ақылы негізде алады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне: жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация; алғашқы медициналық-санитариялық көмек; амбулаториялық-емханалық көмек; стационарлық медициналық көмек; стационарды алмастыратын медициналық көмек; қалпына келтіру емі жəне медициналық оңалту; паллиативтік көмек (аурудың соңғы сатысындағы сырқаты дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда немесе үйдегі стационар нысанында дəрігердің басшылығымен көрсетілетін көмек) жəне мейірбике күтімі кіреді. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік жəне жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні жəне медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сəйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді. Аталған қызмет түріне қатысты заң шығарушы «жекеше медициналық практика» деген терминді қолданады. Ақылы медициналық қызметтер: пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының жəне денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық жəне емдік қызметтер көрсету; денсаулық сақтау ұйымының дəрілік формулярына енгізілмеген дəрілік заттармен емдеу; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу; тиісті жолдамасыз санаториялық емдеу; медициналық көрсетілімдерсіз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу; азаматтарды жұмысқа кіру жəне оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау; ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету; қосымша сервистік қызметтерұсыну; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады [2]. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі. Бұл жария қызмет түрлерінің қатарына жатады, себебі қажеттілікті қанағаттандыру бойынша бір жолғы сыртқы əрекет емес, өз кезеңдерімен жəне қатысушыларымен қызметтің құқықтық циклі болып табылады. Яғни оған көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен көлемін нормативтік айқындау, медициналық көмек көрсету мерзімдерін, медициналық жəне медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді жəне оларды төлеу тəртібін, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу жəне оның қолданылуын тоқтату тəртібін, тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті белгілеуін қамтиды. Аталған жағдайда туындайтын қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 387-бабымен жəне «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының нормаларымен реттелінеді. Шарттық қатынастардың пəні кəсіби медициналық көмектің сапасы мен мазмұны, емделушіні ақпараттандыру, дауларды шешу тəртібі болып табылады. Медициналық қызмет саласындағы шарттық міндеттемелерді бұзумен байланысты талап арыздар ҚР АК 349-бабының негізінде зиян келтірген тұлға жұмыс істейтін медициналық мекеменің атына беріледі. Азаматтық құқықбұзушылық белгілерінің бірі құқыққа қайшылық болып табылады, бұл тұрғыда медициналық мекеме қызметкерлерінің емдеу қызметін реттейтін заңға тəуелді актілерді бұзуы ретінде түсініледі. Бұл ретте тиісті қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі ерекшелігі зиян келтірушінің кінəсінің презумпциясы болып табылатынын атап өту қажет, бұл өзінің кінəсіздігін дəлелдеу ауыртпалығының болуын көздейді. Зиян келтірген адам қолайсыз салдардың алдын алу жəне, немесе оған жол бермеу жөнінде барлық шаралар қолданғанын дəлелдеуге тиіс. Əйтпесе азаматтық құқықбұзушылық құрамының қажетті белгілері болған жағдайда, талап-арыз қанағаттандырылатын болады. Осыған байланысты медициналық қызметкер жасаған іс-əрекеттерді құжаттамада тіркеу, қажетті шарттарды егжей-тегжейлі баяндай отырып, шарттар жасасу, ықтимал салдарларды түсіндіру маңызды мəнге ие. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 917-бабына сəйкес, азаматтардың денсаулығына заңсыз іс-əрекеттермен (əрекетсiздiкпен) келтiрiлген зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс [5].

Медициналық қызмет саласындағы əкімшілік құқықбұзушылықтар үшін жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар жауаптылыққа тартылады. Медицина саласындағы əкімшілік құқықбұзушылық түрлеріне медициналық көмек көрсету тəртiбiн, стандарттарын сақтамау жəне оны сапасыз көрсету (ƏҚбтК 80-б.), медицина қызметкерiнiң еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру қағидаларын бұзуы (ƏҚбтК 81-б.), медицина қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, дəрiлiк заттарды өткiзу қағидаларын жəне рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзуы (ƏҚбтК 82-б.), шығындарды өтеу қағидаларын бұзу (ƏҚбтК 237-б.), заңсыз медициналық жəне (немесе) фармацевтикалық қызмет (ƏҚбтК 424-б.), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу (ƏҚбтК 425-б.), фармацевтикалық қызметтің жəне дəрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу (ƏҚбтК 426-б.), денсаулық сақтау саласындағы анық емес жарнама (ƏҚбтК 428-б.), медициналық, фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беру құжаттарын алу кезiнде көрiнеу жалған мəлiметтер мен ақпарат беру (ƏҚБтК 432-б.), денсаулық сақтау субъектілерінің уəкілетті органдарға хабарлау жөніндегі міндеттерді бұзуы (ƏҚбтК 433-б.) жатады. Əкімшілік жауапкершілік құқықбұзушыға жоғарыда аталған əрекеттер үшін айыппұл, ескерту, маман сертификатынан айыру (ƏҚБтК 82-б. 2-т., 424-б. 3-т., 5-т., 433-б. 2-т.), əкiмшiлiк құқықбұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстер мен өнімдер тəркiлену (ƏҚБтК 425-б. 2-т., 426-б. 4-т.), қызметті тоқтата тұру (ƏҚБтК 425-б. 2-т., 426-б. 3-т.,), фармацевтикалық қызметке арналған лицензияның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға (ƏҚБтК 426-б. 2-т.) түрінде көзделген əкімшілік жаза қолданудан көрінеді.

Медициналық қызмет саласындағы құқықбұзушылықтар үшін əкімшілік жəне қылмыстық жауапкершілік ортақ сипатқа ие, құқықтың екі саласының тиісті нормалары адам денсаулығын сақтауға жəне қызметтің көрсетілген түрлерін жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық тəртібін бұзбауға бағытталғанын білдіреді. Сонымен қатар қылмыстар əкімшілік құқықбұзушылықтан бірқатар қасиеттермен ерекшеленеді. Негізгі айырмашылықтары — қоғамдық қауіптілік жəне құқыққа қайшылықтың түрі. Əкімшілік құқықбұзушылықтың, əдетте, қоғамдық қауіптілік белгісі болмайды, бұл заңды анықтауда тиісті белгінің жоқтығымен расталады [6; 549].

Əкімшілік-құқықтық жауапкершіліктің басталуы белгілі бір ауырлық дəрежесіндегі денсаулыққа зиянды келтірумен байланысты емес (ƏҚБтК 424-б.), яғни медициналық жəне (немесе) фармацевтикалық қызметті тиісті сертификатсыз жəне (немесе) лицензиясыз жүзеге асыру. Ал, өз кезегінде, ҚР ҚК 322-б. бойынша жеке медициналық тəжірибемен немесе жеке фармацевтикалық қызметпен айналысу қылмыстық заңда көрсетілген салдар (денсаулыққа ауырлығы орташа немесе ауыр зиян не болмаса абайсызда адам өлімі) болған жағдайда қылмыстық жауаптылық туындайды.

Медициналық қызметті қылмыстық-құқықтық реттеу мəселесі қылмыстық құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеу қабілеті туралы сұрақпен тікелей байланысты, ол заң əдебиетінде көбінесе азаматтық, отбасы, еңбек, жəне т.б. құқық салаларымен байланыстырылады [7; 25].

Келтірілген көзқарасты жақтаушылардың пікірі бойынша, қылмыстық құқық «қорғау» бағытындағы салалардың қатарына жатады, ол тиісінше, қоғамдық қатынастарды реттей алмайды. Сұрақтың кең библиографиясының болуы бізге зерттеу пəні шеңберінде көрсетілген көзқарас бірнеше рет сындарлы сынға ұшырағандығын жəне заңгерлердің басым көпшілігі қылмыстық құқықтың өзінің мазмұны бойынша тар жəне кең түсіндірмесі бар жеке реттеу пəні бар екенін мойындайды. Бірінші жағдайда қылмыстық құқық қылмыстық əрекет жасау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай қатынастар шеңбері қылмыстық жазаланатын əрекеттер тізбесімен жəне оларды жасағаны үшін жауапкершілікті анықтаудан тұрады. Екінші көзқарас бізге неғұрлым дұрыс болып табылады, өйткені қылмыстық құқық мəніне екі қатынастар тобы кіреді: мемлекет пен қылмыстың барлық белгілеріне ие əрекетті жасаған тұлға арасында туындайтын жəне реттеуші, құқықты белгілейтін нормалар негізінде қалыптасатын, азаматтарға қажетті қорғаныс, аса қажеттілік кезінде зиян келтіру құқығын беретін жəне т.б.

Кінəсі болмаған кезде (мысалы, азаматтық құқықтағыдай) қылмыстық құқықта жауапкершілік жоқ. Сонымен қатар қылмыстық жауаптылықтың туындауын болдырмайтын жағдайлар да бар (аса қажеттілік пен негізді тəуекел ету кезінде зиян келтіру).

Қорытынды

Осылайша, кəсіби медициналық көмек көрсету саласындағы құқықбұзушылықтар үшін заңды жауапкершілікті көздейтін құқық нормаларын талдау тиісті қызмет кешенді құқықтық реттеудің пəні болып табылатындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кəсіби жауапкершілігін кепілдендіру жүйесін енгізу мəселесі кеңінен талқылануда. 2017 ж. «Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру туралы» Заңның жобасы да даярланған болатын. Кепілдендіру əдісі тек келтірілген зиянды өтеуге ғана емес, сондай-ақ зиян келтірудің алдын алу (медицина қызметкерлерін оқыту жəне біліктілігін арттыру), пациенттерді диагностикалау мен емдеудің клиникалық стандарттарын əзірлеу, медициналық көмек көрсету сапасының стандарттарын əзірлеу жəне енгізу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Статистикалық деректерге сəйкес, ҚР ҚК 317-б. бойынша (1997 жылғы ҚР ҚК-нің редакциясындағы 114-б.) 2013 ж. — 411, 2014 ж. — 407, 2015 ж. — 476, 2016 ж. — 421, 2017 ж. — 176; 319-б. бойынша (1997 ж. ҚР ҚК-нің редакциясындағы 117-б.) 2013 ж. — 7, 2014 ж. — 5, 2017 ж. — 1; сотталды: 317-б . бойынша (1997 ж. ҚР ҚК-нің редакциясындағы 114-б .) 2013 ж . — 2 (бас бостандығын шектеу), 2014 ж. — 12 (бас бостандығын шектеу — 6, шартты түрде басбостандығынан айыру — 2, айыппұл — 2, белгілі қызметпен айналысу –1, рақымшылыққа байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды –1), 2015 ж. — 2 (қоғамдық жұмысқа — 1, шартты түрде бас бостандығынан айыру — 1), 2016 ж. — 16 (бас бостандығын шектеу — 2, бас бостандығын шектеу — 7, шартты түрде бас бостандығынан айыру — 3, айыппұл — 1 (381960 теңге мөлшерінде), рақымшылыққа байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды –3); ҚР ҚК-нің 319-б. бойынша 2017 ж. — 1 (бас бостандығын шектеу — 1). «Əкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 80-б. сəйкес (Медициналық көмек көрсету тəртiбiн, стандарттарын сақтамау жəне оны сапасыз көрсету), 2013 ж. 300 əкімшілік құқықбұзушылық жағдайлары, 2014 ж. 286 əкімшілік құқық бұзушылық жағдайлары жəне 2015 ж. 293 əкімшілік құқықбұзушылық жағдайлары тіркелді [8].

Көріп отырғанымыздай, медициналық құқықбұзушылықтарды жəне сот істерін тіркеудің өсуі байқалады, бұл зиянды өтеудің қанағаттандырылған талап қоюлары бойынша медициналық қызметкерлерімен жəне ұйымдарымен емделушілерге өтемақы төлеудің күтілетін ұлғаюымен негізделеді.

Сол себептен, медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне міндетті түрде кепілдік беру туралы сұрақты көтеру дұрыс əрі тиімді. Медициналық маманның немқұрайлы іс- əрекеттері нəтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіруі «дəрігерлік қате», «медициналық қате» жəне т.б. атаулармен белгілі. Алайда аталған іс-əрекетті сипаттайтын түсінік Қазақстан Республикасының ешбір заңнамасында берілмеген. Ал заңнамада тікелей түсініктің болмауы бұл істерді қарастыруда қиындықтар туғызатыны анық. Берілген атауға қатысты «Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру туралы» Заңының жобасында «кəсіптік қателік», «адал қате», «медициналық қате» деген əртүрлі нұсқалары ұсынылып түсінік берілген. Мысалы «Кəсіптік қателік деп пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге бағытталған тікелей немесе жанама (немқұрайлылық, ұқыпсыздық) ниет болмаған жағдайда, медицина қызметкерінің адал ниетті адасуы» деген түсінік берілген [9]. Біздің ойымызша, берілген түсінік аталған сөздің мазмұнын толық ашпайды, сол себептен біз келесідей түсінік беруді ұсынамыз: «Медициналық қате дегеніміз ― медициналық маманның кінəсына қарамастан, пациентке медициналық көмек көрсету кезінде оның денсаулығы немесе өміріне зиян келтіруге əкеп соққан əрекет немесе əрекетсіздігі».

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру туралы Заңның қабылдануы келесі мəселелердің шешілуіне жəрдемдеседі:

  • - дəрігердің немесе емдеу мекемесінің қате əрекеттерінің нəтижесінде пациентке келтірілген материалдық сипаттағы зиянды өтеу;
  • - кепілдік берудің екі жаққа тиімді жаңа жүйесінің пайда болуына жəне оның одан əрі қарай дамуына;
  • - медицина қызметкерлерінің мүліктік мүдделерін қорғалуына;
  • - азаматтардың денсаулығына келтірілген зиян үшін өтем алу құқықтарын қорғауға.

Зерттеу нəтижесінің қорытындылары мен ұсыныстары медициналық қызмет көрсету кезінде туындайтын қатынастарды құқықтық реттейтін ұлттық заңнамалардың тиімділігін арттыру мəселелерін одан əрі зерттеуде, сонымен қатар заңшығарушылық пен құқыққолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қaз aқcтaн Pecпубликacының Кo нcтитуцияc ы. 30.08.1995 ж. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/K950001000.
  2. Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K09000019.
  3. Ковалевский М . А. Правовые проблемы оказания платной медицинской помощи / М. А. Ковалевский // Кодекс-инфо. — 2002. — № 9. — С . 72–76.
  4. Дроздова А.В. Понятие медицинской услуги как гражданско-правовой категории / А.В. Дроздова // Сиб. юрид. вестн. — 2004. — № 3. — С . 36–38.
  5. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім). Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Кодексі [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/
  6. Бахрах Д.Н. Административное право: учебник / Д.Н. Бахрах, Б. В. Россинский, Ю. Н. Старилов. — М.: Норма, 2007. — 650 с.
  7. Кленова Т.В. Основы теории кодификации уголовно-правовых норм / Т.В. Кленова. — Самара: Самfh. ун-т, 2001. — 256 с.
  8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сайтының деректері [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup.
  9. Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлерінің кəсіптік жауапкершілігін кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: https://crbpanfilov.kz/index.php/kz/bas-m-zir/10-zha-aly-tar/90-aza-stan-respublikasynda-meditsina-yzmetkerlerini-k-siptik- zhauapkershiligin-kepildik-beru-turaly-aza-stan-respublikasyny-za-y-zhobasyny-t-zhyrymdamasy.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.