Мақалада «Дизайн» мамандығында заманауи технологияларды білім мазмұнына ендірудің педагогикалық-практикалық негіздері мен жүзеге асырылуы сұрақтары қарастырылды. Жеке тұлғаға бағытталған жағдайында оқыту үрдісінде заманауи технологияларды пайдалануда педагогикалық мақсаттар анықталды. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, құрылымына, оқу материалының мазмұнына жəне оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың талаптары айқындалды. Мамандық пəндерінің мазмұнында жаңа технологияларды пайдалану базасында көркем мəдениет ерекшеліктеріне назар аударылады. Көркем өнер, көркем мəдениет, көркемдік таным мен шығармашылық білімнің дизайн өнеріндегі мəні ерекшеленді. Инновациялық технологияларды ақпараттық бейіндегі мамандарды даярлау барысында қолдану мүмкіндігі сипатталған. Инновациялық сабақтарды ұйымдастыру əдіс-тəсілдері мазмұндалды. Білім алушылардың көркем мəдениетін қалыптастыруда проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер-ойындар, ақпараттық технологияды қолдануға болады. Сондай-ақ тəжірибелік эксперимент жұмыстарының қорытындысы берілген.
Болашақ дизайн мамандарын даярлауда, олардың жалпы танымын, құзыреттілігін дамытатын, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын оқу түрлерінің, техникалық- технологиялық құралдарды қолдану маңызды шарттардың бірі. ҚР Бiлiм берудi дамытудың 2011– 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының мақсатының бірі ... білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжеткізуін қамтамасыз ету [1]. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» [2]. Бiлiмге негiзделген экономика жəне қоғам, өмiр бойы оқыту – бəсекеге қабiлеттiлiк пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудiң, əлеуметтiк бiрлiктi, тең мүмкiндiктер мен өмiр сапасын жақсарту тəсiлдерi болуы тиiс. Сондықтан білім беру көпдеңгейлі, кадрлар даярлау сапасы халықаралық талаптарға сəйкес қамтамасыз етілуі, көркем мəдениет негізінде болашақ дизайн мамандарын дайындау маңызды:
- – көркем мəдениет тұрғысынан маңыздылығы маманның жеке тұлғасы мен қызметіне деген осы заманғы объективті талаптармен сипатталады;
- – жоғары мектептің педагогикалық үдерісінде жалпы жəне кəсіби деңгейін көтеретіндей бағыт- бағдар беру қажеттігін тудырады. Міне, осындай талаптар тұрғысынан жоғары білім берудің мəн- мазмұнын қайта пайымдау, пəндерді оқытудың тұжырымдамалық негіздерін талдап жасау қажет.
Бүгінгі этномəдени дамудағы негізгі орын алатыны – ол ғылым мен мəдениеттің дамуына байланысты мəселе. Қоғамдағы жалпы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен қатар, білім беру саласында да жаңа бағыттарға бет бұрды. Соның айғағы батыста кеңінен қолданылып келе жатқан көпсатылы білім беру саласы көп тəжірибе жинақтағаны белгілі. Сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесіндегі көпсатылы деңгейі жеке тұлға мен қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастырады жəне оны дамытудағы стратегиялық басылымдылықтарды белгілейді, əлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырады. Сондай-ақ маман кадрларды даярлаудың халықаралық білім үлгісіне жақындатуға мүмкіншілік жасайды. Демек, алдағы міндет — көпсатылы білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологияларды жобалап, оқу процесіне енгізу.
«Педагогикалық технология дегеніміз — тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның бөлігі ғана», — деп көрсткен В.Беспалько [3].
Педагогикалық технология «оқу технологиясы», «білім технологиясы» деген ұғымдарымен баламаланған. Жоғары оқу орындарында мамандар даярлауда педагогикалық технология, білім берудің жаңа технологияларын енгізу проблемаларын (В.П. Беспалько, М.В. Кларин, В.Н. Монахов, педагогикалық технологияларды пайдалана білуге даярлау мүмкіндіктерін Қ.Қабдықайыров, Ж. Қараев жəне оның теориялық негіздерін Б.С. Гершунский, М.В. Николаева, С.В. Панюкова, Г.Д. Жангисина, В.А. Трайнев, Е.С. Полат, Н.А. Морева, Г.В. Лаврентьева, Г.К. Нургалиева, Е.Ы. Бидайбеков, Г.З. Халықова) ғалымдар өз зерттеулерінде кеңінен қарастырған.
Білім беру саласында жаңа технологияны қолдану мəселесі мен оқытудың педагогикалық жаңа технологияларын оқу үдерісінде əртүрлі жаңашыл технологияны енгізуге бағытталған оқу технологиясын қолдану ерекшеліктері ғалымдар еңбектерінде мазмұндалған. Осыған сəйкес болашақ дизайн мамандарын көркем мəдениет негізінде дайындаудың тұжырымдамасы құрастырылып, іс- тəжірибеден өткізілді.
Оқу үдерісінде жаңа технологияларды еңгізу жəне оқытуда көркем мəдениет пен шығармашылық психологияны қолдану жөніндегі зерттеу бірқатар мəселелер жайлы айтуға мүмкіндік береді:
- – білім мазмұнының жаңа ғылымдармен, басқа пəндермен байланысының жан-жақтылығы;
- – көркем мəдениетті оқытуда қолданудың технологиясының толық зерттелмеуі;
- – оқу-əдістемелік жəне электрондық құралдардың тапшылығы, болған жағдайда қазақ тілінде аз мөлшерде болуы т.б.
Жаңа технологияға көшу бүгінгі жоғары кəсіптік білім беру салаларына көшу əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру арқылы жаңа өмірдің керегіне асатын, қоғам сұранысын қанағаттандыратын болашақ дизайн мамандарын дайындауға болатындығын, ол үшін дизайн өнерінде көркем мəдениетті жүзеге асыру, көркем мəдениетке баулу мəселелеріне көңіл қою білім берудің негізгі мақсаттарының біріне айналды.
Пəн мазмұнында жаңа технологияларды пайдалану базасында көркем мəдениет негізінде болашақ дизайн мамандарын дайындауға назар аударылады.
«Дизайн» мамандығында пəндерді оқытуда көркем мəдениет негіздерін қолдану – қоршаған орта, дүниені, əлемдегі өмір шындығын көркемдік тану деп түсіндірілді. Көркемдік тану шығармашылық іс-əрекетте танылады жəне оқытуда «мəдениет», «өнер», «дизайн өнері», «көркем мəдениет», «көркем мəдениетте дизайн өнерінің қалыптасуы» «əлемнің көркемдік бейнесі», «шығармашылық психология», «көркем мəдениет негіздерін оқыту технологиясы» ұғымдары қолданылды.
Көркем мəдени білім берудегі мақсат: болашақ дизайн мамандарының дизайн өнері саласында жеке тұлғалық қасиеттерін, өзіндік танымдылығын, болашақ кəсібіне қызығушылығын, іскерлігін, жасампаздығын, өнер туындыларын жасаудағы шабытын, ниетін, тағы басқа қасиеттерінің қалыптасып артуына мүмкіндік жасау. Біріншіден, бүгінгі білім беру жүйесінде білім алушыларға белгілі бір кəсіп игертуде осы мамандық түлектері жарнамалық агенттігінде, қала безендіруде, басылымдарда, құрылыс компанияларында, киім ательесінде жəне т.б. орындарында суретші- дизайнер маманы болумен қатар, өнертанушы, экскурсовод, мұражайтанушы, киім дизайнері, сəулет дизайнері, графика дизайнері, безендіруші-дизайнер, оқу шебері, технолог, кітап безендірушісі бола алатынына мүмкіндік тууына жағдай жасалу қажеттігі де ескерілуі қажет. Екіншіден, республика бойынша ғылыми негізделген ортақ оқу-əдістемелік жүйеде нақты дизайн мамандарына арналған тиімді оқыту əдістері мен педагогикалық жаңа технологиялар енгізуге мүмкіндік болады. Сол себептен, көркем мəдениет негізінде дайындауда құрылған пəндер тізімінің ролі өз орнына, оны оқытуда жаңа педагогикалық мəдени технологиялар керек болды. Ол технологиялар пəндер ретінде оқу жоспарларында орын алды жəне соған байланысты педагогикалық негіздерді анықтауға болады.
Бұл мəселелерді шешу дизайн мамандарының жоғарғы оқу орындарындағы көркем мəдени білім алуынан туындайды. Себебі білім алушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның көркем мəдени шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектептегі педагогикалық процесті сауатты басқаруына байланысты. Болашақ дизайн мамандарын дайындауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жоғары мектептегі мамандарды дайындаудағы негізгі талаптардың бірі.
Біздің зерттеуіміздің пəні жоғарғы оқу орнында дизайн мамандарын дайындауда болашақ мамандардың көркем мəдениет негіздерін игеру болғандықтан, алдымен көркем өнер, көркем мəдениет, көркемдік таным мен шығармашылық, білім сияқты мəселелермен қатар, сол көркем мəдениеттің дизайн өнеріндегі мəнін қамтамасыз ететін білім мен біліктілік, оны беретін технология керек.
Жоғарыдағы ғалымдар еңбектеріне сүйене отырып, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісінде жиі қолданылатын жаңа технологиялардың түсініктерін талдау негізінде анықталған түрлерін көрсетуге болады. Олар: білім беру технологиялары; заманауи білім беру технологиялары; білім берудің интерактивті əдістері; білім беру мазмұнында компьютерлік технологиялар жүйесі; мультимедиалық технологиялар; ақпараттық, білім ортасына байланысты түсініктемелер.
Біздің зерттеу мақсатымызға орай көркем мəдениет негізінде дизайн мамандарын дайындайтын жоғарғы оқу орындарында бұрыннан қалыптасқан дəстүрлі сабақ беру əдістеріне жаңа технологиялардың əдістемелерімен толықтыруға мүмкіндік туып отыр. Осы орайда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дизайн жəне инженерлік графика кафедрасында болашақ дизайн мамандарды даярлау процесінде ғылыми жəне əдістемелік негіздерде біраз жұмыстар атқаруда. Зерттеуімізде жаңа технологияны қолдануды біз кестеге сəйкес топтастырдық. Зерттеу барысында 5В042100 – «Дизайн» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы басшылаққа алынды [4].
Кесте Болашақ дизайн мамандарын дайындауда білім мазмұнындағы көркем мəдениет негіздерін игеруде жаңа технологияларды қолдану мазмұны
Көркем мəдениет негіздерін игеруде жаңа технологияларды қолдану мазмұны |
Пəн атауы |
Курс, семестр |
1. Ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі бағыттарын қолдану 2. Графиктік қолданбалы бағдарламаларды қолдану 3. Мультимедиалы құралдарды қолдану 4. Комуникативтік оқу бағдарламаларын қолдану (электронды оқу құралдарын қолдану) 5. Интерактивті тақталарды қолдану 6. «Образдарды тану» 7. Презентация элементтерін қолдану |
Композиция пəнінде: Жазықтықтағы композициялардың тұрғызу типтері Композицияның негізгі ережелері мен əдістері Компьютерлік графика Өнер тарихы: Өнер тарихы дамуының негізгі кезеңдері; ең танымал суретшілер шығармашылығы. Көркем мəдениет тарихы Шығарманы қабылдау жəне талдау Көркем мəдениет негіздері Инженерлік графика: Аксонометрия, кешен сызбаларын тұрғызу; сызбаны түрлендіру əдістері Түстану: жобалық тапсырмаларды орындау барысында |
2 курс 3 семестр 2 курс 3 семестр 1 курс 1 семестр 3 курс 5-6 семестр 1 курс 1 семестр 1 курс 2 семестр |
Сонымен, осы аталған технологиялардың түрлерінде «Дизайн» мамандығында оқытылатын пəндер мазмұнын көркем мəдениет негізінде дайындауда өз тиімділігін, нəтижесін беретін инновациялық сабақтарды ұйымдастыру формасы жағынан сұрыптап, бірнеше топтарға бөліп алдық. Олар:
- – ойын сабақтары: түрлі тақырыптағы сайыстар, іскерлік ойындар, викториналық сұрақтар;
- – кəсіби бағдар берудегі өнер туындыларын талдау жүргізуге негізделген сабақ формалары;
- – дəстүрлі емес сабақ формалары: шеберлік сабақтары, көрме, суретшілікке қабылдау кештері, өнер (шабыт) фестивальдары, өзін-өзі тану сабақтары;
- – мəдени мұраны насихаттауға, жүзеге асыруға арналған сабақ түрлері: мəнжазба жазу, эскиз суреттер салу, бейнебаяндар дайындау.
Осы тұста жаңа технологияны жүзеге асыру мақсатында көркем мəдениет негізінде білім берудің интерактивті технология əдісін қолдану жолдарын қарастырдық.
Интерактивті технология ағылшын тілінде «іпіеgгаtіоп» — өзара əрекет деген мағынаны білдіреді. Интерактивті оқу — окушының оку ортасымен өзара карым-катынасы, əрекеттесуі аркылы оқу. Мұнда оқытушы консультант болады. Оқытушы міндеті — тұлғаның өзін-өзі жұмсауын жүзеге асыруға; білім алушылардың бастамасын; проблеманы өз бетінше шешуге; жаңа мəліметтер жинауға жағдай жасау.
Интерактивті оқытуда желілік технологиялар пайдаланылады. Қолданылатын кұралдар: интерактивті ресурстар мен материалдар; электронды кітапханалар; оқыту материалдары мен курстар; бейнеконсультациялар, талқылаулар, чаттар; видеочаттар (бейнечаттар).
Интерактивті технология — оқыту үдерісінің бір бөлігі. Интерактивті окыту окушылар мен ұйымдардың тілектеріне бірден-бір жауап берсе ғана, тиімді болмак. Егер ұйым аймактық келтірілген окушыларды ұзақ оқыту керек болса, онда аталмыш технология пайдаланады.
Интерактив əдістемесін жүзеге асыруда көркемдік бағыттағы педагогикалық мамандықтардың студент-практиканттарына арналған «Интеллектуалдық ойын сабақтар» атты оқу-əдістемелік құрал құрастырылды. Оқу-əдістемелік құрал қазақ қолданбалы өнерін оқытуда интерактив əдістемесін қолданудың мəнін ашуда мына міндеттерді алға қояды:
- – болашақ дизайн мамандарының ұлттық дүниетаным жөніндегі білімдерін толықтырып, түсініктерін кеңейту;
- – қазақ көркем мəдениетіндегі зат жəне рəміздік белгілердің көрініс алуын анықтау;
- – қазақ бейнелеу өнеріндегі аға, орта, соңғы буын шығармаларын саралау арқылы өздігімен атқаратын шығармашылық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқытудың интерактивті жүйесі — оқытушы білім алушымен оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас əрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, интерактивті тақта — мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі. Бұл білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге жəне оны компьютермен басқаруға тағайындалған əмбебап интерактивтік жүйе, AСTIVstudio бағдарламасы арқылы іске қосылады. Жаңа сабақты түсіндіруде флипчарттың бетті өңдеу аспабының көмегімен бейне VTS_01 /бейнефайл/ гиперсілтемесі арқылы фильмдерден үзінді көрсетіледі. Сондай-ақ оқушылар сабақ барысында интернет желісі арқылы www.googie.kz сайтынан автор туралы ақпаратармен танысып, жазушының суретін камера аспабы арқылы суретке түсіріп алады. Автоқалам көмегімен тақтағы тапсырмалар орындалады. Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлерді салыстыру, «Екіжақты пікір бөлісу» стратегиясы бойынша даттаушы жəне жақтаушы болып кейіпкерлердің мінездеріне сипаттама, шығармадан үзінді бойынша кейіпкерлерді тауып кестеге толтырады [5].
«Дизайн» мамандығында оқытылатын базалық пəндердің бірі «Өнер тарихы» атты пəнінде əлемдік өнер дамуының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберінде бағыт алуы, өнердегі негізгі стилистикалық бағыттарын ұғыну мəселелері жан-жақты қарастырылады. Атап айтсақ, курс дүниежүзінің өнертануын зерттеуден басталады. Алғашқы қауымдық өнер адамзат тарихы мен мəдениетінде маңызды роль атқарады. Ежелгі, орта, қайта өрлеу, Қазақстан өнерінің өзіндік ерекшеліктері анықтайды. Оқытушы мұндай тақырыптар төңірегінде дəріс беруде интерактивтік сабақтар мүмкіндігін пайдалану қажет. Ол мүмкіндіктер білім алушылардың жалпы шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту, мамандық бойынша дайындықта теориялық базасын толықтыру, өнертану жинақталған материалдардан кең жүйелі білім алуын көздейді. Осы тұрғыда базалық жəне кəсіптендіру пəндер сабақтастығы арқылы кəсіби бағдар берудегі ғылыми, публицистикалық, көркем əдеби стильдерін меңгеруде түсіндірме, талдау жүргізуге негізделген сабақтың түрлі формаларын өткізу көзделеді.
Осы мəселелерді жүзеге асыру негізінде «Дизайн» мамандығында білім алушылардың көркем мəдениетін қалыптастыруда проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер- ойындар, ақпараттық технологияны пайдалану, тағы басқа əдістерін қолдануға болады. Басты мақсат: жаңа педагогикалық технологиялар, оның ішінде ақпараттық технологиялар болашақ мамандардың көркем мəдени-шығармашылық қабілетін, бейнелеу үдерісінің құрылымын жəне теориялық негіздерін, көркем мəдени көзқарастарын, байымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамыту. Осы мақсатта төмендегі келтірілген міндеттерді шешуге болады:
- – ақпараттық технология барысында электронды оқулықтардың мазмұны мен құрылымын жəне онымен жұмыс жасау барысын студенттерге түсіндіру;
- – студенттерді əр түрлі көркем материалдарды өңдеудің дəстүрлі тəсілдерінде сəндік бұйымдар жасауға, олардың теориялық негіздерін зерттеуге дағдыландыру;
- – оқыған материалына талдау жасауына, абстрактілі ойлауына жəне олардың шығармашылық қалыптасуларына əсер ету;
- – аталмыш технологиялар арқылы білім алушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттырады.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында оқытушының біртұтас оқу-тəрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, білім алушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы жəне сабақтың нəтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Осы бағытта болашақ дизайн мамандарына шығармашылық ептілікті, белсенділікті, шығармашылық-ізденушілікті дамыту қажет. Оған болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық əдіс-тəсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен жəне жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.
Көркем мəдениет негізіндегі жаңа технологияларды қолдану болашақ дизайн мамандарын дайындауда зияткерлік, эмоциялық, жігерлік, сипаттамаларына ие болады. Бұл көркем мəдениет негізінде мамандық пəндерін оқытуда төмендегі мəселелерді жүзеге асырады:
- – көркем мəдениет тарихы мен дамуындағы білім мен білікті, дағдылық пен кəсіби шеберлікті меңгеру талаптарынан, сол көркем мəдениеттің теориялық мəнін игерсем деген ниеттен;
- – өз мамандығы бойынша тəжірибеде толық қолдана алатын практикалық-танымдық талаптарды туындатар ғылымның философиялық негізімен шектес көркем мəдени білімдерді білсем деген шығармашылық ниет талаптарын қанағаттандыратын қызметінен туады.
Сонымен, болашақ дизайн мамандарын дайындауда көркем мəдениеттің мүмкіндіктерін қолдануда, өмір талаптары болып отырған əртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану маңызды мəселе.
Əдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасында Бi лi м берудi дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы // Егемен Қазақстан. — 2011. — 3–5-б.
- ҚР «Білім туралы» Заңы. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: kguti.kz/kz/30-kazakh/normativnye- dokumenty/107.
- Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения / В.П. Беспалько. — М.: Изд- во Ин- та профессионального образования МО России, 1995. — С. 57–59.
- Типтік оқу бағдарламалары. 5В042100 — «Дизайн» мамандығы бойынша. — Алматы, 2016. — 266 б.
- Филинова Н. А. Разработка дидактических материалов с использованием интерактивной доски / Н. А. Филинова. — Караганда, 2013. — 75 с.