Мақалада əлемдік тəжірибемен қатар, Қазақстандағы бастауыш сыныптағы көптілді білім берудің сипаты мен ролі қарастырылған. XXI ғасыр білім беру кеңістігінің жаңа парадигмалармен өзгеруі мен жаңаруы белсенді өтуде, білімінің құрылымы мен функциясы, сол сияқты білімнің мазмұны мен оқытудың технологиясы жаңа сипаттамаларға еніп отыр. Қазақстан Республикасының көптілді мемлекет ретінде дүние жүзіне танылуы мен үштілді білім беруде жинақталған тəжірибе мен мəселелердің алуантүрлілігі, əсіресе тілдерді оқыту барысындағы туып отырған ерте жастан оқыту мəселелері елімізде көптеген пікірталастарға əкелуде, мақалада ерте жастан оқытудың жағымды жəне кері əсерлері туралы алыс жəне шетелдік ғалымдардың пікірлеріне теориялық талдау жасалып, əлемдік тəжірибе мен қазақстандық жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша көптілді оқытудың тиімділігі көрсетілген. Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілідерін бастауыш сыныптардан, мүмкін болса, балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі шетел тілдеріне ерте жастан оқытудың тілді оңай əрі еркін меңгеруге тигізер ықпалы орасан зор. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жеке тұлғалық жəне тілдік қалыптасуын реттейді, балаларды өзге ұлт мəдениетін білуге жəне толерантты болуға үйретеді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керектігін ұмытпаған жөн.
Жаһандану дəуірінде білім берудің маңыздылығы сөзсіз. Білім берудің орны мен рөлінің қоғам талабына сай дамуы ғылыми-техникалық жаңалықтардың артуы мен өрлеуіне əкелді. Дүниежүзілік жетістіктердің қатарында жоғарғы дамыған техника мен ақпараттық технологиялардың жедел өрлеуі, қоғамдағы ілгері тұрған мəселелерді шешкенмен, əлемде белен алған мəдени-рухани дамудың əлсізденуі адамзаттың рухани дамуын тежегендей болды. Сол себепті де, заман талабына сай білім заңдылықтары өзгеріп отырады, оның барлығы қоғам мен мемлекеттің тығыз жұмысында. Сондықтан қазіргі таңда еліміздің білім жүйесіндегі саясаты əлем білім кеңістігімен қатар жүруде. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сəуірде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы соның дəлелі ретінде, көрсетілген алты бағыттың төртіншісі: «Білімнің салтанат құруы», онда: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы — білім екенін əркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім əрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бəрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Білім беруді құндылық ретінде қарастырудың мəні неде? Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, тағы басқа үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Сондықтан білім беру немесе білім алу үлкен құндылық деп есептеледі [1].
Бүгінгі таңда əлемдік білім беру үрдісінде білім беру құндылықтары мен мақсаттары мен мазмұны жаңа жүйесі жан-жақты талқыланып, табиғат, мəдениет жəне жеке даму идеялары негізінде жеке тұлғаның ұғымы қайта жанданды. Білім берудің жаңа парадигмалары пайда болды, онда педагогикалық шындық жаңа ғылым тілі арқылы көрініс табады. Ғылыми айналымға көптілділік, білім кеңістігі, көп мəдениетті білім беру ортасы, білім беру технологиялары сияқты ұғымдар кеңінен қолданысқа енді. Осыған орай ҚР Үкіметінің 13.05.2016 ж. № 292 Қаулысымен енгізіген жаңартылған оқу бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1 наурызындағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы аталған стандарттың жүзеге асуында елеулі орын алады [2].
Əртүрлі санаулар бойынша əлемде 6000-нан 7000-ға дейін тілдер бар. Бүгінде бұл əртүрлілікті қорғау — біздің əлем алдында тұрған ең өзекті мəселелердің бірі. Ғалымдардың бағалауы бойынша, олардың кем дегенде жартысы алдағы жылдары жоғалу қауіпіне ұшырайды [3]. Кейбір елдер, Исландия секілді, лингвистикалық тұрғыда біртекті болғанымен, көптеген елдер мен өңірлер тілдік əртүрлілігін көрсетеді. 700-ден астам тілімен Индонезия, Папуа-Жаңа Гвинеяның 800-ден астамтілдік алуантүрлілік байқалады [4]. Нақтырақ айтқанда, тілдік алуантүрліліктің таралуы біркелкі емес. Əлемдегі барлық тілдердің 70 пайыздан астамы, əлемнің ең кедей елдерін қоса алғанда, 20 ұлттық мемлекетте ғана табылған. Алайда, тұтастай алғанда, екі тілді жəне көптілді контекстінде, яғни бір елде тұратын түрлі тіл топтарының болуы, Солтүстік жəне Оңтүстік елдерде ғана емес, қалыпты жағдай болып есептеледі. Екі тілді жəне көптілді білім беру, яғни күнделікті өмірде де бірнеше тілдерді қолдану, осы тұрғыда əдеттегі тəжірибе болады [5]. «Тіл халық – рухы», — деген неміс ойшылы В. Гумбольдт. Тіл дегеніміз тек қана мəдениетіміздің айнасы ғана емес, сондай-ақ көптеген ғылымдардың негізі болып табылады. Тіл – адам баласының ең басты қатынас құралы бола тұрып, философиялық сөздікке жүгінсек, ол — ақпарат алмасу мақсатында жəне танымдық процестерді дамыту үшін колданылатын таңбалау жүйесі [6]. Сондықтан да тілдерді меңгеру тек қана заман талабы ғана емес, тұлғаның өзінің ішкі қажеттілігіне, сол сияқты өзін-өзі тəрбиелеу мен өзін- өзі жаңаша деңгейде ашуды білдіреді. Индивидтің тілдерге деген қызығушылығының болуы, тілдерге деген біліктілігін сезе отырып, сол арқылы өзін-өзі аша түсуін қанағаттандырады. XX ғасырдың басында білім беру жүйесінде бір тілділікке негізделген жəне бір тілділік мақсат болған. Бірақ XX ғ. 50 жж. бастап бұл жағдай елеулі өзгерді, білім беру жүйесінде қос тілділік пайда болды. Бұл өзгерістердің бір себебі ретінде, дүние жүзі мемлекетерінің өсіп келе жатқан байланыстары шетел тілдерін меңгеру талап етіледі жəне соның ішінде ағылшын тілі халықаралық қатынас құралына айналып отыр. Тілдерді меңгеру дегеніміз тілдер мəдениетіне əуестік тартады, сондықтан да ЮНЕСКО оқушыларды, ең алдымен, ұлттық таныс орта мəдениетімен таныстырып, одан ары қарай бұдан кеңірек, яғни көпұлты мемлекеттен құралған үлкен ұлттың мəдениетіне өту керек [7].
Ең алдымен, үштілді білім берудің мəселелерін қарастырған ғалымдардың жұмысын талдауды қарастырамыз. Көптілді білім беру мəселесін зерттеуде алыс жəне жақын шетелдік, отандық ғалымдар өз үлестерін қосқан: М.П. Алексеев, А. Мартине, Ф.П. Филин, В.Г. Костомаров, Я.А. Коменский, Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Л. Балаян, Ю.Д. Дешериев, Б. Хасанов, Қ.С. Мусин, К.Ж. Кожахметова, Б.А. Жетпісбаева, B.Maria Estela, Christian Dorna S.L. Walter, тағы басқалар.
Екі тілде сөйлейтін адамдар билингвтер, үш тілді меңгергендер полилингвистер, үш тілден көп меңгерген — полиглоттар. Тіл əлеуметтік топтардың функциясы болғандықтан, екі тілде сөйлейтін адам бір мезгілде екі түрлі əлеуметтік топқа тиесілі бола алады [8; 313].
Екі- жəне көптілді білім беру екі немесе одан да көп тілдерді оқу құралы ретінде пайдалануды білдіреді. Алайда ЮНЕСКО 1999 ж. Бас конференцияның 12 қарарында кем дегенде үш тілде, ұлттық, аймақтық немесе ұлттық тілде жəне білім берудегі Халықаралық тілде қолдануды білдіретін «көп тілді оқыту» терминін қабылдады [3].
Əлемдік екі немесе одан көп тілдерді оқыту тəжірибесіне жүгінсек, Еуропа мемлекеттерін қарастыруға болады. Еуропалық өңірлер арасында қазіргі таңда барлық мемлекетаралық шекаралар өшіп барады, бірақ тілдік шекаралар сол қалпында қала беруде, бұл жағдай еуропалық қауымдастықтың дамуына кері əсерін туғызады. Бүгінгі күнде Еуропалық экономикалық кеңес мемлекеттерінде мына тілдер мемлекеттік деп саналады, олар ағылшын, француз неміс, итальян, испан, португалдық, нидерландық, даттық, грек, ирлан тілдері. 1990 ж. қауымдастықпен «Лингва» бағдарламасы іске қосылды, бұл бағдарламаның басты мақсаты — осы тілдердің Батыс Еуропа мемлекеттерінде өзара оқытуларын ынталандыру. Бұл бағдарлама бойынша оқу жоспарларына бастауыш сыныптар мен орта білім беретін мектептерде шетел тілін оқытуды енгізу. Ал, 1987 ж. осы бағдарламаның алдында енгізілген «Эразм» (Erasmus) бағдарламасында 33 мемлекеттерден 4 мыңнан аса білім беру институттары қатысты. Бұл бағдарламаның ашылуынан бастап, 2,2 миллионан аса студент қатысқан. 2010–2011 жж. аралығында Еуропа студенттерінің 231 мыңы оқу гранттары мен шетелдік тағылымдамаларға ие болды. Осы орайда Германия мемлекетін қарастыратын болсақ, онда, 16 федеративтік жерлердің білім саясаты əртүрлі əдістер мен білім мазмұнын қолданғанымен, білім құрылымы бірдей. Тілдерді оқытуда бастауыш сыныптан басталады. Ал, біздің елдегі бастауыш сыныптардың білім жағдайы қандай?
2018–2019 оқу жылында 1–3-сыныптар жаңартылған білім мазмұнының оқу бағдарламаларымен жəне жоспарларымен оқитын болады.
Еліміздің жалпы білім беру ұйымдарының бастауыш мектебінде оқу процесі ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сəуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сəйкес жүзеге асырылады.
ББ МЖМС талаптарын негізге ала отырып, бастауыш білім беру білім алушыларды жан-жақты дамытуды, қоғамда өзіне лайықты орнын табуға қабілетті жеке тұлғаның қалыптасуы үшін негізқалауды, оқыту мен тəрбиелеу сапасын арттыруды, қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін алған білімдерін қолдана білуін дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бастауыш сыныптардағы білім беру процесі ҚР білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сəйкес жүзеге асырылады.
Оқу пəндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұны ерекшеліктері:
- оқу бағдарламасы «шиыршық қағидаты» негізінде əзірленген, яғни тақырыптар мен сыныптар бойынша білім мен білік бірте-бірте өсіп, дағдылар күрделеніп отырады;
- оқыту мен тəрбие бірлігі қағидатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
- үштілді білім беруді іске асыру көзделген;
- пəндер бойынша күтілетін нəтижелер түрінде оқыту мақсаттарының жүйесі берілген;
- пəндік білім, білік жəне дағдылардың кең спектрін қалыптастыруға бағытталған: білімдерін функционалдық жəне шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жобалау жəне зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың əртүрлі тəсілдерін қолдану, жеке жəне топта жұмыс жасай білу, проблемаларын шешу жəне шешім қабылдау;
- ортақ тақырыптардың болуы;
- негізгі құндылықтар негізінде кең спектрлі дағдылармен бірлікте жеке тұлғалық қасиетті дамыту: «қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» [9; 160].
Осындай ерекшеліктердің енуі бастауыш сынып оқушыларының «əлем азаматы» мен мемлекеттердің дамуының алдыңғы көрсеткіштерінің бірі — «адами капиталды», адами құндылықтар сапасын негізін қалайтын бастапқы сатысы. Жоғарыда айтылғандай, үштілді білім беру əлемдік тəжірибеде кең таралғанымен, Қазақстан үшін үш тілде білім берудің негізгі стратегиялық мақсаты — қазақстандықтардың бір уақытта үш мақсатты тілді халықаралық стандартқа сай меңгеруіне қажетті жағдай жасау, нақты айтқанда:
- қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білу, ол азаматтардың үйлесімді бірлесуіне ықпал етеді;
- орыс тілі, қазақ тілімен қатар қолданылатын, ресми тіл ретінде;
- ағылшын тілін əлемдік экономикаға бірігу құралы ретінде үйрену.
Білім процесінде барлық үш тіл (екінші жəне үшінші тілдер, яғни, қазақ тілі (Т2), орыс тілі (Т2), ағылшын тілі (Т3) бəсекелестікте емес, бірлікте дамуы тиіс. Осыған орай үш мақсатты тілге оқытудың негізгі тəсілдемесі белгіленді [10; 7]. Дегенменде Орта Aзиядағы CIMERA халықаралық ұйымының зерттеулеріне назар аударсақ, бұл өңірлерде, əсіресе екітілдік басым, тіпті кейбір жағдайларда аталған елдерде орыс тілінің үстемдігін байқауға болады. Үштілді білім берудің мақсаты тілдердің «үштұғырлығы» болғандықтан, оқу барысында оқушыларға тілдерді меңгеруге үлкен талап қойылады жəне тілдерді оқуда бірдей коммуникативті, белсенді жəне тұлғаға бағытталған тəсілдердің қолдануы байқалады. Оны 2018–2019 жылдарға арналған «Тіл жəне əдебиет» білім саласы» пəндерінің əдістемелік нұсқаулығынан көруге болады (кестені қара):
Кесте
2018–2019 жылдарға арналған «Тіл жəне əдебиет» білім саласы» пəндерінің əдістемелік нұсқаулығы
Пəн атауы |
Оқу жүктемесі |
Тілдік бағдарлама білім алушыларға төмендегі тəсілдер арқылы тілді меңгертуге бағытталған |
1 |
2 |
3 |
Сауат ашу |
Аптасына 6 сағаттан, оқу жылына 198 сағатты құрайды |
«Сауат ашу» пəні – «Қазақ тілі», «Əдебиеттік оқу» пəндерінің құрамдас бөлігі, бұдан əрі тіл- дік жəне əдебиеттік білімге дайындық кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады. Пəнді оқытудың ерекшелігі білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылым дағдыларын меңгеру процесінде функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша ал- ған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағ- даяттарда пайдалануға мүмкіндік береді |
Кестенің жалғасы
1 |
2 |
3 |
Қазақ тілі |
1) 2-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты; 2) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрай- ды |
Сөйлеу əрекетінің түрлерін: тыңдалым, айты- лым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту жəне оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу əрекеті мен күнделікті өмірде қолдану |
Əдебиеттік оқу |
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты; 2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында – 102 сағатты құрай- ды |
Бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, са- насында қайта жаңғырта алуы жəне шығарма- дан қабылдағанын өзінің шығармашылық əре- кетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқу бағдарламасында əдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған |
Орыс тілі |
1) 1-сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылы бойынша - 66 сағат; 2) 2-сыныпта аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат; 3) 3-сыныпта - аптасына 2 сағат, оқу жылы бойынша 68 сағат |
Ауызша жəне жазбаша сөйлеуде қарым-қаты- нас дағдыларын дамыту; келісілген сөйлеуді дамыту (монолог, диалог, əңгіме); саналы, дұ- рыс, еркін сөйлейтін, мəнерлі оқуды дамыту; шығармашылық қиялды дамыту |
Шетел тілі |
1) 1-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 66 сағатты; 2) 2-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты; 3) 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды |
Талдау, бағалау жəне шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін əртүрлі тапсырмалар; ауқымды жазбаша жəне ауызша дереккөздермен жұмыс жасау |
Алайда бастауыш сынып ағымдағы ахуалды талдау, шет тілін меңгерудің тиімділігі мен сапасын төмендететін себептер шешілмеген проблемалар жатыр: бастапқы бастауыш білім беру жүйесінде шет тілін оқыту ерекшелігін анықтау; бастауыш сынып жасындағы балалардың шет тілін меңгеру үрдісінің табысын айқындайтын психолингвистикалық үлгілерді зерттеу; оқушылардың оқу үдерісінде кіші сынып оқушыларының шет тілін білуін табысты қамтамасыз ететін қабілеттерді зерттеу; оның моральдік-танымдық даму ерекшеліктері мен критерийлерін анықтау; бастауыш білім берудің шет тілдері саласындағы дамуының əсерін бағалау. Бұл себептер сондай-ақ тілді меңгерудің технология- сын құрастыру кезінде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық жəне нейрофизиологиялық ерекшеліктер мен мектеп жасындағы балалардың мүмкіндіктеріне жеткіліксіз көңіл бөледі [11; 134]. Осы сияқты мəселелердің туындауы мен шешуін талап ету бастауыш сыныпта шет тілдерін оқытудағы зерттеулерді талдауды міндеттейді. Осыған орай бүгінгі таңда шет тілін ерте меңгерудің маңыздылығы мен қажеттілігін теориялық негіздеу өте көп (А.М. Шахнарович, Е.И. Негневицкая, Н.П. Каменецкая, Г.В. Яцковская, Л.И. Айдарова, Н.Д. Галскова, Е. Соловцова, Ф. Хабибрахманова, Р.П. Кұнанбаева, Т.Ю. Шелестова). Шет тілдерін ерте үйренуге пайда болатын дəлелдердің жиынтығы үш топқа бөлінеді:
- cаяси-экономикалық;
- əлеуметтік-мəдени;
- психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
Елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту балаларды ерте жастан бастап шет тілін үйренуге жəне мəдениетаралық түсіністікті жүзеге асыруға дейінгі барлық мүмкіндіктерді жасайды. Бұл баланың жеке тұлғасын тəрбиелеуге, ортақ жəне əртүрлі мəдениеттер туралы түсінік алуға жəне жаңа мəдениеттің танылуына жол ашады. Мектепке дейінгі тəрбие бастауыш сыныппен бірге баланы шет тілін меңгеруді енгізу арқылы қоғамдағы əлеуметтік тəртіпті жүзеге асыруға негіз болады жəне балаға толыққанды даму үшін қосымша мүмкіндіктер береді [12; 5].
Томас пен Коллидің зерттеулерінде бала тілінің қалыптасу кезеңдерін байқауға болады. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда, тұлғаны қалыптастыруда, тəлім-тəрбие беруде жəне заманға сайбілім беруде баланың жастық шағы өте маңызды. Сондықтан да баланың тəрбиесі, білімі, мінезі, қабілеті, көзқарасы, мəдениеті т.с.с адамгершілік қасиеттері негізделетін іргетасын қалау қажет. Ол үшін баланың ұлттық куəлігін (national identity) қалыптастыру қажет. Ұлттық куəлік ұлттық тіл, мəдениет, салт дəстүр, тарих, мəдениет, əдебиет т.с.с. ұлттық құндылықтарды қамтиды. Балаға көптілде білім беру үшін немесе шетел тілін үйрету үшін алдымен баланың өзінің ұлттық ерекшеліктерін білу керек [13; 16]. Осылайша баланың, баланың қай тілде білім алғанына қарап, оның білім деңгейін анықтауға болады. Əуел баста, басқа тілде білім алған баланың білім деңгейі төмен (11–22 %). Үшінші сыныпқа дейін ана тілде білім алған баланың деңгейі орташа (24–33 %). Алтыншы сыныпқа дейін ана тілінде білім алған баланың білім деңгейі орташадан бірсыпыра жоғары (54 %). Ал көпұлттық сыныпта бір уақытта екі оқытушы екі тілде білім берсе, оқушылардың білім деңгейі жоғары болады (70 %) [14]. Осы айтылған ойды педагог-ғалым К.Д. Ушинский «Избранные педагогические произведения» атты кітабында «Родное слово» мақаласында [15; 254] көруге болады: «Изучение иностранных языков не должно начинаться очень рано и никак не прежде того, пока будет заметно, что родной язык пустил глубокие корни в духовную природу дитяти. Постановить какой- нибудь общий срок в этом отношении нельзя. С иным ребенком можно начать изучение иностранного языка в 7 или 8 лет ( никогда ранее), с другим — в 10 и 12; с детьми, обладающими крайне слабой восприимчивостью, лучше не начинать никогда: иностранный язык только подавит окончательно и без того слабые его способности. Изучение того или иного иностранного языка должно идти по возможности быстро, потому что в этом изучении ничто так не важно, как беспрестанное упражнение и повторение, предупреждающее забвение». Ал Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегінде: «Бастауыш сыныптан оқығандар писарь, учитель, фельдшер, адвокат, содия, инженер, агроном болар демей, ең əуелі, қазақша толық хат білетін дəрежеде болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі, біздің ойымызша, мынау: бастауыш сынып қазақ үшін 5 жылдық боларға тиіс. Əуелгі 3 жылда балалар кілең қазақша оқу керек. Соңғы екі жылда кілең орысша оқуы керек» [16; 434, 437]. Ерте жастан шетел тілін оқуды құптамайтын ғалымдар баланың өз ана тілі мен ұлттық мəдениетін толықтай сусындап, түсінуге мүмкіндіктері төмен болады деп есептейді. Əрине, шетел тілдерін оқытуды ерте жастан оқуды қолдайтын ғалымдарда баршылық. Шетел тілін бастауыш сы- ныпта оқыту мəселесі мен мұғалімдердің алған тəжірибесін дамытуға ғалымдардың қосқан үлесіне қарамастан, шет тілдері бойынша бастауыш білім берудің тиімділігі жеткіліксіз деп танылды [17; 2–5]. Ана тілін оқуға ерекше көңіл бөлінгенімен, шетел тілдерін оқытуды ерте жастан қолдайтын Л.С. Выготский, И.А. Зимняя, Г.В. Рогова, Н.И. Гез. Ерте жастан бастап оқыған шет тілі тілдік қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді: əлемнің тілдік бейнесі қалыптастырады, бала екі тілді салысты- руды үйренеді, соның нəтижесінде ойлау көп сатылы болады, өйткені бала белгілі бір тілден дерек- намаларды; басқа мəдениетпен танысып, бала толеранттылыққа үйренеді, конверсия қабілеттерін да- мытады [18; 219].
Мақалада айтылған теориялық талдаулар мен шетелдік тəжірибе Қазақстанда бастауыш сыныпта үштілді білім берудің оқыту үдерісі мен жеке тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз. Алайда шет тілдерді меңгеру барысында оқушы тілдік оқудың бірізділігі мен тілдік сананың қалыптасуымен қатар, өзінің ұлттық табиғи тəрбиесін, мəдени-тілдік инофонын түсінуі керек [19].
Əдебиеттер тізімі
- Таубаева Ш.Т. Педагогика: учеб. / Ш.Т. Таубаева, С.Т. Иманбаева, А.Е. Берикханова. — Алматы: ОНОН, 2017. — 340 с.
- «Қазақстан Республикасында білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға» арналған Мемлекеттік бағдарламасы [Электрондық ресурс]. — Қолжеткізу тəртібі: http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1600000205.
- Wurm S. Atlas of the World's Languages in Danger of Disappearing: учеб. пос. [Electronic resource] / S. Wurm. — Paris: UNESCO Publishing, 2001. — 90 р. — Access mode: http://www.unesco.org/languages-atlas/.
- Wurm S.A. Northhern minority languages / S.A. Wurm // Problems of survival senri ethnological studies. — 1997. — No. 44. — P. 35–53.
- Resolution 12 «Worldwide Multilingualism» www.unesco.org [Electronic resource]. — Access mode: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000129728.
- Азимов Г. Новый словарь методических терминов и понятий: теория и практика обучения языкам / Г. Азимов, А.Н. Щукин. — М.: Изд-во «ИКАР», 2009. — С. 448.
- Resolution «Education in a multilingual world. Education Position paper» www.unesco.org [Electronic resource]. — Access mode: https://unesdoc.unesco.org/ark:/48223/pf0000129728.
- Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность / Л. В. Щерба. — Л ., 1974. — 428 c.
- Əдістемелік-нұсқау хат «2017–2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» [Электрондық ресурс]. — Қолжеткізу тəртібі: http:// http://nao.kz/loader/fromorg.
- Əдістемелік-нұсқау хат «2018–2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» [Электрондық ресурс]. — Қолжеткізу тəртібі: http:// http://nao.kz/loader/fromorg2.
- Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях: для учителей и студентов пед. вузов: учеб. пос. / Г.В. Рогова, И.Н. Верещагина. — М.: Просвещение, 2000. — 232 с.
- Нельзина Е.Н. Обучение дошкольников иностранному языку на интегративной основе: на материале немецкого языка: автореф. дис. ... канд. пед. наук: спец. 13.00.01 – «Общая педагогика, истоия педагогики и образования» / Е.Н. Нельзина. — Пермь, 2000. — 56 с.
- Гаипов Д.Э. Қазақ-түрік лицейлерінде ағылшын тілін оқытудың үлгісін жасау арқылы көптілді білім берудің ұтымдылығын арттыру: пед. ғыл. канд. ... дис.: 13.00.01 – «Жалпы педагогика, педагогика жəне білім беру тарихы» / Д.Э. Гаипов. — Астана, 2007. — 152 б.
- Thomas, Wayne. School effectiveness for language minority students: учеб. пос. [Electronic resource] / Thomas Wayne, Virginia Collier. — Washington D.C., 1997. — Access mode: http://www.thomasandcollier.com/assets/1997_thomas-collier97– 1.pdf.
- Ушинский К.Д. Избранные педагогичесие произведения / К.Д. Ушинский // Родное слово. — 2004. — № 2. — С. 254–256.
- Байтұрсынов А. Тіл тағылымы: оқу құралы / А. Байтұрсынов. — Алматы: Ана тілі, 1992. — 448-б.
- Бим И.Л. Модернизация структуры и содержания школьного языкового образования / И.Л. Бим // Иностранные языки в школе. — 2005. — № 8. — С. 2–6.
- Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пос. / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Шиянов. — М.: Изд. центр «Академия», 2013. — 576 с.
- Барышникова Н.В. Особенности межкультурной коммуникации при совершенном владении иностранным языком / Н.В. Барышникова // Обучение межкультурной коммуникации в различных условиях: cб. науч. ст. — Пятигорск, 2000. — С. 68–70.