Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Биологиялық өлкетанудың маңызы мен мүмкіндіктері

Мақалада биологиялық өлкетану мен оның нысандары жайлы мəліметтер берілген. Жоо-дағы білім беру саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуде жəне болашақ биолог-мамандардың туған өлке компоненттерін танып-білудегі, зерттеудегі іс-тəжірибесін қалыптастыру мақсатында «Биологиялық өлкетану» пəнінің мақсаты, мазмұны, ұсынылатын практикалық жұмыстардың бағдарламасы берілген. Пəнді оқыту барысында білімгерлердің экологиялық мəдениеті, экологиялық сауаттылығы, табиғатқа жанашырлығы, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі қалыптасады. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – білім беруде экологиялық мазмұнның көлемінің ұлғаюы, жергілікті аймақ өсімдіктері мен жануарларының биологиялық əртүрлілігіне, ерекшеліктеріне басты назар аударып, оларды қорғау жəне сақтау шараларын үйрету. Бағдарлама оқытуға арналған жүйелік жұмысқа бағытталған, ол бірқатар тəжірибелік жұмыстар мен экскурсияларды енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Оқытушылар оқу материалдарын құрылымдау, оқуға арналған материалдардың жүйелілігін анықтау, сондай-ақ білім, дағды жəне білімгердің жұмыс істеуін, дамуын қалыптастыру жолдарын анықтайды. Мақалада педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ биолог-мамандардың өлкетанудағы іс тəжірибесін қалыптастыруды заманауи бағытта тиімді ұйымдастыру əдістері жəне биологиялық өлкетанудың негізгі функциялары келтірілген.

Білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға жəне елді мекендерді абаттандыруға баса мəн беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мəдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Өлкетану — бір территорияны ғылыми негізде жан- жақты зерттеу. Өлкетанудың зерттеу нысаналарына табиғат, тұрғындар жəне өлке экономикасы, өлке тарихы, өлке өнері, климат, тарихы, тұрғындары, мəдениет жəне тұрмысы жатады. Өлкетану көпсалалы, өз мазмұны бойынша тарихи, əдеби, этнографиялық, биологиялық, географиялық, экономикалық болып бөлінеді.

ХХ ғасырдың 20-шы жж. əкімшілік-саяси немесе шаруашылық белгісімен ерекшелетін шағын территориялар зерттеле бастады. 1930-жж. өлкетану жергілікті халықты біріктіріп, өлкені жан-жақты зерттеуге бағытталған қоғамдық қозғалыс ретінде анықталып, ерекше ғылым деп атаушылар да болды [1].

Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуге, экологияны жақсартуға жəне елді мекендерді абаттандыруға баса мəн беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мəдени нысандарды қалпына келтіруге басты назар аударды [2].

«Өлкетану» түсінігі ол жергілікті тұрғындардың өз туған өлкесі деп есептейтін ел бөлігіне, қала немесе басқа да елді мекенге жан-жақты зерттеулер жүргізуі.

Өлкені зерттеудің нысандары:

  • - өлкенің топонимикасы (географиялық атауларды зерттеуге арналған ғылым, өлкенің картасы);
  • - мұрағат құжаттары;
  • - баспа шығармалары, өнімдер;
  • - жергілікті өсімдіктердің үлгілері (флора), жануардың түрлері (фауна);
  • - өлкетану библиографиясы;
  • - тарих жəне мəдениет ескерткіштері;
  • - табиғат процестері мен нысандарын бақылау, пайдалы қазбалар;
  • - мектеп өлкетану музейі.

Оқу пəні ретінде биологиялық өлкетанудың негізгі функциялары:

  • - танымдылық (өз білімін жетілдіру);
  • - ғылыми (зерттеулік);
  • - білім беру, мəдени-ағартушылық (тəрбиелік) [3].

Биологиялық өлкетануды оқытудың мақсаты — білімгерлердің экологиялық мəдениетін, экологиялық сауаттылығын, табиғатқа жанашырлығын, туған өлкеге жəне қоршаған орта жағдайына деген жауапкершілігін қалыптастыру.

Биологиялық өлкетану курсының міндеттері:

  • - зерттелетін өлкенің өсімдіктер жəне жануарлар өкілдерін сипаттап білуге, анықтауға;
  • - өсімдіктер жəне жануарлар табиғатын зерттеу тəжірибесін қалыптастыру;
  • - туған өлкенің табиғатын қорғауға, сақтауға деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық сауаттылығын қалыптастыру.

Жоо-дағы білім беру саясатының сабақтастығын қамтамасыз етуде жəне болашақ биолог мамандардың туған өлке компоненттерін танып-білудегі, зерттеудегі іс-тəжірибесін қалыптастыру мақсатында «Биологиялық өлкетану» пəнін оқыту жоспары жасалды.

«Биологиялық өлкетану» пəнінің бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды:

Биологиялық өлкетануға кіріспе.

«Биологиялық өлкетану» пəні, оның мақсаты мен міндеттері. Туған жердің табиғатын зерттеу тарихы. Ғалымдардың жергілікті деңгейдегі биологиялық зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайы, биологиялық əртүрлілігінің себептері (аймақтың географиялық орналасуы, климат, топырақ, рельеф, гидрология).

Зерттеу əдістері: байқау (соның ішінде фенологиялық) сипаттамасы, салыстыру, өлшеу, далалық жинау əдісі, эксперимент.

Оңтүстік Қазақстан облысының өсімдіктер əлемі.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы өсімдіктердің классификациясы. Өсімдіктің өміріндегі маусымдық өзгерістер. Өсімдіктердің негізгі экологиялық топтары.

Адам өміріндегі өсімдіктердің практикалық маңыздылығы. Зиянды, дəрілік, тағамдық өсімдіктер. Өсімдіктердің эстетикалық құндылығы. Облыстың ең маңызды ауылшаруашылық өсімдіктері. Оңтүстік Қазақстан аймағындағы қорғауға алынған өсімдіктер. «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін жəне жойылып кету қауіпі төнген өсімдіктер.

Туған өлкенің саңырауқұлақтары мен қыналардың əлемі.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы саңырауқұлақтардың биологиялық əртүрлілігі жəне олардың экологиялық топтары. Адам өміріндегі саңырауқұлақтардың практикалық маңызы (жеуге жарамайтын, улы, паразиттік).

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы қыналардың биологиялық əртүрлілігі. Қыналардың экологиялық рөлі. Қыналар — қоршаған ортаның ластану биоиндикаторы.

Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар əлемі.

Оңтүстік Қазақстан аймағындағы жануарлардың алуантүрлілігі. Туған өлке жануарларының негізгі топтары: омыртқасыздар (моллюскалар, жəндіктер, шаян тəрізділер); омыртқалы (балық, амфибия, бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер). Жануарлар өміріндегі маусымдық өзгерістер. Жануарлардың фенологиялық бақылаулары. Жануарлардың экологиялық топтары.

Адам өміріндегі жануарлардың практикалық маңызы. Үй жануарлары. Коммерциялық мақсаттағы жануарлар. Облыстағы негізгі ауыл шаруашылықтағы өсірілетін жануарлары. Өлкенің қорғалған жануарлары («Қызыл кітапқа» енген жануарлар, сирек кездесетін жəне құрып кету қауіпі төнген түрлер). Қауіпті жануарлар: омыртқасыздар (кенелер, жəндіктер), рептилиялар (жыландар), сүтқоректілер (кеміргіштер, жыртқыштар жəне т.б.). Табиғаттағы мінез-құлық ережелері (сақтық шаралары жəне алғашқы көмек) [4].

«Биологиялық өлкетану» пəнінің мазмұны туған жердің тіршілік табиғатын, тіршілік ортасының ерекшеліктерін жəне организмдерге əсер ететін факторлардың, Оңтүстік Қазақстан аймағының флорасы мен фаунасына антропогендік факторлардың əсері туралы тұрақты білімді қамтамасыз етуі керек. Үлгілік бағдарлама бірыңғай ақпараттың сақталуы үшін оқу пəнінің мазмұнына əртүрлі тəсілдерді енгізу мүмкіндігін береді.

Білу керек:

  • - биологиялық өлкетанудың мақсаты мен міндеттерін;
  • - негізгі ұғымдар: аймақтық, фауна, өсімдіктер;
  • - жергілікті деңгейдегі биологиялық зерттеу əдістері: байқау, сипаттама, салыстыру, өлшеу, күнтізбелер;
  • - туған өлкенің тірі табиғаттың негізгі нысандары;
  • - туған жердің қорғалатын ағзалардың топтары;
  • - «Қызыл кітап» құрылымы;
  • - өлкенің улы өсімдіктері, саңырауқұлақтар, қауіпті жануарлары;
  • - жеуге жарамды өсімдіктер, саңырауқұлақтар, коммерциялық мақсаттағы жануарлар.

Істей білуі керек:

  • - гербарий материалдарымен жұмыс істеу;
  • - ағаштар мен бұталарды анықтау;
  • - құстардың түрлерін, жануарлардың іздерін анықтау;
  • - нысандары бақылау, жануарлар дүниесі;
  • - табиғатта алғашқы көмек көрсету;
  • - қарапайым далалық зерттеу əдістерін қолдану;
  • - биоəртүрлілікті сақтау туралы білімді пайдалану.

Биологиялық өлкетану бағдарламаларын меңгерудің нəтижелері:

  1. ғылыми-зерттеу жəне жобалық қызметтің компоненттерін меңгеру, соның ішінде мəселені шешу, сұрақтарды қою, болжамдарды ұсыну, түсініктерге анықтамалар беру, жіктеу, бақылау, экспе- рименттер жүргізу, тұжырымдар жасау, материалдарды құрылымдау, түсіндіру, дəлелдеу жəне қорғау;
  2. əртүрлі биологиялық ақпарат көздерімен жұмыс істеу мүмкіндігі: биологиялық ақпараттарды (оқулық, танымал əдебиет, биологиялық сөздіктер жəне анықтамалықтар) табу, ақпараттарды талдау жəне бағалау, ақпаратты бір түрден екіншісіне түрлендіру;
  3. тірі табиғатқа қатысты іс-əрекеттері мен семантикалық көзқарасты таңдау мүмкіндігі;
  4. сөйлеу құралдарын талқылап, олардың позицияларын дəлелдеуге, əртүрлі көзқарастарды са- лыстыруда, дəлелдеуге, өз позициясын қорғауға қабілеттілігі.

Ұсынылатын практикалық жұмыс.

  1. Облыстың улы, дəрілік шөптерін гербарийлық үлгілермен зерттеу.
  2. Тұрғылықты жер аумағында өсетін өсімдіктерді анықтау жəне сипаттау.
  3. Өсімдіктердің түрлік құрамын зерттеу.
  4. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтарының алуантүрлілігін зерттеу.
  5. Білімгерлер жинаған коллекциялардағы жергілікті жəндіктерді (ұлулар, т.б.) зерттеу.
  6. Туған өлкеде мекендейтін жануарларды анықтау жəне сипаттау.
  7. «Туған жердің өсімдіктері мен жануарлары» тарихи-өлкетану мұражайын толықтыру.

Биологиялық өлкетанудағы іс-тəжірибе көп жағдайда ұзақ- жəне қысқамерзімді болуы мүмкін. Қысқамерзімді тəжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақтарында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі жəне тағы басқа жатады. Қарапайым тəжірибелерді білімгерлер үйде орындайды. Оларға тұқымның өнуі, жапырақтан судың бу- лануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы қысқамерзімді тəжірибелерге сілекейдің жəне асқазан сөлінің бөлінуін атап кетуге болады. Биологиялық тəжірибелер ұзақмерзімді талап етеді, сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді [5].

Жалпы биология бойынша əртүрлі экологиялық факторлардың ағзаларға əсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін ұзақмерзімді тəжірибелер қойылады (зертханалық тышқандар, алтын түстес хомяктар, көгершіндер).

Тəжірибелік жұмыстарды білімгерлер сабақтан тыс (жеке немесе топтасып) оқу-дала практика кезінде агробиологиялық учаскеде өткізеді. Олар ұзақтығы барлық вегетациялық кезеңді, яғни бүкіл жаз мерзімін қамтиды [6].

Биологияны оқытуда жүргізілетін өлкетану жұмыстары студенттердің туған өлке табиғатын өздігімен зерттеуге қызығушылықтарын арттырып, танымдық қабілеттерін жоғарылатады жəне олар өздігімен ізденуге, білім алуға талпынады [7].

Жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлар əлеміне антропогендік фактордың кері əсерінің күшеюіне байланысты əр өлкеде тірі табиғатты сақтау аса қажет, сондықтан бұл мəселені мектеп биология курсында көрсету өте маңызды [8]. Педагогикалық жəне əдістемелік əдебиеттерді талдау негізінде өлкелік компоненттерді оқытудың теориялық негіздері анықталды [9].

Осы орайда педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ биолог мамандардың биологиялық өлкетанудағы іс-тəжірибесін қалыптастыруды заманауи бағытта, тиімді ұйымдастыруды қажет етеді.

Биологиялық өлкетанудан білім беру қызметі:

  1. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру: өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті тəрбиелеу; биологиялық өлкетануды оқу ықыласы; биологиялық мəдениеттің негізін қалыптастыру; туған өлке флорасын зерттеудегі белсенділігін, қызығушылығын ынталандыру жəне арттыру; білімгерлердің рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету; туған жер флорасының құндылығын түсіну; табиғатпен қоршаған ортаға деген жауапкершілікке тəрбиелеу; жеке тұлғаға жəне қоршаған ортаға жеке, эмоционалды, оң көзқарас қалыптастырып ондағы жеке тұлғаның рөлін білу; туған жердің табиғатын сақтаудың тиімділігіне деген сенімін қалыптастыру; оқу-танымдық жəне мақсатты-танымдық белсенділікті қалыптастыру; салауатты өмір салты мен өмір қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру.
  2. Танымдық білім беру: мəтінмен жұмыс істей білу, алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау; туған жерінің географиялық орналасуын, климаты мен топырағын түсіну. Табиғи ескерткіштер туралы əртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білу; табиғатты зерттеу əдістерін, фенологиялық бақылау негіздерін білу; білімге деген ұмтылыс, тіршілік ету ортасының сипаттамаларын түсіну, балдырлар мен мүктерді зерттеуге деген қызығушылық; туған жердің өсімдіктерінің ботаникалық сипаттамаларын, олардың өсу ортасының жағдайларын білу; өсімдіктердің жемісін жинау ерекшеліктерін білу, гербарий жасау, өсімдіктерді бақылау; зерттеу жəне жобалық экологиялық дағдыларын қалыптастыру; саңырауқұлақтарды анықтайтын, анықтамалық материалдар; қына түрлерін анықтау, шығармашылық тапсырмаларды орындау қабілеті; өлке жануарларының əртүрлі экологиялық топтарын (мекендеу орындарының жағдайына байланысты) салыстыру дағдыларын қалыптастыру; омыртқалы жануарлардың əртүрлілігін анықтайтын тəжірибелік жұмыстарды орындау; жануарлардың іздерін зерттеу əдістерін тəжірибеде қолдануға үйрету; өлкеде тіршілік ететін жануарлардың өміріндегі маусымдық өзгерістерді білу, жануарлардың қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделуін; коммерциялық мақсаттағы жəне қауіпті жануарлардың алуан түрлілігі туралы əртүрлі ақпараттарды қолдана білу; адам əрекеттерінің табиғатқа тигізетін əсерін талдау жəне бағалау; табиғатты қорғаудың ең тиімді шараларын таңдауға жəне негіздеуге мүмкіндік беру; өлкеде сирек кездесетін жəне жойылып кету қауіпі төнген ағзалардың жойылу себептерін анықтай білу, қорыту жəне қорытынды жасау; тəжірибелік қызметтерде биологияның рөлін жəне табиғи құбылыстарды түсіндіру.
  3. Білім беру қызметін ұйымдастыру: алдыға қойылған мақсатқа сəйкес өз қызметін ұйымдастыру, алынған нəтижелерді бағалау; оқудың мақсаттарын өз бетінше анықтай білу; табиғатты зерттеудің əртүрлі əдістерін тəжірибе барысында қолдана білу, мəтіндік ақпаратпен жұмыс істеу; өлке флорасының алуантүрлілігіне əсер ететін факторлардың себептерін анықтау дағдысын қалыптастыру; адам денсаулығы мен өмір сүру қауіпсіздігіне зиян улы өсімдіктер туралы жалпы ақпаратты қолдану мүмкіндігі; дəрілік өсімдіктер туралы жалпы мəліметтерді қолдану; өсімдіктерді қорғауға арналған іс- шаралардың жоспарын жасай білу; салыстыру, тұжырымдарды қалыптастыру дағдылары, оқулықпен өзіндік жұмыс; топта жəне жеке тапсырмаларды орындау дағдысы; білім беру қызметінің нəтижелерін жақсарту жəне қалыптастыру; оқу нəтижелерін объективті бағалау дағдысы; сүтқоректілер жəне олардың экологиялық ерекшеліктері туралы білімді тереңдету міндетіне қолжеткізу; адам денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі үшін экологиялық қауіптерді алдынала болжау үшін қауіпті жануарлар туралы ақпараттарды қолдану мүмкіндігі; қосымша ақпарат көздерімен өз бетімен жұмыс істей білу, тұжырымдарды талдау жəне қорытындылау; қазіргі уақыттың экологиялық жағдайын бағалау қабілеті; қоршаған ортаның мəселелерін шешуге қабілетті болу; биологиялық нысандар мен процестердің сипаттамаларын таңдау мүмкіндігі; биологиялық эксперимент жүргізу жəне оның нəтижелерін түсіндіру.

Білім беруде коммуникативтілікті дамыту: оқытушыны тыңдау жəне сұрақтарға жауап беру дағдысы, шығармашылық ұжымдардың құрамында жұмыс істеу, топтық жұмысты орындау барысындағы қарым-қатынас; туған жердің табиғатын сақтау үшін топта тəжірибелік жұмыс жасай білу; туған жер флорасы туралы əртүрлі ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі; əртүрлі іскерлік ойынға белсенді қатысу дағдысын қалыпастыру; əртүрлі өлкедегі улы жəне дəрілік өсімдіктер туралы ақпарат көздерінде жұмыс істеу мүмкіндігі; туған жердің табиғатын қорғау, өсімдіктер шикізатын жинау жəне сақтау үшін топта тəжірибелік жұмыс істеу мүмкіндігі; топта жұмыс істеген кезде достық пен сыйластық қарым-қатынас жасау мүмкіндігі; фенологиялық бақылаулардағы өзара ынтымақтастық мүмкіндігі; іскерлік əңгімеге қолдау көрсету, өз көзқарасын білдіру, оны негіздеу; іскерлік қарым- қатынас дағдысы; топтық өзара іс-қимылға белсене қатысу, айналасындағы адамдардың көзқарастарымен санасу; диалогты тыңдау жəне диалогқа қатысу, тапсырмаларды ұжымдық талқылауға қатысу; топ мүшелерімен өзара ынтымақтастықтық дағдысын қалыптастыру.

Бүгінгі күннің талабына сай бəсекеге қабілетті, кəсіби білімі жоғары болашақ биолог мамандарды даярлауда қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы, кəсіби мəдениеттілігі жан-жақты қамтылуы тиіс. Сондықтан жоо-да білімгерлердің биологиялық өлкетанудағы іс-тəжірибесін қалыптастыру, ұлтжанды мамандар тəрбиелеуде, биологияны оқытуды қоршаған орта компоненттерімен танып-білуге септігін тигізеді. Өлкелік нысандарды зерттеу өте күpдeлi жəне терең теориялық дайындықты қажет ететін мəceлe болғандықтан, оның сантүрлі caлaлapын түбeгeйлi тaлдaп, қaмтып шығу мүмкiн eмec. Сондықтан алдағы уақытта болашақ биолог-мамандардың биологиялық өлкелік компоненттерді терең танып-білуінде оқу-дала практикаларында зерттеушілік іс-əрекетті дамытудың əдістемесі; оқу үдерісінде студенттердің өздігінен бiлiм aлуын ұйымдастыруда зерттеушілік іс-əрекетті дамытудың қолданбалы əдicтeмeлiк нeгiзiн қалыптастыру; өлкелік нысандарды зерттеуді студенттердің өзіндік жұмыстары негізінде жүзеге асырудың əдістемесіне байланысты оқу-əдістемелік жұмыстар жан- жақтылықты қажет етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Маврина И. А. Социальность как сущностная характеристика современного образования: дис. ... д-ра. пед. наук: 13.00.01 / И.А. Маврина. — Омск, 2000. — 418 с.
  2. Назарбаев Н.Ə. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [Электронный ресурс] / Н. Ə. Назарбаев // Ақорда, 12 сəуір 2017. — Қолжетімділік тəртібі: www.akorda.kz/.../memleket-basshysynyn-bolashakka-bagd...
  3. Даринский А.В. Региональный компонент содержания образования / А. В. Даринский // Педагогика. — 1996. — № 1. — С. 18–20.
  4. Греханкина Л . Ф. Модели включения регионального содержания в учебный процесс / Л. Ф. Греханкина // География в школе. — 2000. — № 5.
  5. Репринцева Ю.С. Особенности ориентации старших подростков на содержание регионального компонента образования как на ценность / Ю.С. Репринцева // Молодой ученый. — 2011. — Т. 2. — № 2.
  6. Савинова Е.В. Организация самостоятельных краеведческих работ при изучении биологии в разделе «Животные»: автореф. дис. ... канд. пед. наук: спец. 13.00.02 – «Педагогические науки» / Е.В. Савинова. — Астрахань, 2010. — 179 с.
  7. Даниленко И. А. Методика изучения регионального компонента содержания курса биологии: Раздел «Растения»: ав- тореф. дис. ... канд. пед. наук: спец: 13.00.02 – «Педагогические науки» / И.А. Даниленко. — СПб., 2003. — 199 c.
  8. Пушкарева M.C. Методические основы изучения проблемы биоразнообразия в курсе биологии средней школы: Региональный аспект.: автореф. дис. ... канд. пед. наук: спец. 13.00.02 – «Педагогические науки» / M.C. Пушкарева. — Екатеринбург, 2005. — 209 с.
  9. Яковлева С.Д. Методические особенности реализации регионального компонента курса биологии в школах Якутии. Раздел «Животные»: автореф. дис. ... канд. пед. наук: спец: 13.00.02 – «Педагогические науки» / С.Д. Яковлева. — М., 2004. — 167 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.