Зертханалық жұмыс — бұл оқытудың конструктивистік тəсілде студенттерге бағытталған, стратегиялармен келісілген белсенді оқу қызметі. Ғылым мен білімді дамытудың маңызды бөлігі болып саналады. Ол нақты нысандар мен ұғымдармен эксперимент жүргізетін студенттерді қамтиды. Ғылыми мазмұнды дамытып қана қоймай, ғылыми процестің дағдыларын, шығармашылық ойлауды, мəселелерді шешу қабілетін жəне ғылыми əдісті дамытуға ықпал етеді. Білім алушыларды ғылыми қызығушылыққа баулу конструктивті оқытудағы зертханалық жұмыстың тиімділігінің негізінде зерттелді. Студенттердің жетістіктерін бағалау үшін келесі əдістер қолданылды: концептуалды түсінік тесті, сауалнама, сұхбат. Концептуалды түсінуді жəне тұжырымдамалық карталауды тестілеу нəтижесінде студенттер биологиялық белсенді заттардың маңызы туралы білімдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, студенттер жобаларында сыни ойлау, ғылыми үдеріс пен биологиялық белсенді заттар бойынша жинақталған білімді жəне өндірісте қолдана алатынын көрсетті. Зертханалық жұмыста зерттеу тобының жетістігі студенттерге қызығушылық танытатын контекстпен, сондай-ақ оқу əдістерімен байланысты болуы мүмкін. Студенттердің ғылыми əлеуетін дамытуда арнайы биологиялық зертханаларда биологиялық белсенді заттарды анықтауға арналған зерттеу жұмыстарының алуан түрлілігі маңызды болып табылады.
Қазіргі таңдағы білім беру реформалары мазмұнында, əдетте студенттерді жаһандық дəуірде бəсекеге қабілетті білім деңгейін көрсету үшін, тұлға интеллектісін, білімін, мораль мен дағдыларын дамытады деп күтілуде. «E-learning оқу дағдыларының ережесіне сəйкес, білім алушылар күнделікті жəне кəсіби өмірін ғылыммен ұштастыруға дағдыландыру керек» — атты тұжырым əлемде дамыған елдердің саяси пікірі болып табылады. Сондықтан, білім алушылардың дүниетанымдық іс-əрекетін ғылымиландыру үшін үлкен талап қойылады. Демек, тəжірибелі маман өз кəсібіне жауапкершілікпен қарау керек. Еліміздің ертеңгі жастарын болашақта заманға сай тəрбиелеу əрбір ұстаздың міндеті! [1]. Білім беру жүйесінде білім, дағды жəне қарым-қатынас тепе-теңдігі оқушыға бағытталған тапсырманы ұстазбен оқуға деген көзқарасты дамытумен толыға түседі. Бұл білім беру реформалары студенттерге бағыт бағдар беру, сұрақ-жауап, тапсырма беру үрдістері арқылы зерттеу сабақтарын жүргізе отырып, өзара байланысты білім мен түсінік құруға болады деп есептейді. Дегенмен, бакалавриат деңгейіндегі студенттерге біліммен зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруға аз көңіл бөлінуде [2]. Зерттеу жүргізу зертханаларын құру жолындағы кедергілер нұсқаушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігімен немесе басқа да шектеулермен ішінара түсіндірілуі мүмкін. Сұрау сабағы бакалавриат деңгейінде маңызды мəнге ие, өйткені өз білімдерін пайдалана отырып жəне нақты түсіну жағдайында əлемдегі шындыққа тап болады [3]. Өкінішке орай зертханалық нұсқаулықтарда сабақтарды қоса алғанда ашық сұрау нұсқаулықтарының айқын артықшылығына қарамастан, құрылымдық сұрақтарға негізделген. Оқу жəне оқыту əдістері оқушылардың үлгеріміне, мысалы тапсырмаларды шешу, өз жұмыстарын ойластыру, қорытынды қалыптастыру жəне болжам жасау кезінде əсер етеді. Мұндай ізденушілік шеберлік тəсілдері тапсырманы тез қабылдайтын алғыр білім алушылар үшін маңызды [4].
Білім мен ғылымды ұштастырудың қыр-сырын талдай отырып, бакалавриат студенттері үшін зерттеу жұмысын жүргізуге арналған зертхана əзірленді. Өсімдіктердің құрамындағы биологиялық белсенді заттарды анықтау мысалында арнайы биологиялық тақырып таңдап алынды, мұндай тəсілдер күнделікті өмірде тұлғаның зерттеушілік ізденушілігіне түрткі болып, биолог-студенттердің қызығушылығын тудырады.
Зерттеудің теориялық негіздері екі жағдайда жасалды: тəжірибелік қызмет жəне зерттеу тəсілі. Дегенмен, осы зерттеудің негізінде жатқан білім теориясын түсінуде конструктивті əдістің маңызы зор.
Сындарлы оқыту білім беру саласындағы көптеген зерттеулерге ықпалын тигізді, мұндағы ғылыми білім беру саласындағы зерттеу бағдарламаларының құрастырылуымен баяндалады [5]. Мысалы, Драйвер, Асоко, Лич, Мортимер, Скотт жəне Чайлд Пиаж еңбектерінде ғылымды оқыту процесін түсіндірудің екі негізгі дəстүрлі тəсілін сипаттады: жеке немесе əлеуметтік конструктивизм (сындарлы оқыту). Оқушыларды оқыту — тұлғаны өмірлік жағдаятқа бейімдеу жəне болашақта мамандық таңдауға бағыт бағдар берудің тəсілдерін қамтиды. Мысалы, оқытушы білім алушыға тəжірибелік жұмыстарды түсіндіргенде əдістемелік нұсқаулық туралы таныстырудан бастайды, мұндағы топтағы белсенділікті арттырудың оңтайлы көзі ынтаны өзіне баулу, яғни зерттелетін нысананың менталдық түсінігін құрастырады, оқушы білімді игеру барысында оқылатын мағлұматтарды жазып қана қоймайды, релеванттық түсінік (электронды форматта ұсынылған ғылыми мəліметтерді сараптау) ретінде қабылдайды жəне жаңа материалды түсіну үшін, осы ақпаратты өзінің бар білімі мен ағымдағы қажеттіліктері негізінде түсінеді [6].
Сындарлы оқытуға негізделген білім беру стратегиясы — студенттерге когнитивті пікірталасты тудыратын білімнің жаңа сызбаларын əзірлеуге итермелейтін тəжірибені ұсынуға бағытталған [7]. Зертханалық аудиториялар — арнайы жабдықталған бөлмеде студенттердің табиғи құбылыстарды сипаттау барысында топпен белсенді қарым-қатынас жасайтын орны. Зертханалық аудиториялар жақсы əзірленген ресурс ретінде қарастырылады, ол студенттерге ғылым мен ғылыми білім беруде эксперименттер мен басқа да қызмет түрлерін орындауға мүмкіндік береді [8]. Білім алушылар теориялық білімдерін тəжірибе түрінде жүзеге асыру үшін топтық талқылау мен топтық оқыту арқылы практикалық жұмыстарды орындайды. Сондықтан студенттердің практикасын дамытуда зертханалық жұмыстың алатын орны ерекше.
Зертханалық жұмыс — практикалық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларымен келісілген белсенді оқыту қызметі. Бұл ғылымды оқыту мен зерттеудің маңызды бөлігі болып саналады. Практикалық зерттеушілікті орындауда тəжірибе жасауға ынталы тұлғалар қамтылады. Ғылыми мазмұнды дамытып қана қоймай, ол ғылыми процестің дағдыларын, шығармашылық ойлауды, мəселелерді шешу қабілетін жəне ғылыми əдісті дамытуға ықпал етеді [9]. Сонымен қатар студенттер ғылымды анағұрлым тиімді оқып, практикалық жұмысқа қатыса отырып, ғалымдар сияқты білім алуға, өз бетінше ғылыммен айналысуға мүмкіндігі болады. Студенттер зертханалық жұмыстарды орындаудың фактілерін, теориялары мен принциптерін түсініп немесе тексергендерін айтады. Зертханалық жұмыспен айналысқанда, алдыңғы теориялық білімдерін эксперименталды жобалаумен, деректерді талдаумен жəне эксперименталды түсіндірумен байланыстыру жəне зертханалық нəтижелерді теориямен байланыстыру керек [10]. Зертханалық жұмыстың артықшылықтарын, ғылымды зерттеуде үш салада жинақтауға болады: когнитивті саланы (мысалы, ғылым мазмұны мен ғылым табиғатын) дамыту; аффективті саланы дамыту (мысалы, ғылымға оң қарым-қатынас жасауға ықпал ету); жəне дағдыларды дамыту (ғылыми үдеріс дағдылары, зертханалық дағдылар, мəселелерді шешу дағдылары, сұраныс дағдылары жəне қарым- қатынас дағдылары) [11].
Оқыту негізіндегі зерттеу жұмыстары педагогикалық стратегияға жатады, ол ғылыми зерттеудің жалпы үрдістерін оқу жəне оқыту əдістемесі ретінде қолданады. Бұл тəсіл студенттердің зерттеу жұмысы зертханада, дала алаңдарында, кітапханада жəне осындай қызмет бойынша əріптестермен пікірталастар негізінде өздерінің сауалдары мен зерттеулерін жүргізу үшін қолданатын үдеріске ұқсас мəселелерді шешуге назар аударады. Мұндағы, білім беру бағдарламалары негізінде ғылыми зерттеушілікті дамытудың басты бес деңгейін атап өтуге болады; студент ғылымға бағытталған мəселелермен айналысады, білім алушы сұрақтарға жауап берген кезде дəлелдерге басымдық береді, жеке тұлға дəлелдемелерден түсініктеме жасайды, студент түсініктерді ғылыми біліммен байланыстырады жəне өзара қарым-қатынас жасай отырып түсініктерді баяндайды [12]. Зерттеулерге негізделген оқыту студенттерден ғалымдар сияқты өздерін дəл ұстауды талап етпейді.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек ғылыми білім берудің бірнеше деңгейлерін сипаттауға болады. Бірінші деңгей - растау; студенттер принципті нəтижелерді белгілі əрекеттер арқылы растайды. Екінші деңгей - құрылымдалған сұраныс; студенттер оқытушымен ұсынылған процедураны қолдана отырып сұрақтарды зерттейді. Үшінші деңгей - басқарылатын сұраныс; студенттер өз процедурасын жобалау арқылы мұғалімнің сұрақтарын зерттейді. Соңында, төртінші деңгей - бұл ашық сұраныс; студенттер оқу тақырыптарына байланысты сұрақтарды өз бетінше таңдап, процедураларды əзірлеп, зерттейді. Бұдан басқа, сұрақ-жауап негізінде оқыту тəсілі білімалуға белсенді əдіс болуы мүмкін (немесе оқыту динамикасы), ол неғұрлым құрылымдалған, мұғалімнің білім алушыға қоятын талаптарын сындарлы құрастыруға көмектеседі [13].
Бұл зерттеуде білім алушылардың арнайы тапсырманы жеке жəне топпен орындау барысында, зерттеу тəсілі туралы жоғарыда айтылған конструктивизм тұжырымдамасы негізге алынды. Сонымен, студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудағы зерттеу жұмысының мақсаты жеке тұлғаның өсімдік құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар ұғымын түсінуі мен аудиторияда өз бетінше зерттеу жүргізе білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Зерттеу əдістері
Биология саласындағы тəуелсіз зерттеу жобалары практикалық жұмыстың жеке үлгісі болып табылады. Ғылыми оқытудағы практикалық жұмыстың негізгі мақсаттары көптеген əдебиеттерде кеңінен зерттелді. Практикалық жұмыс студенттер үшін мотивация ретінде, ал оқытушылар үшін концептуалды түсінуді жəне белгілі бір дағдыларды дамыту тəсілі ретінде қарастырылады. Практикалық жұмысты орындау барысында студенттер болжамды нəтижеге əкелетін іс-əрекеттер жиынтығын орындайды, жұмыстың орындалуына үлкен бақылаулар жасайды [14].
Аралас оқу тақырыбы ретінде өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды анықтау негізінде қолданылды. Зерттеу дизайны студенттерге əлемдегі нақты жағдайға байланысты өзекті тақырыптарды, өсімдіктердің медициналық маңызын, тамақ өнеркəсібінде қолданылуын, жем-шөптік азық ретінде қолданудағы құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттарды зерттеуге мүмкіндік берді. Биологиялық белсенді заттар адам, жануар, өсімдіктер тіршілігіндегі маңызды қосылыстар. Əр түрлі аурулардың алдын алу, стресстерге жауап беру, организмнің өсіп дамуы сияқты процестерге белсенді қатысып, белгілі бір қызметтер атқарады. Осы қосылыстарды өсімдік құрамынан анықтау үшін бірнеше əдістер қолданылды.
Зертханалық жұмыстың қысқаша зерттеу түйіндемесі 1-кестеде көрсетілген. Зерттеудің бұл құрылымы бастапқы сұраудан екінші зерттеуде ашық сұрауға дейін өзгереді. Бұл зерттеу жұмысы студенттерді өз тəжірибелерін жоспарлауға жəне өткізуге, өз идеяларымен құрдастарымен бөлісуге, жаңа жағдайларда өз білімдерін қолдануға немесе жаңа мəселелерді шешуге ынталандырады.
Студенттердің деректерді жинау жəне талдау, зерттеу жұмысы бес əдіс бойынша төрт кезеңді қамтыды: концептуалды түсінік тесті, тұжырымдамаларды салыстыру, зертханалық топтың есебі, сауалнама жəне студенттермен сұхбат.
2-кесте Зерттеу сабағының түйіндемесі — биологиялық белсенді заттарды оқыту негізінде
Сипаттамасы |
Қызмет |
1-ші зерттеу: басқарылатын анықтау тəсілі |
Студенттердің əр тобы оқытушының көмегімен флаваноидтарды, алкалоидтарды, илік заттарды, антрахинондарды анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлайды |
2-ші зерттеу: зерттеуге ашық көзқарас |
Білім алушылардың топтық құрамы өсімдіктердегі алкалоидтар, флаваноидтар, илік заттар, антрахинондарды зерттеу бойынша тəжірибені бастайды. Олар өсімдік белсенділігін анықтауға арналған оңтайлы əдісті таңдайды |
Қосымша уақыт (студенттік жобалар үшін) |
Студенттердің жеке тобы білімдерін əртүрлі жағдайларда белсенді заттарды анықтауда қолданады. Олар өнеркəсіптік пайдалану үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану бойынша өз жобаларын жасайды. Мысалы, фармацевтикада, азық-түліктер өндіруде, бояғыш заттар алуда, косметикалық өндірісте, жем-шөптік азықтар даярлауда пайдалану |
Презентация жəне талқылау |
Студенттер топпен бірге 2-ші бөлімдегі алған зерттеу мəліметтерін дайындаған жобаларында талдайды. Олар нəтижелерін аудиторияда таныстырады. Студенттер мен оқытушы оқу бірлігінің тұтас тұжырымдамасын талқылайды жəне жасайды |
Алынған сауалнамалар мен тесттің алдын-ала жəне кейінгі бағалар жөніндегі нəтижелеріне статистикалық талдаулар жасалды. Əр студентке оқу үдерісінің басында жəне соңында тұжырымдамалық картасын жасау сонымен қатар, студенттердің əр тобына зертханалық есептерді жəне жобалар бойынша дайындалған есептерді өткізу ұсынылды.
Бірінші зерттеу мəселесінде тұжырымдамалық карталар мен студенттердің есептері, биологиялық белсенді заттарды анықтау тұжырымдамасын түсіну туралы деректер қолданылды. Берілген деректік тапсырмалар негізінде студенттер ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Нəтижесінде өсімдіктің құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттардың қызметімен толықтай танысып, төменде берілген тапсырманың жауабын əзірлейді.
Көктемде өсімдіктердің көбею, жеміс беру процестеріне дайындық кезеңі жүргізіледі. Осы процестің іске асуына насекомдардың тікелей қатысы бар. Алайда насекомдардың процесті жүзеге асыруы өсімдік құрамындағы еліктіруші заттардың бөлінуіне байланысты. Тапсырма: Өсімдік құрамындағы қандай заттар жəндіктерді еліктіруші қызметін атқарады?.
Шырша — сыртқы ортаның əсеріне өте сезімтал өсімдік. Кесілген ересек шыршаның түбіндегі жылдық шеңберлерге көңіл аударсаңыз, оның бірі кең, біреулері тар болып келеді. Кең шеңберлер ағаш үшін қолайлы болған жылдарды көрсетсе, тар шеңберлер құрғақшылық болған жылды аңғартады. Егер осы шеңберлер арқылы ағаштың жасын анықтап, зер салып есептейтін болсақ, бұдан қанша жыл бұрын, қай жылы құрғақшылық болғанын дəл табуға болады. Мысалы, Мəскеу облысының жүз жылдық метерологиялық көрсеткіштерін шыршаның шеңберлерімен салыстырған кезде құрғақшылық болған жылдарға дəл келген. Тапсырма: Топырақтағы қоректік заттардың тапшылығы кезінде өсімдіктердің өсуі мен өмір сүруі үшін арнайы қоректік заттармен қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттардың қызметін түсіндіріңіз?
Жапон ғалымдары шыршаның радиацияны да денесіне белгілеп «жазып алатынын» анықтаған. Хиросима қаласының маңындағы бір кесілген шыршаның түбіндегі жылдық шеңберлерге арнайы фотоқағаздар жапсырып суретін шығарғанда, бір шеңбердің қарайып кеткендігін байқаған. Есептей келе, ол Хиросимада атом бомбасы жарылған жылға тура келген. Сөйтіп, жапон халқының қаралы күнін өз денесіне қара дақ етіп «жазып» алып, атом бомбасына қарсылық көрсеткен сияқты. Тапсырма: Өсімдіктердің стресс факторларға төзімділігі қандай заттардың ерекшелігіне байланысты жəне бұл барлық өсімдікте бірдей болама? Себебін түсіндіріңіз?
Құмырсқалардың шағын ғана, əрі жүрдек ломехуз деп аталатын қоңызға деген сүйіспеншілігі шексіз. Құмырсқаның шөп битімен, жұлдызқұрттармен қарым-қатынасы пайдаға негізделсе, ломехузды құрметтеуін сөзбен жеткізу қиын деуге болады. Құмырсқалар ломехуздың ұрпақтарын өзінің ұрпағынан да артық бағып күтеді. Тапсырма: Құмырсқалар мен ломехуздың селбесіп тіршілік етуінің мəні неде, түсіндіріңіз?
Логикалық тапсырмалар негізінде құрастырылған сұрақтар студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, тапрсырмаларға жауап іздеу барысында барлық биологиялық белсенді заттардың қызметін зерттеуге мүмкіндіктері болады. Ал, тек қарапайым құрылған сұраулар негізінде берілген тапсырмалар болса, онда студенттер тек берілген тапсырманы орындау керек деген оймен ғана дайындалады. Кейбіреулеріне мүлдем қызықсыз болғандықтан сабаққа дайындалмауы да мүмкін.
Екінші зерттеу мəселесінде даярланған сауалнама негізінде толығырақ ақпарат алу үшін студентпен сұхбат жүргізілді. Сұхбат нəтижелері жазылып, тақырыптық тəсілді пайдалана отырып талданды. Бұл деректер студенттердің конструктивтік классикалық орта туралы түсініктерін қолдау үшін пайдаланылды.
Зерттеу нəтижелері жəне талдау
Нəтижелер бойынша зерттеу блогы дəстүрлі зертханаға қарағанда анағұрлым конструктивті екенін көрсетеді. Оқушылар оқу бөлімшесінде алған тəжірибе дəстүрлі сабақтарға қарағанда олардың күнделікті мүдделері мен қызметіне сай екенін түсінді. Олар əлеуметтік жəне мəдени əсерлермен, сонымен қатар, адами мүдделер мен құндылықтармен қалыптасқан ғылыми білімнің дамуын жоғары бағалады. Оқу тобы студенттерге сұрақтар қоюға, оқу жəне оқыту əдістері мен аудиториялық қызметті бірлесіп бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, оқушылар дəстүрлі сабақтарға қарағанда құрдастарымен жəне оқытушымен келіссөздер жүргізу мүмкіндіктері көп екенін түсінді. Алдыңғы жəне пост-тест арасындағы пайыздық айырмашылықта студенттердің зертханалық зерттеуінің өте жақсы нəтиже бойынша айырмашылықтар байқалды.
Сауалнамаға негізделген биологиялық белсенді заттарды анықтау нəтижесі зертханалық сабақ бойынша студенттердің көзқарасы, сондай-ақ сауалнама деректерін қорытындылауда сұхбаттар жүргізілді. Нəтижелері студенттердің дəстүрлі сабақтарға қарағанда осы оқу іс-əрекетінде белсенді болғанын көрсетті. Олардың өз тəжірибелері мен жобаларын өткізуге, өз идеялары мен деректерін əріптестеріне беруге жəне нақты деректер негізінде қорытынды жасауға мүмкіндіктері мол болды. Сонымен қатар, студенттер оқу блогының тақырыптары, іс-шаралары олардың күнделікті өмірі үшін аса өзекті деп жауап берді.
Төменде сыныптағы дəстүрлі сабақтармен салыстырғанда студенттердің оқу бірлігі туралы пікірлерінен үзінді берілді:
«Алдыңғы дəстүрлі зертханада біз қатаң түрде белгілі бір бағыттағы тапсырмамен ғана өткізілетін. Арнайы зертханада əрбір топ өзіндік қалауы бойынша шарттарын орнатты, нəтижесінде біз биологиялық белсенді заттардың маңызы туралы білімімізді бөлісе алатын жəне өз қорытындыларын жасай алатын əр түрлі деректер ала-алдық».
«Біз зерттеу жұмыстары нəтижесіндегі жобалық тапсырмаларды орындай отырып өз бетімізше еркін зерттеу жүргізе алатынымызды жəне еркін ойлай алатынымызды мақтан тұттық».
Жеке тұлғаның ең сүйікті сабағы туралы сұралған сауалнамалар нəтижесін келесі үзіндіде көрсетілген белсенді оқыту туралы пікірлері берілді:
«Белсенді оқыту, белсенді қызмет, өйткені одан нақты өмір оқиғалары мен нəтижелерді оңай көруге болады».
«Бізге биологиялық белсенді заттардың маңызы туралы жобамызды жобалау жəне құру өте қызықты болды, өйткені əр түрлі табиғаттағы ерекше құбылыстардың жүзеге асуына биологиялық белсенді заттардың қатысатынын түсіндік, өте қызықты болды, сабақ барысында арнайы ұсынысымызды дəлелдей алдық».
Кейбір студенттер осы оқу стратегиясын жақсы бағалады, өйткені олар құрдастарымен сабақ барысында еркін сөйлесе алды:
«Менің түсінгенім өсімдіктердегі флаваноидтарды, алкалоидтардың, антрахинондардың маңызы туралы қойылған сұрақтарға жауап беру алдында жан-жақты ойлануды үйрендім, бірақ бұл өте қиын болды».
«Мен төмендегідей тұжырым жасаймын: өсімдік құрамындағы биологиялық белсенді заттардың маңызы туралы ізденіс жұмыстарын жүргізуде жақсы ғалым болу үшін жақсы жұмыс жасап, көп ізденіп, көп ойланып, істеу керек екенін түсіндім».
Зертханалық сабақтар нəтижесі студенттердің білім құрудағы, пайымдаудағы, қарым-қатынас жасаудағы жəне жоғары уəждемелік қабілеттеріне əсер етеді. Сонымен қатар, олар мəселелерді жақсы шешіп, білімді жаңа жағдайларда қолдана бастады. Ұсынылған тапсырмалар мен тұжырымдар концептуалды түсіну тестерінде, тұжырымдарды карталауда жəне студенттердің сұхбатының нəтижелерімен бірге зертханалық есептерде жоғары баллдармен бағаланды. Зертханалық зерттеу əдісі студенттерге тақырыпты терең түсінуге, өз білімдерін жаңа жағдайға қолдануға көмектеседі. Сондай-ақ олардың ғылымға жеке қызығушылықтары артты. Студенттер зерттеу нəтижелеріне оң жауап беріп, командада жұмыс істеуге үйренді жəне алған білімдерін зертханалық есепке қосты.
Зерттеудің көкейтестілігі алға қойған мақсаттың зерттеушілік тəсілдермен толығуы болып табылады. Осы зерттеуде қолданылатын тақырып «Өсімдіктер құрамынан биологиялық белсенді заттарды анықтау» туралы көбірек білгісі келетін биолог-студенттер үшін қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, осы зерттеуде пайдаланылатын тексеру тəсілі, бұл төмен немесе жоғары деңгейдегі зерттеулерде жиі қолданылатын, бірақ ол екі типті қоспаны білдіреді. Оқушыларға бағытталған іс- əрекет, əдетте, өз құрдастарымен, сондай-ақ мұғалімдермен шағын талқылаумен немесе талқылаусыз сыныпта оқу жəне презентациялар бойынша тапсырмаларды қамтыды.
№ 1 суретте көрсетілгендей, зерттеу нəтижелері бойынша студенттердің «Өсімдіктер құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар» туралы алған білімдерін тексеру үшін бастапқы жəне соңғы тест қорытындылары бойынша білімдерін салыстырмалы талдау барысы бойынша білім алушылардың биологиялық білім беру негізінде биологиялық белсенді заттар туралы дағдылары қалыптасты. Тест жүргізгенде студенттердің үлгерім пайызы 100 баллдық көрсеткіш бойынша бастапқы біліммен салыстырғанда 53 % ға дейін артты, ал 50 баллдық жүйе бойынша бастапқыда студенттер 50 % құраған болса, сабақ соңында 80 % дейін төмендеген. Биологиялық білім аясында инженерлік сауаттылық деңгейлері жоғарылады. Себебі, əлеуметтік жағдайға байланысты жастар биологиялық активті заттар бойынша алған білімдерінен өз бизнес салаларын ашуға, өсімдік əлемінің табиғаты туралы ойлар қалыптасты. Бұл бизнес инкубаторлар ашуға жол болып табылады. Білім алушылардың биологиялық білім деңгейлері ауызша жəне баяндау тəсілі арқылы сарапталды.
Студенттер үшін зертханалық сабақтың қаншалықты қызықты жəне маңыздылығын анықтау үшін арнайы сауалнамалар алынды. Сауалнама нəтижесі төмендегі кестеде сипатталды.
3-кесте Студенттердің зерттеу жұмысы бойынша алынған сауалнама нəтижелері
№ |
Сіз келесі мəлімдемелер бойынша қайсысына келісесіз? |
Толық келісемін % |
Келісемін % |
Келіспеймін % |
Мүлде келіспеймін % |
1 |
Менің ойымша, зертханада эксперимент- тер жасау бос уақыт шығыны |
5 |
5 |
50 |
40 |
2 |
Менің ойымша, зертханалар өткізу қа- жет емес |
0 |
0 |
60 |
40 |
3 |
Зертханалық сабақтар тиімді жəне пай- далы екеніне сенбеймін |
2 |
0 |
60 |
38 |
4 |
Зертханадағы сабаққа алдын-ала дайын- далудың қажеттілігін сезінбеймін |
3 |
2 |
50 |
45 |
5 |
Зертханалық аудиторияда үлкен қуа- нышпен жұмыс істеймін |
60 |
35 |
1 |
4 |
6 |
Зертханада пəндер бойынша экспери- менттер көп болғанын қалаймын |
70 |
25 |
5 |
0 |
7 |
Менің ойымша, зертханалар биология ғылымын терең түсіну үшін қажет |
90 |
10 |
0 |
0 |
8 |
Эксперименттер жүргізілген пəндер бойынша болашақта зерттеу жұмыста- рымен айналысамын |
80 |
20 |
0 |
0 |
9 |
Биология тақырыптары бойынша мен бі- лімім мен дағдыларымды арттыру мақ- сатында жиі ұстазым мен достарыммен тəжірибелерді талқылаймын |
90 |
10 |
0 |
0 |
10 |
Тəжірибе жасағанда, менің зерттеу қабі- леттерім жақсарады деп ойлаймын |
80 |
15 |
3 |
2 |
11 |
Біз достарымызбен басқа да тақырып- тарды талқылаймыз |
75 |
25 |
0 |
0 |
12 |
Топтық жұмыс арқылы достарыммен тə- жірибе өткізгім келеді |
90 |
10 |
0 |
0 |
13 |
Эксперимент арқылы берілген ақпарат- ты жақсы түсінемін |
100 |
0 |
0 |
0 |
14 |
Зертханаға қызықты жəне əр түрлі өсім- діктердің пайдалылығы туралы білімімді арттыра аламын |
95 |
5 |
0 |
0 |
Сауалнама нəтижелері № 2 кестеде сипатталғандай сабақ барысындағы зерттеу іс-əрекеттерінің тиімділігі бойынша: Эксперимент арқылы берілген ақпаратты жақсы түсінемін деген сұрауға 100 % студент келісетінін белгілеген; Биология тақырыптары бойынша білімім мен дағдыларымды арттыру мақсатында жиі ұстазым мен достарыммен тəжірибелерді талқылаймын сауалына 90 %; Зертханаға қызықты жəне əр түрлі өсімдіктердің пайдалылығы туралы білімімді арттыра аламын деген сауалға 95 %; Топтық жұмыс арқылы достарыммен тəжірибе өткізгім келеді — 90 %; Менің ойымша, зертханалар биология ғылымын терең түсіну үшін қажет — 90 % келісетіндерін белгілеген.
Зерттеу қызметі студенттердің қызығушылығын ынталандыруға болады деген тұжырымдар жасауға болады. Сауалнама нəтижелері бойынша алынған студенттердің пікірі де осы тұжырымды растады. Барлық студенттер оқу жағдайы толығымен өзгергенін сезінді. Зерттеу жұмысы оларды өз бетінше ойлауға итермелейтін жолмен əзірленді. Студенттердің көпшілігі топтық оқыту олардың оқуы мен түсінуіне ықпал ететіндігіне келісті, сонымен қатар, зерттеу жұмыстарын жасау еркіндігі ұнады, алайда уақыт жетіспеушілігіне шағымданды. Студенттермен сұхбат нəтижесі студенттердің көпшілігі зерттеуге негізделген зертханалық тəсілге дайын екендігін көрсетті.
Қорытынды
Студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру үшін зертханалық жұмыс жасауда биологиялық белсенді заттар туралы алған білімдерінің тұжырымдамалық түсінігін құра алады. Сонымен қатар, студенттер өз білімдерін тиісті жағдайларда қолдана алады, бұл əртүрлі жағдайларда гипотезаларды қалыптастыру жəне тексеру қабілеттерімен расталады. Практикалық жұмыстарды орындау барысында білім алушылар тұлғалық жауапкершілікті сезінеді жəне аталмыш талқылау, сұрақ-жауап түріндегі оқыту стилінің артықшылықтарын мойындайды. Нəтижесінде арнайы заманауи жабдықталған зертханада жүргізілетін ғылыми жұмыстар студенттер мен оқытушылардың оқу бағдарламасы негізінде жоғары деңгейдегі сабақ өтуіне септік болады. Сонымен қатар студенттердің болашақта білімдерін жалғастыруда, яғни магистратура, докторантурада немесе жалпы болашақ жұмыста сапалы азамат болуда қажетті дағдылар мен сыни ойлауды дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта университеттерде зертханалық эксперименттер дəріс-мəтінде қозғалған мəселелерді растаудан, дəлелдемелерден түсініктеме тұжырымдауға өз екпінін өзгертуі тиіс екендігі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізілуде. Сонымен ғылыми зерттеушілік тəсіл студенттің белсенділігін дамытуға көмектеседі. Дегенмен, аралас оқыту бағдарламасын тиімді іске асыру үшін мұғалімнің жаңа педагогикалық тəсілдерді жақсы меңгеруі тиіс екенін де атап өту керек. Сонымен, зерттеу сабағы оқытудың конструктивистік тəсілі студенттерге бағытталған белсенді оқу қызметінің нəтижелері төмендегідей:
- Тест жүргізгенде студенттердің үлгерім пайызы 100 баллдық көрсеткіш бойынша бастапқы біліммен салыстырғанда 53 % ға дейін артты;
- Жеке тұлғаның ең сүйікті сабағы туралы сұралған сауалнамалар нəтижесін келесі үзіндіде көрсетілген белсенді оқыту туралы пікірлері негізінде қалыптасты. Зертханалық сабақтар нəтижесі студенттердің білім құрудағы, пайымдаудағы, қарым-қатынас жасаудағы жəне жоғары уəждемелік қабілеттеріне əсер ететіні дəлелденді;
- Сауалнама нəтижесі бойынша эксперимент арқылы берілген ақпаратты жақсы түсінемін деген сауалнамаға 100 %; зертханаға қызықты жəне əр түрлі өсімдіктердің пайдалылығы туралы білімімді арттыра аламын деген білім алушылар 95 % толық келісетінін белгілеген.
Əдебиеттер тізімі
- Сейтметова А.М . Биологияны оқытуда оқушылардың жеке-топтық оқу-танымдық іс-əрекеттерін ұйымдастыру / А.М . Сейтметова А.Қ. Жүзбай // Қарағанды ун- нiң хабаршысы. Педагогика сер. — 2019. — № 2. — 44 б.
- Омарова Ə. Т., Сарыбаева И. С Түлектерді бəсеке қабілетті маман ретінде дайындауда қолданылатын инновациялық білім беру технологиялары // Қоғамдық сананы жаңғыртудағы жоғары оқу орнының рөлі: Университет 4.0 моделіне көшу: 48-ші ғылыми-əдiстемелiк конференциясының материалдары (18–19 қаңтар 2018 жыл). — 2018. — 281–284 б.
- Taraban R. Effects of active‐ learning experiences on achievement, attitudes, and behaviors in high school biology / R. Taraban, C. Box, R. Myers, R. Pollard, C.W. Bowen // Journal of Research in Science Teaching: The Official Journal of the National Association for Research in Science Teaching. — 2007. — Vol. 44, No. 7. — Р. 960–979.
- Supovitz J.A. The effects of professional development on science teaching practices and classroom culture / J.A. Supovitz, H.M. Turner // Journal of Research in Science Teaching: The Official Journal of the National Association for Research in Science Teaching. — 2000. — Vol. 37, No. 9. — Р. 963–980.
- Bencze J.L. Democratic constructivist science education: Enabling egalitarian literacy and self-actualization / J.L. Bencze // Journal of Curriculum Studies. — 2000. — Vol. 32, 6. — Р. 847–865.
- Palmer D. A motivational view of constructivist‐ informed teaching / D.А. Palmer // International journal of science education. — 2005. — Vol. 27, No. 15. — Р. 1853–1881.
- Sutherland K.S. Learned helplessness and students with emotional or behavioral disorders: Deprivation in the classroom / K.S. Sutherland, N.N. Singh, M. Conroy, J.P. Stichter // Behavioral Disorders. — 2004. — Т. 29, No. 2. — Р. 169–181.
- Голикова Т.В. Методика обучения биологии: учеб. пос. к выполнению лаб.-практ. занятий / Т. В. Голикова, Е.А. Галкина, В.М. Пакулова. — Красноярск, 2013. — 12 с.
- Yernazarova G.I. Method of use of biotechnological research (for example, biologically active substances of higher aquatic plants) in teaching Biology / G. Yernazarova, A. Ramazanova, L. Anuarova, D. Korulkin, B. Kudaibergenova // Bulletin of the KazNU. Pedagogical series. — 2018. — Vol. 55, No. 2. — Р. 66–73.
- Hofstein A. The laboratory in science education: Foundations for the twenty‐first century / A. Hofstein, V.N. Lunetta // Science education. — 2004. — Vol. 88, No. 1. — Р. 28–54.
- Козьеровская А. Проблемная методология науки о биотехнологии в Керунку / А.Козьеровская // Edukacja-Technika- Informatyka. — 2014. — Vol. 1, No. 5. — С. 476–480.
- Wallace C.S. Learning from inquiry‐based laboratories in no major biology: An interpretive study of the relationships among inquiry experience, epistemologies, and conceptual growth / C.S. Wallace, M.Y. Tsoi, J. Calkin, M. Darley // Journal of Research in Science Teaching. — 2003. — Vol. 40, No. 10. — Р. 986–1024.
- Henderson D. Interpersonal behavior, laboratory learning environments, and student outcomes in senior biology classes / D. Henderson, D. Fisher, B. Fraser // Journal of Research in Science Teaching. — 2000. — Vol. 37, No. 1. — Р. 26–43.
- Reiss M. Biology education: The value of taking student concerns seriously / M. Reiss // Education Sciences. — 2018. — Vol. 8, No. 3. — Р.130.