Балалар фольклоры дәстүрлі мәдениеттің ерекше саласы ретінде

Мақалада фольклордың қалыптасуы, қазақ халқының əн-куй өнерінің дамуына əсерı мен олардың ерекшеліктері, қазақ халқының рухани байлығы мен құндылықтарды сақтаудағы алатын орны туралы мəселелер қамтылған. Қазақ ауыз əдебиетǐне жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, болашақ ұрпаққа қалған рухани мұра ретінде фольклор үлгілерінің жинақталуы, халыққа таралу жолдары, оған дəлел болған көне түркі жазбаларындағы мифтік сюжеттер талданған. Жүргізілген зерттеулер негізінде қазақ халқының рухани құндылықтарын ұлттық əдебиет пен мəдениет арқылы қалыптастырудың жолдары, оны жүзеге асыруда жас ұрпақты балалар əдебиетíнщ үлгілерімен таныстыру, фольклор үлгілерін игерту, дәстүрлі мəдeниeтімізді сақтаудың құралы ретіндегі маңыздылығы айкындалғаи. Жас ұрпақты мəдениеттí, өркениетті елдің азаматы ретінде тəрбиелеудегí балалар фольклорының айрықша орны туралы баяндалған. Қазақ халқының тұрмыс-салты мен ата- баба дəстуршен сыр шертетін, өткен өмір көрінісімен бірге тығыз дамып келе жатқан дəстурлí мəдениеттí қалыптастырудағы фольклор жанрының жүздеген жылдар бойы дамып, өркендеп келе жатқан үлкен ғылым екендігі көрсетілген.

Қазақ фольклорын өзінің даму тарихынан бастап зерттесек, ол рухани азық беретін бай мұра. Фольклорды оқу арқылы адам санасын дамыту, байыту жұмыстарын жүргіземіз. «Қазақ фольклоры — жанр жағынан да, түр жағынан да бай мұра. Оның ғасырлар бойғы тарихы бар. Ол сонау алғашқы қауымның ыдырау кезеңінде туып, күні бүгінге дейін өмір сүріп келді. Көне заманнан бері ол жай ғана өмір сүрмей, əрбíр қоғамдық құрылыста өмір шындығына сəйкестенíп, өзгеріп отырды.

Кейбір жанрлар өмірден біржола жоғалып, оның орнына жаңа жанрлар пайда болды» [1; 36, 37]. Қазақ фольклоры мен қазақ эдебиетінің арасын ажыратып алуда тек қана фольклорлық мұра жайындағы зерттеулерге сүйенсек, атап айтқанда Халел Досмұхамедовтың «Қазақ халық əдебиетí» атты еңбегінде (1928 жыл) фольклор мен здебиеттің даму тарихы əдебиеттану ғылымының өз алдына жеке салалары болып қалыптасқандығын айта аламыз. Əдебиет пен фольклор бір-бірінен ажыратылып, айырмашылықтары анықталса да, кейбір туындыларды қайсысына жатқызатындығы беймəлíм болған кездерді де айтпай кетпейміз. Өйткені, авторы белгісіз, ел аузына ауыздан шығып, тараған əдеби үлгілерді фольклорға жатқызып, өлеңдерді, жырларды əдебиетке жатқызды. Соның бірі, 1960 жылдары «Қазақ здебиетінің тарихы» атты үш томдық жинақта XVIII ғасырдағы Бұқардан бастап жырланған ауыз эдебиетінің үлгілері қазақ эдебиетінің даму тарихын анықтауға түрткі болды. Əдебиет тарихының дамуы қай кезден басталады десек, Б. Кенжебаевтың зерттеулерінен қазақ здебиетінің даму тарихы қазақ хандығы құрылған XI ғасырдан басталады деген пікірлермен кездесеміз. Фольклордың дамуы да əдебиетпен қатар дамығандығына болжам жасасақ, фольклор тарихын зерттеуде эдебиеттің даму тарихына тоқталмай кете алмаймыз. Мысалы, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ мұра боп қалған көне таңба үлгілеріндегі жазулар, еуропалық жəне қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде берілген VIII ғасырдағы Орхон Енисей, Талас жазбалары, оған дейінгі грек тарихшысы Геродоттың еңбектерінде берілетін біздің жыл санауымызға дейінгі үш мың жыл бұрын өмір сүрген сақтардың қаһармандық өмірінен сыр беретін зерттеулерді айтуымызға болады. Кейбір деректерде [2] қазақ эдебиетінің даму тарихы қытай деректеріндегі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы дəуíрлерíнен басталатынын кездестіреміз. Осы айтылған пікірлердің қаншалықты дұрыстығы мен нақтылығына көз жеткізу үшін қазақ хандығының құрылуы, жеке ұлт ретіндегі қалыптасу, мемлекет болып қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, салыстырып, ғылыми-здіснамалық тұрғыда тереңірек ашудың қажеттілігі туындайтыны сөзсіз.

Фольклордың қалыптасуы қазақтың ән-күй өнеріндегі ерекшеліктермен де түсіндірілетіні белгілі. «Əжептəуíр жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодыңды сақтай білу» [3], деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, ұлттық кодты сақтаудың бірден-бір жолы — ұлттық əдебиет пен мəдениеттен қол үзбеу. Ал жер бетінде қазаққа ғана бұйырған күй жанры — ұлттық кодтың төресі, оның тарихын зерттеп қана қоймай, беймэлім тұстарын, зерттелінбеген тұлғаларды, алуан түрлі күйлерді зерттеу нысанына алып, ғылыми айналымға енгізу — рухани жаңғырудың басты міндеттерінің қатарынан табылатыны сөзсіз. Қaзaқ хaлқының т¥pмыc-салтымен, өмip-тipшiлiгiмeн əpқaшaндa тығыз бaйлaныcтa бoлaтын күй — жүздeгeн жылдapдан бepi қaнaт жaйып, өpкeндeп кeлe жaтқaн жaнp.

Қaзaқ музы^^н бipт¥тac мəдени pyхaни ^быльт peri^ae шapықтayғa мүмкіндіктің бoлмayы зepттey жүйeciнiң шaшыpaңқылығынa ceбeпшi бoлып, қaзaқтың дəcтүpлi музык^ы бipдe тapихтың, кeлeciдe мəдeниeттaнудың, e^i бipдe фoльклopтaнудың aяcындa қapacтыpғaн yaқытты дa бacтан кeшipдiк. Təyeлciздiктiң aқ тaңы arnica^a ocындaй oлқылықтapдың oprnra тoлтыpyдың мүмкіндігі туды.

Фольклор — ағылшын тілінен аударғанда халық шығармасы, халық аузынан тараған көркем шығарма, халық даналығы деген мағынаны білдіреді. Фольклор əлем халықтарының барлығында бар. Ауыз эдебиетінің ертеден келе жатқан асыл мұра екендігі қай халықтың болмасын өз алдына ұлт екендігін, ұлттық санасын көрсетеді. Осы ретте орыс жазушысы, эдебиетші, сыншы Б.Г. Белинский өзінің зерттеулерінде ауыз эдебиеті мен жазба эдебиетінің айырмашылығын көрсетіп, ауыз эдебиетінің өте ертеден келе жатқан халықтың ой-санасының жемісі екендігін көрсетеді. Бұл түсініктің нақтылығы мен шынайылығына тоқталатын болсақ, элемнің жаратылуы мен күйреуі туралы мифтік ұғымдарға тоқталуымызға болады. «Әлемдік мифологияның басты тақырыбы — дүниенің жаратылуы мен күйреуі, басты кейіпкері жасампаз қаһарман мен құдайлар, адамдар екен де, басты сипаты — біркелкілігі болып шықты. Қазақ мифологиясы да осы тектес. Мұнда да элемнің жаратылуы мен күйреуі баяндалады, жасампаз қаһармандар да, адамдар да құдай да əрекет жасап жатады. Алайда, бұдан элемдік мифология барлық халықта, барлық уақытта бірдей болған, еш өзгеріске түспеген деген тұжырым тумайды. Керісінше, ол эр дэуірдің рухына сəйкес, эр халықтың өмір салты мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туып, қоғамның əр кезеңіне қатысты өзгеріп отырған. Сол себепті элемдік мифологияны тарихи-стихиялық, эрі салыстырмалы-типологиялық эдіспен зерттеу нэтижелі болмақ» [1; 299-300].

А.Н. Афанасьев зерттеулерінде ауыз эдебиетінің үлгілері дінге, діни ұғымдар мен эртүрлі мифтерге байланысты туылған деген пікірлерді кездестіруге болады. Бірақ, мифтерге байланысты ауыз эдебиетінің үлгілері пайда болуы мүмкін деген ұғымдардың шынайылылығы жоқ. Өйткені, идеалистік көзқарасқа негізделген мифологиялық теориялар мен ой-пікірлер ауыз эдебиеті үлгілерінің шығу тарихын ғылыми тұрғыда айқындай алмады. Бірте-бірте түрлі халықтардың ауыз эдебиетінің пайда болу тарихын адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нэтижесінде, сауда жолдарымен пайда болғандығы туралы зерттеулерді орыс жазушысы Потанин, В.В. Веселовскийдің еңбектерінен байқауымызға болады. Фольклордың даму тарихын зерттеуде эдебиеттің даму тарихындағы хронологиялық даму, эдебиеттің өзіндік даму жолы деп көрсетілетін халық тарихының көркем бейнелі шежіресіне де зер салуымыз қажет. Өйткені, халық бар жерде тарих бар, қандай да бір дэуірдің, сол дэуірдегі болған оқиғаның көркем бейнесін, кейпін танытатын эдебиет екендігі белгілі. Басқа да елдердегі чуваш, орыстардағы эдебиеттің дамуы хронологиялық жүйе бойынша дамыған. Қазақ эдебиетінің тарихын зерттеуде ұлттық эдебиеттің ғасырлар бойы жинақтаған көшпелі тайпалар эдебиеті, ежелгі түрік эдебиеті, ХІХ ғасыр əдебиет, ХХ ғасырдың басындағы эдебиет, кеңес дэуіріндегі əдебиет болып хронологиялық жүйемен даму жолын көрсетуге болады. Мұнда эр дамудың қай кезеңінде болмасын шығарманың өмірге келуіне себеп болған алғы шарттар немесе жағдайлар, сол дəуíрдегí əлеуметтíк қақтығыстар мен құбылыстар басты назарға алынады. Сол сияқты қазақ фольклорының дамуы шығарманың жанрлық жағынан көркемделуі, жетілуі, көркемдік тұрғыдан өсуі, дамуы, қалыптасуы деп қарастыра аламыз. Фольклордың даму тарихын зерттеушілердің хронологиялық ұстанымдары бойынша типологиялық тұрғыда хронологиялық, көркемдік даму түрлеріне қарай əлеуметтíк-мəдени өмірдің дамуы, ғылымның дамуындағы ізденістер басшылыққа алынған.

Қазақ ауыз əдебиетíне жүргізіле басталған күрделі зерттеулердің бастау алатын кезеңі ХІХ ғасырда рухани мұра ретінде ұрпағымызға қалған фольклор үлгілерін жинақтау жұмысы орындалып, халыққа таратылып отырған. Сол кездегі жинақталған материалдар қазіргі уақытта қазақ фольклорының ғылыми негізін жасауға арқау болған. Негізінен қазақ фольклорының дамуы мен қалыптасуының бастауы, тарихы ерте заманнан бастап ауыз здебиетінің үлгілерін жинаудан, оларды таратудан басталған. Оған дəлел, көне түркі жазбаларына мифтік сюжеттер, суреттер түрінде беріліп отырған. Оның дəлелí ретінде Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі жазбаларының қазақ халық поэзиясына тəн поэтикалық өрнектерді түркі халықтарының мəдениетíнен ғана емес бүкіл дүние жүзіне танымал тарихи ескерткіштердегі жазбалардан көруімізге болады. Атап айтсақ, өсиет өлеңдер мен толғауларда қазақтардың адамшылық пен ізгілік туралы барша таным-түсінігі алақанға салғандай анық көрініс тапқан. Ол замандағы халықтың арман мұраты, жақсылыққа ұмтылуы, бүкіл адамдық кредоны сақтай білуге тəрбиелеуí жатыр. Мұндай шығармалар өнеге боларлық, ғибраттылық, тағылым аларлық, дидактикалық мəнíмен, ойды көріктеп, нəрлí, бейнелі сөздермен жеткізетін образдықпен, тартымдылығымен құнды болған. Сондықтан да олардың көпшілігі халық жадында сақталып, хатқа түспегендерінің өзі өсиет ретінде атадан балаға мирас болып жетіп отырған. Ұлы даланың ұлы ойшылдары, ұлт рухын ту еткен жауынгер батырлары, ақын жыраулары сол дəуíрдщ ақиқат шындығын ұрпақ жадында қалдырып, игі істерді дəрíптеп, үлгі-өнеге болатын сөз айтуды мақсұт еткен. Көне түркі дəуíрíнде Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк бабаларымыз өз сөздерін тасқа қашап жазып, келер ұрпаққа өсиеттеген. Ержүрек қолбасы Күлтегіннің, білікті мемлекет қайраткері Тоныкөктің құлпытасына қашалып жазылған сөздер жай ғана тарихи мұра емес, олардың келер ұрпаққа арнаған өсиеті, ғибратты сөздері. Таста жазылғандай:

Сөзімді түгел естіңдер,

Кейінгі іні-жиенім, оғланым,

Бергі тайпам, халқым (КТм).

Немесе:

Түркі бектері мен халқы,

Бұны есітіңдер.

Қандай сөзім бар болса,

Мәңгі тасқа жаздым (КТм).

Қырық жолдан тұратын Күлтегіннің үлкен жазуында Түрік қағанатының өткен өмірі, тарихы туралы мол материал бар. Қаған түркі тайпаларының басын біріктіріп, дүниенің төрт бұрышына бейбітшілік орнатуға бар күш-жігерін жұмсайды. Түркі қағандары мен бектерінің тасқа қашап, Мәңгі өшпесін деп жазған жырларының негізгі идеясы түркі мемлекетін Мәңгілік ел ету, оларды біріктіріп, татулыққа шақыру, тəуелсíз елдікті сақтау болды. Сол үшін олар осы жазбаларды өсиет ретінде қалдырды.

Одан кейінгі қазақ фольклорының əртурлí жанрдағы жазылған нұсқалары орта ғасырлардағы Махмуд Қашқаридың «Диуан лұғат ат-түрік» (1074), Жүсіп Баласұғынның «Құдатғу білік» (1069), «Кодекс куманикус» (1303) бүгінгі күнгі ауыз əдебиетíнде кездесетін сюжеттік ертегілер мен өлеңдер, мақал-мəтелдер көп кездеседі. Түркі тілдес халықтардың поэзиясының дамуында да аңыздар мен əщíмелердщ топтасып беріліп, көне жазба ескерткіштерінде болғанын айтуға болады. Мысалы, «VII- XIV ғасырлар арасында туған түркі тілдес халықтарға ортақ ескерткіштер ішінде, əсíресе, оғыз-қыпшақ тілінде жазылған туындылар қазақ халқының поэзиялық дəстүрлерiмен, көркемдік өлшемдерімен, түсініктерімен, дүниетанымымен егіздің сыңарындай туыстас. Бұлардың түпкі төркінінде өмір мен өмір құбылыстарын, адам мен қоғамды тану мен бейнелеудің, көру мен суреттеудің бірлігі, бір арнасы, өлшемі жатқаны айқын аңғарылады. Айталық, «Оғыз-наме», «Мұхаббат-наме» сияқты əйгíлí ескерткіштерде батыр мен батырлықтың, сұлу қыз бен махаббат сезімдерінің суреттелуі қазақтың ертегі, аңыздары мен эпикалық жырларындағы көркемдік тəсíлдерге мейлінше жақын, кейде тіпті жеке шығармалар мен кейіпкерлердің арасынан нақты бірлік, ұқсастық белгілерін табуға болады. Сондықтан, түркі тілдес халықтарға ортақ жазба ескерткіштерді мэдениеттің жалпы көне үлгілері ретінде тереңдей тану, зерттеумен қатар, олардың тіліміз бен тарихымызға, əдебиетíмíзге қатысын айқын аша түсудің үлкен ғылыми маңызы бар» [4; 81, 82]. Сол кездегі туған фольклорлық шығармалардың өлеңдер, ертегілік сюжеттер, мақал-мэтелдер мазмұнының мәнділігі, оның құндылығы қанша уақыт өтсе де, өзінің өзектілігін жоғалтпай, əлí күнге дейін ұрпақ тəрбиесíнде ерекше рөлге ие болып келетіндігін мына пікірден байқауға болады: «Фольклорлық шығармада уақыт ылғи да өткен дəуíр болып көрінеді. Бірақ осы өткен дəуíр айтушы мен тыңдаушыға өз заманымен тығыз байланысты болып сезіледі, баяндалып отырған оқиғалар осы əщİмеленǐп отырған кезде болып жатқандай қабылданады. Бұл қасиетті, əсíресе батырлар жыры мен тарихи жырдан жəне аңыздан, шежіреден байқауға болады. Демек, фольклорлық шығармадағы қазіргі шақ пен бұрынғы шақтың жігі айтушы мен тыңдаушылар үшін баяндалған оқиғаның өте ерте заманда болғанында емес, сол оқиғаның қаншалықты маңызды екенінде» [1; 31-32]. Мұнан шығатын қорытынды фольклорлық шығармалардың айтушы мен тыңдаушы өмір сүріп отырған кезең уақытпен өлшенбейді. Олардың өзара байланысы айтушы мен тыңдаушы арасындағы санасы мен ойын сəйкестендíрш, айтылған ойдың маңыздылығын, қажеттілігін, сол дəуíрге сəйкестíгíн көрсетеді. Қазақтың тәлімдік ойлар тарихына жүгінсек Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауларында мəдени тарихи мұраларды сақтау, жинау, қорландыру жылдары деп жариялап отырған. Оның өзектілігі зиялы қауымға мемлекеттік тілде əлемдíк ғылыми ойдың, мəдениет пен əдебиеттщ үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасақтауды міндеттеген еді [5; 3]. Қазақ фольклортану ғылымы қазақ фольклорлық шығармалардың жинақталуы, жариялануы тарихы мен оның тұрақталу жолдарын зерттейтін ғылым екендігін басшылыққа ала отырып, айтылған ойдың түйінін тарихи шындық пен нақты деректерге сүйеніп туған əщíмелердщ уақыт өте келе халық арасына таралып айтылып, ол əщíмелердщ қоғам дамуы мен заман талабына сай, адамның сұранысы мен қажеттіліктеріне сай өзгеріп, жаңарып, өткен заман мен бүгінгі заманның арасын байланыстыратын алтын көпір болады деп көрсетуге болады. Сонымен бірге, осы ойымыздың жалғасын қазақ балалар фольклорының дамуы мен қалыптасуы жайындағы көрегендікпен айтылған мына пікірді айтпай кетуге болмайды: «Тарихтың бізге бұйыртқан сыбағасына жеңіл-желпі қарауға болмас. Уақыт дегеніңіз жүрдек, маңдай тіреген мың сан сұраққа əрí дəл, əрí жылдам жауап беру қажет. Сол сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы ұлттық пəтуа — бірлік болса керек. Әрине, экономиканы жаңаша жүргізу де, сыртқы саясат та, қорғаныс мəселесí де мəндí. Алайда, осы жерде біздің жүрегімізді басқа бір гəп тербейді, атап айтсақ, ұлттық сана, яғни ұлттың жүрегі не күйде деген мəселе.

«Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетілдірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де, бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты əрекеттерí де, тарихи сананы қалпына келтіру де... бəрí-бəрí барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады» [6; 52-53]. Дəл, осы пікірдің мазмұнына үңілсек, қазақтың қазақылығы мен ұлттық сипатын сақтап қалар, өз тілімен қатар, ұлттық тəрбиесí екендігін тағы бір мəрте дəлелдеймíз. Өйткені, ұлттық тəрбие берудің құралы ретінде ұсынылып отырған фольклорлық шығармалар қазақтың баласының бойында патриоттық рух пен бірлік, ынтымақты қалыптастыратынын көре аламыз. Оған дəлел, қазақтан шыққан тұңғыш фольклористердің бірі ағартушы, алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің ауыз əдебиетí шығармаларын жинап, жүйелеу, топтастыру арқылы қазақ баласының тұла бойына адамгершілік, тəрбиелíк маңызы өте жоғары тұратын рухани құндылықтарды құюда фольклорлық шығармаларды ұсынғандығын баса айтамыз. Өткен мен бүгіннің арасындағы рухани байланыстың ажырамауына бар ынтасы мен жігерін сала отырып, өткен уақыттағы молдалар оқытып жүрген араб, парсы тілдерінің барлығы қазақ баласының бойында кертартпалық пен теріс мінезді қалыптастырады деп, өзінің өлеңдерінде шыншылдық, әділдікті бетке ұстайды. Мысалы, «Ыбырай өлеңдерінің ішінде оқушысын əдíлдíкке, адамгершілікке баулуды мақсат ететін, ұрлық-барымта сияқты феодалдық-патриархалдық əдет-салттардьщ жексұрындық сырын əшкерелейтíн «Араз бол, кедей болсаң ұрлықпен» деген тəрíздí шығарма да бар. Ыбырайдың кейбір өлеңінен өз дəуíрíнщ шындығын, əлеуметтíк теңсіздігін мүлде айқын көруге болады» [4; 113]. Осыдан біз, қазақ фольклорының дамуына жаңадан ағартушылық сипат пен түр беріп, жанрлық табиғатын жыр, ертегі, аңыз түрінде беріп отырғандығына толықтай көз жеткізіп, ол халықтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен бала тəрбиесíнде туған, қалыптасқан, әлі күнге дейін зерттеліп келе жатқан ауқымы кең көлемді шығарма екенін білеміз.

Қазақта этномəдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мəндí. Фольклор — қазақ өмірінің айнасы, қазақтың өткені мен болашағын байланыстыратын алтын көпір деуімізге əбден болады. Өйткені, ата-бабамыздың өмір сүрген ортасынан бізге сыр шертер, түсіндіріп, айқындайтын тарих, шежіре, көненің көзі болып табылады. Фольклорды игеру нəтижесíнде əрбíр қазақ баласы өзінің «Менін» нақтылайды, өзінің түп-тамыры мен өмір сүрген ортасын таниды. Фольклор өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін рухани құндылық, халық шығармаларының қайнары екендігін дəлелдеп келеді. Фольклор туындыларындағы жырлар, аңыздар мен əщíмелер, ертегілердің мазмұны адамдардың бір-бірімен рухани қарым-қатынасын нығайтып, халықтың асыл мұрасы мен рухани құндылықтарын игерту, ұлттық мəдениеттщ түрлі саласын меңгертудегі тəрбие құралы деуімізге болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қасқабасов С. Жаназық: Әр жылғы зерттеулер / С. Қасқабасов. — Астана: Аударма, 2002. — 584 б.
  2. Нүрахметүлы И. Қазақ әдебиетінің төркіні мен тари∖ыɪɪ дәуірлеу: Х ғасырдан XVIII ғасырға дейін: филол. ғыл. канд. ... автореф. / И. Нүрахметүлы. — Алматы, 2005. — 20 б.
  3. Қазакстан Республикасының Түңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазакстан жаһандык ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 карашадағы Қазакстан халкына Жолдауы.
  4. Дербісәлин Ə. Байтақ пен бəйтерек: Ғылыми еңбектері мен ол туралы әдеби-көркем жəне ғылыми, деректі материалдар жинағы / Ə. Дербісәлин. — Алматы: Арда, 2009. — 392 б.
  5. Қаскабасов С. Елзерде: Əр жылғы зерттеулер / С. Қаскабасов. — Алматы: Жібек жолы, 2008. — 504 б.
  6. Қоңыратбаев Ə. Қазак фольклорының тарихы: оку күралы / Ə. Қоңыратбаев. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 288 б.
Жыл: 2020
Категория: Филология