Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін болжаудағы жаңа әдістемелік тәсілдер: халықаралық тәжірибе

Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасуы жағдайында аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесінің ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу маңызды болып саналады. Әдістемелік тәсілдер халықаралық қатынастардың жүйесіне, қауіпсіздік жүйесін құрылымдауға және олардың көпжақты элементтерін ай- қындауға қатысты жаңа анықтамалар мен бағыттарды ескеруді талап етеді. Мақала тақырыбының өзек- тілігі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысы бар әртүрлі көзқарастарды зерттеу және болжау барысында әртүрлі тәсілдердің арақатынасын қарастырудың маңыздылығымен анықталған. Авторлар әртүрлі мектептер мен бағыттардың шеңберіндегі парадигмаларды ескере отырып, тарихи ракурста жа- һандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерінің арақатынасы мәселелерін қарастыр- ған. Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі тәжірибесінің дамуын ескере отырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікке қатысы бар әртүрлі көзқарастардың арақатынасына талдау жа- салған. Авторлар аймақтық қауіпсіздікті зерттеу жаңа категориалдық аппаратты талап етеді деген қо- рытындыға келеді. Жаңа категориалдық түсініктерді өңдеу қауіпсіздік мәселесін кешенді түрде зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Осымен бірге, зерттеліп отырған мәселе бойынша ақпараттарды жинақтау мен оларды талдаудың әдістерін жетілдіру қажеттілігіне назар аудару керек.

Кіріспе

Әдетте мамандардың барлығы зерттеу жүргізу барысында белгілі бір әдістемелік тәсілдерге сүйе- неді. Ғылымның қай саласында болмасын зерттеушілер әдістемелік тәсілдерді басшылыққа алады. Со- лардың қатарында халықаралық қатынастардың өзекті мәселелерін зерттеушілер де әдістемелік тәсіл- дерге жүгінеді. Халықаралық қатынастар екі сөзден құралған ұғым болғандықтан, сөздің екінші бө- лігі — «қатынастар», бұл әлеуметтік бағытты білдіретіндіктен, дүние жүзіндегі болып жатқан жағдай- лар мен құбылыстар әлеуметтік-гуманитарлық ғылым қолданатын әдістерді пайдалану арқылы зертте- леді.

Халықаралық қатынастар көп қырлы және ол өте күрделі. Әсіресе қазіргі кезде халықаралық қа- тынастар жүйесінде орын алып отырған халықаралық терроризм, діни экстремизм, сонымен бірге сая- саттың, экономиканың, мәдениеттің жаһандануы тәрізді көптеген мәселелердің туындауы, тіпті әлемді дендеген коронавирус пандемиясы халықаралық қатынастардағы проблемалардың ауқымды әрі күр- делі екендігін дәледей түседі. Осы ретте жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру жағдайында аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің нақты проблемаларын жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеу ерекше маңызды болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеруі ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басында кең та- раған аймақтандыру үрдісімен тығыз байланысты. Аталған үрдістердің шеңберінде қазіргі әлемдік сая- саттың объекті және субъекті рөлін атқара бастаған және халықаралық қатынастар жүйесінде халықа- ралық жүйенің жаһандық деңгейі мен ұлттық мемлекет деңгейі арасындағы «орта» деңгейді иеленген жаңа акторлар — аймақтар халықаралық аренадағы маңызды орынға ие. Сондықтан, халықаралық қа- тынастарды зерттеудің ерекше объектісі ретінде қауіпсіздіктің аймақтық құрылымына деген қызығу- шылық алдымен «қырғи–қабақ» соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар жүйесінің аймақтандыру сипатына ие болуымен анықталды.

Қазіргі халықаралық қатынастарда қауіпсіздіктің аймақтың деңгейінің маңызы айтарлықтай артып отыр. Қауіпсіздіктің аймақтық кешені концепциясының бірқатар ережелерін зерттеу барысында қауіпсіздіктің дәстүрлі және дәстүрлі емес аймақтық өлшемдерінің қаншалықты құрылымдалғанды- ғын, олардың аймақтық кешенді құруға деген қабілеттілігін зерттеудің маңызы жоғары. Қауіпсіздік мәселелерінің концептуалдық негізін өңдеу Орталық Азиядағы қауіпсіздікке қатысы бар құбылыстар- дың ерекше белгілерін анықтау барысында, осымен қатар қауіпсіздік пен аймақтың трансформацияла- нуы салаларындағы қазіргі заманғы аймақ аралық үрдістерді теориялық жағынан ұғынуда маңызды саналады.

Орталық Азия аймағындағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы және олардың арасындағы аймақтық деңгейдегі өзара байланыс тәуелсіздік пен егемендікті сақтау, саяси құрылыс үрдістерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, экономиканы реформалау, қауіпсіздіктің ұлттық және ұжымдық жүйе- сін құру сияқты ұлттық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерінің өзекті болуымен қатар жүрді. Сон- дықтан, Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті күрделілендіретін және қауіп–қатер төндіретін мәсе- лелер кешенінің бар болуы аталған мақала тақырыбының өзектілігін анықтап отыр.

Зерттеу әдістері

Мақалада көтерілген мәселелерді зерттеу барысында теориялық таным әдістерінің ішінен эмпи- рикалық таным, жүйелеу, сонымен бірге салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Бұл әдістер ай- мақтық саяси үрдістердің қарама-қайшылығын, аймақтық және ұлттық саяси өмір компоненттерінің өзара байланысын ескере отырып, аймақтағы саяси шындық құбылыстарын қарастыруға мүмкіндік бе- реді. Эмпирикалық таным әдісі нақты аймақтық саяси құбылыстар мен үрдістер немесе нақты бір мем- лекеттің саяси үрдістері мен құбылыстары жөніндегі жаңа білім алудың құралы болды. Сонымен қатар, аймақтағы үрдістерді, олардың даму тенденцияларын, әртүрлі субъективті және объективті факторлар- дың рөлін жан-жақты зерттеуге мүмкіндік берген жүйелеу әдісі қолданылды. Салыстырмалы талдау әдісінің негізінде жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар әртүрлі теориялардың, осымен қатар мектептердің негізгі ережелері мен тұжырымдарына талдау жасалды.

Мәселені талқылау

Әдістемелік тәсілдер халықаралық қатынастар жүйесіне, қауіпсіздік жүйесін құрылымдауға және оның көпжақты элементтерін анықтауға қатысты ғылыми анықтамалардың жаңа түрлері мен бағытта- рын ескеруге көмектеседі.

Қауіпсіздік мәселелері әртүрлі мектептер мен бағыттар шеңберінде зерттелуде. «Қауіпсіздік» тү- сінігіне байланысты, сондай-ақ қауіпсіздіктің негізгі деңгейлеріне қатысты әртүрлі көзқарастар бар (ұлттық, аймақтық, жаһандық). Яғни, аймақтық қауіпсіздікті зерттеу жаңа категориялық аппаратты және қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты зерттеуді, ақпараттарды жинау мен талдаудың қазіргі зама- науи әдістерін қолдануды қажет етеді.

Батыстық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін құрылымдық неореализм шеңберінде және аймақ- тық қауіпсіздік жүйелерін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздерін зерттейді. Либерал-идеалис- тік парадигманың дамуы, оның шеңберінде дәстүрлі емес қауіпсіздік проблемалар теориялары, «бір- лескен қауіпсіздік», «ұжымдық қауіпсіздік» және «қауіпсіздік қауымдастығы» тәрізді тұжырымдама- лары дамыды және бұл халықаралық қатынастардың еуропалық ғылымында тез дамып келе жатқан бағыт болып табылады.

Либерализм мектебінің халықаралық ұйымдардың рөлі, халықаралық проблемаларды шешуде және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ұжымдық әрекеттің қажеттілігі туралы тезистері олардың маңыз- дылығын сақтайды. Осы парадигманың негізгі орталығының бірі — жалпы адамзаттық қызығушылық- тарға, мүдделер мен баршаға ортақ құндылықтарға негізделген халықаралық ынтымақтастық идеясы екенін еске сала кетейік.

Әлемнің жетекші державалары арасындағы күш тепе-теңдігін сақтау қажеттілігі туралы реализм мектебінің негізін қалайтын тезисі, әлемдік қауымдастықтың дамуының қазіргі тенденцияларына сәй- кес келеді. Бірақ қауіпсіздікті мықты позиция тұрғысынан айқындау тәсілдері мемлекеттер мен аймақ- тардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық жүйенің басқа элементтерінің маңыздылығын түсінумен алмастырылуда. Отандық және батыс сарапшылары өз зерттеулерін келесі тезистерге сүйене отырып жүргізеді: мемлекеттер тек тәуелсіз субъектілер ретінде ғана емес, сонымен бірге олар құратын құрылымдарын ескере отырып қарастырылады; күштер категориясының мазмұны оған әскери емес құ- рамдардың қосылуына байланысты кеңейеді; «күш тепе-теңдігі» құрылымдық тұрғыдан қарастыры- лады (әдетте, халықаралық қатынастардың полярлығы идеясына негізделген); белгілі бір дәрежеде рет- телуге келетін «жетілген анархия» идеясы енгізілуде.

Транснационализм теориясының өкілдері Дж. Ная және Р. Коэн «Халықаралық институттар әр елдің өз мүдделеріне негізделген ынтымақтастықты одан әрі жеңілдете түседі, белгісіздікті төмендетеді, ақпарат және оның көлемін бөліп таратудың сапасы мен біртектілігін жақсартады, мем- лекеттің сенімді серіктес ретіндегі беделін қалыптастырады және нығайтады», — деп көрсетеді [1].

Ғылыми зерттеулерде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі ережелер мен норма- лардың жиынтығының конструктивтілігін мойындаумен ерекшеленетін конструктивизм теориясы да қолданылады. Конструктивизм бойынша, бар шындық ұтымды жағдайларда емес, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды таратумен және осы үдерістерге қатысатын халықаралық қатынастар акторларының көзқарасы негізінде жасалады. Конструктивизмде халықаралық институттардың реттеуші және жа- саушы ретіндегі қосарлы функциясын атап көрсетеді: қазіргі жүйе шеңберіндегі жаңа тұжырымдама- лық идеяларды қалыптастыру үшін кеңістік ашатын, сондай-ақ қақтығыстар мен қарама-қайшылық ту- дыратын деструктивті ахуал.

Бүгінгі күні сарапшылар қауымдастығы «Копенгаген мектебінің» идеяларын белсенді түрде қол- данады, оның көрнекті өкілдері — Барри Бузан и Олле Вивер. Олар ұсынған «секьюритилендіру» тұ- жырымдамасы халықаралық немесе ішкі проблемаға жоғары қауіпсіздік санатына жататын арнайы проблема мәртебесін беру немесе оны шешудің әдеттегі саяси процестерден тыс болатын арнайы ша- раларды қолдану заңдылықтарынан тұрады [2].

Б. Бузанның «аймақтық қауіпсіздік кешендері» тұжырымдамасына қатысты қазіргі кез тұрғысы- нан түсінуде, әсіресе Орталық Азия аймағына қатысты түсіндірмесі сарапшылар арасында пікірталас тудырады. Сонымен, Б. Бузан мен О. Вивер Орталық Азия аймағын аймақтық қауіпсіздіктің субкешені ретінде түсіндіреді. Ал отандық зерттеуші И. Черных, бұл тұжырымға келіспейді, ол Орталық Азия аймағының оқшаулағыш немесе шағын-қауіпсіздік кешені ретіндегі рөлі туралы уәж айтады [3].

«Аймақ» деген классикалық анықтама шеңберіндегі елдердің өсіп келе жатқан өзара тәуелділігі, аймақтық қауіпсіздік кешендерін айқындау саласындағы тәсілдерін қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Егер Орталық Азия аймағында бар қауіпсіздік мәселелерін алып қарайтын болсақ, онда олардың басым бөлігі аймақтық қауіпсіздік проблемаларына жатады. Сондықтан, егер Орталық Азия елдеріндегі интеграция болмаса да кооперация, қауіпсіздіктің негізгі факторына айналуы мүмкін, бұл сайып кел- генде, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ішкі жүйелерден — аймақтық қауіпсіздік кешендерінен тұратын қауіпсіздік жүйесін құру қажеттілігіне әкеледі.

Аймақтық деңгей қауіпсіздік мәселелерін талдаудың орталық деңгейі ретінде қарастырылуы ке- рек. Бұл деңгей ішкі және аймақ елдеріндегі жағдайларды, көрші елдер арасындағы қатынастарды және аймақтық процестердің жаһандық белсенді державалармен өзара әрекеттесуін зерттеудің байланысын білдіреді.

Жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік салаларындағы жаңа міндеттерді зерделеу кешенді талдауды қажет етеді. Әлі де болса жүйелік тәсіл, салыстырмалы тарихи әдіс, синтез және талдау әдіс- терінің, эмпирикалық зерттеулердің, қолжетімді құжаттар мен материалдарды талдауда контент-анализ, сондай-ақ құрылымдық-функционалдық және институционалдық тәсілдердің жиынтығына негіз- делген талдау маңызды болып қала береді.

Зерттеудің жетекші әдістерінің бірі — жүйелік талдау болып табылады. Ол жалпы қауіпсіздік кеңістігін оның ішкі және сыртқы маңызды байланыстарының жиынтығында ашық динамикалық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оны оңтайландыру жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Жүйелік тәсілді қолдану логикасы белгілі бір қауіпсіздік құрылымына (ШЫҰ, АӨСШК) мүше елдер арасындағы қатынастардың эволюциясы жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру жағдайында мем- лекетаралық және әлеуметтік өзара іс-қимылдың әртүрлі салаларындағы факторларға байланысты бол- ғандығын ескеру қажеттілігімен байланысты, сонымен бірге бұл салалардағы өзгерістер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста.

Салыстырмалы-тарихи талдау халықаралық және аймақтық ұйымдардың қызметі тұрғысынан негізгі қауіпсіздік парадигмаларының эволюциясына әртүрлі факторлардың әсер ету сипатын анық- тауға мүмкіндік береді. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде болған құбылыстардың эволюциясын зерделеудің объективті қажеттілігін ескере отырып, өткен мен бүгінгі күннің өзара байланысын, даму перспекти- валарын айқындау үшін тарихи тұрғыдан қарастырылады.

Салыстырмалы әдіс қатысушы халықаралық субъектілердің стратегиялық мүдделерімен қатар проблемалық мәселелердің дамуын бақылауға, бұл жалпы тенденцияларды неғұрлым толық анық- тауға, атап айтқанда, жағдайды дамытудың мүмкін нұсқаларын біріктіруге мүмкіндік жасайды.

Институционалдық тәсіл құрылымдық-функционалдық тұрғыдан құрылымдардың рөлін анық- тауға және олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді.

Жаһандық, аймақтық және ұлттық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын зерттеуде пәнаралық байланыс тұрғысынан қарастыру тәсілін қажет ететіні даусыз, өйткені жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясатты экономизацияландыру мәселесі экономистердің, саясаттанушылардың, тарихшылардың және халықа- ралық сарапшылардың қатысуын талап етеді.

Қауіпсіздікті әртүрлі қырларынан зерттейтін шетелдік мектептердің заманауи ғылыми теорияларының тәжірибесін ескере отырып, жаһандану туралы тұжырымдамалық әзірлемелер, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтағы басымдықтар иерархиясы мәселені теориялық-әдіснамалық тұрғы- дан қарастыру маңызды болып табылады.

Халықаралық қатынастардың қалыптасып келе жатқан жаңа жүйесі аймақтық және жаһандық қа- уіпсіздіктің нақты мәселелерін, жаһандану жағдайындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты, азаматтық қоғамдардың өзара іс-қимылын және олардың мемлекеттердің сыртқы саясатын қалыптас- тырудағы рөлін кешенді түрде қарастыруды талап етеді. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастарды теориялық тұрғыдан зерттеушілер ұсынған әдіснамалық тәсілдер, бұл проблемаларды зерттеуге ғана емес, халықаралық қатынастар жүйесіне, қауіпсіздік жүйесінің аймақтық және ғаламдық құрылымына қатысты ғылыми білімнің жаңа анықтамалары мен бағыттарын ескеруге, серіктестіктерде көп деңгейлі элементті анықтауға көмектеседі.

Деңгейлік және салалық тәсілдер зерттеушілерге эволюцияны кешенді түрде зерттеуге және ын- тымақтастықтың әртүрлі салаларындағы елдердің өзара іс-қимылының ерекшеліктерін көрсетуге және серіктестіктің жаңа тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Деңгейлік талдаудың үш негізгі эле- менті: зерттеу пәнін құраушылардың сипаттамасы, олардың өзара әрекеттесу және болжау механизм- дерінің түсіндірмесі, тек бір деңгейге назар аудармай, жалпы халықаралық қауіпсіздік мәселелерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Осылайша, аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін талдаудың ең тиімді әдісі аймақтық қауіпсіздіктің құрылымдық талдауын (салалық тәсіл, деңгейлік талдау, аймақтық қауіпсіздік кешенінің теориясы) жасауға арналған тұжырымдамалардың синтезі негізінде жасалған әдіс болып та- былады.

Бөлінбеу және өзара қауіпсіздік ұғымдары қауіпсіздік туралы жаңа идеяларда маңызды орын алады: қауіпсіздік біртұтас ретінде қарастырылады. Бұған мысал ретінде жалпыға бірдей немесе бәрін қамтитын қауіпсіздік тұжырымдамасын (стратегиясын) айтуға болады.

Ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті зерттеудің көп парадигматикалық тәсілі орынды болып көрінеді, өйткені бұл қауіпсіздік құбылысын зерттеудің көп деңгейлі, көп қырлы және әдісте- мелік пікірдің әр алуандылығын көрсетеді.

Бұл тәсілді қолдану ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктің саяси стратегиясын қалыптастыру про- цесіне, макро- және микро-саяси факторлардың, саяси және ақпараттық ресурстардың және қауіпсіз- діктің ментальдық негіздерінің маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық қатынастардың жалпы қабылданған теорияларымен қатар, бұл проблеманы әлемдік жүйелік талдау және сценарийді болжау тұрғысынан қарастыруға болады.

Көптеген теоретиктер қолданыстағы теориялық перспективалардан өзгеше қандай да бір жаңа теорияларды жасау қажеттілігін көрмейді. Дегенмен, саяси талдауды дамытудың оңтайлы әдісі ретінде теориялардың синтезін таңдауға болады және олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау ба- рысында шамадан тыс ынталандыруға жол бермеу керек. Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа құрылы- мын зерттей отырып, осы үдерістің теориялық тұстарын талдаумен қатар, практикалық шешімдерді ұсыну қажет.

Қазіргі кезде көп қолданатын тәсілдердің бірі — қауіпсіздіктің жаңа өлшемі болып табылады. Аймақтандыру және жаһандану жағдайында халықаралық қатынастардағы қауіпсіздікті өлшеудің әдіснамалық тәсілдері белгілі бір өзгерістерге ұшырайды, яғни дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіп-қа- терлер мен қыр көрсетулердің өсуімен тікелей байланысты. Бұл ретте аймақтық қауіпсіздік мәселеле- рін жан-жақты зерттеуде неореализм тәсілдерінен бастап барлық әдіс-тәсілдер белгілі бір өзгерістерге ұшыруы мүмкін.

Әртүрлі мектептер мен бағыттар қауіпсіздік мәселелерін құрылымдық неореализм және аймақтық қауіпсіздік кешендерін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздері аясында зерттейді. Соңғы жыл- дары жаһандану жағдайында либералды-идеалистік мектеп тез дамып келеді, оның аясында дәстүрлі емес қауіпсіздіктің қыр көрсетулер туралы теориялары дами отырып жасалды.

Ұлттық қауіпсіздікті мемлекеттер мен оның одақтастарының әскери-саяси қарым-қатынастарын ұлттық қауіпсіздіктің кешені ретінде түсіндіруден ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейлерде оның жан-жақты өлшеміне қарай түсіндіруге көшті. Экологиялық, демографиялық, энергетикалық, азық-тү- лік және қауіпсіздіктің басқа түрлері оның маңызды құрамдас бөліктері болды. Бірқатар зерттеулерде мұндай қауіпсіздік тұжырымдамасы кең мағынада «адам қауіпсіздігі» деп түсіндіріледі.

Осыған байланысты мемлекеттер мен жеке тұлғалардың заманауи технологиялар мен ақпарат- тарға, энергия көздеріне, экономикалық дамудың, қоршаған ортаның сапасын және басқалармен қам- тамасыз ететін қол жетімділігі қауіпсіздіктің жаңа өлшемдеріне айналуда.

Бұл өлшемдер әскери-саяси ұғыммен қатар жаһандану жағдайымен байланысты қазіргі қауіпсіз- дік тұжырымдамасын нақтылай түседі және кеңейтеді, оны «мемлекет пен қоғамды сыртқы және ішкі қауіптер мен қатерлерден қорғаудың жай-күйі деп анықтайды, оларды айқындау, алдын-алу, азайту, жою және тойтарыс беру мемлекеттік қызмет ретінде түсіндіреді».

Қауіпсіздіктің жаңа өлшемдерін зерттеудің теориялық тәсілдері швейцарлық автор Аль-Рэдхон- ның «Пять измерений глобальной безопасности» аталатын еңбегінде қарастырылған. Бұл еңбек біздің заманымызға сәйкес келетін қауіпсіздіктің жаңа инновациялық принциптерін ұсынады: тек қана мем- лекеттердің арасындағы кооперативті қатынастарға ықпал ету емес, сонымен қатар өркениеттер мен мәдени топтардың арасындағы бейбіт өмір сүруді анықтайтын нәтижесі нөлге тең емес қауіпсіздік принципін ұсынады.

Бұл жаһандық қауіпсіздіктің жаңадан жіктелуін көрсетеді және қауіпсіздіктің келесі бес аспекті- сінен: адами фактор, экологиялық, ұлттық, трансұлттық және трансмәдени факторлардан тұрады. Осы- мен бірге, қауіпсіздіктің нөлдік емес нәтижеге ие принципі келесідей болып саналады: «Жаһандану кезеңінде кез-келген бір мемлекет өзінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздігін тек қана өзі қамтамасыз ете алмайтындығын көрсететін қауіпсіздік нөлдік соманың ойыны ретінде қарастырыла алмайды. Қа- зіргі заманғы қауіпсіздік бес өлшемдерден: адами, ұлттық, трансұлттық және трансмәдени өлшемдер- ден тұрады. Оларға қол жеткізу үшін барлық деңгейлерде қажетті басқару жүргізу қажет және бұл бар- лық адамдар үшін әділдіктің негізінде қауіпсіздіктің кепілі бола алады» [4].

ҚР-ның көпвекторлы сыртқы саясатының шеңберінде аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қам- тамасыз ету мәселелерін талдау барысында концептуалдық тәсілдерді жіктеу мен зерттеуде «геосая- сат» теориясын қолданудың маңызы бар. Бұл теория мемлекеттердің әрекет етуінің тарихи себептері мен кеңістіктегі органикалық өзара байланысын қарастырады. «Геосаясат» теориясы «егемендік», «территория», «мемлекеттің қауіпсіздігі» сияқты құндылықтарға негізделеді. Біздің пікірімізше, мем- лекеттердің, соның ішінде Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы көптеген жағдайларда сыр- тқы саясатты жүргізудің басымдықтарын анықтайды, Орталық Азиядағы жаһандық және аймақтық ойыншылардың сыртқы саясатының артықшылықтарын талдауға мүмкіндік береді.

Кез келген аймақтағы сыртқы акторлардың ықпалы постбиполярлы әлемдік тәртіп жөніндегі гео- саяси теориялардың (С. Хантингтонның, Ф. Фукуяманың және т.б. бір және көп полюсті халықаралық тәртіп концепциясы) контекстінде қарастырылады. Басқа бір жүйе және ортамен қарым-қатынаста бо- латын белгілі бір жүйе ретінде (аймақ жүйелі сапа ретінде) Орталық Азияға деген көзқарас АҚШ пен Ресейдің Орталық Азиядағы сыртқы саясатын және оның негізі бағыттарын (экономикалық, саяси, стратегиялық, мәдени, ақпараттық) қарастыру үшін жүйелілік әдісін қолдануға мүмкіндік береді.

Осылайша, Орталық Азия аймағындағы және әлемдегі өзгеріске ұшырып отыратын геосаяси және геоэкономикалық жағдай қауіпсіздік мәселесін жаңа тұрғыдан қарауға итермелейді және қауіпсіздік мәселесінің шешімін табу үшін жаңа әдіснамалық тәсілдерді талап етеді. Әдіснаманың негізінде екі ереже бар: шынайы қалыптасқан жағдайды өз уақытында және дәйекті түрде есепке алу, оның әртүрлі аспектілерін, жақтарын, ерекше белгілерін анықтау және жағдайды жан-жақты зерттеуді есепке ала отырып, алға қойған мақсатын ескеріп мемлекеттердің әрекет ету векторы қалыптасады.

Жаңа қауіп пен қатерлерге жауап бере отырып, қауіпсіздік алға қойған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің жүйесі ретінде белсенді формаға көшеді.

Алға қойған мәселеге талдау жасау барысында Орталық Азия қауіпсіздігінің аймақтық өлшемі жаңа сапаға көшкеніне көз жеткіздік. Бұл жаңа сапа аса қауіпті қатерлердің бар екендігін және олардан қорғану деңгейін көрсетіп берді. Кейбір қауіп-қатерлер трансформацияға ұшырап, өзінің басымдығын ауыстыруы мүмкін, бірақ олардың тізімі орта мерзімді болашақта толықтырылуы мүмкін және олар- дың алдын алу мен күресу, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталық азия мемлекеттері тарабы- нан бірлескен әрекеттерді талап етеді деген тұжырым шығаруға болады.

Аймақтық мемлекеттердің әскери саясатын қайта қарастыруға алып келген қауіпсіздіктің дәстүрлі емес жаңа қауіп-қатерлерінің (діни экстремизм, терроризм) пайда болуы «секьюритизация» теориясын қолдануға мүмкіндік береді [5].

Қауіпсіздік категориясы ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздік категорияларымен тығыз байла- нысты. Мемлекеттердің ұлттық мүдделерін бір-бірімен сәйкестендіру мүмкіндіктері жөніндегі көзқа- рас — бұл аймақтық және халықаралық қауіпсіздік концепцияларының маңызды мәселелерінің бірі болып саналады.

Ұлттық қауіпсіздікті зерттеудің мәселелері геосаяси құрылымның дамуын және экономиканың, мемлекеттердің қарулы күштерінің, ғылыми-техникалық қуатының, ішкі саяси жағдайының дамуын болжаумен тығыз байланысты. Осы үрдістердің барлығы күрделі және кешенді болып табылады және оларды қазіргі заманғы формалды тәсіл арқылы талдау мүмкін емес. Сонымен бірге, бұл үрдістердің ағысында қарапайым жақтар бар және оларды формалды талдау тәсілі арқылы болжауға болатынын ескеру қажет.

Сарапшылардың көпшілігі ұлттық мүддені басты деп санайтын және әртүрлі халықаралық бірлес- тіктердің рөлін назарға алмайтын және бағаламайтын неомеркантилизм жақтастарының пікірлерін сынға алады. Неореалистердің пікірі бойынша ұлттық мүдделер мен ұлттық қауіпсіздік халықаралық жүйе құрылымымен тікелей байланысты болып табылады [6].

Қазіргі кезеңде болып жатқан оқиғалар мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мәселелері барлық мемлекеттердің қызығушылықтарының және олардың жалпыға ортақ стратегиялық тұрақтылығын жо- ғарлатуға қосқан өзара үлестерін ескере отырып, шешілуі тиіс екенін дәлелдеп отыр. Сондықтан, осын- дай жағдайларда жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалыптасқан халықаралық құ- рылымдардың ықпалын нығайтуды талап етеді.

Зерттеуші В.П. Лузяниннің пікірі бойынша мемлекеттердің (тараптардың) қауіпсіздігі (жаһандық, аймақтық немессе ұлттық) бәрінен бұрын мемлекеттердің өмір сүруі мен дамуы үшін қауіп-қатерлер- дің болмауын білдіреді, ал егер қауіп-қатерлер пайда болған жағдайда оларға тойтарыс беруді білді- реді. Сондықтан, қауіпсіздіктің деңгейін кері өлшеммен — қауіп-қатер дәрежесінен немесе олардан күтілетін салдардан бастап өлшеу қажет [7].

Жаһандық және аймақтық қауіпсіздікпен тұрақсыздықты қамтамасыз ету мәселесінің шешімін «көпполюсті (копполярлы) жүйені» құрайтын барлық мемлекеттердің мүдделері мен ұлттық қауіпсіз- дігін ескеру арқылы табу мүмкін. Оның тұрақтылығы саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, ұлт- тық, моралдық, психологиялық, діни т.б. факторларға байланысты болып келеді. Осымен қатар, олар- дың әрқайсысының деңгейі басқаларымен сәйкес келуі және қатаң диспропорцияға ие болмауы керек.

Сарапшылардың пікірінше, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кез-келген бір стратегиясын өңдеу төрт негізгі кезеңнен тұрады: жағдайды зерттеу; нақты міндеттерді анықтау; стратегияның әртүрлі ва- рианттарын қолданысқа енгізу; қажетті күштерді және ресурстарды анықтау [8].

Зерттелетін үрдістер мен құбылыстардың күрделілігі, олардың кешенді сипаты, кездейсоқтық деңгейі және аймақтық қауіпсіздік жүйесінің параметрлеріне ықпал ететін эволюциялық үрдістердің әсер ету күші тарихи даму барысында өсіп отыр.

Сондықтан, нақты және ғылыми тұрғыдан негізделген зерттеудің прогнастикалық әдістерінің және жаһандану үрдісінің күшеюіне байланысты аймақтық және ұлттық қауіпсіздіктің даму жағдайы мен болашағын бағалаудың, осымен бірге ұлттық құндылықтарға, мүдде мен мақсатқа әсер ететін шы- найы қауіп-қатерлердің деңгейіне сәйкес келетін іс-шараларды таңдаудың толық жүйесін өңдеу қажет- тілігі туындап отыр. Прогностикалық әдістердің мұндай жүйесі әлеуметтік және экономикалық қай- шылықтарды шешуге және экономикалық, саяси, әскери, осылармен қатар экологиялық сипаттағы ірі масштабтағы апаттардың алдын алуға мүмкіндік тудырар еді. Сондықтан, ұлттық қауіпсіздік мәселе- лері қазіргі кезеңнің маңызды әрі күрделі проблемаларының қатарына жатады.

Стратегиялардың нұсқаларын жаңарту барысында салалық ведомствалық мүдделерді басшы- лыққа алуға болмайды. Тек қана қолда бар құралдарды, ресурстар мен уақытша шектеулерді ескерген жағдайда қауіпсіздік мәселесінің тиімді шешім табуға болады.

Қорытынды

Толықтай алғанда, халықаралық қатынастардың теориясы теориялық тәсілдердің дифференциа- лануымен және үстем тоерияның жоқ болуымен сипатталатын ғылыми білім жүйесін құрайды. Қауіп- сіздік мәселесін және жаһандық дамудың қауіп-қатерлерін зерттеудің қалыптасқан теориялық бағыт- тарының әрқайсысы бірін-бірі толықтыратын қандайда бір ерекше аспектіні көрсетеді.

ҚР-ның аймақтық және жаһандық қауіпсіздігі мәселесі бойынша отандық және шетелдік автор- лардың ғылыми еңбектерін сараптамалық талдау жасаудың негізінде қазіргі заманғы отандық және шетелдік зерттеу жұмыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп векторлы саясаттың ықпал етуіне арналған шолу мен бақылау сипатындағы және зерттеу сипаттағы еңбектерде айтарлықтай алшақтық байқалады.

Аймақтану және жаһандану жағдайында Қазақстан прагматизм және көпвекторлық принципіне негізделген сыртқы саясатын жалғастыруда. Қазақстан Республикасының көпвекторлық концепциясы мемлекетіміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін белгілі бір дипломатиялық стильді және сыртқы саясатты жүргізудің тиімді әдісін көрсетеді. Мұндай тәжірибе байқау, сынап көру және қателік жіберу әдісі арқылы құрылды. Тек қана, 2000 ж. басында аталған әдіс тиімді сыртқы саяси бағыттың крите- рийіне айналды.

Айта кету қажет, көп векторлы саясат қатып қалған әрі барлық мерзімге бекітілген догмалық форма емес, осыдан 20 жыл бұрын әлем басқаша жағдайда болды, Қазақстанның мүлдем басқаша мүм- кіндіктері, мақсаты мен міндеттері болды. Қазіргі кезеңде әлем өзгеріп жатыр және Қазақстанның ор- тасы да, сонымен қоса әлемдік саясатқа қатысушы негізгі мемлекеттердің басымдықтары мен артық- шылықтары да өзгеріп жатыр.

ҚР-ның қауіпсіздігіне ықпал ететін қазіргі кезеңдегі жаңа геосаяси жағдайлар мүмкіндіктер диа- позонының кеңейуін және Қазақстанның шекарасы бойынша саяси кеңістіктің күрделенуін көрсетіп отыр. Сондықтан, аталған мәселелер геосаяси жағдайды концепциялық тұрғыдан қайта ұғыну саласы бойынша және ортамерзімді немесе ұзақмерзімді сала бойынша болжау жасау жаңа әдіс-тәсілдерді өң- деу мен оларды қолдануды талап етіп отыр деген тұжырым шығаруға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Keohane R.O. The Demand for International Regimes / R.O. Keohane // International Organization. — 1982. — Vol. 36, No. 2. — P. 325.
  2. Buzan B. Regions and Powers: the Structure of International Security / B. Buzan, O. Waever. — Cambridge University Press, 2003. — 596 р.
  3. Черных И.А. История формирования системы региональной безопасности в Центральной Азии (1991–2006 годы): дис. ... д-ра ист. наук / И.А. Черных. — Алматы, 2007. — 325 с.
  4. Al-Redhan R.F. The five dimensions of global security / R.F. Al-Redhan. — Geneva: Centre for Security Policy, 2010. — 160 p.
  5. Buzan B. People, states, and fear: the national security problem in international relations / B. Buzan. — Chapel Hill: Univ. of North Carolina Press, 1983. — Р. 74.
  6. Акишев А.А. Национальная безопасность: проблемы и перспективы / А.А. Акишев. — URL: https://refdb.ru/look/ 2677390-p27.html
  7. Лузянин В.П. Методология исследования проблем безопасности и стабильности / В.П. Лузянин // Военная мысль. — 1993. — № 3. — С. 34.
  8. Методология исследования национальной безопасности. — URL: http:// www.smartpolitic.ru/smapos-980–4.html/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.