Аңдатпа
Әлемнің көптеген елдерінде әртүрлі тілдерде шығарылып тұрған газет- журналдар мен кітаптардағы жалпы Орталық Азия, оның ішінде Түркістан өлкесіне, Қазақстанға қатысты материалдар 1867 жылдан бастап жинақтала бастаған. Бұл жұмыс арадағы үзілістерді қоса есептегенде 1939 жылға дейін жүргізіліп, соның нәтижесінде жалпы көлемі 594 том болатын, өте көлемді және ғылыми мәні ерекше «Түркістан жинағы» құрастырылған. Түркістан өлкесінің тұңғыш генерал- губернаторы К.П. фон-Кауфманның арнайы нүсқау-тапсырмасымен кезінде бір ғана дана етіп жасалған, түпнұсқасы Ташкент қаласында, Өзбекстан Республикасының Ә. Науайы атындағы Үлттық кітапханасының сирек қолжазбалар мен кітаптар қорында сақтаулы тұрған бұл жинаққа патшалық Ресейдің ғана емес, өзге де шет жатқан мемлекеттердің газет-журналдарында жарық көрген әртүрлі жанрлардағы журналистік материалдар топтастырылған. Олардың ішінде қазақ халқының сол кездегі өміріне қатысты дерек, мәліметтер көптеп кездеседі.
Негізгі ережелер
Елбасымыз Нұрсүлтан Назарбаев 2018 жылғы 21 қарашада жарық көрген «¥лы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара - бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сүрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мүны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дүрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек», - деп жазғаны белгілі [1].
Журналистиканың дербес саласы саналатын баспасөздің шығарыла бастауы мен дамуы - бүкіл адамзат ғұмырындағы маңызды әлеуметтік оқиға болумен бірге кез-келген мемлекеттің өз саяси және экономикалық бағыт-бағдарын айқындап, өркендеуіне ерекше ықпал етіп отыратын айрықша қүбылысқа айналғаны о бастан- ақ белгілі.
Бүгінде әлемнің қандай елі, саяси ұйымы, қоғамдық құрылымдары мен топтары болсын, мерзімді басылымдарсыз өмір сүріп, қызмет етуі мүмкін емес. Газет- журналдар - өзі жарық көріп тұрған дәуір мен кезеңнің үні және айнасы, ақпарат алмасудың көзі, қоғамдық пікір білдірудің қайнар бұлағы ғана емес, әралуан көзқарастардың пайда болып, қалыптасуына, сол арқылы барлық деңгейдегі басқару ісін жүргізуге орасан зор эсер ете алатын қуатты күш ретінде эбден танылып, мойындалған.
Қазіргі кезде етек-жеңі жиылған, дамудың өзіне ғана тэн арнасын тауып, тұрақты өркендеу жолына түскен Қазақстан Республикасының бүкілэлемдік ақпарат кеңістігіне белсенді түрде енуіне байланысты еліміздің бүқаралық коммуникация құралдарының қазіргі қоғамда қалай, қай бағытта жэне қандай деңгейде дамып келе жатқанын ғылыми сарапқа салу ғана емес, сонымен бірге қазақ журналистикасында баспасөз тарихының өткен кезеңдеріне талдау жасау арқылы зерттеу жүргізу ісі де өте өзекті және маңызды мәселеге айналып отыр.
Рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылып, соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мүраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін қүру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т.б. міндеттерге сәйкес жүргізіліп жатқан қазақ журналистикасы ғылымы бойынша баспасөз тарихының тың беттерін түгендеу ісі әлі де жеткіліксіз дәрежеде екенін мойындауға тиіспіз.
Біздің таңдап алған тақырыбымыздың ерекше мәнге ие, өзекті екендігін «ақпараттық қоғам», «ақпараттық кеңістік», «ақпарат тасқыны» сияқты айрықша саяси мәні тереңде жатқан үғымдар күнделікті қолданысқа еніп қана қоймай, еліміздің даму деңгейін танытатын, мемлекетіміздің саяси-демократиялық ұстанымын білдіретін тұжырымдар ретінде қалыптаса бастауы да айқын аңғартады.
Расында да, саяси-экономикалық және әлеуметтік өркениет шыңына шығуға ұмтылған елдердің сапынан өз орнын тапқан тәуелсіз Қазақстан журналистикасы тарихының тереңіне көз жіберсек, қазақ елінің аумағында газет-журналдардың шығарылуы, баспа және баспагерлік жұмыстарының жолға қойылуы - мемлекетіміздің мәдени-рухани даму дәрежесінің көрсеткіші ретінде көрінумен бірге мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарының қалыптасуы мен дамуының дәрежесін танытатын таразы, халқымыздың өмірі мен тыныс-тіршілігінің өткені мен бүгінгі жағдайын дәл байқап-білуге көмектесетін жылнама деп бағалауға лайық.
Осы тұрғыдан пайымдасақ, XIX ғасырдың соңы пен XX ғасырдың бас кезінде мерзімді басылымдардың пайда болып, жарық көруі қазақ халқының өткен өмірінде ерекше қоғамдық-мәдени мәні мен маңызы бар оқшау оқиға болып жазылып қалды. Бастапқы кездері қарапайым ақпараттық-хабарламалық сипатымен көрінген байырғы баспасөз уақыт өте келе саяси басқару ісін қамтамасыз етудегі идеялық іс- әрекеттің қуатты қозғаушы күші және дәстүрлі дем берушісі деңгейіне жетті.
Kipicne
Қазіргі қазақ журналистикасының сабырлы да байыпты саясат нысаны мен құралына айналуына, осы заманғы қоғамның саяси санасы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға, өкімет орындары мен қоғамның өзара бірлесе, мүдде тоғыстыра әрекет етуіне, яғни жаңа журналистиканың саяси үдеріске толыққанды атсалыса алатын әлеуметтік-саяси институт дәрежесіне дейін өсуіне баспасөз тарихы бойынша осы заманғы талаптарға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін, қазақ даласы мен одан тысқары аймақтарда өткен дәуірлерде жарық көріп тұрған, халқымыздың сол кезеңдердегі тыныс-тіршілігін тұрақты түрде жазып тұрған газет-журналдар да өз үлестерін қосқаны сөзсіз.
Міне, Қазақстан журналистикасындағы жан-жақты ғылыми таразыға тартып, сарапқа салуды қажет ететін мерзімді басылымдар саласын зерттеудің осындай келелі нысаны, халқымыздың рухани өмірінде ерекше маңызды осындай көне жазбалардың бірі - «Түркістан жинағы» [2] болып табылады.
Әлемнің көптеген елдерінде әртүрлі тілдерде шығарылып тұрған газет- журналдар мен кітаптардағы жалпы Орталық Азия, оның ішінде Түркістан өлкесіне, Қазақстанға қатысты материалдар 1867 жылдан бастап жинақтала бастаған. Бұл жүмыс арадағы үзілістерді қоса есептегенде 1939 жылға дейін жүргізіліп, соның нәтижесінде жалпы көлемі 594 том болатын, өте көлемді және ғылыми мәні ерекше «Түркістан жинағы» құрастырылған. Түркістан өлкесінің тұңғыш генерал- губернаторы К.П. фон-Кауфманның арнайы нұсқау-тапсырмасымен кезінде бір ғана дана етіп жасалған, түпнүсқасы Ташкент қаласында, Өзбекстан Республикасының Ә. Науайы атындағы Үлттық кітапханасының сирек қолжазбалар мен кітаптар қорында сақтаулы тұрған бұл жинаққа патшалық Ресейдің ғана емес, өзге де шет жатқан мемлекеттердің газет-журналдарында жарық көрген әртүрлі жанрлардағы журналистік материалдар топтастырылған. Олардың ішінде қазақ халқының сол кездегі өміріне қатысты дерек, мәліметтер көптеп кездеседі.
Осы заманғы шетелдік және отандық ғалым-зерттеушілер жиі қолданып жүрген, әлемдік ғылыми ортада кеңінен тараған әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы қазақ журналистикасын зерттеудегі «Түркістан жинағына» топтастырылған патшалық Ресей баспасөзінің маңызын бүқаралық коммуникация теориясы және журналистика тарихы тұрғысынан айқындау -жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейміз.
Тарата айтсақ, «Түркістан жинағынан» XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы баспасөз тарихын зерттеуге қажетті өте көп мазмүндық және деректік материалдар таба аламыз. Бұл жинақты баспасөз тарихын зерттеудің ғылыми- әдістемелік әдіс-тәсілдері арқылы сарапқа салу қазақ журналистикасының дамып, қалыптасуындағы патшалық Ресей газет-журналдарының орны; сол дәуірдегі орыс мерзімді баспасөзінің қазақ тақырыбын жазудағы ресми өкіметпен қарым-қатынасы мен газет-журналдардың отаршылдық идеяны таратудағы қызметі; жинаққа енгізілген материалдар жарияланған газет-журналдардың сипаты мен саяси бағыт- бағдары, мерзімді баспасөз материалдарындағы қазақ халқының әлеуметтік жағдайы және т.б. мәселелер туралы жаңа ғылыми-теориялық тұжырымдамалар жасауға мүмкіндік береді.
Материалдар мен әдістер
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ журналистикасындағы баспасөз тарихы ғана емес, жалпы қазақ халқының тарихы туралы көптеген қүнды мәліметтер жинақталған, бұған дейін терең зерттеле қоймаған, қазақ халқының өткен ғасырдағы тарихын, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрін, тұтас алғанда, ұлттық ерекшеліктерін бейнелейтін, саналуан мерзімді басылымдар бен кітаптардың құнды материалдарын қойнауында сақтаған рухани мұраларымыздың бірі «Түркістан жинағы» туралы бүған дейін, патшалық Ресей және кеңестік жүйе тұсында ғылыми әдебиеттерде біршама мәліметтер жарияланған.
«Түркістан жинағының» ғылыми құндылығы жайындағы пікірлер патшалық Ресей аумағында шығарылып тұрған мерзімді баспасөз және ғылыми жинақтар беттерінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде-ақ жарық көре бастады. Мысалы, орыс ғалымдары Д.Н. Лагофет [ТЖ. - 495 т. - 181 б.], А.Ф. Мидденфорф [ТЖ. - 320 т.], В.Р. Розен [ТЖ. - 1886. - 381 т. - 38 б.], И.В. Мушкетов [ТЖ. - 1915. - 558 т. - 1 б.] өз еңбектерінде «Түркістан жинағының» құрастырылып, жарық коре бастауын ерекше тарихи оқиға деп бағалады.
Сонымен бірге «Түркістан жинағының» алғашқы құрастырушысы М.И. Межовтың қысқаша өмірбаяндық деректері әртүрлі энциклопедиялық сөздіктерге енгізіліп, оның ғылыми мұралары жайында жазылған ресейлік ғалымдар З.Л. Фрадкинаның [3], И.В. Здобновтың [4], А.Н. Бученковтың [5], О.Г. Ласунскийдің [6] жазбалары жарық көрген.
Тұтас алғанда, қазақ филологиясы ғылымында қазақ журналистикасын зерттеудегі «Түркістан жинағының», онда топтастырылған патшалық Ресей тұсындағы орыс баспасөзінің маңызы арнайы қарастырылмаған.
Аталған жинақтағы баспасөз материалдарын ғылыми айналымға енгізуді мақсат еткен, Қазақстан аумағында жарық көрген, ғылымның басқа салаларына арналған еңбектердің өзі санаулы ғана. Мұның өзіндік себептері де бар. Оның ең бастысы - Қазақстан Республикасы КСРО-ның бір құрамдас бөлігі ретінде қүрсауда қалып қойған кеңестік билік тұсындағы саяси талап тұрғысынан алып қарағанда, журналистика ғылымында жергілікті қазақ халқының ұлттық мүддесі тұрғысынан еркін ғылыми пікір білдіруге мүмкіндік беріле бермейтін еді.
Соған қарамастан, кеңестік цензураның қатаң сүзгісінен тайсалмай, «Түркістан жинағын» зерттеп, ондағы қазақ халқының тарихына қатысты баспасөз материалдарын алғаш рет ғылыми айналымға түсіру ісіне жол ашқан ғалымдардың қатарында көрнекті тарихшы Ермұхан Бекмаханов ерекше орын алады.
Е. Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында» атты іргелі еңбегі [7] бүгінде бүгінде тек тарихшылар үшін ғана емес, гуманитарлық ғылымның барлық саласының мамандары үшін ең құнды мұраға айналған.
Бұл кітаптың бірінші басылымын тарих ғылымдарының докторы, профессор М.П. Вяткиннің жалпы редакциялауымен Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасы 1947 жылы орыс тілінде басып шығарған еді. Арада 45 жыл өткен соң, 1992 жылы Алматыдағы «Санат» баспасы тарих ғылымдарының докторы, профессор Ә. Тәкеновтің редакциялығымен оның екінші басылымын жарыққа шығарды. Қазақ тіліндегі тұңғыш нұсқа болып табылатын, орыс тіліндегі екінші басылымынан аударылып, басылған, екі бөлімнен тұратын бұл еңбекте қазақтардың XIX ғасырдағы шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, Қазақстан мен Ресей арасындағы байланыс, Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынас, Кенесары Қасымовтың 10 жыл бойы (1835-1845) жүргізген ұлт-азаттық күресі баяндалған [7, 4 б.].
Е. Бекмахановтың аталған еңбегін аудармашылар: Ә. Қазтаев (автордан, кіріспе, әдебиетке, архив деректеріне және фольклорлық материалдарға шолу, қорытынды, сілтемелер); Р. Сәбитов (1 және 2 тараулар); М. Неталиев (3 және 4 тараулар, пайдаланылған архивтік қорлардың тізімі, пайдаланылған әдебиеттер тізімі); Ш. Әмірбеков (5, 6, 7, 8, 9 және 10 тараулар) қазақ тіліне аударған. Кітаптың қазақшаға аударылуын жазушы Кәрібай Ахметбекүлы ұйымдастырған [7, 417 б.].
Өзінің осынау өте бағалы еңбегінде Е. Бекмаханов қазақ тарихының баспасөз беттерінде жазылуы, яғни журналистика тарихына байланысты бірқатар ғылыми тұжырымдарын ортаға салған. Мысалы, зерттеуші кітаптың «Әдебиетке, архив деректеріне және фольклорлық материалдарға шолу» атты тарауының «а) Әдебиетке шолу» деп аталатын бөлімінде: «Мынаны айта кету керек: қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы туралы бай этнографиялық материалдар революцияға дейінгі журналдар мен мерзімді емес басылымдарда шашырап жатыр («Вестник Европы», «Русский Вестник», «Русская мысль», «Записки ИРГО», «Земледелие», «Журнал Министерства Юстиции» жэне басқалар)» [7, 13 б.], - деп жазган.
Тарихшы осы тараудыц «э) Архив деректері» атты бөлімінде Қазақстанның XIX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихы бойынша әр түрлі архив қоймаларында көп-көп архивтік құжаттар сақталғанын, автордың қандай архивтердегі материалдарды ақтарып, зерттегеніне тоқтала келіп, «Әлішер Науаи атындағы кітапхананың (Ташкент) шығыс бөлімінен көп томдық (530 том) «Түркістан жинағы» пайдаланылғанын» [7, 30 б.] айтады. Сондай-ақ, еңбектің
соңында берілген пайдаланылған архивтік қорлардың тізімінде де «Түркістан жинағының» материалдары [7, 409 б.] көрсетілген.
Бұл жерде «Түркістан жинағының» қанша томнан тұратыны жөніндегі деректің дүрыс көрсетілмеуі, яғни жинақтың 530 том екені көрнекті тарихшының еңбегін басып шығарған баспаның тарапынан жіберілген қате болса керек деп санаймыз. Өйткені осындай күрделі және жүйелі еңбек жазып, қазақ ғылымында есімі алтын әріптермен жазылып қалған ғұлама ғалымның «Түркістан жинағы» 1867 - 1936 жылдар аралығында құрастырылғаны, ол барлығы 594 томнан тұратыны туралы мәліметті білмеуі мүмкін емес.
Е. Бекмаханов біз талдап отырған ғылыми еңбегінде «Түркістан жинағындағы» М. Граменицкийдің «Сібір қырғыздарының даласы» [7, 387 б.], А. Евреиновтің «Ішкі немесе Бөкей қырғыз-қазақ ордасы» [7, 388 б.], С. Севрюгиннің «Теңіз балықшыларында жұмыс істейтін қырғыздар» [7, 319 б.], П. Семеновтың [7, 392 б.], 1834 жылы Ново-Александровск бекінісімен Хиуаға жіберілген тілмаш армян Турпаевтың күнделігі» [7, 392 б.] атты еңбектерді кеңінен қолданғаны хақында мәліметтер келтірген. Тарихшы-ғалым «Түркістан жинағынан» алынған материалдарға сілтеме жасаған сайын бұл жинақтың Ташкенттегі Ә. Науайы атындағы мемлекеттік кітапханада сақтаулы тұрғанын атап көрсетіп отырған. Бұларға қоса автор пайдаланылған әдебиеттер тізімінде «Түркістан жинағындағы» «Қырғыз материалдары» [7, 412 б.], В. Поттоның «Қырды шарлағандағы жолжазбаларынан» [7, 413 б.], «Сібір қырғыздары облысын билеушінің архивінен көшірмелер» [7, 413 б.] сияқты еңбектер көрсетілген. Тарихшы еңбегін қазақшаға аударған аудармашылар «Түркістан жинағының» атауын бірде қазақ тілінде, ал енді бірде орыс тілінде «Туркестанский сборник» деп көрсетіп, ұқыпсыздыққа жол беріп алғанын да айта кету керек.
Енді Е. Бекмахановтың еңбегінде «Түркістан жинағындағы» материалдар қалай зерттелгеніне тоқталайық. Тарихшы кеңінен пайдаланған «Түркістан жинағындағы» орыс жазбаларының бірі - Д. Граменицкийдің «Сібір қырғыздарының даласы» атты еңбегі. Е. Бекмахановтың жазуынша, ол «Сібір қырғыздарының Шекаралық басқармасында қызмет істеген Михаил Граменицкий» [7, 85 б.].
Ал «Түркістан жинағында» автордың аты-жөні Д. Граменицкий деп көрсетілген. Міне, осы Д. Граменицкийдің орыс тілінде «Степь Сибирских киргизов» атты мақаласы алдымен «Мирское слово» басылымыныц 1869 жылгы №24 санында жарық көріп, ол «Түркістан жинағының» 1870 жылгы 25 томының 382-385 беттерінде берілген [ТЖ. - 1870. - 25 т. - 382-385 бб.]. Орыс авторының дәл осы еңбегі «Түркістан жинағының» 1871 жылғы 41 томының 8-13 беттерінде тағы да кездеседі. Тарихшы Е. Бекмахановтың өз еңбегінде қарастырғаны - «Түркістан жинағының» 1871 жылғы 41 томындағы Д. Граменицкийдің мақаласы [ТЖ. - 1871. - 41 т. -8-13 бб.].
Қазақ халқының тұрмысы, мал және балық шаруашылығымен айналысуы, жерді рулық ерекшеліктер бойынша пайдалануы, ел арасындағы барымташылық, қазақтың ас дайындау дәстүрі, үй тігу әдісі, дінге көзқарасы және басқа мәселелер сөз етілген бұл мақаласында Д. Граменицкий билер мен сұлтандардың жазғы жайылымдарға иелік етуге құқығы болғандығын айта келіп: «Ең тәуір қоныстар мен ең шұрайлы жайылымдарға байлардың киіз үйлері тігіліп, малдары жайылады, ал кедейлердің үлесіне тек жарамсыз жерлер ғана қалады» [7, 85 б.], - деп жазған.
Сондай-ақ, Д. Граменицкийдің аталған мақаласында қазақтар арасындағы қоңсылық жайында: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын багады... Erep султанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді» [7, 92-93 бб.], - деген пікір білдірген.
Е. Бекмахановтың сөз болып отырған еңбегінде сілтеме жасалып, талданған орыс баспасөзіндегі мақалалардың бірі А. Евреиновтың «Ішкі немесе Бөкей қырғыз- қазақ ордасы» деп аталады. А. Евреиновтың бүл мақаласы орыс тілінде «Внутренняя или Букеевская киргиз-казачья орда» деген тақырыппен «Современник» басылымының 99 томы, 2 бөлімінің 49-96 беттерінде жарияланып, «Түркістан жинағының» 1886 жылғы 382 томында берілген [ТЖ. - 1886. - 382 т.].
Е. Бекмаханов талдау жасаған мақаласында А. Евреинов Кіші жүз қазақтарының Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы кең далаға көшіп, қоныстану себептеріне тоқталған. Бөкей - Ішкі орда ханы екені, 1828 жылға дейінгі тарихи оқиғалар, Шығай султан, Жәңгір хан, Орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, Исатай Тайманов бастаған көтеріліс туралы деректер келтірген. Ішкі орданың географиялық және статистикалық жағдайына: шекара, жер аумағы, ауа-райы, тау, су, көлдер, орманды жерлер, мал шаруашылығы мен егістік үшін қолайлы жерлер, елді мекендер, Нарын құмының солтүстік-шығысындағы хан ордасы жайына тоқталған. Онда тұрып жатқан қазақтар, олардың немен шұғылданатыны, ел қалың қоныстанған мекендер, Орда халқының жерге қоныстана бастауы, үйлер саны, бай- манаптар, халықтың малмен, сауда ісімен шұғылданып, жәрмеңкелерге қатыса бастауы да назардан тыс қалмаған. Орданы басқару ісіне мән беріліп, дін басылары, олардың білім деңгейі мен құрамы сөз етілген. Өңірдегі азаматтық басқару, Орданың рулар мен ру тармақтарына бөлінуі, ондағы лауазым иелері, олардың міндеттері, қуқықтары мен хан билігі, оның қазақтарды жазалау, халықтың хал-ахуалы мен жағдайына қолдау білдіру жөніндегі әрекеттері, ордалықтардан жиналатын салық жайында жазылған. Ішкі орданы басқару жөніндегі уақытша кеңес, оның құқықтары мен міндеттері, іс-қимылдары, қаржы жүмсауы мен үнемдеу мөлшері, орданың әскери қорғаныс, қорғану жүйесі, қоныстағы күзет туралы айтылған. Бөкей ордасы қазақтарының тұрмыс салты, олардың әдет-ғұрыптары, кейбір дәстүрлері: көшіп- қону, қыстау, тамақтану, қайта көшу, киім кию, керекті қажеттіліктері, салтанатқа арналған бүйымдары, әдеп жағдайы, діни сенім-нанымдары, үйлену рәсімдері, ұлттық ойындары, шұғылданатын істері, бақсылық, ақындар өнері жан-жақты суреттелген.
Мақаланың соңында Ішкі Бөкей қазақ ордаларының сүлтандары мен қожаларының тізімі келтірілген.
Е. Бекмаханов өз зерттеуінің қазақтардың әлеуметтік қатынастарын талдауға арналған тарауында А. Евреиновтың аталған мақаласынан мынадай үзінді келтірілген: «Жалпы алғанда ол (зекет) қазақ ордаларында ханның қадір-қасиеті ауызша айтып мадақталуына жатады, онан соң ол ханның қадір-қасиетін көтермелеу үшін оның отбасы, үрім-бұтағымен күнкөрісіне халықтың қаражат жинап беруі түрінде көрінеді. Өзінің негізделуі және халықтың әдет-ғұрпы бойынша, зекет мал санынан алынатын салық, яғни малдың қырықтан бірі ханға берілуі тиіс» [7, 87 б.].
Көрнекті тарихшының іргелі еңбегінде ғылыми тұрғыдан қарастырылған «Түркістан жинағындағы» келесі мақала - С. Севрюгиннің «Теңіз балықшыларында жүмыс істейтін қырғыздар» атты материалы. Бұл баспасөз материалы «Уральские войсковые ведомости» газетінің №33 нөмірінде жарияланып, «Түркістан жинағының» 1870 жылғы 25 томының 369-373 беттерінде берілген [ТЖ. - 1870. - 25 т. -369-373 бб.].
С. Севрюгин осы мақаласында патшалық Ресей мүддесі үшін балық өнеркәсібімен айналысушылар жүмыс күшін жалдау кезінде оралдық казак жүмысшыларының орнына қазақтарды қабылдауды жөн көретінін, өйткені оларға аз еңбекақы төлеуге, оларды арзандау қара нанмен тамақтандыруға болатынын айтады. Әрине, бүл жерде мақала авторы жергілікті қазақтардың осынау ауыр да азапты жүмыстары үшін болмашы ғана еңбекақы алатындарына жанашырлық білдіріп отырған жоқ, керісінше, Орал казак жұмысшыларының еңбекпен қамтамасыз етілуі қажеттігін ойластырып отыр. Сол себепті де ол балық аулау өнеркәсібінде жергілікті халықты жалдауға мүлдем тиым салып, олардың орнына Орал казак жұмысшыларын жүмысқа қабылдауға мән беру қажеттігін талап еткен.
Е. Бекмаханов аталған баспасөз мақаласындағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы, оларға еңбекақының басқаларға, әсіресе орыстар мен казактарға қарағанда аз төленуі, соған қарамастан қазақтардың томен жалақы үшін ауыр жұмысқа жалдануға мәжбүр болғаны, балық аулау шаруашылығын ұйымдастырушы билік орындарының сол арқылы қаражатты үнемдеу пиғылдары басым жатқанын дәлелдейтін мынадай пікірлерден үзінді келтірген: «Казактарды қызметшілікке жалдай алмаймыз, тиімсіз, себебі қырғыздарға (яғни қазақтарға - М.Ж.) берілетін ақымен салыстырғанда казакка әр маусым сайын 3-4 сомдай артық ақы төлеуге тура келеді, бұдан басқа казак қызметшіні өзіміз жеп отырғандай нанмен тамақтандыруға тура келеді, ал қырғыздар болса арпа бидай ұнынан пісірілген жалғыз шелпекті балық майымен қосып жегенге риза» [7, 140 б.].
«Түркістан жинағындағы» Е. Бекмаханов назар аударған баспасөз материалдарының бірі - П. Семеновтың «Записки ИРГО по общей географии» журналының 1867 жылғы 1 томының 181-254 беттерінде жарық көрген және «Түркістан жинағының» 1869 жылғы 15 томының 111-182 беттерінде берілген «Поездка из укрепления Верного через горный перевал у Суок-Тюбе и ущелье Буам к западной оконечности озера Иссык-Куль в 1856 г. (Отрывок из путевых записок)» еңбегі [ТЖ. - 1869. - 15 т. - 111-182 бб.].
Дегенмен Е. Бекмахановтың еңбегінде П. Семеновтың бүл мақаласының тақырыбы нақты көрсетілмей, тек қана материал «Түркістан жинағының» 1868 жылғы XV томының 178 бетінен алынғаны айтылған [7].
Аталған мақаласын орыс зерттеушісі П. Семенов күнделік түрінде жазған. Өзінің Верный бекінісінен Ыстықкөл көлінің батыс жағалауына қарай жасаған саяхатының нәтижесін, ондағы тау жоталарын, жолсапар кезінде болған оқиғалар туралы сөз еткен. Іле Алатауының өсімдіктерге бай өңірлері жайында айта келіп, Іле Алатауының өсімдіктер дүниесінің құрамын кеңінен атап көрсеткен. Өсімдіктерге сипаттама бере келіп, олардың латын тіліндегі атауларын да қоса келтіріп отырған.
Е. Бекмаханов өз еңбегінде П. Семеновтың осы материалына сүйеніп, мынадай тұжырым жасаған:
«Белгілі саяхатшы-зерттеуші П.П. Семенов XIX ғасырдың 60-жылдарында казактардың орыс қоныстанушыларымен өзара қарым-қатынастары туралы былай деп жазды: «Орыстың егіншілік колониясы бүратаналар үшін мүнда орналасқан әскерлерден гөрі әлдеқайда тиімдірек»... олар «өздерінің көшіп-қонып жүрген көршілерімен ұдайы қажет болатын өзара көмекке және екі жақтың өндірген нәрселерін алмасып отыруға негізделген тату қатынаста өмір сүруге» ұмтылады [7, 152 6.].
«Түркістан жинағының» 1867 жылғы 4 томында берілген, 1834 жылы Hobo- Александровск бекінісінен Хиуаға жіберілген тілмаш армян Турпаевтың күнделігіне сілтеме жасай отырып [7, 393 б.], Е. Бекмаханов кезінде Хиуа шенділерінің зорлық- зомбылыгы мен қиянатын көріп, қиналған қазақтардың қиын ахуалы туралы Typnaeвтың жазбаларынан: «Қырғыздар Хиуа ханының өздеріне жасаған қиянатын айтты, соның бүйрығымен бұдан үш жыл бүрын бүлар тоналыпты, сол жолы 400 қырғыз бауыздалған, 40 әйелді күң етіп алып кеткен. Оның үстіне бұлар астық және тауарлар тасыған кезде өкіртіп салық салады, түйе басынан 5 сомнан, кейде одан да көп ақша алады десті, орыс үкіметін мақтап, тек соған ғана бағынғысы келетіндерін айтты» [7, 162-163 бб.], - деген үзінді келтірген.
Түйіп айтқанда, Е. Бекмахановтың «Қазақстан XIX ғасырдың 20-40- жылдарында» атты іргелі зерттеуін жазу барысында алдымен орыс мерзімді басылымдарында жарияланып, кейін «Түркістан жинағына» жинақталған материалдарды кеңінен қарастырып, оларға жан-жақты тоқталғаны байқалады. Көрнекті тарихшы «Түркістан жинағын» өз еңбегіне көптеген деректік материалдар алынған архив деректерінің бірі ретінде қолданған. «Түркістан жинағын» парақтай отырып, Е. Бекмаханов бірде ондағы орыс баспасөзі материалдарының авторы мен тақырыбын, жинақтың қай жылғы, қай томынан алынғанын толық көрсетіп отырса, кей жағдайда жинақтың томы мен жылын ғана жазған.
Қалай дегенде де, Е. Бекмаханов орыс баспасөзінің беттерінде жазылып қалдырылған қазақ халқының өткен шежіресін зерттеудегі аса бағалы мүра болып саналатын «Түркістан жинағын» алғаш рет парақтап, осы жинақтың журналистика тарихындағы құндылық дәрежесін айқындауға бағыт-бағдар берген аса дарынды зерттеуші деп білеміз.
Нәтижелер, талқылау
Қазақ тарихы ғылымының негізін қалаушылардың бірі Е. Бекмахановтан кейін «Түркістан жинағын» халқымыздың ұлттық мүддесі тұрғысынан зерттеу ісі біраз кенжелеп қалғаны аңғарылады.
Арадағы біраз үзілістен кейін тек өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана Қазақстан YEA Орталық ғылыми кітапханасының директоры Н.Б. Ахметованың басшылық етуімен «Түркістан жинағындағы» еліміз туралы деректердің мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасау қолға алынды. Аталған кітапхананың жетекші мамандары көрші мемлекеттерге іссапарға жіберіліп, патшалық Ресей тұсында басылып шыққан газет-журнал тігінділері мен кітаптардың көшірмелері әкеліне бастады.
Жинақталған мол материалдардың негізінде «Түркістан жинағындағы» Қазақстан» деген жалпы атаумен 20 каталог жәшігінен тұратын өлкетану картотекасы жасалды. Одан кейінгі жылдарда қаржының жетіспеуінен туған қиындықтар, зерттеуге ұсынылған тақырыптардың сан-алуан ауқымы, картотеканы толықтыруға қажетті материалдарды жинақтап, әкелу үшін тиісті іссапарлардың ұйымдастырылмауы, баспа өнімдерін басып шығаруға арналған құрал- жабдықтардың болмауы және басқа да мәселелер қолбайлау болып, соның салдарынан Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының бүл бағыттағы ғылыми ізденістері қырық жылдай уақыт тоқтап қалды. Ал, қолда бар материалдар қызмет бабындағы картотека күйінде ғана қалып қойып, ғылыми зиялы қауымның оларды кеңінен пайдалануына мүмкіндігі шектеулі болды [8].
Қазақстанның өткен тарихын танып-білудегі «Түркістан жинағының» құндылығы туралы ғылыми тұжырымдамалар Э. Иванчикованың 1958 жылы жарық көрген еңбегінде айтылған [9].
Қазақ кеңес энциклопедиясының 1977 жылғы 11 томында «Түркістан жинағы» жайында:
«Түркістан жинагы» - Орта Азия, Қазақстан және шектес шығыс елдерінің кітап, журнал жэне газет материалдарының жинагы. Ол 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімін 20 жыл бойы (1867-87) орыстың атақты библиографы В.И. Межов жинақтап, 416 том етіп дайындады. Сонымен қатар ол осы томдарға 3 томдық көрсеткіш жасады (СПб., 1878, 1884, 1888).
Екінші бөлім 174 томнан тұрады. Олар 1907-16 ж. құрастырылған. Бұл томдардың көрсеткішін Е.К. Бетгер мен О.В. Маслова (1936-40 ж.) жасады. «Түркістан жинағын» 1888 жылдан бастап ген.-губернатор Розенбах тоқтатып тастаған. Жинақ 1907 жылдан бастап қайта қолға алынды.
«Түркістан жинағының» 2 бөлімін құрастыруға Н.В. Дмитровский, көрнекті этнограф А.А. Диваев және И.П. Зыков пен Ю.Ф. Бонч-Осмаловский атсалысты. 1911 жылдан бастап бұл жұмысты шығыс зерттеушісі А.А. Семенов жүргізді. Ол жинақтың 48 томын құрастырды. Жинақта А.А. Диваев құрастырған томдар (566-569 т.) негізінен қазақ тарихына арналған» [10], - деген деректер берілген.
«Түркістан жинағын» зерттеу және осынау құнды мұраның қазақ ғылымындағы мәні мен маңызы жайындағы пікірлер еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жиі жарық көре бастады. Зерттеуші-ғалымдар К. Нұрпейіс және А. Бөрібаева «Қазақ батырлары» басылымының 2000 жылғы №7 нөмірінде «Түркістан жинагы» туралы арнайы мақала жариялады.
Жаңа ғасырдың бас кезіндегі қоғамды ақпараттандыру, дерек, мәліметтер алу әдіс-тәсілдерін жетілдіре түсу үрдісі соны сипатқа ие болуы «Түркістан жинағының» картотекасын толықтыру ісіне жаңа серпін берді.
2000 жылы Қазақстан Үлттық ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының Ғылыми кеңесі бүрын жинақталған картотекаларды өңдеуді одан әрі жалғастыру және «Түркістан жинағының» мазмұндалған библиографиялық көрсеткішін жасау туралы шешім қабылдады. Кітапхананың ғылыми- библиографиялық бөлімі мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылып, осы жұмысты жүйелі жүргізуге қолғабыс беру үшін жинақ картотекаларының негізгі қүрастырушысы және авторы Э.И. Иванчикова шақырылды.
Кезінде қажетті материалдарды қағазға түсіріп, көшіру, ғылыми жүйеге түсіру секілді бір қарағанда жеңіл-желпі сияқты болып көрінгенімен, аса ұқыптылық пен үлкен жауапкершілікті қажет ететін маңызды шаруаның бастауында Э.И. Иванчиковамен бірге Н.А. Голикова, Н.Р. Кураева, Ү.Х. Субханбердина, М.К. Чутаева, Г.А. Демешова және басқа библиографтар болды. Ал, кейінгі уақытта осы аталған ғалым-зерттеушілердің бастамасын Л.А. Туманова, Т.В. Вдовухина, Л.Д. Абенова, А. Бөрібаева одан әрі жалғастырды [11].
Соның нәтижесінде 2002 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ҚР Үлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының Ғылыми-библиографиялық бөлімі «Түркістан жинағындағы» Қазақстан туралы деректердің мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштерін «Казахстан на страницах «Туркестанского сборника» [И] деген атаумен орыс тілінде басып шыгарды.
Аталған библиографиялық көрсеткіште жарық көрген ҚР Орталық ғылыми кітапханасының директоры К.К. Әбуғалиеваның [12], ҚР YFA академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР YFA Ш. Уәлиханов атындағы Тар их және этнография институты «Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген К.Н. Нүрпейісовтің [8] еңбектерінде «Түркістан жинағының» ғылыми маңызы жоғары бағаланған.
Тұтас алғанда, Э.И. Иванчикованың құрастыруымен жарық көрген «Түркістан жинағының» беттеріндегі Қазақстан» атты мазмұндалған библиограф иялық көрсеткіштің қазақ журналистикасындағы баспасөз тарихы саласы бойынша зерттеулер жүргізудегі көмегі орасан үлкен. Ғылыми жағынан өте құнды осынау көрсеткіш «Түркістан жинағын» одан әрі ғылыми сараптау ісінің жүйелі және жемісті жүзеге асырылуына орасан зор көмек беретіні сөзсіз.
Зерттеушілер С.Ш. Ахметова [13], М.К. Көкеева [14], Б.Р. Мырзаев [15], М.С. Ділімбетова [16], М. Миразов [17] еңбектерінде де «Түркістан жинағы» жайында деректер кездеседі.
Сипаты мен көздеген нысаны жағынан тақырыбымызға жақындау болып келетін, орыс баспасөзіндегі қазақ тақырыбы қарастырылған К. Кереева- Қанафиеваның және Ш.Қ. Сәтбаеваның зерттеулерінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстарына баса көңіл бөлінген.
К. Кереева-Қанафиеваның еңбегі өте қүнды мәліметтерге толылығымен ерекшеленеді. Аталған зерттеуде ежелгі Русьтің жазба ескерткіштері мен XVIII ғасырдың 30-50 жылдарындағы орыс-қазақ әдеби байланыстарынан бастап, Орынбор өлкесінің тұңғыш зерттеушісі, Ресей Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі П.И. Рычковтың, белгілі саяхатшы және натуралист П.С. Палластың, этнограф, натуралист және саяхатшы И.Г. Георгийдің; тарихшы және археолог И.Э. Фишердің, 1774 жылы Орынбор даласында, Қазақстанның солтүстік бетпақ даласы тұрғындарының қолына тұтқынға түсіп, одан әрі Бұқараға әкетіліп, құлдыққа сатылған, сосын тұтқыннан қашып шығып, саудагер ретінде Жаркенттен бір-ақ шыққан, сол арқылы Батые Тибет бойымен Қарақорым тау өткелімен Үндістанды аралап шыққан орыс саяхатшысы Ф.С. Ефремовтің жазбаларына талдау жасалған. Барлығы 70-тен астам автордың қазақ даласы мен қазақтар жайында жазған еңбегі сарапқа салынған. Патшалық Ресей аумағында басылып тұрған 57 газет пен журналдың, 163 адам аттарының әліпбилік көрсеткіші берілген. Олардың арасында үлы Абайдың, Бөгенбайдың, Бөкей ханның, Ғалдан-Сереннің, Сырым Датовтың, Едігенің, Қозы Көрпеш пен Баян Сүлудың, әз-Тәуке ханның және басқалардың аты-жөндері аталған [18].
Ал, Ш.Қ. Сәтбаева XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ және еуропалық әдеби байланыстарды ғылыми сараптауға көңіл бөлген [19].
Қазақтардың әдебиеті, өнері, тілі, тұрмыс-тіршілігі және рухани мәдениеті жайында қызғылықты деректер көптеп кездесетін бүл еңбектердің жоғары ғылыми мәнін атап көрсете отырып, аталған зерттеулерде баспасөз және басқа да баспалық жинақ, басылымдардың, энциклопедиялардың материалдары деректемелік негіз ретінде пайдаланылғанын еске сала кеткіміз келеді. Өйткені газет-журналдардың аттары аталып, мерзімді баспасөз материалдарына сілтеме жасалғанымен авторлар қазақ журналистикасындағы баспасөз тарихын зерттеудің ғылыми-методологиялық әдістерін қарастыруды арнайы мақсат етіп қоймаған.
Сонымен бірге мынада мәселе де еріксіз назар аудартпай қоймайды. «Түркістан жинағын» зерттеу ісі біздің елімізге қарағанда Өзбекстан Республикасында бүған дейін де көбірек зерттелген, бүл бағыттағы тиісті жүмыстар қазіргі кезде де барынша қарқынды түрде жүргізілу үстінде. Мұның себебі Түркістан өлкесінің алғашқы генерал-губернаторы К.П. фон-Кауфманның тапсырмасымен XIX ғасырдың 60-70-жылдары құрастырыла бастаған «Түркістан жинағының» кезінде жалғыз дана етіп жасалуына, оған қоса сол бір-ақ дана жинақтың түпнүсқасы көрші елдің ұлттық кітапханасында сақталуына, ал қазақ ғалымдарына Ташкент қаласына арнайы барып, жинақтың көшірмелерін алуға мүмкіндік жасалмауына байланысты екені құпия емес.
«Түркістан жинағы» туралы Өзбекстан Республикасында жарық көрген еңбектердің қатарында Н.Н. Бенедиктованың [20], Е.К. Бетгердің [21], А.Г. Касымованың [22] зерттеулерін атай аламыз.
Сондай-ақ, Д. Ильясовтың библиограф В.И. Межов мүрасы туралы мақаласында «Түркістан жинағының» құрастырылу тарихы баяндалған [23].
Өзбекстандық ғалымдар «Түркістан жинағын» сақтау жэне оны зерттеу мақсатында маңызды іс-шараларды жүзеге асырып жатқанда біздің зерттеушілеріміз бүған дейін осынау асыл мұрадан мүлдем бейхабар болып келді немесе оны ғылыми сараптаудан өткізу үшін ештеңе де атқарған жоқ десек, сөзіміз шындыққа жанаспаған болар еді. Бұл салада отандық ізденушілеріміздің күшімен жүзеге асырылған жүмыстардың жағдайы жөнінде жоғарыда айтылды.
Әйтсе де, атап көрсетілген еңбектерге қарамастан «Түркістан жинағының» мазмұны толық ашылып болды деу әлі ертерек. Онда жинақталған газеттер, журналдар, кітаптар, карталар т.б. басылым түрлерінің ерекшеліктері, авторлардың саяси көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары әлі де жан-жақты ғылыми сараптау нысанасына айнала қойған жоқ.
Қорытынды
Елімізде біршама еңбектердің жарық көргеніне қарамастан, әртүрлі себептерге байланысты бұған дейін «Түркістан жинағы» қазақ журналистикасы ғылымында арнайы зерттелмеген. Бұл жинақ туралы санаулы еңбектер ғана жарық көрген. Соның салдарынан «Түркістан жинағының» ғылыми журналистика мұрасы ретіндегі мазмұны әлі толық ашылмай келеді. Онда жинақталған газеттер, журналдар, кітаптар, карталар т.б. басылым түрлерінің ерекшеліктері, авторлардың саяси көзқарастары мен өмірлік ұстанымдары, жарияланған журналистік шығармалардың тақырыптары, сол материалдарда қазақ халқының өткен дәуірлердегі тыныс- тіршілігінің жазылуы және басқа толып жатқан мәселелер жан-жақты ғылыми сараптау нысанасына айнала қойған жоқ.
Яғни бүған дейін кейбір деректемелік материалдары ғылыми айналымға енгізілгенімен, тұтастай алғанда, «Түркістан жинағы» қазақ журналистикасы ғылымында жүйелі түрде арнайы зерттелмегенін атап өткіміз келеді. Ендеше, қазақ халқы мен қазақ даласына қатысты тұтастай кітаптар, өте бағалы карталар, газет- журнал мақалалары енгізілген, Қазақстан баспасөзінің тарихына қатысты өлшеусіз мол мәліметтер алуға мүмкіндік беретін асыл мұра - «Түркістан жинағын» барынша жан-жақты, тереңірек зерттеу - алдағы уақыттың еншісінде.
ӘДЕБИЕТТЕР TBIMI
- Назарбаев Н.Ә. ¥лы даланың жеті қыры // https://www.akorda.kz/kz/events/memleket- basshysynyn-uly-dalanyn-zheti-kyry-atty-makalasy. - қаралған мерзімі: 23.12.2020 ж.
- Туркестанский сборник сочинений и статей, относящихся до Средней Азии вообще и Туркестанского края в особенности, составляемый по поручению г. Туркестанского военного генерал-губернатора К.П. фон-Кауфмана В.И. Межовым. - СПб., Ташкент, 1867-1936 гг. -Т. 594. -С. 1.
- Фрадкина З.Л. Владимир Измаилович Межов (1830-1894) / Под ред. А.Д. Эйхенгольца. - M., 1949. - 78 с.
- Здобнов И.В. Библиограф эпохи развития капитализма в России // Сов. библиография. - 1936. - Вып. 1. - С. 10-17.
- Бученков А.Н. «Сибирская библиография» В.И. Межова как фрагмент библиографии Сибири // Науч, б-ки Сибири и Д. Востока. Опыт работы. - Новосибирск, 1970. - С. 44-64.
- Ласунский О.Г. Новое о В.И. Межове // Исследования и материалы. - 1976. - Сб. 33. -С. 15-35.
- Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында. - Алматы: Санат, 1994. -4166.
- Hypnciiic К. «Түркістан жинағындағы» Қазақстан жайлы деректер // Қазақ әдебиеті. - 2003.- 21 ақпан.
- Иванчикова Э. «Туркестанский сборник» и его значение для изучения прошлого Казахстана // Библиотечно-библиографический бюллетень. - Алма-Ата, 1958. - Вып. 1.-С.10.
- Қазақ совет энциклопедиясы. - Алматы, 1977. - 221 б.
- Казахстан на страницах Туркестанского сборника: аннотированный библиографический указатель литературы / Сост. Э.И. Иванникова. - Алматы, 2002. - 555 с.
- Абугалиева К.К. Предисловие // Казахстан на страницах Туркестанского сборника: аннотированный библиографический указатель литературы / Сост. Э.И. Иванникова. - Алматы, 2002. - С. 3-6.
- Ахметова С.Ш. Историческое краеведение в Казахстане. - Алматы, 1982. - С. 33-43.
- Кукеева М.К. Дореволюционные библиографические указатели как источник изучения истории Казахстана // Атамүра. Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану музейінің 75 жылдығына арналған мақалалар жинағы. - Шымкент, 1995. - 21-3166.
- Мырзаев Б.Р. Значение «Туркестанского сборника» как источника изучения дореволюционного Южного Казахстана // «Әуезов оқулары» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның еңбсктері. - Шымкент, 1998. - С. 67-70.
- Длимбетова М.С. Из истории создания «Туркестанского сборника» // Вестник КарГУ. Серия «История. Философия. Право». - 2004. - №2. - С. 33-43.
- Миразов М. Ұлы мақсаттың бастауы // Дала мен қала. - 2005. - 30 қыркүйек.
- Кереева-Қанафиева К. Дореволюционная русская печать о Казахстане. Из истории русско-казахских литературных связей. - Алма-Ата: Казгосиздат. 1963. - С. 35-40.
- Сатпаева Ш.К. Казахско-европейские литературные связи XIX и первой половины XX века. - Алма-Ата, 1971. - 233 с.
- Бенедиктова Н.Н. «Туркестанский сборник» как источник Средней Азии // Литературный Ташкент: Альманах. - Ташкент, 1945. - С. 118-121.
- Бетгер Е.К. Новые материалы о «Туркестанском сборнике» // Известия Академии наук УзССР. - 1953. - №3. - С. 123-125.
- Касымова А. Библиотечное дело в Узбекистане. - Ташкент: Узбекистан, 1968. - С. 18-20.
- Ильясов Д. Наследие библиографа Межова. О деятельности В.И. Межова по созданию «Туркестанского сборника» рассказано в данной публикации // Панорама культурной жизни Республики Узбекистан: Обзор респ. прессы за 2004 г. / Сост. К. Кадырова. Нац. б-ка Узбекистана им. А. Навои, отд. науч, информации по культуре и искусству. - Ташкент: Нац. б-ка Узбекистана им. А. Навои, 2005. - С. 47.