Мақалада болашақ педагогтардың кәсіби ұтқырлықтарын қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Психологиялық–педагогикалық әдебиеттерге талдау негізінде бұл құбылыстың құрылымы мен мәні анықталады. Мақала авторлары педагогика жоғары мектебінің болашақ мамандарын даярлау жағдайында біршама тұтас және жүйелі құбылыс ретінде жоғары оқу орны студенттерінің кәсіби ұтқырлықтарын дамытуға әсер ететін факторлар тобын көрсетеді. Тақырыптың мақсаты — еңбек нарығы мен табысты болашақ мансаптың өсу деңгейі мен білім алушылардың мамандық талаптарына дайындығын анықтайтын, кәсіптік ұтқырлықты дамытудың әдіснамалық базасы мен қағидаттарын негіздеу және талдау. Эксперименталды әдіс білім беруді дамытудың әлемдік беталысына сәйкес қазақстандық білім беруді реформалаудың теориялық жолмен белгіленген модельдерін тексеруге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесі өзін–өзі бағалау және кәсіби ұтқырлықты дамыту процесін бағалауға негізделген теориялық және практикалық сабақтар кешенін анықтау қажеттілігі болып табылады. Кәсіби ұтқырлықтың дамуындағы кешенді жалпылау мен бағалау деңгейлері анықталған, олар мына маңызды қатынастардың құрамдас бөлігін құрайды: мазмұндық және процессуалдық аспектілердің бірлігі; теориялық және практикалық оқытудың бірлігі; жалпы білім беру және кәсіптік даярлықтың өзара байланысы; мақсаттардың, мазмұнның, нысандардың, әдістер мен құралдардың интеграциясы мен саралануының арақатынасы. Педагогикалық қызмет әдіснамасы — бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы — ойлаудың жалпы педагогикалық мәдениетін арттыруға және педагогикалық іс–қимылдардың негізгі қағидаттарын қалыптастыруға, студенттердің ғылыми дүниетанымын педагогикалық құзыреттердің тұтас жүйесі ретінде дамытуға, кәсіби коммуникацияның кәсіби ұйымдастырылған тезаурусын енгізуге ықпал ететін болады.
Кіріспе
Қазіргі білім беру кеңістігінде әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісі сипаттамаларының бірі ретінде кәсіби ұтқырлық мәселелеріне ғылыми қызығушылықтар ұлғаюда. Шығармашылық технологиялық ойлаудың дамуы арқылы технологиялық кәсіби білім беруді дамыту шеңберінде талдау ұтқырлық процесінің қарқынды өзгеруін, олардың өсіп келе жатқан маңыздылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, педагогика ғылымының әртүрлі бағыттарының өкілдері пәнаралық байланыстың дидактикалық мәселелерін шешу ретінде «кәсіби ұтқырлық» ұғымдары мен анықтамаларын ұсынады.
Жоғары білім беру жағдайында болашақ мамандардың кәсіби ұтқырлықтарының қалыптастыру мен дамыту процесі, жоғары оқу орнының ұтқырлық талаптарына сай түлектерге өз бастамасы мен кәсіби дайындық құзыреттілігін көрсетуге мүмкіндік берген жағдайда ғана мүмкін болады. Құзыреттіліктерді іске асыру басқарушылық және практикалық міндеттерді шешу үшін педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлерін орындау процесінде жүретіндіктен, құзыреттіліктер құрылымына іскерлік білім мен дағдылардан басқа мотивациялық және эмоционалды–еріктік салалар да енеді.
Кәсіби ұтқырлықты дамыту — бұл кәсіби қызметті қамтамасыз ететін білімнің, іскерліктің және дағдылардың интегративті тұтастығы, бұл адамның өз құзыреттілігін тәжірибе жүзінде іске асыру қабілеті. Құзыреттіліктің маңызды компоненті тәжірибе болып табылады — адам игерген жеке іс–әрекеттерді, мәселелерді шешудің тәсілдері мен әдістерін біртұтас тұтастыққа біріктіру. Жоғары педагогикалық білімі және әмбебап құзыреттілігі бар, технологияларды өзгертуге және өз қызметін жетілдіруге, жаңа жағдайларға бейімделуге дайын білікті мамандар, еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз ететін кәсіби және мобильді мамандарды іздеумен және жұмыс берушілердің таңдауымен және кәсіптік оқыту үшін жаңа бағдарларды іздеуді талап ететін қазіргі заманғы оқу процесінің ерекшеліктерімен анықталады.
Құзыреттілікке бағытталған білім беру стандарттары жалпы білім, білік және дағдылар жүйесін, оның ішінде өзіндік әрекеттер мен осы қызметтің нәтижелері үшін студенттердің жеке жауапкершілігін, яғни қазіргі заманғы негізгі құзыреттер жүйесін қалыптастыруды анықтайды.
Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін дамытудың тиімді стратегиясын құру үшін жаңашыл педагогикалық және басқарушылық идеялар қажет екендігі сөзсіз. Алайда, бұл қазіргі деңгейде жеткіліксіз.
Жаңа, көп жағдайда бірегей, әлеуметтік және білім беру жүйесінің пайда болуы кәсіби–педагогикалық қызметті, оның ішінде психологиялық кәсіптік бағдар беруді қолдану арқылы жүзеге асырудың жалпы қабылданған тәсілдерін өзгертуді талап етеді.
Бірқатар психологиялық–педагогикалық зерттеулерде кәсіби ұтқырлық білім беру қызметінің үнемі өзгеріп отыратын жағдайында кәсіби жағдайға жауап ретінде көрінетін құндылық–семантикалық жүйе түрінде пайда болады [1].
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі мен жеке маңыздылығы педагогикалық жағдайларды шешуде кәсіби іс–әрекеттерді ұйымдастыруға ықпал ететін негізгі құрал ретінде педагогикалық құндылықтың ұстанымына сәйкес келетін құндылық–семантикалық дизайн түрінде беріледі [2].
Педагогтің кәсіби ұтқырлығы ұғымының анықтамасы да енгізілді. Педагогтің жеке және кәсіби ұтқырлығы қоғам мен мемлекеттің серпінді өзгеретін әлеуметтік болмысы жағдайында кәсіби әлеуметтік–педагогикалық міндеттердің алуан түрлілігін уақтылы, мақсатқа сай, оңтайлы, жедел және оң шеше білуді қалыптастыруға ықпал ететін жеке (құндылық–мағыналық) және кәсіби (құзыретті) қасиеттерді интегралдық біріктіретін мынадай қасиеттерді кәсіби ұтқырлыққа біріктіреді.
Кәсіби ұтқырлықтың мәнін түсінудің жан–жақты аспектілерін көрсететін кешенді бағыт келесі компоненттердің үштұғырлығында байқалады:
- тұлға сапасы, жалпы кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы педагогтің ішкі даму механизмін қамтамасыз етуі;
- болашақ кәсіпқой маман қызметі, қоршаған ортаны өзгертетін оқиғалармен, өмірде және мамандықта адамның өзін–өзі жүзеге асыруы нәтижелермен;
- өмірлік ортасы мен кәсіби қошаған ортасының өзін педагог ретінде өзгерту процесі [3–4].
Кәсіби ұтқырлық – бәсекеге қабілеттілік индикаторы ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады, ұлттық білім беру жүйесін халықаралық деңгейге шығару. Өз қызметі өнімдерінің сапа жүйесінің негізгі факторы және кәсіби мәдениетті қалыптастыру, өзгерту тәсілдері ретінде, әлемдік білім беру кеңістігіне толық ықпалдастыру үшін білім беру мәдениетін жүйелі түрде түсіну қажет
Әлемдік білім беру кеңістігіне толық кірігу үшін білім беру мәдениетін өзгерту тәсілі ретінде жүйелі түрде түсіну, кәсіби мәдениетті өзіндік қызмет өнімдерінің сапа жүйесінің негізгі факторы ретінде қалыптастыру қажет. Білім беру мәдениеті-бұл әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық құбылыс.
Біз кәсіби ұтқырлықты кәсіби мәдениетті функционалды түрде қалыптастырушы және оның құралдары мен тәсілдерінің, формаларының, үлгілері мен өзара әрекеттесудің белгілі бір қызмет құрылымдары мен коммуникацияларын қолдау үшін біріктіруші ретінде қарастырамыз.
Зерттеу әдістері
Белгілі американдық әлеуметтанушы Б. Малиновский, мәдениет бұл — кәсіби позицияларды шешу тәсілдерді, кәсіби іс-әрекет процесінде пайда болған нақты және өзіндік міндеттерді шешу үшін, адамның алдына қойған қолайлы негізгі құрал жүйесі деп санайды.
Сонымен қатар, сапа мәдениетінің элементтері білім беру сапасын түсіну және ұстану (сапаны қамтамасыз ету рәсімдері арқылы), оның тиімділігімен қажетті фактор ретінде үйлеседі.
Тәжірибе әдіснамасы мен сапаны қамтамасыз етуді бағалау мәселелері «кәсіби ұтқырлық — бәсекеге қабілеттілік индикаторы» және сапа индикаторы жоғары білім беру жүйесіне қатысты қолданылуы ретінде, білім беру өнімдерінің сапасы болашақ мамандардың ресурстық әлеуетін тиімді дамытудың салдары болып табылады.
ENQA еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы: студенттердің біліктілігін бағалау практикасы саласындағы білімін өлшеудің әдіснамалық мәселелері сапаны қамтамасыз ету жүйелерімен тікелей байланысты сыртқы және ішкі сапаны бақылау тетігі болып табылады [5, 6].
Білім беру процесінің сапасы көптеген компоненттерден тұрады:
- оқытушылар құрамының сапасы;
- білім алушының қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі;
- оқу процесінің объективті сипаттамалары мен субъективті жақтарының сапасы;
- білім беру өнімдерінің сапасы — олардың мақсатына сәйкес білім беру процесі субъектілерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруды анықтайтын қасиеттерінің жиынтығы.
Қазіргі жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін отандық зерттеу қоғамның зияткерлік дамуға және болашақ мұғалімнің адамгершілік ұстанымына қойылатын өсіп келе жатқан талаптары, оның болашақ педагогикалық қызметті болжау және құру қабілетін дамыту арасындағы қайшылықтарды күшейтуге бағытталған. Жоғары педагогикалық білім беру сапасын талдау және бағалау — бұл қызмет көрсету сапасын (білім беру қызметтерін орындау сапасы) және өнім сапасының деңгейін (ЖОО білім беру қызметтерін орындаудың түпкілікті нәтижесінің сапасы) бағалау.
Университеттік білімнің көп өлшемді және күрделі субстанция ретіндегі сапасы мына сипаттамалармен анықталады:
- мақсаттарды қою мен іске асырудың жедел сапасымен;
- көп деңгейлі оқыту жүйесі;
- әмбебаптылық және көп өлшемділік;
- көптеген критерийлер және нұсқалылық критерийлер мен сапа көрсеткіштерімен;
- қазіргі білім берудің көп факторлы салаларын дамытуға назар аударумен.
Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары инновациялық динамикамен ерекшеленеді және болашақ мамандарға жаңа талаптар қояды. Жоғары оқу орнында оқытудың бәсекеге қабілетті сапасын қамтамасыз ету үшін пәннің мазмұндық сипатына сәйкес белгілі бір құзыреттерге негізделген модульдік білім беру бағдарламалары іске асырылады. Олар белгілі бір модульдерді тез жаңартуға немесе ауыстыруға мүмкіндік береді, өйткені технологиядағы және жұмысты ұйымдастырудағы өзгерістерге байланысты маманға қойылатын талаптар өзгереді.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесіне кіру курсы ретінде инновациялық жобалар мен стартаптарды қаржыландыру мақсатында білімге, ғылымға инвестиция салу процесін білдіреді. Жоғары педагогикалық білім беруді жоспарлаудың инновациялық тәсілдері Қазақстан Республикасында бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін білім берудің педагогикалық жүйесін ұйымдастыру мен басқару сапасының нақты көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған. Жүйелі реформалар әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі, өйткені олар тез алға жылжиды: өзгерістердің тиімділігі, оны бүкіл қоғам және Қазақстанның барлық өңірлік педагогикалық университеттері сезінуі тиіс [7, 8].
ЖОО-дағы білім беру процесінің сапасы пайдаланылатын білім беру бағдарламалары мен технологиялары мазмұнының деңгейін ғана емес, сондай-ақ білім беру процесіне тартылған адам ресурстарының сапасын, сондай-ақ материалдық–техникалық базаның сапасын да қамтиды. Басқаша айтқанда, оқу процесінің мазмұны мен сапасы болашақ мамандардың зерттеу дағдыларына байланысты. Білім беру процесі еңбек нарығының өзгеріп отырған талаптарына сәйкес келуі керек, онда педагог тек білім аудармашысы ғана емес, зерттеуші де болуы керек.
Қазіргі парадигмаға сәйкес жоғары білім озық сипатта болуы керек. Педагогикалық университет осы кезеңде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламаларын, студенттердің ғылыми конференцияларға, белгілі ғалымдармен дөңгелек үстелдерге қатысуын ұйымдастырады. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, серіктес жоғары оқу орындарының қатысуымен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырудың маңыздылығын түсіну туралы айтуға болады.
Егер университет қызметінің негізіне қызмет нәтижелеріне жауап беретін үздіксіз кәсіптік білім беру кешенін құру тұжырымдамасы енгізілсе, білім беру процесінің сапасы білім беруді дамытудың қазіргі заманғы талаптары мен әлемдік үрдістеріне сәйкес келуі мүмкін.
ХХІ ғасыр жоғары білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып қана қоймай, кәсіби дамуға ықпал ететін жаңа әдістерді де ұсынады. Қазіргі заманғы жоғары педагогикалық білім өмірге позитивтілікті қалыптастыруға ықпал ететін нақты іс-әрекеттерді ынталандыруы керек. Әр түрлі ғылыми бағыттар аясында нақты іс–әрекеттерді ынталандыру санатын анықтауға бағытталған бірнеше арнайы позиция құрылды.
Қарым–қатынас тіліндегі позициялардың дәлдігі күрделі құбылыстарды олардың кері байланыс функциялары түрінде модельденетін және жүйелі түрде, параллель, педагогикалық білім беру идеясыретінде іс–әрекет ойының жалпы құрылымының дамуын байланыстыратын ең алғашқы декомпозицияланған элементтері арқылы ғана түсінуге болатындығын дәлелдейді [9, 10].
Нәтижелер және оларды талдау
Педагогикалық білім беруді дамыту идеясы — педагогикалық ойлауды қалыптастырудың теориялық жүйесінің негізінде жатқан негізгі ой болып табылады. Идея ойлаудың шығармашылық сипатын білдіреді (кесте 1).
Кесте 1
Педагогикалық ой негізі ретіндегі функционалдық талдау
«Педагогикалық білім беру идеясы» сөз мағынасы |
Функционалдық мәні |
Идея — (грек тілінен, idea бейнесі, елес) философияда әртүрлі мағынада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Философияда Платонға дейін. |
Идея — көп мағыналы ұғым |
Идея — негізгі ой, тақырып, оқиға, құбылыс туралы жалпы түсінік, адам ойлауының өнімі. |
Идея — адамның ойлауының өнімі |
Идея — шындық объектісінің түсінігі (ақыл–ой бейнесі). Бұл мағынада термин философияда, психологияда, әлеуметтік ғылымдарда қолданылады. |
Идея — ақыл–ой бейнесі |
Идея теориялық жүйенің негізінде жатқан негізгі ой. Идея ойлаудың шығармашылық сипатын білдіреді. Идея — бұл әрекетке ауысатын ой. |
Идея — теорияның немесе шығармашылықтың жалпы қағидасы |
Ғылымдағы және өнердегі идея идея шығарманың негізгі идеясы немесе теорияның немесе өнертабыстың жалпы қағидасы, жалпы ұғым деп аталады. |
Идея — теорияның немесе өнертабыстың жалпы қағидасы |
Идея мен ой бейнелер — бұл бейсаналық біздің санамызға жүгінетін тіл. |
Идея — сана тілі |
Идея — бұл әрекетке ауысатын шығармашылық ойлау өнімінің ақыл–ойы. |
Педагогикалық коммуникация ретінде тұжырымдамаларды, олардың функционалды маңыздылығын және сөздің мағынасын қалыптастыру негізін қарастырдық. Сөз бейнесінің мағынасының параллель түсінігін қарастырған кезде, біз білімнің беру функциясы жиынтығының және ену мен шығу процесі ретінде ойлаудың шығармашылық сипатты компоненттері мен элеметтерін бөліп көрсеттік. Қарым–қатынастың педагогикалық тезаурусын қолданудағы білім мен дағдыларды автоматты басқару жүйелерінің беріліс функциялары. Педагогикалық қарым–қатынастың терминологиялық, тұжырымдамалық, категориялық тезаурусы — бұл қарым–қатынас тілінің метасы және ойлау әдіснамасының тұжырымдамалық негізі ретінде кәсіби бағытталған тезаурус.
Осылайша, болашақ мамандардың өзін–өзі тануының инновациялық жаңаруы және ақпараттық жаһанданудың өзгеруі тұрғысынан әлеуметтік–педагогикалық мәдени мағыналарды ынталандыру педагогикалық коммуникацияны дамытудың педагогикалық тәсілі болып табылады.
Әдістемелік жұмыс, – деп жазады Г.П. Щедровицкий, тек зерттеуді ғана емес, сонымен бірге студенттердің жаңа іс–әрекеттері мен ойлауын құруды да қамтиды, сондықтан біз педагогикалық коммуникация ұғымын–әдіснаманың негізгі функцияларына қол жеткізе отырып, оқыту мәдениетін анықтаймыз: ол педагогикалық қызметтің барлық әмбебаптығына қызмет етеді.
Кесте 2
Педагогикалық іс-әрекеттің әмбебаптығы ретіндегі функционалдық талдау
«Өлшемдер» сөзінің мағынасы |
Функционалдық мәні |
Т.Ф. Ефремова бойынша өлшем сөзінің мағынасы: Өлшем — бұл бір нәрсені бағалау, анықтау немесе жіктеу жүргізілетін белгі. |
Бір нәрсені бағалау немесе жіктеу |
С.И. Ожегов бойынша өлшем сөзінің мағынасы: Өлшем — бағалау, пайымдау өлшемі |
Бағалау, пайымдау |
Д.Н. Ушаков бойынша өлшем сөзінің мағынасы: Өлшем — белгі, оның негізінде бағалау, анықтау, жіктеу жүргізіледі (грек тілінен алынғанда шешу құралы). Дұрыс өлшем. Ақиқат өлшемі. Бірдеңе немесе бір нәрсе үшін, бұл белгі өлшем ретінде қызмет етеді. |
Бір нәрсені бағалау, анықтау, жіктеу |
Ф.А. Брокгауз, И.А. Ефрон бойынша өлшем сөзінің мағынасы: Өлшем (философ.) — пайымдау немесе фактінің ақиқатын бағалауға арналған өлшем. Өлшем деп, ақиқат немесе жалған пікірді анықтауға болатын белгі немесе жағдайды айтады |
Шешімнің ақиқатын немесе жалғандығын анықтауға болады. |
Шындықтың ресми өлшемдері — бұл логикалық заңдар: ішкі қарама-қайшылықты қамтымайтын барлық нәрсе қисынды мүмкін, бірақ шын болу үшін ол материалдық өлшемге, яғни ойдың нақты мазмұнына сәйкес келуі керек. Әр түрлі философиялық мектептер ұсынатын шындық өлшемдері туралы мәселе білім теориясы немесе эпистемологиямен айналысады. |
Танымның логикалық зандылығы немесе гнесеология |
ӨЛШЕМ — бұл танымдық теория немесе гносеология туралы әртүрлі философиялық мекетептердің пікір жалғандығын немесе ақиқаттылығын бағалау өлшемі, логикалық заңдылық |
Кәсіптік білім беру субъектілерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған білім беру сапасын бағалаудың кешенді жүйесі келесі типтерден жинақталады: білім беру бағдарламасының сапасы; білім беру процесіне тартылған ПОҚ ғылыми–педагогикалық құзыреті; студенттердің әлеуетті деңгейі; білім беру процесін қолдау үшін пайдаланылатын инновациялық технологиялар мен техникалар [11–13].
Біздің ойымызша, қазіргі заманғы педагогикалық кәсіптік білім беру сапасы — бұл жүйелі, тұтас категория қамтитын келесі компоненттерді енгізеді:
- объект сипаттамаларының жиынтығы, студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру тәжірибесіне қатысты, профессор–оқытушылар құрамының жоғары деңгейімен ЖОО–ның білім беру қызметтерін ұсыну;
- білім алушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік дәрежесі (жоғары оқу орнының) сипаттамаларына тән болуы;
- білім беру қызметтерін жүзеге асыру процесінде белгіленген және міндетті болып табылатын қажеттілік немесе күту
- тиісті көрсеткіштердің базалық мәндерімен бағаланатын білім беру өнімінің сапа көрсеткіштері мәндерінің сипаттамасы;
- түлектердің үлгісінің қасиеттерінің құрамдас бөлігі, білім беру нарығындағы болашақ маман ретінде білім беру өнімдеріне әлеуметтік қажетті сұранысқа қол жеткізу;
- болашақ түлектің функционалдық жарамдылығы, игерілетін саланы құзыреттер жиынтығымен сипаттайтын — маман ретінде білім беру қызметін орындауға арналған функциялар.
Кешенді көзқарас жағдайында кәсіби ұтқырлықты дамыту әдістемесі педагогикалық қарым–қатынас әдістемесін оқытудың метатілі ретінде түсіну болып табылады және ол білім алушылардың ойлау белсенділігін оятуға, мағына логикасын функционалдық әрекеттерге бағыттауға қабілетті импульске айналуы керек. Бұл болашақ педагогтердің бәсекеге қабілеттілігінің басты белгісі
Метатілдік мәдениет ретінде оқытудағы метатілдің әдіснамасының сөйлеу мәнері мен тілдік экспрессияның жалпы және негізгі категорияларын танымның табиғи мәні, оның қызметі, ойлау мәдениетімен байланысы ретінде анықтайды.
Педагогикалық тезаурус — педагогика ғылымының ең маңызды білімдерін бекітетін терминдер, ұғымдар мен категориялар жиынтығы. Педагогикалық коммуникация тезаурусы — алынған білім байланыс субъектілерін тек ақпаратпен шектемей, оларды беру ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, бірақ тілдің арнайы тұжырымдамалық аппаратын біріктіруге ықпал етеді. Педагогикалық тезаурус білімнің жалпы көзқарасын кеңейту үшін пайдаланылуы мүмкін, нақты оқу іс–әрекетінің мазмұнын мағыналық қалыптастыру процесін орындай отырып, кәсіби құзыреттіліктердің функционалдық бағдарын қалыптастырады [14–15].
Сонымен, ғылыми шығармашылықтың нәтижелері ретінде кәсіби құзыреттіліктерді бағалау болашақ маманның оқу–тәрбие процесіндегі психикалық қызметінің жүйелі жұмысының салдарынан қалыптасады. ЖОО–ның сапасын бағалауда зерттеу жұмыстары педагогика жоғары мектебінің студенттері мен магистранттары арасында жүргізілді. Респонденттердің көпшілігі өздері таңдаған университеттерде оқу беделді деп санайды. Осылайша, бұл пікірді мамандық бойынша білім алып жатқан студенттер бірауыздан қолдады: бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша — 81,1 %; мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша — 77,1 %; педагогика және
психология мамандығы бойынша — 84,7 %. Бірінші суретте бәсекеге қабілетті жоғары оқу орнын таңдау сапасының өлшемдері айқындалған. Респонденттердің пікірлерін таңдау студенттердің жоғары оқу орындарында білім беру процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жағдайларға қанағаттануының жоғары деңгейін белгілеуге мүмкіндік берді.
Жоғары оқу орнын ұсынатын білім беру қызметінің сапасы түптеп келгенде университеттің осы нарықтағы орнын анықтайды. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін ЖОО өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Белгілі бір университетті таңдағанда, ең маңызды факторларға университеттің мемлекеттік немесе мемлекеттік емес екендігі жатады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында профессор-оқытушылардың кәсіби ұтқырлығы және өзекті мамандықтардың болуы маңызды рөл атқарады. Педагогикалық мамандықтардың 1 курс студенттерінің жоғары оқу орнын таңдауда бәсекеге қабілеттілік факторлары анықталды.
Жалпы факторлар топтары |
Жалпы ЖОО–да білім беру сапасын қамтамасыз ететін факторлар |
1 курс студенттері (76 респондент) |
Субъект – сапаны қамтамасыз етудің субъектілік факторлары |
Түрлі конкурстардың жеңімпаздарын, өту балдарын, дайындық курстарын оқытуды қамтамасыз ететін профессор-оқытушылар құрамы |
90 % |
Білім беру факторлары |
Білім беру бағдарламалары Білім беру процесі Оқудан тыс қызмет Өндірістік және диплом алдындағы практика Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу |
62 % |
Ғылыми–техникалық, әдістемелік факторлар |
Материалдық–техникалық база Ғылыми–әдістемелік қамтамасыз ету |
90 % |
Қызмет бағыттарының факторлары |
Халықаралық қызмет Ғылыми қызметі Инновациялық қызмет Ақпараттық қызмет Баспа қызметі Серіктестік қызмет |
93 % |
Аналитикалық және басқару факторлары |
Оқытушылардың студенттердің білім сапасын бағалауы Студенттердің білім сапасын өзін–өзі бақылауы Кемшіліктерді талдау және оларды жою |
20 % |
Кесте 3
Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілік факторлары
Біздің зерттеуімізде зерттелген сапаны қамтамасыз ету факторларының тобы жалпы университеттің білім беру сапасын басқарудың жаңа жүйесінің негізін қалады. Сапаны қамтамасыз ету факторларының ұсынылған құрамы «жеткілікті» емес. Оны кеңейту, сондай-ақ сапаны анықтаудың параметрлері мен көрсеткіштерін өзгерту арқылы кез келген университетке қолдануға болады, бұл педагогикалық жоғары оқу орындарының ерекше даралығын атап көрсетеді. Бұл ретте білім сапасының жалпы факторлары білім беру қызметінің сапасын бірыңғай ережелер бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
Сондықтан сапалы басқаруының жаңа жүйесін қолдану еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Білім беру процесінің сапасы әрбір студентке кез келген білім беру деңгейінде бастапқы шығармашылық әлеуетін дамытуға ғана емес, сонымен қатар одан әрі өзін–өзі тану, шығармашылық өзін–өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық білім беру процесі кез келген білім беру деңгейіндегі әрбір студенттің бастапқы шығармашылық әлеуетін дамытып қана қоймай, жеке тұлғаның әрі өзін-өзі тануға, белсенділігін арттыруға, яғни шығармашылық өзін–өзі дамытуға қажеттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоғары үлгілер мен эталондар деңгейі бар кәсіби қызмет индикаторы ретінде университеттегі оқу процесінің шарттары шығармашылықтың жалпы әдіснамалық ұстанымдарын игеруге ықпал етеді.
Жалпы индикаторлары мен параметрлері сапасын анықтау ізденісінде, біз эталон сапасын ғалымдардың тануы мен негізгі бағыттарына тәуелді педагогикалық іс–әрекеттің ғылыми-әдіснамалық идеалын өңдедік. Біз стандарттың сапасын — кәсіби ұтқырлық әдістемесін тануды ұсынамыз.
Қазіргі заманғы жоғары педагогикалық білім беру үшін болашақ мамандардың кәсіби ұтқырлығының әдіснамасы — бұл біріншіден, бәсекеге қабілетті орта жағдайында мәдени әлеуеттің жиынтығы ретінде интеллектуалдық және өнімді күштер мен ресурстарды қызметке қосу жылдамдығы. Педагогикалық қызметтегі «ұтқырлық» терминін бағалау студенттерді өз қызметін талдауды, зерттеуді, қосу процесін білдіреді. Бұл оның «педагогикалық ұтқырлығының» өлшемдері мен көрсеткіштерінің жүйесін дамытуды талап етеді. Осы процесс білім беру сапасын басқару мәселелерін кеңінен талқылауға тұрарлық және перспективалы болып көрінеді. Әрине, кең мағынада ұтқырлық–коммуникацияның мәдени әлеуеті ретінде кез–келген қызмет түрі байланыс модельдерін қолдануда алуан түрлілік пен жан– жақтылыққа ие болады.
Осы тұрғыдан алғанда, кез келген ұйымдасқан коммуникативті құрылымды парадигма ретінде ұсынуға болады. Алайда, коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар байланыс желісінен тыс қалды, бұл басқа жобалардың авторларын түсінбеуге әкеледі, өйткені олардың коммуникациялық ұтқырлығы енді біртұтас емес және әмбебап емес, сондықтан мақсатты позициялардың сәйкестігін табу мүмкін болмауда.
Коммуникациялық ұтқырлық дегеніміз — субъектінің жағдайды тез үйренуі, қажетті хабарлама формаларын табу, жалпылау, тез өзгеру, қайта құру және өзара әрекеттесу қабілеті деп түсіну [16].
Жаңа жағдайларда, қазіргі ғылыми–техникалық прогрестің шарттары мен техникалық мүмкіндіктері белгілі бір нақты қызметті жүзеге асырудағы оқытушының кәсіби ұтқырлығы жалпы мақсатты ұстанымдарды түзетуді қажеттілін, бәсекелестік жағдайында бейімделу мүмкіндігі ретінде бұл қызметте сапалы өзгерістерге әкеледі [17].
Кәсіби педагогикада қазіргі уақытта ұтқырлықтың бірнеше түрін көрсетуге болады:
- академиялық ұтқырлық–білім беру мүмкіндіктерін жеке деңгейде ғана емес, сонымен қатар жаһандану нәтижесінде қоғам саласындағы интеграция мүмкіндіктерін дамытудың тиімді тәсілі;
- психологиялық ұтқырлық (пластикалық, икемділік, бейімделгіштік, жоғары энергия ресурсы) субъектінің қажетті дербестік, жаңа тәжірибеге ашықтық түріндегі бейімделу жылдамдығын сипаттайтын қасиет ретінде;
- коммуникативтік ұтқырлық (педагогикалық қызметкерлер категориясы) өзін–өзі дамытуға бағытталған шығармашылық біліммен шығармашылық лингвистика тілін пайдалануға дайындығы;
- кәсіби ұтқырлық — маманның еңбек нарығының өзгермелі жағдайында шешім қабылдау жылдамдығына бейімделуге белсенді дайындығы мен қабілеті ретіндегі әлеуметтік-экономикалық ұтқырлық.
Кәсіби ұтқырлық — мәдени контекст мамандық иерархиясына негізделген белсенді позициясы бар табысты даму (биопсихоневролингвистикалық) технологияларының жиынтығы ретінде кәсіби қызметтегі қозғалысты ескере отырып, жаңа және өзекті кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру процесі.
Білім берудегі инновацияларды жасау, дамыту және пайдалану бойынша инновациялық–педагогикалық қызмет — университеттегі кәсіптік–басқару иерархиясындағы оқу және кәсіби коммуникация метатілінің әдіснамасы [17]. Соңғы болжам біз қолданатын «педагогикалық ұтқырлық» ұғымына сәйкес келеді, ол педагог ретіндегі оқытушының ресурсының нақты көрсеткіші болып табылады және ұтқырлық параметрлерін біріктіреді: академиялық, психологиялық, коммуникативті, кәсіби.
Қорытынды
Кәсіби маманның мобильді болуға деген ұмтылысы, ең алдымен, қоғамда оның қол жеткізген мәртебесімен анықталады, ол бір жағынан әсер етеді, ал екінші жағынан, оның ішкі құндылық–бағдарлық көзқарастары мен кәсіби мансаптың өсуінің сыртқы факторларының әсерінен қалыптасатын уәждеріне байланысты, жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес келетін әлеуметтік әділеттіліктің бірлігі қағидаты қажет, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу.
Педагогикалық білім мен ғылым деңгейін арттыру ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және еуропалық нормалар мен стандарттарға бейімделуге ықпал ететін жоғары оқу орындары деңгейінде жалпы білім беру және ғылыми кеңістік құру мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы жаһандық сын — қатер жас мамандар буынының осы нақты әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің бірыңғай негізі мен жүйелі мәнін қалыптастырудың құндылығын дәлелдейді.
Соңғы кезеңде, біз қазақстандық білім беру қоғамдастығының барлық құндылықтары мен оның мәдени байлығы кәсіби ұтқырлық ресурсының сапасымен құрылатынын түсіне білуіміз керек.
Алайда, кәсіпқойлықты кешенді ғылыми зерттеу кәсіби қызметтің жеке субъектісі ретінде жеке тұлғаның кәсіби қасиеттерін бағалауға да, кәсіби қызметтің және оның ұжымдық субъектісінің сапасын бағалауға да әсер ете алмайды, бірақ олардың адам өмірі мен іс-әрекетіндегі көріну дәрежесіне әсер етеді.
- Gryshova I.Y. The formation of professional mobility of students of an economic profile on the basis of modeling pedagogical Situations / I.Y. Gryshova, Y.I. Rudinova, G.A. Krasnoshchekova, L. Tsyganova // Espacios. — 2006. — Vol. 41. No 06. — P. 25.
- Iucu R. The Professional Mobility of Teachers-new tendencies in the global society. / R. Iucu, I.O. Pânişoară, G. Pânişoară // Procedia-Social and Behavioral Sciences. — 2011. — No 11. P. 251–255.
- De Villiers, R. The political dichotomy of teacher migration: editorial. / R. De Villiers, R. Degazon-Johnson // Perspectives in Education. — 2007. — Vol. 25. No 2. DOI: 10.1016/j.sbspro.2011.01.071
- Ferrer O. Competences of professional educators in Europe. / O. Ferrer. — 2010. — Retrieved from: www.copeeproject.com
- Weishaar H.B. European Commission. / H.B. Weishaar. — 2009. Retrieved from: http://ec.europa.eu/education/languages/lan-guage-teaching/doc60_en.htm.
- Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество / П.А. Сорокин; пер. с англ. — М.: Политиздат, 1992. — 543 с.
- Фадина А.Г. Профессиональная мобильность и внутри личностные конфликты в сфере управления / А.Г. Фадина, Б.В. Кайгородов // Вектор науки Тольяттинского государственного университета. Серия: Педагогика, психология. – 2012. – № 3. С. 224–227.
- Амирова Л.А. Развитие профессиональной мобильности педагога в системе дополнительного образования: автореф. дис д-ра пед. наук: специальности 13.00.08 — «Теоретическая профессионального образования» / Л.А. Амирова. — Уфа.2009. — 44 с.
- Горюнова Л.В. Профессиональная мобильность специалиста как проблема развивающегося образования России: монография / Л.В. Горюнова. — Ростов–на–Дону: Изд–во РГПУ. 2006. — 228 с.
- Стратегия развития РГП на ПХВ «Центр болонского процесса и академической мобильности» на 2012 — 2020 годы Астана, 2012 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://enic-kazakhstan.edu.kz/files/1553764097/strategy_cbp_am_2020.pdf
- Государственная программа развития образования и науки (2020–2025) от 16.01.2020 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://strategy2050.kz/ru/state_programs/razvitie-obrazovaniya-i-nauki-rk-na-2020–2025-gody/
- Послание Президента РК «Конструктивный общественный диалог основа стабильности и процветания Казахстана», Астана от 2.09.2019 [Электронный ресурс]. — Режим доступа:https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana
- Адольф В.А. Педагогический поиск в контексте формирования методологической компетентности / В.А. Адольф. // Высшее образование в России. — 2016. — № 4. — С. 156–160.
- Зеер Э.Ф. Прогнозирование профессионального будущего личности: теория и практика / Э.Ф. Зеер // Инновации в профессиональном и профессионально — педагогическом образовании: материалы 21-й Международной научно—практической конференции — Екатеринбург: РГППУ, 2016. — С. 261‒264.
- Новиков А.М. Методология / А.М. Новиков, Д.А. Новиков. — М.: Cинтег. 2007. — 668 с.
- Анисимов В.В. Общие основы педагогики: учебник для вузов / В.В. Анисимов, О.Г. Грохольская, Н.Д. Никандров. — Москва: Просвещение, 2007. — 574 с.
- Грохольская О.Г. Гуманистическая направленность стратегии развития образования сегодня / О.Г. Грохольская // Педагогика, — 2016. — № 8 — С. 31–38.