Тарих

Қазіргі заман мəдениетінің негізін құратын жетекші форма — ғылым мен білім. Ғылыми- техникалық революция заманында ғылым — мəдениеттің шын мəніндегі жетекші формасы, онсыз қазіргі материалдық жəне рухани игіліктерді өндіру мүмкін емес. Тарихтың белгілі бір кезеңінде қоғамдық байлықты өндіру адамның ғылыми білімдер жиынтығын игеру деңгейіне тікелей тəуелді болады деген Маркстың ойы ХХ ғасырда шындыққа айналып отыр. Ғылым дегеніміз — дүниені танудың қайнар көзі. Ғылымның мəнін түсіну үшін ең алдымен ғылым мен білімнің арасындағы айырмашылыққа назар аударсақ, білім — материалдық жəне рухани құбылыстар туралы нақты мəліметтер жиынтығы жəне олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнеленуі. Білімнің өзі қарапайым жəне ғылыми болып екіге бөлінеді. Қарапайым білім іс-əрекет пен тіршілік барысында жинақталады. Ол құбылысты тек сипаттап, оқиғаның қалай өтіп жатқандығын пайымдайды. Ал ғылыми білім терең де мазмұнды, ол құбылысты тек сипаттап қоймай, оның себебін, өткені мен болашағын түсіндіріп, олардың ішкі табиғатын, мəнді жақтары  мен маңызды байланыстарын ашып, оның даму заңдылықтарын айқындайды.
2010

Қазіргі Дүниежүзілік қаржы дағдарысынан кейінгі болып жатқан өзгерістер əлемнің экономикасын қайта қарап шығуды талап етеді. Бұл заңды процесс. Бірақ экономика халықпен тығыз байланысты болғандықтан, оның рухани дүниесін қайта сараптап шыққан дұрыс деген көзқарастамыз. Экономика жəне саясат — өзара тығыз дүние. Экономикадағы болып жатқан өзгерістер саясатқа, ал саясатта болып жатқан өзгерістер экономикаға өз əсерін тигізбей кетпейтіндігі белгілі дүние. Сондықтан өткен ойшылдарға қайта оралу немесе оларға бет бұру, олардың еңбектерін сараптау арқылы жіберген қателіктердің бетін ашып, сол арқылы ақиқатқа жетсек, көптеген мəселелерді шешуге мүмкіндік алар едік.
2010

XIX ғасырдың I жартысында шенеуніктік төрт топқа бөлінді. Біріншісі (1-шіден 5-ші класс бойынша) үкіметтік саясат бағытын анықтайтын жоғары бюрократия өкілдерін біріктірді. Оларға жататындар: министрлер, Мемлекеттік кеңес мүшелері, сенаторлар, елшілер, губернаторлар жəне жауапты қызмет атқаратын басқа адамдар. Оларды сановник деп атады. Олар жоғары мөлшерде ақшалай ақы алды, оған асханалық ақша түрінде (маңызды адам мен бағынышты адамдардың столына өкілдікті шақыру үшін), пəтерлік (немесе қазына пəтерін беру) жəне сапарақы т.б. ақша түрінде қосымша ақша қосылды. Сановниктер көптеген жеңілдіктерге ие болды: ел ішінде қызметтік іссапарларда жүрген кезінде олар пошта станцияларында ат ауыстыруды кезексіз жүргізуді талап етуге құқылы болды, түрлі салтанатты жиындарда құрметті орын алды, сонымен қатар театр, ас беру жəне бал кештерінде де олардың өздеріне жəне əйелдеріне де тиісті құрмет көрсетілді. Бұл рангадағылар шендері жоғары мемлекеттік марапатқа ие бола алатын еді, сондықтан тек солардың мундирлерін жұлдыздар мен ордендік ленталар əрледі.
2010

Методология көне грек сөзінен аударғанда «методос», «зерттеу жолдары,» «таным тəсілдері», ал «логос» ілім деген мағына береді, яғни ол ғылыми зерттеу жолдары, таным тəсілдері туралы ілім болып шығады. Ғылымда методологияның «тарихи таным теориясы» деген интерпретациясы да кездеседі. Қазіргі кезеңде методологияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшылар белсенділік танытуда. Мəселен, В.В.Журавлев: «... тарихи зерттеу методологиясы — бұл тарихи білімді дүниеге келтіру жəне олардың принциптерін реттеу. Методология бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық ұруды талап ететін патша емес. Яғни методологияны «не істесем де өзім білемін» деген принципті ұстанып, оны біржақты дəріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда жинақталған методологиялық қазынамен бірге өседі, ал соңғысы ғалымның күш-қайратының арқасында молаяды», — деп жазды [1]. Сонымен, тарих ғылымының методологиясы теориялық, дүниетанымдық ережелердің жүйесі, ол нақты шындықты танудың тəсілдері ретінде ғылыми талдау жасау талаптарынан пайда болады. Басқаша айтқанда, тарих ғылымының методологиясы — ғылыми зерттеу жұмысында танымдық принциптер, идеялар ретінде пайдаланылатын белгілі бір дүниетанымдық теориялық ережелердің жүйесі.
2010

Қоршаған ортаның жағдайы кез келген мемлекеттің дамуындағы алдыңғы қатарлы мəселелердің бірі болуы тиіс. Бұл реттегі экология мəселесі, əсіресе осы саладағы қордаланып келе жатқан «тарихи проблемаларды» шешу жолдары орнықты даму аясында қарқынды жүзеге аспақ. Алдымен, экологиялық хал-ахуалды жақсартудағы ең маңызды мəселелердің біріне    айналғаны — Арал теңізінің тартылуыны тоқталсақ. Бұл тек Қазақстанға ғана емес, бірнеше мемлекетке ортақ сауал қойып, ортақ шешімін күтіп отырған мəселе. Осы мəселеге назар аударып, оны шешу мақсатында БҰҰ мен Бүкілəлемдік банк Орта Азиялық бес мемлекетке — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан, Түркіменстанға бірқатар талаптар қойған. Олардың ең бастысы əр республиканың Арал аймағындағы өз халқының жағдайын жақсартуға бағытталған заң шығаруы міндеті болатын. Сонымен қатар республикаларға өз бюджеттері есебінен Аралды құтқару қорын кұру ұсынылды. Содан соң Қазақстан мен Өзбекстан жұртшылығы өкілдері қатынасқан «Аралға — араша!» атты телемарафон ұйымдастырылып, одан түскен қаражат жəне медициналық құрал- жабдықтар Арал аймағы тұрғындарына жеткізілді.
2010
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақстанның далалық облыстарын зерттеген Ф.А. Щербина экспедициясы нəтижесінде жинақталған мəліметтерді  өңдеудің  əдістемесі жөнінде

Жалпы алғанда қандай да болмасын статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы нұсқауы, бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарламада  зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеу қажет объектілер нақты мəселе ретінде қойылады. Осы бағдарламаларға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалады. Байқаудың бағдарламасын жасау — жауапты жəне күрделі іс. Ол байқаудың алдына қойған міндеттің бəріне жауап бере алатындай болуы керек. Мысалы, халық санағының бағдарламасы халық шаруашылығын дамытудың келешегіне керек деректер жиналуын қамтамасыз етуі керек [1; 15].
2010

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде өзінің ішкі, сыртқы саясатында ынтымақтастық, бейбітсүйгіш бағытын ұстанып келеді. Бүгінгі таңдағы əлемнің бірқатар елдерінде саяси, əскери келіспеушіліктер мен қақтығыстардың орын алуы кез келген елде қауіпсіздік, елдің біртұтастығы мəселесін алдыңғы қатарға шығарады. Бұл үшін өскелең ұрпақтың, жалпы ел азаматтарының отан қорғау қабілетін, патриоттық сезімдерін дамыту бүгінгі қоғамның басты міндеті болып табылады. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы аталып өткен кезеңде Қазақстан тарих ғылымында соғыс жылдарындағы республика тарихына қатысты мəселелердің зерттелуі маңызды болып отыр. Ұлы Жеңістің кеңес халқына қаншама адам шығынымен, материалдық-техникалық зардаптарымен келгені анық. Күші басым жауға қарсы күрес тек қан майданда ғана емес, сонымен қатар фашистер уақытша басып алған жерлерде де жүргені белгілі. Жау тылындағы партизандардың астыртын қызметі, кеңес əскерімен бірлесе жүргізген əрекеті фашизмді жеңудегі маңызды фактордың бірі болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің партизандар қозғалысына қатысуы мəселесі əлі де талай тың зерттеулерді қажет етеді.
2010