Құқық

КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстанда демократиялық жəне құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде үш тармақты билікке бөліну концепциясын ұстану үрдістері мемлекеттік басқару органдарының құқықтық табиғаты мен олардың қоғам дамуындағы орнына деген көзқарасты өзгертті жəне қоғамның конституциялық модернизациялануының жаңа кезеңінің басталуының негізін қалыптастырды. Қазақстандағы конституциялық реформалар нəтижесінде кеңестік типтегі атқару органдары жүйесінен классикалық үлгідегі атқару органдары жүйесіне көшу үрдісі жүрді. Атқару билігі мемлекеттік биліктің заңшығарушы жəне сот билігі тармақтарымен қызметі барысында тығыз өзара əрекет ететін «салыстырмалы тəуелсіз» билік тармағына жатады. Біздің ойымызша, билік тармақтарының тəуелсіздігінің абсолюттенуі мемлекеттік билік институттарының қызмет ету механизміне негативті салдар əкелуі ықтимал. Мысалы, 90-шы жылдардың басында билік тармақтары арасына мемлекеттегі нақты жағдайға объективті баға бермей, бір-бірінің қызметіне араласу байқалды. Əсіресе ол Жоғарғы Кеңестік Министрлер Кабинетінің қызметіне араласуынан көрініс тапты. Осындай мемлекеттік билік механизміндегі беталыстар бюджеттік-құқықтық қатынастарды да қамтыды. Сондықтан да Қазақстанның конституциялық дамуы барысында күшті президенттік биліктің болуы нақты жағдайға негізделген объективті фактор болып табылады.
2010

Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уақыт өте қоймаса да жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Бұл мемлекеттік маңызды болғандықтан, мемлекеттану ғылымы үшін де мемлекет құрылыс тəжірибесі үшін барлық уақытта маңызды мəселе. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің де конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыруға ұйтқы болды. Аталған Декларация мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Ол жəй көздеушілік Декларация емес еді, оның нормативтік-құқықтық сипаты болды [1].
2010

Дəрігерлік мамандық аса көне жəне аса сыйлы мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл мамандықтың қалыптасуы алғашқы қауымдық қоғамнан бастау алады. Дəрігерді қашанда Алланың таңдаулысы деп біліп, өзге мамандықтардан анағұрлым жоғары тұратын тұлға ретінде қарастырған. Көне үнді кітаптарының бірі «Аюрведа» да (аюр — өмір, веда — білім) дəрігер науқасқа — əке, жазылушыға — қорғаушы, ал дені сауға дос болуы керек айтылған. Сонымен қатар бұл кітапта сол кездің аса білікті емшілерінің бірі — Сушруттың мынандай сөздері жазылған: «Дəрігер — үлкен қайырымды жүректің иесі, оның темпераментті салмақты, шыншыл мінезді, өзіне аса сенімді жəне ақылды, үнемі жақсылық жасауға асығушы тұлға болуы керек. Əкеден, анадан, достарыңнан, оқытушыдан қорқуға болады, ал дəрігердің алдында ешбір қорқыныш сезімі болмауы керек. Ол ата- ана мен достардан, ұстаздан да мейрімді болуы керек» деп өсиет қалдырған [1].
2011

XX ғасырдың соңғы онжылдығында əлем экономикасында айқын бейнелене бастаған жаһандану үрдістері мен əлемдік нарықтық қатынастарда орын ала бастаған еркіндік үрдістері заңсыз, қылмыстық жолмен алынған табыстарды (кірістерді) заңдастыру əрекеттерінің халықаралық деңгейге өрбуінің басты себептеріне айнала бастады. Сонымен қатар телекоммуникациялық жəне сандық технологиялардың дамуы да осы үрдістердің қарқындылығының артуына себепші факторлардың бірі болды. Мұндайда ұйымдасқан қылмыстылықтың заңсыз табыстарын легализациялауға қарсы табысты күрес жүргізуге əрбір елдің құқықтық жүйелеріндегі ерекшеліктермен қатар осы мемлекеттердің егеменділігі де елеулі кедергіге айналды. Мұнда бір елдің құқықтық жүйесінің шектерінде банктік жəне коммерциялық құпияның едəуір қорғалуы басқа елдердің қылмыстық табыстарды легализациялауға қарсы күрес шараларының жеткілікті деңгейде жүргізілуіне кері əсерін тигізіп келді. Сондықтан əлем экономикасындағы жаһандану үрдістері қарастырып отырған қылмыс түріне қарсы мемлекеттік деңгейден де жоғары тұратын іс-шаралардың əзірлену қажеттігін жəне осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта түсу мұқтаждығын пайда етті.
2011

Қылмыстық процеске қатысушы азаматтарды құқықтық қорғау өз алдына көп аспектілер жүйесін құрады, яғни Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік актілерінен тұрады, оның ішінде ең маңыздысы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Қылмыстық іске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кепілдіктері еліміздің Конституциясында ресми мəлімденеді, сонымен қатар олар өзге заңдар мен құқық салаларында өздерінің заңды негізін табады.
2011

Заң əдебиеттерінде сайлау құқығы қағидалары жалпылаушы мағынада беріледі. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасында «сайлау құқығы қағидалары» деп көрсетілгенімен [1], норманың диспозициясында сайлаудың қағидалары анықталған. Осыған орай «заң шығарушы қолданған термин мен əдебиеттерде қолданылған термин арасында қаншалықты ұқсастық бар жəне оларды біртұтас ұғым ретінде пайдалануға болады ма?» деген сұрақ туады. Кеңестік мемлекеттанушы А.И.Ким «сайлау қағидалары міндетті мағынаға ие болатын сайлау құқығының қағидалары болып табылады. Ал осы қағидаларды бекітетін нормалар сайлау құқығының сəйкес институты болады» деп анықтаған [2].
2011

Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңның дамуында қатысу нысандары туралы мəселе 40-шы жылдардың аяғы — 50-ші жылдардың басында ғалымдардың назарын аудартты. Бұл кезеңде А.Н.Трайнин «Қатысу туралы ілім» атты кітабында қатысу нысанының төрт мүшелі жүйесін ұсынды: 1) қарапайым қатысу; 2) қатысушылардың алдын ала келісімімен мамандандырылған қатысу; 3) ерекше түрдегі қатысу, яғни қылмыстық бірлестікпен қатысу; 4) ұйымдасқан топпен қатысу [1]. Бұл ғалымның нысандарды бұлай бөлуіне мына өлшемдер себеп болды: қатысушылардың субъективтік байланысының сипаты жəне қылмыстың қауіптілік дəрежесі, яғни субъективтік өлшемдері. Осы өлшемдер П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің қатысу нысандарын бөлу үшін негіз болып табылды. Аталған ғалымдар революцияға дейінгі зерттеушілерге еліктеп нысандармен бірге қатысудың түрлерін бөлді, бірақ олардың зерттеулерінде бұл тұжырымдама əрі қарай жалғасын таппады.
2011

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы дана, шешен билеріміздің өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізу — заман талабына сай маңызды мəселе. Əлемнің қай елінде болмасын, казір сотқа деген сенім мемлекетке деген сенім екендігі баса айтылады. Себебі əділетті сот төрелігі ғана адам кұқының, оның меншігінің, болашағының қорғалатынына жəне оның қауіпсіз жағдайда өмір суретініне сенімділік бере алады. Əділдік, əділеттілік пен тұрақтылық орныққан елге ғана шет жұрт инвестиция салады. Біздің Конституциямызға сəйкес сот билігі Республика атынан жүзеге асырылады жəне оның басты мақсаты азаматтардың кұкықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін жақтайды. Кеңестік кезеңнен өткен сот-құқықтық жүйесін реформаламай өркениет үрдісіне, əлемдік стандарттарға жету қиын. Сондықтан да биылғы жолдауында Елбасы жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі — сот-құқық жүйесін жетілдіру екендігін атап өтті. Мəселен, Президенттің жолдауында, біріншіден, алқа билер жүйесінің өмірге енгені, екіншіден, тұтқындау кұзырын сотқа беру, үшіншіден, осы заманғы жəне ашық тұрпатты сот жүйесін құру туралы басым бағыттар айқындалды. Ал енді алқа билер үрдісін өмірге ендіру негізінен қазір басталып та кеткен. Бұл аса ауыр қылмыс жасағандарға байланысты ғана қолданылады.
2011

Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекетті табиғи дамудың жемісі, адамзат қауымдастығының жоғарғы нысаны ретінде қарастырады. Құқық əділеттілікке сай деп таниды, заңды мен əділдіктің сəйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, əділ заңның ғана құқыққа сəйкес келетіндігін бекітеді. Мемлекетте адамдар емес, құқық үстем тұруға тиісті. Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың барлығы қатысуға тиісті «заңдық кеңесу» билігі, үкімет билігі жəне сот билігі. «Заңдық кеңесу» билігі əрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. Əрбір заң өз негізінде құқықты қарастырады, əрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет. Заңның барлық биліктен үстем болуы — мемлекеттің құқықтық жолмен дамуының кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында «заңдық кеңесу» органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты, екіншілік сипатта, олардың шығарған декреттерінің заңдық күші болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру қажеттігін айтады [2].
2011

Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекіткен [1]. Мемлекеттің қызметі мен мəнін түсіну адам жəне азаматтың құқықтарын тану мен оны қамтамасыз етуде көрініс табады, сондықтан да Қазақстан Республикасының Конституциясы адам жəне азаматтардың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең қымбат қазынасы ретінде танып, мүдделердің келісімділік негізінде қоғамның ынтымақтастығы мен нығаюын бекітеді [2]. Қазақстан Республикасының əлеуметтік мемлекет ретіндегі сипаты əлеуметтік қамсыздандыру саласында Конституциямен кепілденген мемлекеттің жан-жақты қолдауының болуын білдіреді. Осы салалардың дамуын мемлекеттің адам мен қоғамға қызмет етуін жəне де игіліктерді тең үлестіру арқылы əлеуметтік теңдіктің қалыптастыруын білдіреді.
2011

Халқымыз «Əке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала жағасындағы — құрақ» дегендей, өмір ұрпақ жалғастығынан тұрады. Сондықтан балалардың құқықтарын қорғау — бұл басты міндет. Балалардың мүдделерін қамтамасыз етуді негізгі мақсаты деп атап көрсеткен «Балаларды қорғау жəне шетелдіктердің бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы» Конвенция мен Қазақстан Республикасының заңнамалары балаларды тумысынан белгілі құқықтарға ие, тəуелсіз тұлғалар ретінде таниды. 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке жəне отбасы туралы» № 321-І Заңы да балалардың негізгі құқықтары — өмір сүру мен отбасында тəрбиелену деп бекітті [1]. Өкінішке орай, көптеген балалар əр түрлі себептермен ата- анасының қамқорлығынсыз қалып жатады, осындай жағдайларда олардың мүдделерін қорғау мемлекетке артылады. Дəлірек айтқанда, ол өз органдары арқылы əр баланың толық жəне қалыпты отбасында тəрбиелену құқықтарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
2011

Көліктік шарттар жүйесінде жолаушыларды тасымалдау шартының орны бөлек. Күнделікті өмірде бұл шарт ең қолданбалы маңызға ие, себебі көптеген адамдар жұмыс орындарына, демалыс жерлеріне, іссапарларға барар кезде, əр түрлі көліктік қызметтерді пайдаланады. «Жолаушы» жəне «тасымалдау» ұғымдарының құқықтық мазмұнын анықтау қажет. Əр түрлі құқықтық ахуалдарда осы ұғымдардың мазмұны тұрақты болып табылмайды. «Тасымалдау» ұғымы көліктік, сонымен қатар құқықтық тұрғыда қолданылады. Біріншіден, тасымалдау — көлік құралын пайдалану арқылы жолаушының (немесе жүктің) кеңістікте қозғалысы бойынша техникалық жəне технологиялық əрекет. Екіншіден, тасымалдау дегеніміз — азаматтық заңнамамен реттелетін, ерекше шарттық қатынастар.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.