Құқық

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Судьялардың V съезінде сөйлеген сөзінде сот өндірісін барлық кезеңдерде жетілдіру, судьялардың мəртебесін күшейту, сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттігі туралы атап өткен болатын [1]. Соған сəйкес, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы азаматтық iс жүргiзу құқығы сот төрелiгiнiң қолжетiмдiлiгiн, азаматтық сот iсiн жүргiзуге қатысушылардың құқықтарын барынша iске асыруды қамтамасыз етуге, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам жəне мемлекет мүдделерiн уақтылы қорғау жəне қалпына келтiруге арналған деп анықтайды. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін азаматтық iс жүргiзудi жетiлдiру жөнiндегi шаралар азаматтарға сот қорғауында өз құқықтарын неғұрлым толық жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн сот төрелiгiн қамтамасыз етудiң жолдары мен тəсiлдерiн айқындауға бағытталуы тиіс [2].
2011

Жүкті тасымалдау шарты көліктік шарттар жүйесінде басым орынды алады, яғни негізгі шарт болып табылады. Себебі дəл осы шарт материалдық құндылықтарды тасымалдаумен байланысты негізгі міндеттерді атқарады. Соған қарамастан, ҚР АК-де жүктерді тасымалдаумен байланысты қатынастарды құқықтық реттеу міндеттемелік шарттардың басқа түрлерін реттеумен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді. Тасымалдау сияқты күрделі міндеттемені реттейтін ережелерге заң шығарушы жиырма шақты ғана баптарды арнаған (мəселен, салыстыру үшін ҚР АК-нің 25-тарауы сатып алу шартында жүздей бап бар). Жүк жөнелтуші, тасымалдаушы мен жүк алушының арасындағы қарым-қатынас негізінен ҚР АК-нің 34-тарауымен, арнайы көліктік заңдармен, тасымалдау ережелерімен реттеледі.  
2011

Қазіргі уақытта мемлекеттанушылар Қазақстандағы нарықтық экономикалық қатынастың дамуындағы шартты байланысқан экономикалық жəне əлеуметтік қайта құрылулардың терең бағыт алғанын мойындап отыр. Сонымен қатар терең саяси өзгерістер егеменді мемлекетті қалыптастыруда жəне қазақстандық қоғамдағы саяси жүйе институттарының жетілуіне алып келді. Бұл отандық саяси жүйенің конституциялық кезеңдік дамуы сұрақтарын зерттеудегі өзектілігі жалпы саяси-құқықтық жүйенің қазіргі таңдағы болмысын танудағы бір бөлік ретінде анықтайды. Ғылыми заңдық жəне саяси əдебиеттерде саяси институттарға қатысты заңнамалар мен актілерді зерттеу негізгі назарды аударатын бірден бір басты зерттелетін бағыт ретінде қарастырылды. Сонымен қатар аталған мəселені зерттеу маңыздылығы қазіргі жағдайда алдымен Конституция мен саяси жүйеге қатысты сұрақтар, соның ішінде саяси жүйедегі жекелеген құрылымдық элементтердің рөлі мен орны, қоғамдық-саяси институттардың конституциялық құқықтық мəртебесінің мəселелері, олардың қалыптасуы мен жұмыс атқаруын шешуімен байланысты шартталады. Саяси жүйенің жалпы түсінігін жасаудың қиындығы сол уақытта болған қоғамдық жүйелердің екі басты типінің түбірлі қарама-қайшылығымен байланысты болғанын айта кеткен жөн. Биліктің саяси жүйесі көп ретте халық билігінің əлеуметтік тетігі ретінде анықталды.
2012

Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойынша адамға қатысты əділ болатын, ақыл-парасат, бостандық, сəттілік, тиімділік жəне əділеттілік мекендейтін идеалды қоғамдық құрылым үлгісін іздестіру, ойшылдарды əрқашан толғандырған. Қайта өрлеу дəуірінен бастау алатын ізгілік идеялары, əрбір тарихи кезеңде ойшылдардың еңбектерінде өз көрінісін тапқан. Үшінші мынжылдыққа аяқ басқан кезеңде, ізгілік идеялары жалпы əлемдік деп танылып, өз көрінісін құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам идеяларында табады. Қазіргі əлемде мемлекеттер арасында тығыз байланыс, жақындасу жəне ғаламдану үрдістерінің кең етек алуы, сонымен қатар осы күнгі болмыс шындығы, мемлекеттердің, белгілі бір стандарттарға сəйкес келуін, өздеріне жəне адамға деген көзқарастарды жаңадан, объективті түрде қалыптастыруды қажет етеді.
2012

Қоғамдық ғылымның кез келген мəселесін қарастыру барысында көптеген ұсақ-түйек сұрақтар мен əртүрлі жан-жақты көзқарастар арасынан қажеттісін іріктеп алу үшін негізгі тарихи байланысты білген абзал — «кез келген сұраққа белгілі құбылыстардың қалай жүзеге асқаны тұрғысынан жəне оның дамуы тұрғысынан қарап, құбылыстың неге айналғанын білуге болады» [1; 7]. Мемлекет мəселелерін зерттеушілер арасында мемлекеттің пайда болу процесіне қатысты бірлік тұрмақ, қауымдастық та жоқ. Мемлекеттің шығу тегіне қатысты жалпы түсініктермен қатар, кейде тіпті кереғар көзқарастар да кездеседі. Кейбіреулердің мемлекеттің пайда болуын терең жəне жан- жақты түсінуге қажетті фактілерді саналы түрде бұрмалайтындығы да рас. Осыған байланысты ХХ ғасырдың басында көрнекті мемлекет танушы Л.Гумплович былай деп жазады: «Егер мемлекет түсінігі саяси бағыттарды көрсетуге, саяси бағдарламаларды мазмұндауға сайылса, саяси құштарлықтардың орындалуына қызмет етсе, онда ол мемлекеттің шығуы таза тарихи акт ретінде бұрмаланғанын білдіреді. Мемлекеттің пайда болу мəселелерін «жоғары идея» деп аталатындардың пайдасына саналы түрде бұру жиі кездеседі» [1; 38].
2012

Экономикадағы қайта құрулар көптеген жағдайларда мемлекеттің экономикалық саясатының ғылыми тұғырнамасына байланысты болып келеді. Қазіргі таңда ғылыми негізделген экономикалық саясаттың қажеттілігі мемлекет жəне əр түрлі нарық институттарының, заңшығарушы органдар мен атқарушы органдардың қызметтерінде маңызды орын алып отыр. Мемлекеттің əлеуметтік- экономикалық саясаты мемлекеттілік институтының пайда болуымен бірге əрекет етіп келеді. Қазіргі заманда əлеуметтік-экономикалық саясаттың мемлекеттің өміріндегі маңыздылығы қоғамның дамуының жаңа кезеңдеріне өтуіне байланысты жəне қоғамдық өмірдің күрделенуі жаңа міндеттерді тудыртып отырғандықтан, тұрақты түрде өсіп отыр. Мемлекеттің кешенді түрдегі саясаты əлеуметтік-экономикалық талдау арқылы əлеуметтік-экономикалық жəне саяси процестердегі белгісіздік пен экологиялық сілкіністер қаупінің алдын алуға көмектеседі. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында «əлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізілгенмен шектелтіп қоймайды.
2011

Мақалада ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мəселелері қарастырылды. Автормен ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресуді жүзеге асыру мақсатында жəне ұйымдасқан топ құрамында қылмыс жасау саралаушы белгісінің рөлін арттыруға байланысты ҚР Қылмыстық кодексін жетілдіру бойынша бірқатар негізді ұсыныстар жасалды.
2012

Мақалада азаматтық қоғам қалыптасуының негізгі кезеңдері саяси-құқықтық ілімдер тарихы негізінде қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының теориясы мен практикасының негізгі аспектілері анықталып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылымдық элементтеріне жалпы сипаттама берілді. Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық қатынастар мен əлеуметтік байланыстағы маңызды өзгерістерден тəуелді екендігі көрсетілді.
2012

Мақалада Каспий теңізінің қазіргі мəртебесін анықтауға талпыныс жасалған. Теңіз кеңістігінің режимін жəне құқықтық статусты қадағалайтын негізгі көпжақты мемлекетаралық келісімдер талқыға салынған. Автор қазіргі халықаралық теңіз құқығының принциптерін, аймақ аспектілерін жете зерттеп, жүйелеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұл мəселе жөніндегі көзқарасы талданып, бүгінгі күнде жағалау мемлекеттердің аталған мəселе бойынша ұстанымдары зерттелген.
2012

Мақалада автормен өнеркəсіптік меншік объектілерінің құқықтық реттелуінің шетел тəжірибесі барынша жан-жақты қарастырылды. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркəсіптік үлгі сияқты өнеркəсіптік меншік объектілерін азаматтық айналымға енгізу тəртібін қамтитын əлемдегі өндірісі мен өнеркəсібі жағынан жетекші орындарды иеленетін мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына салыстырмалы талдау жүргізілді. Алынған нəтижелер негізінде Қазақстан Республикасының осы саладағы заң актілерін жетілдіру жолдары ұсынылған.
2012

Кəсіпкерліктің инновацияға негізделуі осы заманғы талапқа жəне тұтынушылар сұранысына сай қызметтер мен тауарлар ұсынысымен шартталатынын ескерсек, ол салада инновациялық тəсілдемелерді, ерекшеліктерді қолдану қажет. Сондықтан да əсіресе шағын жəне орта бизнес саласында маңыздылықты атқаратын франчайзингтік жүйенің ролі зор. Франчайзинг арқылы кəсіпкерлік саланың дамуына «тың» əрі жаңа серпін беруге болады, əлемге танымал, сапалы болып саналатын беделді сауда маркаларындағы өнімдердің отандық нарыққа енуі жəне де оларды өндіру бойынша тəжірибелілікті меңгеру жас мемлекетіміздің экономикасын жандандыруға жаңа мүмкіндіктердің бірін қамтамасыз етеді. Мақалада осы франчайзинг шартының қалыптасуының теориялық аспектілеріне жалпы сипаттама берілген.
2012

Мақалада энергиямен жабдықтау шартының тарихи қалыптасу кезеңдері мен нормативтік-құқықтық базаның дамуы мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергиямен жабықтау шартын реттейтін заңнамаларға талдау жасалды. Қазіргі таңда берілген шарттың түрі азаматтық құқық саласында ерекше орын алады, себебі нарықтық экономикаға өту тек энергиямен жабдықтау саласындағы əлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар аталған саланы құқықтық реттеуде де мəселелердің бар екендігін көрсетті. Сондай-ақ автормен азаматтық құқық саласында əрекет етуші заңнама мен құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында бірқатар негізді ұсыныстар жасалған.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.