Философия

Кенесары ханның басшылық етуімен 1837–1847 жылдары жүргізілген ұлт-азаттық қозғалысының негізгі мақсаты Абылай хан тұсындағы аумақтық тұрақтылықты қалпына келтіру болып табылатындығы айтылған. Кенесары Қасымовқа қазақтың үш жүзі руларының едəуір бөлігін өз туы астында біріктіре алғандығына көңіл бөлінген. Оның жасақтарының текшілдері арасында атақты халық батырлары болғандығы көрсетілген. Қазақ жерлерін əскери отарлауға, Қоқан бектерінің озбырлығына қарсы жүргізілген жаппай күрестің ұлт-азаттық сипат алғандығы туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада Бұқар жырау шығармаларындағы романтизм əдісіне тəн сипаттар қарастырылды. Романтизмнің негізгі бейнелеу тəсілдерінің жырау туындыларындағы қолдану ерекшеліктері зерттелді. Жыраудың хандар мен билер образын сомдаудағы романтикалық пафосы, субъективті көзқарастары əдеби-теориялық тұрғыдан талданды. Жырау толғауларындағы максималистік мақсат, автор қиялының көркем берілу жолдары айқындалды. Дала романтикасының суреттелуіндегі дəстүр мен жаңашылдық ауқымы көрсетілді. Шығармалардағы Абылай бейнесіне қатысты тың тұжырымдар жасалды.
2015

Мақалада ХV ғасырда өмір сүрген көрнекті философ-утопист, ақын, дипломат Асан қайғы бидің өмірі мен қызметі суреттелген. Көне жырау Асан қайғының есімі көптеген түркі халықтарының аңыздары мен ертегілерінде кездесетіні көрсетілген. Халық арасында оның «қайғы», яғни қайғы- қасіретті, қайғылы, сормаңдай атанғандығы, айтылған. Асан қайғы қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жəнібекті қолдағаны, олардың кеңесшісі болғандығы, өз шығармаларында халық тағдыры, хан билігінің əділ болуын қалағандығы көрсетілген. Бытыраған қазақ ру-тайпаларының бірлігі, топтасуы идеясын көтерген алғашқылардың бірі болғандығы жəне оның бұл мұңы «Жерұйық» атты шығармасында жырланғаны дəлелденген. Асан қайғының рухқа толы еңбектері, ауызша əдеби шығармашылығы халықтың мұңы мен сенімдерін білдіретін бірден бір құралы болғандығы туралы қорытынды жасалған. 
2016

Адам! Оның кемел ақыл-ойына, шамасына шаң жұқтырмас жүйріктей шешен тіліне, асыл тастай сан қырлы өнеріне табынып, тамсанған тұста бас əріппен жазып, ардақ тұтар Адам, сайып келгенде, əлі ашылмаған жұмбақ əлем, əлі айтылып бітпеген дастан. Адамның болмыс-бітімі, табиғаты соны заманнан бері небір сұңғыла ғұламалардың ойын он саққа алып қашып, алуан-алуан пікірге маңдай тіреткен. Бірақ берік байлам жасап, тиянақты тұжырымға табан тіреп, яки, Адам деген құдірет мынадай болады деп нақты айту қиынырақ. Сондықтан да сарыла зерттеу, тынбай іздену, таласа талқылау, жүйелі талдау, үздіксіз жалғасып, үрдіске айналып келеді. Демек,  адамның қоғамдағы орны мен рөлі дегенді айқындау бір күннің не бір ғасырдың шаруасы емес. Ол ықылым заманнан бері күрделі мəселе болса, бұдан былайғы жерде де адамзат өмірімен сабақтаса, тамырласа жалғасары даусыз. Адам жайлы пікірлер қаншама қиыншылықты болғанмен, осы мəселеге ат басын бұрған ғалым, ойшыл, даналардың барлығы да адамды қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші деп таныған. Алайда адамның мəнін, табиғатын тануда, оның жасампаздық мүмкіндіктерін бағалауда зерттеуші- ғалымдар ортақ бір тоқтамға келе алмай, пікір қайшылығына ұрынғаны жасырын емес.
2009

Шəкəрім көптеген еуропа ойшылдарының шығармаларымен таныс болған. Ол өз шығармаларында еуропа ойшылдарының идеяларын ортаға салып қана қоймайды, олармен ой жарыстырады, пікір таластырады жəне солардың деңгейінде көзқарас білдіріп, керек кезінде оларды сынға да алған. Шəкəрім философия тарихында ерекше назар аударған кезең — ХІХ ғасыр еуропа ойшылдары уақыты. Ол əсіресе неміс ойшылы Артур Шопенгауэрдің пессимизмі мен француз ойшылы Огюст Конттың позитивизміне ерекше назар қояды. Жаңа философия деген атауға ие болған ХІХ ғасыр еуропа философиясын Шəкəрім қай қырынан сынға алды деген  маңызды сұрақ туындайды. Мақаланың басты мақсаты осы сұраққа жауап іздеу болып саналады. Алдымен ХІХ ғасыр жаңа философиясының басында тұрған А.Шопенгауэрге жəне соңынан О.Конттың позитивизміне талдау жасамақпыз. Оған деген Шəкəрімнің дүниетанымдық ұстанымын саралау мақаланың басты міндеті болып табылады.
2009

Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді [1].
2009

Техниканы əр түрлі бағытта саралау қазіргі гуманитарлық ғылымдардың алдында тұрған мақсаттардың бірі екені белгілі. Міне, соның ішінде, біздің ойымызша, оны мифологиялық аспектіде қарастырудың да өзіндік орны бар. Ол ең бастысы сенімнен дəлел туатын жүйе. Бұл жүйе бойынша ертедегі  деп  уақыттық,  архаикалық  деп  тарихи  мəдени-əлеуметтік  шектеу  қою  өте  қиын. Себебі «адам миы XX ғасырда өмір сүрсе, көп адамның жүрегі əлі тас дəурінде». Бейсаналық, эмоциялық миф құрылымындағы негізгі элемент жəне генетикалық механизм десек жаңағыдай қасиеттерден құралған логика — сол эмоция логикасы. Оның көрсетілу жолы əр қилы болғанымен, əсер ету каналы, кеңістік пен уақытта таралу өрісі біреу — ол қоғамның жəне жеке адамның санасы. Қарама- қарсылық санада болсын практикалық іс-əрекетте болсын қашанда тығырыққа тірейтін нəрсе. Бұл құбылыспен экзистенциалдық, этикалық, саяси-əлеуметтік, экологиялық кең спектрлі факторлар тоғысып жатыр.
2009