Философия

Қазіргі кезде жаһандану мəселесіне ерекше назар аударылуда. Əлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды жəне жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық жəне танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, əлеуметтік, ақпараттық, мəдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды жəне жүйелі зерттеулер əсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн. Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар əкелуде. Жаһанданудың басты типтік жəне сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс  күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
2009

Шəкəрім Құдайбердіұлы — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Қазақ философиясында ар, ұят, ынсап, қайғы мəселелерін философиялық логикада тұңғыш рет қарастырған ойшыл. Өз философия- сында ақыл-ой, ұждан мəселелерін анықтаған. Ұждан дегеніміз — ынсап, мейірім, əділет. Бұл екі өміргеде керек іс. Жанға азық болатын құндылық. Ақыл-ойдың жиырма сегіз түрін көрсеткен. Соның ішінде сау ақыл деп соған ерекше тоқталған философ. Адамды басқа тірі жандылардан өзгешеленді- ретін оның ақыл-ойы емес пе, Шəкəрім өз философиясында дүниені танушы, адамды адамдық негізге жетелейтін, ең негізгі қасиеті ретінде ақыл-ойды қарастырған. Оның дүниетанымы көбіне мораль философиясына жақын. Шəкəрімнің дүниетанымы көбіне мо- раль философиясы мен ар ілімін қамтиды. Шəкəрім дүниетанымында тəңір, нұр, күн, табиғат — қасиетті, киелі ұғымдар.
2009

Идеологияға адамдар, институттар, партиялар, қауымдастықтар арасындағы институционалдық қатынастардың маңыздылығын көрсету жəне де нақты қоғамдық-тарихи жағдайлардағы қандай да бір саяси шындықтарды түсіндіру, негіздеу, ақтау немесе қабылдамау міндеті жүктелген. Оның маңызды қызметі қандай да бір қауымдастықты немесе топты өзге қауымдастықтар мен топтардан ажыратуда жатады. Германдық зерттеуші О.Ламберг айтқандай, бұл қызметтің қорғаныштық əрекеті тиісті топ мүшелерінің қорғаныс, қорқыныш, агрессияшылдық инстинктілерін тудыратын басқа қоршаған орта өшпенді күш ретінде көріну жағдайында орын алады. Əрбір идеологиялық құрылыс өзінде антиподы, немесе қарсыласы, туралы толық мəлеметті иеленеді. Жəне де топтың бірігушілік дəрежесі көбіне қарсыластың бейнесіне байланысты [1].
2009

Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігіне ие болғанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, осы қысқа мерзімді тарихи тұрғыдан алып қарағанда, елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижелері бəрімізге толық көрінеді деп айтуға болады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихи жəне көп азап көрген тағдырында бірінші рет біздің атабабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған ұлы мақсаты жүзеге асқан сияқты. Əлем картасында Қазақстан атты тəуелсіз мемлекет пайда болды. Мемлекеттіліктің барлық саяси институттары құрылып, экономика нарықтық жолға түсті. Осы жолда біз еркін демократиялық қоғамды дамытудың жедел бағытын жария ете отырып, тəуелсіз Отанымызда батыстық өркениеттің жемісі болып табылатын құқықтық мемлекетті қалыптастыру қажеттілігі туралы сөз етпекпіз.
2009

Адамның рухани дүниесі өте күрделі де əр түрлі. Олардың қатынастарының ішінен тікелей дүниетанымдықты құрастыру қатынасы бар. Дүниетанымның мазмұндық байлығын біз дүниеге қатынастықта байқап білеміз. Осындай сан алуан мазмұндық көзқарас жағынан қарастырсақ, олар рационалды жəне иррационалды көзқарастар болып екіге бөлінеді. Рационалды жəне иррационалды көзқарастар философиялық категорияға жатқандықтан, бұл феноменологияларды философиялық тұрғыда қарастырамыз. Философиялық ілім, қандай бір дүниетанымдық көзқарас болмасын, оның өзегін, «ядросын», құрастырады. Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
2009

Қазіргі уақытта Батыс пен Шығыстың философиялық жəне мəдени мұраларын сатылап салыстыру мəселесімен айналысатын — философиялық əлеуметтік компаративистика, немесе салыстырмалы философия. Қазіргі заманғы философиялық əлеуметтік компаративистика тарихи философиялық зерттеулердің дербес саласы жəне оқу пəні ретінде өзінің институционалдық жəне концептуалдық негізінің ақырына таяп қалды. Мысалы, екі компаративистік зерттеулер орталықтарына — Гавай университеті — Гонолу, АҚШ жəне Нью-Дели, Индиядағы  зерттеу орталығы жатады. Бұл орталықтарда 1939–1989 жылдары Батыс — Шығыс мəселесіне қатысты 6 конференция өтті. 1951 жылдан бастап тоқсан сайын «Батыс пен Шығыстың философиясы» атты журнал шығып тұрады. Мұнда көптеген компаративистік философтардың деректораты өтіп, философтар өздерінің ойларын ортаға салады. 1993 жылы Гавай университетінің негізінде компаративистикалық философияның еуропалық қоғамы ашылды. Өзінің тарихи дамуы барысында əлеуметтік философиялық компаративистика тарихи философиялық таным процесінде теорияда да методикада да жаңа құндылықтар мен жаңалықтарға ие болып отырды. Əлеуметтік тарихи практикадағы пайда болып жатқан өзгерістерге байланысты, Батыс пен Шығыстың диалогының дамуы барысында, əр түрлі философиялық бағыттағы ойшылдар тарихи-əлеуметтік философиялық компаративистиканың философиялық ғылымдардың бір саласы ретінде дербес түрде өз алдына құрылуына атсалысты.
2009

Адамдар күнделікті өмірде бұрыннан белгілі кейбір құбылыс, мəселе жайында қаншама ой толғанғанымен, ол құбылыс, мəселе сол күйінде бейтаныс, анықталмаған болып қала беретіні жиі кездесетін жайт. Неғұрлым мəселенің анығына қол жете бергенде, соғұрлым құпиясы да қалыңдай түсетін сияқты. Дəл осыған қатысты қытай халқының ежелгі дүниетанымы Дао ілімі туралы айтуға болады. Бұл ілімге неғұрлым тереңдей бергенде, жауаптан гөрі сұрақтары арта түседі. Əуел басында қытай философиясын тереңдей зерттеуге ден қойған еуропалықтар əдетте христиан дінінің миссионерлері болған. Олар Қытайға ене бастағаннан бері, Еуропада Азияның шығыс жағалауында орналасқан алыс экзотикалық патшалықтың сипаты «Əйгілі Дао ілімін», оның мемлекеттік кеңесші, дəрігер, бал ашушы, маг, тіпті əскер өнерінің шеберлері рөлдерін үйлестіретін ерекше қызметшілері туралы айтпай болмайтын-ды. Даоның бейнесі, оның жан-жақты əрекеті, əсіресе бойына терең мистика мен қатаң ғылымды таң қалдыра сыйғызатын даостардың  ілімі Қытайға келген еуропалықтарға əншейін түсініксіз, үйреншіксіз болғандықтан, олардың көбісі Дао ілімін шындап қарастыра алмай, Дао ілімінің қайталанбас белгілерін «шығыс экзотикасына» жатқыза берген. XX ғасырдың жартысына дейінгі ұзақ уақыт бойы Қытайды зерттеуші батыс ғалымдар даосизмнен ғылыми білім жəне діни культ элементтері араласқан алуан түрлі халықтың наным- сенімдерінің жинағын көрген. Ешкімді де мұндай əділетсіздік пен қисынға келмейтін бағалау абыржытқан емес. Оны былай түсіндіруге болады: өзінің қалыптасқан көзқарастарына салмақты аль- тернативаны қабылдаудан гөрі, қандай да бір түсініксіз ілім, құбылысты қашан да адасу, жөнсіздік деп жариялау жеңіл болмай ма?
2009