Инновация

Мақалада білімге негізделген инновациялық экономика дәуіріндегі интеллектуалды ресурстар, капитал теорияларына талдау жасалған. Білім экономикасы постиндустриалды экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі тұрғысынан қарастырылған. Интеллектуалды капитал мен адам капиталы қоғамның постиндустриалды дамуының қайнар көзі ретінде талданған. Батыс ғылымындағы интеллектуалды капитал теориясының Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайындағы өзектілігі ашып қарастырылады.
2013

Берілген ғылыми мақалада студенттердің мәдениетаралық қатысым құзыреттілігін қалыптастыруда инновациялық оқыту технология мәселелеріне арналған. Инновация, педагогикалық инновациялар, интерактивті процесс және де мәдениетаралық қатысым құзыретті­лік деген ұғымдары сипатталған.
2015

Мақалада тіл үйретудің жаңа инновациялық тәсілдері туралы сөз болады. Грамматиканы үйретудің дәстүрлі әдісінің ескіргені, ол тәсіл­ дің тіл үйретуде тиімсіз екені көрсетілген. Тілді грамматиканы жат­ тату арқылы емес, грамматикалық амал­тәсілдерді мәтінмен жұмыс істеу арқылы меңгерту жолдары көрсетілген. Өзге тілдік топтарда кәсіби лексиканы меңгертуде мәтінмен жұмыс түрлерін, сұрақ­жауап тәсілдерін және дайын үлгілерді пайдалану жақсы нәтиже беретіні айтылады. Тіл үйретуде күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер­ ді меңгерту керек екендігі ашып көрсетілген. Әр тілдің өзіне тән синтаксистік оралымын, сөз саптау ерекшелі­ гін меңгерген маман ғана өзінің кәсібі бойынша дұрыс сөйлей алаты­ ны, ойын дұрыс, түсінікті етіп жеткізетіні дәлелді түрде көрсетілген. Тіл үйренушіге қажетті сұрақ түрлері, оларды қандай жағдайда қол­ дану керек екендігі  сипатталған.
2016

Қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік да­ му жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беру­ де инновациялық технологиялар кеңінен пайдалануды қажет етеді. Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютер­ леу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Соңғы жылдары жоғары кәсіптік білім беру теориясында және тә­ жірибесінде студенттерге білім беруде тиімді әдіс болып саналатын оқытудың белсенді және интербелсенді түрлеріне, әдістері мен тех­ нологияларына көп көңіл бөлінеді. Берілген мақалада жаңа ұрпақ дайындау деңгейін көтеруге әсер ететін заманауи технология – кейс стади әдісін таңдау және қолдану өзектілігі  қарастырылады.
2016

«Инновациялық қызмет» түсінігі –инновациялық процесс бөлігі. Тәжірибеде маркетингтік қызмет инновациялықпен қатар болуы да мүмкін. Кейде ол алға шығуы да ықтимал, мысалы  енгізу процесінің басталмаған кезінде саралау жүргізу, жарнама жасаушылармен жұмыс жүргізу, т.б.Сондықтан балама ретінде инновациялық қызметтің бастамасын жаңаны енгізу кезеңімен біріктіруге болады.
2009

Қазақстан дағдарыстың сабақтарын ескере отырып, инновациялық нарықтық қатынастардың қажеттіліктерін, мүдделерін үйлестіретін экономикалық және құқықтық базаны қалыптастыруда. Қазіргі жаңа даму кезеңі жаңаша технологиялардың дамуы интеллектуальдық меншік объектілерінің өсуіне әкеліп соқтыруда. Қазіргі жаңа технологиялардың дамуы интеллектуальдық меншік туралы заңнамалардың үнемі жетілдіріліп отыруын қажет етеді. Интеллектуальдық меншікті қорғау сұрақтары және жалпы интеллектуальдық меншіктің бір бағыты ретіндегі инновациялар аталған мәселені тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық деңгейде де адекватты қорғауды қажет етеді.
2011

Инновация, жаңа құқықтық ұғым жəне инновацияны зерттеудің теоретикалық негізінде жазылған зерттеулердің аздығына байланысты шешілмеген мəселелердің көп екендігін көрсетеді. Соның бірі инновация түсінігі, инновациялық үдерістің мазмұны, инновациялық қызметтің тиімділігінің арнайы бағалануы, оның мемлекеттік экономиканың дамуына ықпалы, осы салаға байланысты ұлттық жəне аймақтық жағынан құқықтық реттелуі, инновацияны қаржыландыру, инновациялық бағдарламалар мен жобалар, инновациялық-индустриалдық дамудың конституциялық-құқықтық негіздері жөніндегі мəселелер қазіргі кезге дейін құқықтық зерттеу аясынан тыс қалғандығын байқауға болады. Инновация дегеніміз – өндірістің жəне қоғамды басқарудағы түрлі салаларға енгізілетін, экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік, құқықтық, экологиялық тұрғыдан маңызды, зияткерлік меншік объектісі болып есептелетін ғылыми жəне ғылыми-техникалық қызметтің жаңа немесе технологиялық жағынан жетілдірілген үдеріс түріндегі жаңа өнім, тауар, қызмет.
2013

Мақалада қазақ тілін шет тілі оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі жан-жақты талданып көрсетілген. Сонымен қатар авторлар тіл оқытуда инновациялық технологиялардың атқаратын қызметі айрықша екендігін айтқан.
2015
Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытуда ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Мақалада Қырғызстан елінің тəуелсіздік алғаннан кейінгі БАҚ даму жолы қарастырылған. 2011 ж. дейінгі елдің журналистика саласындағы тың өзгерістері мен жетістіктері жайлы сараптаулар жүргізілген. БАҚ-ның электронды жүйеге өту кезеңіндегі қиыншылықтар мен оларды жеңу жолдары баяндалған.
2016

 Қазіргі кезде білім жүйесінде күрделі əрі ауқымды реформалар жүріп жатыр. Бүгінгі заман жоғары технологиясы дамып, əр түрлі мыңдаған ақпараттық мəліметтердің ағыны шексіз күшейген кезде, жалпы жаңа технологияларды білім беру саласына шоғырландыру заңды құбылыс. Олардың нəтижелі іске асырылуы көптеген факторлардан тəуелді. Соның ішінде бұл процесті психологиялық- педагогикалық қамтамасыз ету маңызды орын алады. Қоғамның, білім беру практикасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен тəрбиенің жаңа теорияларын, концепцияларын, жаңа ғылыми тұғырлар мен қағидалар жасау педагогика ғылымының өзекті мəселелерінің бірі болып табылады. Педагогика саласында көптеген ғылыми жұмыстар жаңа технологияны қолдануды мақсат етеді. Технологиялар оқу процесін қарқындатуға, ғылыми-техникалық ақпараттың жылдам өсу жағдайында жəне маманды даярлауға қойылатын жоғары талаптарды білімді жоғарғы сапалы жаңа сатыға көтеруде ең күшті құралдардың бірі болып саналады.
2009

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нəтижесінде «кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатыны» көзделіп отыр [1], мұның өзі жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлаудың сапасын əлемдік білім беру кеңістігінің дамуымен байланыста арттыруды қажет етеді. Еңбек нарығының даму серпіні мен келешегіне сəйкес келетін сапалы жоғары білім беру, əлемдік стандарттар деңгейінде кəсіби даярлықты қамтамасыз ету еліміздің бүгінгі əлемдегі бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін экономикалық жəне əлеуметтік дамуының маңызды факторы ретінде негізгі алғы шарт болып табылады.
2009
Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіруге қойылатын талаптар

 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» жоғары оқу орындағы оқу-тəрбие үрдісін студенттердің шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс делінген. Еліміздің Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан–2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тəрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бəсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу маманың тəрбиелеу бүгінгі күннің басты талаптарының бірі», — деп атап көрсеткен [1].
2011