Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы шағын қалалар брендингі: Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласы мысалында

Мақалада Қазақстан Республикасының кеңестік дәуірден кейін жаппай өндірістің құлдырауы тəн шағын қалаларын ұлттық экономиканы индустриалды-инновациялық дамыту жағдайында жаңа экономикалық бағытта дамыту мақсатында қала брендингін құру мәселесі Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласы мысалында қарастырылды. Қазақстанның барлық шағын қалаларына тəн ортақ экономикалық дамудың негізгі мәселелеріне талдау жасалды. Қандыағаш қаласы өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, логистика жəне қызмет көрсетудің Батыс Қазақстандағы еңбектің динамикалық өсу қарқынымен жəне халықтың ауқатты өмір сүруінің жоғарғы деңгейімен ерекшеленетін дамушы орталығы ретінде сипатталды. Мақалада қала брендингінің теориялық сұрақтары, Қандыағаш қаласына SWOT-талдау жүргізілді, соның нәтижесінде каланы брендтеуге болатын стратегиялық салалар айкындалды. Қазақстандағы өнеркәсіптік жəне көлік орталығы болып табылатын Қандыағаш қаласын брендтеу жолдары, мәселелері мен мүмкіншіліктері талданды. Аталмыш макаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің ғылыми абстракция әдісі, экономикалық талдау, синтез, статистикалық, макроэкономикалык жəне салыстыру әдістері колданылды. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар өңірлерді дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңдарына жəне «Өңірлерді дамыту», «Монокалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы», баска да шағын калалар, монокалалар, агломерацияларды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға негізделген.

Қазіргі кезеңде Қазакстанның өңірлік саясаты ұлттык экономиканың маңызды экономикалык өсу нүктелері болып табылатын урбандалу процестерін ынталандыруды жəне агломерацияларды реттеп дамытуды, экономикалық жəне демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды жəне колдауды камтитын ұтымды аумактык ұйымдастыруды калыптастыруды камтамасыз етуге арналған.

Аумакты дамытудың оңтайлы саясатын жүргізу үшін Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығында баяндалған Елді аумактык кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасымен Қазакстан Республикасы өңірлерінің мынадай сыныптамасы кабылданды.

Болжамды схемада урбандалған экономикалык өсу орталыктарының мынадай санаттары да бөліп көрсетіледі:

  1. «бірінші деңгейдегі» калалар (агломерациялар, хаб-калалар);
  2. «екінші деңгейдегі» калалар (облыс орталыктары, облыстык маңызы бар ірі калалар);
  3. «үшінші деңгейдегі» калалар (шағын жəне монокалалар).

Қазақстанның ақпараттық-технологиялық қайта құрулар жəне экономиканың ғаламдануы жағдайында индустриалды-инновациялық дамуға өтуі аймақтық жəне жергілікті қала жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде дамитын шағын қалалардың алдына жаңа міндеттер қояды. Бұл жағдайда шағын қалалар шаруашылық жүргізуді аумақтық ұйымдастыру жəне халықтың өмір қызметінің бір нысанының бірі ретінде қарастырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің əрекет ету кезінде шағын қалалардың стратегиялық бағдарын қайта қарау, өзіндік ресурстар негізінде даму талап етіледі. Қазақстан Республикасындағы шағын қалалардың қазіргі таңдағы даму қарқыны тұрақсыздықпен, қала шаруашылығын тиімді ұйымдастырудың ғылыми негізделген критерийлерінің бұзылуымен, қалыптасқан экономиканың ғаламдану жағдайына бейімделу сұрақтарының шешілмеуімен сипатталады.

Елдегі үдемелі индустрияландыру жəне экономиканы əртараптандыру бағытына бет алу «экономикалық əлеуеттщ ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын кұру жəне халықтың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жоспарларымен» тікелей байланысты. Республиканың өңірлік дамуына жаңа серпін беру қажеттігітуралы Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында да ерекше айтылған, онда «индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қүрайды» делінген [1].

Қала брендингі маркетингтің «жоғары нысаны» болып табылады. Қала бренді өз бетінен қүнды болып табылмайды, ол қала маркетингіне қаланың дамуының нақты міндеттерін шешу үшін қала мүддесін білдіруге жәрдемдеседі.

«Қала бренді» «ел бренді» немесе «аймақ бренді» үғымынан бүрын пайда болды. Әлемдегі аумақтық брендинг жобалары алғаш қалалық болды: қала-курорттар (XVIII ғ. ― XIX ғ. басы) жəне жаңа аумақтарды қарқынды игеру кезеңінде пайда болған АҚШ қалалары. Алғаш кешенді аймақтық жəне елдік брендинг жобалары ХХ ғасырдың екінші жартысында қарқынды дами бастады.

«Бренд» үғымының қала маркетингі саласына енуі екі бизнес-каналдар арқылы жүзеге асырылды: кіру туризмі жəне жергілікті тауарлар мен қызметтер экспорты. «Қала бренді» үғымын ең алғаш туристік компаниялар қолдана бастаған. Себебі туризм – бизнес, сондықтан бренд үғымы туындаған туристік маркетинг корпоративті ортаға жақын.

Сонымен, қала бренді берілген қаланың қайталанбас ерекше түтыну сипаттамаларын бейнелейтін қүндылықтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Бренд қаланың бәсекелік артықшылықтары мен табысының маңызды факторы, қала экономикасының қүнды активі болып табылады. Сәйкесінше, қала бренді оның инвестициялық тартымдылығын арттыру тәсілі болып табылады. Бүгінгі таңда бренд – аумақ дамуы стратегиясының өзекті элементі.

Қала бренді 5 қүраушыдан түрады: экономика, мəдениет, дәстүрлі өнімдері жəне экспорттауға белгілі маркалары, туризм, адамдары. Дегенмен, кейбір сарапшылар табысты брендтің 4 негізгі параметрін ажыратады [2; 25, 26]:

  • – айрықшылығы;
  • – тарихымен байланысты идеология;
  • – факторлардың негізделгендігі – күтілетін жағдай мен оның расталуы;
  • – үтымды сəулет.

Бренд аумақтық өнімдермен, корпоративті брендтермен, аумақтағы компаниялармен өзара əрекет етеді.

Брендтеу объектілері:

  • – қаланың фирмалық стилі (логотип, сыртқы жарнама, полиграфия, кəде-сый, интернет);
  • – қоғамдық көлік (əуежай, вокзал, автовокзал, аялдамалар);
  • – қаладағы навигация (сызбалар, баннерлер, сілтеуіштер т.б.);
  • – қалалық жоғары көңіл бөлу объектілері, көрнекі жерлері (мүражай, көрме орталықтары, парктер т.б.);
  • – қалалық орта (қала объектілері);
  • – шаралар мен оқиғаларды рәсімдеу (қала күні, мейрамдар, фестивальдар) болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда аймақтың инвестициялық тартымдылығы мәнді дәрежеде оның әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени әлеуетін қаншалықты тиімді пайдаланатындығынан тәуелді. Қалалар арасында инвестициялық ресурстарға түрақты бəсеке орын алады. Жəне аймақтың даму стратегиясының табыстылығы қоғаммен тиімді кері байланыс орнататын билік органдарының имидждік саясатынан тәуелді болып келеді. Ресурстар тарту үшін бәсеке жағдайында қала бренді неғүрлым белсенді əсер етуші қүрал болып табылады.

Кез келген брендтің мақсаты сенім тудыру және және сенімге негізделген қарым-қатынастар орнату болып табылады.

Бренд қалыптастыру арқылы төмендегідей келесі мақсатқа қолжеткізуге болады:

  • – аймақта өндірілген тауарды қолдау (оның ішінде экспорттауға тауарлар);
  • – инвестиция тарту;
  • – туризмді қолдау, аймақты келушілер үшін тартымды ету;
  • – жоғары білікті жүмыс күшін тарту;
  • – қолайлы имидж, қалалықтардың мақтанышы мен қоғамдық сана қалыптастыру;
  • – қаладағы әртүрлі ақпарат пен коммуникацияны пайдалану.

Қала брендін қалыптастырудың әлеуметтік мақсатына әлеуетті инвесторлар үшін қаланың тартымды образын қалыптастыру есебінен қала халқының өмір сапасын арттыру жатады.

Ал қала брендін құрудың экономикалық мақсаты бюджетке табысты жоғарлату, инвестиция тарту арқылы жалпы өңірлік өнімін арттыру болып табылады. Қала брендингі кезінде корпорация брендингімен салыстырғанда əлеуметтíк мақсаттар басым келеді.

Қала брендингі, түптеп келгенде, төмендегідей мақсаттар көздейді:

  • – аймақта орналасқан өнеркəсіn жəне қызмет салаларының бəсекеге қабілеттілігін жақсарту жəне сақтау;
  • – аймаққа жаңа кəсíпорындарды тарту;
  • – аймақтың танымалдық деңгейін қалыптастыру;
  • – іскер жəне қарапайым туристердің санын арттыру;
  • – орталық биліктің аймақтың мəселелерí мен жетістіктеріне көңілін аударту;
  • – аймақтың инвесторлар үшін тартымдылығын жоғарлату;
  • – сол жердің жергілікті мəселелерíн шешуге өзінің тұрғындарын тарту.

Аумақтың табысты бренді бұл қоғам таңдауы болып табылады. Аумақ бренді — халықтың, қоғамның, жергілікті кəсíпкерлердщ ортақ жетістігі.

Кез келген аумақтың брендингін есепке алуда төмендегі аудиторияны есепке алады: бизнес: инвестициялар, жағдайы жəне инфрақұрылымы, персонал, бизнес қарым-қатынастары жəне жеке тұлғалар: жұмыс орны, тұрғылықты орны, үкімет, халықаралық маңызды оқиғалар.

Қала брендингіне орталық жəне жергілікті билік органдары, инвестициялық қызметті реттейтін органдар, экономикалық дамуға, сыртқы экономикалық қызмет жəне халықаралық ынтымақтастыққа жауапты органдар, ғылыми қауымдастық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, тағы басқа белсенді қатысуы керек.

Қала брендингін құру негізгі 5 кезеңнен тұрады:

– 1-кезең: бекіту шаралары, бұл кезде процестің барлық қатысушылары – бизнес, мəдени элита, халық, əкíмшíлíк бірлесе отырып, бренд құрудың мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Брендинг- жоба осы кезеңде қатысушылары консенсусқа келе алмай, көп жағдайда жүзеге асырылмай қалады;

– 2-кезең: брендті дамыту үшін əлеуеттí талдау, яғни, қалай жəне ненің есебінен аумақ «жақсы көзқарас» қалыптастыратындығын таңдау;

– 3-кезең: бренд идеологиясын жасақтау;

– 4-кезең: міндетті емес кезең – логотип құру;

– 5-кезең: брендті жылжытудың айрықша құралдарын іздеу.

Брендті жылжытудың айрықша құралдары ретінде кең танымал жарнамалық жолдар – фестиваль өткізу, product placement, тағы басқа қолданылуы мүмкін.

Қала брендін құру үрдісі басқа тəсíлмен 3 кезеңнен тұрады. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте Қала брендін құру жолы

Қала б

зендін құру үрдісі: жалпыдан жекеге

Әртүрлі салалардан ақпарат жинау жəне талдау

Қала брендін жасақтау

Қала бренді коммуникациясы

– географиялық сипаттамалары; – əлеуметтíк-мəдени сипаттамалар;

– экономикалық параметрлері

– құндылықтар;

– қаланың сипаты, ішкі жəне сыртқы сапалары;

– қала брендінің қаланы жоспарлаумен өзара əрекетí

– қаланың визуалды сəйкестíгíн қалыптастыру;

– ұзақмерзімді коммуникациялық стратегия

Ескерту. Дерек көзі [2].

Қала брендін құрудың əмбебап тәсілі жоқ, дегенмен, аумақтық брендинг үрдісін ұйымдастыру бойынша негізгі ұсыныстар жасалған, бұл, өз кезегінде, қала келбетін құру жəне жылжыту үрдістерін қамтиды:

  1. Қала имиджі, бренді жəне абыройы оның активтерінің бірі ретінде танылуы тиіс, оның негізіне зерттеуге, дамытуға жəне белсенді жылжытуға керек аумақтың айрықша ерекшеліктері жатқызылады.
  2. Дəстурлерге негізделген жəне жаңашылдық енгізуді білдіретін қаланы жылжытудың бірыңғай стратегиясы қажет.
  3. Қала имиджі мен репутациясын қалыптастыру сұрақтары аймақтық билік деңгейінде қарастырылуы керек.
  4. Қала брендингі, оның абыройын қалыптастырумен айналысатын арнайы қалалық комитет құру ұсынылады. Аталмыш комитеттің негізгі міндеті жергілікті билік органдары мен жеке компанияларға ұсыныстар жасау болып табылады.
  5. Арнайы комитет құрамына əлеуметтанушы, тарихшы, мəдениет қызметкері, бизнес көшбасшылары, саяси қызметкерлері, қоғаммен байланыс жөніндегі мамандар, журналистер, экономистер, маркетинг жөніндегі мамандар, заңгерлер, аумақты жылжыту бойынша сарапшылар кіргізілуі керек.
  6. Имидждік-репутациялық қайта құрулар стратегиясын жүзеге асыруды мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдана отырып, жүргізу ұсынылады.
  7. Жергілікті халықтың идеялары мен интеллектін пайдалану ұсынылады. Осы мақсатта барлық ниет білдірушілерден ұсыныстар қабылдауды (жазбаша түрде, телефон арқылы тегін қоңырау шалу т.б.), конкурстар ұйымдастыруға, гранттар бекітуге болады.

Қалалар негізінен ірі, орта жəне шағын түрлерін анықтау кезінде əлемдíк теория мен тəжíрибеде қаланың көлемі (халқының саны), оның қызметінің мөлшері мен көлемі (көпшілік тұрғындарының негізгі қызметі) секілді негізгі критерийлер ескеріледі. Бұл ретте түрлі елдердің ұлттық заңнамаларында олар бойынша елді мекені қала болып есептелінетін халық санының түрлі критерийлері белгіленген: Данияда 250 адамнан бастап Жапонияда 30 мың адамға дейін. Қазақстанда жəне ТМД елдерінде егер елді мекен халық саны 12 мың адамнан кем болмаған жағдайда қалаға жатқызылады [3; 15].

Шағын қалалар қала халқының ұдайы өсуі қаланың аумағындағы əрбíр адамның қажетті күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған, қаланың аумағында орналасқан тұрғындар шоғырланған аумақтық тұтас жəне жинақы кеңістіктер болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 87 қала бар, олардың 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 947,2 мың адамды құрайды. Бұл ретте 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша агломерациялардың ықпал ету аймағында зерттеліп отырған шағын Қандыағаш қаласы орналасқан.

Қазақстанның барлық шағын қалаларына ортақ экономикалық дамудың негізгі мəселелерíн бөліп қарауға болады:

  • өнеркəсіптің бір түрі басым келетін қалалық қоныстардың болуы бұл қоныстардың қала түзуші кəсíпорьюта толық тәуелділігін білдіреді;
  • экономикалық базаның шектелуі жəне білікті кадрлар мен инвестициялар тартудағы тиімсіз бəсекелíк жағдайлар;
  • көпшілік өнеркəсіптік кəсıпорындардын технологиялық артта қалушылығы, негізгі қорлардың жоғары деңгейде тозуы, еңбекті қолдану орындарының жетіспеушілігі мен жұмыссыздықтың артуы;
  • қолайсыз демографиялық ахуал - жастардың ірілеу қалаларға көшуі, халықтың табиғи кемуі, денсаулық сақтаудың төменгі даму деңгейі;
  • əлеуметтíк-мəдени саланың жеткілікті деңгейде дамымауы жəне инженерлік- инфрақұрылымдық объектілердің төменгі даму деңгейі [4; 25].

Осылайша, еліміздегі шағын қалалардың даму мəселелерí өте өзекті болып отыр.

2015 жылы Ақтөбе облысы Экономика жəне бюджетті жоспарлау басқармасының ұсынысымен «Шағын жəне моноқалалар брендингі, олардың кешенді дамыту жоспарларын құру» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысының бірқатар шағын қалаларына, атап айтқанда, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Шалқар, Алға қалаларына маркетингтік зерттеулер жүргізілді.

Қазақстандағы өнеркəсіптік жəне көлік орталығы болып Ақтөбе облысы бойынша Қандыағаш, Ембі, Шалқар, ал басқа өңірлерде Аягөз, Шу, Арыс, Қазалы қалалары табылады.

Қандыағаш қаласы елдің негізгі теміржол тармағында (Ақтөбе - Алматы, Ақтөбе - Астана, Ақтөбе - Атырау) жəне автожол (Ақтөбе - Астрахань ) жəне «Бұқара - Орал», «Жаңажол - Ақтөбе» магистралды газ құбырларының қиылысында орналасқан аймақтық көліктік торап болып табылады, осыған байланысты Қандыағаш қаласының негізгі кəсіпорындарының көбісі жүк жеткізу, көлік жəне экономиканың аралас секторларына жатады.

Қандыағаш қаласы облыс орталығы Ақтөбеге жақын орналасқан (90 км). Қала теміржол магистральдарының бойында орналасқан, олар Москва – Ташкент, Ақтөбе – Атырау және облыс орталығы Ақтөбе, Атырау, Астана, Алматы, Маңғышлақ сияқты қалалар мен теміржол арқылы байланысы бар. Ақтөбе мен Қандыағаш арасында автобустық марштуттар да жүреді және қалаішілік автобус жүйесі бар, ол қала халқына қызмет етеді. Бірақ жолдардың сапасы қанағаттандырарлық емес. Сонымен қатар Қандыағаш Ресейдің Орынбор қаласынан шамамен 400 км шақырым арақашықтықта орналасқан, бұл өз кезегінде қалаға стратегиялық географиялық маңызын арттырып отыр (Ақтөбе облысының 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы).

Қандыағаш қаласының бренді төмендегі құраушыдан тұрады: өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу салаларына негізделген экономика, Мұғалжар ауданының мәдени орталығы, экспорттық тауарлары – мұнай өңдеу өнімдері, құрылыс бұйымдары, халқы.

Қандыағаш қаласын табысты брендеудің негізгі параметрін көрсетуге болады:

  • – айрықшалығы – территориялық орналасуы, көлік-коммуникация жүйесінің дамуы, облыстың ірі аудан орталығы, өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының әрекет етуі;
  • – тарихымен байланысты идеология – Қандыағаш қаласының атауы қалмақтармен соғыс дәуірінен шыққан деседі, бұрынғы атауы Октябрьск қаласы;
  • – ұтымды сәулет – Финляндия ауданы деп аталатын финдік үлгімен салынған үйлер болмаса, архитектура жағынан Қандыағаш қаласы Қазақстанның басқа шағын қалаларынан ерекшеленбейді, кеңестік көп қабатты үйлер мен жеке үйлер.
  • Қандыағаш қаласының брендингі төмендегілермен байланысты:
  • – жергілікті өнімдермен: шағын МӨЗ өнімдері, құрылыс материалдары, этил спирті т.б.;
  • – корпоративті брендтермен: «Ақтөбемұнайгаз СНПС» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «ВерналОйл» ЖШС, «Силикат-А» ЖШС, «Базальт-А» ЖШС, «Кентавр» ЖШС т.б.

Қандыағаш қаласын брендтеу объектілері төмендегі болуы мүмкін:

  • – қаланың фирмалық стилі (логотип, сыртқы жарнама, полиграфия, кәде-сый, интернет);
  • – қоғамдық көлік (вокзал, автовокзал, аялдамалар);
  • – қаладағы навигация (сызбалар, баннерлер, сілтеуіштер т.б.);
  • – қалалық жоғары көңіл бөлу объектілері, көрнекі жерлері (мұражай, мәдениет орны, саябақтар, демалыс орындары т.б.);
  • – шаралар мен оқиғаларды рәсімдеу (қала күні, мейрамдар, фестивальдар).

Қандыағаш қаласы тыбысты брендингіне қолжеткізу төмендегідей артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • – аймақта өндірілген тауарды қолдау (оның ішінде экспорттық өнімдер);
  • – инвестиция тарту;
  • – қалаға келушілер үшін қаланы тартымды ету;
  • – жоғары білікті жұмыс күшін тарту;
  • – қолайлы имидж, қалалықтардың мақтанышы мен қоғамдық сана қалыптастыру;
  • – қаладағы әртүрлі ақпарат пен коммуникацияны пайдалану.

Қалада мұнай мен газ өңдіруден шетелдік және бірлескен кәсіпорындар – 7, теміржолдар мен пойыздарға техникалық қызмет көрсету саласында – 11 кәсіпорын, автожолдарға қызмет көрсету саласында 3 кәсіпорын жұмыс жасайды; бұдан басқа қалада мұнай жабдықтары, автомобильдік техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша орталық, асфальт зауыты, шағын мұнай өңдеу зауыты бар. Көлік және логистикамен байланысты кәсіпорындардан бөлек Қандыағаш қаласында кірпіш зауыты жұмыс жасайды: жеке үйлер және мектеп пен балабақша сияқты мемлекеттік ұйымдар құрылысының көбеюіне байланысты қалада құрылыс материалдарына сұраныс өсуде.

Ұзақмерзімді көрініске сәйкес, Қандыағаш қаласы өнеркәсіп, агроөнеркәсіп, логистика және қызмет көрсетудің Батыс Қазақстандағы еңбектің динамикалық өсу қарқынымен және халықтың ауқатты өмір сүруінің жоғарғы деңгейімен сипатталатын дамушы орталығы болуы тиіс [5].

Қаланың даму жоспарында SWOT-талдау, маркетингтік зерттеулер нәтижесінде басты стратегиялық бағыт ретінде төмендегі салалар айқындалды:

ші стратегиялық бағыт: ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту Қандыағаш қаласының жергілікті экономикасының әртүрлілендіру және өсуінің қозғаушы күші ретінде анықталды. Мұғалжар ауданы белгілі бір мөлшерде ауылшаруашылығына тәуелді, сондықтан жергілікті экономиканы дамыту әлеуеті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған. Осы стратегиялық бағыт аясында қызметтің төрт басты салалары ажыратылды:

Көкөніс шаруашылығы жəне көкөністі қайта өңдеуді дамыту.

Ет жəне сүт тағамдарын қайта өңдеу саласын дамыту.

Жүнді қайта өңдеу.

Жылыжай кешендерін жəне көкөніс сақтау қоймаларын ашу.

ші стратегиялық бағыт: құрылыс, көлік жəне инфрақұрылымға қатысты салалар мен қызметтерДі дамыту. Қазіргі таңда Қандыағаш қаласында өнсркәсіптік кəсíпорындарды ашу, ең алдымен, көлік жəне логистикамен байланысты, оның ішінде мұнайгаз саласы мен теміржол жабдықтарына қызмет көрсетумен байланысты; бұл салада қалыптасқан үлкен тəжíрибе мен достүр бар. Қандыағаш қаласының тиімді стратегиялық географиялық орналасуы жəне оның аймақтық көлік торабы мəртебесí қаланың дамуына айтарлықтай əсерíн тигізетін болады. Жаңа халықаралық бағыттардың ашылуы, ел экономикасының өсуі жəне көлік желісін модернизациялау арқасында Қандыағаш қаласы арқылы өтетін теміржол жəне автомобиль жолдарымен жолаушылар жəне жүк тасымалы 2016-2030 жылдар аралығында кемінде 100-200 %-ға өседі деп күтілуде.

Ақтөбе агломерациясы үшін агломерация аясында жүрдек жерүсті рельсті транспортының (оның ішінде Ақтөбе-Хромтау, Ақтөбе-Алға-Қандыағаш, Хромтау-Қандыағаш жəне басқада қаласырты қатынастары), бірыңғай қоғамдық көлік жəне кіші авиацияның дамуы басым болып табылады.

Даму жоспарында стратегиялық бағыт қызметтің келесі салаларына бөлінген:

Мұнайгаз саласымен жəне оған қатысты технологиялармен байланысты өндірістер мен қызметтерді дамыту.

Теміржол көлігімен жəне оған қатысты технологиялялармен байланысты өндірістер мен қызметтерді дамыту.

Автомобиль көлігі жəне логистикамен байланысты өндірістер мен қызметтерді дамыту.

ші стратегиялық бағыт: құрылыс жəне құрылыс материалдарын өндірумен байланысты өндірістер мен қызметерді дамыту. Құрылыс жəне құрылыс материалдарын дайындау Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай экономикалық қызметтің қуатты қозғаушы күші болуы мүмкін. Тұрғындар санының өсуіне байланысты, 2016-2030 жылдар аралығында, Қандыағаш қаласында білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет жəне спортпен байланысты мемлекеттік нысандар жəне тұрғын үйлер құрылысын ауқымды жүргізу керек. Құрылыс жұмыстары мен құрылыс материалдарына мұндай сұраныс аймақтағы өнеркəсіптің дамуын ынталандыратын болады. Мұғалжар ауданының аймағында құрылыс индустриясы жəне құрылыс материалдары үшін шикізат қоры жеткілікті. Қандыағаш қаласында қазіргі таңда кірпіш, газбетон, минералды мақта шығару зауыттары («Силикат-А» ЖШС, «Базальт-А» ЖШС) жұмыс жасайды, алайда 2016-2030 жылдар аралығында құрылыс жəне құрылыс материалдарын дайындау саласында қосымша кəсíпорындар ашуға құрылыс материалдарына жергілікті сұраныс болады деп күтілуде. Қандыағаш қаласының аймақ орталығында орналасуы - бұл жергілікті құрылыс материалдары индустриясының даму үшін алғышарт.

Бұдан басқа, теміржол жəне автожол инфрақұрылымын модернизациялау сияқты инфрақұрылымдық тапсырмаларды алдыңғы уақытта орындау, құрылыс материалдарын, əсíресе жол жəне теміржол жолдарына қолданылатын бетон мен бетон қондырғыларын өндірісін дамытуға əсерíн тигізеді.

Берілген стратегиялық бағытта қызметтің үш басты салалары анықталған:

  • Құрылыс саласын дамыту.
  • Инфрақұрылым құрылысын дамыту.
  • Құрылыс материалдар өндірісін дамыту.
  1. ші стратегиялық бағыт: кәсіби дағдыларды жəне адам капиталы» дамыту. Жергілікті экономиканы дамытуды дамып келе жатқан жергілікті экономика салаларында кəсíби дағдының дамуымен ұштастыру қажет. Жаңа өндірістер мен қызметтерді жəне дағдылар мен біліктілікті дамыту үрдісі өзара толықтырғыш тандем түзеді: дамып келе жатқан өнеркəсіп білікті кадрларды қажет етеді, ал қазіргі заманғы технологияларды жəне дағдыларды меңгерген еңбек ресурстарының болуы жергілікті экономиканың дамуына жəне жаңа кəсíпорындардьщ пайда болуына ықпал етеді. Алынған білімдерді индустрияның қажеттілігіне сәйкестендіру үшін жергілікті оқыту мекемелерінде техникалық жəне кәсіби оқытуды модернизациялау жəне дамытуды жергілікті бизнес-қоғамдармен серіктесе отырып жүргізу керек.
  2. ші стратегиялық бағыт: тұрғын үй коммуналдық кешенін, инфрақұрылымды жəне мемлекеттік қызметтерді дамыту. Жоғарыдағы төрт стратегиялық бағыттар жергілікті экономика мен еңбек нарығын дамытумен байланысты. Экономикалық даму мемлекеттік қызметтердің дұрыскөрсетілуімен жəне қажетті қолдау инфрақұрылымның болуымен тығыз байланысты. Жергілікті аумақтың экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жалақы мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуы адам əлеуетíн дамыту мен адам өмір сапасын арттыру кепілі болып табылады. Қандыағаш қаласындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға инфрақұрылым жəне мемлекеттік қызметтерді дамытуға жататын стратегиялық бағыт төмендегідей анықталған:
    1. Мемлекеттік басқаруды дамыту.
    2. Мемлекеттік білім беруді дамыту.
    3. Денсаулық сақтауды дамыту.
    4. Мəдениет жəне спортпен байланысты қызметтерді дамыту.
    5. Қоқысты қайта өңдеу зауытын дамыту.
    6. Тұрғын үй қорын қамту жəне дамыту.
    7. Инфрақұрылым, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жəне қалалық ортаны дамыту.

Ұсынылып отырған Қандыағаш қаласының кешенді даму стратегиясы «Казакстан–2050» ұлттық даму стратегиясына толық сəйкес келеді жəне ол ондағы қойылған мақсаттарға жетуге жəрдемдеседí. «Казакстан–2050» бағдарламасының экономикалық саясатқа қатысты бірінші басымды саласында жұмыстың негізгі бағыттары ретінде ауылшаруашылық саласын модернизациялау болып табылады, оның ішінде егін шаруашылығын дамыту жəне ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуде ШОБ дамыту, сондай-ақ сауда жəне инфрақұрылымды дамыту қарастырылады.

Шағын қалаларды жандандырудың мемлекеттік бағдарламасын əзíрлеу, бəсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, нақты қаланың даму стратегиясын əзíрлеу, шағын жəне орта қалалардың əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің мониторингісін жүргізу, əлеуеттí анықтау жəне бар мүмкіндігін ескере отырып, қаланың дамуының стратегиялық бағыттарын белгілеуі өзекті мəселе болуы тиіс.

Қазақстан Республикасындағы шағын қалаларды дамытудың негізгі бағыттары болып:

  • – əртүрлі өлшемдегі жəне салалық тиесілі кəсíпорындарды əртараптандыру жəне ұтымды əрекеттестíру есебінен экономиканың құрылымын жетілдіру;
  • – қалалардың функционалдық мамандану құрамын кеңейту;
  • – шағын қалалардың маңында бар минералды шикізат ресурстарын игеру;
  • – негізгі қызмет түрлерінің халыққа қолжетімділігін арттыру үшін əлеуметтíк инфрақұрылымды аумақтық ұйымдастыру;
  • – халық жəне кадрлық əлеуеттí ұдайы өндіру;
  • – шағын кəсíпкерлíк субъектілерін қолдау инфрақұрылымын аумақтық ұйымдастыру жəне дамыту табылады.

Қорытындылай келе, Ақтөбе өңіріндегі шағын қала Қандығаш қаласын дамытудың негізгі бағыттары олардың минералды-шикізаттық, өндірістік жəне еңбек əлеуетíн, қолайлы географиялық жағдайын ескере отырып анықталуы керек [6]. Ол бойынша Қандыағаш сияқты шағын қала көлік орталығының одан əрí дамуы теміржолға қызмет көрсетумен жəне көлік құралдарын жөндеу жəне жинақтау бойынша өнеркəсіптік өндірісті жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

Қандыағаш қаласын брендтеудің негізгі мақсаты инвестиция үшін тартымды орын ету болып табылады. Ол зерттеу нəтижесíнде анықталған 5 негізгі стратегиялық бағыттар бойынша ішкі жəне сыртқы инвесторларды тарту үшін қажет.

Қандыағаш қаласын брендтеу мүмкіндігін мəндí дəрежеде осы өңірдегі шағын жəне орта кəсíпкерлíктщ даму деңгейі беретіндігін атап өткен жөн.

Болашақта Хромтау, Қандыағаш, Алға, Ембі, Шалқар сияқты дамыған шағын қалалары есебінен тұтастай Ақтөбе облысы барынша бəсекеге қабілетті мамандандырылған салаларды (құрылыс индустриясы, химия өнеркəсібі, медициналық техника өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу) басымдықпен дамытып қарқынды өңдеуші өндірісі бар, көмірсутекті жəне минералдық шикізат өндіретін əртараптандырылған ірі орталық ретінде танылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан жолы–2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыкка арналған Жолдауы / Н. Назарбаев. [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http:// www.akorda.kz.
  2. Визгалов Д. Брендинг города / Д.Визгалов. — М.: Ин-т экономики города, 2011. — 160 с.
  3. Нұрланова Н.Қ. Қазакстандағы монокалаларды əлеуметтíк-экономикалык дамытудың негізгі мəселелерí / Н.Қ. Нұрланова. С.Н. Гайсина. М.Қ. Мелдеханова. С.Х. Берішев. Н.Ж. Бірімбетова. А.А. Киреева. — Алматы: ҚР БҒМ ҒК. 2012. — 156 б.
  4. Мұкан Б. Актуальные вопросы экономической специализации регионов в условиях постиндустриальной экономики / Б.Мұкан // Экономика и статистика. — 2014. — № 1. — С. 24–28.
  5. 2016–2020 жылдарға арналған Қандыағаш каласының даму бағдарламасы. Қандыағаш каласы. 2015 ж. [Электрондык ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://adilet.zan.kz.
  6. «Актөбе каласының бас жоспары». Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 казандағы № 643 Қаулысы. ∣Элекд■рондык ресурс]. — Қолжетімділік тəртíбí: http://adilet.zan.kz.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.