Мақала адам жəне азаматтың денсаулық сақтау құқығының конституциялық нормаларда бекітілу мəселесіне арналған. Адамның денсаулығын сақтау құқығы адам жəне азаматтың əлеуметтік- экономикалық құқықтарын қалыптастыратын болғандықтан жəне денсаулық адамның өміріндегі ең жоғарғы игіліктерінің қатарына жатқандықтан, конституциялық нормаларда көрініс табуы жоғарғы деңгейде құқықтық кепілденуін қамтамасыз етеді. Мақаланың мақсаты — салыстырмалы жəне эмпирикалық зерттеу əдістерін қолдану арқылы Қазақстан Республикасы мен шетелдердің конституциялық нормаларында денсаулық сақтау құқықтың бекітілу ерекшеліктерімен танысу арқылы құқықтық реттеудің тиімді жолдарын анықтау. Мақалада денсаулық сақтау құқығының түсінігі мен құрылымының теориялық тұрғыда қарастыру барысында құқықтық нормаларда жеке «адамның денсаулық сақтау құқығы» жəне «халықтың денсаулық сақтау құқығы» деген екі категориядағы денсаулық сақтау құқығын қолданатын субъектілер құрамы анықталды. Аталмыш екі категориядағы субъектілердің денсаулық сақтау құқықтарының мазмұны халықаралық актілерде толығымен ашылып, бекітілген. Бірақ адамның денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз етілуі жəне тиімді қорғалуы мемлекеттің Негізгі Заңы — Конституцияда бекітілуіне жəне конституциялық нормалардың адам құқықтарының халықаралық стандарттарына сай келуі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Авторлар зерттеу негізінде келтірілген конституциялық нормалар бойынша салыстырмалы мəліметтер адамның денсаулық сақтау құқығын конституциялық нормаларда бекіту негізінен аса ерекшеліктерге ие емес екенін дəлелдеп, кейбір мемлекеттер конституцияларындағы лауазымды тұлғаның денсаулық сақтау саласындағы бекітілген жауапкершілігі құқықтық реттеудегі негізге алатын тəжірибе ретінде түйіндеме жасаған.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзін əлеуметтік мемлекет ретінде бекітіп, адамның қадір-қасиетіне сай өмір сүруі мен еркін дамуына жағдай жасау саясатын жүргізеді. Əлеуметтік мемлекет ретінде қызметін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан алдында ҚР Конституциясы мен халықаралық нормалармен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабында бекітілген азаматтардың денсаулық сақтау құқығы жеке тұлғаның құқықтық мəртебесінің маңызды элементі болып, заманауи мемлекеттер мен адам арасындағы қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды. Денсаулықты сақтау құқығының толық жəне сапалы орындалуы жеке тұлғаның еңбек ету бостандығына, адамның қадір-қасиетіне сай өмір сүру, тынығуға деген конституциялық құқықтарының тиімді жүзеге асырылуының кепілі болып келеді. Сонымен бірге əлеуметтік мемлекет ретінде əлемдік қауымдастыққа Қазақстанның өзін танытуы адамның қадір-қасиетіне сай өмір сүруі мен еркін дамуына жағдай жасау саясатын жүргізіп отырады. Ал мемлекет пен халықаралыққауымдастық арасындағы денсаулық саласындағы қарым-қатынастын құқықтық негіздері БҰҰ басты құжатарында көрініс тапқан. Еуропа елдеріндегі Еуропа одағының қызметінің негізінде қалыптастырған əлеуметтік-экономикалық құқықтар стандарттары адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған саясатты қалыптастыру үшін негізге алатын тəжірибе болып саналады [1]. Адамның денсаулығын сақтау құқығы жеке тұлғаның құқықтық мəртебесінің маңызды элементін қалыптастырып, мемлекет пен жеке тұлғаның қарым-қатынасының маңызды көрсеткіші болып келеді. Адамның денсаулық сақтау құқығының маңызы денсаулықтың жеке жəне қоғамдық игілік ретінде əлеуметтік маңыздылығымен анықталады. Адамның денсаулығын сақтау құқығының қажетті деңгейде қамтамасыз етілуі жеке тұлғаның дамуы мен конституциялық құқықтарының, оның ішінде өмір сүру, еңбек ету еркі, кəсіпкерлік қызметпен айналысу сияқты құқықтарының тиімді жүзеге асырылуына əсерін тигізіп отырады. Жаһандану үрдісінің жалғасуы тек əлемдік экономика емес, сонымен бірге тұрғындардың да жəне жеке адамның да денсаулығына да үлкен əсерін тигізіп жатыр [2].
Негізінен осы жағдай денсаулық сақтау саласында ұлттық жəне халықаралық деңгейде шешуін талап ететін мəселелер көтереді. Дəстүрлі түрде алғашқы халықаралық шаралар жұқпалы ауруларды алдын алуға бағытталатын болатын, бірақ жұқпалы емес аурулардың кең етек алуы денсаулық сақтау саласында ең төменгі талаптардың орындалмауы əлемдік деңгейде жүргізілетін халықаралық шаралардың мазмұнын кеңейтуге негіз болды. Сонымен қатар əлемдегі болып жатқан демографиялық жағдайлар адамның денсаулық сақтау құқығының сақталуы мен қорғалуы материалдық игіліктерді өңдірудегі негізгі ресурстар екенін дəлелдеді. Қазіргі уақытта халықтың денсаулығына келіп жатқан қатерлер (жұқпалы аурулардың кең етек ала бастағаны, нашақорлық, жаңа ғылымға белгісіз вирустардын пайда болуы, экологиялық қатерлер жəне адамның өмір сүру дағдысының өзгеруі) ғылым салаларында, оның ішінде конституциялық құқық ғылымында да адамның денсаулық сақтау құқығының қамтамасыз етілу мен жүзеге асыру тетіктеріне зерттеу жүргізу жəне құқықтық кепілдікерін əрекет етуін анықтау маңызды мəселе болып саналады.
Адамның денсаулық сақтау құқығының халықаралық құқықтық негіздері
Адамның денсаулықты сақтау құқығы өзінің мазмұнына байланысты медициналық көмек алу құқығының түсінігімен салыстырғанда кең ұғымды қалыптастырады. Адамның денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету көптеген мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметімен байланысты. Бірақ, басқа конституциялық құқықтар сияқты, адамның ажырамас құқытарының қатарына кіреді. Халықаралық деңгейде «денсаулық сақтау» ұғымының стандартты түрдегі ұғымы нақты қалыптаспаған. Шетел ғалымдары бұл ұғымды тек дəрігерлік көмек алу ретінде ғана қарастырмай, аурулардың алдын алу, патронаж, денсаулыққа қажетті өмір сүрі денгейі, тағы басқа ұғымдармен байланыстырады. Халықаралық құқықтық нормаларда да «денсаулықты қорғау» ұғымы əртүрлі сипатта берілген. Мысалы Еуропа Əлеуметтік хартиясы денсаулықты сақтауға бағытталған шаралар ретінде ауру салдарын алдын алу, денсаулықты нығайтуға бағытталған кеңес беру мекемелерін құрып, адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастырып, эпидемиялық ауруларды алдын алу шаралары ретінде бекіткен. ТМД-ның 1995 ж. қабылдаған «Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы» Конвенциясы да «денсаулықты сақтау» ұғымын Еуропа əлеуметтік хартиясында бекіткендей болып отыр.
Адамның денсаулық сақтау құқығының нормативтік негізін 1948 ж. қабылдаған Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы Декларация қалыптастырды. Аталмыш құжатын 25-бабында «əр адам өзінің жəне отбасы мүшелерінің денсаулығын, əл-ауқатын қамтамасыз ететіндей, тамақты, киімді, баспананы, медициналық күтімді қамтитын өмір сүру деңгейіне құқылы жəне де жұмыссыз қалған күнде, науқас болған кезде, мүгедек болып қалған, жесір болып қалған күнде, қартайған шақта немесе өзіне байланысты емес, басқа да себептермен тіршілік ету мүмкіншілігінен айырылып қалған жағдайда қамсыздандырылуына құқылы» адамның өмір сүруі мен денсаулығын сақтауға байланысты құқықтар танылып, жарияланған болатын.
1966 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясы «Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы» Пактіні бекітіп, осы топтағы оның ішінде адамның денсаулық сақтау құқығының мəртебесің конституциялық құқықтар жүйесінде анықтап, Пактіге қосылған мемлекеттерге осы топтағы құқықтарды қамтамасыз ететін ұлттық нормативтік негіздерді қалыптастыру міндетін жүктеген болатын.
«Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы» Пактінің нормасы адамның денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттерге келесідей міндеттер жүктейді:
- балалардың өлi тууы мен шетiнеу санының азаюын қамтамасыз ету жəне балалардың салауатты дамуына жағдай туғызу;
- сыртқы орта гигиенасының жəне өнеркəсiптегi еңбек гигиенасының барлық аспектiлерiн жақсарту;
- i ндет, эндемиялық, кəсi би жəне өзге де аурулардың алдын алу жəне олармен күресу;
- науқастанған жағдайда баршаға медициналық жəрдем беру мен дəрігерлiк күтiмдi қамтамасыз ететiндей жағдай жасау үшiн қажеттi iс-шараларды қамтуға тиiс [3].
Адамның денсаулық сақтау құқығының негізгі көрсеткіштері сонымен бірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қабылдаған актілерінде бекітілген. ДДСҰ жарғысы «денсулықтын ең жоғарғы деңгейіне ие болу», əр адамға, дініне, ұлтына, саяси көзқарасына, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайына қарамастан, тəн фундаменталды құқытары ретінде бекітіп, мемлекеттерге үлкен міндеттер белгілейді [4]. Халықаралық құқық нормалары, денсаулықты сақтаудың негізін бекітетін халықаралық стандарттар жəне осы стандарттарды енгізу құралдары ұлттық заңнаманың қалыптасуына əсерін тигізіп, адамның денсаулық сақтау құқығының мемлекет өмірінде маңыздылығын арттырады. С.Бейтцтің ойынша, адам құқықтарын «жедел қамтамасыз етуді талап ететін жеке тұлғаның мүдделерін» білдіретін нормалар болғандықтан, олардың қорғалуы «жедел» жүзеге асырылып, мемлекет үшін маңызды болу алғышарт болып саналады. Мемлекетте аталмыш мүддені қорғау жүйелері қалыптаспаса, халықаралық қауымдастықтың мемлекеттің ішкі ісіне араласуына негіз туындатады» деп, адамның денсаулығын сақтау құқығының маңыздылығын атап өткен [5]. Əрине, адамның денсаулығын сақтау құқығының құндылығы жəне қамтамасыз етілуі ұлттық заңнамаға, оның ішінде конституциялық нормаларға байланысты.
Адамның денсаулық сақтау құқығының конституциялық нормаларда бекітілу ерекшеліктері
Құқықтық табиғатына байланысты азаматтардың денсаулық сақтау конституциялық құқығы əлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына жатқызылады. Адамның денсаулық сақтау құқығының мазмұнын ашып қарастыратын болсақ, онда келесідей ұғымдар мен категорялардан тұратынын байқауға болады:
- -физикалық жəне психикалық денсаулықтың мемлекет тарапынан қамтамасыз ететін ең жоғарғы деңгейге адамның ие болу құқығын білдіре отырып, əртүрлі медициналық қызметке, санитарлық- гигиеналық, қажетті тамақтану жағдайына, қадір-қасиетіне сай, тұрғын үйге жəне еңбек ету мен қолайлы қоршаға ортада тұру мүмкіндіктерін білдіреді. Сонымен қатар адамның денсаулық сақтау құқығын екі деңгейде қарастырылады:
- -халықтың денсаулығын қорғау;
- -жеке тұлғаның денсаулығын қорғау.
Халық денсаулығын қорғау институты адамның денсаулығын сақтау құқығының ең ежелгі түрі болып келеді. Халық денсаулығын сақтау саласындағы алғашқы нормалар моральды акт түрінде пайда болған болатын. Бұл актілердің ерекшелігі ретінде жалпы халық денсаулығын қаматамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардың құқықтарын шектейтін нормалар сипатында болды. Халықаралық денгейде «денсаулық сақтау» ұғымының стандартты түрдегі ұғымы нақты қалыптаспаған. Халықаралық құқықтық нормаларда да «денсаулықты қорғау» ұғымы əртүрлі сипатта берілген.
Əлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына кіретін адамдардың денсаулық сақтау құқығы көптеген мемлекеттердің конституцияларында ХХ ғасырдың ортасына таман пайда болды. Ал Веймар Конституциясы мен Кеңес Одағының алғашқы конституциялары аталмыш топтағы құқықтарды алғаш рет ХХ ғасырдың бас кездерінде бекіте бастады жəне осы нормалар əлемдік деңгейде əлеуметтік-экономикалық құқықтардың, оның ішінде денсаулық сақтау құқығының танылуына жəне халықаралық нормативке сай бекітілуіне негіз болды.
Адамның денсаулық сақтау құқығының конституцияларда бекітілуі əр мемлекетте əртүрлі сипатта жүзеге асырылды. Аустрия, Дания, Ирландия сияқты мемлекеттердің конституцияларында адамның денсаулық сақтау құқығы айқын түрде анықталмаған.
Аустрия конституциясында нақты адамның денсаулық сақтау құқығы бекітілмегенмен, денсаулық сақтау саласын құқықтық реттелуі мен атқарушы билік тарапынан жүзеге асырылуы жалпы Федерацияның құзыретіне кіретінін бекіткен. Ұлыбритания заңдарының жинағы тек адамныңқоғамдағы орны мен құқықтары мен бостандықтарын айқындап, денсаулық сақтау құқығы туралы еш мəлімет бермейді.
Кейбір Еуропа елдерінде адамның денсаулық сақтау құқығы конституцияларда əртүрлі сипатта бекітілген. Греция конституциясының 21-бабында ауыратын, емделмейтін аурумен ауыратын адамдардың, мүгедектердің денсаулығын қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген [6]. Бельгиянын конституциясының 23-бабында денсаулық сақтау құқығы адамның қадір-қасиетіне сай өмір сүрі құқығымен байланыстырылған [7].
Италия конституциясының 32-бабында «республика денсаулықты жеке тұлғаның негізгі құқығы жəне қоғамның мүддесі ретінде қорғауға алатынын, тұрмысы төмен тұлғаларға ақысыз емделуге кепілдік беретінін» бекіткен [8]. Ал Болгарияның конституциясы аталмыш құқықты бекітуде азаматтардың құқықтарын кең жəне нақты түрде айқындауға тырысқан. Болгария Республикасының конституциясының 52-бабында адамның денсаулық сақтау құқығын бекітуде келесі аспектілерді қамтыған:
- Азаматтар медициналық көмек алуға кепілдік беретін денсаулығын сақтандыруға жəне заңда көрсетілген негіздерде ақысыз медициналық көмек алуға құқығы бар екендігі бекітілген.
- Азаматтардың денсаулығын қорғау мемлекет бюджеті, жұмыс беруші, жеке жəне ұжымдық төлемдер жəне басқада заңда көрсетілген қаржы көздері арқылы қамтамасыз етіледі делінген.
- Мемлекет азаматтардың денсаулығын қорғайды жəне спорт пен туризммен айналысуды қолдайды.
- Заңда көрсетілген жағдайлардан басқа ешкім де еркінен тыс емделуге мəжбүрленбейді.
- Мемлекет денсаулық сақтау мекемелері мен дəрі, биопрепараттар, медициналық техника шығаратын жəне сататын мекемелердін қызметіне бақылау жүргізеді [9].
Ал ТМД елдерінде адамның денсаулығын қорғау құқығын конституцияда бекітуде өзіндік ерекшелігі бар. ТМД елдерінің конституцияларына талдау жасасақ, онда жалпы мемлекеттердің барлығында кездесетін келесідей ережелерді байқауға болады:
- -адамның денсаулық сақтау құқығы ТМД елдерінің, Өзбекстан мен Армениядан басқа, мемлекеттерінің барлығында бекітілген.
- -негізгі ТМД елдерінде денсаулық сақтау құқығы барлық адамдарға тəн құқықтар қатарына кіргізілген. Бірақ Белоруссия, Қазақстан, Кырғыз Республикасы мемлекеттердін конституцияларында адамның денсаулыған сақтау құқығын бекіткенде «барлық» деген ұғымның орнына «азаматтар» ұғымы қолданған.
Аталмыш ереже, кейбір ғалымдардың пікірінше, азаматтар қатарына кірмейтін басқа адамдардың құқықтары шектелуіне негіз болады деген. Аталған мемлекет конституцияларындағы нормаларда «барлық адам» деген ұғымның орнына «азаматтар» ұғымын қолдануы, əрине, басқа категориядағы адамдардың денсаулығын қорғау құқығына шек келтіреді дегенді білдірмейді. Конституцияның 29-бабының əрекеті барлық адамдарға тəн екенін Конституциялық кеңестің Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағын ресми түсiндiру туралы 2001 жылғы 21 желтоқсан Қаулысы дəлел болып табылады. Конституциялық кеңестің қабылдаған Қаулысына сай, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағы «Қазақстан Республикасы өзiн ... əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деген сөздерi бөлiгiнде Қазақстан Республикасы мемлекеттің шынайы мүмкiндiктерiне сəйкес əлеуметтiк мемлекет мiндетiн орындауға ұмтылады дегендi бiлдiредi. Қазақстанда Конституцияға сəйкес адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепiлдiк берiледi». Негізінен, Г.Андрееваның тұжырымдамасымен келісе отырып, адам құқықтарын бекітуде «адам» жəне «азамат» ұғымын қолдануда мемлекеттің тарихи, саяси, құқықтық дəстүрге негізделген [10].
Адам жəне азаматтардың медициналық көмек алу құқығы, Əзербайжанды санамағанда, ТМД елдерінің барлық конституцияларында көрініс тапқан. Əзербайжан Республикасының конституциясында заңда бекітілген нысындарда медициналық көмек алу жəне медициналық қызмет көрсетуге құқығы бар делінген. Қазақстан Конституциясы «республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы жəне мемлекеттік жəне жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жəрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тəртіп бойынша жүргізіледі» деген нормалар бекіткен.
Жалпы мемлекеттердегі адам жəне азаматтың денсаулық сақтау құқығының конституциялық нормаларда бекітілуі өзінің мазмұнына бірнеше элементтерді қамтиды. Ол элементтер денсаулық сақтау құқығын жүзеге асырудың əртүрлі кезеңдерінде азаматтардың заңнамада көрсетілген медициналық көмек алуға өкілеттіліктері жəне мемлекеттің медициналық көмектін қажетті көлемін қамтамасыз етуге байланысты міндеттерін білдіреді. Ол элементтердің конституциялық нормаларда көрінісін келесі кестеден байқауға болады.
Кесте Адам жəне азаматтардың денсаулық сақтау құқығының конституцияларда салыстырмалы бекітілуі
№ |
Конституция нормаларын- дағы негізгі ережелер |
Қазақстан Республика- сы |
Əзербайжан Республикасы |
Қырғыз Республикасы |
Болгария Республикасы |
Италия Рес- публикасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Адамның ден- саулық сақтау құқығы |
29 б |
41 б |
46 б |
52 б |
32 б |
2 |
Адамның ме- дициналық көмек алу құ- қығы |
Заңмен белгі- ленген кепіл- ді медицина- лық көмектің көлемін тегін алуға құқылы |
Əр адам меди- циналық көмек алуға құқығы бар |
Ақысыз медици- налық қызмет алу құқығы мен медициналық қызмет заңда бе- кітілген мемле- кет кепілдік берген көлемде бе- ріледі |
Заңмен белгі- ленген тəртіпте қолжетімді ме- дициналық кө- мек алу жəне те- гін медицина- лық қызмет алу- ға кепілдік бере- ді |
Тұрмысы төмен тұл- ғаларға ақысыз ем алуға кепіл- дік беріледі |
3 |
Спорт жəне салауатты өмір сүруді қолдау |
Мемлекет аза- маттардын ден- саулығынын сақталуына қам- қорлық жасайды жəне спорт пен туризмнің да- муына жағдай жасайды |
||||
4 |
Медициналық сақтандыру |
Медициналық сақтандырудың əртүрлі нысан- дарының дамуы- на жағдай жа- сайды |
Азаматтардың денсаулық сақ- тау құқығы мем- лекеттік бюд- жеттен, жұмыс берушінің есебі- нен, əлеуметтік сақтандырудың жеке жəне ұжымдық қорла- ры арқылы қар- жыландырыла- ды |
|||
5 |
Санитарлық эпидемиоло- гиялық, эко- логиялық жағдайды қа- лыптастыру |
48-бап. Азаматтар ден- саулыққа қолай- лы қоршаған ор- таға ие болу құ- қығы бар |
55-бап. Азамат- тар денсаулыққа қажетті қолайлы қоршаған ортаға ие болу құқығы бар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Табиғаттты қол- дану аясында əрқайсысы ден- саулығына кел- тірілген зиняды өтеуге құқығы бар |
||||||
6 |
Денсаулыққа зиян келтіре- тін жағдай ту- ралы хабарла- ма |
Заңда бекітілген тəртіпте лауазымды тұл- ғалар адамдар- дың денсаулығы мен өміріне қауіп туған жағ- дайлар туралы мəліметтерді жа- сырған үшін жауапкершілік- ке тартылады |
||||
7 |
Адамның ден- саулығы мен өміріне төн- ген қатер жə- не жағдай ту- ралы деректі жасырған үшін лауазымды тұлғаның жауапкершілі гі |
41-бап 3-тармақ. Адамның ден- саулығы мен өміріне төнген қатер жəне жағ- дай туралы де- ректі жасырған үшін лауазымды тұлға заңға сай жауапкершілік- ке тартылады |
47-бап 4-тармақ. Адамның ден- саулығы мен өміріне төнген қатер жəне жағ- дай туралы де- ректі жасырған үшін лауазымды тұлға заңмен белгіленген тəр- тіпте жауапкер- шілікке тартыла- ды |
Мемлекеттердің конституцияларына жасаған салыстырмалы талдау адам жəне азаматтардың денсаулық сақтау конституциялық құқықтарының келесідей ерекшеліктерді айқындады:
- -Адамның денсаулық сақтау құқығын бекіткенде мемлекеттер құқықты қолданатын субъектіні бекіткенде əртүрлі терминология, яғни «азамат» немесе «əрқайсысы» деген ұғымды қолданады. Конституциялардағы терминологиядағы «азамат» деген ұғымның қолдануы денсаулық сақтау құқығын қолданатын субъектілер құрамын шектеу жағдайын тудыртуы мүмкін.
- -Кейбір Еуропа елдерінде адамның денсаулық сақтауға байланысты құқықтары конституциялық нормада бекітілмеген. Бірақ Еуропа мемлекеттері халықаралық нормаларға қосылғандықтан жəне Еуропа одағы шенберінде қабылданған Əлеуметтік Хартия (11-б.) адамның денсаулық сақтау құқығының қорғалуына бағытталған мемлекеттің міндеттерін бекітіп отыр. Ал өздерінің халықаралық саяси аренадағы анықталған бағыттарына сай Еуропа кенесінің жəне ТМД-ның құрамын кіретін елдерде (Ресей Федерациясы, Армения, Əзербайжан, Молдова) Еуропа Əлеуметтік Хартияның ережелері міндетті жəне олардың ұлттық құқық жүйесінде көрініс тауып отыр. Ал Еуропа одағына кірмеген мемлекеттер үшін еуропалық əлеуметтік-экономикалық стандарттар мемлекеттің дамуында негізге алатын тəжірибе ретінде қолдануға болады.
- Кейбір мемлекеттер конституцияларында мемлекеттік органдардын жəне лауазымды тұлғалардын денсаулыққа зиян келтіретін жағдай туралы азаматтарға хабарлама жасау міндеті денсаулық сақтау құқығының сақталуына кепілдік береді.
- Барлық мемлекеттер конституциялық нормаларда міндетті медициналық немесе əлеуметтік сақтандыру енгізу арқылы медициналық көмек алу негіздерін бекітпеген.
Сонымен, ТМД елдері мен басқа де шет елдердегі адам жəне азаматтардың денсаулық сақтау құқығының конституциялық нормалары тұрғындардың денсаулығын қорғау мен нығаюға бағытталған. Оның ішінде конституциялық нормалар мемлекеттегі денсаулық сақтау мен медициналық қызмет көрсету жүйесін тұрақты түрде жетілдіруді талап етіп отырады.
Əдебиеттер тізімі
- Базарова Г. Международно-правовая регламентация вопросов социально-экономической политики в странах Содружества Независимых Государств / Г.Базарова // Право, политика, администрация. — Т. 2.-Брой 1/2015 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.lpajournal.com/
- See also the comprehensive article by Lawrence O Gostin & Allyn L Taylor, Global Health Law: A Definition and Grand Challenges, 1(1) Pub Health Ethics (2008) 53–63.
- Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пакт/ Экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қарашадағы N 87 Заңы [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000087_.
- Устав (Конституция) Всемирной организации здравоохранения, ратифицированный 7 апреля 1948 году в Женеве [Электронный ресурс]. — Режим доступа: apps.who.int/gb/bd/PDF/bd48/basic-documents-48th-edition-ru.pdf.
- Charles C Beitz. The Idea of Human Rights (OUP, Oxford, 2009) [Электронный ресурс]. — Режим доступа: books.google.kz/books? hl=ru&lr=&id=McJl4x0-.
- Конституция Греческой Республики, принятая 11 июня 1975 г [Электронный ресурс]. — Режим доступа: legalns.com/компетентные-юристы/правовая-библиотека/конституции-стран-мира/конституция-греции.
- Конституция Бельгии от 17 февраля 1994 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: legalns.com/download/books/cons/belgium.pdf.
- Конституция Итальянской Республики, принятая 22 декабря 1947 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: legalns.com/download/books/cons/italy.pdf.
- Конституция Республики Болгарии, принятая 12 июля 1991 г. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: legalns.com/компетентные-юристы/правовая-библиотека/конституции-стран-мира/конституция-болгарии.
- Bazarova G.S. Legal Content and the Issues of Classification of Socio-economic Human Rights / S.G. Bazarova, A.I. Birmanova, I.Z. Aliyeva, G.U. Balgimbekova & S. Nailya // Journal of Advanced Research in Law and Economics. — 2017. — Vol. 8.No. 7: JARLE Vol. VIII. Iss.7(29) Winter 2017 Published: 201806-17 [Electronic resource]. — Access mode: https://journals.aserspublishing.eu/jarle/index.