Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тарихи жады педагогикасы оқушылардың коммуникативтік мəдениетін қалыптастырушы шарт ретінде

Мақалада əлеуметтік-гуманитарлық ілімдер шеңберінде тарихи сананы қалыптастырушы заманауи педагогикалық көзқарастар қарастырылған. Авторлар аталмыш құбылысты ашатын отандық жəне шетелдік ғылыми əдебиеттерде қолданылатын «тарихи жады педагогикасы», «музей педагогикасы», «еске алу педагогикасы», «тарих дидактикасы», «тарихты оқыту əдістемесіне» басты назар аударды. Музей педагогикасы, тарих дидактикасы, коммеморативті педагогика тарихи сананы қалыптастыру педагогикасының басты бөлшектері болып табылады. Мақалада аталған түсініктердің өзара диалектикалық бірлігіне акцент жасалынған. Авторлар тарихи жады педагогикасы мен тарихи сананы қалыптастырушы көздерді қарастыру тенденциясын, сонымен бірге өткен күндер жөнінде тарихнамалық жəне педагогикалық зерттеу жүргізудің перспективалық бағыттарын қарастырды. Саяси үдеріс, көпшіліктің тарихи санасы жəне тарих курсының мазмұны мен дидактикасының арасындағы байланыс пен сипатты қарастыратын тарихи білім тұжырымы ұсынылды. Авторлар қарастырылатын мəселенің толыққандылығын көрсетуге тырыспайды.

«Тарихи сана» жəне «тарихи жады» дискурсы қазіргі уақытта гуманитарлық білімнің негізгі түсініктерінің біріне айналуда. Бұл мəселені философия, əлеуметтану, тарих, саясаттану, психология, этнология, мəдениеттану жəне педагогика сияқты көптеген ғылымдар өз аспектілерінде қарастырады. Дегенмен, оларды қазіргі жағдайды түсіну өткенді білу мен бағалауға тəуелді деген пікір тоғыстырады. Жастардың тарихи санасының қалыптасуына көптеген факторлар ықпал ететіндіктен көпқырлы. Бұл үдеріске əлеуметтік-экономикалық жағдай, идеология мен білім беру, елдегі тарихқа деген көзқарас əсер етеді.

Бүгінгі таңда ғылыми кеңістікте «тарихи жады» терминінің көптеген анықтамасы бар. Бұл тарихи жады анықтамасының бірыңғай түсінігі қалыптаспағандығын көрсетеді. Дегенмен, жадының бұл нысаны əлеуметтік өткен күндер ретінде қоғамдағы тарихи ақпаратты сақтау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жəне жалпы жəне даралық деңгейдегі оның когнитивтік, образдық жəне эмоционалдық сипатының көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми əдебиеттерде «тарихи жады» терминімен қатар «тарихи сана», «тарихи таным», «ұжымдық жады», «əлеуметтік жады» атаулары синоним ретінде қолданылады. Бұл жайында тарихи сананың қалыптасуын педагогикалық тұрғыдан зерттеуші швециялық ғалым Роберт Торп (Robert Thorp) «Historical Consciousness and Historical Media - A History Didactical Approach to Educational Media» атты еңбегінде былай дейді: «Тарихи сана - тарих дидактикасының өзегіне айналған концепция жəне оны тарихты дидактикалық тұрғыда зерттеуші əлем зерттеушілері бұл концепцияны түрлі тұрғыда қарастырады (Ahonen, 2005). Концепцияны пайдаланудың қиыншылығы оның күрделігі мен біртекті болмауында (Duquette, 2011; Nordgren, 2006) жəне сараптау барысында қиыншылықтар туғызады (Aronsson, 2004). Бұл концепцияның тарихи білім беруде маңыздылығы артуда. Мысалы, Швецияның оқу бағдарламаларында мектепте тарихты оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың иденттілігі мен адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыруға септігін тигізетіндей олардың тарихи санасын дамыту болып табылады (Skolverket, 2011). Ұлыбритания мен Солтүстік Американың кейбір зерттеушілері оқушылардың тарих жөніндегі біржақты пікірлері олардың пəнді оқуларына əсер етіп, мұғалімдер мен зерттеушілерге оқушылардың сыныпқа қандай түсінікпен келіп білім алу барысында оқушылардың əлем мен ондағы адамдарды қабылдау көзқарастарына əсер ететіндіктерін атап өтеді (Shemilt, 2000; Duquette, 2011)» [1].

Тарихи сананы педагогикалық зерттеу тұрғысынан қарау ерекшелігі ондағы тарихи сана білім беру шеңберінде қарастырылуында. Ахонен (Ahonen) атап өткендей тарихи сананы қалыптастырушыкөптеген факторлардың (педагогикалық, мəдени жəне ғылыми) бар екендігін мойындасақ, онда тарихи білімнің потенциалы түрлі нысандағы тарихи сананың (ауызша, жазбаша, аудиовизуальды, перформатив) қалыптасуына ықпал етуін жіті қадағалау қажет. Тарихи сананы салыстырмалы жəне жалпыұлттық зерттеулер тарихи өзарақатынастың өткенді массалық қабылдаудан қауымдық немесе отбасылық байланыстарды мирас етуден тарихтың субъективтілігін сын тұрғысынан қабылдауға дейінгі кең спектрі бар екендігін көрсетті [2; 189].

Осыған орай тарихи сана білім беру контекстінде қалай қалыптасады жəне оның педагогикалық, дидактикалық болмысы қалай болмақ? Формалды білім беру мен мұражай, тарихи объектілерді қоса алғандағы формалды емес білім берудің өзара айырмашылығы қандай деген сұрақтар теориялық жəне эмпирикалық тұрғыда ашық сұрақ болып табылады.

Бұған дейін тарихи жады жайындағы түсініктер болғанымен оның ғылыми негіздемесін 1930 жылдары француз əлеуметтанушысы М. Хальбвакс жасады. Оның жұмысының өзегі тарихи шындықты идеологиялық негізде бұрмалайтын кəсіби тарихнамаға (историография) шынайы тарихты сақтаушы, ресми тарих ұмыттыруға тырысатын ақпараттар «қоймасы» тарихи жадыны қарсы қою болды. М. Хальбвакс тарихи жады түрлі топтарда сақталу арқылы ұлттық, əлеуметтік жəне өзге де топтарды біріктіруші фактор болып табылады деп есептейді.

«Тарихи жады» термині П. Нордың «Места памяти», Й. Йерушалми, Л, Лоуэнтальдің еңбектері мен америкалық «History and Memory» журналдарында көтеріліп, əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кеңістігіндегі жаңа парадигма ретінде 1980–1990 жылдары шықты. 1992 жылы неміс мəдениеттанушысы Я. Ассманның «Культурная память» кітабындағы «...өнер мен əдебиет, саясат пен қоғам, дін мен құқық сияқты мəдениеттің түрлі құбылыстары мен сфералары жаңа байланыста қарастырылатын еске алу түсінігі төңірегінде мəдениет ғылымында жаңа парадигма құрылғаны туралы барлығы айтуда», деп «тарихи жадының» мəдениеттегі көрінісін атап өтті [3; 11]. Ол бүгінгі күнде көкейкесті жағдайларға байланысты қайтара қарастырылатын адамзат қауымының жадысында қордаланған өткенді қарастыратын «тарихи жады» жобасын пəн ретінде ұсынды.

Ағылшын-саксондық кеңістіктегі тарихи білім берудегі «тарихи сана» концептісінің соңғы кездері ғана пайда болғанын жəне оған тарихи сана педагогикасын құрушы неміс дидактиктерінің еңбектерінің ықпалы жөнінде С. Ахонен (Ahonen, 2005) өзінің ғылыми шолуында баяндайды. Мұнда ол тарихи сана мен тарихи сауаттылықтың арақатынасына, тарихи сана мен адамгершілік сабақтарға, постмодерндік тарихи білімге, тарихи білім берудің болашағына қатысты ағылшын-саксондық ғылыми кеңістіктегі ғалымдардың еңбектеріне сараптама жасайды [4].

Айта кетерлік жəйт, бастапқыда тарихи жадыны зерттеу аясы (memоry studies) ұлт пен ұлттық бірегейлікті (идентичность, identity) қарастырса, қазіргі уақытта түрлі əлеуметтік топтардан бастап жаһандық мəселелерді де қамтиды. Бұл əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдағы бұл ілімнің көкейкестілігінің артып отырғандығын көрсетеді.

Тарихи сананың этноцентистік сипатының негативті жəне позитивті қырлары жөнінде оның біртекті жəне өзге ұлттар өкілдерінің тарихи мінез-құлықтарының көріністері мен оның мотивациялары жөнінде тұрғындардың тарихты интерпретациялауы жөнінде поляк жəне неміс ғалымдарының зерттеулері тарихи сананың қалыптасуының ерекшеліктеріне басты назар аударады [5].

Тарихи жады тек өткенді баяндау ғана емес индивидтің, əлеуметтік топтың, ұлттың, қоғамның жəне еларалық бірегейлікті құрушы факторлардың бірі болып табылады. Оған мысал ретінде, «Бауырлас Орта Азия елдеріндегі тарихтың оқытылуының этноцентристік сипаты бейсаналы түрде əлемдік өркениеттегі ұлттың өзіндік ерекше болмысын көрсетуімен қатар, оның келеңсіз жағы, саналы түрде көрші халықтардың мəдениетін төмендету мен жатсынуды тудырады. Сонымен бірге, көрші елдер арасындағы қарым-қатынас көбіне қарулы күрес тұрғысынан қарастырылуы жатсынуды одан əрі тереңдете түседі» яғни «Мектеп социализация құралы ретінде ұлттық болмысты қалыптастыратындықтан тарихтың оқытылуы гуманитарлық технология арқылы бауырлас елдерді жақындатуы да, тіпті алыстатуы да мүмкін» [6; 36, 37]. Бұл тұрғыда плюрализмді нығайту үшін тарихи жады құндылықтарын көрсете білу қажет. «Елімізде тарих, мəдениет жəне тілдің ортақтығы біздің қоғамда құндылық болып табылады. Ол ұзақ жылдар бойында сындардан өтіп қалыптасты. Ең алдымен еліміздегі түркі тектес халықтардың тарих, мəдениет, тіл бірлігін айту лазым. Түрік қағанаттарынан тамыр алатын бабалар тарихы Қазақстанды көне замандарда мекендеген ғұн, сақ жəне өзге тайпалармен сабақтасып жатыр. Мəдениет, əдет-ғұрыптар мен дəстүрлер, жазба мəдениетінің жəдігерлері, ауыз əдебиеті барша түркі халықтарының ортақ мұрасы» [7].

Біз бұдан тарихи жады өз кезегінде педагогикалық технологиялар арқылы тарихи сананы қалыптасыратындығын көреміз. Бұл жайында Я. Шнейдер «...Əлеуметтік ғылымдар тек ақпарат беріп қана қоймай адамдардың, əсіресе жастардың дүниені қабылдауларына зор ықпал етеді», — деп есептейді [8].

Түрлі елдерде коммеморативтік тəжірибие қалыптастыратын өзіндік орталық тарихи оқиға мен объектілер бар. Мысалы, көрші Ресейде көпұлтты мемлекет басын біріктіруші идея ретінде «Біз жеңімпаздармыз!» ұранымен Ұлы Отан соғысын жəне 9-мамыр мерекесін ерекшелесе [9], Польшадағы 1990-жылдардағы əсіресе қалалық ландшафты өзгерткен (көше атауының өзгеруі, ескерткіштерді құлату,...) «символдық декоммунизация» барысы «жады саясатынан» көрініс береді. Поляк тарих оқулықтары қайта жазылып, кеңестік оккупация, репрессия терминдері пайда болды [10]. Əлбетте саяси режим соның ішінде коммунистік билік тарих ғылымын жəне оқу пəнін белгілі бір саяси ұстанымдарға сай «жазу мен оқытуды» талап етеді. Венгерлік ғалым Петер Тибор Наги өзінің «Преподавание истории как преподавание плюрализма» атты еңбегінде Варшава келісіміне сай КСРО саяси ықпалындағы шығыс еуропалық социалистік мемлекеттердің тарихы мысалында көрсетеді. «...Өзге шығыс еуропалық халықтарға қарағанда славян халықтары болып табылмайтын венгерлер мен румындар бұл күрделі болды. 1950-жылдарғы ертедегі Венгр тарихына славян халықтарының мəдени жəне əлеуметтік зор ықпалын ерекше атап өтуге тырысты. Екінші жағынан неміс мекендерінің рөлін де атап өтті. Неміс қолөнершілері мен саудагерлері оқулықтар мен бағдарламаларды «колонизаторлар» ретінде аталды. «Славяндар – жақсы жігіттер» — «Немістер – нашар жігіттер» жəне əлбетте ағылшындар мен американдықтар да нашар жігіттер» [11].

Бұрынғы КСРО тарих оқулықтары кезінде Ресейдің колониялық саясаты «бұратана халықтарды» өркениетке жетелеуші құрал, ал Батыс Еуропалық колонизация адамзатқа апат əкелуші күш ретінде сипатталуы тарих оқулығының саяси идеологиялық мазмұнын көрсетеді.

Атап айтқанымыздай, тарихи сананы қалыптастырушы əлеуметтік институттардың бірегейі білім беру жүйесі болып табылады. Коммеморация ортақ жеңіс, ортақ трагедия арқылы бір жағынан өскелең ұрпақты тəрбиелеу құралы болса, оның екінші қыры кеңестік кезеңінен белгілі «саяси тəрбиелеу» құралына айналуы да мүмкін. Əлбетте, мектеп оқушылары мен студенттердің тарихи түсініктеріне өнер, əдебиет, саяси науқан, дəстүр, идеология, дін, БАҚ, кино, түрлі нарративтер, мемлекеттік мерекелер де əсер етеді. Сонымен бірге, сабақтан тыс өтетін оқу-тəрбиелік сипаттағы коммемортивтік шаралар (тарихи туризм, ескерткіштер, музейлерге бару, шерулер, театрлық қойылымдар мен жекелеген тұлғалармен кездесулер) да үлкен əсер етеді.

Тарихы жады педагогикасы оқушылардың қазіргі қоғамдағы өзекті мəселелерге қатысты белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған. Ұжымдық жадыда ерекше орын алатын соғыс, аштық, отарлау, репрессия жəне өзге де тарихи оқиғаларға қатысты мəселелер тарихи сана мен жадыда оларды тек хронологиялық немесе өзгеде механикалық жинақтау ғана емес оған қатысты сыни тұрғыда қарастыра білу де болып табылады. Тарихи оқиға ретінде білу де маңызды, дегенмен өткенді саралау бүгінгі мен ертеңгіні көруге мүмкіндік береді. Тарихи жады педагогикасы билікті теріс пайдалану, тарихты саяси идеологияға бағындыру, зорлық-зомбылық, геноцид, ксенофобия сияқты теріс механизмдерді анықтап, оның қалай жұмыс істейтіндігін, оны түйсіну үшін не істеу керек, бұл механизмдердің болашақта қайталанбауы үшін қоғамдық көзқарас қандай болуы керек деген сұрақтарға да жауап іздеуі тиіс.

Тарих білімі тарихи сананы қалыптастырудың негізгі категориясы болып табылады. Оның кең таралған анықтамалары мына негізге саяды: өткенді талдау арқылы бүгінгі мен болашақты түсінуге бағытталған ақыл-ой əрекеті. Тиісінше, ол өткенді, бүгінгіні жəне келешекті уақыттық кеңістікте тоғыстырады. Тарих дидактикасында бұл маңызды рөл атқаруы тиіс. Себебі, оқушылар мен студенттер елдің қалыптасқан тарихи мəдениетінің талаптары негізінде келешектерін айқындайды. Тарихи сананы қалыптастыру педагогикасында бізде жəне посткеңестік елдерде қолданатын «Тарихты оқыту əдістемесі» терминінің орнына батыс елдерінде қолданатын «Тарих дидактикасы» ұғымы ерекше орын алады.

Неміс ғалымдары негізін салған тарих дидактикасы дегеніміз тарих пəнін оқытуда құзіреттілік беретін ерекше оқу пəні. Оның басты көзі қазіргі уақытта кез-келген мемлекет қалыптасқан тарихи мəдениет мүшесі ретінде бейімделуіне мүмкіндік беру мақсатында тарих пəнінің мектеп бағдарламасына енуі болып табылады. Бұл міндетті атқару үшін алдымен тарих дидактикасы тарих нені оқыту керек, ол арнайы процедуралар мен оқу орнына байланысты қалай ұйымдастырылуы керек деген сұрақтарға жауап береді.

«Тарих пəні жалпы білім беру мектептеріне мемлекет енгізген пəн болып табылады. Сабақ барысында балалар мен жасөспірімдер тарихты оқып (көпшілік мойындаған түсінік) «тарихты оқу» үрдісі жүреді. «Тарихты оқу» оқушылардың тарихи санасына бағдарлау мен хронологиялық өзгерістердегі бірегейлендіруге кепілдік береді. Бұл фактіден төмендегі ойлар, сұраныстар мен сілтемелер туындайды. 1. Тарих сабағы тарих ғылымдарының жетістіктері мен тəжірбиесімен тығыз байланысты. Онда тарих ғылымында жинақталған: тарихи зерттеулер, тарих теориясы мен тарих дидактикасы сияқты үш өлшемдегі білімнен басқа ештеме де қарастырылмауы да оқытылмауы да керек. 6. Тарих сабағында негізінен тарихи-саяси білім беріледі тарихты оқыту негізінен тарихи

ойлау мен рефлективті тарихи сана қалыптастыруға бағытталған. Тарих сабағы бүгінде «білім беру пəнінен» («Wissenfach») гөрі «ойлау пəні» («Denkfach»). Тиісінше, тарихты оқу мақсаты өткен мен тарихты ақылмен сараптау қабілетін қалыптастыру болып табылады» [12]. Клаус Бергман тарихи білім тек жаттау арқылы емес бүгінгі немесе ертеңгі күнге маңызы бар тарихи жағдайға қатысты тарих ғылымының жетістіктеріне (тарихи сұрақ, «тарихи əдістер» — эвристика, критика, интерпретация — тарихи бағалау мен тарих жауабы) сүйене отыра «тарихи ойлауға» тарих дидактикасы арқылы үйретуі тиіс деп есептейді. Автор осы еңбегінде Г.Ю. Пандельдің индивидуалды тарихи сананың қалыптасуына əсер ететін өзара байланыстағы жеті өлшемдегі сана жөнінде мысал келтіреді. Олар: уақыт санасы, шындық (жарамдылық) санасы, тарихилық санасы, идентілік санасы, саяси сана, əлеуметтік-экономикалық сана жəне моралдық сана.

Əлбетте, тарих оқулығы тарихи сананы қалыптастырушы «қаңқа» ретінде əлеуметтік жадыны ретрансляторы рөлін атқарады. Қоғамдағы үстемдік етуші саяси ұстанымдар «жады саясаты», «коммеморация саясаты» арқылы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жайында М. Ферро əр елдерде қандай да бір тарихи оқиға тарих оқулықтарында түрлі ракурстарда қарастырылатындығын көрсеткен еді [13]. Тарих оқулықтарындағы бір қарағанда сенімді дайын конструкциялар оқушы мен студентке бір бағыттағы түсініктер қалдыруы мүмкін. Мысалы, көрші елдермен тарихи қатынастар оқулықтарда жау образында соғыс арқылы бейнеленуі бір жақты ой қалыптастырады. Сондықтан тарихшылар, тарих мұғалімі мен тарих оқулығының авторлары мектеп оқушыларының «тарихи ойлауларында» оқиғаға салыстыру, сыни ойлау, сараптау сияқты ғылыми əрекеттер арқылы өзіндік «тарихи баға берулеріне» ынталандырулары қажет. Себебі, салмақты, тарихи мифқа сүйенбеген тарих туралы білім беру мен тарихи рефлексия əсерге негізделген қоғамдық көңіл-күйді тудырмай тарихтан сабақ алуға мүмкіндік береді. Қазіргі білімді жас үшін əлеуметтік дағдылар, мəдени аралық құзыреттілік пен əлем халықтарының тарихы мен құндылықтарын құрметтеу аса маңызды. Жоғары білікті маман болу үшін тарих заңдылықтарын, адамзат өткенінің үдерісін білмей, яғни тарихты ойлай білу өзекті болып табылады. «Зияткер ұлт», инновациялық қоғам құру мен жаһандану дəуірінде жоғары оқу орындарындағы адамзат тарихын қарастыратын тарих, философия, дінтану, саясаттану, əлеуметтану жəне өзге де əлеуметтік-гуманитарлық пəндер арқылы берілетін оқу- тəрбиелік үдеріс студенттің тұлғалық дамуына, азаматтық ұстанымдарына, кəсібилігіне жəне адамгершілік сапаларына əсер ететін тарихи сана олардың дүниетанымын қалыптастырады.

Тарих пəнінің өзге əлеуметтік-гуманитарлық циклдағы оқу курстарымен бірлесе отыра тарихи сананы қалыптастыра отыра қоғамдағы саяси, əлеуметтік-экономикалық, құқықтық өзгерістерге сезімталдығын көрсетеді. «Тек ресейлік мектептердің не педагогикалық қауымдастықтың ғана емес қоғам үшін де өзекті болып отырған тарихи білімді қоса алғанда əлеуметтік-гуманитарлық білім компоненті ретінде қоғамтану білімінің перспективалық стратегиялық даму мəселесін айқындау «мəңгілік сұрақ» ретінде көрініс береді. Əлеуметтік-гуманитарлық білім өз сипатында қоғамдық өзгерістерге, қоғамдық үдерістерді түйсінудегі адам реакциясына қатысты барынша ықпалға ұшырайтын білім саласы болып табылады. Жалпы білім беру мектептерінде қоғамтануды оқыту барысында оқушылар, педагогтар, ата-аналар тарапынан əрдайым қиыншылықтар, күмəн мен құндылық қатынастар тудырады. Оның басты себебі — түрлі əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен қоғамдық үдерістерді оқушылардың тұлғалық қабылдауының ерекшеліктері кешенін біріктірушы интегралды оқу пəні болып табылуында» [14; 4]. Бұдан тарихи жадыны қалыптастыруда тарих пəнінен өзге əлеуметтік-гуманитарлық пəндердің де көкейкестілігін көруге болады.

Көпшіліктің тарихи санасын қалыптастыруда саяси жағдай мен тарих курсының арасындағы байланыс негізінен екі сипатта көрініс береді. Біріншісі, тарихи білім жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан, тарихи жəйттің шынайы боямасыз тұлғалық немесе саяси мазмұнынсыз факті бойынша сипаттайтын ғылыми-академиялық көзқарас. Бұл қайнар көздермен жұмыс істей білуге үйрету жəне дамыта оқыту элементтері мен сын тұрғысынан ойлауға баулуға негізделіпқандай да бір деңгейде батыс демократиялық елдеріндегі білім беру жүйесінде қалыптасқан. Екіншісі, оқушылар мен студенттердің идеялық, азаматтық бірегейліктерін, отансүйгіштікке баулу арқылы жастардың құндылықтарын қалыптастыруға тырысатын шартты түрде идеялық-саяси, тарихи тəрбиелеу жəне тарихи-педагогикалық деп атауға болатын көзқарас. Бұл өз кезегінде əдіснамалық бірізділікке нұқсан келтіреді.

Соңғы ұстаным академиялық ғылым аясында тарихи білім беру талаптарына жауап бере алмайды. Дегенмен, ол мемлекеттің саяси бағдарына, мемориалдық саясатымен сəйкеседі. Бұл өз кезегінде тарих фактіге емес фактіні талдауға айналады. Бұл ұстанымды біз Кеңестер құрамында болғанда бастан кештік жəне оның теріс салдары əлі күнге дейін тек қарапайым адамдар арасында ғана емес академиялық кеңістікте де көрініс беруде.

Тарихи сананы қалыптастыру педагогикасының тағы бір көрінісі батыс елдері білім беру жүйесінде еске алу педагогикасы (pedagogy of remembrance) деген атаумен белгілі. Қазіргі уақытта «Pedagogy of remembrance» еуропа елдерінде ІІ дүниежүзілік соғыстағы нацизм құрбандарына қатысты еске алумен тығыз байланыста дамыды. Мысалы, Польшадағы Centralne Muzeum Jeńców Wojennych, яғни Əскери тұтқындарға арналған Орталық музей өткізетін білім беру əрекеті негізінен мектептен тыс оқытуға бағытталған. Оның өзегі болып тарих дидактикасын əлеуметтік жəне азаматтық білім берумен ұштастыратын «Жады педагогикасы» бағдарламасы болып табылады. Жоба Опольск университетімен бірге 2004 жылдан бастап атқарылып, кей материалдар губерниядағы орта мектептерге тегін таратылған.

Музей жобасына байланысты қазіргі тарихи білімнің мақсаты тарихи оқиғалардың себебі мен салдарын түсіну жəне осы білімнің негізінде болашақты жауапкершілікпен жасау болып табылатын тарихпен белсенді танысу болып табылады. Осы тұрғыда өткенді бағалау терең де көпқырлы ақпараттар негізінде көрініс беретін өткеннің байсалды бейнесі болып табылады. Өзінің тарихи, əлеуметтік этикалық жəне діни құндылықтарына байланысты тарихи жерлердегі білім тарих дидактикасы мен осы жерлерді музей тұрғысынан өлшеу шеңберінен шығып кетеді. Ол ұрпақтар мен халықтар арасындағы диалогты дамытуға негіз бола алады, делінген музей сайтында [15].

Біздің педагогикалық кеңістікте «музей педагогикасы» түсінігімен танымал бұл сферада Польшадағы Собибордағы бұрынғы өлім лагері музейі де pedagogy of remembrance негізінде білім беруде.

Осы негізге сəйкес педагогикадағы жады жүйесі шеңберінде жүзеге асатын білім беру үдерісі өткен жайлы ойлар мен біздің бейімділігіміз, пікірлеріміз бен қатынасымыздың арасын үйлестіруші болып табылады. Тиісінше, бұл тоталитарлық қылмыстардың моралдық жəне əлеуметтік аспектілері туралы тарихи жадыны белсендендіруге тырысу болып табылатындығына музейдің білім беру қызметы акцент жасайды [16].

Еліміздегі Саяси қуғын-сүргін жəне тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды- мұражай кешені мен Долинка кентіндегі саяси-қуғын-сүргіндерін есте сақтау мұражайы (КарЛАГ), Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайына немесе аштық құрбандарына арналған ескерткіштерге (жəне тағы басқа да) саяхат жасау арқылы ХХ ғасырдың трагедиялық көріністерін көрсету қазақстандық жастардың ұлттық құндылықтарын жасауға көмектеседі. Тарихты оқыту тəжірбиесінде тоталитарлық қылмыстардың себебі мен салдарын көрсету арқылы жастарды еліміздің азаматтық ұстанымы бар тұлғасы ретінде қалыптастыруда музей педагогикасын құрал ретінде пайдалануға болады.

Себебі, тарихи сананы қалыптастырушы орындардағы тарихи жəне əлеуметтік білім тек білім берумен ғана шектелмей тұлғаның адамгершілік құндылықтары мен əлеуметтік əділдік сезімі мен адам құқығын сақтау жүйесін қалыптастырады. Қоғамда немесе əлеуметтік ортада қалыптасып қалған стереотиптерден арылып критикалық ойлауларына мүмкіндік береді.

Сəйкесінше, тарихи сана педагогикасы тарихи білімді сын тұрғысынан қабылдау, мəселені тану, пайымдау мен өткен мен бүгінгіні талдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік бере отыра, тарихи жəне əлеуметтік құндылықтарды қалыптастырады.

Тарихи жады педагогикасында музейге, тарихи орындарға бару; танымдық жəне эмоционалдық қырларын ұштау; оқу күндері; мұрағатқа немесе кітапханаға бару арқылы индивидуалды жұмыс жасау; жобалық семинар; тарихи оқиға куəгерлерімен (қатысушылармен) кездесу жəне тағы да басқа білім берудің түрлі нысандарын пайдаланады. Мысалы, жобалық білім берудің дидактикалық жəне педагогикалық артықшылықтары бар [17]. Жоба аясында нақты тапсырманы орындау арқылы (ардагерден сұхбат алу, көрме ұйымдастыру, тарихи қойылым қою, құжаттар жинау,...) тəжірбиелік жұмыс орындалады жəне командалық жұмыс істеуге үйретеді.

Қорытындылай келе, коммеморациялық білім беру қазіргі қоғамдық өмірдің бір бөлшегі жəне мұндағы педагогиканың міндеті азаматтық ұстанымы бар сыни тұрғыдан ойлай алатын жəне жаһандану дəуірінде толерантты тұлға қалыптастыруда педагогиканың қандай қағидалар ұстанатындығына, тиісінше азаматтың қалыптасуында білім берудің позитивті ықпалы көрініс береді.

Тарихи сананы қалыптастыруда жады педагогикасы төмендегі функцияларды атқарады:

  •  тарихи білім береді;
  •  тарихи-мəдени құзіреттілік қалыптастырады;
  •  сақтауға тұрарлық топтық маңызды құндылықтарды жеткізеді;
  •  топтық (əлеуметтік, ұлттық, ұлтаралық локалдық) иденттілікті қалыптастырады;
  •  көрші топтармен қарым-қатынасты қалыптастырушы фактор рөлін атқарады;
  •  жүріс-тұрыс моделін қалыптастырады;
  •  қанда да бір идеологиялық реңкті көрсетеді;
  •  түрлі сипаттағы патриотизмді қалыптастырады;
  •  болашақты жобалау факторына айналады;
  •  жаһандану үдерісінде позитивті коммуникативтік рөл атқарады.

Аталған функциялар қоғамдық өмірде жəне білім беру сферасында көрініс береді. Ол əрдайым позитивті ғана емес дисфункциялық та сипатта бола береді. Ол тарихты оқыту барысында саяси, əскери, институционалдық, мемлекеттік тарихқа мəн беру немесе тарихи құрылымға, тенденцияға, мəдениетке, қоғам тарихына акцент жасаудағы акцентке байланысты көрініс береді.

Отандық жəне шетелдік педагогикалық тəжірбиелер тарихи жады педагогикасы əлеуметтік жауапкершілігі жоғары жəне өздері өмір сүретін əлемді терең түсіне білетін азамат тəрбиелеуде үлкен үлесі бар екендігін көрсетті. Тəжірибе көрсеткендей бұл үшін тек тарих оқулығы негізінде ғана емес белсенді оқу технологиясы, соның ішінде жобалық оқыту (Project-based learning (PBL)) жəне сабақтан тыс оқыту (Out-of-School Learning) арқылы тарихи оқиғаларға қатысты салмақты ұстанымдары мен сыни тұрғыдан ойлай білетін отансүйгіш, əлемдік жəне отандық тарихты уақыт контекстінде баға бере алатын тұлға сомдауда тарихи жадыны қалыптастыру педагогикасының рөлі зор екендігін көреміз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Thorp R. Historical Consciousness and Historical Media — A History Didactical Approach to Educational Media [Electronic resource] / R. Thorp // Education Inquiry. — 2014. — Vol. 5, No 4. — P. 497–516. — Access mode: DOI: 10.3402/edui.v5.24282.
  2. Clark A. Historical Consciousness: Conceptualizations and Educational Applications [Electronic resource] / A. Clark, M. Grever // International Handbook of History Teaching and Learning: Chapter 7, 177–201 / S.A. Metzer & L. McArthur Harris eds.; New York: Wiley-Blackwell Publishers; 2018. — P. 189. — Access mode: DOI: 10.1002/9781119100812.ch7
  3. Ассман Я. Культурная память. Письмо, память о прошлом и политическая идентичность в высоких культурах древности / Я. Ассман; пер. с нем. М.М. Сокольской. — М.: Языки славянской культуры, 2004. — 368 с.
  4. Ahonen S. Historical consciousness: a viable paradigm for history education? [Electronic resource] / S. Ahonen // Journal of Curriculum Studies. — 2005. — 37:6. — P. 697–707. — Access mode: DOI: 10.1080/00220270500158681
  5. Bilewicz М. The lay historian explains intergroup behavior: Examining the role of identification and cognitive structuring in ethnocentric historical attributions / Michał Bilewicz, Marta Witkowska, Anna Stefaniak, Roland Imhoff // Memory Studies. — 2017. — Vol. 10 (3). — P. 310–322.
  6. Құдагелдин М. Тарихи сана — ұлттық үрдістің ұйытқысы / М. Құдагелдин // Ақиқат. — 2015. — № 3. — Б. 36-37.
  7. Телебаев Г. Т. Методологический анализ ценностей идеи «Мəңгілік Ел» в контексте использования в патриотическом воспитании / Г.Т. Телебаев, Ж.О. Жилбаев, Ж.Ж. Наурызбай // Қарағанды ун-нің хабаршысы. Педагогика сер. — 2019. — № 1. — 55-б.
  8. Шнейдер М.Я. Историки читают учебники истории: традиционные и новые концепции учебной литературы / М.Я. Шнейдер; под ред. К. Айермахера и Г. А. Бордюгова. — М., 2002. — C. 206–219.
  9. Горшков М.К. Молодежь России: демографические тенденции и историческое сознание / М.К. Горшков, Ф.Э. Шереги // Мониторинг общественного мнения. — 2009. — № 6. — С. 5–36.
  10. Матусевич О.А. Польская историческая политика в условиях трансформации общества / О.А. Матусевич // Труды БГТУ. История, философия, филология. — 2013. — № 5. — C. 113–115.
  11. Петер Тибор Наги. Преподавание истории как преподавание плюрализма / П.Т. Наги; под общ. ред. Л.В. Алексеевой // Актуальные проблемы преподавания истории и обществознания в образовательных организациях различных типов: колл. моногр.: [в 5 ч.]. — Нижневартовск: НВГУ, 2018. — C. 192.
  12. Бергман Клаус. Уроки истории [Электронный ресурс] / Клаус Бергман. — Режим доступа: http://vestnik.yspu.org/releases/novosti_i_problemy/4_2/
  13. Ферро М. Как рассказывают историю детям в разных странах мира / М. Ферро; пер. с фр. Е.И. Лебедевой. — М., 1992. — 351 c.
  14. Алексеева Л.В. Актуальные проблемы преподавания истории и обществознания в образовательных организациях различных типов: колл. моногр. / Л.В. Алексеева, Е.Е. Вяземский, Г.Ю. Зверева, Н.С. Салимова, Н.В. Сапожникова, О.Ю. Стрелова, М.М. Чореф, Е.В. Яковлева; под общ. ред. Л.В. Алексеевой. — Ч. 2. — Нижневартовск: Изд-во Нижневарт. гос. ун-та, 2015. — С. 119.
  15. Əскери тұтқындар музейінің сайты, Польша [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.cmjw.pl/en/edukacja/pedagogika-pamieci/
  16. Бұрынғы өлім лагері музейінің сайты, Польша [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тəртібі: http://www.sobibor- memorial.eu/en/mission
  17. Bell S. Project-Based Learning for the 21st Century: Skills for the Future [Electronic resource] / S. Bell // The Clearing House: A Journal of Educational Strategies, Issues and Ideas. — 2010. — 83(2). — 39–43. — Access mode: DOI:10.1080/00098650903505415 .

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.