Халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіруде. Бұл аймақта халықтың исламдануы артып, дәстүрлі ислам ұстанымы әлсіреген. Халықтың исламдануы Орталық Азияның барлық дерлік мемлекеттерінде байқалатын терең әлеуметтік-экономи- калық дағдарыспен бірге жүруде. Мұндай жағдайда аймақ республикалары исламшылдыққа қарсы тұ- руға тырысуда, діни ұйымдарға (әсіресе Өзбекстанда) қарсы жаңа шектеу шараларын енгізіп, азаматтық қоғамды экстремизмге (Қазақстан) қарсы күреске тартуда және партияның діни негізде (Тәжікстан) әре- кет етуіне мүмкіндік берілген. Республика өңірлерінде лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұрудың жаңа жолдарын үнемі іздеуде. Лаңкестік көлемі жағынан, қатыгездік тұрғысынан, салдары тарапынан адамзаттың ең ауыр мәселелерінің біріне айналды. Аймақ мемлекеттері бұл құбылысты жоюда белсен- ділік танытуда, лаңкестікке қарсы тұрудың жаңа тәсілдерін әзірлеуде және түрлі келісімдерге келуде. Бірақ лаңкестік арта түскен қарсы шараларға да бейімделе түсіп, жаңа ізбасарларды тарта отырып, қар- жыландырудың жаңа тәсілдерін табуда. Мұндай жағдайда лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы тұру бойынша мемлекеттер арасында үздіксіз зерттеу мен тәжірибе алмасу, жаһандық қауіп-қатерге қарсы тұрудың тиімді әдістерін енгізу қажеттілігі артып келеді. Мақалада Орталық Азия аймағында экстремизм мен лаңкестіктің артуының себептері, объективті және субъективті факторлардың жиынтығы, әлеуметтік үдерістердің жаппай экстремизмнің пайда болуына әсері қарастырылған. Осы тұрғыдан әр- түрлі аймақтық ұйымдарда лаңкестікке қарсы шешім қабылдауға қатысты мәселелер де зерттелген.
Кіріспе
Орталық Азия аймағы өзінің жағрапиялық, экономикалық, ұлттық, тарихи, мәдени және тағы басқа факторларына сәйкес геосаяси және геоэкономикалық жағынан өзіндік ерекшеліктерге толы аймақ болып табылады. Орталық Азия ең алдымен жағрапиялық жағынан Батыста Еуропамен, Шығыста Азия аймақтарымен, солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте ислам әлемімен шектесіп жатыр. Осының өзі аймақтың стратегиялық тұрғыдан қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Екіншіден, тікелей те- ңізге шыға алмайтын құрлық ортасындағы аймақ, әлемнің басқа аймақтарына тек көрші мемлекеттер арқылы ғана шыға алады, сондықтан көршілес елдермен бейбіт қатар өмір сүру заман талабы. Үшін- шіден, аталмыш аймақ табиғи ресурстарға өте бай, оның ішінде әсіресе табиғи газ, мұнай, түсті метал- дар және басқа да пайдалы қазбалар көздері бар. Ауыл шаруашылығы саласында мақта, астық, көкөніс және тағы басқа экономикалық дақылдарды дамытудағы жағдайы айтарлықтай жақсы, сондықтан едә- уір зор экономикалық әлеуетке ие. Төртіншіден, ұлттық, діни, мәдени жағынан алғанда бұл аймақ өзіне тән ерекшеліктерге ие, түркі және ислам мәдениетімен дәстүрлі байланысы зор, оған қоса батыс пен шығыс мәдениеттерінің қосылған ықпалы да бар.
Жаңа қалыптасып жатқан саяси үдеріске орай Орталық Азия елдері де егемен ел ретінде халықа- ралық қауымдастықтан өздеріне тиесілі орындарын алып, халықаралық қатынастар жүйесінің құрам- дас бөлігіне айналды. Сол ретте аймақ елдері де өз даму бағыттарында қауіпсіздікті және тұрақты- лықты қамтамасыз ету жолында айтарлықтай қауіптермен тіке-тірес келді. Соңғы кезеңде қауіпсіздік өте өзекті мәселе болып отыр. Өйткені аймаққа көршілес Ауғанстан мемлекетіндегі саяси тұрақсыз- дықтар экстремистік қозғалыстардың келуімен байланысты болды. Сондай-ақ көршілес аймақтардағы заңсыз қару-жарақ сату, есірткі тасымалдау көбейді, түрлі халықаралық лаңкестік топтар мен ұйымдар өрби түсті.
Жалпы лаңкестік — қaзipгi зaмaндa әpтүpлi ныcaндa кeңiнeн тapaлғaн, aлдын aлa бoлжaнуы қиын aca қaуiптi құбылыc болып отыр. Қaзipгi кeздeгi лаңкестіктiң нeгiзгi қoзғaушы күшi ocы зaмaнның әp aлуaн шeшiлмeгeн мәceлeлepi бoлып тaбылaды. Әpтүpлi eлдepдiң дaмуы apacындaғы aйыpмaшылық, дaмушы eлдepдiң дaмығaн eлдepгe қapaғaндa тұpмыc жaғдaйлapының нaшapлығы, кeдeйлiк, жұ- мыccыздық, cыбaйлac жeмқopлық, caуaтcыздық, дaмушы eлдepдiң жoғapғы билiк өкiлдepiнiң кeз- кeлгeн жoлмeн билiктi caқтaп қaлуғa ұмтылуы — ocының бapлығы aқыpындa лаңкестіктiң туындaуы үшiн қoлaйлы жaғдaй жacaуда [1]. «Лаңкестік» термині үкіметті басқару немесе қоғамға қауіп төндіру мақсатында қолданылатын зорлық-зомбылыққа негізделінген, белгілі бір идеологиялық, саяси немесе діни себепті насихаттауға бағытталғандығы айқын. Әрине бұл анықтама мемлекеттік емес субъектілер тарапынан өздерінің саяси мақсаттарына жету үшін зорлық-зомбылықты қолдануы немесе пайдала- нуына негізделінгендігін көрсетеді. Батыстық ұғымдағы «секьюритилендіру» — аймақтың қауіпсізді- гіне ішкі немесе сыртқы қауіп қатерлер ретінде түсіндірілуі де мүмкін. Қауіпсіздік саласында Орталық Азия мемлекеттерінде де лаңкестік мәселесі тікелей қауіпсіздендіру ұғымымен үйлестірілген.
Әлемдік, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін барлық мүмкін болатын эк- стремистік, діни және ұлтшылдық ұйымдардың қызметінің жандана түсуіне байланысты үнемі өсіп келе жатқан қауіп жағдайында халықаралық қоғамдастық осы қатерге қарсы күресін жетілдіруге тал- пынуда. Егер лаңкестікке қарсы күрес мәселелерінде нақты геосаяси басымдықтарды ескеретін әртүрлі көзқарастар қағидаты басым болса, онда жағдай бақылаудан шығуы мүмкін және мұндай жағдайда халықаралық істерде маңызды дағдарысты құбылыстарды білуге мүмкіндік беретін сәттің пайда болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл жағдайда жағдайды реттеу өте қиын болады. Қазіргі заманғы лаңкестікке қарсы күресте бір жағынан қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымына кедергі келтіре- тін, ал екінші жағынан лаңкестік іс-әрекеттерді қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін оқшаулау жөніндегі тиімді тетікті әзірлейтін жүйелі сипаттағы шаралар қажет.
Теориялық-әдістемелік негізі
Зерттеудің әдіснамалық негізін — талдаудың салыстырмалы, институционалдық, логикалық-гно- сеологиялық, жүйелік-тарихи және құрылымдық-функционалдық әдістерінің синтезі құрайды. Мәсе- лені зерттеу материалдары саяси реализм және ұтымды таңдау теориясы тұрғысынан қаралды. Зерттеу әдістерінің өзегі — жүйелі талдау және құрылымдық-функционалдық талдаудың бір түрі ретінде про- блемалық-бағдарлы көзқарас болып табылады. Мәселені қарастыру барысында Орталық Азия елдері- нің халықаралық қатынастардағы орны мен аймақтық елдер арасындағы қарым-қатынастардың мәні мен рөлін, даму қарқынын жан-жақты қарастыруға мүмкіндік туғызған аналитикалық тәсіл кеңінен пайдаланылды. Сонымен бірге халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмнің әрқилы бағыттары мен ағымдарын бір-бірімен салыстырмайынша, оларды толыққанды түсіну және бұл құбылыстардың ішкі мәнін ұғына қою мүмкін емес десе болады. Сондықтан да мәселені теоретикалық және әдістемелік тұрғыдан зерттеудің негізін ең алдымен салыстырмалы сараптамалар құрады. Сол ретте айқындаған- нан кейін ғана лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алуға, ескертуге және бейтараптандыруға қа- тысты тиімді тұжырымдама жасауға болады. Салыстырмалы сараптама өз кезегінде тарихи шолумен толықтырылды, оның қажеттілігі лаңкестік пен діни экстремизмнің қазіргі кезеңдегі ілімін жақсырақ түсіну үшін нақтылы тарихына үңілумен дәйектеледі. Аймақ көлеміндегі өзекті мәселелерді талдау барысында тарихи әдістеме кеңінен қолданылды. Мақаланың өзегі болып табылатын негізгі саяси үде- рістерді зерттеудің әдістемелік негізі ретінде сондай-ақ диалектикалық әдістермен бірге жүйелі сарап- тау әдісін де атап өтуге болады.
Пікірсарап
Тәуелсіз ел ретінде Орталық Азия мемлекеттері қауіпсіздіктің жаңа қарқынына тап болды, мұнда ұлттық қауіпсіздік кез-келген үкіметтің маңызды басымдығы болып саналады. Соңғы кездері кең етек ала бастаған лаңкестік мәселесі де Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігінің маңызды мәселесіне айналды. Жаңа қалыптаса бастаған Орталық Азия елдерінде коммуналдық және сепаратистік зорлық- зомбылық оқиғалары орын алды. Кейінгі кездері аймақтағы лаңкестік трансшекаралық құбылысқа ай- налып, бұл үрдістің алдын алу жолдары кеңінен қарастыруды қажет етуде. Аймаққа таяу орналасқан Ауғанстан аумағында дайындықтан өткен кейбір лаңкесшіл ұйымдардың іс-әрекеттері Орталық Азия елдерінде көрініс табуда. Ферғана алқабындағы этникалық және мемлекетаралық қақтығыс лаңкесші- лер үшін өте қолайлы алаң еді. Мұндай жағдай Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатын ай- қындаудың маңызды факторына айналды. АҚШ-тағы 2011 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әре- кеттерден және Орталық Азиядағы ДАИШ ықпалының кеңеюінен кейін радикалды ислам аса маңызды қауіпсіздік мәселесі ретінде қарастырылуда.
Аймақтың қазіргі саяси элитасы «исламның радикализациялануын» Ауғанстанның Талибан күш- терінің аймаққа енуінен туындаған шекаралық құбылыс деп санайды. Бұл барлық Орталық Азия мем- лекеттері үшін маңызды қауіпсіздік мәселесі және қауіп-қатер ретінде пайда болды. Орталық Азия ай- мағындағы геосаяси жағдай және мұнай мен табиғи газдың ірі қоймалары жаһандық державалар мен мемлекеттік емес субъектілердің қызығушылығын тудыруда. Демек, Орталық Азия мемлекеттері дискурсивті құрылымдарда үстем жағдайға ие болуда [2]. Алайда лаңкесшіл және басқа да экстремис- тік ұйымдардың кез келген жоспарларын бұзу үшін ең алдымен мемлекеттердің өзара тығыз іс-қимылы мен өзара сенімділігі қажет, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әлемдік қоғамдастықтың пікірін толық есепке ала отырып, қатаң да әділ шаралар қолдануы керек [3]. Қазіргі уақытта осы сала- ның мамандары лаңкестікке қарсы іс-қимыл шараларын қолданар алдында оның жалпы тұжырымда- масы мен ұғымын әзірлеу керек деп ойлайды. Атап айтқанда, ішкі лаңкестікті ұлттық ауқымда сыртқы, халықаралық, мемлекетаралық екендігін міндетті түрде ажырату ұсынылады. Бұл айырмашылықтарда олар бір жағдайда кейбір халықтардың ұлттық-азаттық күресімен, ал басқаларында — реакциялық- саяси мақсаттарға жетумен байланысты болатын лаңкестіктің функционалдық бағытын көреді. Әрине мұндай тәсіл лаңкестіктің толық сипатын жан-жақты қамти алмайды, ол жартылай сипатқа ғана ие. Өйткені, қандай да бір елдердегі азаматтық қақтығыстардың тәжірибесі көрсеткендей, ұлттық аумақ- тар шегінде қалыптасатын лаңкестік топтар өте тез халықаралық, мемлекетаралық болып келеді, бұл туралы Ауғанстандағы және Ирактағы азаматтық соғыс тәжірибесі дәлелдейді [4; 89]. Бұл елдердегі лаңкестік топтар аз уақыт ішінде халықаралық лаңкестік жетекшісі болып табылатын Усама Бен Ладенге және оның Аль-Кайда ұйымына толықтай тәуелді болып қалғандығы белгілі. Сондықтан жергі- лікті, халықаралық немесе тіпті мемлекеттік сипаттағы түрлеріне қарамастан лаңкестікке қарсы күрес әлемдік қоғамдастықтың басты міндеті болуы тиіс, өйткені қазіргі заманғы лаңкесшілер жыл сайын қауіпті болып келеді, себебі олар әлемге және халықаралық қауіпсіздікке елеулі зиян келтіретін ең жаңа қару болуға ұмтылуда. Қылмыстық ниеттерін іске асыру мақсатындағы мұндай құрылымдар заңға қарсы келетін нысандар мен әдістердің тұтас кешенін пайдаланатыны анық.
Лаңкестік ұйымдар өз мақсаттары мен әрекеттерін насихаттау мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді белсенді пайдалануда. Өйткені бүгінгі күні интернет — мәлімет таратудың негізгі арнасы екендігі белгілі. Сол ретте лаңкестік ұйымдар Facebook, Одноклассники, ВКонтакте, WhatsApp және Telegram мессенджерлері, сондай-ақ YouTube бейнехостингі сияқты заманауи технологияларды қолданады [5]. Осындай ақпараттардың ықпалын айқындау мақсатында Қырғыз Республикасының ас- танасы Бішкек қаласында кеңсесі бар «Search for common ground» (SCG) халықаралық ұйымының тап- сырмасы бойынша жүргізілген зерттеу барысында тәуекел тобындағы Қырғыз елінің 108 жас тұрғын- дары — жұмыссыздар мен интернетті белсенді пайдаланатын студенттер арасында сауалнама өткізілді. Нәтижесінде респонденттердің 61 пайызы экстремистік сайттарда орналасқан ақпаратқа сенетінін айтса, 20 пайызы лаңкестік ұйымдардың жауынгерлеріне алаңдаушылық білдірген, ал 19 пайызы мұн- дай ақпаратты жоққа шығарады және теріс қабылдайды екен [6]. Желілердегі осы сипаттағы мәлімет- терді айқындау мәселесі бойынша Facebook әлеуметтік желісінің өкілі, Үндістан, Оңтүстік және Орта- лық Азия бойынша қоғамдық саясат менеджері Кавита Кунхи Каннанның мәлімдемесіне көңіл бөлсек, экстремистік материалдарды анықтау бойынша арнайы технологиялар да бүгінгі күні кеңінен қолда- нылады [7]. Ал Қазақстан діндарлармен онлайн және жеке әңгімелердің көмегімен өзара іс-қимылдың жеке жүйесін әзірледі. Имамдар өз біліктілігін үнемі арттырып, жоғары білікті мамандармен насихат топтары құрылды. Діни тақырыптағы дұрыс шынайы ақпарат жарияланатын интернет-порталдар құ- рылды және жұмыс істейді. Орталық Азия аймағындағы лаңкестіктің алдын алу әрекеттері біртіндеп жүзеге асуда. Сол ретте БҰҰ жанындағы Интерполдың арнайы өкілінің орынбасары Элизабет Ногеба- йер Орталық Азия үшін Жапония үкіметі қаржыландыратын KALKAN атты жоба туралы хабардар етуде. Бұл жоба 2017 жылдың наурыз айында іске қосылды және халықаралық полиция өкілі атап өт- кендей, Тәжікстан жобаның бес басты контрибьюторына кіреді. Қазіргі уақытта Интерполдың дерек- тер базасында 43000 лаңкестердің аттары бар. Бір жыл ішінде жобаның арқасында әртүрлі елдерде 16 адам ұсталды [8]. Лаңкестік ұйымдардың мақсаты әртүрлі елдер мен аймақтардағы деструктивті үде- рістер болып табылады. Орталық Азия мәдениеті мен діни дәстүрлерінің үлкен алуан түрлілігімен әр- қашан өзіне ерекше назар аударды. Аймақ оның жан-жақты дамуы үшін өте әлеуетті [9]. Осы уақытқа дейін ауған есірткімен байланысты мәселе халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. Ал өңірді тұрақсыздандыру, бұл — ретсіздік енгізу. Мұндай ұйымдар аймақтағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән береді. Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті жоғалту, бұл маңызды геосаяси аумақты және оның жоспарлы дамуының келешегін жоғалтуды білдіреді.
Қырғызстан астанасында «Орталық Азия: пенитенциарлық жүйелер үшін заманауи сын-қатерлер мен тәуекелдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық форум өтті [10]. Форум жұмысына Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан пенитенциарлық қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылар қатысты [11]. Халықаралық ғылыми-практикалық форумды өткізу- дің мақсаты қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ескере отырып, террористік сипаттағы және экстремистік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыста Орталық Азия елдерінің қылмыстық-атқару жү- йесінің пенитенциарлық саясатын әзірлеу, түрмелерде экстремизм идеологиясының таралуын болдыр- мау, тұтқындарды зорлық-зомбылықтан бас тартуға ынталандыру жөніндегі іс-шараларды айқындау, оларға әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету болып табылады [12].
Әскери сарапшы Вячеслав Бойко мәлімдегендей: «халықаралық лаңкестік Орталық Азия мемле- кеттерінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздігіне ең басты қауіп болып табылады» деген түсінік аймақ- тық дискурста кеңінен ұсынылған [13]. Айта кету керек, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қазіргі заманғы даму кезеңіндегі «адамзаттың ең маңызды мәселесі» лаңкестік туралы айтқан болатын. Аймақ елдері мемлекеттік деңгейде діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы күрес іс-қимыл стратегиясын әзір- леп, лаңкестіктік қауіп деңгейін анықтау тәртібін енгізетіндігін мәлімдеген болатын» [14]. Сонымен бірге «Орталық Азия: пенитенциарлық жүйелерге арналған қазіргі заманғы сын-қатерлер мен перспек- тивалар» Халықаралық форумына қатысушы елдердің пенитенциарлық жүйелеріне мемлекеттік құры- лымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тәжірибемен, табысты тәжірибелермен, нормативтік- құқықтық актілермен белсенді алмасумен қатар лаңкестікке қатысты айыпталғандардың осы санаты- мен жұмыс істеуге күш-жігерді біріктіру ұсынылды [15].
Лаңкестік сипаттағы және экстремистік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс іс- теу әдістерін саралау және кейіннен таңдау мақсатында Қырғыз Республикасының үкіметі жанындағы жазаны орындаудың мемлекеттік қызметі және Қырғыз Республикасындағы БҰҰ ЕҚБ бағдарламалық офисі әзірлеген пенитенциарлық тәжірибеге айыпталғандарды түзеу мекемесіне түскеннен бастап бо- сатылған сәтке дейін айыпталғандардың тәуекелдерін бағалау және сыныптау жүйесін енгізу ұсыны- лады [16]. 2000 жылы Қырғызстан үкіметі лаңкестік және экстремизм мен сепаратизмнің басқа түрле- ріне қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама туралы Заң қабылдады. Бұл заң лаңкестік акті- сіне қатысқандар үшін өлім жазасына немесе 10–25 жылға бас бостандығынан айыруға кепілдік береді. Үкімет тиісті министрліктердің өкілдерінен тұратын лаңкестікке қарсы орталық құрды. Орталықты Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқарады. 2015 жылы орталық лаңкестік қатерлерге қа- тысты ақпаратты үкіметтің құқық қорғау органдарымен бөлісті. Бұл үкіметтің лаңкестікпен күрес жө- ніндегі негізгі ұйымы.
Әлемдік лаңкестікке қарсы күрес мәселесі әлі күнге дейін әлемнің барлық мемлекеттерінде күн тәртібінде тұр. Сириядағы жергілікті қақтығыс жойылса да, бұл мәселенің ошағы әлі де ушыға түсуде. Әскери стратегиялар саласындағы сарапшы Валерий Аксенов айтқандай: «Сирия мен Ирактан шыққан адамдарды ығыстыру жағдайында Орталық Азияның барлық мемлекеттері үшін қауіп бар. Бұл ретте, әртүрлі бағалаулар бойынша олар негізінен Ауғанстанға көшірілетін болады. Лаңкестердің оралуы ра- дикалды идеялардың насихатталуы мен контентін күшейту тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар зайырлы саяси жүйелерге де қауіпті болып табылады» [17].
Қазақстанның лаңкестікке қарсы саясаты елдегі 2011–2012 жылдардағы лаңкестік әрекеттің орын алуына байланысты жаңа арнада дамыды. 2011 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануына байланысты мемлекеттік мекемелерде намаз оқуға, діни әдебиеттерді еркін са- туға және оны елге бақылаусыз әкелуге тыйым салды және діни ұйымдарды тіркеуге қатаң талаптар қойды. Республикада діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы 2013–2017 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарлама жасалынды, ол лаңкестікке қарсы күресті белсенді түрде насихаттады, азаматтық қо- ғамды осы құбылысқа қарсы іс-қимылға қатысуға, лаңкестікпен күрес саласында жұмыс істейтін үкі- меттік емес ұйымдарды қолдауға шақырды [18]. 2014 жылы Қазақстан үкіметі Экстремизмге қарсы іс- қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның ережелерін енгізу үшін лаңкестікке қарсы заңнамаға тү- зетулер енгізді. Заңнама бюрократиялық кедергілерді алып тастады және экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимылға қатысатын мемлекеттік органдардың ынтымақтастығын жоғарылатты. Ол үкіметке кез-келген байланыс желісін және лаңкестікті насихаттаумен айналысатын ұйымдарды жабуға мүмкін- дік берді. Қазақстанның Шекара қызметі лаңкестікке бақылау тізімінде тұрған адамдарды бақылау үшін «Бірыңғай ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын» қолданады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бас- тап лаңкестік пен заңсыз діни әрекеттері үшін жазаны едәуір күшейтетін жаңа Қылмыстық кодекс кү- шіне енді. Қазақстандағы бұл қадам лаңкестік пен діни экстремизмнің ел аумағында кең етек алуына біршама тосқауыл болды. Соңғы жылдары лаңкестік әрекеттердің алдын алу мүмкіндігі әлдеқайда жо- ғары.
Орталық Азия елдерінің ішінде Өзбекстан Республикасы лаңкестікке қарсы күресте өзбек халқы- ның жоғары діншілдігімен қатар діни экстремизмге қарсы күрестің ымырасыздығымен ерекшеленеді. Республика аумағында негізгі қауіп — Өзбекстанның заңды билігін құлатуға және ислам мемлекетін орнатуға ықпал ететін ислам қозғалысы болып табылады. Республика көлемінде діни сала, бас муфти- лер мен имамдар, мешіт, кез келген діни көріністер қатаң бақылауда ұсталынады. Сондай-ақ Өзбек- станның қылмыстық заңнамасы бойынша лаңкестік үшін жаза аса қатаңдықпен ерекшеленеді. Адам- ның өліміне әкеп соққан лаңкестік акт республикада он бес жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге не өмір бойы бас бостандығынан айырумен белгіленеді. Бұл Орталық Азия республикалары арасын- дағы ең қатаң жаза [19]. Өзбекстан үкіметі 2000 жылы «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабыл- дады және 2004 жылы бұл заңды қайта қарады [20]. Лаңкестікке қарсы тұруға жауапты тұлғалар меке- меаралық әрекеттерді үйлестіру және қадағалау үшін негізгі жауапкершілікке ие. Мемлекеттік депар- таменттің лаңкестікке қарсы көмек бағдарламасы 2014 жылдың қыркүйегінде іске қосылды. Өзбекстан лаңкестікке қатысты қаржылық тергеу мен ақпарат алмасуды бастау үшін АҚШ-тың есірткі қолдану басқармасымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Ол өзбек-тәжік шекараларының екі шекара өткелінде бірлескен шекара пункттерін ашты. Ресми үкіметтік бұқаралық ақпарат құралдары лаңкестіктің қауіптілігі туралы ескерту үшін деректі фильм- дер, кітаптар мен хабарламалар шығарады. Республикада лаңкестікке қарсы іс-қимыл жүйесінің ерек- шелігі мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқару органдарын экстремизмге қарсы іс-қимыл міндеттерін орындауға тартуы болып табылады. «Азаматтардың өзін-өзі басқару органдары туралы» заңға сәйкес олар азаматтарды есепке алуды жүзеге асырады және мұсылмандарды қадағалайды. Жалпы, Өзбек- станның лаңкестікке және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саясаты негізінен шектеу шараларын қол- дануымен ерекшеленеді, оның ішінде халықтың бір бөлігінің радикалдануына және адамдардың исла- мистер қатарына кетуіне ықпал етеді.
Тәжікстанның Орталық Азия республикаларының арасындағы ерекшелігі тек мұнда ғана Парла- ментте діни ислам партиясы — Тәжікстанның Исламның жаңғыру партиясы заңды түрде ұсынылған. Исламның жаңғыру партиясы 1992–1997 жылдардағы азаматтық соғыс барысында үкіметке қарсы қа- рулы күресте тікелей қатысқан, бірақ бейбіт мақсаттармен парламенттік партияға ауыса салған исла- мистік ұйымның бірегей үлгісі болып табылады. Соңғы жылдары байқалған Тәжікстан халқының ис- ламдық ерекшелігінің артуын ескере отырып, исламистер біршама жақтастарын тарта бастады. Деген- мен Рашт алқабында исламистермен қақтығыс болып, 2010 жылы арнайы қызмет генералы Абдулло Назаровтың өлімінен кейін Тәжікстан үкіметі діни экстремизмге қарсы күресті күшейтті [21]. Респуб- ликада діни оқу орындарының саны күрт қысқарды. Ал мешіт имамдары Тәжікстанда ғана мемлекеттік органдармен тағайындалады. Республикада 2011 жылдан «балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін ата- аналардың жауапкершілігі туралы» заң әрекет етеді, ол ата-аналарды балалардың діни ұйымдардың қызметіне қатысуына жол бермеуге міндеттейді. 18 жасқа толғанға дейін балаларға мешітке баруға тыйым салынады. 2005 жылдан бастап Тәжікстанда мешітке әйелдерге кіруге тыйым салынған. Тәжік- стан үкіметі жанындағы дін істері және ұлттық дәстүрлерді, салтанаттар мен салттарды реттеу жөнін- дегі комитет әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді дербес қарауға құқылы, бұл ретте 2012 жыл- дан бастап діни ұйымдардың қызметін бұзғаны үшін айыппұл сомасы күрт өсті және республика аза- маттарының орташа айлық табысынан асып түседі [22]. Жалпы алғанда, Тәжікстан мемлекет пен дін қарым-қатынастарына қатаң көзқараспен ерекшеленеді, алайда, қоғамдағы экстремистік көңіл-күйді жоюға жеткіліксіз көңіл бөлінуде. Бұған халық өмірінің әлеуметтік тұрақсыздығы өзіндік әсер етуде десе болады.
Тәжікстан үкіметі лаңкестік әрекеттерге арналып жылыстатылған қаржы аударымдары үшін Тә- жікстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жазалайды. 2010 жылы шекарадағы қауіпсіз- дікті жақсарту үшін шекараны басқарудың ұлттық стратегиясы жаңартылды. Тәжікстан лаңкестікке қарсы көмек бағдарламасына белсенді қатысады және тәжік қауіпсіздік күштері шекара қауіпсіздігі мен лаңкестік қарсы тергеу мәселелерін шешу бойынша жаттығулар өткізуге белсенді түрде қатысады.
Орталық Азияны елдерінің ішінде Түрікменстан халқының дінге деген көзқарасы әлдеқайда бай- салды десе болады. Оған үкімет тарапынан жасалынатын қатаң бақылау да өзіндік әсерін тигізері сөз- сіз. Түрікменстанда лаңкестік актілер туралы деректер кездеспейді, оған елдің сыртқы әлемнен шек- теулі саясат жүргізуіне байланысты болуы мүмкін. Түрікменстан үкіметі 2003 жылы лаңкестікке қарсы күрес туралы заң қабылдады, онда лаңкестік актісіне қатысқандар үшін өлім жазасы немесе 5–25 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Лаңкестік қарсы осы заңға Қылмыстық кодекстің 271–273- баптары сәйкес келеді, онда лаңкестік актісі және оны қаржыландыру көздері жазылған [23]. Орталық Азия аймағында діни экстремизм мен халықаралық лаңкестікке қарсы күресте аймақтық халықаралық ұйымдардың үлесі де ерекше.
Бұл бағытта 2000 жылы құрылған ТМД «Лаңкестікке қарсы орталығының» өңір аумағында лаң- кестікке қарсы күрестегі рөлі айтарлықтай жоғары. Достастық шеңберінде лаңкестікке қарсы күрестің жалпы тәсілдері әзірленді, қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұлттық заңнамаларды біріздендіру жүргізілді; лаңкестік топтар мен ұйымдар туралы бірыңғай деректер банкі қалыптасты- рылды; лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізілуде, олардың барысында лаңкестік құрылымдарды іздестіру мен жоюға бағытталған бірыңғай тәсілдер расталады [24]. 2001 жылы құрылған «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» (ШЫҰ) халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күресті нығайту мақсатында аймақтық терроризмге қарсы құрылым шеңберінде әрекет етуде. Орталық Азия мемлекет- терінің құқық қорғау органдарының қызметкерлері ШЫҰ шеңберінде Ресей мен ҚХР-да тағлымдама- лық жаттығулар негізінде өздерінің біліктілігін жетілдіруге мүмкіндік алған. Сондай-ақ аймақтық қа- уіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында РФ және ҚХР-дің кәсіби арнайы қызметтерімен барлау ақпа- раттарымен алмасу жүргізіледі. Осы ретте 2002 жылы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағы- тында құрылған «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы» (ҰҚШҰ) да лаңкестік пен діни экстре- мизмге қарсы күресте белсенді рөл атқаруда. ҰҚШҰ қару-жарақ пен әскери техника саласында Орта- лық Азия мемлекеттеріне жеңілдетілген бағамен көмек көрсету құралы болып табылады, ынтымақтас- тық шеңберінде армия мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлау жүзеге асырылады; ҰҚШҰ-да лаңкестікке қарсы тұрақты бірлескен оқу-жаттығулардың тетігі жолға қойылған; ұйым ая- сында есірткі трафигімен күрес жүріп жатыр, бұл өңірдегі лаңкестердің белсенділігін төмендетуге ық- пал етіп жатқандығы айқын.
2004 жылы құрылған, 9 мемлекеттен тұратын «Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және лаңкес- тікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық Топ» — аймақ мемлекеттеріне қылмыс- тық кірістерді жылыстатуға және лаңкестік топтарды қаржыландыруға қарсы күрес жүйесін құруға жәрдемдесуде. Ұйымның құрамына Орталық Азияның барлық мемлекеттері кіреді. 10 жыл ішінде ай- мақ мемлекеттері қаржы жылыстатумен күресу үшін қаржылық шараларды әзірлеу жөніндегі топтың қағидаттарына сәйкес келетін қылмыстық кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың тиімді өңірлік жүйесін құруға қол жеткізді.
Сонымен бірге БҰҰ-ның Орталық Азиядағы лаңкестікке қарсы жаһандық стратегиясын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары бір мезгілде және алдын алу мақсатында лаңкестікке қарсы күресте жан-жақты қамтитын шараларды қолдануды көздейді. Соған орай негізгі іс-шара лаң- кестікті туындататын әлеуметтік-экономикалық, мәдени, идеологиялық және діни жағдайларды жоюға бағытталуы керектігін дәйектейді. Өйткені өңірдегі исламистердің кең етек алуына ықпал еткен себеп- тер қатарында аймақтағы елдердің мемлекеттік институттарының әлсіздігі мен сыбайлас жемқорлық- тың өршуін, халықтың әлеуметтік қорғалмауы мен өмір сүру деңгейінің төмендігін; этностар арасын- дағы да, мемлекеттер арасындағы да дау-дамайлар мен қақтығыстардың орын алуын, биліктегі түрлі топтардың үйлесімсіз өкілдігін, дінге немесе ұлтқа тиесілілігі негізінде азаматтарды кемсітуін атап өтуге болады [25].
Орталық Азия мемлекеттеріне БҰҰ-ның жаһандық антитеррорлық стратегиясын іске асыру үшін аймақтық іс-қимыл жоспарын құруға көмек көрсету туралы бастама ұсынылды. Бұл бастама Орталық Азия үкіметтеріне, сондай-ақ аймақта жұмыс істейтін аймақтық және халықаралық ұйымдарға БҰҰ- ның Жаһандық антитеррорлық стратегиясын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл тәжі- рибе алмасуға және Стратегияның әртүрлі тіректерін іске асырудағы қиындықтарды шешуге арналған үш сараптамалық кездесуді ұйымдастыру арқылы қол жеткізілді. Олар негізгі мүдделі тараптарды, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерін, тиісті ай- мақтық және субаймақтық ұйымдарды (ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және НАТО), БҰҰ жүйесін, көрші үкіметтердің өкілдерін біріктірді, азаматтық қоғам, сондай-ақ аймақтық және халықаралық са- рапшылар қатысты. Кездесулер лаңкестікке қарсы іс-қимыл бойынша білім мен тәжірибе алмасуға, кемшіліктерді анықтауға, аймақтағы Стратегияны іске асыру үшін бастамаларға халықаралық қол- дауды ынталандыруға және жалпы көзқарастар бойынша консенсусқа келу мен үйлестірілген ынты- мақтастыққа жетуге бағытталған. Орталық Азияда тұрақты диалогты, үйлестіруді және ақпарат алма- суды қамтамасыз ету үшін аймақтағы лаңкестікке қарсы іс-қимыл жасаушыларының желісі құрылатын болды.
Қорытынды
Қазіргі кезеңде халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм кез-келген мемлекеттің қауіпсіздігіне ғана емес, жалпы адамзатқа төнген басты қауіптердің бірі болып табылады. Лаңкестік экстремизмнің және оның экстремалды көрінісінің ажырамас бөлігі бола отырып, экстремистік идеологияға негіздел- ген әрекеттер жүйесі ретінде әрекет етеді, олардың көмегімен экстремистік және лаңкестік ұйымдар өздерінің саяси мақсаттарына жетуге тырысады.
Орталық Азия республикаларының үкіметтеріне Ауғанстаннан АҚШ әскерін толық шығару ая- сында өз халқы арасында радикализмнің өсу себептерін жою жөніндегі жұмысты жеделдету қажет еке- нін атап өткен жөн [26]. Аймақ төңірегінде қалыптаса бастаған саяси ахуал барлық мемлекеттердің күш-жігерін үйлестіруді талап етеді, өйткені аймақ қайта талпынған Ислам күштерінің жаңа толқы- нына тап болуы ықтимал. Сол ретте халықаралық лаңкестік пен діни экстремизммен күрес саласын- дағы саясат кейбір өзекті факторларды ескеруі өте қажет [18]. Яғни «Ирак пен Левант ислам мемле- кеті» лаңкестік ұйымын назардан таса қылмау, өйткені олар өз қатарына Орталық Азиядан мыңдаған мұсылмандарды тартқан болатын. Олай болса қажет деп тапқан сәтте Орталық Азиядағы саяси жағ- дайды тұрақсыздандыру мүмкіндігі өте жоғары. Сондай-ақ Ауғанстаннан АҚШ әскерлерінің шығуы да Орталық Азия шекарасына исламистік топтардың шоғырлану мүмкіндігін туғызары сөзсіз.
Өйткені Орталық Азияда исламмен тығыз байланысты бірқатар діни экстремистік және лаңкестік ұйымдар жұмыс істейді: Өзбекстанның ислам жаңғыру партиясы, «Адолат уюшмаси» (“әділдік қо- ғамы”), «Исломкарлари» (“Ислам жауынгерлері”), «Товба» (“тәуір”), «Иймончи-лар» (“сенушілер”), сондай-ақ «Акрамийа» немесе «Халифатчилар» (“Халифат ұстаушылары”), Өзбекстанның ислам қоз- ғалысы, «Хизб ут-ДТ» (“Халифат ұстаушылары”), Өзбекстанның ислам қозғалысы, «Хизб ут-Тахрир» (босату партиясы); Шығыс Түркістандағы ислам қозғалысы, «мұсылман ағайындары» [27]. Олардың әрқайсысы өз мақсаттарын көздейді, сонымен бірге олардың ұқсастығы белгілі бір талаптар жиынты- ғында көрінеді, атап айтқанда: исламның негізгі қағидаттары мен өсиеттеріне оралу; исламды кейбір ауытқулардан тазарту; хакимийге (егемендікке) және халифатқа негізделген саяси жүйе құру; шари- ғатқа негізделген заң жүйесін енгізу және оған биліктің зайырлы тармақтары (сот және атқарушы) ал- дында басымдық беру.
Көптеген зерттеушілер лаңкестікке қарсы операциялар жағдайында халықаралық заңдарды, әсі- ресе адам құқықтары туралы заңдарды толығымен сақтау қажеттілігіне назар аударды, кейбіреулер лаңкестікке қарсы тұрудағы жетістік Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберіндегі адам құқықтары қағидат- тарын құрметтеуге байланысты болатындығын атап өтті.
Бұл бағытта шешілмеген мәселелер әлі жеткілікті — ал оларды шешу Орталық Азия мемлекетте- рінің билік басындағы тұлғаларының саяси еріктеріне де тікелей байланысты. Орталық Азиядағы жаңа қыр-көрсетулер ішкі ғана емес, сыртқы өлшемге де қатысты, сондықтан халықаралық лаңкестікке қарсы күрес ресурстары, мүмкіндіктері мен шарттары осы кешенді мәселені шешу үшін аймақ елдері- нің біріге отырып тиімді стратегияны таңдауымен айқындалады.
Әдебиеттер
- Әліпбаев А.Р. Лаңкестік: әлеуметтік-саяси астары / А.Р. Әліпбаев, Б.З. Бөжеева // ҚазҰУ Хабаршысы, ХҚ және ХҚ сериясы. — 2017. — № 3(79). — Б. 23–30.
- Horsman S. Themes in official discourses on terrorism in Central Asia / S. Horsman // Third World Quarterly. — 2005. — No. 1(26). — Р. 199–213.
- Васильев Л.Е. Международный терроризм как способ достижения политических целей и его особенности в Центральной Азии / Л.Е. Васильев // Дальневосточные проблемы. — 2016. — № 6. — С. 24–29.
- Антонович И.И. Международный опыт профилактики терроризма. Предложения в сфере международного взаимодействия по противодействию распространения идеологии терроризма / И.И. Антонович, О.М. Особенков, Л.Н. Панкова, В.А. Щегорцов. — М.: Университетская книга, 2010. — 132 с.
- Allison R. Strategic reassertion in Russia's Central Asia policy / R. Allison // International Affairs. — 2004. — No. 2(80). — Р. 277–293.
- Crosston M. Fostering fundamentalism: terrorism, democracy and American engagement in Central Asia / M. Crosston. — Routledge, 2016.
- Amanbayeva A. The collision of Islam and terrorism in Central Asia / A. Amanbayeva // Asian Journal of Criminology. — 2009. — No. 2(4). — Р. 165.
- Карин Е. Терроризм в Казахстане: от виртуального к реальному / Е. Карин. — [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://kursiv.kz/news/tendencii-i-issledovaniya/-07/terrorizm-v-kazakhstane-ot-virtualnogo-k-realnomu.
- Heath-Kelly C. Critical Terrorism Studies, Critical Theory and the ‘Naturalistic Fallacy' / C. Heath-Kelly // Security Dialogue. — 2010. — No. 3(41). — Р. 235–254.
- Sean M.P. Regulatory counter-terrorism: a critical appraisal of proactive global governance / M.P. Sean // International Affairs. — 2019. — No. 4(95). — Р. 939–940.
- Chernykh I. Conditions for Securitization of International Terrorism in Central Asia / I. Chernykh // Connections. — 2005. — No. 1(4). — Р. 131–142.
- Сахиев С.Р. Выходящий из Центральной Азии терроризм и экстремизм как главный риск безопасности Казахстана и России / С.Р. Сахиев // Политическая экспертиза. — 2007. — Вып. 3, № 3. — С. 79–104.
- Ионова Е. Об угрозе терроризма в Центральной Азии / Е. Ионова // Россия и новые государства Евразии (ИМЭМО РАН). — 2015. — № 4. — С. 60–71.
- Васильев Л. Особенности борьбы с терроризмом в Центральной Азии в современных условиях / Л. Васильев // Мировые державы в Центральной Азии. — М., 2011. — С. 183–195.
- Mann P. Fighting terrorism: India and central Asia / P. Mann // Strategic Analysis. — 2001. — No. 11(24). — Р. 2035–2054.
- Бойко Ю. Политико-правовые аспекты международного сотрудничества в борьбе с терроризмом в рамках ШОС / Ю. Бойко // Обозреватель-Observer. — 2008. — № 8. — C. 25–31.
- Егоров Е.Н. Противодействие терроризму и религиозному экстремизму: опыт государств Центральной Азии: автореф. дис. ... д-ра наук / Е.Н. Егоров. — 2015. — Режим доступа: http://cheloveknauka.com/protivodeystvie-terrorizmu-i-religioznomu- ekstremizmu-opyt-gosudarstv-tsentralnoy-azii#ixzz6EOKYjqsb.
- Karagiannis E. Political Islam in Central Asia: The Challenge of Hizb ut-Tahrir / E. Karagiannis. — Routledge, 2009. — Р. 176.
- Егоров E.H. Национальный состав экстремистских движений Центральной Азии / E.H. Егоров // Исторические, философские, политические и юридические науки, культурология и искусствоведение. Вопросы теории и практики. — 2014. — № 5(43), Ч. 2. — С. 77–81.
- Егоров E.H. Борьба с религиозным экстремизмом в Таджикистане: законодательный уровень / E.H. Егоров // Актуальные вопросы общественных наук: социология, политология, философия, история: сб. ст. по материалам XXXV Междунар. науч.-практ. конф. (Новосибирск, март 2014 г.). — Новосибирск: СибАК, 2014. — С. 30–36.
- Rashid T.A. A Systematic Web Mining Based Approach for Forecasting Terrorism / T.A. Rashid. — 2017. — 284–295 р.
- Гриневский О. Терроризм и исламский радикализм — глобальный риск номер один / О. Гриневский // Россия XXI. — 2014. — № 1. — С. 78–93.
- Starr S.F. A partnership for Central Asia / S.F. Starr // Foreign Aff. — 2005. — No. 84. — Р. 164.
- Omelicheva M.Y. Combating terrorism in central Asia: Explaining differences in states' responses to terror / M.Y. Omelicheva // Terrorism and Political violence. — 2007. — № 3(19). — Р. 369–393.
- Егоров К.Ю. Международный терроризм как глобальная угроза / К.Ю. Егоров // Власть. — 2008. — № 6. — С. 73–76.
- MacFarlane S.N. The United States and Regionalism in Central Asia / S.N. MacFarlane // International Affairs. — 2004. — No. 3(80). — Р. 447–461.
- Борьба с международным терроризмом — приоритет мирового сообщества [Электронный ресурс]. — Режим доступа: URL: http://russian.people.com.cn/95181/6591580.html.