Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Білім беру саласындағы жеке тұлға құқықтарының пайда болуы мен дамуының генезисі (тарихи-теориялық талдау)

Мақалада адам құқықтары теориясының дербес санаты ретінде білім беру саласындағы жеке құқықтардың пайда болуы мен даму үрдісі ашылды, осы институттың негізгі ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеудің мақсаты білім беру саласындағы жеке құқықтар тенденциясын жəне осы институттың əртүрлі тарихи дəуірлердегі даму кезеңдерін анықтау болып табылады. Зерттеудің жалпы жəне арнайы əдістерінің көмегімен, тарихи материалды талдау жəне қорыту, осы институттың дамуының негізгі заңдылықтарын анықтау мақсатында білім беру саласындағы адам құқықтарының əртүрлі түрлерін қарау жүзеге асырылады. Адам құқықтары теориясы тұрғысынан білім беру саласындағы адамның, қоғамдық институттардың жəне мемлекеттің құқықтары мен міндеттері қарастырылды. Жүргізілген зерттеудің нəтижесі ретінде білім беру саласындағы жеке адам құқықтарының дамуын кезеңдендіруді жүзеге асыру, адам құқықтарының аксиологиялық аспектілерін қарастыру жəне зерттелетін институттың дамуының негізгі заңдылықтарын анықтау болып табылады. Білім беру саласындағы жеке адамның құқықтары əр адамның ажырамас құқығы жəне жалпы адам құқықтары институтының қажетті элементі ретінде қарастырылды, оның мазмұны қолданыстағы қазақстандық, шетелдік жəне халықаралық құқықты талдау арқылы түсіндірілді. Мақалада заңгерлер мен əлеуметтанушылардың білім беру саласындағы құқық туралы идеялары жүйеленді.

Кіріспе

Генезис — грек тілінен аударғанда шығу тегі, қалыптасуы дегенді білдірді, яғни дамып келе жатқан құбылыстың қалыптасуын, пайда болуын анықтайтын философиялық категория.

Білім беру саласындағы жеке тұлғаның құқықтары, олардың генезисі, əлеуметтік бастаулары мен маңызы — адамзат өркениеті тарихындағы ең өзекті мəселелердің бірі. Бұл құқықтық институттың қалыптасуы мен даму тарихы сонау көне заманнан бастау ала отырып, бүгінгі күнге дейін бірнеше мыңжылдықтар бойы түрлі өзгерістер мен сан-қырлы даму бағыттарын бастан кешіріп қалыптасып отырғанын тарихи деректерден аңғара аламыз. Атап айтатын болсақ, адам құқықтарының құқықтық институт ретінде дамуы Ежелгі Элладан бастап бүгінгі құқықтық тұжырымдалу негізіне дейін созылады. Адам құқықтары институты ол бір күнде пайда болған құбылыс емес, оның даму тарихы сонау көне заман ойшылдарының еңбектерінде көрініс тауып, əр кезеңдегі философтардың, саясаткерлердің жəне заңгерлердің жүздеген ұрпақтарының зерттеулері арқасында, адам құқықтары деп аталатын үлкен құқықтық институт ретінде қалыптасты. Тарихқа үңіліп қарасақ, адамзат тарихындағы əрбір кезең адам құқықтары саласындағы жетістіктерімен ерекшеленеді. «Өркениет біткеннің өзегі — өрелі білімде» деп ата-бабамыз айтқандай, кез келген адамның тұлғалық ерекшеліктерін ажыратуының өзінде білім алу, білімді болу бұл басты ұстанымдардың бірі деп ойлаймыз. Бүкілдүниежүзілік қауымдастық дамудың көшінде аты озған елдің барлығы байыпты білім мен ғылымға ежелден ерекше ден қойған. Яғни, білім алу бұл адамның тұлғалық қасиеттерін дамытудың бір тармағы деп түсінеміз. Осыған сəйкес, білім алу саласындағы адам құқықтарының пайда болуы мен даму үрдісі ашылатын, осы институттың негізгі ерекшеліктерін ажыратып қарастыратын бұл тақырып бүгінгі күн үшін де өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Білім — адам ойының мəңгілік тақырыптарының бірі. Білім алу ортасындағы туындаған мəселелер қоғамда өздігінен орын алып, оның өзектілігін дəлелдеуді қажет етпейтін, өзін-өзі айқындайтын қанықтылығымен ерекшеленеді. Білім беру мəселелері Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияның философиялық жəне діни жүйелерінің қалыптасу кезеңінде теориялық рефлексия тақырыбына айналды. Периклдің алтын ғасырынан бастап білім қоғамдық оймен адамның кеңейтілген көбеюінің маңызды саласы ретінде танылады, ал кітап «мəңгі нəрсе» ретінде қабылданады. Осы кезден бастап, білім беру саясаты мемлекеттің ішкі саясатының дербес бағыты ретінде де қалыптаса бастады. Соған қарамастан, білім философиясы жəне білім туралы құқықтық ойлар зерттеулердің тəуелсіз бағыты ретінде нақты ХХ ғасырдың ортасында орын алады, ал білім беру мəселелеріне арналған алғашқы дүниежүзілік философиялық конгресс тек 1998 жылы өтті.

Адам тұлғасы ұғымының қалыптасуының тарихи процесінде оның бірегейлігі мен қайталанбастығында діни философия ерекше орынды иеленеді. Əлемдік діндердің қазіргі өркениетке қосқан маңызды үлесі — ретінде теңдік, əділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік жəне бауырластық идеяларын жариялаған, əлемдік қауымдастықпен мойындаған адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының алғашқы негізгі болып табылатын тұлға тұжырымдамасы танылады. Жеке құқықтар идеясы жəне адамның білім алу құқықтары адам құқықтарының табиғи-құқықтық тұжырымдамасымен тығыз байланысты жəне адамның білім алу құқығын, адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде танудан ажыратылмайтын түсіну екендігін осы арқылы дəлелдеуге болады. Бұндай тұжырымдаулар ежелгі уақыттан бастап қалыптасқан. Құқық түсінушіліктің табиғилығын сомдаушылар «биліктің бастапқы иесі құдай... », яғни өзі жаратқандары үстінен абсолютты егеменділікті иеленетін жəне олардың алдында моральдық міндет жүктелмейтін құдай табиғи заңның қайнар көзі болып табылады деп санайды. Əлемде мəңгі жəне өзгермейтін заң бар, табиғи құқық мəдениеттің даму деңгейіне жəне адамның құдайға жақындасуына қарай адамдарға ашылады деп тұжырымдаған. Қазіргі кезде табиғи құқық түсінігі жеке тұлғалардың ажыратылмайтын құқықтары призмасы арқылы табиғат пен адамның үйлесуі, оның əділеттілігі, ақылдылығы идеясын сақтайды.

Теориялық негіздер мен əдістер

Мақаланы зерттеуде салыстырмалық үрдістер тəжірибесіне сүйене отырып қарастыратын, əмбебап ғылыми əдістер яғни, диалектика жəне аксиология, жалпы ғылыми — талдау, тарихи əдіс, салыстыру жəне құқықтық зерттеулердің жеке əдістері қолданылды. Талдау мен жалпылаудың көмегімен жеке ғалымдардың құқықтық бастаулары, көзқарастары мен теориялары қарастырылды жəне тарих пен құқық теориясындағы білім беру саласындағы жеке тұлғаның құқықтарын көрсету мəселелерін ашатын жеке пікірлер мен ережелер талданды. Зерттеудің негізі құқықтық нормалар мен қоғамдық қатынастардың динамикалық дамуын жəне өзгергіштігін көрсететін диалектикалық тəсіл болып табылады. Сонымен қатар, нақты тарихи кезеңдегі білім беру ортасындағы адам құқықтарын реттеудің негізі ретінде əрекет ететін құқықтық қағидалар мен құқықтық құндылықтар метафизикалық негіз ретінде қарастырылды. Зерттеудің теориялық негізіне, В. С. Нерсесянц, М. В. Смирнова, Е. А. Лукашева, Е. М. Смагуловтардың ғылыми еңбектері мен мақала авторларының ғылыми жұмыстары алынды.

Талқылау нəтижелері

Зерттеу барысында өз зерттеулерін білім беру саласындағы жеке құқықтардың даму категориясына арнаған авторлардың əртүрлі көзқарастары қарастырылды. Зерттеу барысында біз келесі нəтижелерге қол жеткіздік.

Білім беру мəселелері Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияның философиялық жəне діни жүйелерінің қалыптасу кезеңінде теориялық тұжырымдалудың тақырыбына айналды. Ежелгі Шығыста тəрбие берудің жалпы қоғамдық əлеуметтік қызметтері ажыратыла бастаған кезде ғана, адамдар білім беру іс-əрекетінің тəжірибесін жалпылау туралы ойлана бастады. Ежелгі дəуірде көптеген елдерде тəрбие мен білім беру күш көрсету, мəжбүрлеу жолдарымен жүзеге асырылды. Нақты тоқтала кетсек, Ежелгі Египет папирустарының бірінде: «баланың құлағы оның артында, ол ұрған кезде тыңдайды» деген сөз жазылған. Осындай деректерге сүйене отырып, сол кездегі тəрбие мен білім берудің зорлық-зомбылық пен физикалық жазаға негізделе отырып жүзеге асырылғанын аңғаруға болады. Тіпті сол кезеңдегі кейбір ойшылдардың тұжырымдауы бойынша бұл əрекет педагогикалық идеяның бір түрі ретінде танылған [1; 29]. Бұл қоғамда баланы жазалау арқылы білім беру қоғам мүшелерінің көзқарасы бойынша тəрбие берудің бір түрі ретінде танылып, оны қазіргі таңдағыдай адамның жеке құқықтарына қол сұғушылық емес, керісінше тəртіпке үйрету, білім беру жолы деп түсінген.

Білім беру кеңейіп, күрделене түскен сайын, тəрбие беру мəселелері бойынша теориялық білімнің арнайы саласы қарқынды дами бастады. Кез келген білім беру, тəрбиелеу жолдары философиялық көзқарастар мен идеяларға негізделе отырып қалыптасты. Ежелгі мемлекеттердегі əр түрлі тайпалар мен одақтарда қалыптасқан тəрбие мен оқыту негізі отбасында жүзеге асырылған. Ежелгі Шығыс өркениеттерінде қауымдық-рулық жүйеден құл иеленушілік жүйеге дейін отбасылық тəрбиенің бұрынғы дəстүрлері сақталған. Ежелгі өркениеттер тарихына көз жүгіртіп қарасақ, тəрбие мен оқытудың алғашқы баға жетпес мұрасын қалдырғанын көре аламыз. Сол кездегі патриархалдық отбасындағы тəрбие мен білім беру нысандары сақталған құндылықтар Шығыстың əдеби ескерткіштерінде бекітілген: Вавилон патшасы Хаммурапидің «заңдары» (б. з. д. 1750 ж.), Еврей патшасы Сүлейменнің «астарлы əңгімелері» (б. з. д. 1 мың жылдық басы), үнділік «Бхагавадгита» (б. з. д. 1 мың жылдық ортасы) жəне т. б.

Шумердің «əлемді құру туралы аңызында» жəне Хаммурапи патшаның «заңдар» жинағында тəрбие ата-ананың міндеті екендігі баса айтылған [2]. Сол кездегі тұжырымдалған «Астарлы əңгіме» педагогикалық идеясына сүйенсек, — əкенің басты міндеті тəлімгер болу, ал баласы ата-ананы құрметтеу қажет екендігі тұжырымдалады («ақылды ұл əкені қуантады, ал ақымақ адам оны жылатады»).

Біздің дəуірімізге дейінгі VI ғасырда Қытайда даосизмнің негізін қалаушы Лао-Цзы білім беруді ұйымдастыру адам мен аспанның үйлесімділігіне жасанды кедергі ретінде қарастырды. Ал тағы бір маңызды діни жəне дүниетанымдық жүйе — Конфуций ілімі, оның негізін қалаушы Еуропалық транскрипцияда Конфуций ретінде белгілі Кун-Фу-Цзы (б.з. д. 551–479 ж. ж.) білім беру мен тəрбие берудегі тіпті, қоғамдағы барлық қиыншылықтар мен тəртіпсіздіктердің себебін адамның негізгі қасиеттері адалдық, мойынсұну, ата-аналар мен үлкендерге құрмет деп санай отырып, адамдардың моральдық құлдырауынан көрді. Конфуций қоғамда ғылым мен білімнің қамқоршысы ретінде құрметке ие болған. Ол ежелгі Қытайдың педагогикалық тəжірибесін жинақтап, белгілі бір жалпы философиялық жəне əлеуметтік көзқарастарға негізделген өзіндік білім беру идеяларын білдірді. Тəрбие, адамгершілік өзін-өзі жетілдіру адам өмірінің маңызды факторлары, əл-ауқаттың ажырамас шарттары ретінде қарастырылды [3].

Қытайдағы білім əрқашан үлкен маңызға ие болды, өйткені барлық жоғары лауазымдарға жол мемлекеттік емтихандарды тапсыру арқылы өтті. Теориялық емтихандарды кез келген сыныптағы адам тапсыра алады, бірақ қосымша талап ретінде егер оның отбасында үш ұрпақ ішінде актерлер, шаштараздар, түрмедегілер немесе жезөкшелер болмауы керек болатын, бұл елдерде іс жүзінде білім жеткілікті дəрежеде элиталық болып есептелді.

Классикалық қытай білімі жеке жəне мемлекеттік болып бөлінетін мектептерден басталды, соңғысы жіктелу ауылдық мектептер шэ-сё, уездік мектептер сянь-сё жəне облыстық мектептер шу- юань болып (ауыл мектептері бірінші сатыға, қалғандары екінші сатыға жатты) бөлінді, барлық білім ақылы болды, бұл жоғарыда тоқталғанымыздай білімнің элиталық екендігін анықтайды. Мектептерде тек ұлдар оқыды, ал əйелдер үйде білім алды. Ер балалар 7–8 жастан бастап мектепке қабылданып отырған жəне олар мектепке барған кезде сюэ-мин деген жаңа «мектеп» атауына ие болған. Тəрбие қатынастарының негізі — кішілердің үлкендерге деген құрметі болды. Тəлімгер əкесі ретінде саналған. Мұғалімнің қызметі қоғамда ерекше орынға ие болған жəне ол өте құрметті атақ деп есептелген. Білім алу өте маңызды іс болды. Бұл кезеңде де білім алушылардың құқықтық қорғалу нысаны нормативтік жүйеде мүлдем ескерілмеген, тек кішінің үлкенге құрмет көрсетуі нысанында тəрбиелік бағытта жазалау ғана танылған. Ежелгі кітаптарға сəйкес, Қытайдағы алғашқы мектептер б.з.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар Сян жəне Сюй деп аталды. Сян жастарды тəрбиелеуге жəне тəлім беруге бел буған қарттарға арналған баспана түрінде пайда болды. Сюй басында əскери іс, атап айтқанда садақ атуды үйретті. Кейінірек олар оқу орнын белгілеу үшін сюэ (оқыту, оқу) сөзін қолданды. Сюэ туралы алғашқы куəліктер Шан (Инь) дəуірінің (б.з. д. XVI-XI ғғ.) жеке жазбаларында кездескен. Сол кездегі сюэде тек еркін жəне ауқатты адамдардың балалары ғана оқыды. Оқыту жəне тəрбиелеу бағдарламасына алты өнер кірді: мораль, жазу, санау, музыка, садақ ату, жылқыны басқару. Жоғарыда қарастырылған деректерге сүйене отырып, Ежелгі Қытайдағы білім алу мен тəрбие жүйесінің мазмұны жалпы философиялық жəне əлеуметтік көзқарастарға негізделген деп тұжырымдауға болады. Осындай көзқарастардың бірі ретінде Конфуцийдің тұжырымын қарастыруға болады. Оның ойынша тəрбие — адамгершілікті өзін-өзі жетілдірудегі адам өмірінің маңызды факторлары, əл-ауқаттың ажырамас шарттары ретінде қарастырды [4].

Дамытушылық оқыту идеясының тарихы Конфуций заманынан басталады, ол өзінің педагогикалық жəне дидактикалық мəлімдемелерінде оқытудағы ең бастысы — жан-жақты дамуды қамтамасыз ету деп тұжырымдайды. Содан кейін бұл идеяны Сократ, Квинтилиан өз еңбектерінде жалғастырды. Дамытушылық оқыту идеясы XVI–XVIII ғасырларда жаңа серпінге ие болды. Онымен М. Монтень, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Песталоцци, А. Дисьервег сияқты танымал оқытушылар мен философтар айналысты.

А.Я. Коменский жаңа заман педагогикасының негізін қалаушы болды. Оның еңбектерінде алғаш болып, балаларды оқыту жəне тəрбиелеу мəселелерінің теориялық тұжырымдаулары қарастырылды. А.Я.Коменский тəрбиені адамдар мен халықтар арасындағы əділ қарым-қатынасты орнатудың маңызды алғышарттарының бірі ретінде зерттеген. Оның ойынша: «Мектеп тəрбиесі мен білім жастарды болашақ өзін-өзі тəрбиелеу мен білім алуға дайындауы керек», — деп тұжырымдаған [5; 79].

Білім беру ортасындағы адам құқықтарының шектелу нысаны ретінде көрініс тапқан тағы бір қыры, ол қоғамдағы теңсіздік мəселесінің білім алу саласында өзіндік əсерін тигізуі. Дамудың қай кезеңін алып қарасақта əлеуметтік теңсіздік балалардың орта жəне жоғары білім алуындағы басты кедергілердің бірі болғанын тарихтан жақсы білеміз. Білім беру ортасындағы əлеуметтік теңсіздік мəселесін сонау антикалық дəуір ойшылдарының еңбектерінде де кездестіруге болды. Нақты тоқтала кетсек, кейбір азаматтарды жынысы мен жасына жəне əлеуметтік жағдайына қарамастан міндетті оқыту жəне тəрбиелеу идеясы антикалық дəуір ойшылдарының көзқарастарында көрініс тапқан. Аристотель, Платон, Плутарх Сократ, Цицерон жəне басқа да антикалық дəуір ойшылдары бұл идеяны белгілі бір дəрежеде дамытып, мемлекеттің білімге тікелей қатысуы қажет екенін өз еңбектерінде атап өткен.

Орта ғасырларда Еуропадағы білім беру мəселелері шіркеудің тікелей əсерімен реттелді. Ресейде білім беру құқықтық категория ретінде ең алғаш шіркеулік құқықтың қайнар көзі «Стоглавтың» (1551 ж.) 25 жəне 26-тарауларында нормативтік жүйеленуге ие болды [6].

Қайта өрлеу дəуірінде антикалық авторлардың философиялық жəне құқықтық мұрасына қайта оралу орын алды. Себебі, осы кезеңде антикалық ойшылдардың ұстанымын əрі қарай жалғастырып, Т. Кампанелла, М. Монтень, Т. Мор жəне тағы басқа ойшылдардың идеяларында білім бостандығының қажеттілігі туралы мəселелер өз еңбектерінде жариялана бастады. Еуропалық мемлекеттер мен XVI–XVII ғасырлардағы американдық колониялардың міндетті білім беру жəне білімге мемлекеттің қатысуы туралы заңдарын зерттеу жəне талдау арқылы, мемлекеттің азаматтарды біліммен қамтамасыз ету міндетінің нормативтік тұрғыдан бекітуі жаңа заманда көрініс тапқанын аңғарамыз [7].

Ресейде білім Петр I кезінде міндетті сипатқа ие болды, оның жарлығымен білімі жоқ жас жігіттер мен жас ханымдарға үйленуге, тұрмысқа шығуға жəне мұра алуға тыйым салынды. Оқыту мемлекеттік жалпы білім беретін жəне арнайы оқу орындарында жүзеге асырылды. Екатерина II 1775 жылы «губернияларды басқаруға арналған мекемелерді» бекітті, онда алдымен өзгеде мекемелермен қатар, атап айта кетсек, ауруханалар, балалар үйлері, қарттар үйлері, ессіз үйлермен, түзету мекемелерімен бірге халық мектептерінің мəртебесі анықталды. Осы құқықтық актіге сəйкес мектептер барлық қалаларда құрыла бастады. Оқу нысанын (мектеп немесе үй) таңдау құқығы ата- аналарға берілді. Оқудың ақысын төлеудің сараланған жүйесі енгізілді: тұрмысы төмен адамдар тегін оқуға құқылы болды, ал табысы орташа адамдар қол жетімді көлемде ақы төлу арқылы оқытыла бастады. [8; 156].

Жаңа кезең ойшылдары білім берудің мемлекеттік маңыздылығын жəне оны барлық азаматтарға ұсыну қажеттілігін атап өтті. Т. Гоббс, Д. Дидро, Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж.-Ж. Руссо өз еңбектерінде білім бостандығы идеяларын дамытты. Бұл идеялар 1791 жылғы Франция Конституциясында көрініс тапты, онда мемлекеттің жалпыға бірдей бастауыш білім беруді қамтамасыз ету міндетін бекітті [9; 258].

И. Кант пен Г.Гегель білім беруді бостандыққа жетудің құралы ретінде сипаттады жəне білім беру саласындағы мемлекет пен қоғамдық институттардың бірлескен қызметінің міндеттілігін көрсетті. Олардың тұжырымдары бастауыш білім берудің міндеттілігі орнатылған Пруссиядағы заңнамалық жаңалықтардың негізі болды [10; 59].

Ресейде көптеген зерттеушілер 1802–1804 жылдары халыққа білім беруді қайта құрудың бірінші кезеңі деп тұжырымдайды. Осы кезде бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрылды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, əдебиет, баспасөз, ағарту жəне тəрбие ісін басқарды. Министрліктің қарамағында қоғамның барлық ғалымдары, академиялар, университеттер, барлық жалпы оқу орындары (рухани, əскери жəне басқа да мамандандырылған оқу орындарын қоспағанда), қоғамдық кітапханалар, мұражайлар жəне басқа да мəдени мекемелер болды. 1803 жылы Халық ағарту министрлігі «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін» жариялады. Бұл «Ережелер» бойынша бүкіл Ресей 6 оқу округтарына бөлінді, əр оқу округын мемлекет шенеунігі — оқу округының попечителі басқарды. Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды. 1804 жылы «Оқу құралдарының жарғысы қабылданды». Осы «Жарғы» бойынша Ресейде жаңа оқу жүйесі 4 сатыдан тұратын болды:

  •  университеттер ( жоғары саты);
  •  гимназия ( орта саты);
  •  уездік училищелер (аралық саты);
  •  приходтық мектептер (төменгі саты).

Приходтық мектептер əр қала мен селолық жерлерде ұйымдастырылды. Бұлар оқу мерзімі бір жылдық мектептер еді. Бұл мектепке уездік училищелерге оқушылар əзірлеу, дін тəрбиесі мен элементарлық сауат ашу міндеттері жүктелді. Мектептің оқу жоспарында «Құдай заңы» мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байла- нысты оқыту пəндері қаралды. Приходтық мектептер мемлекет қарамағына алынбады, оларды ұйымдастыру жергілікті басқару органдарына жүктелді. Шаруалардың балалары бұл мектепте оқи алмады.

Уездік училищелер — губерниялық жəне уездік қалаларда ашылды. Бұлар оқу мерзімі екі жылдық оқу орындары болды. Училищелердің оқу жоспарына 15 оқу пəні: «Құдай заңы», орыс тілі грамматикасы, жағрафия, тарих, арифметика, геометрия, физика, жаратылыстану, бастапқы технология, т.б. пəндер қамтылды.

Гимназиялық білім беру 4 жылға созылды, оқу жоспарына латын жəне қолданыстағы шет тілдері, тарих, статистика, поэзия, əдебиет, математика, жаратылыс тарихы (минералогия, ботаника, зоология, коммерция, технология, сурет) енгізілді. Дін сабағы қамтылғанымен, орыс тілі оқу жоспа- рына енгізілген жоқ.

Қазіргі жағдайда қоғам мен мемлекеттің пəндік-практикалық қызметінің тұрақты, тəуелсіз саласы ретінде білім беру танылады. Білімді бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беруді жүзеге асыруға арналған білім беру саласын əлеуметтанушылар дəстүрлі түрде отбасылық, экономикалық, саяси жəне азаматтық қоғамның діни институттарымен қатар қоғамдық жүйенің негізгі функционалды органы (негізгі əлеуметтік институт) деп таниды.

Білім беруді негізгі əлеуметтік институт ретінде мойындаудан білім беру қатынастары азаматтық, əкімшілік, еңбектік жəне басқа да құқықтық қатынастармен қатар жүретін құқықтық қатынастардың ерекше түрін құрайды деген логикалық қорытынды жасауға болады. Өздеріңіз білетіндей, қоғамдық қатынастардың салыстырмалы түрде тəуелсіз жəне кең таралған түрі ғана заңның жеке саласының зерттеу пəні бола алады.

Заңды түрде білім беру саласы негізгі əлеуметтік институт ретінде танылады, өйткені əлеуметтік институтқа тəн белгілердің барлығы білім беру саласында кездеседі [11; 186].

Талқылау

Білім беру саласындағы жеке құқықтардың пайда болуы мен дамуы туралы мəселелерді зерттеу жəне талдау ежелгі дəуірден бастап, бүгінгі күнге дейінгі бірнеше мыңжылдықтарды қамтыды. Сонымен қатар, дамудың қай кезеңін алып қарасақта, кез келген қоғамдық дамудың көшінде жүрген мемлекеттер ең бірінші кезекте өздерінің болашағын жарқын ету үшін өскелең ұрпағының ілім- біліммен қалыпты сусындап өсуіне көптен көп көңіл бөлінген. Білім беру саласындағы жеке құқықтардың пайда болуы мен дамуының теориялық жəне тарихи сипаты ашылатын бүгінгі таңдалған тақырыбымызда осы саладағы өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Осы мəселені толық түсініп, қажетті деңгейде талдау үшін білім беру тарихы мен бірінші кезең құрылымындағы білім беру субъектілері мен білім беру институттарының пайда болуы туралы егжей-тегжейлі тоқталу қажет. Білім — адам ойының мəңгілік тақырыптарының бірі. Білім беру мəселелері Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияның философиялық жəне діни жүйелерінің қалыптасу кезеңінен бастап теориялық ойлау тақырыбының өзегіне айналған жəне ол Ежелгі, Орта ғасырлар, Антикалық дəуір, Қайта өрлеу жəне жаңа заман ойшылдарының идеялары мен тұжырымдарының негізі бола отырып, сол қоғамдағы өзекті мəселелердің бірі «тəрбиелеу» немесе «оқыту» туралы туындаған мəселенің шешілуіне септігін тигізіп отырғанын тарихтан жақсы білеміз. Нақты «білім» терминдері XVIII ғасырда антикалық философияда кеңінен қолданыла бастады жəне тек XVIII ғасырдан бастап «білім» сөзі оқытудың барлық деңгейлерінде қарастырылып, олардың басым мақсаттары адамгершілік тəрбие жəне белгілі бір дағдылар мен білімді дамыту негізінде анықталды. Жаңа заман кезеңіне дейін білім алу құқығы жəне оның негізгі қағидалары педагогикаға негізделе отырып дамыды, осыған сəйкес бұл кезеңге дейін адамның білім алу құқығы құқықтық негіз ретінде қарастырылмаған. Яғни, білім алу құқығының қағидалары педагогикалық мазмұнда танылып, адам құқығының субъективті көрінісі ретінде жүзеге асырылмаған. Олар білім беру саласындағы белгілі бір басымдықтармен байланысты, білім беру мен оқыту əдісінен құрылды. Бұл қағидалардың алғашқы нормативтік сипаты XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында қалыптаса бастады, ал білім алу құқығы конституциялық жəне басқа да заңнамалық актілерде ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғана адам құқықтарының бір санаты ретінде қалыптастырылды. Бұл тұжырыммен көптеген ойшылдар толық келіседі. Солардың бірі, академик В.С. Нерсесянц білім алу құқығының теориялық негіздемесін келесідей түсіндіреді: «əрбір құқық жүйесінің тарихы адамды құқық субъектісі ретінде қарастыра отырып, белгілі бір заңды тұжырымдамаларында оның құқықтары мен міндеттерінің, бостандығының болу немесе болмауы туралы түсініктерді (анық немесе жасырын) қарастырады. Осыған сəйкес кез-келген құқық жəне құқықтық ілімдер — адам құқықтарының дамуы туралы көзқарастар мен қалыптасу тарихының жиынтығынан туындайды жəне адам құқықтары теориясының бір санаты ретінде қалыптасады...» [12; 49].

Ерте заманның өзінде де ойшылдар балаларды тəрбиелеу мен оқытудың жалпыға бірдей міндетті нысанының қажет екенін түсінген. Тіпті антикалық философия өкілдерінің еңбектерінде білім берудің жалпыға ортақ нысаны қалыптаспайынша оның қоғам үшін маңыздылығының жоқ екендігін ажырататын ойларды кездестіруге болады. Мысалы, «кез келген адам, ол тіпті дарынды немесе дарынсыз болсада өзі жетістікке жетуді қалайтын нəрсесін оқып үйренуі керек», — деп Сократ қоғамдағы барлық адамдардың тең дəрежеде білім алуының қажеттілігін түсіндіреді [13; 57]. Ал Платон Сократтың тұжырымын қолдай отырып, келесідей көзқарас білдіреді: «мектепке əкесі қалаған адам ғана емес, барлық балалар келуге, тəрбие алуға міндетті, өйткені балалар ата-аналарына қарағанда мемлекетке көбірек тиесілі, егер мұның бəрі менің заңыммен болса, əйелдер үшін де, ерлер үшін де бірдей міндеттер едім...» [14; 145]. Осылайша, Платон жынысына қарамастан, елдің барлық еркін азаматтары үшін міндетті білім беруді құруды ұсынды. Сонымен қатар, Грек философтарының еңбектерінде алғаш рет білімге тең дəрежеде қол жеткізудің маңыздылығы мен қатар, білім беру ұйымына мемлекеттің қатысу қажеттілігі туралы да ой айтылған.

Білім беру мəселесіне қатысты қазіргі кездегі көзқарастарға талдау жасай кетсек, оның түрлі қырлары мен мазмұндалу нысандарын ашып көрсетуге болады. Қазіргі кезде білім беруді құқықтық санат ретінде тани отырып, білім беруді арнайы қоғамдық қатынастарды реттей алатын құқықтық қызмет ретінде қарастырады жəне білім беру қызметтерінің түсінігін нақты ажыратады. Білім беру қызметтері — білім, білім беру, кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатымен анықталған, нақты субъективті мазмұнға ие білім беру қызметінің элементі [15; 24]. Сонымен қатар, қазіргі заманғы болмысқа сəйкес білім алудағы адам құқығын, мəдени құқықтардың бір түрі ретінде де тану ажыратылады. Мəдени құқықтар мен бостандықтар адамның білім беру, мəдени жəне рухани деңгейін көтеруге жағдай жасайды, оның толыққанды жəне үйлесімді дамуына ықпал етеді. Осылайша, кез-келген адам өз өмірі бойы өзінің мəдени құқықтарын толығымен пайдаланады. Білім алу құқығы мəдени құқықтардың ішіндегі қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.

Қорытынды

Жоғарыда айтылған жəне қарастырылған негіздерге сəйкес келесідей қорытындылар жасауға болады. Тарихи дамудың алғашқы кезеңдерінде білім беру мəселелері тек педагогикалық мазмұнда қарастырылған жəне «оқыту» — тəрбие берудің бір түрі ретінде анықталып, отбасы қатынастарын жүзеге асырудың құралы ретінде пайдаланылған. Сонымен қатар, білім беру ұғымдары тəрбие беру ұғымдарынан еш ажыратылмай ортақ түсінік ретінде қолданылған жəне ежелгі дəуірде көптеген елдерде тəрбие мен білім беру күш көрсету, мəжбүрлеу жолдарымен жүзеге асырылды. Бұл қоғамда баланы жазалау арқылы білім беру қоғам мүшелерінің көзқарасы бойынша тəрбие берудің бір түрі ретінде танылып, оны қазіргі таңдағыдай адамның жеке құқықтарына қол сұғушылық емес, керісінше тəртіпке үйрету, білім беру жолы деп түсінген. Білім беру ортасындағы адам құқықтарының шектелу нысаны ретінде көрініс тапқан тағы бір қыры ол қоғамдағы теңсіздік мəселесінің білім алу барысындағы əсері. Жоғарыда қарастырып кеткен тарихи кезеңдердің қай-қайсысын алып қарасақта, сол кезең ойшылдарының еңбектерінде көзделгендей, білім алу қоғамдағы кейбір азаматтардың жынысы мен жасына жəне əлеуметтік жағдайына сəйкес шектелгенін анғарамыз. Жалпы білім беру саласындағы жеке құқықтардың құқықтық сипатта көрініс таба бастауы XVIII ғасырдың аяғы — XIX ғасырдың басында жүзеге асырыла бастады, ал білім алу құқығы конституциялық жəне басқа да заңнамалық актілерде ХХ ғасырдың бірінші жартысында ғана адам құқықтарының бір санаты ретінде қалыптастырылды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Старикова, Л. Д. История педагогики и философия образования: учеб. и практ. для вузов / Л.Д. Старикова. — 3-е изд. с доп. — М.: Юрайт, 2018. — 435 с.
  2. Законы Хаммурапи: хрест. по истории государства и права зарубежных стран: [В 2 т.]. — Т. 1. — М.: НОРМА– ИНФРА, 2009. — 367 с.
  3. Чанышев А.Н. Философия древнего мира: учеб. для вузов / А. Н. Чанышев. — М .: Академический проект, 2001. — 608 с.
  4. Литвинова Л.В. Древнекитайская философия. Собрание текстов в двух томах. — Т. 1 / Л.В. Литвинова. — М.: Мысль, 1972. —. 363 с.
  5. Пискунов А. И. Хрестоматия по истории зарубежной педагогики / А. И. Пискунов. — М .: Просвещение, 1981. — 385 c.
  6. Смирнова М.В. Становление конституционного права на образование в негосударственных общеобразовательных учреждениях России / М.В. Смирнова // Юрист вуза. — 2007. — № 5. С. 10–13.
  7. Бондаревский А. Е. Развитие права человека на образование в политической и правовой мысли: от античности до начала XX века / А.Е. Бондаревский // Тр. Ин-та государства и права РАН. — 2012. — № 4. — С. 19–30.
  8. Батыр К. И. Хрестоматия по Всеобщей истории государства и права: [В 2 т.] / К. И. Батыр. Е.В. Поликарпова. — М .: ЮристЪ, 1996. — 581 с.
  9. Иванов А. А. История государства и права зарубежных стран: учеб. пос. для студ. вузов, обучающ. по спец. «Юриспруденция» / А.А. Иванов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012. — 343 с.
  10. Гегель Г.В.Ф. Философия права / Г.В.Ф. Гегель. — М.: Мысль, 1990. — 205 с.
  11. Волков Ю.Г. Социология / Ю.Г. Волков, И.В. Мостовая. — М.: Гардарики, 2001. — 432 с.
  12. Лукашева Е.А. Права человека / Е.А. Лукашева. — М.: Изд. группа НОРМА-ИНФРА, 1999. — 573 с.
  13. Нерсесянц В.С. Сократ / В.С.Нерсесянц. — М.: Наука; Сер. Научные биографии, 1977. — 152 с.
  14. Платон. Диалоги / Платон. — М.: Мысль, 1986. — 607 с.
  15. Шаймуханова Ж.Т. Понятие и сущность образовательной услуги как правовой категории / Ж.Т. Шаймуханова, Е.Ш. Дусипов, Р.Н. Мишель // Вестн. Караганд. ун-та. Сер. Право. — 2020. —№ 3 (99). — С. 23–30.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.