Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның мəдениет саласындағы дипломатиясының Шығыс Азиялық бағыты: мəселенің келісімшарттық-құқықтық негізі

Мақалада Қазақстан Республикасының Шығыс Азия елдерімен мəдениет саласындағы ынтымақтастығының келісімшарттық-құқықтық негізіне талдау жасалған. Авторлар Қазақстанның Қытай жəне Жапониямен екіжақты мəдени қатынастарының дамуына ықпал еткен келісімшарттардың маңыздылығын ашып, осы арқылы аталған мемлекеттердің арасындағы мəдени ынтымақтастықтың даму деңгейлерінің өзгергендігін ашып көрсеткен. Мақалада мəдени байланыстарды зерттеудегі келісімшарттардың маңыздылығы айқындалған.

Кіріспе

Халықаралық мəдени ынтымақтастық мəселесі əрқашан өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Тек қана рухани құндылықтардың жүйесі ретінде емес, сонымен қатар саяси үрдістердің индекаторы ретінде көрініс табатын мəдениеттің ерекшелігі əрбір жаңа тарихи кезеңде күшейіп жатады. Екінші бір жағынан алғанда, мəдениет географиялық шекараларды, ұлттарды, діни ұстанымдарды мойындамайды жəне қазіргі уақытта мəдениет ішкі қоғамдық қатынастарда, халықтар мен мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарда негізгі фактор болып саналады.

Сонымен бірге, қазіргі кезеңдегі мəдениет пен бұқаралық ақпарат коммуникациясының жаһандануы ұлттық мемлекеттерді əлемдік аренадағы шетел мемлекеттерімен қатынастар орнату барысындағы мəдени тəсілдері қолдануға ынталандырып отыр. Яғни, мəдени дипломатия қазіргі заманғы сыртқы саясаттың міндетті құрамдас бөлігіне айналды. Қазіргі əлемнің жаһандануының күшеюі жəне осындай жағдайдағы ұлттық өзіндік ерекшеліктің жəне əрбір мемлекеттің мəдени əртүрлілігінің табиғи түрде өсуі дəл осы мəдениеттің халықтардың бірігуінің белсенді жəне көп функционалды инструменті екендігін көрсетіп берді.

Осы тұрғыдан алғанда, тəуелсіз Қазақстанның Шығыс Азия елдерімен мəдени-гуманитарлық саладағы қатынастарын зерттеуге мүмкіндік беретін екіжақты құқықтық-нормативті құжаттардың мазмұнына талдау жасап, мəдениет саласындағы екіжақты байланыстардың даму деңгейін анықтау өзекті мəселелердің бірі болып отыр.

Сонымен бірге, Қазақстанның Шығыс Азия елдерімен халықаралық мəдени байланыстарын зерттеу қазіргі уақыттағы ҚР–ның əлемдік аренадағы саяси жəне экономикалық қатынастардағы атқаратын рөлімен байланысты. Себебі, Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуі, оның халықаралық қауымдастықтағы ұстанымының нығаюы маңызды фактор болып саналады.

Қазақстан Республикасы 1990 жылдардың басынан бастап Азия мемлекеттерімен мəдени-тарихи мұраны жаңғыртуға бағытталған бірлескен қадамдарды жүзеге асыра бастады. Республикамызда мемлекеттер мен континенттердің жақындасуындағы мəдениет рөлінің қаншалықты жоғары екендігін мойындайды.

Тəуелсіздік алғаннан бастап осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының мəдениет саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы əлемдік аренадағы Қазақстан Республикасының оң имиджінің қалыптасуына үлкен ықпал етті. Бұл бағдарламаны іске асыру Қазақстанға түркі өркениетінің орталығы ретінде жайғасуға мүмкіндік берді.

Барлық өркениетті əлемде мəдениет билік назарының объектісі болып саналады, сондықтан мемлекеттің сыртқы саяси стратегиясын өңдеу барысында мəдениетке аса мəн беріледі. Бүгінгі таңда еуразиялық мемлекеттердегі мəдениет саласы тұрақты даму саясатының маңызды компонентінің бірі ретінде есептеліп, экономикалық жəне əлеуметтік дамуға ықпал етеді. Мəдениет саласындағы ынтымақтастық қазіргі заманғы мемлекеттер қарым-қатынастарының маңызды жəне сапалы көрсеткіштері болып табылады.

Зерттеу əдістері

Тақырыпты зерттеу барысында объективтілік принципін басшылыққа ала отырып, құжаттармен жұмыс жасаудың əдісі ретінде деректанулық талдау əдісі қолданылды. Бұл əдіс екіжақты қол қойылған құжаттардың ақпараттық қуатын анықтауға мүмкіндік берді жəне бұл құжаттардың пайда болуының тарихи жағдайын зерттеуге, құжаттың пайда болуының немесе жасалуының нақты жағдайын анықтауға ықпал етті. Құжаттарға талдау жасау барысында мəтінді талдау əдісі арқылы құжаттардағы мəтіннің нұсқалары айқындалды. Осы əдіс құжаттармен жұмыс жасау барысында құжат мəтінін салыстыра зерттеуге мүмкіндік жасады. Осымен бірге, құжаттармен жұмыс жасау барысында, ретроспективтік əдістің маңызы зор болды. Аталған əдіс 2000 жылдардағы дипломатиялық құжаттарда орын алған жаңа өзгерістерді анықтау барысында жəне 1990 жылдардағы дипломатиялық құжаттармен салыстыра зерттеуге мүмкіндік тудырды. Формулярлық талдау əдіспен құжаттардың құрылымын, олардың орналасуы мен арақатынасын зерттеуге болады. Функционалдық əдіс құжаттың мақсатын, яғни не үшін жəне қандай мақсатта құрылғандығын анықтайды.

Негізгі бөлім

Бірінші кезекте, біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатында негізгі орындардың біріне ие əрі көршілес мемлекет — Қытай Халық Республикасымен мəдени байланыстарды дамытуға арналған құжаттардың маңызы бар. Осындай құжаттардың алғашқысы, 1992 ж. ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында қол қойылған «Мəдениет саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарт болып табылады. Бұл Келісімшарт 10 баптан тұрады жəне екіжақты мəдени байланыстардың негізін қалайды. Келісімшартқа сəйкес, ҚР мен ҚХР теңдiк пен өзара тиiмдiлiк қағидаларына сай мəдениет, бiлiм беру, қоғамдық ғылымдар, денсаулық сақтау, спорт, баспа iстерi, баспасөз, радиохабар, телевизия мен кинематография салаларында алмасу мен ынтымақтастықты ынталандыру жəне қолдауға келiскендігін көре аламыз. Өзіміз көріп отырғандай, аталған Келісімшарт екіжақты мəдени байланыстардың барлық салаларын қамтыған.

1994 ж. 30 желтоқсанда ҚХР Үкіметі жəне ҚР Үкіметі арасында «Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарт қабылданды. Бұл Келісімшарттың негізінде екі мемлекеттің ғылым мен техниканың жетекші салалары — шикізатты өңдеу мен өндіру, химия, математика, физика, информатика жəне компьютерлік технология, биотехнология, транспорт пен коммуникация салалары бойынша ынтымақтастықтың бағыттары анықталған. Осы Келісімшарттың негізінде 2000 жылдың мамырында Алматыда ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Қытай жұмысшы комиссиясының алғашқы Құрылтай сессиясы өтті. Комиссия екі жақты ғылыми- техникалық ынтымақтастықтың 9 қытайлық жəне 10 қазақстандық жобаны бекітті. Сонымен бірге, аталған құжаттың негізінде сейсмология, қоршаған ортаны қорғау жəне денсаулық сақтау салалары бойынша мамандандырылған бірлескен бағдарламалардың пайда болуына алып келді [1].

Өзімізге белгілі, ХХІ ғ. басына қарай Қазақстан Республикасының қол жеткізген экономикалық дамулары мəдени үрдістердің дамуына оң əсерін тигізді. Мемлекет пен мəдениеттің жемісті диалогының мысалы ретінде ХХІ ғ. басында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен жəне оның 2004 жылғы 19 ақпандағы — «Бəсекеге қабілетті Қазақстан, бəсекеге қабілетті экономика, бəсекеге қабілетті ұлт» деп аталатын Жолдауына сəйкес қабылданған «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын атап өту қажет. «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі — бірыңғай ақпараттық кеңістікке интеграциялану жəне шетелдерде Қазақстан Республикасының мəдени мұрасын насихаттау болғандықтан бұл бағдарламаның жаңа ғасыр басындағы дипломатиялық құжаттар санының өсуіне ықпал еткені сөзсіз. Сондықтан, «Мəдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанның шетелдермен мəдени- гуманитарлық сала бойынша ынтымақтастығына қатысты дипломатиялық құжаттардың тəуелсіз Қазақстанның тарихын зерттеудегі тарихи жазба дереккөзі ретіндегі рөлін анықтау үлкен қызығушылық танытады.

Кез келген бір мемлекеттің сапалы дамуының жетістіктері сол мемлекеттің өсуінің тек қана ішкі емес, сонымен қатар сыртқы қайнар көзін іске қосу қабілетімен анықталады жəне мемлекеттің жоғары бəсекеге қабілеттілігі кез келген мемлекеттің маңызды мақсаты болып саналады. Осындай жағдайда бəсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың маңызды инструменті — аймақтық интеграция үрдістері болып саналды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі жаһандану жағдайындағы аймақтық интеграция үстем етуші тенденцияға айналып отырғандығын көруімізге болады.

ХХІ ғ. басында Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы мəдени қатынастардың жаңа деңгейге шыққанын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттардың маңызы жоғары. Жаңа ғасырдың басындағы осындай құжаттардың қатарынан 2002 ж. 23 желтоқсанда Пекинде қол қойылған «Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы көршілік, достық жəне ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшартты [2] атап көрсетуге негіз бар. Бұл құжаттың 11-ші тармағы мəдениет саласындағы ынтымақтастық мəселелеріне арналған.

Келісімшарттың мазмұнын талдай келе, онда мəдениет, білім, туризм, денсаулық сақтау салалары бойынша жан-жақты байланыстарды кеңейтуге үлкен мəн берілгендігін анықтауға болады. Осы Келісімшарттың негізінде 2002 ж. Астана жəне Алматы қалаларында Қытай мəдениетінің күндері өткізілген болатын.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында мəдениеттің бір саласы — білім саласы бойынша екіжақты қарым қатынастар даму үстінде. Жоғарыда аталған «Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы көршілік, достық жəне ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарттың негізінде білім саласы бойынша ынтымақтастықтың негізгі құжаты 2003 ж. 3 маусымда Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасында қол қойылған «Білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарт [3, 516] болып саналады. Ал, 2009 ж. бұл Келісімшартқа толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, екі мемлекет тарабынан бекітілген. Аталған Келісімшартқа сəйкес екі мемлекет бірлескен ғылыми зерттеулердің белсенділігін жəне деңгейін жоғарлату, сонымен бірге білім саласындағы мемлекеттер арасындағы алмасуларды кеңейту мақсатында мыналарды іске асыруға міндеттенген:

  • білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жəне білім жүйесі туралы ақпарат, сонымен қатар оқу жəне оқу-құралдарымен алмасу;
  • жоғары, жоғары оқудан кейінгі жəне қосымша білім бағдарламалары бойынша білім алып жатқан студенттермен алмасу;
  • екі мемлекеттің мемлекеттік тілдерін үйрену мен таратуға ықпал ету.

Жоғарыда аталған Келісімшарт (2003) пен оған енгізілген түзетулерді (2009) салыстыратын болсақ, Келісімшарттың бірінші нұсқасында жыл сайын алмасу арқылы білім алатын студенттердің саны 20 адамнан артық болмау керек деп шек қойылған болса, Келісімшарттың екінші нұсқасында 100 адамнан артық болмау қажет деп көрсетілген. Мұның өзі біздің пікірімізше, білім саласындағы екі мемлекеттің алмасуға деген қажеттілігінің артқанын жəне екі мемлекеттің мұны іске асыруға дайын екендігін көрсетеді.

2007 ж. 18 тамызда Астанада ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев қол қойған Бірлескен мəлімдемеде [4] екі мемлекеттің Елбасылары Қазақстан мен ҚХР арасындағы гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге жəне мəдени алмасуларды тереңдетуге, бірлескен археологиялық зерттеу жұмыстарын жəне тарихи-мұрағаттық зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде айтылған. Бұл құжаттың ерекшелігі, мұнда алғаш рет трансұлттық «Ұлы Жібек жолын» əлемдік мұра тізіміне енгізу жəне радио мен теледидар саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту мəселелері қарастырылған. Сонымен қатар, Бірлескен мəлімдеменің мазмұнынан мемлекеттік мəдени орталықтарды ашу жөнінде келіскенін анықтауға болады.

2012 жылғы желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында 2014 ж. 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2030 жылға дейінгі мəдениет саласын дамытудың басым бағыттарын анықтаған мəдениет саясатының Концепциясы бекітілген болатын. Бұл мəдениет саласындағы жаңа саясаттың артықшылықтары — қазақ халқының бай мəдени мұрасы мен шығармашылық қуатын ескере отырып, əлемнің дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіру мақсатында Н.Ə. Назарбаевтың ұсынған рухани модернизация жəне «Рухани жаңғыру» ұлттық сананы жаңарту идеясы болды.

Қазіргі кезеңде мəдениетті жəне мəдени қуатты дамыту көптеген халықтар мен мемлекеттердің дамуының негізгі басымдықтары болып саналуда. Сондықтан Қазақстанның мəдениет саласындағы саясаты қоғамның тұрақты дамуына жəне қоғам мен мемлекеттің маңызды аспектілерінің дамуының сапалы өлшемін көрсетуге бағытталған. Сондықтан, 2030 жылдарға дейінгі мəдениет саласындағы саясаттың негізгі мақсаттарының бірі — ұлттық сананың рухани жаңаруы жəне бірыңғай мəдени кеңістікті қалыптастыру, мемлекетіміздің халықаралық оң имиджін жоғарлату болып саналады. Осындай мақсаттарға жету үшін қазіргі заманғы қазақстандық мəдениетті жаһандық əлемге көрсету жəне бəсекеге қабілетті мəдени ортаны құру мен заманауи мəдени кластерлерді дамыту үшін қолайлы жағдайды қалыптастыру міндеті қойылды.

Сондықтан қазақстандық мəдениет жаһандық мəдени диалогтың белсенді қатысушысы болуы тиіс жəне Қазақстанның əлемнің дамыған 30 мемлекеттері қатарына кіруіне ықпал етуі қажет. Əрине, Қазақстан Республикасының алдына қойған мұндай мақсат пен міндеттері, аталған мəселе бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үрдістері өз кезегінде бірқатар маңызды құжаттардың пайда болуына алып келеді жəне бұл үрдістер дипломатиялық құжаттарсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан, қарастырылып отырған кезеңде пайда болған мəдениет саласындағы ынтымақтастыққа қатысы бар құжаттардың маңыздылығы мен рөлін зерттеу қызығушылық танытады.

2013 ж. 7 қыркүйекте Астанада ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Хун Цзиньтао қол қойған «Жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету жөніндегі» Бірлескен декларация [5] қабылданды.

Декларацияның 2-ші бөлімі екі мемлекеттің арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың мəселелеріне арналған жəне оның мазмұнынан ҚР мен ҚХР-ның ұзақ мерзімді ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың механизмін құрудың қарастырылғандығын анықтауға болады. Сонымен қатар, аталған құжаттың негізінде екіжақты аймақтық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың деңгейін көтеру, 2014–2015 жж. арналған аталған сала бойынша жоспарды бекіту қарастырылған.

Декларацияның 4-ші бөлімінде «...екі мемлекет халықтары арасындағы достықтың нығаюына гуманитарлық ынтымақтастық үлкен маңызға ие. Екі мемлекет қысқа мерзімнің ішінде мəдени- гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Келісімшартқа қол қояды жəне оны жүзеге асырады» деп атап көрсетілген.

Құжатта мəдениет, білім, телевизия, туризм, денсаулық сақтау жəне спорт салалары бойынша өзара қатынастарды нығайту жəне 2013 ж. Қазақстанның Қытайдағы «Қазақстанның мəдениет күнін» жүргізуге қолдау танытатынын атап көрсеткен. Сонымен бірге, бірлескен мəлімдемеде екі мемлекеттің Елбасыларының Қазақстан мен Қытай арасындағы мəдениет саласындағы ынтымақтастықтың жан-жақты дамуының жаңа кезеңіне көшкендігі жөнінде пікірлері сақталған.

Жоғарыда аталған Декларацияның негізінде, 2015 ж. 31 тамызда Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында «Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарттың [6] деректік маңызы бар. Егер, осы дипломатиялық құжаттың түрін 1992 ж. 10 тамыздағы ҚР мен ҚХР арасындағы «Мəдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшартпен салыстырсақ, соңғы Келісімшарттың мазмұнының біршама кеңейгендігін анықтадық, яғни мəдениет саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары — археологиялық зерттеулер, мұрағат істері жəне ескерткіштерді қорғау салалары бойынша ынтымақтастық қосылған, сонымен қатар екі мемлекеттің бірлесе отырып, əлемдік мəдени мұра объектісі ретінде Ұлы Жібек жолын мойындауды ұсыну мəселелері қарастырылған.

Аталған Келісімшарттың негізінде ҚР мен ҚХР мына салалар бойынша келіскендігін анықтауға болады:

  1. мəдениет жəне өнер, материалдық емес мəдени мұраны қорғау, шығармашылық ұжымдарының өзара сапарларына ықпал ету;
  2. мəдениет пен өнер көрмелерімен алмасу;
  3. өнер, жазушы қайраткерлер топтарымен алмасу;
  4. материалдық емес мəдени мұраны қорғау саласы бойынша ақпарат алмасу жəне ынтымақтастық;
  5. мұрағат ісі бойынша тəжірибе алмасу;
  6. археологиялық зерттеулер, мұражай ісі жəне ескерткіштерді қорғау, Ұлы Жібек жолын əлемдік мəдени мұра объектісі ретінде мойындатуды бірлесіп атқару;
  7. өнер саласы бойынша ақпарат алмасу.

Сонымен, жоғарыда аталған Келісімшарттың мазмұнын талдаудың негізінде Қытай мен Қазақстан арасындағы мəдениет саласындағы ынтымақтастық бағыттарының кеңейгендігін анықтадық. Осы құжаттың негізінде 2015–2017 жж. аралығында Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің ықпалымен Пекин, Шанхай, Далянь жəне Сиань қалаларындағы университеттерде «Қазақстан орталықтары» жəне қазақ тілінің кафедралары ашылды.

2017 ж. 6 тамызда ҚР мен ҚХР арасында қол қойылған Бірлескен мəлімдеменің [7] маңызы бар. Осы құжаттың 4-ші бөлімінің 2-ші тарауы қытайлық жəне қазақстандық бұқаралық ақпараттар құралдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жəне мəдени-гуманитарлық алмасуларды дамытуға, екі мемлекеттің əдеби шығармалары мен фильмдерін өзара аудару салаларындағы қызметті тереңдетуге арналған. Сонымен бірге, аталған құжаттың шеңберінде білім, ғылым, денсаулық сақтау, спорт пен туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру мəселелері қарастырылғандығын анықтадық. Осы құжаттың негізінде 2017 ж. Қазақстандағы Қытайдың Туризм жылы өткізілді.

Сондықтан, ҚР мен ҚХР арасындағы мəдени-гуманитарлық сала бойынша қарым- қатынастарының негізгі бағыттарын, салаларын анықтап берген аталған құжаттардың маңыздылығы зор екені күмəн тудырмайды. 2011–2017 жж. арасындағы екі мемлекеттің мəдениет саласындағы қатынастарын зерттеу үшін 2013 ж. «Жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдету жөніндегі» Бірлескен декларацияның, 2015 ж. 31 тамыздағы «Мəдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі» Келісімшарттың, 2017 ж. 6 тамыздағы Бірлескен мəлімдеменің үлкен маңызы бар.

Сонымен қатар, Шығыс Азияның екінші бір қуатты мемлекеті — Жапониямен мəдени байланыстарды дамытуға арналған құжаттардың орыны ерекше. Мысалы, 2015 ж. қазанда Жапония мен Қазақстан Республикасы арасында «Стратегиялық əріптестікті тереңдету жəне кеңейту туралы Бірлескен мəлімдемеге [8] ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев пен Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ қол қойды. Мұның шеңберінде Қазақстан Президентінің 2008 жылғы маусымдағы Жапонияға сапары кезінде жарияланған, Жапония Премьер-министрі Я.Фукуда мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы Бірлескен мəлімдеменің маңыздылығын атап өтіп, екіжақты стратегиялық əріптестікті одан əрі тереңдетуге жəне кеңейтуге мүдделілік білдірген болатын. Аталған Бірлескен мəлімдеменің 20-шы тармағы екі мемлекет арасындағы мəдениет саласындағы ынтымақтастықтың мəселелеріне арналған. Онда Жапония мен Қазақстан сарапшылық қоғамдастықтарының өзара іс-қимылының тұрақты тетіктерін қалыптастыру мақсатында екіжақты қарым-қатынаста ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жəне ғылым мен техника саласында жастармен алмасуды кеңейтуге уағдаласып, осы бағытта қажетті қолдауды жалғастыруға, оның ішінде ғылым мен техника саласында жастармен алмасуды кеңейтуге жəне осы саладағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылған.

Сонымен бірге, Қазақстан мен Жапония зерттеу ұйымдарының, оның ішінде Жапония Халықаралық қатынастар институты, Жапония Қорғаныс министрлігі жанындағы Ұлттық қорғаныстық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты арасында ғылыми жетістіктермен алмасу нысанындағы серіктестікті, зерттеушілер арасындағы байланыстарды қолдауды, сондай-ақ семинарлар өткізуді көтермелеуге жəне т.б. сенім білдірген. Осымен қатар, жоғары оқу орындары арасында өзара студенттер мен оқытушылар алмасу арқылы мəдениетті дамытуға назар аударылған. Осыны ескере отырып, «Цукуба университеті» мен «Назарбаев университеті» арасында студенттермен алмасу туралы жалпыға бірдей келісімге қол қою ниетін қуаттады.

Қазақстан мен Жапония 2014 ж. маусымда «Томиока жібек тоқу фабрикасы жəне жібек өнеркəсібі мұралары кешені» (Жапония) мен «Чанъань–Тянь-Шань Жібек жолы дəлізі» (Қазақстан объектілері енгізілген) сияқты екі елдің мəдени мұра объектілерінің ЮНЕСКО Дүниежүзілік мəдени мұрасы тізіміне бір мезгілде енуін қолдаған. Екі мемлекет Қазақстандағы ежелгі қала Отырар қазындыларын т.б. зерттеу жұмыстары барысында археология саласындағы өзара іс-қимылдарды жалғастыруға сенім білдірген.

2016 ж. 9 қарашада Жапония мен Қазақстан Республикасы арасында «Азияның гүлденуі ғасырындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту жөніндегі» Бірлескен мəлімдеменің [9] 17-ші тарауы Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы мəдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа арналған. Бұл құжатта екіжақты мəдени саладағы байланыстардың болашақта дамуының бағыттары, жолдары анықталған. Мұнда Қазақстан мен Жапонияның мəдени- гуманитарлық алмасу саласы бойынша қатынастарды нығайтуға үлкен мəн берілген, сонымен бірге 2016 ж. қыркүйек-қазан айларында өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы шеңберіндегі Токио диалогының «мəдени апталарының» табысты өткендігі атап көрсетілген.

Құжаттың 18-ші тарауында 2016 ж. маусымда Токиода Жапония қоры тарабынан ұйымдастырылған Орталық Азияның мəдени мұрасы бойынша симпозиумның қосқан үлесі атап көрсетілген жəне Жапония тарабы Қазақстанға мəдени алмасу бойынша комиссия жіберуге міндеттенген.

Құжаттың 19-шы тарауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстанның бай мəдени мұрасын реставрациялауға берген көмегі үшін Жапония мемлекетінің басшысына алғыс білдірген. Сонымен қатар, мұнда Қазақстан мен Жапония елбасылары «Чаньань- Тянь-Шань Жібек жолы дəлізін» 2014 ж. ЮНЕСКО-ның Əлемдік мəдени мұра тізіміне енгізуге қолдау білдірген.

Құжаттың 23-ші тарауы екі мемлекеттің зерттеу институттары мен сарапшылар қауымдастығы арасындағы алмасулар жөніндегі ынтымақтастықты қамтыған. Соның ішінде Жапония қоры (the Nippon Foundation) мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастықты дамыту мəселелері қарастырылған.

Сонымен, талдау жасалған Қазақстан мен Жапония арасындағы Бірлескен мəлімдеменің мазмұнында екі мемлекеттің мəдениет саласындағы байланыстарының жаңа кезеңдегі бағыттарының анықталғандығын жəне мəдени мұра мəселесіне кең назар аударылғандығын көруімізге болады.

Қорытынды

Сонымен қатар, қазіргі жаһандану кезеңіндегі мемлекеттердің өзара тəуелділігінің өсуі жəне қазіргі əлемнің жаһандық мəселелеріне байланысты мемлекетаралық қатынастардың дамуы мен күрделенуі əрбір мемлекеттің мəдениет саласындағы дипломатиялық қызметінің рөлі мен маңызын арттырып отыр.

Жоғарыда талдау жасалған құжаттардың негізінде, 1990 жылдары Қазақстанның Шығыс Азия елдерімен мəдениет саласы бойынша халықаралық ынтымақтастығы енді өзінің қалыптасу кезеңінен өтсе, 2000 жылдарда бұл қатынастардың жаңа деңгейге шыққандығын көруімізге болады. 2011– 2017 жж. жоғарыда қарастырылған екі онжылдықпен салыстырғанда бұл кезеңде мəдени- гуманитарлық байланыстар мазмұнының біршама кеңейгендігін айқындауға болады. Атап айтсақ, олардың қатарына халықтың денсаулығын қорғау, медицина мен фармакологияны дамыту, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қалыптастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу жəне медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықты дамытуға басты назар бөлінгендігін айқындауға болады. Сондықтан, Қазақстанның Шығыс Азия мемлекеттерімен мəдениет саласындағы ынтымақтастықтың негізгі келісімшарттық-құқықтық негізі толық қалыптасқан деген тұжырым жасауға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Казахстан и Китай: горизонты сотрудничества [Электронный ресурс] — Режим доступа: http://www.investkz.com/journals/35/283.html. 03.01.2019.
  2. Договор о добрососедстве, дружбе и сотрудничестве между Республикой Казахстан и Китайской Народной Республикой [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://tengrinews.kz/zakon/parlament_respubliki_kazahstan.
  3. Сыроежкин К.Л. Казахстан–Китай: от приграничной торговли к стратегическому партнерству: сб. док. / К.Л. Сыроежкин. — Алматы: Каз. ин-т стратег. исслед. при Президенте РК, 2010. — 524 c.
  4. Совместное коммюнике Китайской Народной Республики и Республики Казахстан (полный текст) 2007/08/18 [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.mfa.gov.cn/rus/wjdt/gb/t353708.htm.
  5. Совместная декларация КНР и РК о дальнейшем углублении всестороннего стратегического партнерства (полный текст) 2013/09/16 [Электронный ресурс] — Режим доступа: http://kz.china-embassy.org/rus/ztbd/XJPFWHSKST/t1077211.htm.
  6. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики о культурно-гуманитарном сотрудничестве от 31 августа 2015 года [Электронный ресурс] — Режим доступа: https://tengrinews.kz/zakon/ pravitelstvo_respubliki_kazahstan_premer.
  7. Совместное заявление Китайской Народной Республики и Республики Казахстан. 2017. 06 авг. [Электронный ресурс] — Режим доступа: http://russian.news.cn/2017–06/08/c_136350568.htm.
  8. Совместное заявление об углублении и расширении стратегического партнерства между Японией и Республикой Казахстан [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://www.kz.emb-japan.go.jp/relations/151029_kyoudou_ru.pdf.
  9. Совместное заявление Японии и Республики Казахстан. О расширенном стратегическом партнерстве в век процветания Азии. [Электронный ресурс] — Режим доступа: http://www.kz.emb-japan.go.jp/files/000202021.pdf.Л.К. Шотбакова, Е.Н. Шотбай

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.