Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының саяси үрдістеріндегі медиация: мәселелері және болашағы

Мақалада Қазақстан Республикасындағы медиация институтының мәселелері мен болашағы қарастырылған. Авторлар медиация институтының қалыптасуы мен дамуына және оны қолданудың қажеттілігіне назар аударып, медиация институтының негізгі ерекше белгілеріне талдау жасап, медиацияны енгізудің ерекшеліктерін анықтаған. Еліміздің саяси жүйесіндегі медиацияның ұлттық және халықаралық деңгейлерде дамуы зерттелген. Сонымен бірге, мақалада ирандық ядролық бағдарлама мәселелерін реттеудегі Қазақстанның модератор ретіндегі орны және Сирия мәселесі бойынша астаналық үрдістің рөлі туралы айтылған.

Кіріспе

Қазіргі кезеңдегі әлемдік жағдай социумдағы агрессияның өскенін, саяси, этникалық экономикалық және отбасылық-тұрмыстық т.б. сияқты әлеуметтік шиеленістер көрсеткішінің ұлғайғандығын дәлелдеп отыр. Шиеленіс немесе дау өзінің жағымды немесе жағымсыз салдарына қарамастан, кез келген мемлекеттің, қоғамның, әрбір адамның өмірінде әрқашанда өткір мәселе туындатады. Бірінші кезекте, шиеленістің немесе даудың туындағанын, оның уақыттың өтуімен күрделенгендігін және оны шешу қажеттілігін ұғыну маңызды болып саналады. Шиеленістің немесе даудың салдары өзімізге, азаматтық қоғамның барлық мүшелеріне байланысты, сондықтан оларды басқарып, қалыптасқан қарбаластықты төмендетіп, оң нәтижелер мен қорытындыларға қол жеткізе білуге үйренуіміз керек. Осы себептен, мұндай даулар мен шиеленістерді реттеу мен шешу жолдарын іздестіру қажеттілігі туындап отыр.

2020 жылдың 1-қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.–Ж.К. Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында мемлекеттің қатысуынсыз компромисті табуға мүмкіндік беретін дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту қажеттілігіне назар аударған болатын. Осы себептен, қазіргі уақытта дауларды шешудің баламалы тәсілдерінің бірі ретінде — медиацияның рөлі мен маңыздылығы артып келеді.

Медиация институты Қазақстан үшін жаңа коммуникативті тәжірибеге ие және қазіргі уақытта ғылыми қауымдастық пен қоғам тарабынан медиацияға деген қызығушылық артып келеді. Әрине, медиацияның пайда болуы мен даму тарихы тереңде жатыр, дегенмен, медиация даулы жағдайларды қарастырудың қазіргі заманғы тәжірибесі ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында бекітілді. Қазіргі уақытта құқықтық жүйесі дамыған мемлекеттерде дауларды шешу барысында медиация кеңінен қолданылуда, ал жеке тұлғалар медиаторлардың көмегіне жиі жүгініп келеді. Статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта медиаторлар шиеленісті жағдайларды жемісті түрде шешіп отырғандығын анықтауға болады. Медиацияның негізгі артықшылығы коммуникативті байланыстағы дауласушы тараптардың белсенді ұстанымдарымен белгіленеді.

Медиация — дауларды шешудің баламалы институты ретінде отандық құқықтық жүйеде қазақстандық сот жүйесінің реформалануы нәтижесінде және коммерциялық дауларды соттан тыс шешудің жаһандық жүйесінің дамуы нәтижесінде белсенді түрде қалыптаса бастады. Сондықтан, Қазақстандағы медиация институтының қалыптасуы қазақстандық соттан тыс тәжірибесінің дауларды басқарудың қалыптасқан жаһандық жүйесіне интеграциялануын көрсетіп отыр.

Қазіргі күні медиация жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларда қолданылып келеді.

Осымен бірге, медиацияны халықаралық қатынастардағы әртүрлі деңгейлердегі шиеленістерді шешу барысында қолданудың маңызы жоғары. Өзімізге белгілі, қазіргі уақыттағы қалыптасып отырған жағдайды талдау, соған дейінгі және жаңадан пайда болған саяси, әлеуметтік, территориялық, тарихи, ұлттық, діни, нәсілдік және басқа да сипаттағы бірқатар мемлекетаралық шиеленістер орын алып келеді. Осындай шиеленістерді шешу барысында медиация институтын кеңінен қолдану қажеттілігі туындайды. 2017–2018 жж. Қазақстанның Тұрақты мүше емес ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі қазіргі әлемдік және аймақтық деңгейлердегі шиеленістерді бейбіт жолмен шешу жолындағы бастамаларының бірі деп атап көрсетуге болады.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, мақала тақырыбының өзектілігін мына жағдайлармен байланыстырып, анықтауға болады: біріншіден, шиеленістерді реттеудің тәсілі ретінде медиация институтын тереңнен зерттеудің қажеттілігімен, шиеленістік қоғамдағы медиация қызметінің бағыттарын анықтаумен байланысты; екіншіден, қоғамдағы дауларды немесе шиеленістерді реттеу тәжірибесіндегі медиацияның пайда болуының алғышарттарын анықтаумен байланысты.

Зерттеу әдістері

Тақырыпты зерттеу барысында медиацияны салааралық және кешенді институт ретінде зерттеуге мүмкіндік берген жалпы ғылыми танымдық әдістер қолданылды. Атап айтқанда, талдау және синтездеу, сипаттау және индукция мен дедукция әдістері қолданылды. Диалектикалық әдіс қоғамдағы дауларды немесе шиеленістерді реттеудің балама әдісі ретіндегі медиация институтының генезисі мен дамуын зерттеуге мүмкіндік берді. Осымен бірге, медиацияны жүзеге асырудың формаларын зерттеуде жүйелеу әдісі пайдаланылды. Бұдан басқа тарихи-құқықтық әдістің негізінде нормативті деректерге талдау жасалып, медиация институтының тарихи заңдылықтары анықталып, болашақтағы даму мәселелері қарастырылды.

Пікірталас

«Медиация» ұғымы «mediare» деген латын сөзінен шыққан және делдалдық дегенді білдіреді. Медиация — бұл кез келген дауды немесе шиеленісті бейтарап және дауға немесе шиеленіске қызығушылық танытпайтын үшінші тараптың қатысуымен реттеудің жаңа әрі балама түрі болып саналады. Үшінші тарап медиатор ретінде дауласушы немесе өз алдына соттасушы мемлекеттердің белгілі бір келісімге келуіне ықпал етеді. Медиация — бұл азаматтық, іскерлік, отбасылық және т.б. құқықтық қатынастарды, сонымен қатар орташа ауыр қылмыстық істер бойынша даулы жағдайларда қолданылуы мүмкін. Азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың медиацияны белсенді түрде қолдануы нәтижесінде сот жүйесіне деген ауыртпалық бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, халықаралық статистикаға сәйкес барлық даулардың 30–40 пайызы медиация рәсімі арқылы өтеді [1].

Қазіргі уақытта, медиацияны қолдану тәжірибесі АҚШ пен Еуропалық одақта кеңінен тараған. Мысалы, АҚШ-та жеке даулардың 95 пайызы сотқа жүгінусіз шешілсе, Еуропада медиацияның арқасында шиеленістердің 80 пайызы шешіледі [2].

Әрине, медиация арқылы дауды реттеу үрдісі Қазақстан үшін жаңа тәсіл. Дегенмен, әлеуметтік шиеленістердегі татуластыру және делдалдық институтының механизмдері қазақ даласында ертеде пайда болған және бұл билердің соты арқылы жүзеге асырылған.

Қазақстан Республикасындағы медиацияны ұйымдастыру саласы 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Парламентінің қабылдаған «Медиация жөніндегі» Заңына сәйкес реттеледі. Аталған Заңның 3-ші бабына сәйкес Қазақстандағы медиацияның мақсаты — дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып саналады [3].

Осымен бірге, аталған Заңға сәйкес дауларды шешудің өзге тәсілдерімен салыстырғанда медиацияның елеулі артықшылықтарға ие екендігін анықтауға болады және олар келесілерді қамтиды:

– Еріктілік, себебі медиация тек қана, егер тараптар өз еркімен өзара түсіністікке қол жеткізу мақсатында келіссөз жүргізуді және бейбітшілік келісім жасасуды ұйғарған кезде орындалады. Күшпен дауды шешу тәсілдерімен салыстырғанда медиация екі жақтың маңыздылығын сақтауға және болашақта қолайсыз зардаптарды болдырмау үшін, олардың мүдделерін теңдестіруге мүмкіндік береді.

– Құпиялылық. Сотқа жүгінген кезде, тараптарға өзінің жанжалын толығымен қоғамға ашып айту қажеттілігімен көну керек болады. Келіссөздер тараптары арасында және медиатормен құпиялылық туралы бітім жасалады, ал бұл тараптарға жанжалдың жария болмауына кепілдік береді. Мәліметтердің қандай бөлігінде және қандай нысанда құпиялылықтың керек немесе керек еместігін тараптар өз еркімен айқындайды.

– Алалықсыздық. Бейтараптық — медиация үрдісін басқаратын адамның негізгі сипаттамаларының бірі. Медиатор еш уақытта істі шешуде мүдделі емес. Ол төрешінің емес, бейтарап көмекшінің рөлін орындайды; ол кеңестер бермейді, шешімдер қабылдамайды, тараптарға бірдей бейтарап қарайды (ол бір жақтың жеңуінде мүдделі емес). Оның мақсаты — тараптардың бірінің пайдасына шешім шығару емес, дауласқан тараптарды татуластыру болып табылады.

– Тараптардың тең құқылығы, себебі тараптар келіссөз және шешім қабылдауда тең құқыққа ие.

– Жанжалды шешудегі жылдамдылық. Сот үрдісі, шешімнің заңды күшіне енуі, атқару өндірісіне қарағанда, медиация әлдеқайда аз уақыт алады.

Осылайша, 2011 ж. «Медиация жөніндегі» Заң қабылданғаннан соң медиация институты әртүрлі алаңдарда дамып, қолданыла бастады.

2017 ж. 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының № 6001–1-177–4/16 өкімінің негізінде «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Ереже [4] бекітілді. Бұл даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы Ереже 2011 ж. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. Аталған пилоттық жобаның мақсаты даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу болып табылады. Ал міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау болып саналады. Атап көрсетілген жобаға сәйкес медиация шеңберіндегі қарастырылатын даулардың санаты келесідей анықталған:

  • баланың мүдделеріне орай (баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау туралы, баланы басқа адамдардан тартып алу туралы, білім алушылардың білім жүйесінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғарғы білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырауға алимент өндіріп алу туралы);
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-б. 1-т. міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары;
  • мұрагерлік;
  • көршілердің арасындағы жер учаскесінің шекараларын анықтау, пәтерді су басқандығы туралы;
  • пәтерден шығару туралы, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша;
  • некені бұзу және мүлікті бөлу туралы;
  • қарыз келісімшарттары бойынша;
  • сақтандыру.

Негізінен, медиация институты сот жүйесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарында, осымен бірге, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясында (одан әрі – ҚР КФ) кеңінен қолданылады. Барлық аталған құрылымдар өзара қол қойылған келісім- шарттарға сәйкес бір-бірімен тығыз ынтымақтастық негізінде жұмыс жасайды. Мысалы, 2018 ж. ҚР Жоғары Соты мен Кәсіподақтар федерациясы арасында қол қойылған ынтымақтастық жөніндегі Мемарандум қоғамдағы шиеленістік жағдайды төмендетуге бағытталған, ал 2016 ж. 30 маусымда қол қойылған ҚР Жоғарғы Соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы Меморандумның мақсаты шиеленістердің сотқа дейін реттеу институтын, соның ішінде медиация институтын енгізу және дамыту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып саналады.

ҚР КФ кәсіподақтарының территориялық бірлестіктерінде татуластырудың 17 Орталығы («Татуласу орталығы») құрылған және оларда 2019 ж. 15000 медиациялық рәсімдер (оның ішінде 4000 іскерлік даулар бар) өткізілген, 2800 медиациялық келісім-шарттарға қол қойылып, 380 дау келіссөздер арқылы шешімін тапқан. «Татуласу орталығының» жұмысына 30 кәсіби медиатор мамандары тартылған және бұл мамандар ҚР Жоғары Сотының «Еңбек дауы бойынша татуластыру рәсімдері», «Отбасылық даулар», «Сотқа дейін және соттағы татуластыру» деп аталатын жобаларына қатысады. Осылардың нәтижесінде, соттағы еңбек дауларының төмендегенін көре аламыз. Мысалы, 2018 ж. сотқа еңбек дауы бойынша 8596 іс пен өтініштер түссе, 2019 ж. 8250 іс пен өтініштер келіп түскен, яғни 4 пайызға азайған [5].

Әлемде қоғамның трансформациялануы негізінде ақпараттық қызметтің объектісінен субъектісіне өту нәтижесінде жаңа акторларды тарту негізінде қатерлер туындайды. Солардың нәтижесінде этносаралық келісім бұзылып, ақпараттық терроризм, экстремизм, радикалды ойларды тарату секілді кері қағидаттар орын алады. Қазақстандық қоғамның ішінде осы жағдайларды туғызбау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы кең рөл атқарады және қазіргі қоғамдағы бірлік пен кезінде ұлттық элита айтып кеткен ұлттық құндылықтарды сақтауды және отанға деген сүйіспеншілікті нығайтуға атсалысып отыр. Ассамблеяның ерекше статусы оның заңшығарушы функциясымен негізделген және қазақ қоғамында өмір сүріп жатқан этностардың ортақ қызығушылықтарын жүзеге асыруға бағытталған. Осымен бірге, медиация институтын енгізу мен дамытуға ықпал ететін Ассамблеяның медиация желісінің маңызы бар.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 14–1 бөлімінің 6-бабына сәйкес ҚХА жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы медиация институтының дамуына ықпал етеді. Ал, аталған Заңның 11 бөлімінің 6-бабына сәйкес Ассамблея қызметінің негізгі қызметтерінің бірі ретінде қайшылықтар мен дауларды реттеу барысында ұсыныстар мен тәжірибелік іс-шараларды өңдеу, шиеленістік жағдайларды тудырмау көрсетілген [6].

Осының нәтижесінде, Ассамблея жанында медиацияның республикалық кеңесі құрылған, медиацияның 28 аймақтық кеңесі және 503 медиация кабинеті ашылған және оларда 962 медиатор қызмет атқарады. Толықтай алғанда, 2019 ж. ҚХА медиаторларына 31000 өтініш келіп түскен, соның ішінде 19053 өтініш (61 пайызы) медиативті келісімшартқа қол қоюмен шешімін тапса, қалған 12375 (38 пайызы) өтініш медиаторлардың кеңесі арқылы өзінің шешімін тапқан [5].

Бұдан басқа медиция халықаралық қатынастардағы кез келген екі мемлекеттің арасындағы шиеленістерді реттеу барысында кеңінен қолданып келеді. Әрине, шиеленістерді бейбіт жолмен шешу — бұл халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бірі болып саналады. Мемлекеттердің арасында қарама-қайшылық туындаған кезде мемлекет екінші бір мемлекеттің құқықтары мен заңды қызығушылықтарын бұзбайтын әрі белгіленген тәсілдерді қолдану барысында өзінің мақсаттарына қол жеткізе алады. Мұндай жағдайда, дипломатиялық байланыстарды дамыту мен нығайтуға ықпал ететін дауларды шешудің тиімді механизмдерін қолданудың маңызы жоғары. Мемлекеттер арасындағы дауларды шешудің ең көп тараған тәсілі келіссөздер болып саналады. Егер, келіссөздер жеткіліксіз немесе тиімсіз болған жағдайда дауласушы тараптар медиацияны қолдануы мүмкін. Медиацияның келіссөзден айырмашылығы — дауды шешу үрдісіне екі тарапты татуластыру мақсатында үшінші тараптың араласуымен белгіленеді. Дегенмен, мұнда модератордың рөлі пассивті болады, ал оның мақсаты — дауласушы мемлекеттер арасында құрылымдық диалогты құру болып саналады. Сондықтан, кейбір жағдайларда медиация әдісін қолданудың барысында келіссөздер жаңартылуы мүмкін.

Халықаралық даулардағы медиация рәсімін жүргізу үрдісі мен медиацияны ішкі мемлекеттік деңгейде жүргізу үрдісімен ұқсас болып келеді. Екі жағдайда да медиатор шиеленістің психологиялық аспектісіне назар аударады. Мұндай жағдайда, медиатордың негізгі міндеті — келіссөз үшін құрылымдық ұстанымды өңдеу, ал мақсаты — тараптарға мәселені шешудің ортақ жолдарын іздестіруге бағыттау болып саналады.

Әрине, медиация халықаралық ұйымдар, мемлекеттер немесе жеке тұлғалар тарабынан жүргізілуі мүмкін. Мысалы, БҰҰ мен басқада аймақтық ұйымдар қызметінің мақсаты шиеленістердің алдын алу және оны шешу болғандықтан, БҰҰ-ның Бас хатшысы және БҰҰ құрылымдары медиация үрдістеріне жиі тартылады.

Қазақстанның да халықаралық қатынастардағы мемлекеттік мәселелерді реттеу барысында медиаторлық тәжірибесі қалыптасып келеді. Өзімізге белгілі, Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартып, Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтатып, осы уақытқа дейін ядролық қарусыздану үшін өзінің бастамаларын көрсетіп келеді. Мұнан басқа, Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы халықаралық істердегі, атап айтқанда аймақтық және жаһандық көлемдегі өткір мәселелер бойынша, осымен бірге Иран ядролық мәселесі бойынша Батыс пен Шығыс арасындағы делдалдылыққа бағытталған.

Мысалы, 2013 жылдың 26–27 ақпанында Алматыда БҰҰ-ның бес тұрақты мүшесі (Ресей, Қытай, АҚШ, Франция және Ұылбритания) және Иран, Германия мен Еуропалық одақтың өкілдері қатысқан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алғашқы келіссөздер өтті. Бұл келіссөздердің барысында Қазақстан модератор ретінде қызмет атқарды.

2013 ж. 5–6 сәуірінде Алматыда Е3+3 (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ пен Франция) тобы және Иран өкілдерінің арасында Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті. Осының нәтижесінде Иран және алты мемлекет ирандық ядролық бағдарлама бойынша келісімге келе алды. Келіссөздер барысында Иран мәселесі өз шешімін толығымен таппаса да, жаңа ұсыныстарды жасалудың өзі де үлкен жетістік болып саналады.

Осымен бірге, халықаралық қатынастардағы Сирия мәселесін шешу барысындағы астаналық үрдістің Қазақстанның саяси жүйесінде медиацияның қалыптасуы мен дамуына ықпалы зор болды. Сирия мәселесі бойынша астаналық үрдістің бірінші раунды 2017 жылдың 23–24 қаңтары аралығында өтті және бұл үрдістің барысында үкімет пен қарулы оппозиция делегациялары алғаш рет келіссөз үстеліне отырды. Жалпы алғанда, 2017 ж. Сирия мәселесі бойынша Астанадағы келіссөз үрдісінің 8 раунды өтті. Бұл келіссөздердің нәтижесінде қатысушы тараптар Сириядағы татуластық жөніндегі мониторигтік топты құру туралы келісіп, тұтқынға алынғандарды алмастырудың механизмдері құрылды. Осымен бірге, астаналық үрдістің төртінші раунды барысында зорлық көрсетуді тоқтату, Сирияның территориялық тұтастығын сақтау, шиеленісті саяси тұрғыдан реттеуге бағытталған Сирияда деэскалация зонасын құру жөніндегі Меморандумға қол қойылды. 30–31 қазан аралығында өткен келіссөздердің сегізінші раундының қорытындысы мазмұнды және маңызды болды. Атап айтқанда, келіссөздің нәтижесінде «тұтқындарды азат ету, қаза тапқандарды елдеріне қайтару және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша» жұмысшылар тобының Ережесі мақұлданды, осымен бірге, Сириядағы гуманитарлық минасыздандыру, соның ішінде ЮНЕСКО-ның Мәдени мұра нысандарын минасыздандыру жөніндегі Бірлескен мәлімдеме қабылданды [7].

2021 жылдың 21–22 желтоқсанында Нұр-Сұлтанда қаласында өткен Сириядағы әскери шиеленісті бейбіт реттеудің кезекті 17-ші раунды барысында оған дейінгі қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы талқыланды.

Қорытынды

Қазіргі заманғы медиация қазақ даласындағы адамдардың құқықтық қатынастарын реттеген билер институтының тарихи жалғасы деп айтуымызға болады. Сондықтан, Қазақстан үшін медиация тарихи қалыптасқан институт болып табылады.

Дегенмен, медиацияның нормативтік негізінің қалыптасуы дауларды шешу саласы дамуының оң бағыты болып саналатын әділдік сотын енгізу Қазақстанның дамуының жаңа кезеңін білдіреді. Бүгінгі кезеңде медиация құқықтық дауды шешудің баламалы тәсілі ретінде тиімді екенін мойындауға болады. Қазіргі уақытта медиация даулар мен шиеленістерді реттеудің альтернативті механизмі ретінде сот жүйесіне деген ауыртпалықты төмендетуге, азаматтық істерді қарастырумен жүктелген судялардың жұмыстарына көмек көрсетуге бағытталған. Сондықтан, болашақта медиация институтын дауларды шешудің тиімді тәсілі ретінде қоғамның мойындауы үшін қажетті жұмыстарды атқару керек. Осы себептен, болашақта біздің қоғамымызда медиацияны дамыту үшін оны ақпарат құралдарында (теледидар, газеттер, әлеуметтік желілер) насихаттау қажет.

Осымен бірге, халықаралық шиеленістерде де медиация институтын қолданудың маңызы бар. Бұл салада медиация рәсімдерін қолдану әскери әрекеттердің алдын алуға немесе оларды тоқтатуға және мемлекеттер арасында достық қатынастарды орнатуға ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық аренада Қазақстан өзін мәдениеттер, дін мен өркениеттердің үйлестірілген модераторы және беделі бар халықаралық құқықтық субъектісі ретінде көрсетіп, ирандық ядролық бағдарлама және Сирия мәселесін реттеуде маңызды рөл атқарды.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Урегулирование споров путем медиации [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://egov.kz/cms/ru/articles/mediation
  2. Ассамблея народа Казахстана как уникальный медиатор в сфере межэтнических отношений [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://articlekz.com/article/18182
  3. Закон Республики Казахстан «О медиации» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://online.zakon.kz/Document/? doc_id=30927376
  4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 6001-1-17-7-4/16 өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы» Ереже [Электрондық ресурс]. — Қолжетімділік тәртібі: http://sud.gov.kz/kaz/news/a
  5. Медиация — эффективный инструмент разрешения трудовых споров [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://assembly.kz/ru/news/mediatsiya-effektivnyy-instrument-razresheniya-trudovykh-sporov/
  6. Об Ассамблее народа Казахстана. Закон Республики Казахстан от 20 октября 2008 года № 70–IV [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z080000070_
  7. Диханбаева Д. Астанинский процесс и его роль в политико-дипломатическом урегулировании сирийского конфликта / Д. Диханбаева. — [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://isca.kz/ru/analytics-ru/2601

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.