Құқық

Аталған мақалада Ежелгі Римдегі азаматтық сот өндірісі нысандарының даму эволюциясы қарастырылған. Автор легисаксондық, формулярлық және экстраординарлық процестің мәнін ашып көрсетеді.
2014

Мақалада мемлекеттік құпиялар анықтамасын анықтау мен түрлі мемлекеттерде оларды реттеу ерекшеліктері көрсетілген. Әрбір мемлекеттің мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызу критерийлері мен олардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі айқындалған. Мемлекеттік құпиялар саласындағы заңнамаларға жете талдау жүргізіліп, екі түрлі жүйенің ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген.
2014

Ғылыми жұмыстың мақсаты Кеден одағындағы кедендік бақылауды жетілдіру мәселесіне арналған. Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес кедендік бақылау жүргізу кезіндегі негізгі мәселелер айқындалды.Зерттеу бары- сында кедендік бақылауды жүзеге асыру барысындағы кемшіліктерді және кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың қазіргі уақыттағы жағдайын ескеріп, кедендік бақылау саласын жетілдіру жолдары қарастырылған. Сонымен қоса Кеден одағындағы кедендік сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелер қарастырылған. Кедендік бақылауды жетілдіруде «2012-2015 жылдар аралығындағы Кеден одағындағы кедендік әкімшілікті жетілдірудің негізгі бағыттары» бағдарламасы негіз ретінде алынды.
2014

Қазақстанда мемлекеттік-құқықтық жүйенің қалыптасуы көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі маңыздысы қоғамдық өмірдегі негізгі мәселелерде этносаралық келісім болып табылады. Азаматтық қоғам мен демократия, егемендік құндылықтары негізінде этносаяси дамудың басты мәселелерін шешу Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Еліміздің негізгі функцияларының бірі – этносаралық қатынастарды реттеудің ҚР Конституциясы нормаларына сәйкес берік саяси-құқықтық негізі бар. Елімізде ұлттық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат пен қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіруде қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлі көрсетілген.
2014

Мақалада Қазақстанның конституциялық заңнамасының қалыптасу кезеңдері мен оның кеңеске дейінгі (1900-1917 жж.) және кеңестік кезеңдерде (1917 жылдан 80-жылдардың соңына дейін) дамуы қарастырылған. Тиісінше әрбір кезеңнің ерекшеліктері ашылып, тиісті конституциялық-құқықтық актілерге талдау жасалған. Қорытындысында кеңеске дейінгі және кеңестік кезеңдегі конституциялық заңнаманың маңызы мен рөлі тура- лы жалпы түйін беріліп, олардың егемен, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық заңнамасының құрылуы мен қалыптасуында негіз болғандығы баяндалған.
2014

Мақалада Кіші жүз ханы Әбілқайырдың және Француз императоры Наполеон Бонапарттың мемлекеттік қайраткерлік қызметтері суреттеледі. Олар өмір сүрген заманның саяси хал-ахуалы баяндалады. Саяси-әскери іс-әрекеттері салыстырылып ғылыми зерттелінеді. Мақалада олардың тек әскер өнерін жетік меңгерген қолбасшы ғана емес, сонымен қоса тамаша саясатшы болғаны туралы сөз қозғалады. Екі тұлғаның бейнесі мемлекетаралық қарым-қатынастар шеңберіндегі тарихи-саяси рөліне қысқаша ғылыми шолу жасалынады.
2014

Бұл мақалада биліктің табиғаты, көпқырлылығы және түрлері, заманауи билік концепциялары қарастырылған. Мұнда билік генезисіне адамдардың ортақ өмір сүру қажеттілігі ретінде баға берілген. Заманауи конституциялық құқықта қалыптасқан билік түрлеріне құқықтық түсіндірме жасалған. Заманауи демократиялық қоғамдағы билік қарым-қатынастарының сипаты және олардың даму тенденциясына құқықтық тұрғыдан баға берілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билікке тән ерекшеліктер мен  белгілер сипатталған.
2014

Куәлік иммунитет институтын заңнамада бекіту және оны жетілдіру қылмыстық іс жүргізудің демократиялық құндылықтарын бекіту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Десе де бұл қағиданың нақты жүзеге асырылу кепілдіктері көңіл аударуды талап етеді. Атап айтқанда, куәлардың жалпы құқықтарының кепілдіктерін, соның ішінде өзін-өзі айыптаудың кепілдігін күшейтуде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бекітілген куәнің адвокаттың қатысуымен жауап беру құқығының жүзеге асырылуы өзекті.
2014

Аталған мақалада кінә және кінәнің нысандары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы кінә дәрежесінің түсінігі қарастырылған. Кінә – тұлғаның онымен жасалған қоғамдық қауіпті іс- әрекетіне деген қылмыстық заңмен белгіленген психикалық қатынасы. Кінәнің мәні қылмыскердің қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік құндылықтарға деген дұрыс емес қатынасымен анықталады. Кінәнің дәрежесі оның нысаны мен мазмұнының жиынтығымен анықталатын, кінәнің әлеуметтік мәнінің сандық сипаттамасын білдіреді. Авторлар кінә институтының тарихи дамуын, сондай-ақ шет елдердің қылмыстық құқығындағы кінә нысандарын және оның қылмысты саралаудағы рөлін талдайды.
2014

Мақалада жасөспірімдер арасындағы құқық бұзу әрекеттерінің алдын алу мақсатында жүргізілетін іс- шараларды жеке қарамай оны кешенді түрде, яғни ҚР әлеуметтік-экономикалық және құқықтық өзгертулер арқылы жүргізілетін кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының өсуін тежеу арқылы еліміздегі әлеуметтік жағдайы қарастырылған.
2014

Мақалада ұлттық және діни экстремизммен күрестің кейбір мәселелері қарастырылған. Авторлар осындай зілзаламен күрестің өзіндік көзқарасы мен күрес жолдарын ұсынуға тырысқан. Зерттеудің нақты нәтижелері ҚР бағдарламалық құжаттарымен, отандық авторлар пікірлерімен және эмпирикалық мәліметтермен анықталған.
2014

Мақалада құқық шығармашылық қызметтің мәселелері талданылған. Құқық қолдану деңгейінде көрініс тапқан кемшіліктер көрсетілген. Автор қолданыстағы қылмыстық заңдағы жіберілген олқылықтарды жеке-жеке сипаттаған және қылмыстық заңнамадағы кемшіліктерді жоюға байланысты ұсыныстар жасауға тырысқан.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.