Экономика

Бұл мақалада экономикалық жүйедегі туризм және рекреация саласының ресурстық әлеуетінің рөлі қарастырылады
2019

Мақалада өңірлерді дамыту бағдарламаларын әзірлеу қажеттілігі анықталып, оларды әзірлеудегі артықшылықтар мен кемшіліктер көрсетілген
2019


Бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында негізгі кезеңдік жұмыстарды орындаудың жоспар-графигі әзірленеді және шығындардың нақтыланған сметасы құрастырылады.
2011


Нарықтық экономика жағдайында тəуекел – бұл кəсіпкерліктің маңызды элементі. Тəуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нəтижелілігіне əсер ететін көптеген шарттар жəне факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тəн
2011

Дамыған елдердің интенсивті инновациялық қызметі экономикасының дамуына тәуелді болып келеді. Қазақстанның экономикасының технологиясы көбінесе импортты техника мен технологияға тәуелді болып барады.
2011

Мақалада қылмыстық процестегі жаңа институт тергеу судьясының ұғымы жəне мəні, қылмыстық істердегі сот төрелігі жалпы жүйесіндегі субъектілері арасындағы орны қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізудегі тергеу судьясы институтының мазмұнына жəне жүйедегі іс жүргізуге соттық бақылауды нығайтуға байланысты сұрақтар зерттелген. Авторлар, ең бастысы, тергеу судьясының өкілеттігіне, яғни санкция беру жəне айғақтарды сақтауға, баса назар аударған. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мəселелерді сот отырысын өткізбестен жеке-дара қарайды.
2015

Мақалада қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын арнайы білімдер мазмұны түсінігіне қатысты мəселелер қарастырылған. Қылмыстылықпен күрестегі арнайы білімдердің алатын орны көрсетілген. Автор арнайы білімдер мазмұны түсінігі жайлы бірқатар ғалымдардың пікірлерін талқылап, осы мəселеге қатысты өз көзқарасын қалыптастыруға тырысқан. Арнайы білімдердің белгілері жан-жақты зерттеліп, олардың сипаттамасы берілген.
2015

«Бизнес-инкубатор» сөзі біздің тұрмысымызға «business», «incubator» деген ағылшынның екі сөзінен келген. Бізде «инкубатор» түсінігі дəстүрлі түрде құс өсіру жəне жылы түрде балапан өсірумен байланыстырылады. Жаңадан бастаушы кəсіпорындармен үйлестірсек, бұл сөз жаңадан құрылушы кəсіпорындардың тəжірибе алатын жəне одан əрі өсіру мен нарықтағы өз ұстанымдарын нығайтуға көмек алатын орнын сипаттайды. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң, əдетте үш жылдан соң, фирма бизнес-инкубатордан шығады жəне дербес өмір сүре бастайды. Бұл кезде оның қолында бар айтарлықтай тəжірибесі мен əлеуеті бірінші кезеңде өте жиі орын алатын банкротқа ұшыраудан құтылуға ғана емес, сонымен бірге əрі қарай дамуына да мүмкіндік береді. Ал оның босаған орнына бизнесті нөлден бастайтын жаңа фирмалар келеді.
2009

Кластер — бұл өздері өндіретін өнімнің бəсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми жəне қаржы мекемелермен, жергілікті басқару өкілеттіліктерімен тығыз байланыста болатын кəсіпорындардың аумақтық-салалық ерікті бірлестіктері. Кластер кəсіпорындардың бизнес жүргізу жағдайларының өзгеруіне жəне рыноктағы сұранысқа тез арада икемденуіне мүмкіндік береді. Жүйелік талдаулар нəтижелері көрсеткендей, агроөнеркəсіп кешенін жетілдірудің жəне дамытудың ең тиімді жолы — бұл жүйелі түрде дамушы кəсіпорындар құру жəне оларды кластерлік модельдер мен кластерлік технологиялардың көмегімен біріктіру. Қызылорда облысында мұндай жүйені құруға толық негіз бар. Қазақстанның агроөнеркəсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006–2007 жылдарға арналған тұжырымдық негізгі мақсат ретінде отандық өнімнің ұлттық басымдылығын қалыптастыру мен дамыту негізінде АӨК салаларының өнімділігі мен табыстылығы анықталған.
2009

Отандық кəсіпорындардың өндіріс көлемінің динамикалық өсуі жəне тұтынылатын материалдық ресурстардың өсіп жатқан көлемі материалды-техникалық жабдықтауды басқаруға жəне материалдық ресурстарды кейінгі қолдануға жүйелік тəсілдемені қолдану қажеттілігін дəйектейді. Ол өзінің мəнін жабдықтау, өндіріс, бөлу жəне тұтыну үдерістерін біріктіретін логистикалық материалдық ағымдарды құруда табады. Мұнда басты роль осы үдерістердің ақпараттық қамтамасыз етуінде жатыр. Қолда бар жағдайдың талдауы көрсеткендей, Қазақстан экономикасының барлық салаларындағы кəсіпорындарында материалдық ресурстарды басқару жүйесі дамыған шет ел кəсіпорындарымен салыстырғанда дамудың төменгі деңгейінде жатыр.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.