Халықаралық қатынастар

Автор «Табиғи ресурстар қарғысына» қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесіне шолу жасаған. Табиғи ресурстарға бай елдердің дамуын талдау «голландық ауруға» қарсы тұруда экономикалық саясаттың сипаты басты рөл атқаратындығын көрсетеді. Боствана, Индонезия, Норвегия секілді елдерде тиімді экономикалық саясаттың нәтижесінде голландық аурудан аман қалып, айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізе алды. Ал, кейбір елдерде керісінше жағдайлар орын алды. Бұл дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың, атап айтқанда қаржы және валюта саясатының, сондай-ақ елге шикізатты сатудан түсетін кірістерді тиімді басқара алмаудың нәтижесі екендігі дәлелденді. Экономиканың дамуына ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен бпйланысты әрекет ету болып табылады. Ресурстық қарғыс түсінігінің мазмұнын басқаша ойлаудың авторлық көрінуі қалыптастырылған.
2014

Мақала Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық қатынастарға арналған. Екі ел арасындағы экономи- ка саласындағы 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі 22 жыл ішіндегі жетістіктер мен әлі де шешімін таба алмай отырған мәселелер кеңінен талданған. Еларалық экономикалық саяси қатынастардың жаңа стратегиялық әріптестік сатысына көтерілгендігі дәлел тауып олардың екі ел үшін де маңыздылығы көрсетілген. Қазақстан мен Жапонияның ел басшыларының, ведомстволар, министрліктер басшыларының сапарлары барысында қол жеткізілген келісімдерге сараптама жасалған. Сонымен қатар көптеген жаһандық мәселелер бойынша екі елдің көзқарастарының ұқсастығы көрсетіліп, әлемде экономикалық дамыған елдер ішінде үшінші орынға ие болып отырған Күншығыс елінің біздің республикамыздың дамуына септігінің маңыздылығы қарастырылған.
2014

Мақалада қазақстандық-американдық ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік деңгейіне өтуімен екі жақты диалогтың жаңа мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан экономикалық қарым-қатынастар мазмұнының сипаты ашылып, даму үдерісі қарастырылған. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың энергия қорлары саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Энергетика ресурстарын дамыту мен әртараптандыру бойынша Қазақстанның АҚШ жоспарында алатын орны ерекше және және бұл келесідей факторлармен негізделген: республика дамуының тұрақтылығы мен болжамдылығы, ықтимал инвестициялық климат, экономикалық өсуі, көп жақты және прагматикалық көзқарасқа негізделген сыртқы саясат, демократиялық үдерістердің оңды серпінділікпен дамуы. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.
2014

Бұл мақалада энергетикалық қауіпсіздіктің анықтамасы мәселесі қарастырылған. Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасы мәселесіне қатысты түрлі авторлардың еңбектері, бірқатар мемлекеттердің және түрлі халықаралық ұйымдардың құжаттарындағы анықтамалар келтірілді. Энергетикалық қауіпсіздік әлемдік саясаттағы маңызды мәселелердің біріне айналды, алайда ұғымының жалпы танылған тұрақты анықтамасы жоқ. Энергетикалық қауіпсіздік анықтамасындағы айырмашылықтар, бірінші кезекте, тараптар мүдделеріндегі өзгешеліктерімен байланысты. Бір мемлекет экспорттаушы болса, екіншісі – импорттаушы, яғни олардың мүдделері де әр түрлі. Мұнайды жеткізуші өнім бағасының жоғары болуын қаласа, тұтынушы төмен болуын қалайды. Энергетикалық қауіпсіздіктің ортақ анықтамасына келу әлі де мүмкін болмаса да, тараптар арасында ортақ қағидалардың бар екендігін байқауға болады. Ең бастысы, энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікттің маңызды құрамдас бір бөлігі болып табылады. Ал энергетикалық қауіпсіздікті әлемдік деңгейде орнату үшін барлық тараптар ымыраға келуі тиіс.
2014

Каспий аймағы – энергетикалық және геосаяси жағынан алғанда өте маңызды стратегиялық кеңістік. Мақалада Түркияның Каспий мен Орталық Азия аймағына қатысты жүргізіп отырған саяси-энергетикалық стратегияларын қарастырамыз. Түркия Ресейдің Каспий мен Орталық Азиядағы энергетикалық саясатын теңгеріп, Иранның аймақтық саясатымен бәсекелесе алатындай салмақты ойыншыға айналуда. Түркия – ықпалы артып, экономикалық әлеуеті өсіп келе жатқан күштердің бірі. Түркияның саясаты тек энергетикалық жолдар мен құбырларды бір-біріне жалғайтын көпір рөлін атқаруға ғана бағытталмайды. Түркияның саясаты Еуропа, Кавказ, Каспий, Орталық Азия, Иран, Араб аймақтарының экономикалық энергетикалық мүмкіндіктерін барынша кең көлемде пайдаланып қалуға бағытталған.
2014

«Ғасыр жобасы» атымен белгілі болған 2005 жылы Атасу-Алашанькоу магистральды құбыр салына басталды. Құбырды тапсырыс беруші және иегері болып Қазақстан-Қытай құбыры компаниясы – «ҚазТрансОйл» және СNPC тіркелді. Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының ұзындығы 962,2 км болып қалыптасты. Оның ішінде 960 км Қазақстан территориясында, ал 2,2 км ҚХР-ның территориясында болып тіркелді. Бүгінде, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан және Қытай жаңа жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын қолға алу ниеттерін білдіруде. Ниеттерін жүзеге асыру және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты көрсетудің дәлелі ретінде «ҚазМұнайГаз және Қытайдын Ұлттық Мұнай компа- ниясы арасында келісілген Қазақстан-Қытай арасында мұнай құбырының екінші кезеңін салу жөніндегі негізгі принциптері туралы Келісім-Шартқа» қол қойылды. Бұл құжат Астана және Пекиннің екі жақты энергетикалық ынтымақтастықтың қызығушылығын білдірді. Қазақстандық тарап Кенкияк-Құмкөл мұнай құбырын салуды жоспарлауда. Аталмыш құбыр Кенкияк-Аты- рау, Құмкөл-Атасу, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырларының аяқталушы және біріктіруші құбыр болып және сондай-ақ Қазақстанның батыс және орталық бөлгіндегі мұнайды Қытайға тасымалдауын қамтамасыз етеді.
2014

ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің әртүрлі аймақтарында алуан түрлі халықтардың одағы, келісімдері, бірлестіктері құрылды. Интеграцияның мәдениеті мен экономикалық және саяси ынтымақтастықтың халықаралық тәжірибелерінің құрылуы мен дамуы байқалды. Алғашында бірігудің негізгі критерийі таза идеологиялық бірігу болса, 80- жж. идеологияның орнына басты рөлді аумақтық және тарихи жақындыққа, со- нымен қатар мәдени – діни құндылықтар орын алды. Аталған жағдайлар Орталық Азия аймағына да қатысты болды, аймақта тәуелсіз дамудың алғашқы жылдары діни, мәдени негіздегі және тарихи аумақтық қарама – қайшылықтар, аймақта жетекшілік үшін күрес негізінде ішкі аймақтық мәселелердің орын алуына алып келді. Орталық Азия аймағы бірқатар мемлекеттердің аймақтағы бай ресурстар үшін саяси және экономикалық мүдделердің тоғысқан торабына айналды.
2014

Бұл мақалада Орталық Азия елдеріндегі ядролық қару таратпау саласындағы қазіргі кездегі мәселелеріне кешенді талдау жасалынған. Автор отандық және шетелдік мамандардың аталаған салаға байланысты пікірлерін ескеріп және оларға талдау жасай отырып өзінің қөзқарасын ұсынады. Сонымен қатар Қазақстандағы ядролық және басқа да радиоактивті материалдарды бақылау жүйесін қалыптастыру тәжірибесі Орталық Азия елдеріндегі мәселелерді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік беретіндігі дәлелденген. Осыған байланысты Орталық Азия елдері қолға алған интеграциялық үрдістер тұрғысында өздерінің және ядролық қару таратпау тәртібін қолдаушы мемлекеттердің мүдделеріне бірдей жауап беретін ядролық және басқа да радиоактивті материалдарға бақылаудың бірлескен үлгісін жасау қажеттігі туындап отырғандығы атап көрсетілген.
2014

Мақалада қазіргі замаңғы өзекті мәселелердің бірі – Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы жағдай сарап- талып, Қазақстан ұстанымының бұл мәселені реттеудегі маңызы қарастырылады. Әлемдік деңгейде ядролық қауіпсіздік мәселесінде белсенді рөлге ие Қазақстан еліміз халықаралық қатынастар жүйесінде ерекше орын алады. Автор Қазақстанның ядролық қауіпсіздік саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, Республикамыздың Иран мемлекетімен екіжақты қарым-қатынастардың даму барысына шолу жасайды. Оған қоса, Қазақстанның Иран ядролық мәселесіне қатысты ұстанымын айқындай отырып, автор еліміздің бұл мәселені реттеуге қосқан үлесіне тоқталады. Мақалада Иран ядролық мәселесі айналасындағы қазіргі жағдайға сараптама жасалып, Иран ядролық бағдарламасына қатысты алтылық мемлекеттер мен Иран тараптары арасында келіссөздер ба- рысында қабылданған тарихи маңызы бар Уақытша келісім жаң-жақты қарастырылады.
2014

Бұл мақалада Корей Халық Демократиялық Республикасы ядролық бағдарламасының пайда болуының себептері мен алғышарттары қарастырылады. Корей түбегі ХХ ғасырдың ортасынан бастап қақтығыс территориясы мен Азия Тынық мұхиты аймағындағы қатынастардың шиеленісу аумағы болып табылады. Орын алған жағдайдың алғышарты бұрын біріккен мемлекеттің толықтай бір-бірімен бақталас екі мемлекетке бөлінуіне алып келген 1950-1953 жылдардағы Корей соғысы екені сөзсіз. Жұмыста Корей соғысы аяқталып, елдің екіге бөлінуінен кейін Корей түбегі КСРО мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және идеологиялық күрестің сахнасына айналғандығы жазылған. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың Корей түбегіндегі жағдайға назар аудартатын маңызды факторларының бірі бірнеше ядролық дағдарыстың пайда болуының себепшісі және көп жылдардан бері Азия Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздік жүйесінің тұрақсыздандыру факторы ролін атқарып келген Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланады.
2014

Бұл мақалада 2010-2011 жылдардағы Мысырдағы саяси дағдарыстың негізгі себептері қарастырылған. Өйткені 2010 жылғы қарашадағы парламенттік сайлау көрсеткендей, елде еркін және әділ сайлауды күту мүмкін емес еді. Жалпы заңбұзушылық, алдап-арбау мен зорлық-зомбылықтың нәтижесінде билік партия-   сы толыққанды жеке үстемдікке ие болды. Мақалада сонымен бірге авторитарлы билікке, төменгі деңгейде өмір сүруге қарсы басталған 2011 жылдың қаңтарындағы толқулар баяндалады. Жұмысшы ереуілдері кезінде президенттің бұйрығымен үкіметтің қауіпсіздік органдары халықты басу мақсатында қалай аяусыз жазалағаны да қарастырылады. Мақала соңында қысқаша түрде қақтығысқа қатысушы әр тараптың қажеттілігі, мүдделері мен ұстанымдары сарапталынады. Қорытынды ретінде сонымен бірге тағы да бірқатар дағдарыстың себептері көрсетіледі. Өйткені олардың кейбіреуінсіз мысырлық революцияның да кең етек алуы мүмкін емес еді.
2014

2010 жылдың аяғында және 2011 жылдың басында Солтүстік Африка мемлекеттері Тунис, Египет, Ливияда басталған «араб көктемі» бүкіл Таяу Шығыс аймағына жайылды. Бұл революциялық толқындар 2011 жылдың ақпан айының соңына 22 араб мемлекетінің 19-ын қамтыды. Бұл аймақтағы елдер 2004 жылдан бастап Еуропалық Одақтың шығысқа кеңеюінен соң, көршілестік саясатының ауқымына кірген еді, ал 2008 жылдан бастап оның Жерортатеңізі үшін Одақ көліміндегі әріптестеріне айналған еді. Мақалада ЕО-тың бастапқы кезеңдегі ұстамды жауапта болуының себептері, кейін ЕО-тың жаңа аймақтық стра- тегияны және тиісті тәсілдер мен құралдарды жасап шығарудың қажеттілігі қарастырылады. Жаңа аймақтық стратегияны жасап шығару тек қана саяси емес, сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қажеттіліктен шықты. Мақалада ЕО саммиттерінің қорытынды құжаттары басты назарға алынып, араб мемлекеттерімен жетілдірілген ынтымақтастық концепциясы баяндалған ЕО-тың ресми құжаттары қарастырылды. Жалпы алғанда ЕО өзінің бұрынғы саясатынан бас тартатындығын мәлімдеп отырған жоқ, ол аймақтағы өзгерістер мен осыған байланысты туындап жатқан жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, өз бағытын қайта жаңғыртқандығын көрсетіп отыр.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.