Халықаралық қатынастар

Бұл мақалада жалпы геосаяси, мәдени және діни кеңістікті құрайтын Солтүстік Африка және Батыс Азия территориясында орналасқан Араб әлемі елдерінің халықаралық ақпарат көздеріндегі бүгінгі болмысы қарастырылады. Араб әлемі соңғы жылдары бірнеше оқиғаларды бастан өткерді. Таяу Шығыс Йеменнен Бах- рейнге дейін және Ливиядан Тунис пен Мароккоға дейінгі революцияға кез болып отырды. Араб елдеріндегі саяси оқиғалар ХХІ ғасырда халықаралық қатынастарға тікелей ықпал етуші мәселелерге айналып отыр және халықаралық ақпарат көздерінде де маңызды тақырыптардың бірі. «Араб көктемі» деп танылған саяси оқиғаларды халықаралық ақпарат көздерімен сараптау қажеттілігі мақаланың өзектілігін айқындайды. Халықаралық БАҚ араб әлемінің бүгінгі болмысын сипаттауда және араб халықтарының хақты талап еткен үнін жеткізуде шешуші рөл атқарудағы көріністері мақаланың пәні болып табылады.
2014

Қазіргі таңда жаһандық экономикалық кеңістікті қалыптастыратын құбылыстар әлемдік масштабта елдер арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтіп келеді. Жаһандық үрдістер мемлекеттердің өз экономикалық құрылымдарын қайта реформалауына, жаңа экономикалық саясат қалыптастыруына ықпал етеді. Берілген мақалада Қазақстанның жаһандық, аймақтық интеграциялық үдерістердегі белсенділігі айқындалған. Еуразиялық интеграцияның жаһандық маңыздылығы ашылған. Жаһандану үрдістері өз бастауын аймақтық интеграциялардан алатынын тарихи жағдайлар көрсетіп отырғандықтан, нарықтық экономикаға бағыт алған Қазақстанның экономикалық құрылымын зерделеу өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Осыған орай, авторлар Қазақстанның Еуразия кеңістігінде мүмкін болатын экономиканың жаңа құрылымының қажеттігін талдауға тырысқан. Оған мемлекеттік бағдарламаларды, халықаралық маңызы бар жобаларды және Елбасы Жолдауларын негізге алып, Бүкіләлемдік экономикалық форумның мәліметтеріне, деректеріне сүйенеді. Мақалада сыртқы экономикалық интеграциялық үрдістердің әсерінен қалыптасқан экономика құрылымы тал- данып, экономика секторларына арнайы ұсыныстар жасаған.
2014

Бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған. Автор трансшекаралық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың құқықтық негізін реттейтін халықаралық-құқықтық нормаларды қарастыруға тырысқан.Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланудың техникалық шарттары, халықаралық ақпарат алмасу, таратылатын ақпарат мазмұны сияқты негізгі мәселелерге тәуелді. Автор осы мәселелердің халықаралық-құқықтық реттелуіне назар аударған. Мақалада мемлекеттер арасындағы ақпараттық мәселелерді шешетін екіжақты және көпжақты мемлекетаралық келісімдерге талдау жасалған.
2014

Бұл мақала қазіргі Қытайдағы кибер-нацонализм құбылысын жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қоғамдық-саяси өмірге тигізіп отырған ықпалының мысалы ретінде сараптауға арналған. Қытайдың интернетті пайдаланушылар, әсіресе жастар арасында ұлтшылдық идеялардың кең таралуы Қытай коммунистік партиясының идеологиялық монополиясына белгілі дәрежеде қауіп төндіріп отыр және интернетті белсенді пайдаланушылардың либералды-демократиялық және батысшылдық идеяларға жақындығы туралы қалыптасқан көзқарастарға қарсы болып отыр. Сонымен қатар, мақалада ҚХР-дағы кибер-национализм феноменін сараптау барысында Қытайдың интернет-мәдениеті мен Батыс пен Қытайда сөз бостандығына бай- ланысты айырмашылықтарға шолу жасалады. Қытай Коммунистік партиясы үшін кибер-национализм жаңа, танылмаған құбылыс болып табылады және осыған байланысты кибер-ұлтшылдарға қатысты нақты саяси бағытты таңдау мәселесі туындап отыр. Себебі, қытайлық кибер-националистер ҚХР үкіметінің ішкі саясаты- на сын көзбен қараса, сыртқы саясат пен қорғаныс саясатында ел басшылығын толық қолдап отыр, бұл қолдау әсіресе Қытай мен басқа мемлекеттер арасында қақтығыстар мен дау-дамай пайда болған кезде күшейе түседі.
2014

Қытай экономикалық даму қарқыны, халық саны және тағы бірқатар маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемде алдыңғы қатарда. Дегенімен, мемлекетте дамушы елдерге тән бірқатар кешенді мәселелер шешімін таппаған. Сондықтан, Қытай Халық Республикасы басшылығын көзқарасына сәйкес, кез келген жаһандық қатерлер ең өзекті болып табылады. Оларға байланысты шешімдер қабылдау, бір жағынан мемлекеттің әлемдегі үстемдігін арттыру тәсілі деп қарастырылса, екінші жағынан өсімнің жоғары қарқынын қолдауға мүмкіндік беретін ішкі даму құралы ретінде қаралады. Қытайдың сыртқы саясаты көптеген ғалымдар мен сарапшылардың зерттеу нысаны болып табылады. Оның қазіргі бағыттары 1980 жылдардан бастап Қытай Халық Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамаларының дамуымен тікелей байланысты. Сондай-ақ, Қытай басшыларының жүргізген сыртқы саясатының эволюциялық дамуы мен Ху Цзинтаоның «гармониялды әлем құру» идеясы да сараланған. Аталған көріністерді сипаттау ҚХР болашақ сыртқы саясатын болжау үшін өте маңызды болып табылады. Мақала ресейлік, қазақстандық және қытайлық деректерге негізделген.
2014

Бұл мақалада Оңтүстік Азия аймағындағы және Үндістанның қауіпсіздік мәселелері қарастырылады. Оңтүстік-Азия субаймағындағы мемлекеттер  арасындағы  Үндістанның  географиялық,  демографиялық және экономикалық көрсеткіштері бойынша көшбасшылық жағдайы оның белсенді аймақтық саясатымен айқындалады. Оңтүстік Азиядағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесіндегі Үндістанның ұстанымы кешенді аймақтық қауіпсіздік үшін маңызы зор болып табылады. Бір жағынан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Оңтүстік Азияның геосаяси және экономикалық маңызының артуы, екінші жағынан Оңтүстік Азиядағы аймақтық мүдделер мен Үндістанның ұлттық мүдделерінің тығыз ара-қатынасы осы мақаланың өзектілігін айқындайды. Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Үндістанның саясаты аталмыш мақаланың пәні болып табылады.
2014

Еуропа мемлекеттерінің сот жүйесін зерттеу, ол жүйедегі судьяларды іріктеу процедураларын және еуропа елдерінің сот жүйесінің дамуына талдау жасау қажеттілігі, отандық сот жүйесін жетілдіру мәселесінде өте қажет. Осыған байланысты мақалада, еуропа елдерінің сот төрелігінің жүйесі қарастырылып, ұлттық сот жүйелерінің ерекшеліктеріне және судьялар корпусының қалыптасу механизмдеріне талдау жасалынып, роман­герман және англо­саксон сот жүйесінің ерекшеліктері анықталады. Еуропа елдеріндегі (Франция, Германия, Англия және Италия) сот мекемелерінің пай­ да болуының заңдылықтарына басты назар аударылған. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың құзыреті және құрамы қарастырылып, сот жүйелерінің қалыптасуына ықпал етуші түрлі факторлар тарихи даму аясында айқындалған.
2014

Бұл мақалада мәмілешарт түсінігі туралы қарастырылған. Екі немесе одан да көп жақтың аза­ маттық құқықтар мен міндеттерді анықтау, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі ретіндегі келі­ сімшарт. Бұл анықтамада мәмілешарт туралы айтылғаны анық. Келісімдер, шарт ретінде, заңдық фактілерден айырмашылығы да, мазмұны да жоқ. Оған тек келісімшарттан шыққан келісімдік құқықтық қатынас ғана ие. Сонымен қоса, басқа да құқықтық қатынастардағыдай келісім мазмұнын контрагенттердің өзара құқықтары мен міндеттері құрайды. Әдебиетте құқықтық қатынастардың пайда болу негізі ретіндегі келісім түсінігі мәселесі бойынша бір біріне сәйкес келе бермейтін көз­ қарастар білдірілген болатын. Мысалы, ресейлік заңгер­ғалымдар М.И. Брагинский мен В.В. Вит­ рянский АҚШ Бірыңғай сауда кодексіне көңіл аударады. ҚР Азаматтық кодексінде «шарт» және «келісім» ұғымдарымен қатар тағы бір ұғым кеңінен қолданылады – ол «келісім беру» ұғымы. «Келісім беру» «келісім» ұғымына қарағанда заңдық фактілерге тән салдарды туындатпайды.
2014

Бұл мақалада исламдық банкинг жөнінде заңды әзірлеудің тарихи аспектілері, Қазақстанның азаматтық заңнамасына сәйкес исламдық банкинг өнімдерін дайындау қағидалары қарастырылып, құқықтық реттелуі қазақстандық заңнамамен қарастырылған исламдық банкингтің негізгі өнімдеріне анықтама беріледі. Исламдық банкинг шеңберінде лизингтік операцияларды, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын және т.б. жүзеге асыру үшін өзіндік талаптары көрсетілген, шариат кеңесінің Қазақстан заңнамасы бойынша исламдық банкингті жүзеге асыру барысындағы қызметіне сипаттама және құқықтық негіздемелер беріледі. Мақалада исламдық банкингтің негізгі өнімдері сипатталады, ислам банктері қызметін құқықтық реттеудің, ислам банктері қызметі үшін Қазақстанда құқықтық база құрудың даму келешегі мен бірқатар мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, мақала Қазақстандағы исламдық банкинг институтын әрі қарай өркендету  қадамдарын  зерделеуге арналған.
2014

Мақалада экономикадағы «Голландық ауру» ұғымының теоретикалық аспектілері және Қа­ зақстан Республикасында «голландық аурудың» салдары мен себептерінің ерекшеліктері (едәуір­ шикізат ресурстары бар елдердің экономикалық дамуының ерекше құбылысы) қарастырылады. Бұл еңбекте Ресей мен Қазақстанда «голландық аурудың» болуы туралы мәселе ерекше қызығу­ шылық тудырады. Көптеген зерттеушілер табиғи ресурстарды экспорттаушы елдерде «голландық аурудың» тек кейбір симптомдарының бар екендігін жартылай дәлелдеді немесе мұндай растауларды мүлдем таппады. Экономиканың дамуына ресурстардың болуының өзі емес, оған сай келетін жауаптар іздеу қажет және солармен байланысты әрекет ету болып табылады. Автор «голландық аурудың» болжамын талдайды және оны Excel бағдарламасының қателіктермен салыстырады.
2014

Сумен қамтамасыз ету мен трансшекаралық өзендер ресурстарын бірлесе қолдану мәселесі Ор­ талық Азия мемлекеттері үшін өте маңызды болып табылады. Суды қолданудағы өзара тәуелділік қатысушылардың көпшілігі мен су ресурстарының тең емес мөлшерде орналасуымен, сонымен қа­ тар оларды тиімсіз түрде қолданумен сипатталады. Авторлар мақалада Орталық Азиядағы су ресурстарын рационалды пайдаланудағы ынтымақ­ тастыққа бөгет жасайтын негізгі факторларды және аймақтағы су мәселесінің қазіргі жағдайын қарастырады; су ресурстарын бірлесе қолдану мәселесінің тарихын қарастырады; су ресурстарын бірлесе қолданудағы негізгі мәселелерінің бірі болып табылатын аймақ елдерінің қызығушылықта­ рындағы қарама­қайшылықтарды атап өтеді; трансшекаралық өзендер ресурстарын қолданудағы жағдайға сараптама жасайды және аталмыш салада диалогты жақсарту арқылы мәселенің ортақ шешімін табу қажеттілігін дәлелдейді.
2014

Аталған мақалада Ұлыбритания мен Италия арасында туындаған «Ауылшаруашылық жабдық- тардың импортына қатысты кемсітушілік» дауы бойынша материалдық құқықтық мәселелер қарастырылады. Мақалада аталған даудың айрықша ерекшеліктері талданады. Дауларды шешу жөніндегі Дүниежүзілік сауда ұйымы органының осындай істерді шешу тәжірибесі бойынша Қазақстан Республикасы үшін ерекше маңызға ие, өйткені еліміздің сырқы саудасында ауылшаруашылық жабдықтар импорты үлкен орын алады. ГАТТ-ң III бабына сүйене отырып автор салыстырмалы-құқықтық әдісін қоса отырып, әртүрлі талдау тәсілдерін кешенді қолдану арқылы қарастырылатын дауды шешудің мүмкіндігін ұсынады. Бұл дауды шешудің басты нәтижесі – мемлекеттің шаруашылық субъектілеріне көрсеткен көмегі кемсітпеушілік қағидасын бұзуы мүмкін деген ережеде. Қорытынды бөлімінде аталған дауды шешу бойынша кейбір ұсыныстар келтіріледі.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.