Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Үшінші мыңжылдыққа, XXI ғасырға, қадам басқан қоғамның даму үрдісінде Қазақстан егемендік алып, көк байрағын желбіретті. Ұлт тəуелсіздігі — ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы елінің жарқын болашағы жолындағы күресінің жемісі. Қазақстан мемлекетін əлем танып, өркениетті əлемнің қауымдастығы — Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Елбасы Н.Назарбаев ұлт мəселесіне басты назар аударып, егемен мемлекет пен тəуелсіз ұлттың дамуында ұлттық сипаттың мəнін атап көрсетті. «Кеңес кезінің өзінде шын ұлттық мемлекеттілік таптық сипаттан ұлттық сипатты жоғары қою жолымен жүзеге асатынына көз жете бастады.
2011

Олай болса, М.Жұмабаевтың аудармашылық шеберлігі, ерекшелігі жайындағы ой бағытымызды дұрыс арнада өрістету үшін, əуелгі кезекте, аудармашылықтың өзі қандай еңбек екендігін айқындап алған жөн болмақ. Бұл ретте «Əдебиеттану» терминдер сөздігіне көз салсақ, аударма «əдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды» [1] болып анықталады. Ж.Жақыповтың анықтамасы бойынша: «Аударма» — көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-əрекеттің нəтижесін, өнімін білдіреді... Аудармаға байланысты басты екі жайт бар: 1. аударманың мақсаты — бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырманды/тыңдарманды өзге тілдегі мəтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру; 2. аударма дегеннің өзі — басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу» [2].
2011

Халық мұрасы туралы сөз еткенде бел ортасында шешендік сөздердің болатындығы айдан анық. Сондықтан, шешендік сөздердің табиғатына тереңдей үңіліп, оның қыры мен сырын ажырату фольклортанушы-ғалымдардың басты міндеттерінің бірі екендігі ақиқат. Десек те, шешендік сөздердің сыртқы өрнегі мен ішкі сұлулығын көпшілігінде ділмарлық пен тапқырлықтың аясынан көбірек іздейтіндігіміз де рас. Бірақ халық ақындарының шығармашылығының тартымды болуына айрықша əсер ететін осы шешендік екендігі мəлім. Əсіресе айтыс саласында бұл сипат айқын аңғарылады. Сөзіміз дəлелді болуы үшін айтыстағы шешендіктің қызметіне шама-шарқымыз жеткенше тоқталып көрелік.
2011

Абылай заманында, басқа сөзбен айтқанда, жан-жақтан аранын ашқан алпауыттардың андыздай анталап, бойы бекіп, бұғанасы қатпаған аз ғана халықтың бір-біріне қарама-қарсы қам-қарекетке толы қилы-қилы кезең еді. Бір жағы — қаптаған қалың Қытай, бір жағы — азуы алты қарыс орыс патшалығы, бір жағы — іргелес жатқан, күш-қуаты мол Қоқан хандығы. Бұл елдердің қайсысы да сылтау іздеп, ұрынарға қара таба алмай, аңдысқан аумақты алыптартын. Осылардың арасынан жол тауып халқын апатқа ұрындырмай, əрі суыққа тоңдырмай, таласа-тартыса тіршілік ету аса епті, əріден ойлайтын адамға тəн толағай сын болатын. Оған қоса өз ішінен шыққан дұшпан пиғылдағы жан- дарға тойтарыс беріп, елді бірлікке бастау қиынның қиыны екені даусыз.
2012

Тарих та, бүгінгі күн де — тіршіліктің тартыс майданы. Мұның өзі — суреткер туындылары ар- қылы көрініс табатын адамдар тағдырлары үшін тиек болған көркемдік фон — көркемдік декорация болып табылады. Ал, Əбіш Кекілбаевтің шығармаларының басты өзегі — тарих пен тағдырлар фило- софиясын алуан-алуан тұрғыдан мейлінше саралап, мейлінше даралап көрсетеді. Мұның бір шырқау көріністеріне «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дилогиясын, «Абылай хан» халықтық қаһармандық драмалық дастанын, ұлы ақын Махамбет туралы «Шандоз» тарихи баянын жатқызар едік. Көркем ой тұрғысынан алып қарағанда монументалды роман мен драмалық дастанды, тарихи баянды қазіргі қа- зақ əдебиетінің даму өрісіндегі кезеңдік ірі туындылар десек жарасымды.
2012

Жеке инсанның сөзінен (бізше, лексиконынан) оның не білетінін, қанша білетінін, қалай білеті- нін байқап отыруға болады. Адамның сөйлегенінен ойының жүйесін, білігінің өресін айқындау, тіпті, ғылыми «микроскоппен» үңілуді де қажет етпейтіндей. Алайда тілді дұрыс жұмсау, прагматикалық пайдалы құрал ретінде пайдалану жолдарын білу, соны аккумуляциялау тіл білімінің қоғам болаша- ғын қамдайтын бір парызы деп санауға болады.
2012

Адамзат баласының болашақ үшін қоғамдық, мəдени-əлеуметтік, экономикалық, тағы басқа кү- ресі, сан ғасырлық тарихы, рухани жаңғырулары ұрпақтан ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы ар- қылы жетеді. Ана тілінің өміршеңдік қызметінің қуаты мен құдіреті, негізінде, жаңа ұрпақтың ұлты- мыздың көне тарихы мен мəдениетін дұрыс танып-білуінен бастау алады. Осы бастаулар кешенді тіл ғылымының көкжиегінде тағылымдық мəні зор ұлт тілінің өн бойынан ұлттық мəдениеттің көзі ре- тінде табылады. Осымен байланысты тіл табиғатының қыр-сыры өзге ғылым салаларымен (психоло- гия, антропология, этнография, мəдениеттану т.б.) тығыз қарым-қатынастың негізінде танылып, зер- деленіп отыр.
2012

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жай сөйлемдері мағыналық жағынан бір-біріне қайшы келетін сабақтас құрмалас сөйлемдер жатады [1]. Мұндай сөйлемдердің синтаксистік компо- ненттері арасындағы мағыналық байланыс бағыныңқылардың басқа түрлеріндегідей бірін-бірі толық- тап, бірін-бірі сипаттап тұрмайды, керісінше, бір-біріне қарама-қарсы айтылады. Біріншіден, біз қар- сылықты бағыныңқылы сабақтастарды жасаудағы шартты райлы етістіктерге тоқталамыз. Бұл жол- дың өзі екіге бөлінеді.
2012

Қазақ тіл білімінде теориялық мəселелерді зерттеу — дəстүрлі үрдіс. Ал жеке ғалымдардың ғы- лымға қосқан үлесі туралы жол-жөнекей ғана айтылады. Оның өзінде көбінесе белгілі бір теориялық мəселеге деген көзқарасы, пікірі ғана есепке алынады. Ал қазақ тіл білімінің тарихында айтулы үлес қосқан тұлғалар қаншама. Айта кету керек, қазақ əдебиеттануына бұндай дəстүр кең енген.
2012

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі.
2012

Көркем мəтін — өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Əдеби шығармада сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни уақыт-кеңістік қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір-бірімен алмасып отыратын əрекет-жағдайлардан тұратыны белгілі. «Адамзат тарихының əр түрлі кезеңдерінде əдеби мəтіннің жиі-жиі гуманитарлық ойлаудың өзегіне айналып отырғаны, қоғамдық пікірге əрқилы қозғау салғаны мəлім, сондықтан əрбір гуманитарлық ғылымның əдебиетпен байланысы жөнінде зерттеулер көп, əлі де жалғаса бермек. Əдебиет ең алдымен сөз өнері болғандықтан, дара ғылыми бағыт ретінде өнертанудың əдеби мəтінге деген қызығушылығы түсінікті. Тілтанудың да əдеби мəтінді өз зерттеулерінің негізгі нысаны етуі заңды. Түйіп айтсақ, көркем мəтінді жүйелі қарастыруға деген ықылас мынадай төрт ірі ғылыми салаға тиесілі екен: əдебиеттану, лингвистика, өнер семиотикасы, аударматану. Бұл салалардың өзі іштей арнайы мəтінтанушылық мақсаты бар ірілі-ұсақты бағыттарға бөлінеді». Сонымен бірге қазіргі кезде мəтінтануда салааралық пəндер де жедел дамып келеді, оларды көркем мəтіннің мазмұндық, прагматикалық, пішіндік жақтары қызықтыруда» [1; 51].
2012

Қазақ əдебиетінің тарихының күрделі кезеңі мен тұтас дəуірінің болмыс-бітімін тануда əр ғасырдың алар орыны айрықша болып табылады. Б.Кенжебаев ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуде орын алып отырған басты кемшіліктерді: «Бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетін менсінбеушiлік, жете бағаламаушылық болды; кейбір даурықпалар ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиеті идеялық, көркемдік дəрежесі төмен, ескішіл, ұлтшыл əдебиет, тіпті ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасындағы əдебиет болған жоқ десті.
2012

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.