ҚазҰУ Хабаршысы

  Халықаралық қылмыстылықпен күресу халықаралық құқық және ішкі мемлекеттік қылмыстық құқық негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар көптеген жалпы қылмыстық құқық бұзушылар көбінесе халықаралық нысанға иеленеді. Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында ТМД мемлекеттерінде сияқты шетел азаматтарымен, оларға қатысты жасалынған қылмыстардың саны өсті.
2015

Радиациялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды элементі және ол қазіргі және болашақ ұрпақтарды радиациялық ластанудың зиянды әсерінен қорғау жағдайын білдіреді. Тарихи және саяси тұрғыда қалыптасқан себептерге байланысты Қазақстан үшін радиациялық қауіпсіздік мәселесі ерекше мәнге ие. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы мемлекеттердің бірі. Дегенмен, ядролық қаруды қолданудың салдары әлі де  орын  алуда.  «Айталық, тек Семей ядролық сынақ полигонында 40 жылдық жоспарлы ядролық қаруды сынақтан өткізу мерзімінде 500 ядролық және термоядролық жарылыстар орын алғаны жақында ғана белгілі болды. Жарылған зарядтардың жалпы қуаты тротил эквивалентінде 18 мегатоннаны құрайды. Бұл аймақтың тек экологиялық жүйесіне ғана зиян келтірілген жоқ, сонымен қатар Семей, Курчатов қалаларында, Знаменка, Қайнар, Саржал, Долан, Қарауыл, Шаған елді мекендерінде тұратын әртүрлі жастағы жарты миллионға жуық адам радиациялық ластанудың құрбанына айналды. Бұл жағдай радиациялық қалдықтардың аэрозольды және диффузды түрде тасымалдануы (мал жайылымдары, жем-шөп даярлау және т.б.), сондай-ақ жабайы аңдардың түрлі жолдармен тасымалдауы салдарынан орын алуда [1].
2015

Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі негізінен екі аспектіде қаралатын қағиданың қатарына жатады. Бір қырынан алып қарағанда, мұны конституциялық құқықтық қағида ретінде, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу құқығының басты қағидасының бірі ретінде түсінуге болады. Оның себебі, жалпы бұл қағида екі қырлы сипаттағы қағида екендігінде.
2015

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің трансформациясы қай кезде де, белгілі-бір дағдарыстың туындауына  негіз болады. Ал ол өз кезегінде белгілі бір жағдаяттардың себебімен бұл жүйенің мүлдем жойылып кету қауіпін төндіреді. Сондықтан да, оның қауіпсіздігі туралы мәселе туындады. Бұл экономикалық қақауіпсіздікті мемлекеттік және құқықтық қамтамасыз ету және де қамтамасыз етудің мемлекеттік концепцияларын өңдеп жетілдіруге негіз болады. Экономикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің ажырамас бөлігі.
2015

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясындағы елдердің жеке-дара мемлекет болып дамуының өзіндік ортақ заңдылықтары бар. Оның тарихи құқықтық себептері және геосаяси да себептері бар екендігі белгілі. Біріншіден, бұл достастықтың құрамына кірген мелекеттердің барлығы, бір тарихи даму кезеңінен өткен. Сонымен қатар, КСРО атты Ұлы империяның құрамында 70 жылдай қатар өмір сүрді. Мұның барлығы мелекеттердің құқықтық жүйелерінің қазіргі таңда қалыптасуы мен дамуында да, өзінің қолтаңбасын қалдырып отыр. Сонымен қатар, достастық құрамына кіретін мемлекеттер, қазіргі таңда тарихи тұрғыдан ғана байланысты емес құқықтық, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан да өзара бірлестікте өмір сүруде. Міне, бұл жағдайлар қазіргі кезеңде ТМД елдеріндегі құқықтық жүйелердің дамуының негізгі тенденциялық бағыттарын айқындауда.
2015

Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы ұзақ процесс болып табылады. Қоғамдық сананың түбегейлі өзгертілуі қажет. Ал мемлекеттік билік қоғамның қауіпсіздігін қатамасыз етуге, тұлғаның еркіндіктері мен құқықтарын қорғауға бет бұруы керек. Құқықтық мемлекет бүгінгі таңда жалпы адамдық құндылықтардың ең елеулілерінің бірі болып табылады. Құқықтық мемлекет дегеніміз адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етудің тиімді әдістік институты, бюрократиямен, мемлекет озбырлығымен күрес, айқын халықтық билікті қамтамасыз ету құралы.
2015

Әр мемлекеттің тарихи даму процесінде типінің, нысанының өзгеріске ұшырауы оның белгілі бір уақыт аралығында өтпелі кезеңді бастан өткеруіне ықпал етеді. Осы кезеңде мемлекет пен құқықтың ары қарай қалай бағытта дамуы, қандай өзгерістерге ұшырауы және жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуы жайлы нақты бір тұлғалардың ойлары, көзқарастары, идеялары мен ұсыныстары ортаға салынып жатады. Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік алған уақытта осы мәселелерге қатысты өзіндік идеялары мен көзқарастарын ортаға салып, еліміздің алға даму жолын айқындауға байланысты тек сөзімен емес, ісімен де көзге түскен азаматтар аз болған жоқ
2015

Ресей Империясының XIX ғасырдың орта шегінде Орта Азия елдерінде жүргізген бодандық-жаугершілік саясатының негізінде Ресейлік Түркістан өлкесі құрылған болатын. Оның құрамына Орта Азиялық бірнеше ұлттар мен ұлыстар кірді. Соның ішінде қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймақтарының жерлері де кірді. Өлке ендігі жерде ғасырлар бойы қалыптасқан басқару жүйесінен Ресей Империясы бекіткен және соған тиімді басқару жүйесіне көше бастады.
2015

Әлеуметтік құқықтар Қазақстан Республикасындағы адамның жалпы құқықтық мәртебесін анықтайтын конституциялық және негізгі мәртебеге ие, олар тек заңды түрде реттеліп қана қоймай, сонымен қатар кепілдемелер мен қорғаныс механизмдерінің жүйесімен қамтамасыз етілген. Конституциялық әлеуметтік құқық проблемалары бойынша тарапымыздан жүргізілген ғылыми зерттеулердің талдауы іс жүзінде барлық зерттеушілер тарапынан конституциялық әлеуметтік құқықтардың авторлық анықтамасына енгізілген олардың бірнеше базалық ерекшеліктерін белгілеуге мүмкіндік береді, бұл: олардың құрамын елдің Негізгі заңына бекіту; олардың абстрактілі емес, мемлекет алдында тұрған субъективті талаптар ретінде белгіленуі; адамның өмір сүруінің лайықты (жеткілікті) стандартының қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік құқықтардың өзара қарым-қатынасы.
2015

Сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесі көптеген ұлттар мен ұлыстардың құтты мекеніне айналғаны барша қауымға мәлім. Орта Азияны мекендеген түрлі ұлыстардың басын біріктіріп – Түркістан, яғни түркі халықтарының елі деп аталуы да тегін емес. Қазіргі таңда осы Түркістан аймағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар жеке тәуелсіз мемлекет құрып, жылданжылға әлемдік өркениетте өз мемлекеттілігін бекемдеуде.
2015

Философияда «кінә» түсінігі «жауапкершілік» түсінігіне жақындасады. Бұл немен байланысты деген сұрақ туындауы мүмкін. Біріншіден, философияда кінә де, жауапкершілік те тұлғаға тән өзара ұқсас категориялар болып табылады. Басқаша айтқанда, «кінә – жауапкершілік» схемасында психология ғылымында кінә ерекше маңызға ие болса, философияда жауапкершілік бірінші кезекте қарастырылады. Екіншіден, философияда жауапкершілік тұлғаның кінәсінен және керісінше, кінә жауапкершіліктен бөлек қарастырылмайды (адам өз-өзінің, өзге адамдардың және құдайдың алдында жауапты). Нәтижесінде, жауапкершілік те кінә де бостандық пен қажеттілік қатынастарымен сәйкес келеді.
2015

Меншікке қарсы қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінен алынған мәліметтерге назар аударсақ, меншікке қарсы қылмыстардың жалпы қылмыстылық ішінде алатын орнының жоғары екенін аңғаруға болады. Мәселен 2010 жылы республикамызда тіркелген жалпы қылмыстар саны 131 896 болса, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстар 89 004 құраған. 2011 жылы тіркелген жалпы қылмыстар саны 206 801 болса, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстар 165 493 құраған. 2012 жылы тіркелген жалпы қылмыстар саны 287 681 болса, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстар 233 642 құраған. 2013 жылы тіркелген жалпы қылмыстар саны 359 844 болса, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстар 280 346 құраған. [1]
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.