Қылмыстық іс жүргізу

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субьектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс шаралар ұсынылады.
2012

Мақалада қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі құрамдас бөлігі дəлелдеу теориясының мəні мен маңызы қарастырылады. Дəлелдеу теориясы зерттейтін негізгі  мəселелерді  сараптай келе, олардың ерекшеліктері мен негізгі белгілері ашылып көрсетіледі. Сонымен бірге дəлелдеу теориясындағы соттық қателіктер, объективтік шындық жəне факт ұғымдары қарастырылады.
2012

Қылмыстық іс бойынша дəлелдемелердің жүйесі жоғарыда аталған құрылымға ие болып ғана қоймай, толықтық, дұрыстық, сенімділік, келісімділік сияқты талаптарға да жауап беруі тиіс. Іс бойынша дəлелдеу пəніне кіретін барлық мəн – жайларды анықтайтын жүйе ішіндегі жүйелер мен аралық фактілері болған жағдайда дəлелдеу жүйесінің толықтығы орын алады. Дəлелдемелер жүйесінің бұл қасиеті негізгі болып табылады: зерттеулердің толықтығы мен жан-жақтылығы – қылмыстық іс жүргізудің маңызды қағидасы, оны бұзу барлық жағдайларда үкімнің күшін жоюға əкеліп соқтырады (ҚР ҚІЖК 24 – бап).
2012

Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы Конституциялық заңына сəйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады жəне азамат- тар мен ұйымдардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға,  Республи- ка Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Мақалада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі сот билігінің орны мен сот əділдігін жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу принциптерінің орны мен маңыздылығы қарастырылады.
2013

Тұлғаның, соның ішінде сот өндірісіне түскен адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің максималды жоғары қорғалуының деңгейі демократиялық жəне құқықтық мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады. Осыған байланысты сот ісін жүргізудің бəсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру принципінің қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларына таралуы, сондай- ақ осы принциптің кепілдіктерінің қолданылуы ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің міндеттерінің орындалуына септігін тигізеді.
2013

Мақала адвокат-қорғаушының қылмыстық іс жүргізу субъектілері арасындағы ерекше маңызға ие қатысушы екені белгілі. Себебі айыпталушының, сезіктінің немесе жəбірленушінің құқықтары мен бостандықтарын қорғауда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Сол себепті осы əрекеттерді жүргізу барысында дəлелдемелер жинау жəне дəлелдеу процесіне қатысудағы үлкен мəселелер мен ауқымды іс шаралар ұсынылады. Жалпы, дəлелдеме жəне дəлелдеу – қылмыстық процестің маңызын анықтайтын негізгі мəселелер. Оларға көптеген зерттеулер арналған. Сондықтан дəлелдемелерді жинау туралы мəселелерді қарастыру аса қажет деп санау керек.
2013

Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты – заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың үкімдеріне тараптардың шағымдар мен наразылық келтіру арқылы өз құқықтары мен мүдделерін апелляциялық сатыдағы сотта қорғау мәселелерін талдау. Апелляциялық сатыда шығарылған қаулылар мен үкімдердің тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья үшін маңыздылығын ашып көрсету. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан-2050” стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында көзделген соттың қызметінің маңыздылығын көрсету. Жалпы алғанда, мақалада қазіргі таңдағы қылмыстық істер бойынша апелляциялық инстанциядағы іс жүргізуде орын алған елеулі өзгерістер сипатталады.
2014

Адам құндылықтары мен бостандықтарын асқақтату, оларды ең жоғарғы құндылық деп мойындау демократияны дамытудың үлгісі болып табылады. Сондықтан жеке адамның құқықтық мәртебесі демократияның институттарымен тікелей байланысты. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы әрбір тараптың құқықтары мен заңды мүдделері міндетті түрде сақталуы қажет. Қылмыстық іс жүргізу азаматтардың конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін сақтау халықтың сенім деңгейін анықтайтын барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін бағалаудың басты белгілерінің бірі болып табылады. Әрбір заңсыз қамаудың және ұстаудың артында адамның және оның отбасының тағдыры тұрғаны  белгілі.
2014

Аталған мақалада Ежелгі Римдегі азаматтық сот өндірісі нысандарының даму эволюциясы қарастырылған. Автор легисаксондық, формулярлық және экстраординарлық процестің мәнін ашып көрсетеді.
2014

Куәлік иммунитет институтын заңнамада бекіту және оны жетілдіру қылмыстық іс жүргізудің демократиялық құндылықтарын бекіту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Десе де бұл қағиданың нақты жүзеге асырылу кепілдіктері көңіл аударуды талап етеді. Атап айтқанда, куәлардың жалпы құқықтарының кепілдіктерін, соның ішінде өзін-өзі айыптаудың кепілдігін күшейтуде қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бекітілген куәнің адвокаттың қатысуымен жауап беру құқығының жүзеге асырылуы өзекті.
2014

Мақалада Балабиев Қайрат Рахымұлының «Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографиясы қарастырылып, әкімшілік құқық және әкімшілік іс жүргізу құқығының теориялық проблемаларын зерттеуге пікір берілген. Мақалада заң процесінің түсінігі, әкімшілік процесс субъектілері, әкімшілік-құқықтық режимдер, әкімшілік- құқықтық даулар мәселесі, әкімшілік іс жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлері сияқты күрделі мәселелер қарастырылған.
2014

1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған ҚІЖК көптеген өзгерістерге ұшырады, нақтырақ айтсақ заңға 300-ден астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Ғалым заңгерлердің пайымдауынша Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі зайырлы демократиялық құқықтық мемлекеттердің стандартына сай келеді деп атайды [1, 2, 3], бірақ тәжірибе көрсеткендей халықаралық құқықтық жүйеге толыққанды жетуге бізге біршама жұмыс атқаруымызға тура келеді.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.