Статьи, год 2014

Малшаруашылығының басты мақсаты жоғары сапалы ет шығару. Сондықтан да малдың жиынтық тобымен жұмыс жасау әдісі, одан ет өнімін молайтып шығаруға бағытталуы қажет. Сондай ақ мал өсімінің қарқындылығымен, жайылымдық шөптің сапалығымен ерекшеленуі маңызды болып табылады. Қазақстан 2050 дамауының стратегиялық басымдықтарына сәйкес, аграрлық секторға үлкен үміт және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жаңа белсенді технологияларды енгізуге байланысты мақсаттар қойылып отыр, солардың ішінде ауыл кооперациясын дамыту болмақ.
2014

Отандық жер заңнамасынаң дамуымен байланысты жерге заттық құқық мәселесі өзектілігін арттырып келеді. Зерттеу объектісі болып табылатын жерге заттық құқық мәселесі азаматтық заңнама негізінде анықталады. Жерге заттық құқықтың құқықтық қатынас ретіндегі сипаты ең алдымен, жерге заттық құқықты иеленетін тұлғаға жер құқықтық қатынастарының басқа заттық құқық иеленушілері қарама-қарсы тұратындығын білдіреді. Ғылыми еңбекте жерге заттық құқықтың заңи белгілерін анықтауға талпыныс жасалынды. Жерге заттық құқық анықтамасы ұсынылып өзекті мәселелерге тоқтады.
2014

Мақала жер қойнауы туралы құқықтың әлеуметтік тағайындалуына арналады. Әлеуметтік мемлекет құқығының адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бағытталған кепілдіктерді келтіре отырып, Қазақстанның жер қойнауы туралы құқығының осы критерийлерге қаншалықты сәйкес келетіндігі қарастырылады. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында келешекте елімізде қолдану мүмкіндігіне қарай отырып дамыған елдерде жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеудің оң тәжірибесін зерттеуді ұсынады.
2014

Аталған мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі адамдардың конституциялық кепілдіктерінің ерекшеліктері қарастырылған. Азаматтық сот өндірісін жүзеге асыруда билікті бөлу қағидасының әсері қарастырылады.
2014

Бұл ғылыми мақалада интеллектуалдық меншіктің қазіргі халықаралық-құқықтық түсінігін қалыптастырудың тарихи аспектілері ашылған. Интеллектуалдық меншік құқығының әлемдік тарихи дамуының кезеңдерін бөлудің авторлық көзқарасы берілген. Отандық және шетелдік заңнамаға талдау жасалып, интеллектуалдық меншіктің тарихи кезеңдері негізделді.
2014

Мақалада Қазақстан Республикасында жосықсыз бәсекелестік, монополияландыру, бәсекелестік қатынастарды реттеудің негіздері айқындалып, нарық субъектілері мен тұтынушылардың құқықтарын шектелген монополистік қызметтен, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс- әрекеттерінен және жосықсыз бәсекеден қорғаудың құқықтық негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, нарық субъектісіне немесе оның іскерлік беделіне залал келтіретін теріс немесе бұрмаланған мәліметтер, тұтынушыларды тауардың сипаты, дайындалу әдісі мен орны, тұтынушылық қасиеттері, тауар сапасы немесе оны өндірушілер туралы жаңылыстыру, нарық субъектісінің өндіретін немесе сататын тауарларын басқа нарық субъектілердің тауарларымен сыпайы емес түрде салыстыруға сараптама жасалған.
2014

Аталған мақалада азаматтық сот өндірісін жүзеге асыруда билікті бөлу қағидасының әсері қарастырылады. Қазақстан Республикасының азаматтық сот өндірісіндегі адамдардың конституциялық кепілдіктерінің ерекшеліктері қарастырылған.
2014

Мақалада Балабиев Қайрат Рахымұлының «Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы: жағдайы мен мәселелері» атты монографиясы қарастырылып, әкімшілік құқық және әкімшілік іс жүргізу құқығының теориялық проблемаларын зерттеуге пікір берілген. Мақалада заң процесінің түсінігі, әкімшілік процесс субъектілері, әкімшілік-құқықтық режимдер, әкімшілік- құқықтық даулар мәселесі, әкімшілік іс жүргізу құқығы, Қазақстан Республикасындағы әкімшілік юрисдикцияның іс жүргізу түрлері сияқты күрделі мәселелер қарастырылған.
2014

Кез келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашан да өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші – ұлттық экономикалық даму деңгейі болады. Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шешімдерді жасау және оны жүзеге асыру мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен функцияларына тікелей байланысты. Ең бастысы, олар Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұзақ мерзімдік және ағымдағы міндеттеріне, функциялар мен жауапкершіліктің нақты бөлінуіне қойылатын объективті талаптарға, міндеттер қайталауларын жоюға, орындаушылық тәртіпті реттеуге жауап беруге  тиіс.
2014

Мақалада ҚР Президентінің заң шығару бастамашылығы құқығының реттелу жағдайы, оны жүзеге асырудың тәртібі қарастырылған. Сонымен қоса, ҚР Президентінің парламент қарауына енгізетін заң актісінің жобасын әзірлеу және оны мәжіліс қарауына енгізу мәселелері сараланған.
2014

Тиісті мақалада сот жарыссөзі кезіндегі адвокаттардың қорғау сөзінің рөлі мен маңызы қаралады. Мақала авторы адвокаттардың қорғау сөздерінің бағыттарын жақсартып, көтеру мақсатында бірнеше нақты шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
2014

Мақалада Қазақстанның конституциялық заңнамасының қалыптасуы мен дамуының үшінші кезеңі, яғни 1990-1993 жылдарда конституциялық заңнаманың дамуы қарастырылды. Тиісінше мақалада бұл кезеңде қабылданған конституциялық-құқықтық актілер сараланып, олардың мазмұны мен маңызына сипаттама берілді. Қорытындысында 1990-1993 жылдарда қабылданған конституциялық заңнаманың маңызы мен рөлі туралы жалпы түйін беріліп, олардың егемен, тәуелсіз Қазақстанның конституциялық заңнамасының құрылуы мен қалыптасуында негіз болғандығы баяндалды.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.