Əлемдік экономикалық қоғамдастық үшін де, кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беруді интернационализациялау жəне оқу орындарының кооперациясы негізінде білім беру қызметтерін тұтынушыларға бағытталған тиімді нəтижелерге сəйкес инновациялық бағытталған кадрлық əлеуетті қалыптастыру процесі оң шетелдік тəжірибені ескере отырып, университеттер мен ұлттық зерттеу университеттерінің консорциумдарын құру кезінде мүмкін болады. Мақалада авторлар білім беру жүйесінің жəне жалпы Қазақстандағы кадрларды даярлаудың қазіргі жай-күйін, оның əлеуметтік- экономикалық жүйенің нақты қажеттіліктерінен шамалы оқшауланғанын, ғылыми қызмет саласымен өзара байланыстың жеткіліксіздігін атап өтеді. Саралау негізінде экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен білім берудің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға жəне адами капиталды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын табысты іске асырудың мысалдары ұсынылды, сондай-ақ елдің экономикалық жəне саяси өміріндегі жаһандық өзгерістер білім беру жүйесінде жаңа əлеуметтік маңызы бар бағдарлардың пайда болуына алып келетіні атап өтілді. Еуразиялық экономикалық одақ бойынша қолданыстағы келісімдердің тиімділігі тұрғысынан интеграцияны пайдалану негізінде адами капиталдың сапасын қамтамасыз етуде шешуді талап ететін бірқатар проблемалар айқындалды. Авторлардың пікірінше, бұл өз кезегінде ықтимал тəуекелдерді өлшеудің маңыздылығына, сондай-ақ білім беру жүйесі мен кадрларды даярлау жүйесін дамытудың сапалық жəне сандық факторларымен байланысты.
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен инновацияны дамытуға ықпал ететін əр түрлі шаралар жасау мен іске асыру бойынша белсенді үдеріс жүруде. Бірқатар стратегиялық мемлекеттік актілер мен нормативтік құжаттар қабылданды.
Технологиялық жаңа енгізілімдердің өмірлік циклі проблемасы тек техника мен технологияға ауысқан ғылыми ақпаратқа ғана қатысты емес, сонымен бірге адам капиталына ауыстырылған ақпараттық ресурстарға да тəн. Сондықтан жаңа енгізілімдердің өмірлік циклдерін басқару кəсіпорыннан өз кадрлық əлеуетін басқару саласында стратегиялық шешімдер қабылдауды қажет етеді. Ал жоғары білікті ұжымды технологиялық регрессия жағдайында сақтап қалу өте қиын.
Осыған байланысты кадрлық əлеуетті зерттеу Қазақстан үшін өзекті міндет болып табылады.
Негізгі бөлім
Қазақстан экономикасын кадрлық қамтамасыз етуді қалыптастыру мен дамыту жүйесінің қазіргі жағдайына, бір жағынан, əлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы, бұйрықтық-əкімшілік форма уақытысынан бері келе жатқан жəне əрекеті осы күнге дейін көрініс беретін ерекшеліктер мен трендтердің, басқа жағынан, өз кезегінде, жаһандық жəне ішкі аймақтық экономикалық интеграциялық үдерістер факторларының əрекет етіп отырған жағдайда индустриалды-инновациялық даму саясатын іске асырудағы жаңа тенденциялардың əсерінің білінетіндігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Ескі жəне жаңа тенденциялардың осындай қарама-қайшылығы білім беру жүйесі мен кадрлар дайындаудың инновациялық бағытталған экономиканың қажеттіліктерінен «қалып қою» мəселесін анықтайды. 1-кестеде көрсетілген неғұрлым аз талап етілген мамандықтар (заңгерлер, персоналды оқыту мен дамыту бойынша мамандар, қаржыгерлер, жеке мамандық ретіндегі аудармашылар, халықаралық қатынастар бойынша мамандар) əлі күнге дейін шығарылуда.
Кесте 1
Жекелеген мамандықтар бойынша кадрлардың талап етілуінің рейтингтік бағалануы
2019 жылы неғұрлым көп талап етілген мамандықтар рейтингісі |
2019 жылы неғұрлым аз талап етілгін мамандықтар рейтингісі |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
Орын |
Мамандықтар |
Орын |
Мамандықтар |
1 |
Мұғалімдер |
1 |
Заңгерлер |
2 |
Дəрігерлер |
2 |
Персоналды оқыту мен дамыту бойынша мамандар |
3 |
Инженерлер |
3 |
Қаржыгерлер |
4 |
ІТ-мамандар |
4 |
Жеке мамандық ретіндегі аудармашылар |
5 |
Операторлар |
5 |
Халықаралық қатынастар бойынша мамандар |
6 |
Бизнесті дамыту бойынша мамандар |
||
7 |
Медициналық өкілдер |
||
8 |
Фармацевтер |
||
9 |
Провизорлар |
||
10 |
Бағдарламаны өңдеушілер |
||
11 |
Логистер |
||
12 |
Персоналдармен жұмыс істейтін мамандар |
||
13 |
Рекруитерлер |
||
14 |
Маркетологтар |
Ескерту: [1] дереккөзі негізінде құрастырылған.
Белгілі деңгейде бұл Əлем Банкінің индустриалды инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ 2020–2025) талдау жасаудың нəтижесінің есебі бойынша берілген ұсыныстарында көрініс тапты. Осы ұсыныстарға сəйкес «кадрлық əлеует пен біліктілікке қатысты, келесі факторларға»: (і) жеке сектордың жұмыс күшіне деген қажеттілігін қанағаттандыруға қажетті байланыстарға жəне білім беру мекемелерінің қолданатын бағдарламаларын жақсартудағы жеке сектордың роліне; (іі) келесі ұрпаққа берілетін техникалық, сондай-ақ, кəсіби оқытуға, жəне де (ііі) қызметкерлерге еңбек нарығының əр түрлі күтпеген талаптарына сезімталдық білдіруге көмектесетін өмірлік қажетті əлеуметтік-экономикалық тəжірибелер мен дағдыларға ерекше көңіл бөлу қажет [2, 6 б; 3].
Жаңа бесжылдық бағдарламасында кадрлық қамтамасыз ету сұрақтары неғұрлым толығырақ қамтылды. Атап айтқанда, Əлем Банкінің сарапшыларының пікірінше, «2020–2025 ж.ж. Бағдарлама, олар іске асырылған жағдайда, жұмыспен қамту аясындағы ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыруға, инвестициялардың келу ағымын ынталандыруға жəне кəсіби-техникалық білім беру жүйесін əрі қарай реформалауға оңтайлы ықпал ететін бірқатар элементтерді қамтыған».
Дегенмен сарапшылар, осылай бола тұрса да, жоғарғы оқу жүйесін де ұмытпау керектігі, сондай- ақ жеке сектордың кəсіпорындары жағынан болатын жұмыс күшіне деген сұранысты да толығырақ есепке алудың керектігін ескертеді.
Кəсіби дағдыларды дамыту бəсекеге қабілеттілікті арттырудың басымдық бағыттарының бірі ретінде көрсетілген, дегенмен осылай бола тұрса да, ұсынылатын біліктіліктердің нақты салалардың қажеттіліктеріне сəйкес келмеуі сияқты маңызды жағына аз көңіл бөлінген. Нарықта анағұрлым жоғары білікті мамандардың пайда болуы мен елдің инновациялық əлеуетін өсіруге жоғарғы білім беру жүйесін тартпай қол жеткізу мүмкін емес. Сəйкесінше, еңбек ресурстары нарығын жоғарғы білім беру сапасын көтеру есебінен реформалау мемлекеттік бағдарламалардың бір бөлігі бола алады жəне болуы тиіс.
Мəселе ұсыныс (білім беру мекемелері жағынан) пен сұраныс (экономиканың түрлі салаларында əрекет ететін əр түрлі жұмыс берушілер жағынан) арасындағы өзара байланыстарды нығайтуда, сонымен қатар өз бағдарламаларын іске асыруға жиі ұмтылатын жəне басқа ведомстволармен біріккен жұмысқа онша құлқы жоқ министрліктердің қызметін біріктіруде болып табылады.
Жақында ендірілген орташа арнайы білім беру үлгісі жақсы бастама бола алады, бірақ білім беру мекемелерінің кең мүмкіндіктер алуы мен студенттерді теориялық қана емес, тəжірибелік жағынан да дайындаудың əр түрлі альтернативаларын алуын қамтамасыз ету үшін, сəйкес ұйымдарға қажетті
деңгейде қолдау көрсету қажет. Оның үстіне, министрліктер арасындағы ынтымақтастық пен түрлі ведомстволардың біріккен бағдарламаларын жүзеге асыруын неғұрлым белсенді түрде ынталандыру керек, себебі бұл аядағы қызмет үлкен күш салуды жəне уақыт шығындарын қажет етеді [2, 35 б.].
Бұл мəселені ғылыми-сарапшылық қоғамдастық бұрыннан түсініп келе жатқандығын ерекше айтып өту керек. Олардың жалпылық пікірін, жекелеп алғанда, З.У. Джубалиева, кадрлық əлеуетті қалыптастыру мəселесі жеделдетілген индустриалды-инновациялық модернизация стратегиясын іске асыру жағдайында, «шикізаттық» экономикадан өңдеуші экономикаға өтуде, жоғары технологиялы өнеркəсіп салаларын басымдықты дамытуда ерекше өзектілікке ие болатындығын айту арқылы білдіреді. Қолда бар əлеуетті талдау, қойылған стратегиялық міндеттерді, сондай-ақ əлемдік тəжірибенің осы аяда қол жеткізген жетістіктерін есепке алу негізінде білім беру жүйесін модернизациялаудың қажеттілігі осымен түсіндіріледі [4].
Қазақстандағы білім беру жүйесінің, қоғам дамуының əлеуметтік-экономикалық жағдайларымен түсіндірілетін нарықтық модификация шеңберінде дамып отырғандығын, жəне де осы жаңа нақтылықтың білім берудің дамуына қарқынды түрде өз əсерін тигізетіндігі айтылған. Осымен бірге сарапшы жалпы ұлттық өнімнің 40 % жуығын анағұрлым дамыған елдер тиімді білім беру жүйесі есебінен алатындығын атап көрсетеді. Сарапшылардың бағасы бойынша, білім беру жүйесіне салынған 1 доллар 3-6 доллар пайда алып келеді [5].
Осының барлығы Қазақстанның, экономиканың инновациялық дамуы жағдайында кадрларды дайындау тізбегіндегі негізгі жəне басты буын ретіндегі білім беру жүйесіндегі кадрларды дайындаудың əдістерін жетілдіруге белгілі талаптар қояды.
Бұл міндеттің күрделілігі ішкі жетілдіру жүйесін жетілдіру мен басқа əлеуметтік-экономикалық ішкі жүйелермен сыртқы өз байланыстарын жетілдірудің өзара келісілген тəртібінде есепке алудың қажеттілігімен анықталады.
Басқаша айтқанда, кадрлық əлеуетті қалыптастыруға, дамудың ішкі де, сыртқы да факторларының тұтас жиынтығын есепке алуға мүмкіндік беретін жүйелік бағыт жаңа тренд болуы керек.
Оған қоса, кейбір сарапшылар, білімдік кластерінің мақсаты білімдік қызмет көрсету нарығының қызмет ету тиімділігін, оны дамытудың ішкі жəне сыртқы факторларын ең жоғарғы деңгейде пайдалану есебінен арттыру болып табылады деп пайымдай отырып, кластерлік бағыт туралы айтады.
Білімдік кластердің міндеті оның ғылым мен білімнің интеграциясының инновациялық формасы ретіндегі өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту, тəрбиелеу, дамыту, кəсіби мамандарды дайындау, мүдделі тұтынушыларға білімдік қызмет көрсету үдерісіндегі күрделі педагогикалық міндеттерді шешуге арналған миссиясымен анықталады. Білім кластерінде перспективалы мамандықтар ашылады, жаңа пəндер, оқытудың жаңа технологиялары енгізіледі, жоғарғы оқыту жүйелерін таңдауға мүмкіндік пайда болады. Білімдік кластерінің артықшылықтары ғылымның сапасы, үздіксіздік, келесі ұрпаққа берілушілік, қол жетімділік, білім берудің бəсекеге қабілеттілігі болып табылады.
Қазақстанда да ғылымның, университеттер мен бизнестің инфрақұрылымын құру бойынша интеграциялық үдерістер басталды. Атап айтқанда, инновациялық білімдік кластер «Назарбаев Университеті» базасында екі бағытта жүзеге асырылуда, олар 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. «Назарбаев Университеті» базасында құрылған білімдік кластер
Сондай-ақ елдің жетекші университеттері базасында төменде көрсетілгендей білімдік кластерлерді құрудың тиімді мүмкіндігі бар (сурет 2).
Бұл білімдік кластердің түрін басқа университеттер негізінде жасауға болатындығын көрсетеді.
Білім, ғылым жəне өндірістің тереңдетілген интеграциясын елдің жетекші аймақтық университеттерінде де жүзеге асыру керек, бұл аймақтарын тұтас алғандағы əлеуметтік- экономикалық дамыту мақсатында бəсекелік артықшылықтарды жүзеге асырудың тиімді формасы.
ЖОО мен кəсіпорындар арасындағы ынтымақтастық тың қарқындылығы бойынша Қазақстан 82-ші орында. Бұл көрсеткіш бойынша алдыңғы қатардағы елдер Швейцария, Ұлыбритания, АҚШ, Финляндия, Сингапур, Бельгия, Швеция, Израиль, Катар, Нидерланды.
2-кестеде зерттелген елдердің басты ғылыми көрсеткіштері ұсынылған. Осы елдердің жалпы көрсеткіштері ішінен, басқа көрсеткіштерге қарағанда, зерттеу мен жобалауларға жұмсалған ішкі шығыстарды, кəсіпкерлік секторының ҒЗЖ қаржыландыруының үлесін, ғалымдар мен зерттеушілердің санының өте жоғары деңгейін бөліп көрсетуге болады.
Кесте 2
Елдер |
Зерттеу мен жобаларға жұмсалған ішкі шығын, ЖІӨ % |
Кəсіпкерлік секторы қаржыландыратын ҒЗЖ үлесі, % |
1 млн. тұрғынға шаққандағы ғалымдар мен зерттеушілердің саны, адам |
Швейцария |
2,9 |
68,2 |
6,057 |
Ұлыбритания |
1,8 |
44,6 |
6,363 |
АҚШ |
2,8 |
60 |
….. |
Финляндия |
3,8 |
67 |
10,656 |
Сингапур |
2,1 |
53,1 |
7,188 |
2019 жылғы ЖОО мен кəсіпорындар арасындағы əріптестік саласындағы дамыған көшбасшы елдердің басты ғылыми көрсеткіштері
3-кестенің деректері адами капитал индексі бойынша көшбасшы елдер көрсеткіштерінің жоғары деңгейін растап отыр. Бұл өкінішке орай, Қазақстанның нəтижелерінен екі есе асып тұр. Аталмыш мағлұмат зерттеу мен даму көрсеткішінің позициясын анықтауға мүмкіндік берді.
44
Вестник Карагандинского университета
Кесте 3
ТОП–10 мемлекеттері бойынша 2019 жылғы адам капиталы көрсеткіші
№ |
Елдер |
Адам капиталы |
Білім |
Жоғары білім |
Зерттеу мен даму |
1 |
Швейцария |
59,2 |
55,5 |
49,8 |
72,4 |
2 |
Ұлыбритания |
57,5 |
56,2 |
53,0 |
63,2 |
3 |
Швеция |
61,7 |
58,2 |
49,2 |
77,6 |
4 |
Нидерланды |
51,7 |
58,2 |
37,4 |
59,5 |
5 |
АҚШ |
54,0 |
52,1 |
39,0 |
71,1 |
6 |
Финляндия |
64,9 |
63,7 |
54,1 |
76,9 |
7 |
Сингапур |
60,9 |
39,8 |
81,7 |
61,2 |
8 |
Ирландия |
50,1 |
57,5 |
45,0 |
47,7 |
9 |
Люксембург |
40,8 |
51,1 |
42,7 |
28,8 |
10 |
Дания |
62,4 |
62,9 |
46,5 |
77,9 |
Дереккөзі: [6, 16 б.].
4-кесте дерегінде 2019 жылы ЕАЭО-қа мүше 3 елдің ішінде Қазақстанның позициясының өте төмен деңгейде екендігі көзге түседі. Адам капиталы көрсеткіші бойынша Қазақстан Ресейден 1,7 позицияға қалып келеді, яғни екі есеге жуық төмен деңгейді, ал Белорусь Республикасынан — 1,5 есе төмен, яғни 14,75 позицияға қалып келеді.
Кесте 4
ЕАЭО-қа мүше 3 елдің 2019 жылғы адам капиталы көрсеткіші
№ |
Елдер |
Адам капиталы |
Білім |
Жоғары білім |
Зерттеу мен даму |
1 |
Ресей |
47,5 |
57,0 |
47,1 |
38,5 |
2 |
Белорусь |
43,0 |
63,2 |
49,9 |
15,8 |
3 |
Қазақстан |
29,6 |
50,9 |
21,8 |
16,1 |
Дереккөзі: [7, 16–17 б.б.].
5-кесте деректері бойынша, 2019 жылы ҒЗТК-ға жұмсалған шығындардың ең кемі екі пайызға жуық екендігі көрінеді, ал осы көрсеткіш бойынша ҒЗТК-ге жұмсалған шығыны 0,23 %-ды құрайды. Бұл өте төмен көрсеткіш, біздегі ғылымның жеткілікті деңгейде қаржыландырылмайтындығын білдіреді.
Кесте 5
ТОП–10 елдерінің 2019 жылғы жаһандық инновациялық индекс көрсеткіштері
№ |
Елдер |
Жаһандық инновациялық индекс |
ҒЗТК жұмсалған шығындар, % |
1 млн. тұрғынға шаққандағы ғалымдар мен зерттеушілердің саны |
Зерттеу мен жобаларға жұмсалған ішкі шығындар, % |
|
Ранг |
Жалпы қорытынды |
|||||
1 |
Швейцария |
1 |
68,3 |
2,99 |
4,49521 |
50,98 |
2 |
Ұлыбритания |
2 |
62,42 |
1,76 |
4,10773 |
47,72 |
3 |
Швеция |
3 |
62,4 |
3,4 |
6,50855 |
49,39 |
4 |
Нидерланды |
4 |
61,58 |
1,83 |
4,31551 |
46,44 |
5 |
АҚШ |
5 |
60,10 |
2,9 |
3,97873 |
38,01 |
6 |
Финляндия |
6 |
59,97 |
3,88 |
7,22334 |
44,69 |
7 |
Сингапур |
7 |
59,36 |
2,43 |
6,43773 |
52,67 |
8 |
Ирландия |
8 |
59,13 |
1,79 |
3,43802 |
40,46 |
9 |
Люксембург |
9 |
59,02 |
1,63 |
4,93080 |
59,07 |
10 |
Дания |
10 |
57,70 |
3,06 |
7,27128 |
45,50 |
Ескерту: автормен құрастырылған [7, 327 б.; 6].
6-кесте деректерінен 2019 жылы ҒЗТК-ға жұмсалған шығындар бойынша Қазақстанның позициясы төмен екендігін көруге болады. 1 млн. тұрғынға шаққандағы ғалымдар мен зерттеушілердің саны мен зерттеу мен жобаларға жұмсалған ішкі шығындар бойынша Ресей əлемдегі 10-топ елдерінің көрсеткіштеріне жақын. Ал Қазақстанның көрсеткіштері ең төменгі деңгейде екендігі көрінеді. Көптеген жетекші индустриалды жəне дамушы елдер ҒЗТКЖ аясы мен инновациялық іс-əрекетті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің басты негізі ретінде қарастырады. Инновациялық экономикаға бағыт алу жағдайында білім беру мен ғылыми-зерттеулік жасалымдар жүйелерін байланыстыру механизмін құру маңызды. Инновациялық даму жолына өту елде жоғары деңгейде дамыған ғылыми кадрлар мен ҒТ-лық білімді қажет ететін ғылыми-зерттеу жəне білім беру мекемелерінің болуын қажет етеді.
Кесте 6
2019 жылғы жаһандық инновациялық индекс көрсеткіштері бойынша ЕЭО елдерінің рейтингісі
№ |
Елдер |
Жаһандық инновациялық индекс |
ҒЗТК жұмсалған шығындар, % |
1 млн. тұрғынға шаққандағы ғалымдар мен зерттеушілердің саны |
Зерттеу мен жобаларға жұмсалған ішкі шығындар,% |
|
Ранг |
Жалпы қорытынды |
|||||
1 |
Россия |
48 |
39,32 |
1,16 |
3,08457 |
43,60 |
2 |
Белорусь |
53 |
38,23 |
0,64 |
|
35,89 |
3 |
Қазақстан |
82 |
31,25 |
0,23 |
76348 |
32,33 |
Ескерту автормен құрастырылған [7, 325 б.; 6].
Бұл сарапшының айтуы бойынша, кластерлік тұрпаттағы стратегиялық əріптестік үйренген ЖОО мен кəсіпорындардың ынтымақтастығынан өзгеше келесідей принциптерге негізделіп құрылуы тиіс:
кешендік — ынтымақтастық бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады; қатысушы жақтардың салымдарының балансы кешенді түрде анықталады; бұл келісімділікке жетуді жеңілдетеді жəне өзара сенім мен сенімді стратегиялық əріптестіктің көрсеткіші болып табылады;
ұзақ мерзімділік — ынтымақтастық стратегиялық əріптестік туралы ұзақ мерзімді келісімдер негізінде жүзеге асырылады;
институционалдық, ол нормативті-əдістемелік базаның, əріптестік қызметінің механизмдері мен формалары жəне с.с. заңдылық құжаттармен, субъектілердің инфрақұрылымымен, қызметтің ұзақ мерзімді бағдарламаларымен; ортақ басқару органдарының болуымен т.с.с. бекітілетіндігінен көрініс табады.
Кластерлердегі ғылыми жəне білім мекемелері саланың бəсекеге қабілеттілігін анықтайтын бірқатар маңызды қызметтерді орындайды:
жаңа технологияларды жасау мен ендіру туралы;
жұмыскерлерді оқыту мен кəсіби біліктілігін көтеруді;
түрлі қызмет салаларында фирмалар консалтингін;
инновациялық инфрақұрылым объектілерін бірігіп пайдалануды (ЕЭА, технопарктер, бизнес- инкубаторлар, құрылғыларды ұжым болып пайдалану орталықтары, технологиялардың трансферлік орталықтары жəне басқалар), кластер фирмалары арасындағы білімді жинақтау мен трансляциялау.
Осы қызметтерді жүзеге асыра отырып, білім жəне ғылым мекемелерінің жеке фирмалар жағынан зерттеулерді қаржыландыруға қолдары жетеді, кластердегі фирмалар қызметкерлеріне арналған тегін оқу бағдарламаларын іске асырады, білім бағдарламаларын олардың қазіргі уақыт қажеттіліктеріне сəйкес жетілдіріп отырады, студенттерге практика мен тағылымдама өтуді ұйымдастырады, білім беру үдерістеріне кластерге қатысушы кəспорындардан маман-практиктерді тартады, сонымен қатар кəсіпорындар базасында ЖОО қызметкерлерінің біліктілігін көтереді.
Білімдік кластер моделін құру арқылы, зерттеу, ғылыми, инновациялық жəне білім беру үдерістерінің бірлігі принциптеріне негіздей отырып, төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге болады:
білім берудің тиімділігі мен сапасы;
жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша жоғары білікті кадрлар дайындау жəне оларды дайындау бағыты бойынша пайдалану;
білімдік, экономикалық, əлеуметтік жəне технологиялық сипаттағы ірі бағдарламалар мен жобалар жасау, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті белсендіру, сонымен қатар олардың жүзеге асырылуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау;
47
мамандарды дайындауда, білімді, ғылымды, мəдениетті, техниканы жəне əлеуметтік аяны дамытудың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде зияткерлік, материалдық жəне ақпараттық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.
Қазақстандық сарапшылар У.С. Байжомартов, Е.Н. Сагиндиков, Д.Н. Нурбосынова, Т.В. Табачникованың пікірінше, ұлттық инженерлік-техникалық кадрларды даярлайтын оқу орнының үздіксіз кешенді білім беру моделі, қойылған міндеттердің практикалық шешімі бола алады (сурет 3).
Бұл сарапшылар мəселені тау-кен өндіру мен металлургиялық өнеркəсіп үшін кадрлар дайындау тұрғысынан қояды.
Біздің ойымызша, бұл сұрақ инновациялық экономиканың құрылуы жағдайында салалық қамтуы бойынша анағұрлым кеңірек болып табылады.
Мұндай оқу орны бір материалдық-техникалық базада профессорлық-оқытушылық құрамы бар жəне кадрларды тиімді даярлайтын барлық деңгейдегі техникалық мамандықтардың жоғары білікті кадрларын даярлау орталығы болар еді.
Аталмыш оқу орны оқу үдерісінің ғылым жəне өндіріспен интеграциясы негізінде əлемдік деңгейдегі, елдің экономикасының инновациялық дамуына қамтамасыз етуге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындауға, сонымен қатар кадрларды қайта дайындықтан өткізу мен біліктілігін көтеруге, ғылыми-техникалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.
Басымдық бағытына, сондай-ақ, ғылыми элитаны сақтау жəне ұлғаймалы өндіру де жатады.
Білім беру жүйесін коммерцияландыру үдерістері сияқты тенденцияны да назарда ұстау қажет. Жекелеп айтқанда, И.Н. Краковская университеттер көптеген елдерде тек білім беру жүйесінің ғана емес, сондай-ақ ғылыми зерттеу жүйесінің де шешуші элементі болып табылатындығын айтады. Бірақ білім экономикасының қалыптасуы заманында шектеулі бюджет ресурстары «өмір бойына» оқуды қалайтындар мен осындай оқуға қабілеттілердің оқуын толыққанды қаржыландыруға жеткіліксіз болды. [8, 52 б.].
Сонымен бірге, Қазақстанда оқу орындарының нарықтық ортаға сіңуге ұмтылысы экономика үшін мамандар аясының шамадан тыс коммерциялануына, яғни олардың сапалық деңгейінің төмендеуі мен мамандар мен кəсіптер бойынша ауытқуларға алып келді.
«Жаңа экономиканың» белсенді түрде қалыптасуы мен əлемдік, əсіресе, жоғары технологиялық нарықтардағы бəсекенің шиеленісуі жағдайында ғылым мен білімнің біртұтас кешенге бірігуі (интеграциясы) маңызды болмақ.
Ғылым мен білімнің əрі қарай институционалдануына қатысты неғұрлым тиімді бағыт, Л.М. Гохберг, Г.Б. Китова, Т.А. Кузнецованың пікірінше, ол «...жоғары деңгейге қолжетімділікті жəне ғылым мен технологиялардың перспективті бағыттары бойынша мамандарды дайындау мен қайта дайындықтан өткізудің озықты сипатын қамтамасыз етуге арналған түрлі интеграцияланған құрылымдардың модельдік қатарының пайда болуына жағдай жасау, білім беру сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін жақсарту болып табылады» [9].
Серия «Педагогика». № 1(101)/2021
Бұл авторлардың пікірінше, мұндағы іс-əрекеттің реттілігі келесідей болуы керек. Білім беру сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін жақсарту үшін ғылыми-білімдік кешенді дамумен байланысты ұлттық мақсаттарды құру; интеграцияның тиімді формаларын таңдау; содан соң олардың пайда болуы мен дамуы үшін жағдай жасау нормативті-құқықтық базаны нақтылауды қажет етеді.
Біз болашақтың жоғары технологиялық жəне ғылыми сыйымдылықты өндірістері үшін кадрлық бастама құруымыз керек. Инновациялық білім жүйесінсіз жəне креативті кең, ауқымды, жаңадан ойлайтын кадрларсыз, жаңа экономиканы құра алмаймыз. Мұндағы басымдықтардың қойылуы келесідей болуы тиіс:
бірінші — білім, екінші — ғылым, үшінші — инновациялық экономика [5].
Қорытынды
Басымдылықтар логикалық тұрғыдан дұрыс қойылғанмен, қазіргі уақытта олар мынадай заңдылықпен жүзеге асады: инновациялық экономика, білім жəне ғылым. Ғылым мен білімнің интеграциясының қажеттілігін туындататын негізгі себеп, ең алдымен жоғары оқу орындарының ғалымдары мен ғылыми-зерттеу институттарының кооперациясы есебінен фундаменталды ғылымдарды дамытудың тиімді жүйесін құрумен, жетекші мектептерді сақтаумен, білімнің сапасын арттырумен оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларын дамытумен байланысты. Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімнің қазіргі жағдайы ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының (ҒЗИ) бірлесіп қызмет етуінің түрлі формаларымен сипатталады. Бұл, ең алдымен, фундаменталды жəне қолданбалы зерттеулер саласындағы келісімдер, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жасау жəне орындау, лабораториялар ҒЗИ тəжірибелік шаруашылықтарында өтетін практика, оқу сабақтарын өткізу үшін ҒЗИ жетекші ғалымдарын тарту, студенттердің тəжірибе өтуіне жəне дипломдық жұмыстарына жетекшілік ету, магистранттар мен докторанттарды бірлесіп дайындау, елдің жетекші ЖОО дəріс беру.
Тəжірибе көрсеткендей, оқымыстылар тек қана ғылыми қызметкерлер мен оқытушыларға бөлінбейді. Əдетте, бірінші мен екіншілер де ғылыми-зерттеу институттары желісі бар университеттер болып табылатын ортақ ғылым-білімдік орталықтарда жұмыс істейді [10].
ЖОО ғылымын қаржыландыруға қатысты жеткілікті деңгейдегі жаңа элемент бүгінгі күні аздаған, бірақ неғұрлым қабілетті ұжымдар мен жекелеген ғалымдарды селективті қолдаудың негізі ретінде қарастырылатын, гранттар жүйесі болып табылады. Ғылыми жобаларды Қазақстанның Ғылым фондысы арқылы қаржыландырудың сайыстық жүйесі де жақсы жағынан көрінді.
Ғылым мен білім интеграциясының инновациялық формаларын ендіру, шет елдердің тəжірибесі көрсеткендей, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Қазақстандағы ғылым мен білім интеграциясының соңғы мақсаты тұтас алғанда ұлттық инновациялық жүйесін кадрлармен қамтамасыз ету болуы тиіс. Бұл мақсатқа қол жеткізудің негізгі бағыттары мыналар бола алады:
- білім беру сапасын көтеру, ғылым мен технологиялардың ең жаңа қол жеткен жетістіктері деңгейіндегі қазіргі білім мен оқу үдерісі барысында алған ғылыми зерттеулерге қатысудың тəжірибелік дағдысын игерген ғылыми-техникалық кадрлар дайындау;
- дарынды жастарды ғылым мен білім беруге тарту жəне бекіту;
- фундаменталды жəне қолданбалы зерттеулер жүргізгенде жəне ғылыми кадрларды дайындауда бюджет қаражатын, кадрлық, ақпараттық жəне материалды-техникалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;
- экономиканың кəсіпкерлік секторы мен корпоративтік ғылыммен өзара байланысын, ғылыми зерттеулер мен жасалымдарды коммерцияландыру үдерістерін жəне технологияларды экономиканың нақты секторына беру үдерістерін белсендіру.
Əдебиеттер тізімі
- Абинова А.Ю. Проблемы интеграций системы образования в национальный инновационный комплекс / А.Ю. Абинова // KazNU Bulletin. Economics series. — 2014. — № 2 (102). — С. 158–163.
- Оценка Всемирным банком Государственных программ индустриально-инновационного развития на 2015–2019 гг. в Казахстане. Отчет по программе совместных исследований World Bank Group [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://www.vsemirnyjbank.org/ru/country/kazakhstan.
- Обзор инновационного развития Казахстана. Отчет ООН // [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://unece.org/fileadmin/DAM/ceci/publications/icp5_r.pdf.
- Джубалиева З.У. Роль информационно-коммуникационных технологий в развитии экономической интеграции и повышении конкурентоспособности экономики [Текст] / З.У. Джубалиева // Транзитная экономика. — 2016. — № 3. — С. 4–10.
- Еспаев С.С. Образовательный кластер — залог конкурентоспособности кадров в Казахстане / С.С. Еспаев // Материалы конф. «Глобальные вызовы и современные тренды развития высшего образования». — 2013. [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://articlekz.com/article/9460.
- Soumitra Dutta, Bruno Lanvin, and Sacha Wunsch-Vincent. The Global Innovation Index 2019. Effective Innovation Policies for Development. Fontainebleau, Ithaca, and Geneva, 2019. — 453 c.
- Рейтинг стран мира по уровню расходов на НИОКР. Рассчитывается как общий объём государственных и частных расходов на НИОКР, выраженный в процентах от валового внутреннего продукта (ВВП) / [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://gtmarket.ru/ratings/research-and-development-expenditure.
- Краковская И.Н. Инвестиции в человеческий капитал инновационного вуза: системный подход к управлению / И.Н. Краковская // Креативная экономика. — 2011. — № 2 (50). — С. 52–60.
- Гохберг Л.М. Стратегия интеграционных процессов в сфере науки и образования / Л.М. Гохберг, Г.Б. Китова, Т.А. Кузнецова // Вопросы экономики. — 2008. — № 7. — С. 112–128.
- Baizholova R.A. Peculiarities of innovative personal potential formation of Republic of Kazakhstan in the development of integration processes / R.A. Baizholova, A.N. Ramashova / Bulletin of Karaganda University. — 2016. — № 1 (81). — С. 73–80.