Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Көліктік міндеттемелердің түрлері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікке жүргізілген талдаулар олардың құқықтық реттелу деңгейлерінің бірдей еместігін байқатады. Қолданыстағы заңнамада тек қана тасымалдау міндеттемелеріне қатысты жауапкершілік жан-жақты əрі толық реттелген. Сол себепті құқықтық қатынастардың нақтылы жəне толық реттелмеуіне байланысты жауапкершіліктің негіздері мен шектерін анықтау қиындық туындататын көліктік міндеттемелер де (тасымалдаудан басқасы) кездеседі. Ол бірінші кезекте көлік экспедициясы шартына қатысты мəселе. ҚР АК-нің 35-тарауында көлік экспедициясы шарты туралы нормаларды бекіткенімен [1], оларды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілікті толық реттемейді, ал көліктік заңнамалар көлік экспедициясы шарты бойынша жауапкершілік туралы арнайы ережелерді бекітпеген. Бұл құқық қолданушылар үшін тəжірибеде қиындықтар туындатады.
2010

Əзірге жасалу механизмі мардымсыз зерттелген абайсызда қаза келтіру, абайсызда денсаулыққа зиян келтіру жəне т.б. абайсыздық жағдайларының өсуі байқалады, сондықтан абайсыз қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттыру міндеті тек техникалық емес, басқа да абайсыз қылмыстарды терең жəне барлық жағынан ғылыми талдау жолымен шешілмек [1; 41]. Теориялық əрі тəжірибелік тұрғадан маңызды болған жерде тұрмыс аясындағы абайсыз қылмыстардың жасалу механизмінің мазмұны мен жүзеге асырылу жолдарына арналған сұрақтарды ыждағаттылықпен талдауға мұқтаждық бар. Əлеуметтік өмірдің тұрмыстық саласындағы абайсыз қылмыстардың жасалу механизмін зерттеу — осы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі мен олардың пайда болу себептері жəне шарттарын түсінудің негізі.
2010

Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеген кездегі əрқайсысының атқарған міндеттерінің түріне қарай бірінен-бірінің өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерді ажыратпайынша олардың əрқайсысының қылмысқа қатысу дəрежесін, оған байланысты қолдануға жататын жазаның шамасын белгілеу мүмкін емес. Бір ғана қылмысқа қатысушылардың іс-əрекеттері абсолютті түрде бірыңғай болуы мүмкін емес. Олардың арасындағы ерекшеліктерді анықтауға біздің қылмыстық заңдылығымыз бен құқық теориясы үлкен маңыздылық береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 28- бабының мəні бойынша қылмысқа қатысушылардың қылмыстарын саралау олардың функцияларының өзіне тəн ерекшеліктерін алдын ала анықтауды талап етеді.
2010

Техногендік елеулі табыстарға қол жеткізген адамзаттың гуманитарлық-əлеуметтік салада əрбір басқан қадамы күрмеулі болып отыр. Сондай күрмеулі саланың бірі — қылмыстылық проблемасы. Қылмыстылық қоғамның қатты алаңдаушылығын, тіпті, үрейін туғызып отырған мəселе болып танылады. Қылмыстылық үдерістерінің жағымсыз үрдістері, оның аса қауіпті түрлері мен нысандары, əсіресе ұйымдасқан қылмыстылық, трансұлттық қылмыстық ұйымдар жəне т. б. туралы мəліметтер қорқыныш туғызарлық ауанда заманауи ақпараттық құралдар мен тетіктер арқылы кез келген адамның миына күн сайын, сағат сайын құйылуда. Соған сəйкес жеке адам, қоғам, мемлекеттік құрылымдар қажетті іс-қимылдың стратегиясы мен тактикасын жасауға міндетті сезінеді жəне солай істейді де.
2010

ХХ ғасырдың басына қарай тек Аравия түбегі мен Парсы шығанағы елдерінде ғана мұсылман құқығы өзінің дəстүрлік қалпында əрекет етті деп айтуға болады. Ал қалған мұсылман елдері ХХ ғасырдың ортасына қарай фикхтен, негізгі құқықтық нысан ретінде, бас тартты. Дамыған араб елдерінің құқықтық жүйелері, кейбір ауытқулармен, негізгі екі үлгіде құрастырыла бастады: романо- германдық (француздық) — Мысыр, Сирия, Ливан, Магриб елдері жəне англо-саксондық — Ирак, Судан. Бұл елдерде мұсылман құқығы тек негізінен мұсылмандар арасындағы неке-отбасылық, өсиет жəне тағы басқа кейбір қатынастарды реттеуші ретіндегі рөлін сақтады.
2010

Бəрімізге белгілі Қазақстан Республикасы 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап ресми түрде Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымның (кейін ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. Қазақстан мемлекеті ЕҚЫҰ қалыптастырған, халықаралық дəрежеге ие негізгі құндылықтарын бұлжытпай орындап келуде. Дəлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы ұйымның қызметін басқарудағы жəне оны жүргізудегі негізгі қағидалары ретінде сенім, дəстүр, транспаренттік пен төзімділікті (ЕҚЫҰ-ның негізін қалаған құндылықтар мен қағидаларды құрметтеу пен сақтаудың нəтижесінде қалыптасқан) басшылыққа ала отырып, төрағалықтың басты ұстанымдарын айқындады. Қазақстанның бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттердің ішінен бірінші болып төрағалық етуі оның сыртқы саясатты дүниежүзілік стандарттарға сəйкес жүзеге асырудың кепілі болып саналады. Бұл — еліміздің сыртқы саясаты аясында жеткен басты басымдылық.
2010

Қазақстан Республикасының депутатына анықтама беру үшін депутаттың өз қызметінің түрі бойынша қандай фактілік қатынастарға түсетініне сүйеніп, осы қатынастардың қандай нормалармен реттелетінін анықтап, оның қызметінің тиімділігі мен кедергісіздігін қандай кепілдіктер қамтамасыз ететінін біліп алу керек. Депутаттар халық мүдделері мен еркін жүзеге асыру барысында осы халық еркін жалпымемлекеттік ерікке айналдырады. Олар өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады, тек өз сайлаушыларының мүдделерін ғана емес, сонымен қатар мемлекет мүдделерін де ескереді. Сондықтан депутат халық өкілі жəне мемлекеттік билік өкілі болып табылады.
2010

Конституцияның 13-бабының 1-тармағының нормаларына сүйене отырып, оралмандардың құқықтық мəртебесі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңында жəне басқа да қолданыстағы əр түрлі заңдарда дамытылған. Конституцияның 13-бабында айтылған құқық субъектісің санаты азаматтардың құқық қабілеттілігі мен əрекет қабілеттілігі азаматтық-құқылық ұғымды құрайды. Оралман деп жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру ізгілікке жат өзге де іс-əрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған жəне азаматтығынан айырылған Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтарын айтамыз.
2010

Экономикалық негіздеріне тоқталғанға дейін «конституциялық құрылыс» түсінігін анықтаған жөн. О.Г. Румянцев «конституциялық құрылыс» үғымын мемлекеттік-құқықтық категория ретінде сипаттай отырып, оған келесідей анықтаманы береді: «Конституциялық құрылыс əлеуметтік қатынастар жиынтығы болып келсе, оның негіздері — осы қатынастарды реттейтін принциптер жүйесі» [1]. Бұл жерде тоқталып кететін тағы бір жағдай, конституциялық құрылыс барлық мемлекеттерге тəн бола бермейді. Себебі конституциялық құрылыс мемлекеттің құқыққа бағыныштылығын қамтамасыз етіп, конституциялық сипат беретін мемлекеттің ұйымдастырылуының нысаны болып табылады. О.Е. Кутафин конституциялық құрылыстың толық мазмұнын «егеменділік, басқару нысаны, мемлекеттің құрылысының нысаны, саяси жүйенің əрекет етуінің негіздері жəне құрамына меншік нысандары бекітілген, еңбекті қорғау, қоғам мүшелерінің əлеуметтік сұраныстарын қамтамасыз ететін жүйені қамтитын экономикалық жүйенің негіздері» деп сипаттама бере отырып, осы қатынастар мемлекет пен қоғамды ұйымдастыруда басқа қоғамдық қатынастарға бағыт беруші жəне негіз қалаушы болып келетінін атап өткен [2; 152]. Сонымен қатар О.Е. Кутафин конституцияларда мемлекеттің экономикалық негіздерінің бекітілуі осы мəселеге маңыздылық сипат беріп, осы саладағы қатынастардың конституциялық құқық пəнінің бөлігі болып табылатынына тоқталып өткен [2; 153].
2010

Кеден органдары өзінің міндеттерін басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып атқарады. Кеден органдарының мемлекеттік органдар жүйесіндегі орнын алдымен оның атқарып отырған қызметтерінің түрлеріне жəне оның қайсы функциясына басым мəн беріліп отырғандығына қарап анықтауға болады. Кеден органдары өзінің фискалдық, реттеушілік жəне қорғаушылық қызметтеріне сай мемлекеттің басқа да атқарушы органдарымен (күш, қаржы т.б. ведомстволармен), банк жүйесімен (валюта бақылауы бойынша), түрлі экономикалық субъектілермен, сыртқы экономикалық əрекетке қатысушы жеке жəне заңды тұлғалармен қоян-қолтық қарым-қатынас жасайды.
2010

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасын ашудағы алғы шарттары осы құқық жүйесінің негізін жəне сапалы ерекшеліктерін анықтайтын, оның мазмұнын ашатын объективті келісілген бастамалар ретіндегі қағидалардың жалпы ғылыми (философиялық) [1] жəне жалпы құқықтық категориялары болуы қажет [2].Осы мəселе бойынша халықаралық құқықтық əдебиеттің талдауы негізгі қағидаларға ең маңызды айқын ерекшеліктерін бейнелейтін халықаралық құқықтың негіздемелік бастамалары ретінде жалпы түрдегі көзқарас қалыптасқанын көрсетеді. Осы мəселені айрықша мұқият зерттеген Р.Л.Бобров «мұнда сəйкес дəуірдің халықаралық құқықтың негізгі мазмұнын консервативті түрде бейнелеп көрсететін жалпы қабылданған ережелер туралы сөз қозғалғандығын жəне қағидалардың халықаралық қатынастардығы мемлекеттердің тəртібінің ең басты негіздемелерін орнататынына» көңіл бөледі [3].
2010

Көлік ел экономикасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде мемлекетіміздің негізгі стратегиялық объектілерінің бірі болып табылады. Əсіресе кең, байтақ жері бар жəне Еуразияның орталығы ретінде геосаяси мəнге ие Қазақстан Республикасы үшін өте жоғары роль атқарады. Шаруашылықтың инфрақұрылымдық саласы ретінде көлік жүктер мен жолаушыларды тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ете отырып, экономика салаларының біртұтастығын қамтамасыз етеді. Соңғы кезде нарықтық қатынастарды дамытуға жəне көлік жүйесінде бəсекелестікті дамытуға бағытталған экономиканы жандандыру нəтижесінде одан əрі ілгерілеуге нақты алғы шарттар жасалды. Соңғы онжылдықта Қазақстанда нарықтық талаптарға бейімделген көліктік қызмет көрсету нарығы қалыптасты. Алайда еліміздің көлік жүйесінің қуатты əлеуеті, соның ішінде Қазақстанның аумағы арқылы өтетін халықаралық мүмкіндігі əзірше жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осы аталған мəселелерді шешу мақсатында ҚР мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасында аталған негізгі басымдықтардың бірі Қазақстан көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне кіргізу жəне елдің транзиттік əлеуетін дамыту болып табылады [1].
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.