Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының қабылданғанына он бес жылдан астам уақыт өтті, алайда осы уақытқа дейін прокуратура органдары қызметінің əр түрлі жақтарына қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Біздің ойымызша, бұның бір себебі заңдық техниканың мазмұнды ережелерінің сақталмауында. Нормативтік актілер мазмұнды жəне тиімді болулары тиіс. Олардың мазмұнын дұрыс толтыру, қоғамдық қатынастардың құқықтық реттеуге жатама деген басты мəселені дұрыс шешуді білдіреді. Аталған мəселе оң шешімін тапқаннан кейін құқықтық ретеу пəнін жəне құқық саласын анықтауға, сонымен қатар нақты қоғамдық қатынастарға құқықтық нысанды беру бойынша міндеттерді шешу əдістеріне көшуге болады. Осыдан кейін заңшығармашылық жұмыс нақтылық сипатқа ие болу керек. Қандай да болмасын нормативтік актінің мазмұны белгілі бір талаптарға жауап беруі керек [1; 158].
2010

Кейінгі   жылдары   ақпараттық   технология,  есептегіш   техникалары  жəне   коммуникация құралдарының қарқынды дамуы байқалуда. Жиырмасыншы ғасырдың орта ширегінде басталған ақпараттық революция əрқилы мəліметтерге жедел қол жеткізу қолайлығымен қатар көптеген этикалық, психологиялық, əлеуметтік жəне құқықтық мəселелер туғызды. Қазіргі кезде елімізде ақпараттық қауіпсіздік жəне компьютерлік қылмыс мəселелері ерекше байқалып отыр. Осының бəрі құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу жəне жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан əрі жетілдіруді, олардың қазіргі замаңғы криминалистикалық тəсілдер мен əдістерді іскерлікпен пайдалануын, қылмыстың алдын алу, оның болуына себеп болған жағдайларды дер кезінде жою үшін арнайы шаралар қолдануын талап етеді. 2010 жылғы 17 тамыздағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығында көрсетілгендей, құқық қорғау органдары мен соттар қызметінің қолжетімділігін жəне ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында олардың қызметіне инновациялық технологияларға негізделген озық əлемдік тəжірибені енгізуді қамтамасыз етілсін, яғни қылмыстың жаңа түрлері, оның ішінде компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстардың алдын алу жəне тергеу мəселесі басым айтылған.
2010

Қылмыстық құқық теориясында бірнеше адамның қылмыс жасауының нəтижесі, одан туындайтын залалдың мөлшері дара қылмыстарға қарағанда көп болады. Сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-əрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты қылмысқа қатысушылармен жасалатын қылмыстар саны артып отыр. Соған байланысты қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы мен жазасын даралау мəселелері əрқашанда маңызды болып табылған. Соттық-тергеу зерттеуіне сəйкес қылмысқа қатысумен жасалатын қылмыстар күрделі мазмұнына ие. Осыған орай, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы соттарға қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дəрежесін, əрбір қылмысқа қатысушының ортақ қылмыстық нəтижеге қосқан үлесін анықтау, яғни жазаны тағайындаудың жеке даралау, қағидасын жүзеге асыруы қажеттілігімен сипатталады. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеген кездегі əрқайсысының атқарған қызметтерінің түріне қарай бірінен-бірінің өзгешеліктері болады. Бұл өзгешеліктерді ажыратпайынша, олардың əрқайсысының қылмысқа қатысу дəрежесін, оған байланысты қолдануға жататын жазаның шамасын белгілеу мүмкін емес.
2010

 Əлемнің тəуелсіз мемлекеттерінің қатарынан орнықты орнын тауып отырған елімізде əлі де бол- са шешімін табуды қажет етіп тұрған мəселелер баршылық. Қаланың құқықтық мəртебесі туралы мəселе — осындай күрделі ойдың бірі. Оның шешімі қаланың елдің өзге де əкімшілік-аумақтық бірліктері арасындағы рөлін, қала мəртебесін құқықтық реттеудің тікелей немесе жанама негіздерін, қаланы басқару механизмін жəне қаланың əкімшілік, ғылыми-экономикалық орталық ретіндегі рөлін анықтау мəселелері шешілгенде табылады. Қала мəселесі əлеуметтік-экономикалық, құқықтық, архитектура-құрылыстық, демографиялық, географиялық, экологиялық, статистикалық жəне тағы басқа сипаттағы кешенді мəселелерді қамтиды. Олар əр түрлі ғылымның зерттеу объектісін құрайды. Қалада немесе өзге елді мекенде өмір суретін адамдар үшін өзінің кіші отанының, тұрғылықты жерінің əкімшілік мəртебесін білу маңызды. Сондықтан қаланың əкімшілік-аумақтық бірлік ретіндегі құқықтық мəртебесін анықтау құқықтық ілімнің міндеттерінің қатарын құрайды. Қала мəнін түсіну басқаруды жетілдіруге, онда өмір сүруді аз ғана шығынмен жақсартуға мүмкіндік береді.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының құқықтық мəртебесін сипаттай келе, «құқық», «міндет», «өкілеттік», «құзырет», тағы сол сияқты түсініктерді қолданады. Билік органының құқықтық мəртебесінің негізгі құраушы бөлігі болып құзырет табылады, құқықтық мəртебеге органның функциялары, мақсаттары мен міндеттері, билік органы құрылымында алатын орны жəне басқа органдармен тік жəне көлбеу өзара байланысы жатады. Орган құзыретінің анықтаушы элементі болып оның өкілеттігі табылады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі «өкілеттікті» істі жүргізу мен кез келген əрекет үшін біреуге арнайы тапсырылған құқық ретінде анықтайды. Заң ғылымы, əдетте, өкілеттікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, сонымен қатар қабылданған заңдардағы функцияларды белгілі бір тəртіпте жүзеге асыру үшін лауазымды жəне өзге де тұлғаларға бекітілген құқықтар мен міндеттерінің жиынтығын білдіру үшін қолданады.
2010

КСРО-ның ыдырауынан кейін Қазақстанда демократиялық жəне құқықтық мемлекет құрудың негізі ретінде үш тармақты билікке бөліну концепциясын ұстану үрдістері мемлекеттік басқару органдарының құқықтық табиғаты мен олардың қоғам дамуындағы орнына деген көзқарасты өзгертті жəне қоғамның конституциялық модернизациялануының жаңа кезеңінің басталуының негізін қалыптастырды. Қазақстандағы конституциялық реформалар нəтижесінде кеңестік типтегі атқару органдары жүйесінен классикалық үлгідегі атқару органдары жүйесіне көшу үрдісі жүрді. Атқару билігі мемлекеттік биліктің заңшығарушы жəне сот билігі тармақтарымен қызметі барысында тығыз өзара əрекет ететін «салыстырмалы тəуелсіз» билік тармағына жатады. Біздің ойымызша, билік тармақтарының тəуелсіздігінің абсолюттенуі мемлекеттік билік институттарының қызмет ету механизміне негативті салдар əкелуі ықтимал. Мысалы, 90-шы жылдардың басында билік тармақтары арасына мемлекеттегі нақты жағдайға объективті баға бермей, бір-бірінің қызметіне араласу байқалды. Əсіресе ол Жоғарғы Кеңестік Министрлер Кабинетінің қызметіне араласуынан көрініс тапты. Осындай мемлекеттік билік механизміндегі беталыстар бюджеттік-құқықтық қатынастарды да қамтыды. Сондықтан да Қазақстанның конституциялық дамуы барысында күшті президенттік биліктің болуы нақты жағдайға негізделген объективті фактор болып табылады.
2010

Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағанына тарихи өлшем мен онша көп уақыт өте қоймаса да жаңа мемлекеттің конституциялық дамуының кейбір қорытындыларын шығаруға айтарлықтай негіз бар. Бұл мемлекеттік маңызды болғандықтан, мемлекеттану ғылымы үшін де мемлекет құрылыс тəжірибесі үшін барлық уақытта маңызды мəселе. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің де конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Бұл Қазақстанның жаңа заңдарын қалыптастыруға ұйтқы болды. Аталған Декларация мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс əкелді. Ол жəй көздеушілік Декларация емес еді, оның нормативтік-құқықтық сипаты болды [1].
2010

Дəрігерлік мамандық аса көне жəне аса сыйлы мамандықтардың бірі болып табылады. Бұл мамандықтың қалыптасуы алғашқы қауымдық қоғамнан бастау алады. Дəрігерді қашанда Алланың таңдаулысы деп біліп, өзге мамандықтардан анағұрлым жоғары тұратын тұлға ретінде қарастырған. Көне үнді кітаптарының бірі «Аюрведа» да (аюр — өмір, веда — білім) дəрігер науқасқа — əке, жазылушыға — қорғаушы, ал дені сауға дос болуы керек айтылған. Сонымен қатар бұл кітапта сол кездің аса білікті емшілерінің бірі — Сушруттың мынандай сөздері жазылған: «Дəрігер — үлкен қайырымды жүректің иесі, оның темпераментті салмақты, шыншыл мінезді, өзіне аса сенімді жəне ақылды, үнемі жақсылық жасауға асығушы тұлға болуы керек. Əкеден, анадан, достарыңнан, оқытушыдан қорқуға болады, ал дəрігердің алдында ешбір қорқыныш сезімі болмауы керек. Ол ата- ана мен достардан, ұстаздан да мейрімді болуы керек» деп өсиет қалдырған [1].
2011

XX ғасырдың соңғы онжылдығында əлем экономикасында айқын бейнелене бастаған жаһандану үрдістері мен əлемдік нарықтық қатынастарда орын ала бастаған еркіндік үрдістері заңсыз, қылмыстық жолмен алынған табыстарды (кірістерді) заңдастыру əрекеттерінің халықаралық деңгейге өрбуінің басты себептеріне айнала бастады. Сонымен қатар телекоммуникациялық жəне сандық технологиялардың дамуы да осы үрдістердің қарқындылығының артуына себепші факторлардың бірі болды. Мұндайда ұйымдасқан қылмыстылықтың заңсыз табыстарын легализациялауға қарсы табысты күрес жүргізуге əрбір елдің құқықтық жүйелеріндегі ерекшеліктермен қатар осы мемлекеттердің егеменділігі де елеулі кедергіге айналды. Мұнда бір елдің құқықтық жүйесінің шектерінде банктік жəне коммерциялық құпияның едəуір қорғалуы басқа елдердің қылмыстық табыстарды легализациялауға қарсы күрес шараларының жеткілікті деңгейде жүргізілуіне кері əсерін тигізіп келді. Сондықтан əлем экономикасындағы жаһандану үрдістері қарастырып отырған қылмыс түріне қарсы мемлекеттік деңгейден де жоғары тұратын іс-шаралардың əзірлену қажеттігін жəне осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайта түсу мұқтаждығын пайда етті.
2011

Қылмыстық процеске қатысушы азаматтарды құқықтық қорғау өз алдына көп аспектілер жүйесін құрады, яғни Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік актілерінен тұрады, оның ішінде ең маңыздысы болып Қазақстан Республикасының Конституциясы танылады. Қылмыстық іске қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін қорғау кепілдіктері еліміздің Конституциясында ресми мəлімденеді, сонымен қатар олар өзге заңдар мен құқық салаларында өздерінің заңды негізін табады.
2011

Заң əдебиеттерінде сайлау құқығы қағидалары жалпылаушы мағынада беріледі. Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасында «сайлау құқығы қағидалары» деп көрсетілгенімен [1], норманың диспозициясында сайлаудың қағидалары анықталған. Осыған орай «заң шығарушы қолданған термин мен əдебиеттерде қолданылған термин арасында қаншалықты ұқсастық бар жəне оларды біртұтас ұғым ретінде пайдалануға болады ма?» деген сұрақ туады. Кеңестік мемлекеттанушы А.И.Ким «сайлау қағидалары міндетті мағынаға ие болатын сайлау құқығының қағидалары болып табылады. Ал осы қағидаларды бекітетін нормалар сайлау құқығының сəйкес институты болады» деп анықтаған [2].
2011

Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңның дамуында қатысу нысандары туралы мəселе 40-шы жылдардың аяғы — 50-ші жылдардың басында ғалымдардың назарын аудартты. Бұл кезеңде А.Н.Трайнин «Қатысу туралы ілім» атты кітабында қатысу нысанының төрт мүшелі жүйесін ұсынды: 1) қарапайым қатысу; 2) қатысушылардың алдын ала келісімімен мамандандырылған қатысу; 3) ерекше түрдегі қатысу, яғни қылмыстық бірлестікпен қатысу; 4) ұйымдасқан топпен қатысу [1]. Бұл ғалымның нысандарды бұлай бөлуіне мына өлшемдер себеп болды: қатысушылардың субъективтік байланысының сипаты жəне қылмыстың қауіптілік дəрежесі, яғни субъективтік өлшемдері. Осы өлшемдер П.И.Гришаев пен Г.А.Кригердің қатысу нысандарын бөлу үшін негіз болып табылды. Аталған ғалымдар революцияға дейінгі зерттеушілерге еліктеп нысандармен бірге қатысудың түрлерін бөлді, бірақ олардың зерттеулерінде бұл тұжырымдама əрі қарай жалғасын таппады.
2011

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.