Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мақалада азаматтық қоғам қалыптасуының негізгі кезеңдері саяси-құқықтық ілімдер тарихы негізінде қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның қалыптасуының теориясы мен практикасының негізгі аспектілері анықталып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің құрылымдық элементтеріне жалпы сипаттама берілді. Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық қатынастар мен əлеуметтік байланыстағы маңызды өзгерістерден тəуелді екендігі көрсетілді.
2012

Мақалада Каспий теңізінің қазіргі мəртебесін анықтауға талпыныс жасалған. Теңіз кеңістігінің режимін жəне құқықтық статусты қадағалайтын негізгі көпжақты мемлекетаралық келісімдер талқыға салынған. Автор қазіргі халықаралық теңіз құқығының принциптерін, аймақ аспектілерін жете зерттеп, жүйелеген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының бұл мəселе жөніндегі көзқарасы талданып, бүгінгі күнде жағалау мемлекеттердің аталған мəселе бойынша ұстанымдары зерттелген.
2012

Мақалада автормен өнеркəсіптік меншік объектілерінің құқықтық реттелуінің шетел тəжірибесі барынша жан-жақты қарастырылды. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркəсіптік үлгі сияқты өнеркəсіптік меншік объектілерін азаматтық айналымға енгізу тəртібін қамтитын əлемдегі өндірісі мен өнеркəсібі жағынан жетекші орындарды иеленетін мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына салыстырмалы талдау жүргізілді. Алынған нəтижелер негізінде Қазақстан Республикасының осы саладағы заң актілерін жетілдіру жолдары ұсынылған.
2012

Кəсіпкерліктің инновацияға негізделуі осы заманғы талапқа жəне тұтынушылар сұранысына сай қызметтер мен тауарлар ұсынысымен шартталатынын ескерсек, ол салада инновациялық тəсілдемелерді, ерекшеліктерді қолдану қажет. Сондықтан да əсіресе шағын жəне орта бизнес саласында маңыздылықты атқаратын франчайзингтік жүйенің ролі зор. Франчайзинг арқылы кəсіпкерлік саланың дамуына «тың» əрі жаңа серпін беруге болады, əлемге танымал, сапалы болып саналатын беделді сауда маркаларындағы өнімдердің отандық нарыққа енуі жəне де оларды өндіру бойынша тəжірибелілікті меңгеру жас мемлекетіміздің экономикасын жандандыруға жаңа мүмкіндіктердің бірін қамтамасыз етеді. Мақалада осы франчайзинг шартының қалыптасуының теориялық аспектілеріне жалпы сипаттама берілген.
2012

Мақалада энергиямен жабдықтау шартының тарихи қалыптасу кезеңдері мен нормативтік-құқықтық базаның дамуы мəселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергиямен жабықтау шартын реттейтін заңнамаларға талдау жасалды. Қазіргі таңда берілген шарттың түрі азаматтық құқық саласында ерекше орын алады, себебі нарықтық экономикаға өту тек энергиямен жабдықтау саласындағы əлсіз жақтарын ғана емес, сонымен қатар аталған саланы құқықтық реттеуде де мəселелердің бар екендігін көрсетті. Сондай-ақ автормен азаматтық құқық саласында əрекет етуші заңнама мен құқық қолдану тəжірибесін жетілдіру мақсатында бірқатар негізді ұсыныстар жасалған.
2013

Мақалада Қазақстан Республикасындағы мəслихат депутаттарын сайлау барысындағы сайлау үрдісінің кезеңдеріндегі ерекшеліктері анықталды. Авторлармен мəслихат депутаттарының жергілікті билікті орталықсыздандыру негіздерін нығайту жағдайындағы қызметін жетілдірудің негізгі қырлары қарастырылды. Жергілікті билікті қалыптастырудың үздік нысаны ретіндегі сайлау үрдісінің маңызды қырларына талдау жасалып, жергілікті өзін-өзі басқару негіздерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
2013

Мақалада Қазақстан өзінің тəуелсіздігін жариялап, əлем қауымдастығына толыққанды мүше болуына байланысты өзінің мемлекет ретінде қалыптасуын нақты жағдайда бекіту тікелей мемлекеттік саясатқа да байланысты болғаны жайлы сөз етілді. Автор қазіргі кезеңдегі нарықты экономиканың қалыптасуына байланысты бүгінгі қүннің талабына жауап беретін көп қырлы саясатты ұстану қажеттілігін атап көрсетті. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі əскери саясатты Қарулы Күштердің негізгі құрамаларынан, олардың қалыптасуы Мемлекеттік территориялық тұтастығы мен Шекарасының бұзылмауына байланысты əр түрлі салада ынтымақтасуды талап ететіні де тілге тиек етілді.
2013

Мақалада ұйымдасқан қылмыстылықпен күресу мəселелері қарастырылды. Автормен ұйымдасқан қылмыстылықпен тиімді күресуді жүзеге асыру мақсатында жəне қылмыстық сыбайластық нысанының түсінігіне қатысты қылмыстық заңда нақты анықтамасын бекітуге байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін жетілдіру бойынша бірқатар негізді ұсыныстар жасалды.
2013

Мақалада Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметін үйлестірудің нормативтік негіздерінің қалыптасуы мен дамуы сұрақтары қарастырылған. Прокуратура функциясын үйлестіруді жүзеге асыру тəжірибесі осы қызметті заңдық реттеуге анықталған ақаулықтардың бар екендігін көрсетті, яғни жекелеген құқықтық нормалар талқылауда үйлестіруді жүзеге асырудың жалпы ережелерін қалыптастыруда прокурорлық қадағалау өкілеттілік үйлестірумен араласып кеткен. Авторлардың пікірі бойынша, прокуратура органдарының қызметін үйлестіруге қатысты ҚР арнайы заңы қажет.
2013

Мақалада мұсылмандық құқықтағы жəне одан басқа əр түрлі құқықтық жүйелердегі əйелдердің құқықтық жағдайының өзгешеліктері қарастырылды. Əйелдің мемлекет пен қоғамдағы, отбасындағы орны мен ролі, құқықтары мен міндеттері мəселесінің көкейтестілігіне байланысты тарихи, əлеуметтік, заңдық себептері анықталды. Зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы-тарихи жəне салыстырмалы-құқықтық əдістер қолданылған. Əйелдердің құқықтық мəртебесі туралы тарихтағы жəне қазіргі кезеңдегі исламдық жəне одан өзгешелетін əр түрлі көзқарастарға теориялық жəне тəжірибелік тұрғыда салыстырмалы талдау жүргізілді. Мəселе шегінде мұсылман мемлекеттерінің заңнамасы мен шариғат ережелері арасындағы өзгешеліктерге назар аударылды, себебі ислам елдері бір-бірінен əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттамалары бойынша, сонымен қатар ислам мен мұсылман құқығы мемлекеттік-құқықтық дамуына ықпалының көлемі мен бағыттылығына байланысты ерекшеленеді.
2013

Мақала ортақ үлестік меншіктің құқықтық қатынастар мəселелерін талдауға арналған, ол ортақ үлестік меншіктің мəнін терең түсінуге жəне оның барлық ерекшеліктеріне талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Авторлармен ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың түсінігі, оның заңды табиғаты зерттелді, ортақ үлестік меншіктегі үлестің мəні мен маңызы талданды. Ортақ үлестік меншіктік құқықтық қатынастардың элементтеріне баса назар аударылды.
2013

Мақалада азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі кезеңдері жəне қайнар көздерінің теоретикалық-құқықтық негіздері саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы негізінде қарастырылды. Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттің теориясы мен практикасының негізгі аспектілері көрсетіліп, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің жəне азаматтық қоғамның құрылымдық элементтеріне жалпы сипаттама берілді. Азаматтық қоғамның дамуы құқықтық қатынастар мен əлеуметтік байланыстағы маңызды өзгерістермен тығыз байланыстылығы анықталды.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.