Статьи, год 2010

 Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз - қылмыскерді бүтіндей алғанда тұлға деп сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстар мен қатынастардың жиынтығы болып табылады. Оған айыпталушының әлеуметтік байланысы (саяси, тұрмыстық, еңбек,т.б.) саяси-құлықтылық қасиеттері, психологиялық құрылысы мен ерекшелігі, демографиялық және тұлғасының белгілері, өмірлік жолы мен тәжірибесі, қоғам алдындағы кінәсі жатады. Криминалистік оқулықтарда айыпталушының жеке тұлғасын алдын-ала тергеуді зерттеу мәселесінде айыпталушының жеке тұлғасын зерттеу екі бағытта жүзеге асырылатындығы туралы айтылған.
2010

Алдымен сараптаманың не екеніне тоқталайық. Ол – мәселенің дұрыс шешілуі сол немесе басқа саладағы (медициналық сараптама, криминалистикалық сараптама, экологиялық, патенттік, бухгалтерлік, өнертанушылық, сот сараптамасы, салық сараптамасы  және  т.б.)  кәсіптік зерттеулер мен арнайы білімдерді талап ететін мәселелерді, мамандар (сарапшылар) немесе мамандар тобының зерттеуі  [1].  «Сараптама»  деген  сөз  латынның  «ехреrtus»  сөзімен  байланысты,  бұл «тәжірибелі», «хабардар» дегенді білдіреді [2]. Кез-келген адвокат кәмелетке толмағандардың құқығы мен мүдделерін қорғауда заңмен белгіленген бірқатар ерекшеліктерді пайдаланады. Бұл ерекшеліктер еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көрсетілгенін ескеру керек. Адамның кәмелетке толмаған кезеңдегі дамуының ерекшелігін еліміздің және шетел психологтары мен заңгерлері мойындағаны белгілі.
2010

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің конституциялық даму кезеңінің негізін қалаған акт болып табылады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты заңнамалық нормаларды, оның ішінде Конституция нормаларын сот тәжірибесінде қолдану мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларды қабылдау өкілеттігін атқарады. Сот қызметінің заңдық мәні де, саяси маңызы да өте зор. Мемлекет халықтың өз мәселелерін шешуге сенім артатын тәуелсіз әрі тиімді сот жүйесін құруѓа барынша көңіл бөледі.
2010

Экономикалық қызмет саласындағы мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуде кеден қызметі аса маңызды рольге ие, ол аталған саладағы негізгі құқық қорғаушы институттардың бірі болып табылады. Сыртқы сауда айналымын, жалпы алғанда, сыртқы экономикалық қызметті реттеуге қатыса отырып және фискальды қызмет атқара отырып, кеден қызметі мемлекеттік бюджетті толтыруға, ол арқылы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етеді. Ал, кеден ісі аясында орын алатын қылмыс құрамдары сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір тобын құрай отырып, кеден органдарының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
2010

1808 жылы Францияда сот ісін жүргізу таза инквизициялық түрде ғана өтетін. Ол құпия, жазбаша болып, онда бәсекелестік болмайтын. Айыптау және ақтау дәлелдемелерін жинау міндеті тергеуші судьяға берілген болатын. Бұл өндіріс сатысына қорғаушы қатыспаған. Айыпкердің өзі тергеу әрекетіне қатыса алмайтын және жиналған мәліметтермен таныспайтын. Алдын ала тергеудің мәліметтері айыпталушыдан жасырын болатын. Айыпталушы куәгерлерді судьяның келісімімен ғана шақыра алатын, қысқаша айтқанда айыпталушы зерттелетін объект болып отырды. Тергеу сотының дәлелдемелер жинаудағы тәуелсіздігі туралы сөз де қозғауға болмайды. Тергеу судьясы айыптау органдарынан толығымен тәуелді болды. Өйткені, ол прокуратура басқаратын сот полициясының құрамында болды. [1, 28-б].
2010

Тәжірибеде тек бөтеннің мүлкін ұрлаған емес сонымен қоса, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қылмысының құрамын саралау қиындық туғызып отыр. Егер бөтеннің мүлкін иеленіп алу нәтижесінде артынан оны жойып жіберсе, кінәлінің әрекетінде бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қылмысының нормаларымен сараланбайды. Сондай-ақ ұрланған мүлікті жою соңынан оның талан- таражға айналуы кінәлінің толық көлемде ұрланған мүлікке билік ету мүмкіндігі болды.
2010

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері негізінен 30 тамыз 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қабылданған қазіргі қолданыстағы конституциямыздың 1 бабында көрініс тапқан болатын. Аталған конституцияның тиісті бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» [1, 6 б], – деп көрсетілген. Міне, бұл Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси, мемлекеттік және құқықтық жүйесінің негізін айқындайтын басты ұстанымдар. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын айқындайтын аталған негіздер әлемдік тәжірбиенің, яғни мемлекеттік құрылысты қалыптастырудың сан ғасырлық сыннан өткен көрінісін бейнелейді. Демократиялық бағытта дамуды қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттер өздерінің негізі заңдарында бекітіп, жетілдіру үстінде.
2010

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы халық билігін жүзеге асырудың тағы бір негізгі сатыларының қатарына хан кеңесі жатады. Хан кеңесі көшпелі қоғамдағы хан билігін жүзеге асыруға негіз болған басты құқықтық институттардың бірі, хан кеңесі. Хан билігінің пәрменділігін қамтамасыз етумен қатар, сол хан билігіне халық өкілдерінің қазақ ішіндегі игі жақсылардың араласуына жол ашып отырды. Осы тұрғыдан хан кеңесіне баға беретін болсақ, хан кеңесі дәстүрлі қазақ қоғамындағы әмбебаптық қызметтерді атқарған күрделі жүйенің бір көрінісі болып табылады.
2010

Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының қайнар көздерінің құрамын қарастырмас бұрын, Қазақстанның құқықтық жүйесін және оның эволюцияларының принциптерін қысқаша сипаттап кеткен жөн. Қазақстаның құқықтық жүйесі романо-герман құқықтық жүйесіне кіреді, сонымен қатар, ол Ресей және ТМД басқа да республикаларымен бірге дербес «Еуразиялық» топты құрайды.
2010

1990 жылдардың басында әлемдегі алып империяның бірі, КСРО ыдыраған кезеңде оның құрамына кірген одақтас республикалар бір мезетте өздерінің тәуелсіздіктерін жариялауға кірісті. КСРО-ның негізгі мұрагері болып саналатын Ресей Федерациясы да өзінің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып жариялған болатын. Тәуелсіз мемлекет болу қандай  да  елдің арманы болса да, ол тәуелсіздікті жариялағаннан кейін оны баянды ету қажет. Осы қырынан алғанда Ресей Федерациясының мойнына үлкен  ауыр  жүк артылған болатын.
2010

Әр халық өзінің тарихи даму жолында өзіне тән этнос ерекшеліктерін айқындайтын дәстүр, әдет- ғұрып, әдебиет, мәдениет сияқты құндылықтарын қалыптастырады. Жеме-жемге келгенде аталмыш құндылықтардың бәрінің қайнар көзі-фольклор қалыптастырған, қоғамдық сана болмысында орын тепкен категориялар мен ұғымдар, әрекеттерімізге әсер ететін, құқықтық тәрбиелік сипатқа ие құндылықтар. Ғасырлар бойы этнос санасына қоғамдық тәжірибеде сыннан өту арқылы қоғамдық- саяси, философиялық және құқықтық ой-пікірден нық орын алған фольклор мемлекеттің дамуына, формалары мен рәміздеріне де тікелей ықпал етеді.
2010

Ғылымдағы сараптама танымдық және тәжірибелік қызметтің біртұтастығы ретінде көрініс табады. Ғылымның қоғам өмірінің өндірістік күшіне айналу жағдайында ғылыми тәжірибенің нысандарының бірі ретіндегі сараптаманың рөлі арта түседі. Бұл тек жаратылыстану ғылымдарының сараптамалары үшін ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік сараптамалар үшін де  маңызды. Әлеуметтік сараптамалар әлеуметтік жоспарлау және басқару тәжірибесінде ғылыми негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылады.
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.